НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет70/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Тұрақтану мен экономикалық 
өсудің алғашқы көріністері 
Экономика мен қоғамды жаңғырту үшін кешенді шаралар жүйесін жү-
зеге асыру – Қазақстанға КСРО-ның ыдырауынан кейінгі ауыр салдарлар-
ды жеңіп, апаттың алдын алуға, сөйтіп, 1990-шы жылдардың екінші жарты-


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
141
сында еркін нарық заңдары негізінде жұмыс істейтін мүлдем өзгеше, ашық 
экономикалық жүйе құруға мүмкіндік берді. Осы нәтижеге жету жолында 
ескі көзқарастардан арыла алмаған, істің мәніне терең бойлай алмайтын 
шенеуніктермен текетіресуіме, ал кейде былайғы жұртқа күтпеген тосын іс 
сияқты көрінетін, бірақ өмір талабымен үндес, ұлттық мүдделерімізбен қа-
бысып жатқан өмірлік маңызды шешімдер қабылдауыма тура келді. 
Мемлекетіміздің тоқсаныншы жылдардың ортасында қатаң тәртіппен 
жүргізген ақша-несие саясаты, ең алдымен, бағаның өсуін тежеуге, бюджет 
тапшылығын қысқартуға, мемлекеттік шығыстарды азайтуға бағытталды. 
Осындай сындарлы саясат арқасында 1996 жылы теңге бағамы тұрақта-
нып, ақшаның құнсыздануы белгілі бір шектен асқан жоқ. Экспортқа бағыт-
талған салалардағы өндіріс жанданды. Қолайлы іскерлік ахуал шетелдік ин-
вестициялардың одан әрі өсуіне себепші болды. Жетекші әлемдік қаржы 
институттарымен тең құқылы әріптестік байланыс жолға қойылды.
Жекешелендіру арқасында мемлекеттік бюджетке айтарлықтай қаржы 
түсіп, 1996–1997 жылдары бюджеттің кіріс бөлігінің 20–30 процентін құра-
ды. Сол жылдарда жеке жобалар бойынша жекешелендіріліп, шаруасын 
дөңгелетіп әкеткен кәсіпорындар, бүгінде ірі және тұрақты салық төлеу-
шілеріміз болып отыр.
Ақшаның құнсыздануын төмендетуге арналған шаралар, қаржылық 
сектор мен кәсіпорындар реформасы, инвестиция салуға ынталандыру, 
кәсіпкерлікті қолдау, басқаруды орталықсыздандыру және кезең-кезеңімен 
жекешелендіру шаралары ел экономикасын қысқа мерзім ішінде сауықты-
руға мүмкіндік берді. 
Өтпелі кезеңде экономикалық құлдыраудан қашып құтылу мүмкін емес. 
Егер тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекеттер әуел бастан-ақ экономи-
калық одақ құрып, өзара тиімді қарым-қатынас орнатса және ынтымақтаса 
жұмыс істесе, экономикалық құлдыраудың алдын алуға болар еді. Өкінішке 
қарай, бұлай болған жоқ. Соның салдарынан бытыраңқылық жағдайын-
да экономиканың дамуына қол жеткізу 1996–1997 жылдары ғана мүмкін 
болды. 
Қазақстанда ішкі жалпы өнім 1996 жылы – 0,5 процент, 1997 жылы – 
1,7 процент өсті, сәйкесінше өнеркәсіп өндірісінің көлемі, 0,3 процентке 
және 4,1 процентке артты. Үкімет экономикада оң серпін сақталады және 
алдағы екі-үш жылда ішкі жалпы өнім 2–3 процент өседі деп есептеді, 
бірақ 1997–1998 жылдардағы халықаралық қаржы нарығындағы жаһандық 
күйзеліс бұл жоспарымыздың орындалуына мүмкіндік бермеді.


142
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет