76
қазірден бастап, жатпай-тұрмай ел-жұрт болып ойланған абзал.
Өйткені
өзінің ұзақ та қасіретті тарихында «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының
қолына мұндай бақыт құсы күнде қона бермейді. Сондықтан да «ендігі
мақсат-мұратымыз не болмақшы?» деген сауал әрбір саналы азаматты бей-
жай қалдырмаса керек.
Осыған орай бізді толғандыратын тағы да сол тіл мәселесі, ана тіліміздің
тағдыры.
Иә, республикамызда қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып, еліміздің
Негізгі Заңына алғашқы рет жазылуы, өткен-кеткен
әңгімелердің бәріне
салауатпен қарағанда, үлкен тарихи оқиға. Осының өзіне бір шүкіршілік
айтып алудың еш артықтығы жоқ. Өйткені, бүгінгі аумалы-төкпелі заманда
«өзімнің айтқаным болмады, ойлағаным орындалмады» деп астамшылдық
жасап, өзге жұрттың өкпе-назын қоздырудың,
ұлтаралық наразылықты
өршітудің, сөйтіп қазірше бейбіт өлкемізді өртке шалдықтырып алмаудың
өзі, біле-білсек сол мемлекеттік тіліміздің бүгінгі қамы мен ертеңгі болашағы.
Конституциямыздың 8-тармағында мойындалып,
заңдастырылған
мемлекеттік тіл мен ұлтаралық тілдің ресми мәртебесін осы құжаттың
негізгі мәселесі деп қарасақ, оның төңірегінде
айтылып жатқан кейбір
«түсініктемелер» мен «ескертпелер» жөнінде бұдан бұрын да аз болмаған
дау-дамайды соза түсудің ендігі жерде реті жоқ сияқты, өйткені «көш
қозғалып кетті». Мұндайда өркениетті қауым «өткенге салауат!» деп,
қабылданған Заңның қасіретін емес, қасиетін арттыруға, өскелең өмір талабы
мен қоғамдық дамудың жаңа үрдісіне сай оның тиімді де пайдалы жақтарын
саналы түрде дамытуға тырысады. Өйткені, қандай Заң болмасын, ол – қағаз
бетінде ғана қалатын қасаң қағида емес, өмірдің өзімен өзектес, соның барша
мүддесін қорғайтын құжат. Ал Заңның осылайша іс жүзіне асырылуы ендігі
жерде басқаға емес, Заң қабылдаушы қауымның өзіне сын.
Олай болса, барша жұртшылықтың тілдің шынайы жанашырларының
ендігі мақсаты – Жаңа Конституциядағы
Тіл туралы тұжырымдаманың
(концепцияның) ғылыми-практикалық маңызын терең де дұрыс түсіне біліп,
бүгіннен басталатын тарихымыз бен жарқын болашағымыз үшін ерекше
мәні бар мемлекеттік мәртебелі ана тілімізді жан-жақты дамытудың бағыт-
бағдарын айқындап алу.
Конституция қабылданғаннан кейінгі мүдде-мақсатты осыншама бір
көтеріңкі
көңілмен, оптимистік кейіппен сөз етуімізе үш түрлі объективті
себеп бар.
Достарыңызбен бөлісу: