ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
119-cypem.
Өрмекшітәрізділердің зәр шығару (А) және нерв жүйесі (Б):
А - пішенші Garella variegata-ның коксальды безі; 1 - жүргіш аяқтарының негізгі буыны,
2 - трахея, 3 - зәр шығару тесігі, 4 - зәр шығару өзегі (кесілген жағы, сол жағында
түгелімен көрсетілген), 5 - стигма, 6 - резервуар; Б - құршаянның (Androctonus)
нерв жүйесі; 1 - көз, 2 - ми, 3 - коннектива, 4 - жұтқыншақ асты ганглиясы,
5 - құрсақ нерв тізбегі
түрлерінде біршама жоғалады. Коксальды бездер баскеуденің 2-ші
сегментінде орналасқан, түрі жұп қапшық тәрізді. Эпителилі қап-
шықтан ілмек тәрізді бұрандалған түтікше шығады да, ол зәрлі
қуықка айналып, зәр шығару тесігімен аяқталады (119-сурет). Олар
3-ші немесе 5-ші жұп аяқтарының түбінде сыртқа ашылады. Эпи-
телилі қапшық целомодуктаның кірпікшелі воронкасына сәйкес бо-
лып келеді.
Тыныс алу мүшелері
әр түрлі; не жапырақтәрізді өкпелері, не
кеңірдектері (трахеялары), не өкпелер мен кеңірдектері кездеседі.
Өкпе қапшығымен құршаяндар, қылаяқтылар, төменгі сатыдағы
өрмекшітәрізділер тыныс алады. Құршаянның алдыңғы құрсағының
Достарыңызбен бөлісу: