175
Бақ пен сордың арасында адасып,
Сүйдім, күйдім
жүрек
ысып,
жан мұздап, (А.Арыстанбек)
Жадыңда ма, жалт етіп қарағаным?
Қарағаным,таусылып бар амалым?
Жанарымнан жарқылы ғайып болған,
Жүрегімде
сол бейнең, санада мұң! (Т.Қабылша)
Поэзия
сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Оның үстіне
поэзияның аса маңызды әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды
бейнелеп көрсете алатын
зор мүмкіншілігі бар. Ол – айналамыздағы дүниені, өмірді танып-білудің күшті құралы,
біздің қоғамдық ой-санамыздың,
көркемдік, эстетикалық сезіміміздің үлкен, өнімді
саласы. Сондықтан
поэзиядағы сөз суреттілігі, бейнелілігі өмір шындығынан нәр алып,
соған тікелей жалғаса туады.
Сөз қолдану шеберлігі, көркемдік шеберлік дегеніміз өмір
құбылыстарын
танып-білу, ұғып-түсіну қабілетімен, көркем
ой-сезім қуаттылығымен
терең тамырласып, қабысып жатады.
Поэзия тілінің сипат-ерекшелігін сөз еткенде, оны поэзиялық туындылардың, өлең-
жырлардың мазмұнынан бөлек алып қарауға болмайды. Өйткені поэзияның, өлеңнің тілі,
оның негізгі өзгешеліктері көркем шығарманың идеялық мазмұнын ашу, жеткізу талабына
сай қалыптасады [3,7б.]. Сыр бойы ақын қыздарының да өлең туралы сырлары төмендегі
жырларында көркем сипат алған:
.. Мен
- Өлеңмін
, қасы-көзі қиылған,
Алақанмен сипап жібер шашымнан.
(Б.Бексары)
...Мынау әппақ қабырғаға далаппен,
Өлең
жазғым келіп тұр. (А.Арыстанбек)
Адалдығымның, ғазал
жырымның жердегі,
Достарыңызбен бөлісу: