140
ТӘУЕЛСІЗДІК
ДӘУІРІ
дың наурызында Үкімет Зейнетақы жүйесін реформалау тұжырымдамасын
бекітіп, сол жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасында зейнет-
ақымен қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды.
Реформаның мәні мен маңызы сонда – біз таратушы зейнетақы жүйе-
сінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көштік. Үлгі
ретінде Чили моделі
алынды. Таратушы немесе ынтымақтастық жүйесінде зейнеткерлерді жұ-
мыс істейтін отандастары қамтамасыз етеді – зейнетақы солардың жарна-
лары мен салықтарынан құралады. Жинақтаушы жүйе – жұмыс берушінің
қызметкердің жеке жинақтау шотына аударған қаржысынан құралады, яғни
қызметкер еңбекке араласқан кезден бастап өзінің қаржылық қорын жи-
нақтайды, сөйтіп өзін-өзі қамтамасыз етеді.
1997–1998 жылдары зейнетақы реформасын негізгі үш мекеме – Зей-
нетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (ЗТМО), жарналардың сақта-
луына мемлекет кепілдік беретін Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
(МЖЗҚ) және Ұлттық зейнетақы агенттігі жүргізді. Зейнетке шығу мерзімі
ұзартылды. Ерлер – 63 жастан, әйелдер 58 жастан зейнетке шығатын бол-
ды.
1998 жылдың қаңтарында МЖЗҚ-да
зейнетақы жарналарын қабыл-
дау басталды. Содан бері барлық жұмыс істейтін азаматтар міндетті түр-
де тапқан табысының 10 процентін МЖЗҚ-ның дербес шотына аударады.
2001 жылдан кейін зейнетке шыққан адамдарға зейнетақы ЗТМО арқылы
ішінара – республикалық бюджеттен, ішінара
МЖЗҚ-ның дербес шотынан
төленіп отырды. Бұл ретте, МЖЗҚ қаржысынан зейнетақы алуы үшін ер-
лердің – 25 жыл, әйелдердің 20 жыл еңбек өтілі болуы керек.
Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында бірінші болып зейнет-
ақы реформасын жүргізді және оның нәтижесі де көп күттірген жоқ: мемле-
кеттің зейнетақы және жәрдемақы төлеу бойынша берешегі 50 миллиард
теңге болса, 1999 жылдың соңына қарай бұл толығымен өтелді. Осылайша
зейнетақы саласындағы дағдарыс өз шешімін тапты.
Достарыңызбен бөлісу: