2-китап indd


-бабына біздің қосқанымыз: басқа тілдерге  «оларды түпнұсқа



Pdf көрінісі
бет31/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

28-бабына
біздің қосқанымыз: басқа тілдерге 
«оларды түпнұсқа 
тілінің нормасына үйлестіріп беру»
.
Заңның 
29-бабында
мекемелердің мөрі, штампы, бланкалары, 
республикада шығатын тауар, т.б. өндірістік бұйымдардың белгілері, 
сондай-ақ мекеме аттары, маңдайшалар, көрнекі құралдар, жарнамалар 
мемлекет және ұлтаралық тілде жазылады» деген ережеге қосымша 
ретінде 
«ретіне қарай басқа тілдерде де жазылады»
деген ұсыныс 
айтылды, олардың орын тәртібі анықтала түсті. 
Заңның 
30-бабына
«Республикадан тыс жерлерге жіберілетін 
почта-телеграф, хат-хабарлары сол мемлекеттердің тілінде немесе 
халықаралық тілдердің бірінде жазылуы тиіс»
деген ұсыныс енгізілді. 
Көріп отырғанымыздай, бұрынғы «Тіл туралы заңға» бұдан басқа 
да өзгерістер енгізіп, ширата түсуге, тіпті оны қайтадан жазып шығуға 
болар еді. Бірақ оның дәл қазір қажеті де жоқ, оған ешкім бізге рұқсат 
та бере алмайды. Өйткені, Заңды қайтадан жазу деген Конституцияның 
негізінде нұқсан келтірумен барабар. Жоғарыда осыған да «шүкіршілік 
етейік!» деуіміздің бір себебі осы еді.
Ал, мәселе шынтуайтқа келгенде Заңның баптарын өзгертуге де 
байланысты емес. Бүгінгі таңдағы және болашақтағы ең басты мақсат 
мемлекеттік тілімізді марапаттап, беделін көтеруде, мәртебесін өсіріп
мерейін үстем етуде. Ол үшін нақтылы іс керек. Шығыста «Халуа, 
халуа» дей бергеннен, аузыңның дәмі кірмейді» деген мәтел бар. Сол 
сияқты «мемлекеттік тіл, мемлекеттік тіл» деп құр бекерге жар сала 
беруден, ол тілдің өздігінен өркені өспейді. Басқаға тіліңді сыйлатам 
десең, оны алдымен өзің сыйлай біл. «Қырық процент» деген қасіреттен 


82
қашан құтыламыз? Ол туралы ел болып, жұрт болып мықтап ойланатын 
уақыт енді келді. Тілдегі дүбәрәлерге мемлекет тілін сөз жүзінде 
мойындатқанымызбен, іс жүзінде мойындату – қиямет қайым. Дегенмен, 
қоздың шоғындай үрлей берсең, от-жалын болып лаулайтын халқымызың 
рухани күші әлі де бойында тұрғанда, жалпы бір, әйтеуір, тіл үшін емес, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет