Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 120-cypem



Pdf көрінісі
бет218/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

333


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
120-cypem.
Өрмекшілердің тыныс алу мүшесі: A - өкпе; 1 - стигма,
2 - өкпе капшығының саңлаулары, 3 - өкпе қапшығы; Б - кеңірдек (трахея); 
4 - трахея, 5 - өрмек бездері
астыңғы 3-6-шы сегменттерінде 4 жұп тыныс саңлаулары немесе 
стигмалары (stigma) өкпе қапшығына келіп жалғасады. Өкпе 
қапшықтарының ішінде бір-біріне жақын орналасқан жапырақтәрізді 
өсінділері бар, ал олардың арасы тар, бос қуыстық. Бос кеңістікте 
ауа, ал өкпе жапырақшаларын қан тамырлары торлаған.
Сольпугалардың, пішеншілердің, жалған құршаяндардың, кейбір 
кенелердің тыныс алу мүшесі 
трахеялар (120-сурет). Құрсақтың 
1-2-ші сегменттерінде (сольпугаларда кеуденің 1-ші буынында) жұп 
тыныс алу саңлаулары немесе стигмалары бар. Әрбір стигмадан 
дененің ішіне қарай ұзын, жұқа, тұйықталған ауа өтетін түтікшелер 
немесе трахеялар тарайды. Трахеядан тараған ұсақ трахеолалар әрбір 
мүшеге жалғасып, оларды ауамен қамтамасыз етеді. Жалған құршаян- 
дарда және кенелерде бұл түтіктер бұтақталмаған, бір бунақты.
Өрмекшілер отрядының өкілдерінде тыныс алу мүшелерінің екеуі 
де (жапырақты өкпе қапшыгы мен трахеялар) кездеседі. Олар 
құрсақ бөліміңде орналасқан жұп өкпе қапшығы және сыртқа екі 
стигмамен ашылатын жұп трахея шоғыры. Өрмекшілердің Caponiidae 
тұқымдасында өкпе мүлдем жоқ, тек жалғыз 2 жұп трахеясы болады.
Өрмекшітәрізділердің өкпесі және трахеясы бір-біріне байла- 
ныссыз пайда болған. Өкпе қапшығы күмәнсіз ертеде пайда болған 
мүше. Өкпенің эволюция барысында қалыптасуы, түрі өзгерген 
құрсақ желбезек аяқтарымен байланысты деп есептеледі, ал олар 
өрмекшітәрізділердің суда тіршілік еткен арғы тегінде болған және 
олар семсерқұйрықтылардың желбезекті құрсақ аяқтарына ұқсас.
334


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Әрбір осындай аяқ дененің ішіне қарай бата орналасқан. Аяқта- 
рының бүйір жағы денеге жабысып, өседі. Өкпе қабырғаның алдыңғы 
бөлігі аяқтың негізінен, ал өкпе жапырақшалары арғы тегінің құрсақ 
аяқтарының артқы жағында орналасқан желбезек тақталарынан 
пайда болған деп болжамдайды.
Кеңірдектер (трахеялар) өкпе қапшығынан тәуелсіз пайда болған. 
Олар эктодермальды, дененің сыртқы хитинді кутикуланың ішке 
қарай жымырылып кеткен өсіндісі болып табылады. Трахея түтік- 
шелері хитинді кутикуламен астарланған.
Кейбір өрмекшілердің және кенелердің тыныс алу мүшелері 
жойылып, бүкіл денесімен тыныс алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет