ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
122-cypem.
Құршаянның жыныс жүйесі: A - аталық жүйесі; 1 - аталық без,
2 - тұқым шығарушы өзек, 3 - шағылысу діңгегі; Б - аналық жүйесі;
1 - аналық без, 2 - жүмыртқа жолы
орындайды. Өрмекшітәрізділердің көпшілігінде аталықтары
сперматофораны аналық жыныс тесігіне
хелицералардың көмегімен
енгізеді. Кейбір түрлерінде шағылысу мүшелері болады да, сперма-
тофоралары жойылады. Кейде копуляцияның жүруіне жыныс
мүшелерінің құрамына кірмейтін дене бөліктері де қатысады. Мыса-
лы, аталық өрмекшілердің түрі өзгерген педипальпалары шағылыс
мүшесінің қызметін атқарады.
Өрмекшілердің
көбі жұмыртқа салады, ал құршаяндарда, жалған
құршаяндарда және кенелердің кейбір түрлерінде тірі туу байқалады.
Жұмыртқалары ірі, сарыуызға бай, сондықтан
бөлінуі жарым-жарты-
лай беткейлік жүреді. Кейіннен құрсақ жағынан көп қабатты тақта
тәрізді ұрық жолағы түзіледі. Оның жоғарғы беткі қабаты эктодер-
мадан дамыған, одан төмен,
яғни тереңірек жатқан қабат
мезодермадан, ал одан ең терең қабат (сарыуызға батып жатады)
энтодермадан дамыған. Ұрықтың қалған бөлігі тек эктодермамен
қапталған. Ұрықтың денесі ұрық жолағынан дамиды.
3 3 8
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Даму сатыларында ұрық денесіндегі сегменттердің саны ересек
жануарларға қарағанда көбірек. Мысалы,
өрмекшілердің ұрығындағы
қүрсақ сегменттерінің саны
12, оның алдыңғы 4-5 сегментінде
ұрықтың аяқтары болады. Одан әрі даму кезінде құрсақ сегменттері
бірігеді де тұтас құрсақ құралады. Құршаяндар
құрсағының алдыңғы
сегменттерінде аяқтары пайда болып, олардың алдыңғы жұбы жыныс
қақпақшаларын түзейді, екіншісі
ескекті мүшелерді,
қалған
аяқтарының дамуы өкпенің түзілуімен байланысты. Мұның барлығы
Arachnida класы өкілдерінің жақсы бунақталғандығын және тек
баскеудеде ғана емес, сонымен қатар
құрсағында да дамыған сег-
менттері және аяқтары бар арғы тектерден шыққандығын көрсетеді.
Өрмекшітәрізділердің дамуы тура, тек кенелерде метаморфоз немесе
түр өзгеріс байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: