Жалған құршаяндаротряды - Pseudoscorpiones Жалған құршаяндар өзінің үлкен қысқыш тәрізді педипальпалары
және 11 сегментті құрсағымен біршама кұршаяндарға ұқсас (отряд-
тың аталуы да осыдан). Құрсағы алдыңғы және артқы бөліктерге
бөлінбеген. Педипальпалары үлкен болғандықтан, жалған құршаян-
дар оларды көтеріп жорғалайды. Жақтардың қызметін хелицералар-
дың және педипальпалардың буындары атқарады және хелицерала-
рында педипальпаларды тазалайтын тарақшалары болады.
Баскеудесіндегі өрмек бездерінің тармақтары хелицералардың
жылжымалы қосындыларының ұштарында ашылады. Олардан
бөлінген өрмектен ұя жасалады.
Өкпелері жоқ, екі жұп трахеяларымен тыныс алады. Стигмалары
(тыныс алу саңылаулары) құрсақтың 2-ші және 3-ші сегменттерінің
бүйір жағында орналасқан.
Нерв жүйесі коннективтермен жалғасқан бас және жұтқыншақ
асты ганглиялар. Кейде 1 немесе 2 бүйір көздері болады.
Жалған кұршаяндардың көбеюі және ұрықтың дамуы ерекше.
Аналықтың және аталықтың жыныс тесіктері құрсақтың 2-ші
және 3-ші сегменттерінің арасында ашылады. Аталық спермато-
зоидтары аналық жыныс жолдарына сперматофораның көмегімен
өтеді. Аталық пен аналық бір-біріне қарама-қарсы орналасып, аталық
денесімен және педипальпаларымен ерекше қимылдар жасайды.
Құрсақпен субстратқа жанасып, бір тамшы жабысқақ секрет бөліп
шығарады да, оны қататын сабақшаға ұзартып, ұшына сперматозоид-
тармен толтырылған сперматофор қапшығын жабыстырып қояды.
Сонан соң аналығы сперматофораның үстіне қонып оны тұқым
қабылдағыш тесігіне кіргізеді. Үрықтанған жұмыртқалары өте ұсақ
және сарыуызы аз. Аналығы оларды құрсақтың үстінде орналасқан,
өрмек жіпшелермен оралған ерекше ұрық камерада тасиды.
Эмбриондар камераның қабырғаларына жабысып, аналық безден
камераға түсетін сарыуызбен қоректенеді. Соны соруға арналған
күшті сорғыш мүшелері дамиды. ¥рық камераларынан шыққан ал-
ғашқы личинкалары әрі қарай қоректене береді. Бірінші түлеуден
кейін екінші личинкалар түзіледі, олар ересек түрлеріне ұқсас, кейін
өз бетінше қоректене бастайды.
Жалған құршаяндардың 1300-ге жуық түрлері белгілі. Олардың
мөлшері 1-7 мм. Көпшілік жағдайда олар топырақта, тастардың, тү-
бірлердің астында және тамырлар арасында, ормандағы топырақтың