НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру



Pdf көрінісі
бет110/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру
Мемлекеттік қызметтің кәсіби кадрлары – еліміздің ұлттық ауқымдағы 
міндеттерді жүзеге асыратын аса маңызды ресурсы. Дәл осы себепті мен 
үнемі мемлекеттік қызмет жүйесін сапалық биік деңгейге көтеру мәселесіне 
айрықша көңіл бөліп келемін.
2000 жылғы Жолдауымда мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жүйесін тү-
бегейлі өзгерткеніміз жөнінде сөз болған еді. 2000 жылдың өзінде ғана ша-
мамен тоғыз мыңдай мемлекеттік қызметші ашық конкурс нәтижесі бо йынша 
жұмысқа қабылданды. Ал бұл мемлекеттік лауазымды орынға конкурстық ірік-
теу жүйесі ешқашан болмаған, қашанда телефон құқығы мен тамыр-таныстық, 
саяси сенімділік үстем боп келген ел үшін үлкен жаңалық болатын.
Сол уақытта ел алдына бірқатар жаңа мақсаттар қойылды. Мемлекеттік 
аппарат – кәсіби кадрларды даярлаудың қалыптасқан жүйесі бар, тұрақты 
болуы шарт. Мұның өзі Қазақстанға мемлекеттік қызмет баспалдақтарымен 
көтерілудің мансаптық жүйесі қажет екенін білдіретін-ді.
2005 жылдың сәуірінде қол қойылған, «Сыбайлас жемқорлыққа қар-
сы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қыз-
метiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы» Жарлық 
мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыратын заңнамалық ак-
тілердің ішінде ерекше орын алады.
Сол жылы Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі қабылданды. 
Ол мемлекеттік қызметшінің азаматтармен, қарамағындағы адамдармен 
қарым-қатынасын қоса алғанда, қызмет бабындағы іс-әрекет шеңберінің 
стандартын, сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеудің ережелерін бел-
гіледі. Жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаларды мемлекеттік лауазымды 
қыз метке алуға тыйым салатын тармақтың қосылуы кодекс талапшылдығын 
күшейте түсті.


210
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2000 жылдары Қазақстанда мемлекеттік қызметтің халықаралық са-
рапшылардан жоғары баға алған үлгісі қалыптасты. Алайда уақыт өте келе, 
комиссиялардың жеткілікті дәрежеде әділдік танытпауы, конкурстар нәти-
жесінің алдын ала белгілі болуы, тағайындаудың заңды тәртібінің кадрлық 
резервінен «айналып өту», «команда боп көшіп жүру» әдеті секілді бірқа-
тар мәселелер анықтала бастады. 
Мен мұндай кемшіліктерге принципті түрде төзбейтінімді білдіріп, мем-
лекеттік басқарудың қолданыстағы жүйесін жаңартуға шындап кірістім.
2011 жылдың шілдесінде мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісінің тұжы-
рымдамасы бекітілді, ол «мемлекеттік қызмет» ұғымының өзін қайта 
жаңғыр тып, «ұлтқа қызмет етудің» синониміне айналдыруды ұсынды. Ме-
ритократия, тиімділік, нәтижелілік, ашықтық және қоғамға есеп беруге мін-
деттілік мемлекеттік қызмет дамуының жаңа кезеңіндегі негізгі қағидалары 
болып жарияланды.
Осыған сәйкес заңнамалық өзгертулер 2012 жылдың желтоқсанын-
да қабылданды. Олар мемлекеттік қызметке келудің ашық механизмдерін 
енгізу арқылы мемлекеттік аппарат кәсібилігін арттыруға, бағалау жүйесін 
пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді ынталандыруды жетіл-
діруге және қызмет этикасын сақтауға бағытталған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет