132
– Қойыңыз, ондай әпербақандықты! – деді былғары киім-
ді қара қазақ. – Ақсақал, атыңызға мініңіз де алға түсіңіз,
малдарыңызды конфискелеуге шыққан комиссия мүшелеріміз.
– Жөн-жөн, қош келіпсіңдер, қарағым. Іздегендерің
мен емес, мал болса оған да тәуба. Әне, жүр ғой жануарлар
жайылып. Алдарыңа салып түгел айдап кетіңдер.
– Әй, әкеңнің... – деді Оспан оқшантайына қайта жарма-
сып. Бірақ бұл ретте жалаңдатып қабынан суырып алған жоқ.
– Сен өйтіп түлкібұлаңға салма, білдің бе, анау жатқан жыл-
қыларыңның бестен бірі ғана, қалғаны арғы бетте. Дабай,
қолын артына қайыра байлап тастау керек бұл иттің. Әйтпесе
қашып кетуі ғажап емес.
– Асықпа, – деді қара былғарыдан пенжак киген жігіт.
– Саған салса табанда атып тастағың келіп, шошаңдап тұрсың-
ау. Кеңес өкіметінің заңында сұраусыз, сотсыз адам ату жоқ.
– Жау болса да ма? – деді Оспан осқырынып.
– Иә, жау болса да тергемей, тексермей тұрып жазалауға
хақымыз жоқ.
– Қойдық онда, – деп ығыса мүләйімсіді.
– Сен кімсің? – деді былғары киген өкіл Батиға.
– Омекеңнің жылқышысымын.
– Әкеңнің... – деп қалды Оспан. – Баймен ауыз жаласа
қалғанын. Мұны да байлап алу керек.
– Әй, Оспан! – деді күркіреген ажарлы үнмен, Батидың
ұйықтаңқырап қалған арыстан ашуы ояна бастаған еді, өзін-
өзі әрең ұстады. – Тіліңді тарта сөйле, мені байлау, басқаны
білмеймін, дәл сенің қолыңнан келмес.
– Қойдық ендеше, қойдық, – Оспанның, лыпылдап,
құйрығын ұстатпайтын сынаптай мінезіне тұрғандардың бәрі
таңқалды. «Омар байдың жасырған малын менен өзге ешкім
тауып бере алмайды», – деп қояр да қоймай сұранған соң бағана
ертіп шығып еді, енді, міне, суырдың айғырындай берекелерін
алатынын кеш сезінген өкіл алая бір қарады да:
– Сен араласа берме, жігітім, бұл жерде бастық мына –
мен. Ал, сен болсаң, комиссияның бір мүшесі ғанасың, оның
өзінде де өзіңнің сұрауың бойынша ертіп шықтым, – деп қадап
айтты.
– Мақұл. Білем ғой. Мен қойдым. Айып етпеңіз.
133
– Аты-жөнің кім? – деп былғарылы жігіт жылқышыға қайта
қарады.
– Бати.
– Батиханның, тұқымымын деші...
– Қайдан білейін, әйтеуір әкеміз солай деп қойған соң.
– Жаман иттің атын Бөрібасар қояды, – деп тағы да қағытып
қалған Оспанға жылқышы жігіт арыстандай атылып барды
да, көзді ашып-жұмғанша аттың үстінен жалғыз-ақ ырғап
жұлып алды. «Мынау қайтеді-ей, құтырғаннан сау ма», – деп
бажылдаған Оспанды өкіл жігіт әрең арашалап алды.
– Әй, жігітім, – деп жекіді, – комиссия мүшесіне қол
көтергенің үшін сотталасың.
– Ит талаған терідей илектегенше сол сотыңа жіберші, –
деді түтігіп.
– Ол күн қашпас, ал қазір ана жылқыларды ауылға қарай
айда. Атыңызға мініңіз, ақсақал. Конфискацияға түсетін тек
малыңыз ғана емес, үй-мүлкіңіз де.
– Қыздарыңыз да, – деп қалды Оспан атына қайта қонып
алған соң күшіне мініп.
– Сен осы жерден кері қайт, үлкен істі бүлдіретін түрің бар,
– деді былғары киген жігіт Оспанға.
– Қайта алмаспыз. Мені сіз ертіп шыққан жоқсыз.
Исполкомның решениесі бойынша келе жатырмын. Ендеше,
тәргі аяқталмай қайта алмаспыз.
Өкіл жігіт сөзден тосылғандай сәл үнсіз қалды да:
– Ал, кеттік, – деп астындағы бұқпа қара атын тебініп
қалып, жортақтата түсті алға. Кейіндеп қалған Омар Батиға
жанаса жақындап:
– Жылқыны айдап апара сала әлгі шаруаны тәмамдап қайт,
– деп сыбырлап үлгерді. Дал осы кезде сауысқаннан сақ Оспан
да бұларға сезіктене тақалып еді. Ендігі сәтте Омармен үзеңгі
қағыстыра қатарласып ауылға бет түзеген. Соңдарында мылтық
асынған екі-үш жігіт, олар да үнсіз ере жөнелді.
Бұл шақта күздің бозамықтанған күні ұясына қонып,
қазанның қара желі үдей түсіп еді. Суық. Тәргілеу комиссиясының
өкілдері екі үйге бөлініп түсті. Кеш болып, ымырт жабылып
кеткен соң конфискелеу науқанын ертеңге қалдырған. Оспан
сақтықты бұл жерде де көрсетіп, Омар менен Долдаштың үйіне
түнемей, жалшы-малшылардың біріне ат басын тіреген. Ешбір
134
ымыраға келмейтін қаттылығы былғары киімді жігітті аздап
сескендірген-ді. Аудан арнайы қосып берген соң, амалсыз
санасатын болды. Түнде аттарды арқандап отқа қоярда Оспан
тағы бір қырағылық танытып, «байлардың беті жаман, сенуге
болмайды. Күзет қоялық», – деп ұсыныс жасап, онысын өткізе
алмады. Алыстан жол соғып шаршап келген милиционерлер
ыңғай білдірмеген; «Кісі танитыным рас болса, осылар ешқайда
бармайды, өз жауапкершілігіме аламын», – деп, бастап келген
бастық жігіт көнбеді. Әйтсе де, күдікшіл көңілмен Омарды бай
деген жоқ, соның үйіне түнеп шығуға тәуекел жасаған. Бірақ
Оспан өкілдің бұл әрекетіне де шамасы келгенше қарсылық
жасап бақты. Жанын жай таптырмай жүрген Гүлияны қолға
түсіру жайы болса, осы ретте мықтап қимылдан қалмақ ойы
және бар. Осындай жеке басының жымсыма есебімен құйрығы
қоныс таппай бір кіріп, бір шығып сенделіп жүріп алды. Содан
ақыры үлкен үміт жеңдеп ел орынға отырған, абыр-сабыр
басылған әредікте бие сауатын қатпа қара қатынды жіберіп
қызды шақыртты. Гүлияның келгісі келмеп еді, Дүрия: «Әкеме
зияны тиіп жүрер, жеп қоймас сені, бар» – деп ұрысқан соң
сатуға жетелегендей тартыншақтап қараша үйге кірді. Төр
алдында жалғыз көзі май шаммен шағылысып жамбастай
жатқан Оспан, әуелі көрсеткен қыры ма, әлде шынымен сасып
қалды ма, жалма-жан тапаншасын суырып ап алдына қойды.
Қатпа қара әйел Гүлияны тастай беріп ойбайлап тұра қашты.
Осекең тырқылдап күліп, басын қақшаңдата көтерді де:
– Бикеш, отырыңыз, ұялмаңыз, – деп қызға орын нұсқады.
Есік көзінде селтиіп тұра беруге Гүлияның да зауқы жоқ еді,
кіре беріс он жақтағы аузын бүрістіре буған сабаның түбіне бір
тізерлей иіліп, төмен қарап жайғасты.
– Жүдеп қалыпсың, Гүлия, – деді үнін мейлінше жұм-
сартып.
– Сізді сағынғаным шығар, аға... – деді қыз көзін жерден
көтермеген қалпы. Бұл сөзді мазақ деп ұқпаған Оспан кәдімгідей
қутың қаға қуанып, жымиды.
– Мен де, мен де санамен сарғая сағындым, – деп салды.
– Көзімнің құнын даулап жүргенім жоқ әкеңнен. Сенің бір ауыз
ықыласты жылы сөзің үшін сонау ит арқасы қиян алыстан, ат
арылтып іздеп келген бетім. Сұлу қызды жақсы көруге менің
де правом бар ғой. Осы жаңа өкіметті осындай әділ праволары
үшін орнатпадық па.
135
– Әрине, – деді Гүлия бетін шұңқырайта жымиып. –
Жолыңызға қарай-қарай менің де көзім төрт болды. Алты
алаштан, тіпті бүкіл малтыкөл руынан сақинадай таңдап
алғаным сізсіз...
Оспанның екі езуі екі құлағына жете мәз болды. Бір
жамбастай жылжып қызға қарай жақындай түсті.
– Екі дүниеде де ризамын саған, Гүлайым. Қайта туғандай
болдым-ау. – Үні толқып, дірілдеп шықты.
– Ол үшін мен де қайта тууым керек-ау, ағасы. – Оспан
қыздың астарлы сөзін тағы да түсінбей қалды. Ынтықшыл
көңілдің жел тұрмай желіккен көбік нәпсісі меңдеп, Гүлияның
талдырмаш білегінен қыса ұстады. Именген әлсіз қарсылық-
пен қолын әрең ажыратып алған қыз кейін ысырыла отырды
да:
– Аңқау екенсіз, ойын мен шынның арасын ажыратпадыңыз.
Мен тірідей сіздің үйдің табалдырығын аттай алмаспын, аға.
Дәл қазір атып тастасаңыз да көне алмаспын ырқыңызға,
сүйгенім бар, – деді аққұба беті дуылдап.
Оспанның соқыр көзі бағжаң етіп, жанарынан шоқ ыршып
түскендей болды. Мұриттенгенін енді ғана сезіп, өз деміне өзі
тұншығып, қылғына ашуланды. Бірақ өрескел қылық көрсеткен
жоқ. Тапаншанын жанына тоңқаңдай еңбектеп қайтып барды.
Оған осы екі кездей ғана арақашықтықты соншалықты ұзақ
жүрелеп жүріп өткендей өзін шаршаңқы сөзініп, аһ ұра
күрсінді, өкпесі өше ауырлап дем алды, өз тілін өзі шайнап
жұтып қойғандай үндемеді.
– Сіз ренжімеңіз, шыным да, сырым да осы, ағасы. «Дархан»
деп соққан жүрегім бөтен біреуге алаңдамақ емес. Сол кісі мені
мәңгі ұмытпастай етіп сиқырлап қойғандай. Бұл жайды сізге
сонау алтыбақан басында сездірген де едім.
– Ол енді қайтып қайырылмай қойса қ... қ... қа... қайтесің,
– деді тілге әрең келген, Оспан. Оңбай қапаланған көңілі әлі де
орныға қоймаған-ау. Сөзін үзіп-үзіп кекештеніп зорға айтқан-
ды.
– Бәрібір тосамын. Қара жер қойнына алғанша күтермін.
– Қара жер емес, мына мен, мен қойныма аламын! – деп
жындана ақырды. Қатты шошынған Гүлия орнынан атып
тұрып, ор қояндай зыта жөнелген.
136
Аузынан ақ көбік ата айқайлаған Оспанның аю талағандай
қорқынышты үнінен үріккен екі милиционер жігіт «что,
не болды» деп есіктен ентелеп кіріп еді, оларды «кетіңдер,
кетіңдер» деп ізінше айдап шығып жалғыз қалды. Жалғыз
қалған соң төрдегі қырық жамау көнетоз сырмаққа етпетінен
сұлап түсіп, жас балаша солқылдап ағыл-тегіл жылады-ай.
«Ұят-ай» деп айтар, жұбатар тірі адам жоқ, ботадай боздады,
өксіп-өксіп еңіреді байғұс. Сүйгеніне қосылу үшін заманды мың
рет аударып, төңкерсе де, қой үстіне бозторғай ұялаған қоғам
орнатсақ да, көңіл жарастығы, жүрек туыстығы болмаған жерде
бәрібір күштеп байлап, матасақ да болмайтын баянсыздығына
налыды. Бұл өмірде Оспан үшін ата жау күштілер, беделділер
мен атағы аспандағандар ғана емес, сұлулар мен көріктілер
екенін көкейіне тағы-тағы таңбалай түсті. Өзінен бедел-бағы
екі елі асқандарды иттің етіндей жек көретін өшпенділік оты
лапылдап, өз бармағын өзі шайнап ашуланғаны соншалық,
тізерлей отырып, екі алақанын көкке жайып қарғанып-сілене
жөнелген:
– О Құдай, бармысың, жоқпысың. Бар болсаң мені неге
қор қылып жараттың. Ей, Алла тағала, не көрік бермедің, не
алшайта киер бөрік бермедің, кәріңе ұшырайтындай не жазып
едім, жазығым жан сақтаудың амалын іздегенім бе? Елге
күлкі, дұшпанға таба қылмай алсаң еді. Желдей есіп, тасың
өрге домалап тұрмаған соң, жер басып жүргеніңнен не пайда?
Бүйтіп көзге түрткі, сұлуларға күлкі болғанша өлейін-ай, мен
үшін тап жауы – бөріктілер ғана емес, көріктілер.
Тапаншасын оқтап, шықшытына тіреп тұрды да:
– Жоқ! – деді саңқ етіп. Аядай қараша үйдің ішінде толғақ
қысқандай теңселе жүрді. – Мұным ерлікке де, еркектікке де
жатпас. Күресіп көрейін әлде де.
Ол абзал өліммен өле алмайтынын сезді де, әрі өзі кетсе
мұқым қаймана қазақ қараң қалып, жер бетін көңілсіздік
басатындай, үлкен ұрысқа аттанардай ширақ та сергек. Жалпақ
жаһандағы сұлулық пен ізгілік атаулыға кектенген. Идея, саясат,
әлеуметтен тысқары жеке басының мұң-кайғысы, болымсыз
қуанышы үшін тау мен тастан қайтпайтын жігермен орнынан
шапшаң тұрған Оспан дүниежүзіндегі ең қауіпті жаулардың
бірі секілді еді. Бірақ, ол өзі әсте де адамзаттың жауымын деп
ойлаған жоқ және жалғыз емес, кең дүниенің әр бұрышында
13
жақсылықтың, жаназасын оқуға құштар, өзі сияқты жандардың
көп екенін саналай алмады. Өйткені, ондай ішінде ит кұшіктеп
жататын адамдар бір-біріне қосылмай, жарғанаттай түн
жамылып жеке-дара майданға шығатын. Сондықтан да не
жеңбей, не жеңілмей мәнгібақи өмір сүре бермек. Әлемдегі ең
қауіпті жау – осылар екенін адамзаттың өздері де бәлкім, ұға
бермейді-ау.
«Адамзаттың жауы» есікті ептеп ашып, түн түнегіне сіңіп
жоқ болды. Қайда аттанды? Ешкім білмейді!
Бұл түні Гүлия да төсегіне жете жығылып жылаған, тұңғыш
рет екі көзі бұлаудай болып егіле еңіреген. Дүрия қанша
айналып-толғанып жұбатса да уанбады. Сүйген жігітін сағына
қыстыққан жүрегін көз жасымен армансыз жуып тазартты.
Қызық, тарқамас кұмарлықпен рахаттана жылағаны несі.
Сүйгенін іздеп зарлаған көлеңкесіз көңілін, міне, алғаш рет
наланың бұлты басты. Айығар ма? Кең дүниенің біртін-біртін
тарыла бастағанының бастамасы ғана еді. Еліктің лағындай
еркелеп, табиғатананың сыршылдығынан өзге мәңгілік күйді
білмеген, айлы түн, ашық аспан – жылқының жусағанындай
тыныш өмірге ғашық қыздың қоғамдық апалас-төпелестен
еш хабары жоқ, күнәдан пәк, азанда жауған ақшақардай ар
тазалығын сақтаған; сырлы аяққа су құйып тұндырғандай
мөлдірлік пен бар жақсылықты, бар махаббат пен бақытты
ертеңінен күткен; шашын он күн тарап, бес күн өретін кербездік
енді бүгінгі кештен бастап келмеске кеткендей; Гүлия-қыз үшін
зұлматтың қияпат жолы – бүгіннен басталғандай ма. Кім білсін...
«Ертеңгі күнін, не болар екен, қарағым-ай?» деп басынан
сипар шын жанашыр іздеп, құлындаған көңілі көктемгі қардай
көбесі сөгіліп, еріді-ай... ағыл-тегіл; мұндайлық нәзік жанды,
мамық сезімді, егіннің жаңа шыққан көгінде қазақы қызды
тек қана үкілі тақиясы бұлғақтап, дүрия көйлегі желбіреп,
батқан күннің шапағына шомылып, қыр асып бара жатқанын
ғана көріп ақтық рет қол бұлғап қалғың келер. Мүмкін қазақ
үшін ең ақырғы Ақжүніс, ең ақырғы Баян, ең ақырғы Жібек
– осы ма деп соңынан қимай қарап, қимас тілекпен шығарып
салармыз; алысқа тартқан әйкерім, сені қайтарып алар күш
қайда, қайда...
– Көп жылаудың басы ғана бұл, – деді Дүрия. – Жыласаң
жылашы. Мауқың басылар. Оспан соқырдан мен де қорқамын.
Сені алмай тыншымас.
138
– Қайдағыны айтпашы, – деп жалынды өксігін баса алмаған
Гүлия. – Одан өлген артық.
– Қазіргі заң да, заман да Оспанның жағында. Кімге
үйленем, кімді айдатамын десе қолынан ешкім қақдайды.
– Асқанға да тосқан. Оның үстінен қарайтын да біреу бар
шығар.
– Қарға қарғаның көзін шұқымайды, – деді Дүрия. – Ертеңгі
күні лақтай бақыртып алдына өңгертіп ала жөнелсе, қой деп
айтар есі бүтін азамат тауып алшы бұл ауылдан. Бәрі де қоян
жүрек қорқақ болып біткен. Дарханың жаныңда болса да
Оспанға түк істей алмас еді. Соқырдың қолында күшті билігі
бар.
– Қазір билік пен білектің әмірі жүрмейді. Әркім өз
сүйгеніне қосылу үшін орнаған большевиктер үкіметі, – деп
қасарыса дауласты Гүлия. Бағанағыдай емес, тас-түйін бекініп
алғандай.
– Әлгі қайлашы жігітің саяси сауатыңды ашып үлгеріпті
ғой, – деген Дүрияның сөзін елеместен қарына орамал іліп,
қолына жез құман ұстап үйден шыға жөнелді. – Мұның да беті
ашыла бастады, – деп күрсінді Дүрия. – Беті ашылмаған не
қалды?!
Ауыл активтерін шақырып алған қара былғары киімді
жігіттің бұйрығы қысқа болды: «Жан-жақтағы елге, ертең
конфискациялау басталады, байлардың малы, үй-мүлкі бөліске
түспек, арзан бағаға мал сатып алам дегендер болса келсін»,
– деген хабарды сүйіншілей айғайлап, жан-жаққа тасыр-
тұсыр шапқылап жатты. Сонау бір шел Шардағы, ана жақтағы
Құландыда шойын жол төсеп жүрген жұмысшыларға да кісі
жіберткен. Ал, өзі қорыққан да үріккен жоқ, Омардың үйінде
қонақасысын жеп, қымызын ішіп, ертеңгі бастамақ науқанның
барлық мәселесін ашықтан-ашық шешіп, қәперсіз отырған.
Өкіл жігіттің бүкпесіз, жымсымасыз жалаңтөс қылығы
Омарға бір есептен ұнап та қалып еді. Кетарысы жоқ, жат-
сынып, жатырқамаған көңілмен барын аузына тосты. Мал
сойды, күздің бесті қымызын да аямады, келімді-кетімді
кісілердің бәріне ағыл-тегіл құйды-ай. Аста-төк мол тамақтың
қысымдап, шым-шымдап келген саран аузы сөгіліп, ит басына
іркіт төгілгендей думанды кеш болды. Осы түнде бұл үйге бас
сұқпаған тек Оспан ғана еді. Екі-үш рет арнайы адам жібертіп
139
іздеттіріп еді, ешқайдан таба алмады, жер жұтқандай жым-
жылас жоғалған.
Омар байдың емен-жарқын мінезі, ашық көңілі былғары
киімді жігітке де қалтқысыз ұнаған-ды. Жазығы – шонжар
екендігі ғана. Әйтпесе, көпті көрген, көпті білетін көшелі адам
секілді. Шарт та шұрт мінезі жоқ, алыстан ойлайтын, сығалап
өлшеп, сырбаздап пішетін манғаздықты байқады. Ақылсыз
адамнын байып, дәулет жиып, сол мол дүниені шашау
шығармай ұқсата білуі екі талай екеніне көзі жете түскендей
болды. Төр алдына қатарласа малдас құрып отырған Омардың
әлі де әжім әдіптей қоймаған келбетті жүзіне қарап отырып,
сал-мақ пен сабырға лайық дидардан екінің біріне біте бермес,
адамның пысын басар, дуалы қуат барын аңғарды.
Алғашында екі жақтан да әңгіме болған жоқ, әр нәрсенің
жөнін біліскен сұрақ-жауаппен ғана қысқа тілдескен.
Қымызға қызған соң бой жылынып, көз үйренісе келе ептеп
түсініскендей-тін, бірақ ішкі сырын, көзқарастың дейміз бе,
таптық дейміз бе-ау, өз мақсұттарын аша қойған жоқ, сынасқан
салқындықпен жай ғана сөйлесіп отырды. Мықтылықты екеуі
де сезіскен, енді сақтық қана керек болып қалыпты.
– Сіздерден басқа байлардың көбі түрмеде, конфискеленіп
біткендері жер аударылып кеткен, – деді былғары киімді жігіт
темекісін тұтатып.
– Білемін, – деді қымыз ұсынып. – Игілік пен өлімнің ерте-
кеші бар ма, мен дайындалғалы көп болды, кешігіп келген
өздерің.
«Осы шыны ма» дегендей бетіне қарап еді, аппақ сазандай
сәулелі жүзі сәл сазарғаны болмаса, нұрын тайдырмаған.
– Сізді конфискелеу үшін Семейден рұқсат керек болды.
Беделді юрист Еркін Кенжинмен бір ауыз тілдеспей бас салуға
жасқандық.
– Заңды шығарып отырған сендер емес екендеріңді білемін,
егер әмірді орындамасаңдар күндерің менен де төмен. Түрмеге
елден бұрын қамалар едіңдер.
Жігіт күлді. Оқу-тоқуы жоқ байдың көрегендігіне, ақырын
айтса да шымшылап астарлап айтатын шеберлігіне тіпті тәнті
болды.
– Бұйрықты орындамауға хақымыз жоқ екені рас. Дегенмен
бұл жоғары жақтың жорамалымен істеген ағаттығы емес,
140
ақсақал, өкіметті өз қолына алған кедейлердің талабы, Совет
өкіметі орнаған он жылда бұрынғы бай-манаптар байып
алмаса, дәулеті сарқыла қойған жоқ еді. Біраз еркелетті, енді
өкпелеріңіз жоқ шығар.
– Өкпелейміз деп өкіметтің құзырына қарсы келгендердің
сүйегіне қына шығып қалғалы қашан. Аман-есен отырғандар
мына мен секілді қол қусырып, басын игендері ғана. Алым-
салықтың қандай түрі болсын өтедік. Егін салығы деді – бердім,
сиыр салығы деді – тайпалған жорғаны орыстың көтерем
өгізіне айырбастадым. Біресе қолымнан, біресе жолымнан
алмаған дүниесі қалды ма, сонда да ғайбаттап тіл тигізіп
көргенім жоқ.
– Жылқыңыздың көбін арғы бетке айдаттырып жіберді
деген не сөз, ақсақал? Бағана біз көрген малдың саны тіпті аз
секілді.
– Ол қасқыр тұмсықты тіміскілеген Оспанның шығарып
жүрген оттаубайы. – Омар алғаш рет тістене өз мінезіне жат сөз
айтып қалған. – Қырық күн шілде, сарша тамызда үстінен құс
ұшырмай бағып-қаққан адал малымды шүршіттің аш-арығын
асырау үшін садақа қылады дейсің бе, қарағым. Одан да тістің
суын сорған өз елім, өз ағайыныма бұйырғаны адал емес пе.
– Бәсе, – деді желпініп өкіл жігіт. – Сіз ондай кесірлікке
бармайды-ау деп ойлап едім.
– Рас, малымның саны аз. Бұрынғы жер қайыстырар
жылқымның қазір жартысы да жоқ, оны жасырмаймын. Көбін
анау жылдары ақтар мен қызылдар бірін-бірі қуып жүргенде
айдап кеткен. Қалғанын осы Малтыкөлдегі ағайындарға
тараттым. Ал төрт-бес айғыр үйір жылқым жаз жайлауда
отырғанда ит-құс пен барымтаға ұшырады. Қазақта басқа
тыйылса да осы барымтаның тиылмайтынына көзім сол жолы
жетті. Қызыл көрсе бөршай сілекейі шұбырып бөрлігетін
қазақтың қай ұрлығын айтайын...
Үйге кіріп-шығып ас қамымен жүрген Рахия бәйбіше бір
әредікте:
– Біздің ұлдан не хабарыңыз бар? – деп сұрады.
– Ол кісі ауруханадан әлі шыққан жоқ деп естідім.
– Осының бәрі Оспанның кесірі, – деді бәйбіше тұлан тұтып.
– Шыбын жанымызды сауғалап отырған жалғыз баламыздан
айрылып қала жаздадық. – Бырсыңдап, жібек шылауышымен
көзін сүртіп жылады.
141
– Оқыс болса быламыққа да тіс сынады деген, босамаңыз,
әлі-ақ сауығып келер, – деп уатар сөз айтты өкіл. Осы кезде үйге
секіре ойнақтап кірген Дүрия төрде отырған жігітке көзі түсіп,
арбалғандай аз аялдап тұрды да шешесінің құлағына әлденені
сыбырлап қайта шығып кетті. Былғары киімді жігітгің де
назары бөлініп, жүрегі аунап қалып еді, ол сөзімін жасырғысы
келді ме:
– Ақсақал, егер түрмеге қамамай жер аударсақ, қай жақты
қалар едіңіз, – деген оқыс сауал тастады. Бай соншалық бір
әдемі жымиыспен:
– Жердің жаманы бар ма, шырағым, адамның басы Алланың
добы деген, нұсқаған жағыңа кетеміз де тентіреп, – деп
жүрісінен танбайтын маң-маңгер қалпын бұзбастан жауабын
қайырды.
– Сен қайда кетсең онда кет, мен екі қызымды алып,
Семейдегі төркін жұртыма барам, – деді бәйбіше.
– Отыз жыл кісінесіп өтіп едің, қолыма кісен түспей-ақ
жеріп шыға келдің бе?! – Омардың даусы зілді. Бәйбішесі
ыққан жоқ, сүйекке сіңген адуын мінөзі билеп-төстеп ала
жөнелер өктемдігіне басып, үйде қонақ барын ұмытып кетті
білем, екіленіп екі иығынана демалып, шаптыға жөнелді.
Омардың басы істі болу тықыры таянып, Еркін келіп кеткеннен
бері іштей бекінген байлауын айтып салды.
– Отыз жыл қас-қабағыңа қарадым, отыз жыл үйіңнің шып-
шырғасын шығармай ұстадым. Малмен жусап, малмен өріп,
өзімнід де мал болып кеткенімді кеш сездім. Сырты түк, іші
боқ хайуан жолдас емес, жалғыз-ақ жұттық, сатқанын сатып,
сойғанын сойып пұлға айналдырып қалаға көшелік, бұл жер
мекен болмайды, деп қақсағалы он жыл өтті, оқтау жұтқандай
кекірейіп тыңдадың ба. Енді міне қылбұрау тақымыда түскенде
де ақылың кірмей алжып отырсың. Көз көріп, құлақ естімеген
жерге сенің соңыңнан салпақтар жайым жоқ. Кетсең – өзің кет.
Қыздарымды қаңғырта алмаймын, оқысын, бағы ашылсын.
Тірі болсаң іздеп табарсың. Айтарым осы.
Омар жер шұқығандай болып, екі беті қабара отырып
қалды. Қандай уәж айтар. Бірыдғайдан осынікі де жөн секілді.
Қаңғырмай қалаға барғаны да дұрыс-ау, деп ойлады.
– Шешей, – деді өкіл жігіт, – сіздердің үй-ішілік дау-шарла-
рыңызға араласу әбестік мен үшін. Алайда, байларды
142
жер аударғанда олардың семыясы да қағыс қалмай бірге
көшіріледі.
– Біздің кінәміз не? Айыбымыз – қатыны болғанымыз
ба? Әкесі үшін баласы күйгенді қайдан көріп едің? Ендеше,
Еркінді де мойнына қоржын іліп қосақтап айдаңдар, – деп
шаптықты. Былғары киген жігіт сөзден тосылып қалған. –
Қарағым, иман жүзді бала екенсің, түсі игіден түңілме деуші
еді, маған жасаған жақсылығың болсын, бас бостандығымызды
бер. Ертең екі қызымды алып, қаладағы төркініме аттанайын.
Далаға тастамас. Ал, мынау шалды сулы жерде асып, сусыз
жерде қуырып жесеңдер де өздерің біліңдер.
– Тағы да көкайылдығыңа бастың ба, – деп күңк етті Омар.
Құр бекерге дауыс көтеріп, дауласудан әбден зәтте болғандай
үні жуас шықты.
– Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер. Одан зорғысын
айтпай тұрғанда...
– Айт! – деді қажыған Омар. – Айтып қал, албасты.
Өкіметтің құрығы емес, сенің құбылма құйын мінезіңнен
қорқушы едім... Қайтейін... мына жігіт рұқсатын берсе бара
бер, мен қарсы емеспін, сенен құтылғаныма қуанбасам, өкінер
жайым жоқ... Осы күнді баяғыдан армандағандай да едім... Қос
қызым болмаса... Сені ошағыма тас қылам ба?..
– Менің қарсылығым жоқ, – деп шешімін лезде шешіп
айтты өкіл жігіт. – Мықтаса сөгіс берер, жұмыстан қуар.
– Өркенің өссін, балам, мың жаса. Өзің бір бек мәрт жігіт
екенсің. Қымыз ішпей отырсың ғой, ішсеңші. Тамақ та дайын
болып қалды, – деп бәйек болған Рахия екі бетіне қан ойнап,
қалжаланғандай жадырап шыға келді. «Кәпір, мына қақпас
енді бір байға тимей тыншымас» деген ойға күнәлі болса да
барған Омар ішігін жамылып сыртқа шықты.
Ысқырына соққан күзгі жел үдей түскен. Әр үйдің түндігін
сабалап, желбауын тартқылап құтырына соғады. Үй айнала
бергенінде ербең еткен әлдекімнің сұлбасы көрінгендей болды.
Әрі-бері елегізе тың тыңдап еді, ешкімді болжай алмады. Түзге
таман ұзай бергенде «ақсақал» деп ақырын ғана үн берген соң
тағы да аялдады.
– Ақсақал, бұл менмін ғой, жылқышымын. – Өзіне әбден
тақалғанда ғана жыға таныды. – Әлгі тапсырмаңызды орындап
едім...
143
– Қоя тұр, – деді бай сасқалақтап, – әзірше сенде болсын.
– Мұның маған түкке де қажеті жоқ, Омеке. Мә алыңыз.
– Жо-жоқ қоя тұр, шырағым.
– Қайда қоя тұрамын. – Қолы дірілден шүберекке ораған
түйіншекті иесіне қарап тықпалай берді. – Алып кел дедіңіз,
міне, тапсырмаңызды адал орындадым. Жылқылар ұзап кетер
қайтайын, ақсақал.
– Мұны қоятын жер қазір менде жоқ, жарығым Бати.
Ертең үйдің астан-кестеңін шығарғанда бәрібір тауып алады.
Мойныңа алған іс екен, біржола тындыр. Арғы бетке асар асуда
бетше бұғының суретін салған шұбар тас бар, соның шырғанақ
өскен үңгіріне тығып таста, еңбегіңді жемеспін.
– Тық десеңіз тығайын, ақсақал, бірақ бір тиыныңызды
алмаймын. Егер еңбегімді сатсам, жылқыңыздың тура қақ
жартысы менікі еді.
– Білем, білем, жарығым, – деді бай дірілдеп. Әлде
тоңазығаны, әлде қорыққаны ма...
– Ал, сау болыңыз, – деп қараңғыға сіңіп жоқ болды Бати.
«Бүгінде бәрі мықты, шетінен шешен болып шыға келді-ау.
Күбірлей сөйлеп дәрет алды да, сол жақ кеудесін уқалап
үйге қайта беттеді.
Қызылегіз өңірінде тағы бір таң атты. Бұл бұрынды-соңды
қалың сыбан, матай, малтыкөл руы көрмеген ерекше таң еді.
«Жеті атасынан бері түкірігі жерге түспей, ақтылы қой, мың-
ғырған жылқы, маңғыстаған түйесінде есен жоқ, кердеңдеген
Кенжениннің Омары жер аударылып, мал-мүлкі ел-жұртқа
бөлініп беріледі екен; бір атты бір сомға сатып алуға болады
екен; қалы кілем, ыдыс-аяқ, үй жиһаздарын қылдай етіп таратып
береді екен», деген хабар еңбектеген жас, еңкейген кәріні дүр
сілкінткендей болды. Ел болған соң «сол керек, сауап болды»
деп табалағандар да, «обал болды-ау, зәруершілдік көрмеген
кісіге қиын тиеді-ау» деп жаны ашығандар да табылды. Күн
шықпай ойдан-қырдан аттылы, жаяулы ел қарағұрым болып
қаптады дерсің. Көбін әуестік жеңдеп, есік-терезеден сығалап
аңдығаны Омардың үй-іші, баққаны өсек-аяң, алып қашты сөз
болды. Әсіресе, Оспан төре аса қатулы еді, келген елді қойдай
иіріп, тәртіпке шақырып, басалқы болып жүрген жалғыз өзі.
Былғары пенжакты жігіт Омар үйінен әзірге шыға қойған жоқ.
Түні бойы ызім-қайым жоғалған Оспанның таң құланиектене
қайдан салаң ете түскенін жан адам білмеді.
144
Осы кезде өң-түстен айрылған Бати да келді шапқылап.
Астындағы құлақасқа ақ көбігі шығып терлеген, танауы пырыл-
дап, екі өкпесі солқылдап ентіге демалады. Аттан қарғып түсіп,
Омардың үйіне тура беттеп, оны жолдан Оспан бөгеп қалды.
– Қайда асықтың, батыр-еке, жау қуды ма?
– Боз айғырдың үйірінен айрылып қалдым.
– Бекер! – деп шәңк етті Оспан. Қолы сумаң етіп тапанша-
сына таяп барып қалды. Әдеті осы.
– Жердің жарығына түсіп кетті ме, көкке ұшып кетті ме
білмеймін. Із-түзсіз жоқ, кеше кешке дін аман еді.
– Өзің, өзің құрттың! – деп айғайлады Оспан. – Өзіңнен
басқа ешкім емес.
Даладағы шаң-шұң дауысты естіп, өкіл жігіт және Омарлар
тобы шықты. Байды көрген Бати ұмтыла түсті:
– Қара басты, Омеке, қара басты мені. Он бес жыл шашау
шығармаған жылқыдан жалғыз-ақ түнде айрылып қалдым.
– Қаншасы жоқ? – деді Омар немкеттілеу.
– Боз айғырдың үйірі.
– Табылар, қайда кетер дейсің, – деп киіз үйге қайта бұрыла
беріп еді, оны Оспан тоқтатты:
– Ым-жымдарың бір, ұры өздеріңсіңдер. Кеше анау
көктастың түбінде шүңкілдесіп отырғандарында-ақ ішім бір
палені сезген еді.
– Әй, Оспан, күнәға батырма нақақтан-нақақ. Өз малымды
өзім ұрлап не басыма күн туды. Егер ондай теріс ниетім болса
ала жаздай етегіме намаз оқығаным жоқ, қыл құйрық қалдырмай
көзін құртар едім.
– Сен кәрі иттің қулығына найза бойламайды Әттең, бар билік
менің қолымда емес, егер менің қолымда болса, шыныңды шың-
ғыртып тұрып айттырар едім.
– Әй, Оспан! – деп саңқ етіп қалды Бати. – Үлкен кісіге
тигізбе тіліңді.
– Қашаннан бері Омардың жетелеген тазы иті бола қалып
едің.
– Қора күзетіп, көрінгенге абалар иттік сеннен қалған қу
соқыр. Маған күлер артың жоқ! – деді Бати тілін тартпай. Тірі
жаннан қорқу-үркуді білмейтін момын да қайсар жігіт қапелім-
де «атайын да құртайын» деп бажылдап, әдетінше тапаншасына
жармасқан Оспаннан сескенді. Тапаншасы шошайып өзіне
145
көзделгенде де саспаған қалпы, мамырлай басып қарсы жүрді.
Не шүріппені басарын, не болмаса тұра қашарын білмей
сасқалақтаған Оспан жалғыз көзі жыпылықтап, көткеншегі бар
аттай шегіншектегенін өзі де байқамады білем. Былғары киген
жігіт қолынан қаруын жұлып алғанда ғана әзірде жұтып қойған
тілін әрең тауып алғандай быдықтап:
– Сеніңде сырың белгілі, – деді бастығына.
– Сенен келген зауалды көріп алдым. Бір емес, екі емес
қоразданып болмадың ғой. Аудандық комитеттің рұқсатынсыз,
сотсыз, прокурорсыз кісі атуға праваң жоқ, қайтқанша саған
қару ұстатуға болмайды екен. Егескен адамның бәрін қыра
берсең адам қалмас.
– Ал қойдық. Сіздікі жөн. Менен бір қателік кетті. Жаздық,
жаңылдық. Енді қайтейін, тілі мірдің оғындай.
– Жігітім, – деді Батиға, – сенікі де жөн дей алмаймын. Кон-
фискелеу комиссиясының мүшелеріне тіл тигізуге, қол жұм-
сауға қақыңыз жоқ, ол үшін жауапқа тартыласыз.
– Әзірше менің өз құқым өзімде. Намысыма шапқанның
қай-қайсысымен де қарсыласып өлемін.
– Жә, жігіттер, – деді Омар оң қолын көтеріп. Баяғысы
есіне түсті ме, аспандай қарап, абыздана шіреніп басу айтты.
– Жоғалған мал жоғалды. Несіне кеңірдектесесіңдер. Ендігі
барына қуат берсін деп бастаңдар. Едіреңдеп келіп қалған екен,
мынау елді көп күттірмеңдер енді.
Жиналған топ Омарға аңтарыла қарады.
Мысқылды сөздің астарын кейбіреулер ұқты, кейбіреу
ұқпады. Ұқпағандары «есіл ерім-ай» деп қимас көңілмен
көздеріне жас алды. Өкпеге қиса да, өлімге қимайтындай...
– Омекең бұрынғыдай емес жүдеп қалған екен.
– Мал ашуы – жан ашуы емес пе.
– Қаладағы ұлы үлкен төре деуші еді, неғып рұқсатын берді
екен.
– Ой, оның өзі де түрмеге қамалған көрінеді.
– Анау тері жарғақ кигені бастықтары білем.
– Оспаның да осал емес, одыраңдауын қарашы.
– Малды түгел бөліске салар ма екен, мініс атын қалдыратын
шығар.
– Мойынсеріктің соқасына жегетін көлік жоқ еді, жақсы
болды-ау.
146
Қоғамдаса иіріліп, екеу-үшеуден сыбырласқан халықтың
осы тақылетті әңгімесін өкіл жігіттің:
– Ал, бастайық! – деп саңқ еткен үні жымдай қылды.
– Әй, Бати, сен жылқыны қайырып тұр. Бес-алты жігіт
ұстап бұғалықтап маған жетелеп әкеле берсін.
Ертіп келген милиционер жігіттің бірі теректен ойып
жасаған дәу келіні домалатып келді де төңкерді. Енді былғары
киген бастық сол келінің үстіне шығып тұрды. Сұмдықты
көргісі келмеген Омар үйіне қайта кіріп, ал кебістің басын іле
шыққан Рахия бәйбіше айызы қанғандай рақаттана күлімсіреп
жақындаған. Отау үйлерінен Омардың егіз қызы да үркектей
шығып еді. Шешесін жанасалай, қолын оңды-солды сермеп
саңқылдаған келбетті жігітке көздерінің астымен қарай береді.
Бұл іспен Оспан айналыспады. Ол екінші бір жақта Долдаштың
малын тырқыратып қуып әуре.
– Әй, нәшәндік, – деді Долдаш сақ-сақ етіп. – Менің малым
кәмпіскеге жатпайды. Барлығын қосқанда жүз қаралы, адал
малым, жалшы да, жылқышы да ұстағаным жоқ, өз еңбегім – өз
несібем, айт анауыңа. Талапайын доғарсын.
– Конфиске – ортақ, – деді өкіл. – Кімнің бағып-қаққанын
бұл жерде тергеп жатпаймыз. Малыңыз ортаға түсу керек.
– Кұдай-ау, жүзге де толмайды дедім ғой. Мен орта ша-
руамын.
– Болмайды, ағасы, қандай шаруа болсаңыз да, малыңыз
қазынаныкі. Мына тұрған артель мүшелеріне арзан бағамен
сатамыз.
– Бұларың зорлық.
– Сіздің елге істегеніңіз зомбылық емес пе? Қаншама
адамның маңдай тер, табан етін жедіңіз.
– Әй, нәшәндік, босқа күйдірме, білдің бе, бір лағымды
қаңыртқан болсам, сұра мына жұрттан, құдайшышығын
айтсын. Егер сен ойлағандай шіріген бай болсам, тінті үйімді,
жалба-жұлба сырмақ пен жалғыз сабадан өзге дүние тапсаң,
«түу қара бет!» деп бетіме түкір. Бұтыма кигенім тері шалбар,
кеудемде сырған шапан, кедейден қай жерім артық.
– Байғұс, жарғақ құлағы жастыққа тимей мал соңында
жүріп тойып тамақ ішпегені, бүтін киім кимегені рас, – деді
таяғына сүйенген жалбағай тұмақты арса-арса шал.
– Оған біз кінәлі емеспіз, өзінің қараулығы. Конфискеден
босата алмаймын! – деп кесіп айтты өкіл.
14
– Қатал екен, – деді Гүлия көзі жаудырап.
– Қатал болса да әдемі, – деді Дүрия сүйсініп. Сонымен
Омар мен Долдашты тәргілеу екі жерде жүріп жатты. Алдына
ойнақтатып алып келген жылқыны: «Бес сом, он сом, он бес
сом қане кім алады, артық баға қосатындар бар ма?», – деп
дауыстап жамбасына шыжғырып таңба басып жөнелтіп жатты.
Не бір үстінен су төгілмес жорғалар, жаясы жайындай құлынды
биелерді арзан бағаға алып, мәз болып жетелеп бет-бетіне тарап
жатқан жаяулар ойда-жоқта олжаға кенеліп, «айналайын Совет
өкіметі» деп алып барады.
Күн түстен ауғанда Омардың бар малы таусылып, ең соңында
ақсақ құлынын ерткен жирен бие қалды. Дәл осы тұста «аға-
тайлап» жүгірген Гүлия өкіл жігіттің алдына барған.
– Ағатай-ай, ақсақ құлынға тимеңізші. Менікі еді, қалды-
рыңызшы! – деп зар еңіреді. Алғашында сасыңқырап қалған
жігіт аяқ астынан шыға келген қыздың сұлулығына көзі
карыққандай сілейіп тұрып қалған. Кеше түнде көрген қызға
қаншалықты ұқсағанымен, ол емес, одан гөрі шашы әлдеқайда
ұзын, әлдеқайда көрікті екеніне көзі жетті. «Апыр-ау, мұндайда
періште адам жаратылады екен-ау. Омар байдың жылқысы ғана
емес, қыздары да керемет екен» деп шын көңілімен ризалыққа
кенелді.
– Ағатай-ай, аясаңызшы, ақсақ құлын менікі еді, менікі
еді... –өрімталдай жас қыздың шырқыраған даусын жаңа ғана
естігендей, «ал, айналайын, ала ғой» деді бәйек болып.
– Бати аға, құлынды алып қалыңызшы, – деді енді жылқы-
шыға жалынып.
– Өзі жарымжан, енесінен айрылған соң қалай күн көреді,
қалқам.
– Енесімен алсын, – деді былғары киген жігіт үлкен бір
тәуекелді мәрттікпен. Ол өзін осыншама бос, боркемік санап
көрген жоқ еді. Азамат соғысының от-жалынында шыңдалған,
талай-талай қан сасыған қырғынды көрген, атқан, атысқан, сан
рет ауыр жараланған, оң жақ шекесіндегі тағалы ат тепкендей
тыртық сол сойқанды жылдардан қалған белгі. Бірақ, оның
бәрі түк емес екен, әлемдегі ең сұлу қыздың жас кемтар
құлынды аяп, зар еңіреп, зар жұтқан мұңлы да көркем келбеті
көз алдында мәңгілікке қатып қалғандай, «ағатайлаған» үні
құлағында бақилыққа сіңіп қалғандай дел-сал күй кешті.
148
– Есімің кім, қарағым? – деді.
– Гүлия.
– Тотыдай екенсің, қарындасым, бағың ашылсын.
– Рақмет, ағатай. Жақсылығыңызды ұмытпаспыз. Қатал
екен деп ғайбат сөз айтып едім, қайтып алдым.
– Қатал емес едік, қатал болдық, – деді күліп. – Артық
кеткен жерім болса айып етпессің, бәрі де жұмыс бабы, заман
талабы.
– Түсінем ғой, ағасы, түсінем.
Шойнаңдап басқан ай маңдай құлын Гүлияны танып
оқырана иіскеледі. Қыз кеңсірігінен сипап, жал-құйрығына
жабысқан ошағанды жұлып алып тастап тұр. «Жарасады екен,
– деп ойлады өкіл жігіт қызыға қарап. – Екеуі де табиғаттың
еркесі ғой. Оспанның мені қаралауына тағы бір себеп табылды.
Не болса да көріп алдым, қайтейін».
Оспан мен Долдаштың айғайласқан дауысы әдемі әсеріне
қасақана тас лақтырғандай болды.
Тәргілеу енді Омардың ордасына ауысты. Бай бұған да
қарсылық жасаған жоқ, тек Рахия ғана қалы кілем, торғын-
торқамен тыстаған көрпе-жастық, күмістеген ер-тоқымдарды
бір-бірлеп шығарып тізімдей бастағанда жан дауысы шыға
жылады. Өзінің иіс-қоңысы сіңген, тірнектеп жиған-тергенін
тал түсте талапайлап жатқаны тоқшылықтың майында үйректей
жүзген, қаздай қалқыған бәйбіше үшін ақырзамандай азалы
көрінді. Қолынан келер дәрмені жоқ, әр затқа бір жабысып,
шашын жайып, бетін тырнап қарғап-сілеп жұр.
«Осымыз артық емес пе өзі? – деп ойлады былғарылы жігіт.
– Кейбір байларға үш-төрт рет жүргізілген конфиске Омарға
жалғыз рет келіп отыр, оның өзінде кешіріммен қарап, құлынды
биесін қайтарды, әйелі мен екі қызының бас бостандығын
берді, осы қылығы үшін аудан алдында жауап берерін біледі.
Мен де адаммын ғой, ет жүрегім, азаматтық борышым бар,
шаш ал десе бас алатын әпербақандыққа ұлы көсемнің өзі
де үзілді-кесілді қарсы болатын. Орыс интеллигенциясы мен
офицерлерінің қаншасына кешіріммен қарап, сенім артты».
Милиционер жігіт үйдегі сарыала сандықты ақтарып алтын
табақ, асыл тасты алқа-жүзіктерді ботырата шығарып жатқанда
осындай ойда тұрған еді. Көз алдындағы жарқыраған байлыққа
назар аударып, мүлік-дүние екен деп алымсымбаған.
149
– «Алтын-күміс тас екен, арпа-бидай ас екен» деп бұрын-
ғылар бекер айтпаған, – деген Омардың даусы қияңдап кеткен
қиялын атып түсірген-ді.
– Не дедіңіз?
– Баяғыда осы малтыкөл елінде Құлаша атты дәруіш шал
бар еді, сол жарықтық өлгенінше аузынан тастамайтын ән бар
еді, Асасын сермеп:
Сіздің ауыл Ақшиде,
Біз жолаушы бұл үйде,
Кімге жолдас болады,
Опасы жоқ сұм дүние,
Аспанның асты қуыс, дүние – боқ.
Ер жігітке қайда барса таң атар, – деп өлеңдетіп, қара жолды
шаңдатып жортып бара жататын. Соның жел қуған қаңбақтай
күйіне күлуші едім, енді міне, шырағым, қызығып отырғаным.
– Дұрыс айтқан, – деді өкіл жігіт. – Терең шал екен, тірі
ме?
– Өлген, – деді Омар күрсініп. – Өлген, бірақ күні кешегідей
тірі, оның тереңдігі де осында шығар.
– Мен сізге қайран қаламын, – деді жігіт байдың жанына
жүрелей отырып, – осыншама мол байлықты тәргілеп, суыртпақ
жібіңізге дейін тізімге іліндіргенде қабағыңызды шытпадың-
ыз. Адам нанғысыз салқын қандылық қайдан жұққан?
– Құлашадан, – деді Омар. Содан соң: – Әй, бәйбіше, әкел
жаңа өлгендей өз шашыңды өзің жұлғанша сусын бер, жігіттер
шөлдеген шығар. Қымыз құйған саба кәмпіскелене қойған
жоқ қой әйтеуір. Қорына дейін қопарып, сарқып құйып әкел.
Енді бұл ауылда желі тартылып бие сауылмас, армансыз бір
ішейікші жарықтықты.
Рахия бәйбіше отыз жылдан астам отасқан күйеуінің, ең
ақырғы тапсырмасын қалтқысыз орындады. Бағанағыдай
емес жылау-сықтауды азайтып, көндімге көшкендей. Ол ер-
теңгі қалаға тартар жол қамына кесірі тимес үшін жасаған
қулықсымағы еді.
– Долдаш байғұстың дауысы қаттырақ шыға берді-ау, –
деді Омар қымызды сыңғыта ішіп. – Соқырдың қолына түспе,
саңыраудың астына түспе деген сол... Өзі де бір малын екеу
етем деп өз жанын өзі жеген соры ашылмаған бейшара еді,
Оспанға бұйыруын қарашы! Қаққанда қанын, соққаңда сөлін
алып жатқан шығар.
150
– Оспан да заңнан аспас, ақсақал.
– Әй қайдам, бала кезінде елге қыдырып келген адам болса,
атының айылын түгел босатып қоятын, не болмаса аттарының
құйрығына байқатпай түбі түскен шелек, қауға, қатып қалған
тері байлап ауылды алатайдай бүлдіретін қусоққанның нағыз
өзі еді. Теңдік тек өзіне ғана тигендей тепсініп-ақ жүр. Алғаш
селсәбет болғанда үш күн аттан түспей теңселгені әлі есімде.
Былғары киімді жігіт үндеген жоқ. Құптап не құптамағаны
белгісіз бейжайлықпен шаңыраққа қарады. «Биік екен, – деді
ішінен. – Бұзуы да қиынға түсер». Мұндай әшекейленген киіз
үйді тек есейіп, революция ісіне араласқанда ғана көрді. Өзі
Семей қаласындағы жүкші қазақтың семыясында дүниеге
келді де, Ертіс бойын жағалай қоныстанған қалың жатақ
ауылында өсті. Әкесі Көкпекті жағындағы бір болыстың ұлын
таяққа жығып, қашып келген сіңірі шыққан кедей әрі момын
кісі еді. Пароходқа жүк тиеп жүріп суға кетіп өлді. Жастайынан
жетім қалған бала татар көпесіне жалға тұрған. Сол саудагер
татар Рахия бәйбішенің әкесі екенін білген жоқ. Күйеуге тым
ерте тиіп кеткен, тіпті көрмеген де еді. Ал Омардың анда-санда
қатынап жүретінін көзі шалғаны бар, кешеден бері сұрайын деп
қанша оқталса да реті болмаған соң, өткен-кеткенді казбалап
қайтемін деп жабулы қазанды жабуымен қалдырған. Енді, міне,
есіне еріксіз тағы оралды.
– Ақсақал, – деді малдас құрып, ең соңғы тізімге алынбай
қалған от киіздің үстінде отырған шалға: – Семей шаһарындағы
саудагер, әрі имам болған Ғабдолламен жекжаттығыңыз жоқ
па? Сол үйден көрген кісім секілдісіз?
– Ол шал – қайынатам. Мен де сені шырамытып, кешеден
бері сұраудың ретін таппай отыр едім.
– Мен ол үйде екі жылдай жалдап тұрдым. Сауатымды сол
үйден ашқанмын.
– Ескіше, жаңаша ағып тұрған адам еді-ау. Қартайып барып,
Құдайдың ажалынан өлді. Ұлдары да осал емес.
– Иә, шежіре кісі болатын.
– Біздің бәйбішенің қалаға кетем-кетем деп қиғылық салып
отырғаны да сол бауырларына арқа сүйегені ғой.
– Ол кісінің қайтыс болғанын естімеген едім, иманды
болсын, – деді өкіл жігіт.
151
Сол жақ іргедегі керіскедей болып жиналған жүкті тізімдеп
болып, қозының жүнінен жұмсақтап басқан ақ киізге келгенде
Омар орнынан тұрды.
– Әй, шырағым, – деді милиционерге. – Оған тиме. Өлгенде
астыма төсесін деп әдейі бастырған ақырет киіз ғой. Оның
сендерге керегі болмас. Бұл үйден маған қалдырған жалғыз
нәрселерің сол болғай. Тастап кетіңдер.
– Қалдырыңдар, – деді былғары киген жігіт. – Тағы да
қандай өтінішіңіз бар?
– Ғұмырым аз қалды ма, көп қалды ма білмеймін, шырағым.
Әйтеуір атар таңым, көрер қызығым алдымда емес, артымда
қалғанын сеземін. Адамның өмірі ақша қарға басқан ізің іспетті.
Бүгін бар, ертең жоқ – күн қыза еріп кетеді екен. Саған ризамын,
шырақ, қорқытып, үркітіп, бас-көзге сабалап берекемізді алсаң
да – шыдар едік. Сен өйтпедің. Ойлап келсем, кемпірімнің
кешегі сөзі ақыл екен. Өзімді итжеккенге айдасаң да еріктерің.
– Сізді Ақтөбе жағына жер аударар, ал Долдаш ініңіз әлі
жас, оны Беломор-Канал деген құрылысқа жөнелтетін шығар,
– деп Омардың сөзін бөлді.
– Мейлі, мені қойшы, қарадан хан болған Хан Қисық та бұл
дүниеден өткен, байлықты баз кешкен Көкебай да итше ұлып
қалды. Өтінерім, анау екі қызым мен бәйбішеге ертең өзің
қайырып беріп отырған жирен биеге пәуеске жегіп, Гүлияның
ақсақ құлынын ертіп қалаға аттандыру ғана. Рұқсатыңды
бер, мен үшін күймесін, жаңа заман десе жандары қалмайды
қарақтарымның. Сүйген жігіттері де батырақ, осы ауылдың
арыстандай азаматтары.
Өкіл жігіттің көзі тұманданып айықты. Бір-бірінен өтетін
ай мен күндей жарасқан егіз аруды танымайтын, өмірі көрмеген
жігіттерден қызғанады. «Қандай қазақтың асығы алшысынан
түсіп тұр екен», – деген іштарлық билеген бойын.
– Ойнағынан айрылған оларға да оңай емес, қиын тиеді
білемін. Барсын, бағы ашылсын, – деді шал.
– Ондай батаны балаңызға бағана мен де бергенмін, – деді
өкіл жігіт. Жүзі сынық, әлденеге өкінгендей ме...
– Бәрекелді, жорытқанда жолың болсын.
– Айтқаныңыз келсін, ақсақал, – деп үйден шығып кетті.
Омар «нені бүлдіріп алдым» дегендей әрі-сәрі күйде отырды да
ақырет киізді шиыршықтап бүктей бастады.
152
Байдан алынған мүлік тай-тай болып буылып іргеде жатты.
Ақшам жамырап, көз байланған екінді уақытта Омар жылқы-
шы жігітті шақырып алып көп сыбырласты.
Шалдың жылы-жылы сөзі, ақылды әңгімесі былғары
киген жігіттің көкейінде әбден қалған. Бақылау, күзет қоймай
күні бойы малмен алысып шаршаған милиционерді қосалқы
үйге қайтарып жіберді де, өзі киізі мен сырмағын сыпырып
алған төрге бір жамбастан, керегеге басын сүйеп мызғып
жатқан-ды. Тіпті, Омардың кіріп-шыққанын санап, ізін бағып
аңдуды көргенсіздік санаған өкіл шын көңлімен сеніп еді. Қыр
қазақтарының қай қулығын әшкерелеп тауысады. Сиырдың
жалбыршақ қарны секілді бұқпа, қалтарысы қисапсыз, бір
жынынан арылтсаң, екінші жыны мүңкіп шығып жатар
мінезіне сыралғы емес, қалада өскен жігіт тіпті тіл тістеп, сан
соға өкінерін, осы осалдығы үшін оңбай таяқ жерін қаперіне
алмады. Сал боп болдырған денесі босап, түшіркене көз ілдіріп
еді. Ұйқы – арсыз, күлкі – қорсыз деген сол...
«Жылы-жылы сөйлесең жылан да інінен шығады» деген
аталы сөз Омар байдыд өмірбойғы ұраны, мойнынан тастамас
тұмары-сынды, тағы бір тығырнақтан арашалап алып қалайын
деп тұр.
Ел орынға отырып, абыр-сабыр басылған соң Батиды
шақырып алған. Біртоға, айтқанынан қайтпайтын еңгезердей
жігіттй аусарлығын ақырғы рет пайдаланып қалуға бел
байлады. Батыр, аңқау, ергүдік жылқышы Омардың басына
түскен ауыртпалыққа қабырғасы қайысып, пенделік ізетпен
жаны ашығандай. Иесінің бұл жолғы тілегін де орындауды
міндетім, қысылғанда қол ұшын берер парызым деп ұқты.
– Бати шырағым, – деді көзі жіпсіп кемсеңдеген бай.
Жігітке Омар жермен-жексен болып, шау болып мүлдем шөгіп
кеткендей аянышты көрінді. Кеудесін қайта-қайта дамылсыз
уқалай береді. Баспа ауруынан тұрғандай үні қарлығыңқырап,
бөтен естіледі. – Маған бұл елде орын жоқ енді. «Өлсең бейітіңе
жеті рет түзге отырар» деп еді Құлаша шал. Сүйегімді орыстың
жерінде де, бергі беті – қазақ даласында қалдырғым келмейді.
Тіріде түтіп жегелі тұрған қазақ көрімде тыныш жатқызар
деймісің, жатқызбас. – Ешкім жоқ па дегендей қауіптеніп, жан-
жағын шолып әңгімесін жалғады. – Неге екенін білмеймін,
екі жұма болды жүрегім шанша береді. Бұрын-соңды аурудың
153
қай ел екенін білмей, көбенденің кеткен шыбын жаным шыдас
берер түрі жоқ. Таңатар дәумен ара ағайын едіңдер, шырағым,
оның да жақсылығы бір кісідей өткен. Ол мені арғы бетте
күтіп отыр. Сен қайдан тапсаң да жүріске мықты ат тап. Ел-
жұрттың алдында арбаға байланып, айдалып кеткенше қашып
құтыламын. Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді деуші еді, арғы
бетке өткізіп жібер, қарағым. Қалағаныңды ал да құтқар мені
мына пәледен.
– Ақсақал, маған түгіңіздің керегі жоқ деп айтпадым ба
кеше. Бар байлығым – бас бостандығым. Сізді ғана емес,
тамам жылқыдан айрылған соң өзім қоса тәргіленгендеймін.
Жануарларды үйірлеп бағып, шұрқырата қайырудан үлкен
ләззат, дәтке қуат алғандай болушы едім, енді міне, құрыққа
мініп, қу бас мүжіп қалғанымыз. Жаңадан құрылып жатқан
артельдің он шақты малы өздерінен де артылмайды, маған
сеніп тапсырар дейсіз бе. Төрт түліктің быт-шытын шығармай-
ақ жайып жүре берсем, керегін бір-бірлеп санап алмас па еді.
Әкетті әне, бір-бір теңгеге сатып алып, ертең-ақ сойғанын
сойып, сатқанын сатып, көзін құртады. Содан соң талап алар
бай, таласып мінер қыл құйрығы жоқ шойын жолды кеміре
ме? Мен, ақсақал, осы жайға қанық емеспін. Нәумез болып
жүргенім де сол. Маған (даусы қаттырақ шығып кетті) бағатын
мал керек, ақсақал, мал!
– Көңіл жүйрік, алыстан ойлайтын зерек екенсің, балам.
Менің де, Еркінімнің де шыж-пыж болып жүргені осы ғой. Сен
қуаттап отырсың, әттең енді бес-алты жылдан соң битін сығып,
қанын жалап аш-жалаңаш отырғандарын қайта айналып келіп
көрер ме едім.
– Табалар ма едіңіз?
– Жоқ, табаламас едім. Өз елім, өз жұртым ғой, мүсіркеп аяр
едім. Аяп тұрып айтар едім: ата жауың мен ғана едім, малым
емес еді, деп... Сонымен ат табатын болсаң қазір аттанып
кетейік.
– Ат табу қолдан келер. Өзіңіздің бозжорғаңызды әкеліп
алдыңызға тартамын.
– Күзет жоқ па? Көзге түсіп қалып жүрмейік. Бұлардың
ішіндегі ең сағы Оспан соқыр.
– Ол жым-жылас, кештен бері көре алмадым.
– Әй, сол иттің жүрісі бекер емес, мен үй-ішіммен қоштаса
берейін, сен тез орал, күтемін.
154
Жылқышыны былайырақ шығарып салып, қыздарының
отау үйіне кіріп еді, бәйбішесі де осында екен. Су тиген
торғайдай әр бұрышта бүрісіп, кетеуі кете сүртиіп отыр. Әкесі
келгенде Гүлия мен Дүрия именіп, ысырылып орын бергендей
болды. Рахия қабағын ашпаған қалпы ертеңгі жол қамына
дайындалғаны ма, теріс қарап түйіншектерін түйе берген.
– Мен сендермен қоштасқалы келдім. – Омар мәймөңкеле-
мей турасын бірақ айтты. Ешкім үндеген жоқ. – Жаман-жақсы
болсын отыз жылдан аса бірге өмір сүрдік, бәйбіше, үш
баланың анасысың. Бәрімізде екі аяқты пендеміз, қателескен,
қатты кеткен кезім болса кеш. Сенің көп-көп қылығыңды мен
де кешіргенмін...
Екі қыз сыңсып жылады.
Рахия басын көтеріп, шалының бетіне тура қарады.
– Жүріп өткен отыз жылғы жол екіге айрылайын деп тұр
ғой, әйелдікпен жасаған кателігім болса арғы бетке де, арғы
дүниеге де ала кетпе өзіңмен. Адамға ақыл алпыс жасында
келеді деуші еді, сенің арқаңда тайраңдадық, тайпалған жорға
міндік, майды майға құйдық. Дәл осылай қоштасам деген үш
ұйықтасам ойымда болды ма? Қайтейін...
Бәйбіше жібек орамалымен бетін басып жылады, өксігі
қаттырақ шыға бастаған соң Омар басу айтып, маңдайларынан
алма-кезек сүйді.
– Әкеден тірідей айрылу, әрине, қиын екенін білемін, айна-
лайындар. Қанаттыға қақтырып, тұмсықтыға шоқыттырмай,
он сегізге толтырдым. Көл жағалай біткен көкшіл құрақтай қос
қарағым, қош болыңдар енді, шыбын жаным сендердің жолыңа
сауға еді, қал-қадірім қалмады. Ендігі медет сендердің аман-
дықтарыңды екі дүниеден бірдей Алладан тілеп өту ғана. Ертең
Оспан соқыр алдына салып айдап бара жатса, әкелерің үшін
тірідей көрге кемілу емес пе, ал мен екі рет өлгім келмейді.
Қарқарадай қасқайып етінен ет кесіп алсаң қан шықпайтын
Омардың мол пішілген ақшыл беті жыбырлап, иегі кемсеңдеді.
Алғаш рет, әлде мүмкін ақырғы рет, көңілі босап, сақалы
тұштаңдап көзіне жас алды. Күйеуінің қарағайдың қарсы
біткен бұтағындай қайсарлығы мен туған әкесін оққа байлап
беруден тайынбайтын ежелден білетін Рахия бәйбіше шошына
ұмтылып жанына барды.
155
– Әй, Омеке, босама балаларды шошытып. Саздауға біткен
сапы ағаш едің ғой, не көрінді әйелдер құсап. – Қыздары да
ұлардай шулап, әкелеп келіп мойнына оралып еді, Омар еңсесін
тез көтеріп, көзінің жасын тыйды.
– Өлетініме көрінген шығар, – деді ауыр күрсініп.
– Жаман сөз айтпа, әтиі, айтпа, әкесі. Ер емес пе едің, бек
мықты болуың керек. Жаның тірі болса бір хабарыңды берерсің.
Еркінге не сәлем айтайын?
– Арғы беттен тосамын деп айтты де. Оның да құйрығына
шала байланған-ау, жым-жырт жатып алды. Тек аман болғай,
ауырады деп еді. Бұл бір біздің тұқымда болмаған сергелдең
уақытқа тап келдік қой. Алланың әмірі шығар, сене алмай,
сендіруге жан таба алмай аттанып барамын. Адамға дәйім
жақсылық қайдан дарысын...
Осы мезетте ергенек ашылып, үйге Бати кірді. Бәрі үрке
қарап қалған. Омар ғана орнынан үш ұмтылып әрең тұрып,
желбегей жамылған ішігін киіп, белін буа бастады.
– Ат дайын, ақсақал, – деді жігіт есік көзінен озбай. –
Аттанайық.
– Ендеше мен де әзірмін, азаматым. – Бәйбішесі мен
қыздары жапатармағай тұрып Омарға жабысты. Олармен
бір-бірлеп құшақтасып, беттерінен сүйіп қоштасты. Бойына
алабөтен ширақтық біткендей сергек.
– Мына жігіттің аты – Бати, – деді сонан соң, – естеріңде
болсын, әкем жасамаған жақсылық жасады. Өтеуін сендер
өтемесеңдер менің қолымнан келетін емес. Ал, Алла тағала
жар болсын. Қаладағы қайын-жұрттың өлісіне иман, тірісіне
сәлем айтыңдар. – Артына қайтып қайырылмастан сарт-
сұрт шыға жөнелді. Отау үйде ботадай боздап қыздары мен
бәйбішесі қалды.
Түн айсыз, аспан бұлтты – қараңғы еді. Құлақ етіңді жеп
ызыңдай соққан сайқал жел ғана дүниенің билігін өз қолына
алғандай ырбаңдап, қойны-қоншыңа кіреді. Бөтен дыбыс
жоқ, әлдебір алып күш кеудесінде жаны бардың барлығын
тұншықтырып тастағандай. Жер-ошақтың оты сөнген, су
құйып өз қолдарымен өшірген... желден қорыққаны болар; бай
үйінің оты таңнан бері жағылған жоқ, жағылмайды да... Өз
отын өзі өшірген...
156
Жылқышы жігіт алдына кесекөлденеңдей тартқан бозжор-
ғаның ер-тұрманы сайлы екен. Ұстап, тексеріп көріп еді, айылы
мықты, құйысқан берік, риза болды. «Адал жігіт. Азапты көп
тартарсың» деді ішінен. Бұдан соң, қолтығына қыса келген ақ
киізді үш бүктеп астына салды, «біссімілла» деп атқа қонды.
Ауыл шетіне дейін өгізаяңмен барды да, әудем жер қашықтаған
соң аттарына қамшы басты. Қашып барады... Қайда? Біраз
сілтеп алған соң, Омар тізгінін тартып, артына қарады.
– Мен қашып бара жатқаным жоқ, туған жер! – деді
дауыстап. – Сендер қуып барасыңдар. Ата-баба жерінен екі
құлаш көр бұйырмағанына өкінем, қош! «Бозжорға, жорғаңа
бас, алдыңда ел жоқ», – деп әндете айқайлап, тақымын қысып
қалды. Үзеңгілес келе жатқан Бати ақсақал есінен ауысып кетті
ме деп шошыған.
Екі жолаушы таң атқанша суыт жүріп, жер бетіне жарық
түсе асудың етегіне ілінді. Аттары ұзақ та қатты жүріске
шыдамай, сауырынға қаспақ қатып, кібіртіктей бастаған.
Бати «Көлік болдырып қалды, аздап шалдырып алайық»,
– деп еді, «Не болса да жиһаз жасырған бұғылы тасқа жетіп
жығылайық», – деп көнбеді бай. Артта қуғыншы жоғына да
сене алмаған; әсіресе, тіміскілеп жеті қат жердің астындағыны
сезетін Оспаннан қауіптеніп келеді.
Өлдім-талдым дегенде бұғылы тасқа жетті. Жол сыпыра
қияға айналып, тау биіктеген сайын жүріс өнбеген. Бұл бір
жер науаны, қуыс-қуысы, жасырынбақ тасы, ұры сайы мол
Тарбағатай сілемінің шұрайлы пұшпағы-тын. Тарбағатай
жоталарының әсіресе жоталанып, шоқтығы өскен, еңсесі
көтерілген шырқау тұсы осы. Арғы бет тепсеңге ұласып
кетер малға жайлы, қонысы кең – жерұйық деп көп естіген.
Сол сөздің растығын құптағандай, алдарынан сойдақ-сойдақ
қарағай-шыршалар шығып, бұта-қараған ептеп жапырағынан
айрылып сидаңдаған терек, ақ балтырлы қайыңдар ұшыраса
бастады. Алыстан қарағанда әлгі қарағай-шыршалары асудан
асып түсіп келе жатқан сап түзеген солдаттар сынды. Қос
жолаушы бұғының суреті қашалған тасқа тарбаяқтап жаяу
көтерілді. Аттар етектегі ағашқа байланып, қурай басын
шалуға тұмсықтары жетпей, жер тартып тықыршыды. Омар
қартайып қалғанына дәл осы қияға өрмелегенде көзі жеткендей
еді. Ентігіп, үлпершек майы аузына тығылып, алқына демалып
15
әрең шықты. Маңдайынан сорғалаған терді жеңімен сүртіп
әуре болды. Жылқышы жігіт сезгенде жоқ, алқынбады да,
біз қайда келдік осы дегендей жан-жағын шолып тұр. Қырат-
ойпаттың барлығын қырау қабыршықтары басқан, жұқалаң қар
жауып қалғандай ағарып сұлу көрінеді. Желдің беті қайтқанмен
ауада ызғар бар. Қараңдаған адамды қарғалар қарқылдап, тым
жақыннан сауысқан шықылықтайды. Бұта-бұтаны қорғалап
бүріскен торғайлар әлсіз шырылдап, тағатсыз ұшып-қонып жем
іздейді бейшаралар. Айнала суық – өлім құшағына кіргендей
бой ұрғандай суық тартады. Осынау қарап тұрып жалғызсырап
жылағың келер тау көрінісі сананың саздау тартқан нәзік қылын
шертіп, өгейсітеді екен. Жүрегінің мұң шалып, күннің нұры,
айдың сәулесін сағынасың. Бұл жер Батиға таныс, жылқы қарап
сан рет келген. Ол шақта осындай жат көңілмен жатырқап
қарамаған-ды. Көзге жыл ұшырап көрінетін бетінде бұдыры
жоқ сайын дала, көле жота, бел-белестер әбден көзқашты
қылып келгенде, жүндес таудан сая тапқандай рахаттана дем
алатын. Қазір олай емес, мүлдем жанға жат, тәнге салқын.
Шалға қарап еді, тастың қуысына қол жүгіртіп Бати тыққан
түйіншекті өзі-ақ тауып алып отыр екен. Жасқанып қалмасын
деп жанарын тайдырып әкетті. «Жо-жоқ, бұлармен бірге
туыссаң да қатар өмір сүруге болмайды екен» деп ойлады.
Тағы да көзін дүрбілеп алысқа қараған... Сонау асудың тас
қамалында бір үйір жылқыны енді ғана байқап, таң қалды.
– Ақсақал, – деді қуана дауыстап. Кеше жоғалған боз
айғырдың үйірі, әне, тас қамалда қамаулы тұр.
– Қане, қане? – деп бай орнынан ұшып түрегелді. Бати нұс-
қаған жақа күнсала қадала қарап барып, балаша мәз болды.
– Бұйырған екен жануарлар, жақсы болды, арғы бетке айдап
өтем. Құдай біледі, Оспан-ау ұрлап әкеп жасырған. Науқанның
ыстық-суығы саябырсыған соң иемденіп алмақ қой. Боқты, сен
соқыр итке сымбал да жоқ, өзім айдап өтемін.
– Апыр-ай, – деп жағасын ұстады Бати. – «Қабан шошқа
өлгелі жатса да қорс еткенін қоймайды» деуші еді, қандай дәл
айтылған сөз. Омар түйіншекті қойнына тығып:
– Ал кеттік! – дей беріп, аяқ жағын «алла-алла» деп айтуға
да, айтпауға да шамасы келмей жүрегін басқан күйі тәлтіректей
берді.
158
– Не болды, ақсақал? – деп ұмтылған жігіт сүйеп үлгергенше,
шоғыр-шоғыр тарғылданған тастың үстіне шөккен нардай
шөке құлады. Аспан аунап жерге түскендей, жер аспанға атып
шығып кеткендей астан-кестең болған дүниенің ортасында
қақпақылға айналып, қауырсындай қалқыды. Омар өзі өз
болғалы ес-түсінен айрылып, кескен теректей құлаған жоқ
еді. Төтеден келген, оңдырмай тиген кесел атандай адамды
кірпік қаққанша алып ұрды. Бір ысып, бір суыған қан, баяулап
соққан жүрек, мұздай бастаған аяқ-қол, енді қайтіп икемге
келуі мүмкін емес дене – бәрі-бәрі жарық әлеммен қоштасар
алдында жанталасып сыңар сәт болса да өмір әнін шырқап
қалғысы келгендей, өмір нұрын ақырғы рет таусап қалғысы
келгендей, ей... ей... бәрібір үнсіздік, құлаққа ұрған танадай
тыныштық, мәңгілік толастыққа жетелеген өлім атты суық та
ыстық абзал Ана бірте-бірте жақындай берді; әне қолын созып,
қойнын ашты. Омар жанұшыра ышқынып, шегінгісі, атып
тұрып алды-артына қарамай қашқысы келді-ақ. Амал не, елден
қашсаң да өлімнен қашып құтыла алмайды екенсің, тырп етуге
дәрмені жоқ, суынып барады.
Жылқышы жігіт басын сүйеп, кеудесіне құлағын тосып еді,
көкірегінде сырыл бар екен. Ендігі сәтте сол сырыл біртіндеп
жоғарылап, кеңірдек тұсына өрлей берген; иманын айтып,
кебірсіген ерні жыбырлап қана жатты. «Енді мал болудан
қалды» деп ойлады Бати. Бірақ, Омардың бұл қиналысы оны
қорқыта алмады.
Жалпақ жаһанды белшесінен басып, құр аттай желіп кел-
ген Омар бай өлім сапарына дайын емес еді. Бар ғұмырын
базармен өткізген бақытты адамдардың жарық дүниеден
қайтуы соншалықты қорқынышты боларын Батидың тұңғыш
рет көруі. Егер Омардың орнында өзі болса, дәл осылай
ышқынбасын сезді, сезді де:
– Ақсақал, елге не айтасыз? – деп сұрады.
Омар үндеген жоқ. Көзін ептеп ашып, тілге келді. Өлім-ана
жақындап келіп аңдығандай, мұның жанында аялдап тұрған.
Көзін баяулап ашқанда қайтып туғандай нәрестелік хал кешті.
Күн шығып, тау-тас алтын шуаққа шомылған; жарықтық
аспан өте аласа тартып, тура төбесінен төніп тұр. Баяғыда
заңғар секілді еді-ау. Қош, қошын айтар ақырғы сәтінде жер
бетіндегі барлық заттың қол созым тұсқа жақындау сырын
159
ұға алмады. Шыр етіп осынау жалғанға келгеннен бергі
алпыс бес жыл жасаған күнәсінен ақталғысы, кешірім өтініп
арылғысы келді-ақ, бірақ кеш еді, бәріміз де кешірімді кеш
сұрайтынымыз сықылды... Адам тек жаңа туған кезінде: содан
соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал
сезімнің айдынында жүзе алады екен-ау. Білсекші, бірақ... иә
бірақ... Көктен көзін алмай жатқан Омардың қарашығы қатып
қалған секілді еді, әлгі құрықпен түртер тұстан ғана телміре
төнген аспан шыр айнала бастады. Шалдың тілі жас балаша
былдырлап қайта шықты.
– Дүние өтеріңді шыл айналдың, шыл айналдың... – иегін
қағып, ымдап Батиды шақырды. Қаны қашып, көгере дірілдеген
саусақтарын әрең қимылдатып, соншалықты қорлықпен қолын
қойнына тықты. Кеуде тұсында томпайған түйіншекті ала
алмай көп әуреленген соң, Бати көмектесті.
– Ал, – деді сыбырлап Омар. – Сен ал, келегі болал...
– Жышқышы жігіт басын шайқады. – Бекел алмадың, бекел...
талай өкінелсің...
– Керек емес, – деді Бати. – Енді маған еш нәрсенің керегі
жоқ. Осыған дейін керек еді...
– Құлаша да алмаған, – деп жанарын қайта жұмды. Жанарын
қайта жұмғанда қап-қара түнектің ар жағыннан асасын сермеп,
аяңдай бара жатқан ақ киімді Құлаша дәруішті көрді, айғайлап
шақырғысы келіп еді, үні шықпады. Соңынан ерейі деп
ұмтылып, қозғала алмады. Көзін қайта ашты: сол аспан, сол
күн, сол тау, сол адал да аңқау жылқышы жігіт. «Осылар ғана
мәңгілік шығар, тек осылар...»
– Кең дүние маған тарылды, дауысы баяғыша анық естілген
соң тәуір болып кетер деген үмітпен басын көтере түсті. – Егер
көре қалсаң Еркініме айт, жаққан отымызды сөндірмесін; Алла
тағаладан, сонан соң жамиғи пайғамбарларға шапиғы келтіріп,
әулиелерден медет-мұрап тілеп, ғайып ерен, қырық шілтенге
аманаттарым – жалғыз ұлымның амандығы. Мен қазір өлем, ат
байлаған ақ теректің түбіне терең тепкілеп, көм. Менің осында
жерленгенімді тек Еркінге ғана айтарсың. Ал саған, жарығым,
мың да бір рахмет, жалғыз өзіңнен ғана топырақ бұйыратын
болды. Заман сенікі, бар, бар өзің бармасаң, керегіңді алмасаң,
заман саған келмейді. Соңғы айтарым: жау... мен емес. Ендігі
жау – Оспан, содан сақтаныңдар... р... р...
160
Тілін жұтып қойғандай болды. Қарашығы қатып қалды,
мәңгілікке қатып қалды.
Қарғалар қалбақтап ұшып, сауысқан шықылықтады. Бати
«ақсақал, ақсақал» деп дыбыстады. Амал не, Кенженің ұлы
Омар оның бірін де естіген жоқ. Ол енді ешнәрсе естімейді.
Жақын маңдағы ауылдан күрек тауып әкелген Бати бұл елдің
ең соңғы байын ақтеректің түбіне жерледі. Ақырет киізге орап,
көрге түсіріп, «Қул-қул Алласын» үш қайырып бетін сипады.
Артында қалған ақырғы байлығы – шүберекке түйілген алтын-
күміс ақшасын басына жастап, қабырды топырақпен толтырды.
Бетін дөңестеген жоқ, ел көзіне елеусіз болсын дегені шығар,
қына басқан тастың екеу-үшеуін аунатып әкеліп, үстіне қойып
кетті. Бұл көрден тұрып кетпесін деген қаупі емес еді. Арғы
бет пен бергі беттің екі ортасындағы дүбәрә да елсіз йен жерде
жерленген Омар осылайша өз иманын өзі айтып өлді, жаназасыз
көміліп, мәңгілікке көз жұмды. Мыңғыртып айдаған мал асудың
екі жағында әлдекімдердің қолында қалды шұрқырап.
Тас қорада қамалған боз айғырдың үйірін айдап, Құландыға
бет алған Батидың алдында әлі басталмаған, әлі тапталмаған
ұзақ жол, көсіле құлазып кең дала жатты. Шар жағында шойын
жол салып, жер қопарған дүмпу еміс-еміс естіледі. Қатқақтана
бастаған күзгі даланың қақ тұнған жонарқасы дірілдейді.
Осы күні кешке алғаш рет биылғы жылдың қырбақ қары
жауған. Биыл тым ерте жауды.
Жер-дүние аппақ...
* * *
Өз түсінен өзі шошып оянған былғары киімді жігіттің әуелгі
іздегені Омар болса, жер жұтып, аспанға ұшып кеткендей үйден
де, түзден де таппады. Ұйқыдан көздері домбығып кеткен
милиционерлер білмеген, көрмеген болып шықты. Өкіл жігіт
оңбай алданғанын білді және қуғыншы шығарған жоқ, бекер
боларын сезді. Пәленің үлкені алда, үлкен қателік жібергенін
ойлап іштен тынған.
Ал, Оспан болса мойнына қара тақта ілген Долдашты
сүйрелеп әкеліп, аю атып алғандай әкілене сұрады.
– Омар қайда?
– Қашып кетіпті.
– Қашырып жіберген шығарсыз...
161
Терісіне сыймай ашуланып тұрған бастық айғай салды.
– Қысқарт! Мені тергейтін сен емессің.
– Маған бәрібір, – деді Оспан саспай. – Өзіңіз жауап
берерсіз. Мен мына інісін аман-есен жеткізсем болғаны.
– Жеткіз, – деді өкіл жігіт түнеріп. – Бірақ анау мойнындағы
қара тақтаны алып таста.
– Ал деп бұйырсаңыз алайын. Бұл итке қара тақта
қарғыбаудай жарасып тұр еді.
– Әттең, басым аман оралмайды-ау, – деп тістенді Долдаш
шөкелеп отырған күйі айбаттанып. – Қара басым егер есен-сау
оралса, әуелгі жауым сенсің, сенсің, Оспан. Сендей сұрқиямен
қатар өмір сүріп, жаңа өкіметті жандандырам дегендерде ес
жоқ. Сендей жауызбен қатар өмір сүргенше қарсы қарап тұрып
атысу керек. Сол әлдеқайда жеңіл болар еді.
– Оттапсың. Қайтып оралғаныңша, ешкінің құйрығы –
көкке, түйенікі – жерге жетер.
– Оны бір Құдай біледі. Дүние – кезек. Асқанға бір тосқан
шығар. Әй Мұрат, – деп айқайлады сонадай жерде екі көзі бұлау-
дай жылап тұрған ұлын шақырып. – Әкең арманда кетіп барады.
Егер тірі болып ержетсең, мына соқыр иттен кегімді ал. Бұл
кекті ұлыңның ұлына, қызыңның қызына жеткіз.
– Ха-ха-ха, – деп Оспан екі санын сабалап күлді. – Кек
алатын кісің мына тұрған күшік болса, басына бақанмен бір
салғаннан қалмас. Рас айтасың, сен астың, мен тостым. Енді
міне, шынжырлаулы иттей үріп отырғаның.
Киіз үйден екі қызын ертіп Рахия бәйбіше шықты.
– Міне, осылардан сұрау керек Омардың қайда кеткенін
– деді Оспан, ендігі сәтте үйден шыққан қыздарға алара қарап.
– Егер шындарын айтпаса қосақтап айдап кетеміз, немесе...
– Сұрамасаң да айтайын мен саған. – Бәйбіше ырғала басып
келіп, Долдаштың арқан батқан білегінен ұстады. – Қайным
ағаң айтты: қамықпасын, қашам деп әрекеттенбесін, – деді.
Кенжеден қалған екі ұл едік, біреуіміз арғы бетте жүрсек,
біріміз бергі бетте қалайық, жазасы ауыр емес, үш-төрт жылда
босатар деді. Сендерге айтарым да осы. Омар түнде анау таудан
асып кеткен. Енді оны жалғанда ұстай алмайсыңдар.
– Кіммен қашты, атты қайдан алды? – деп сұрады өкіл.
Бәйбіше жылқышы жігітті ұстап бергісі келмеді.
– Арғы беттен Таңатар құрдасы келіп алып кетті.
162
– Өтірік! – деп ысылдады Оспан. – Дәу шалдың Қытайдан
өтіп келуі мүмкін емес. Құс болып ұшса да үлгере алмайды.
– Таңатар құстан ұшқыр, арыстаннан алғыр. Оның кім
екенін білмеуші ме едің?
Айғай-ұйғай десе елеңдеп тұрар ел жиналып-ақ қалған
екен.
– Ой, одан шығады. Дәу шал Құдай да емес, Құдайдан
былай да емес – деп даурықты.
– Қайным, ант ұрған анасының қойнын ашады деуші еді,
қатты сөйлеп, қаматып тастасаң да сенікі жөн емес деп айта
алмаймын. Омардың қылығын ақтайтын қарсы дауым және
жоқ. Саған қиын тиерін білемін, – деді өкіл жігітке жақындап.
– Ер жігіт екі сөйлемейді деуші еді, кеше бас бостандығымызды
беріп едің, рұқсат болса қалаға аттанайын. Керек болып қалсақ,
тауып аларсыңдар. Ғабдолла деген саудагер шалдың қара
мекенін білмейтін адам жоқ Семейде. Біз сол үйде боламыз.
– Бара беріңіз, – деді былғары киген жігіт қабағын ашпаған
қалпы. – Аттана беріңіз.
– Бұл – заңсыздық! – деп баж ете қалды Оспан. – Бай-кулактың
өзін қашырып, семьясын босатып жіберу кәмпеске туралы қарар-
ды жүзеге асырмау деген сөз.
– Әй Оспан, – деді бастық. – Семейде оқыған жиырма
күнде бүкіл заңды жаттап үлгергендей лепірме. Егер біле
білсең, сенің істеп жүргенің де бассыздық... «Асыра сілтеу
болмасын, ашатұяқ қалмасын» деп қоқақтайтындар – олар
да халықтың жауы. Кешеден бері істеген қылығыңның бәрі
қылмыс. Конфискация туралы заңды елді қорқытпай-үркітпей,
байбаламға салмай байсалды түрде жүзеге асыруды партия
бізден талап етіп отыр. Рас, Омар байдан айрылып қалдым,
ол кінәмды мойындаймын және Совет өкіметі алдында жауап
берем. Кәмелетке толғаннан бастап революция жеңісі үшін
жан-тәнімді арнадым. Жарақаттанбаған жерім жоқ, мынау
маңдайдағы тыртық бандиттер салған белгі. Енді келіп,
көлденеңнен қосылған көк атты келімсек сенен ығар жайым
жоқ. Естісін, білсін мына халық, шаш ал десе бас алатын
әумесер әлдекім емес, көрмегенді көріп, көн тулақты сүйреп
өскен өздері секілді кедей екенімді, Совет өкіметін өз қолыммен
орнатысқан большевик екенімді. Ал сен болсаң партия қатарына
әлі кірген жоқсың, жаңа өкіметтің ішкі, сыртқы саясатынан да
хабарың шамалы. Енді келіп шалқаясың.
163
– Мына жігіт шешен екен, – деп сыбырлады Дүрия.
– Ақылды да, – деді Гүлия.
– Жирен биеге арба жегіп аттандырып жібер, – деді мили-
ционерге.
– Жол-жосығын білесіздер ғой, апа, – деп сұрап еді, Рахия:
– Білеміз, білеміз, – деп құрақ ұшты. Пәуескеге мінер ал-
дында Рахия Долдашқа бұрылып:
– Қош, қайным, – деді.– Қайда жүрсең де аман жүр. Қыздар
ағасымен құшақтасып қимай қоштасты да, амалсыздан арбаға
мінді.
Айдала. Сусылдап соққан күзгі жел – ақсақ құлынын ертіп,
арба сүйреген мама биені шу-шулеген әйел мен бір-біріне тоңған
торғайдай жабысып, бүріскен егіз қыз Семейді бағытқа алып
жолға шықты. Анау алдарында ирелеңдей қашып, солтүстік
көкжиекке сіңіп кеткен жалғыз аяқ соқпақпен Рахияның өз
тізгінін өзі алып, арбакешсіз, ермек қылар еркексіз алғаш рет
жүруі осы. Басқа түссе баспақшыл деген осы да, шойнаңдап, ілби
ерген құлын алыстап қалса оқырана артына қарап, жирен бие
жүрмей тұрып алады. Шықпыртып жіберер азаматтың қарулы
қолы жоқ, әспенсіген көлікті айдай алмай әуреге түсті. Долданып,
қасқыр жегір деген лағынет сөзді қанша боратқанымен, құлағын
қайшылаған хайуан тыңдамады. «Қырау, қыраулап» құлынды
шақыра-шақыра тамағы қарлықты. Дүрия мен Гүлияның ой-қия-
лы алыста, сонау қыраттың ар жағында тас қопарып, көпір
салып, арпалысып жүрген Дархан мен Қамбарды іздеп отырған.
Екеуі де үнсіз.
– Тілеуіңді бергір өкіл жігіт болмағанда, Оспан соқыр
сойылға жығып, екеуіңді бірдей қатындыққа алар еді, – деді
Рахия.
– Қойыңызшы, әни, қайдағыны айтпай.
– Қайдағы емес, бұл – шындық. Анау өкілдей асыл жігіт сен-
дерге бұйырушы ма еді. Енді бұдан былай жаңа өкіметтің
осы секілді атқа мінерлерінің етегінен ұстау керек, – деп
Дүрияға дүрсе қоя берді. Қыздар шешесімен қарсыласқан
жоқ. Ертеңгі күндері белгісіздеу, әлі өше қоймаған болымсыз
үміт, болашағын ойлаудан гөрі өткенін еске алуы басым,
таңдайда қалған тәтті әсер тамсандыра берді, әлдилей берді,
ұшығын ұстатпайтын ұзақ жол жетелеп, туған жер, өскен
елден ұзай берді, ұзай берді. Енді қайтіп орала ма, оралмай ма
164
ол жағы тұманды, әйтеуір, алдарынан ашық аспанды күндер,
алтыбақанды түндер күтіп тұрғандай – тесіле қарайды. Бұл
жолмен баяғыда, Семейдегі қыздар педучилищесін тәмамдап
елге қайтарда Гүлия мен Дүрияны Қамбар алып өткен. Сонда
екі жас тұңғыш рет сырласып, айрылмастай табысып еді. Иә,
ол да бір дәурен екен-ау. Әкесінің бозжорғасы жайтаңдап
жортқанда арбаның солқылын, жолдың ұзақтығын сезбей де
қалып еді. Қайран сол күндер, тек елес қана, елес... Дүрия осы
жасына келгенше көрген азапты сапары, ауыр мұңы... егер
созыла берсе төзімі жетер ме?
Жүріс маңдымады, түс ауа жирен бие де, өздері де қажыды.
Ақсақ құлын қара терге шомылып, жүруден қалды.
– Текке әуре қылмай байлап кету керек еді, – деді Дүрия
ыза болып.
– Онда мен де қалар едім.
– Алты мың жылқыдан алғаның ақсақ құлын болса, екеуіңді
де ен далаға тастап кетемін, – деді Рахия.
– Оған да көнейін, әни, ашуланбашы, – Гүлия бұл сөзді
шын көңілімен айтты.
Осы кезде арттарынан аттың дүбірі естіліп еді, жирен бие
кісінеді.
– Біреу келе жатыр, әни.
– Көзім бар, көріп отырмын.
– Кім екен?
– Қуғыншы болмасын.
– Кім болса да тосайық. Жүрісі қатты екен. – Гүлия шошына
айқайлады.
– Басы жоқ бітеу.
– Астафралла, жын ба, шайтан ба...
Ағызып келе жатқан құлақ-мұрны жоқ бітеу бас адам
арбаның қасына келіп, атын әрең байырқалатты. Басына жаңа
сойған қойдың қарнын кептеп киіп, тек көзін ғана жылтырата
ойып тіліп қойған. Қыздар шыңғырып жіберді. Рахия да
«біссімилла, біссімилла» деп арбаға жығыла берген. Астындағы
сүмек болып терлеген ат шиыршық атып, ауыздығымен алысып
тоқтамаған соқ қарғып түсіп, жетелеп жаяу жақындады.
Бәйбіше талып жатыр. Екі көзін тас қылып басқан қыздарға бір
істеген айласы жер-көкті аядай қылып шыңғыру. Басына қарын
кептеген адам қарғып арбаға шықты да қынынан кездігін жалт
165
еткізіп суырып алып, Гүлияның аппақ әдемі бетін айғыздай
сара тіліп жіберген. Оң жақ беті ұшындағы тарыдай меңді
баса тіліп жіберген сызықтан шып-шып қан шығып, иегіне
ақ торғын тамағына қарай асығыс ағып барады. Қарын басты
адам атына шапшаң мініп, кейін қарай қайта шапты.
– Ойбай өлтірді, Гүлияны бауыздап кетті, – деп ботадай
боздаған Дүрия ес-түссіз сұлық жатқан шешесін жұлқылай
бергеннен басқа ештеңе жасай алмады. Алақанымен бетін
басқан Гүлияның саусақ-саусағының арасынан қан сорғалап,
қызыл-жоса боп өңіріне тамшылады. Қайсысына ұмтыларын
білмей безектеген Дүрия құр бекер жылаудан басқа қолынан
келер дәрмен жоқ, өз шашын өзі жұлып жанталасқан.
– Мені қой, – деді Гүлия қарақаттай көзі қанталап ауыр-
сынған да, ойбайлаған да жоқ, салқын сазарып, удай ашып
жанын шығара ауырған бетін жібек орамалымен сүрткіштеп.
– Әниімнің бетіне су бүрік.
– Суды қайдан аламын, ойбай-ау.
– Ендеше жанторсықтағы қымызды бүрік, – деді зекіп. Қос
доңғалақты пәуескенің қобдиынан торсықты алып, аузынан
ұрттап бүрке берді. Ет қызуымен бетінен қан сауғалаған
Гүлияны да ұшықтап өтіп еді. Рахия қатты шошынып қалса
керек, көзін ашты. Көзін ашқанда көргені – қызының қанжоса
беті, екінші қызының былаудай болып жылаған көзі.
– Не болды? – деді ернін әрең жыбырлатып.
– Гүлияның бетін тіліп кетті.
– Құдай-ай, көрсетерің көп екен-ау. Кім екен?
– Кім деріңіз бар ма, кісі ғой, әйтеуір... Таныдым, атын атап
керегі не? Оның тасқайнат шыдамдылығы Рахияны қайран
қалдырды. Басын көтеріп торсықтың аузынан сусын жұтты.
Маңдайынан жел өтпесін деп, жіңішкелей бүктеп таңған
шағын орамалымен алып Гүлияның қанын сүртті, қымызбен
жуды, бірақ тоқтар емес.
– Қансырап өлетін болдың-ау, ботам. Енді не істедік?
– Киіз күйдіріп басайық, – деді Дүрия. – Мен сіріңке ала
шыққанмын.
Рахия бешпетінің қалтасынан кішкентай кездік алып,
қорапқа төселген киіздің шетінен бір кесіп ұсынды. Шырпыны
әрі үрлеп, тұтана қоймаған соң Дүрия қойнынан жайдақ-сойдақ
жазуы бар үш бүктелген шұбар ала қағаз шығарды.
166
– Бұл не? – деді шешесі.
– Қамбар жазған хат еді.
– Тұтат ендеше. – Гүлияның қарсылығына қарамастан
хатты жағып барып, киізге от тигізді. Бықсып, түтіндеп жана
қоймады. Әйткенмен, дәтке қуат жасап, жараға басып еді,
құрбекер күйелегештегені болмаса саулаған қанды тыйып
жарытпады.
– Қалай, ауыра ма? – деді Дүрия көзінің жасын көл ғылып.
– Ауырады ғой, ауырады.
– Жақын маңда ел жоқ. Бетпақтанған далада бетімен ұлыған
жел өтінде атамыздың құны қалғандай қалай ғана мекен етіп,
жан сақтап келгенбіз. Бәйбіше қазақ сахарасының қаталдығын
алғаш рет сезінді.
– Бәрі де әкеміздің арқасы екен ғой, – деді Гүлия қабағын
шытып.
– Тағы да бір атты көрінді, – деді Дүрия елегізіп. – Бағанағы
кісі болмасын.
– Айда атты, ойбай! – деп бажылдап делбеге жармасқан
шешесін Гүлия тоқтатты.
– Бәрібір қашып құтыла алмаймыз, келсін, – деді өжеттеніп,
– келіп көрсін. Оның бетін мен тілейін, кездігіңді берші, әни.
– Жоқ, оған ұқсамайды, басқа біреу... Ой, Дархан ғой...
Дархан аға ғой. – Дүрия арбадан түсе алдынан жүгірді.
– Сезіп еді жүрегім, бәсе неғып кешікті деп едім.
– Гүлияның бота көзінен енді ғана быршып шыққан жас
жарыса ағып, қанға қосылып былғанды. Жо-жоқ, ауырсынып
емес, қуаныштан жылады. Атылып арбаға шыққан Дарханның
алып кеудесіне басын қойып армансыз бір еңіреді, мауқын баса
алмай ұзақ солқылдады. Қой деп айтуға ешкімнің де батылы
бармаған.
– Ағатай-ай, аттың терін аяйтындай не жазып едім сізге,
жазығым – жақсы көргенім бе? Енді міне... Енді менде сізге
қарар бет қалмады... Менде бет жоқ, Дархан аға...
– Маған бетің емес, өзің керексің, Гүлайым. Айтшы, кім,
қай оңбаған сенің ақ дидарынды аямай тілгілеген. Қуып жетіп
қуырдақ жасайын, тау асып кетсе де іздеп табайын, айтшы.
Қалш-қалш етіп тісін қайраған Дархан алғаш рет ашудың
асауына мықтап тұрып мініп еді, ешқайсысы да танымаған
16
болып шықты. Гүлия неше рет оқталып айтқысы-ақ келген,
бірақ көрдім бе, көрмедім бе дегендей сүйген жігітінен айрылып
қалам ба деп қауіптенген-ді.
– Танымай қалдық, – деді бәйбіше. – Басына қойдың қарнын
кептеп алыпты. Албастыдай біреу. Түгел бауыздап кетпегеніне
тәубе, тәубе!
Жел ызыңдай соғып тұр. Ақсақ құлын тырайып жатып
қалған.
Шардағы көпір салу жұмысы аяқталып, әредік болған
соң Гүлияны іздеп шыққан Дархан сүйген қызын мұндай
қансыраған халде көрем деп ойлаған жоқ-ты. Кеше аттанып
кетейін деп оқталғанда, аяқ артар көлік таппай бүгін ілдалдамен
әрең шығып еді. Шаппай желген көңілмен аңыратып келе
жатқанында мынандай оқиғаға душар болды. Кім екен?
Әзірше жұмбақ. Гүлия біледі, бірақ айтпайды, Дархан үшін
айтпайды.
– Гүлияны қансыратпай аттың басын Шарға бұрайық, –
деді Дархан. – Күн кешкірмей бараққа барып түнеңіздер, ертең
ерте шығарып салармын. Ал, Гүлия менімен қалады, мүлдем
қалады.
– Мен оған көне алмаймын, – деп Рахия ыршып түсті.
– Тірідей шалымнан айрылдым, ендігі қалған екі қызымның
бірін қаңғыртпаймын.
– Қаңғыртпайсыз, апа, ұзатасыз.
– Дәмеңнің зорын, алпыс мың жылқыға айырбастамайтын
баламды қайла ұстаған қайыршыға беріп...
– Әни деймін, азаматтың басын қорламаңыз, – деген
Дүрияға:
– Сенің де сырың белгілі, Қамбар деп жүргенің ол да бір
диуана, – деді.
– Бүгінде қайыршы жоқ, апа, одан құтылғанымызға он жыл
болған. – Дарханның мейлінше сыпайы сөйлеуге тырысқан
әрекетін бәрібір тістене сөйлеген ашуы білдіріп қойды. –
Қамбар қазір Семейде, сонпартшколдың оқуына кеткен.
Дүрия елеңдей құлақ түріп, кәдімгідей қуанып қалды.
– Маған десе Меккеге молданың школына кетсін.
Бұрынғылар бекер айтпаған: «бақсыны байым бар деме, бұқаны
малым бар деме» деп.
168
– Әни, – деді Гүлия ауырсына жарасын басып. – Бетіңізге
келіп көрген жоқ едім, көргенсіз деп қарғама, батаңды бер, мен
бұл кісіні ұнатамын, ендігі қалған аз ба, көп пе өмірімде Дархан
ағаның етегінен ұстап өтемін.
– Бермеймін батамды, емшек сүтімді көкке сауамын, қар-
ғаймын.
– Бермесеңіз де кетемін. Қайтейін енді...
– Құдай-ай, қыз асырадым десем, қысырақ баққан екенмін-
ау.
– Апа, – деді Дархан: «Екі бай құда болса, арасында тай-
палған жорға жүреді, екі кедей құда болса, арасында бұл-
тыңдаған дорба жүреді, егер бір бай, бір кедей құда болса
қыржыңдасып зорға жүреді», – деп отырушы еді Омар ақсақал.
Қазір соның бірі де жүрмейді жоралғыға, екі жастың махаббаты
ғана жүреді.
– Сен де әкеңе тартқан тақуа екенсің. Айда атты! Гүлияның
жарасы жазылсын, содан соң көрерміз.
Жолға шықты, бет алыстары – Шарда жатқан түркісібшілер
жатағы. Дүрия салт атқа мінді де, делбені Дархан ұстады.
Ақсақ құлын ілби еріп қалмай келеді байғұс.
Ойы онға, санасы санға бөлініп келе жатқан Рахия бәйбішені
қинаған Дарханның соқа басы, қайласынан өзге байлығы жоқ қу
кедейлігі емес еді. Оны қойшы, жас өспей ме, жарлы байымай
ма, заман осылардыкі, әлі-ақ қарағайдай қаратаяқ болып шыға
келер. Бәйбішені мазалаған ой – дәу шал Таңатармен арада
болған аз жылдық тән дәмдестігі, көңіл жарастығы. Рас, Гүлия
Омардың өз кіндігінен туған баласы, оған құдай куә, әкесімен
көңілдес бола тұрып, мандайға басқан қызын сол Дәу шалдың
ұлына қалай ғана қатындыққа бере алады?..
– Құдай-ай, көрмегенім көп екен-ау, – деп күрсінді. – Сол
қабағым тарта береді, тағы да қандай зауал күтіп тұр. Омар бір
пәлеге ұшырады ма?»
Аспан бұлтты, жер қаракүрең болған соң ба, күн батып,
қараңғылық ерте түсті. Азанда жауған аз-маз қырбақ еріп
таусылғалы қашан. Белеске шыққанда алдарынан жарқырап
Шардың самаладай шамдары көрінді.
– Қандай әдемі, – деді Гүлия арбадан еңсесін көтеріп. – Бейне-
бір жердегі жұлдыздар секілді. Ол не, Дархан аға?
169
– Түркісібшілер жаққан от.
– Күндіз де дәл осылай жарқырап, сөнбей тұра ма?
– Сөнбеуі – сөнбейді, бірақ дәл осылай жарқырамайды.
– Жарқырамаса да жанып тұрса екен.
– Жанып тұрады, қалқам. Ол отты енді ешкім де өшірмек
емес, қазір жылынамыз сол отқа.
– Олай болса атты айдай түсіңізші, тез жетейік. Жоқ, қатты
айдамайық, ақсақ құлынға обал болар.
– Ақсақ кұлын ерткен жолаушы алысқа барар дейсің бе,
– деді Рахия екіұштылау. – Баяғыда Еркінжаным да дәл осы
жерде арбадан ауып, мертігіп еді... Қорқамын...
– Қорықпаңыз, апа, енді ешкімнің де арбасы аумайды.
Өйткені, бұл жермен бұдан былай атарба емес, отарба жүретін
болады.
– Шырағым, сол отарбаң, тезірек аунап қала ма деп
қорқамын-ау... Жүрісі қатты ғой кәпірдің. Ал алысқа барар
адам ешқашан да асығыс жүрмеуі керек.
– Есесіне барар жерімізге тез жетеміз ғой, апа.
– Тез жетсең – тез қайтасың...
– Арбамен қоян алатын жайбасар заман емес бұл, асығу
керек!
– Асығыстық сайтанның ісі, шырағым. Қызымды өлтіріп
алмасаң болды...
– Апа, бұл бізге берген батаңыз ба?
– Иә, батам. Бақтарың ашылсын. Бірақ асықпаңдар, қазаққа
ат пен арба да жетер. Отарбаны қайтесіңдер.
– Алғашқы поезға мен мінемін, – деді Гүлия көзі жайнап.
Шешесі үндеген жоқ.
Түркісібшілер жаққан от бірте-бірте жақындай берді. Ақсақ
құлын әрең еріп келеді. Қараңғылық қоюлана түсті.
10
ҮШІНШІ САЛА
Достарыңызбен бөлісу: |