тым-тырақай қашты . Тым- тырақай қашу – жан-жаққа, бет-бетіне қашу.
Омарташы жігіт мұздай сумен ыстықтан барбия бастаған бетін сипап, дәреттенгендей қайта-қайта куаттана жуды. Барбия бастау – ісіне бастау.
Енесінің сөзін екі етпейтін Айша лажы таусылып, «қойдым апа, қойдым» деп бетінен сүйетін. Айтқан сөзін екі етпеу – бірден тілін алу
, бұлжытпай орындау
. Сондай-ақ, қаламгер өз шығармаларында сирек болса да синонимдердің
плеонастикалық тізбегін (синонимдердің қатар келуі) де ұтымды қолданған. Мәселен,
туған жер ұғымын білдіретін ата мекен → ата қоныс → кіндік кесіп, кір жуған жер →
кіндік қаны тамған жер → қара орман сияқты синонимдік фразеологизмдері бар. Дәл осы
фразеологизмдердің ішінде О.Бөкей кіндік қаны тамған жер, ата қоныс тұрақты
тіркестерін бір сөйлемде қатар қолданған:
Кіндік қаның тамып , тұсауыңды кескен,
балалығыңның бал дәурені өткен
ата қонысыңа атаңның құны бардай неге өшігесің?
Мысалдан байқағанымыздай, автор аталған фразеологизмдерді жалаң қолданбай өзіндік
сөз өрнектерімен толықтыра беріп отырған:
«кіндік қаның тамып ,
тұсауыңды кескен жер», «балалығыңның бал дәурені өткен ата қоныс». «Атау кере» шығармасындағы көркемдегіш құралдар Теңеу – адамның рухани дүниесінің аса қуатты көріністерінің бірі. Адамның
көркем ойлауының, соған орай көркемдік танымының аса қуатты құралдарының бірі –
көркем әдебиеттегі теңеулерсіз елестету мүмкін емес. Теңеу барлық халықтың
фольклорында, жазба әдебиеттерінде кеңінен орын алып, кейіпкерлердің портретін
жасауда, мінез-құлқы мен іс-әрекетін сипаттауда, табиғат көріністерін суреттеуде тағы да
басқа жағдаяттарды баяндауда мейлінше мол қолданылады.
Оралхан Бөкей шығармада табиғат көріністерін, кейіпкер портретін жасауда
тұрақты теңеулерді көптеп қолданған.
Алтайдың