НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет109/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Мемлекеттік басқару: 
қызметтік міндеттер аясын нақтылау
1990 жылдары мығым мемлекеттік вертикальды қалыптастырып алған 
соң, 2000 жылдары мен орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекет-
тік басқару жүйесін жетілдіру жұмыстарын жігерлі түрде жалғастырдым. 
Еліміздің тұрақты экономикалық өсу соқпағына түсуіне байланысты, енді 
әкімшілік-бюджеттік реформа жүргізу міндеті алдыңғы лекке шықты. Жаңа 
жағдайда Қазақстанға бюджетаралық қатынастардың еліміздің ерекшелік-
теріне сәйкес келетін адекватты үлгісі қажет болды.
2001 жылдың қазан айында-ақ Бюджетаралық қатынастарды орталық-
сыздандыру және жетілдіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. 2002 
жылғы Жолдауда мемлекет құрылысы мен жергілікті басқару басты тақы-
рыптардың бірі ретінде қарастырылған-ды. Соның ішінде Үкіметтің мемле-
кеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді бөлу тұжырымдамасын 
дайындап жатқаны мәлімделген болатын.
Өкілеттіктерді бөлудің маңызды міндеттерінің бірі – ауыл деңгейінде 
мемлекеттік билік институттарын қалыптастыру болды, ол уақытта жергілік-
ті әкімдердің өкілеттіктері мен мүмкіндіктері жеткілікті дәрежеде емес еді. Ал-
дымен басқарудың қанша деңгейі болғаны жөн екенін нақты айқындап алып, 
содан кейін ғана жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңға кірісу керек болды.
2003 жылдың ақпанында Үкімет Мемлекеттік басқару деңгейлері ара-
сындағы өкілеттіктерді бөлу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру 
тұжырымдамасын бекітті. Мемлекеттік функциялардың оңтайлы тізімі әзір-
ленді, содан соң ол функциялар орталық пен өңірлерге бөліп берілді. Со-
дан бергі жылдарда қаражатты орталық пен өңірлерге үлестірудің жаңа 
үлгісі қалыптасты.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
209
2009 жылдың қаңтарында Қазақстанда, бюджет деңгейлерінің шығынға 
қатысты өкілеттіктерін және оларды атқаратын барлық деңгейдегі әкімдердің 
жауапкершілігін белгілейтін Бюджет кодексі күшіне енді. Жергілікті атқару ор-
гандарының құрылымдары бекітілді. Алайда ауылдық, кенттік, қалалық (аудан 
аумағындағы) басқару деңгейлерін нығайта түсу міндеті басы ашық күйінде 
қалған еді. Ел жаһандық дағдарыс салдарларымен күресу жағдайында болған-
дықтан, бұл міндет келесі мерзімдік циклға – 2010-шы жылдарға қалдырылды.
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді бөлуге және 
жинақы да ширақ атқару билігін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар әрі 
қарай жалғаса берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет