ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
дейін ыдыратады. Олар кейбір бактерияларда, топырақ амебалардың
ас қорыту ферменттерінің арасында, кейбір ұлуларда және буын-
аяқтыларда (түлеу кезінде) табылды.
Хитиннің осындай қасиеттеріне байланысты барлық буынаяқты-
лардың денесінің өсуі түлеу арқылы жүреді. Түлеу кезінде арнайы
ішкі секреция эндокриндік бездері, яғни проторакальды бездері
экдизон деген затты бөліп, сол экдизон хитинді ерітеді де, кутикула
жарылып жануар ескі жабыңдысын тастап түлеп шығады да, денесі
бірнеше сағат ішінде өте жылдам өсіп, кутикуласы қатайып осы
қалпында келесі түлегенше өмір сүре береді. Біраз буынаяктылардың
кутикуласы ізбестермен және қатқан белоктармен безендіріліп,
қатты болып келеді, мысалы, өзен шаянының, крабтың, қоңыздар-
дың т. б.
Хитинді кутикула бөлшектеніп дененің әрбір сегменттерінде
қабыршақ немесе тақта ретінде орналасады, сол тақталардың
барлығын склерит деп атайды. Олар орналасуына қарай дорза (латын-
ша dorsalis
арқа) немесе үстіңгі тергит деп аталатын тақталарды
құрайды, вентра (лат. ventralis қүрсак) немесе төменгі стернит деп
аталатын және екі бүйіріндегі плейрит тақталарын құрайды. Барлық
склериттер бір-бірімен жұқа жарғақшалар арқылы бірігеді. Скле-
риттер дененің сыртына қарай бағытталған көптеген қылтан тәрізді
өсінділерді, ал ішке қарай қатпарларды түзейді. Қатпарларға
бұлшықеттері және кейбір ішкі мүшелері бекінеді. Сөйтіп, буынаяқ-
тылардың хитинді кутикуласы дене жабыны, сыртқы қанқасы болып,
ішкі ылғалды сыртқа шығармай, денені әр түрлі механикалық,
химиялық әсерлерден қорғайды, әрі тірек қызметін атқарады.
Буынаяқтылардың денесі сегменттелген, сегменттері буылтық
құрттардікіндей гомономды (біркелкі) емес, әркелкі болып келеді де
гетерономды (грекше heteros басқа,
nomos - заң) сегменттер деп
аталады. Тек кейбір төменгі сатыдағы буынаяқтыларда (шаян-
тәрізділерде, көпаяқтыларда) гомономды сегменттері сақталған.
Гетерономды сегменттер атқаратын қызметтеріне сай өзара бірігіп,
бір типті сегменттерді кұрайды, оларды тагма немесе бөлім деп
атайды.
Буынаяқтылар денесінің сегменттері әдетте үш бөлім немесе үш
тагма құрайды
бас (серһаіоп), кеуде (thorax) және құрсақ (abdo
men). Көп жағдайда сегменттерінің жіктелуі түрліше, мысалы, бас
пен кеуде сегменттері бір-бірімен тұтасып баскеуде бөлімін құрайды,
сонда жануардың денесі баскеуде және құрсақ бөлімнен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: