Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет77/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатындағы Әл-
Фарабидің рухани әлемі» Сидешова Р.А. аға оқытушы Ш.Есенов атындағы КМТИУ, 
Ақтау қаласы 
2.
 
2
. «Әл-Фараби мұрасының зерттелуі» Бекенжанова А.А., аға оқытушы Ш.Есенов 
атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
3.
 
Нұрсұлтан Назарбаев. Ұлы даланың жеті қыры / Егемен Қазақстан, 21- қараша, 
2018ж 
4.
 
Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» // Егемен Қазақстан. 12 
сәуір, 2017 жыл.
ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН ҰҚСАС ИІРІМДЕР 
 
Жаңабай З., Сарышова К.С 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 
Проза мен поэзия тілі жалпы тілден бөлек тұрған жеке категория емес, олар да 
тілдің заңдылықтарына бағынады. Дегенмен, проза мен поэзия тілдеріндегі негізгі 
ерекшелік – ойды жеткізу үшін құрылған сөйлемдердің құрылымында, сөйлемдердің 
сыртқы формасында. 
«Өлеңді сөйлем – ерекше сөйлем», – дейді Р. Сыздық. Поэзия тілін 
ерекшелендіретін негізгі фактор ұйқас, өлшем, ырғақ. Поэтикалық тіл әрдайым метафора, 
эпитет, теңеу сияқты көріктеу құралдарының санымен (көптігімен), тіпті сапасымен (аса 
көріктілігімен) танылмайды, суреткердің өз міндетіне алған эстетикалық талаптарына 
сәйкес болмысты тіл арқылы әсерлі де бейнелі түрде көрсете білуінен танылады. Ал 
әсерлілік пен бейнелілік көркем әдебиетте, оның ішінде поэзияда әрқашан образды 
метафора, теңеулермен берілмей, ешбір экспрессивтік бояуы жоқ сөздермен немесе сөз 
тіркестерімен берілуі де мүмкін. Әңгіме көріктеу құралдарының материалдық көрінісінде 
ғана емес (әрине, ол да орын алуы тиіс), шығармада сол көркемдіктің бар болуында, оның 
оқырман сезіміне әсер ететіндігінде. Міне, өлең тілін зерттеуде осы жайтқа да назар 
аудару қажет [1,9 б.].
«Поэтикалық тіл» мен «өлең тілі» деген ұғымдар бір-біріне мүлтіксіз пара-пар 
емес. Поэтикалық тіл тек өлең текстінде емес, қара сөзде де, ауызекі сөйлеу барысында да 
орын ала алады. «Поэтикалық» деген анықтауыш тіл көркемдігінің, дәлірек айтсақ, 
көркемдік үшін қолданыстың биігін, идеалын білдіреді. Сондықтан өлең біткеннің 
барлығында поэтикалық көрініс тұнып тұрмайды. Көріктеу құралдары қолданылған 
тексттің өзінде әрдайым мазмұн мен қалыптың сәйкестігі бола бермеуі мүмкін, демек, 
текст әсемдік биігінен көрінбеуі ықтимал. [2,10 б.] 
Сыр бойындағы ежелден жасалынған жыр теңізі шегіне көз жеткізбейтін 
жауһарлар іспеттес. Сыр бойы ақындары өлеңді өнердің пірі тұтып, басқа қонған бақ
абырой санап, оны құрметтеп, табиғат сыйлаған талант қуатымен аламан бәйгеге қосқан 
тұлпарлардай бір-бірімен жарысып, жақсы өлең туындату жолында жыр додаларына 
түскен. Осылайша арқалы ақындардың әрқайсысы жыр бұлағын көктемгі өзендей 
тасқындата білген. 
Осы өнер бәйгесінде суырылып алға озып, дарындылығымен ел есінде сақталып, 
жатталып келе жатқан ақындар Сырдың төсінде аз емес. Қарасақал Ерімбет пен 


174 
Шораяқтың Омары, Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіп, Күдеріқожа, Айманкүл Тәжібаева
Қуаныш Баймағамбетов, Нартай Бекежанов, Ұлбике Жанкелдіқызы, Манап Көкенов 
айтыстары – айтыстың түрін алғаш жасаушылар. Осылай тізбектей берсек, Сыр бойы 
ақындарының үлгі, мақтан тұтар жетістіктері көп-ақ. Сол ұлы тұлғалардың жалғасы 
болып, қыз-келіншек ақындар да өнер сахнасынан, өлең шыңынан көрінді. Сәнімгүл 
Желдербаева, Рысты Бекбергенова, Қатира Жәленова, Жадыра Дәрібаева, Рахат 
Наурызбаева, Ділдахан Торғаева, Нағима Торманова, Қаршыға Есімсейітова Ақұштап 
Бақтыгереевалардың ізін жалғаған жас ақын қыздар Толқын Қабылшаева, Асылзат 
Арыстанбек, Назгүл Бердіқожа, Ботагөз Бексары, Динара Мәліктердің жырлары – 
оқырман жүрегіне жол тапқан шоқтығы биік шығармалар. 
Ертеден ақындардың өлең-жырларында сарындас келетін тақырыптар жиі 
ұшырасатын. Қазіргі жас ақындарымыз Ботагөз Бексары мен Назгүл Бердіқожаның тілі 
мен қолтаңбалары (көркемдік стильдері) бір-біріне ұқсас келіп жатса, мұны олардың 
өлеңдерінің идеялық-мазмұндық жақындықтарынан көру керек болар. 
Сезім, бәлкім, әдемі құс ақ қанат, 
Сезімімді не етпекпін тұсап, қамап. 
Ауыр мұңнан арылғым кеп тұрғаны-ай, 
Бірер сәтке өзіңді құшақтап ап. 
(Б.Бексары) 
Өмір деген өтіп жатыр ақырын, 
Өлім деген бәрімізге жат ұғым. 
Көз тастап ем суретіңе ілулі,
Жанарыңда бір мұң тұрды жасырын. (Н.Бердіқожа) 
Екі нәзік жыр иелерінің шығармаларындағы үндестік туған жер тақырыбындағы 
өлеңдерінде де көрініс тапқан. Мысалы: 
Қызылордам - құт дарыған киелі елім, 
"Жыр елі" медаліне иегерім. 
Осыдан жетіп алсам, топырағыңның
Сау-тамтығын қалдырмай сүйер едім... (Б.Бексары) 
Құлдыраған құздан құлап кетсем де, 
Жауыздардан жалғыз жапа шексем де. 
Бере алмаймын, берекемді бөтенге,
Қиын-қиын асулардан өтсем де. (Н.Бердіқожа) 
Ақын қыздардың сезім жайлы шерткен сырлары да бірін-бірі толықтырып 
тұрғандай. Сезім – адам баласының бойындағы ұлы күш десе де болады. Сол сезімді 
оралымды ойларымен сипаттаған ақын қыздар өлеңінде «жүрек» ұғымы да әдемі 
жырланған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет