шағып алған шаяндай,
ішінен зәрін төгеді.
—әлік болсын, байеке,
шұбар атты берсін деп,
Жіберді есім ініңіз,
бөтен емес туысқан.
туысқан жарар әр уақытта,
туа қалса күніңіз.
Өзіңіздің біріңіз,
шұбар атқа мінуге,
байеке, келмес жөніңіз.
Қартайғанша жазған шал,
Ашылмады гүліңіз,
есімнен басқа кімің бар,
тілеуін тілеп жүріңіз.
нәрікбай сонда сөйледі:
—сандырамай жүре бер,
шұбарды жанға бермеймін.
басқа малды көзіме,
Қырау құрлы ілмеймін.
шұбар атты қолымнан
шығармасқа мен сорлы
шарт қылып едім мен деймін.
бермесін Құдай бір бала
көріп кеп пе едің сен деймін?
150
160
170
180
222
222
223
ер шорА
ол адам және сөйледі:
—Жасың болса қартайып,
сақал-мұртың қуарды.
көкірегің кірілдеп,
буындарың дірілдеп,
көзіңнің алды мұнарды.
әлі де үміт қыласың
Құлқаныс бала туар деп.
Қапа қылып қайырма,
есім сынды шынарды.
басыңнан ауса заманың,
бір күні тайса табаның,
кімдікі деп ойлайсың,
шұбар ат түгіл, бар малың?
нәрікбайға бұл сөзі,
тиді жаман балтадан.
Жүректен тиген мылтықтай,
шықты тесіп арқадан.
Айтарын не деп біле алмай,
Қалды қарап қалтадан.
көзінің жасы көл болып,
көңілі қара жер болып,
«ия, тәңірім!» деп айқайлап,
Құлады барып шалқадан.
нәрікбайдың көңіліне,
түсті қаяу кетіліп.
сөз айтпаған батырдың,
бетіне ешкім қайтарып.
тұрды дағы орнынан,
Үйіне жүрді өкіріп.
Айтқан сөзі білместің
сүйегіне жетіліп.
Қайта барды ол адам,
Айтқанына өкініп.
сол уақытта, жақсылар,
Үйде отырған Құлқаныс
бұл сырды біліп аңлады.
бір бәленің болғанын
190
200
210
220
224
бАтырлАр Жыры
224
225
Ақылменен барлады.
тіршілікте аламат,
перзенттің жолы қинады,
сөзін естіп есімнің,
бай-бәйбіше қосылып,
екеуі жылап аңырады:
—кімдер тәлкек қылмайды,
біз сияқты қу басты?!
көгертіп қойды Құдайым,
біз қатар құрбы-құрдасты.
бұл сөзді айтып екеуі,
бір азырақ мұңдасты.
Құлқаныс айтты нәрікке:
—бұл сөзді айтқан ініңнің
тірідей жүзін көрмеймін.
басқа кісі айта алмас,
көңіліңізге тиер деп
бұл сияқты сөз-масты.
нәрікбай сонда сөйледі:
—олай десең, Құлқаныс
Жұрт аударып кетелік.
күнде қубас аталып,
бұл елде жүріп не етелік?
Жылап жүріп Алладан,
бір бала тілеп өтелік.
көз жасымды қабыл қып,
Жарылқаса жаратқан,
Мұратқа сөйтіп жетелік!
Қазаннан ауып нәрікбай
кетпегін мақұл көреді.
інісіне өкпелеп,
бүліне көшіп жөнеді.
Қырық үй тама қоңсысы,
о да ілесіп кетеді.
ызғардың ұзақ даласы
Қырық күншілік шөл еді.
Адыр-адыр тау менен
Асусыз асқар бел еді.
Жайқын көлді құрытқан
230
240
250
260
224
224
225
ер шорА
ысапсыз малы көп еді.
шұрқыратып жылқысын,
Жарым қылып ұйқысын,
Жерсіз, сусыз далада
көп азапты көреді.
тоғыз ай көшіп тынбастан,
Ақ дарияның бойынан,
ноғайлы-түрікпен жері еді.
сол уақытта, жақсылар,
Айдархан соққан Аққала,
сырлы күмбез көк қала,
сыртынан темір қалатқан,
ішінен болат жалатқан,
сейілхан араб-түрікпеннің
сан мың үйлі жаны бар,
Қарахан деген ханы бар,
Қалқайтып қойған баламен,
Хан деген бекер намы бар.
сол күнде жұртын сұраған,
пеш қылып, мұртын бұраған,
Айрақ деген елінен,
әліби деген нары бар.
Қылғаны зорлық, қиянат,
көп ғаріпті жылатқан,
Ашуланшақ пейілі бар,
рудан он мың үйі бар,
не қылса да шағы бар.
балта кеспес мұртынан,
Жүрмеген дұшпан сыртынан.
Жақындасып келгенді
теуіп-тістеп, қымтыған
Ақша би деген інісі бар.
о да өзінен кем емес,
Жолыққанды о дағы
Жолбарыстай жұлқыған.
Ауып келді аз тама,
ноғайлы-түрікпен жеріне,
тоғыз ай көшіп тынбастан,
көзіне жаны көріне,
15–253
270
280
290
300
226
бАтырлАр Жыры
226
227
Қапалы көңілі тарығып,
сыймаған малдың көбіне,
көңілі кетті жайқалған
Қалың құрақ шөбіне.
нәрікбай және ойлайды,
Жолықпаққа және де
Ханы менен бегіне.
Қараханға барғалы,
сарамжалын сайлады.
Алтын белдік жалтылдап,
күмістен кісе байлады.
тоғыз жорға тартуға
Жылқыдан бөліп айдайды.
елі қандай елімнен,
Өкімі қандай бек екен
байқайын деп ойлады.
Жұртынан ауып, жақсылар,
Мүсәпір ешкім болмасын.
ғаріптің ісін әр жерде
Жаратқан өзі оңдасын.
тарту үшін нәрікбай
Айдап-топтап жорғасын
сұрап барып түсіпті,
Қараханның ордасын.
сол уақытта, жақсылар,
келіп тұрған нәрікті
Хан-қарасы көреді.
естіп келіп нәрікті,
төрден орын береді.
дүниесі құрысын,
тоғыз жорға байдікі.
Ханға тарту деп еді,
Жалаң жорға келген жоқ,
әр әсілден тоғыздан
тоғыз қалта зер еді,
әкелген тарту көп еді.
самаурынын қайнатып,
дастарханын жайнатып,
неше түрлі шекер-бал
310
320
330
226
226
227
ер шорА
нәрікбайдың алдына
зияпат қылып төгеді.
Қарахандай ханына,
Қалың түрікпен жанына,
сол уақытта нәрікбай
Мына бір сөзді деп еді,
нәрікбай сонда сөйледі:
—тыңдасаңыз, тақсыр хан,
Мен арызымды қозғайын,
Жұртымнан ауған аз елмін,
Адасқан топтан қаздайын,
Қойдан қоңыр байғұспын,
Анасы жоқ боздайын,
Амандықта, тақсыр хан,
Жайымды айтып қозғайын.
Жазатайым іс болып,
Аяқ асты боп кетіп,
ескерусіз тозбайын.
сиысып малым жатқандай,
тыныштықпен баққандай,
Жай берсеңіз бір шеттен,
ортаға мойын созбайын.
Атаңыз өткен Айдархан,
Қасиетті болған жан.
бір перзенттің жоғынан,
ырым қылып жұрт ауып,
Адасып жүрген жайым бар,
Ағайыннан ажырап,
Мүсәпір болып мен жазған.
есіткен соң бұл сөзді,
Қарахан сонда сөйледі:
—Жұртынан ауып, ғаріптің
«Өксіпті—деп—өмірі»,
Үрмет қылып көп сыйлап,
Қылыпты мейман сол күні.
Қарахан нәрікбайды үрмет қылып,
бетіне мейірман боп бақты күліп.
«Құдайым маған бір жем жеткізді»,—деп
әліби көп қуанды өзімсініп.
340
350
360
370
228
бАтырлАр Жыры
228
229
көңілі әлібидің қуанды көп,
«семізін жеп, сұлуын мінемін,—деп,
Қазанда ауып жатқан көп тамадан,
Құдайдың өзі айдап кеп беріп,—деп,
Қырық үйлі несібеме келіп тама,
Жеткізді мұны Құдай өзі пана.
тоғымда-туған болар, ашымда-азық,
шөлдесем емізіктей қара саба».
нәрікбайды Қарахан
уәкіл ата қылыпты.
Жайлау-қыстау жай алып,
байдың көңілі тыныпты.
Жайқалған құрақ шалғынды,
таңлатты, әбден тұнықты.
Қайда барса басы әзіз,
бай қонысы бағулы,
Жанына жұрттың жағулы,
Жаратқан бастан салулы.
Қазаны түспей ошақтан,
оты дәйім жағулы.
сабадағы қымызы
есіктен төрге ағулы.
Ауылынан ат кетпей,
Үйіне мейман бағулы.
бір күндері болғанда,
Айдынды туған әліби
гүлсары атқа мінеді,
Мәліш бөркін киеді.
Ақ тұйғынын қолға алып,
Алдына дабыл іледі.
Қой дейтұғын адам жоқ,
не қылса өзі біледі.
Жасы қырықта сол күнде,
Қайратқа әбден толыпты.
сейілхан ұран түрікпенде
Жалғыз қара болыпты.
сұраусыз ұстап мінеді,
елдегі таңлап шонықты.
бір жерлерге келгенде,
380
390
400
410
228
228
229
ер шорА
сыймай жатқан тоғайда
көп жылқыға жолықты.
Алмаймын деген ойда жоқ,
Өзіне бәрін жорыпты.
сол уақытта әлекең
Қайтпаған таудан өр еді.
көкірегі жоғары,
Асусыз асқар бел еді.
көп жылқыны аралап,
көзін салып келеді.
біреуінен бірі асқан
неше шонық көреді.
бір жерлерге келгенде,
басы аспанға қараған,
бауырынан жараған,
барыстай құйрық тараған,
Мойыны алтын таяқтай,
піскен алма сабақтай
бір шұбарға жолықты.
Қасиетті қалы бар,
неше түрлі жануар.
тұлғасы бөлек жылқыдан
бір шұбарды көреді.
сол уақытта әлекең
тұлғасына таң қалып,
Ақыл-есін танады.
бұйрық қылып «ұста!»—деп,
Қасына жақын барады.
Мұны көріп шұбар ат,
Құлағын тігіп алады.
Қашайын деп қамданып,
сыртына құйрық салады.
одағайлап осқырып,
Адырая қарады.
түсі суық дұшпанды,
Айуан да болса жануар,
Ақылмен ойлап табады.
Қарсы алдына келгенін
Жолбарыстай алады.
420
430
440
450
230
бАтырлАр Жыры
230
231
Арт жағына шыққанын
Қос аяқтап салады.
бірінің қолын сындырып,
бірінің басын жарады.
Желе аяңдап жануар,
ұстатпайды шұбар ат,
Қырық жігіт әбден талады.
түсіре алмай қармаққа,
Қолынан сұрап алмаққа,
нәрікбайдың әліби
Ауылына қарай салады.
биді көріп тамалар,
дабырақтап қалады.
Алты қанат ақ орда
оқшау тігіп салады.
әсіл кілем төсетіп,
Құс төсектің үстіне
Мамықтан жастық қояды.
Құдайы деп қонаққа
бір бие әкеп сояды.
соншама сый қылса да,
тек жатпады әліби,
Үй басына он батпан
зекет жинап алады.
сасқанынан тамалар
Қағыстырып табады.
ішсе тамақ батпайды,
Өртеніп іші барады,
әлібидің, жақсылар,
Жоқ еді бағы арылған.
Қорқушы еді дұшпаны
Алыста жатып сарыннан.
Мырзалыққа келгенде,
Жоқ еді нәрік тарылған.
бидің көңілін алмаққа,
тарту қылып қалмаққа,
Алып келді үш жорға,
табанынан жарылған,
сұлулығы және артық,
460
470
480
490
230
230
231
ер шорА
көрсеңіз асқан сағымнан.
сол уақытында әлекең
байдың берген тартуын
ілтипатқа алмады,
назарын да салмады.
сан жылқының ішінен
шұбар атты таңдады.
бермесе де алмаққа,
Өкіммен құрық салмаққа
шайтан кіріп көңіліне
биді Құдай қарғады,
Ашуланып нәрікке
былайша деп сарнады:
—Қырық жігітім соңымда,
салтанатпен жүрісім.
Қорқынышым жоқ ешкімнен,
осы дәйім қылысым.
рүстем мен дастандай
Майдандағы ұрысым,
тасты кесер қылышым,
Қарахан да баса алмас,
бір ұстаса тырысым.
Қырық үй тама келіпсің,
бұ да менің ырысым.
Мені іні білсеңіз,
көзіңізге ілсеңіз,
Қалап келген шұбар ат
байеке, менің жұмысым.
Мұны естіп нәрікбай,
Қабағы тастай түйілді,
бидің сөзін ұнатпай,
ішіне мойын жиырды.
сыйласа да білмейді
бетімен өскен сиыр-ды.
—ырым қып ек бір атты,
Қойсын бізге шұбарды,
бұл сөзі бізге қиын-ды.
Алғанынша алсын,—деп,
Жылқының бәрін үйірді.
500
510
520
530
232
бАтырлАр Жыры
232
233
«Айтамыз бұған нені? »—деп,
Қырық үй тама кеңесіп,
күніменен үйілді.
сол уақытта әлекең
Ашуланып нәрікке,
терісіне сыймады.
Қапаланып, қайтпаққа,
Ат-көлігін жинады.
Алмас еді қайтпаған,
кетіліп жүзі қирады.
Ашуынан әлінің
Қорықса дағы нәрікбай,
беруге атты қимады.
сол уақытта әлекең
долданып қатты көгерді:
—бәлем, тама, саспай тұр,
көрсетермін өнерді.
Асықпасаң, нәрікбай,
оярмын,—дейді, төбеңді.
бұл сөзді айтып әліби
Жылқыға қарай жөнелді.
шұбарды ұстап алмаққа,
көңіліне жел енді.
бара жатып әлекең,
тағы да мұны ойланды:
«Қараханға барайын,
бала да болса хан еді,
ретіне қарайын.
сұраусыз кетіп ханымнан,
әруаққа шет болмайын.
бермесе де жауапты,
Жұртқа мақұл болайын.
зорлығымды көрсетіп,
шұбарды тартып алайын.
Қарсылық қылса тамалар,
елін шауып талайын.
Қаһар қылып басына,
Ақыр заман салайын.
540
550
560
570
232
232
233
ер шорА
Ауып келген аз тама
болмай-ақ қойсын ағайын».
бұл сөзді айтып әлекең
Қайта жүрді еліне.
Қалаға келіп жолықты
Ханы менен бегіне.
Қаһарменен қараңыз,
бегіне айтқан кебіне:
—Ассалаума әлейкүм,
Халық егесі ханымыз!
кейіп келді тамадан
әліби деген нарыңыз.
сұрап едім шұбарды,
нәріктен сынды сағымыз.
шұбарды тартып аламын,
рұқсат беріп қалыңыз.
Ара тұрсаң тамаға,
төгілісер арымыз.
Қатты келді ашуым,
ыңғайымды таныңыз.
бұл сөзді есітіп Қарахан,
болыпты деп бір пәле,
Өкініп басын шайқады.
Ашуланса, әлінің
Қиын еді қайтары.
Ауып келген тамаға
тимесін деп сойқаны,
Хан емес пе, сөйтсе де,
онан-мынан үлгілеп,
Қайтарып бір сөз айтады:
—Айдынды туған, әліби,
Қылыпсың ашу тамаға.
келіп тұрсың ханым деп,
Аруақ сыйлап балаға.
сыйласаңыз, ініңіз,
сөзіңізден садаға.
шақтым келмес түсуге
580
590
600
234
бАтырлАр Жыры
234
235
тамаларға араға.
Қара тартып кеп еді
Алыстан біздің қалаға.
Жүйесіз зорлық қылсаңыз,
Құдайға мақұл бола ма?
бәрімізге ұят-ты,
шашылса бұл сөз далаға.
әлі де болса қайтыңыз,
бұл ашудан жан аға.
Қой десе де қоймады,
Жүрмекші болды шұбарға.
Өжет туған әліби
Айтқанын қылмай тынар ма?
шайтан кіріп көңіліне,
Желікті Құдай ұрарға.
сол емес пе асқаны,
сестінің жұртты басқаны,
Жарамады ханы да
тентек деп мұны басарға.
Қарахан және сөйледі:
—Айдынды туған, әлеке,
Қайтпадың ба райдан?
Ауып келген аз тама
Жақсы ма жылап, мұңайған?
әлі де болса қайтыңыз
Мақұл емес бұл ойдан,
бір кінәсін табыңыз,
кінәсін тауып шабыңыз.
Жүйесіз зорлық қылуға
Қорықпаймыз ба Құдайдан.
Қараханның әліби
Мақұл көрді мұнысын.
Ал дегенін ұнатты,
Қу дүниесі құрысын.
бұл сөзбенен жадырап,
Жазайын деді тырысын.
той қылдырып халқына,
610
620
630
640
234
234
235
ер шорА
бітірмекке жұмысын.
шақыра жүрді нәрікті
Айдынды туған әліби,
Жанына байлап қылышын.
Ал енді сіздер тыңдаңыз
нәрікке зорлық қылысын.
«бізді айтады жаршы,—деп,
Қарахан бізге бұйырды
бай нәрікке баршы»,—деп,
—Жау болмасын ел болсын,
Өзімізбен тең болсын.
тентек болмай жөн болсын,
Жөн болғанның белгісі
тоқсан тоғай жылқысын
сәскеде тегіс байласын.
түске дейін бір сауып,
сабаға құйып жайласын.
Арақ-шарап, бал қосып,
Ашытып әбден сайласын.
бұл айтқанды қылмаса,
басының қамын ойласын.
Қырық сабаға толтырып,
Қырық нарға арттырып,
Алып келсін тойыма.
егер алып келмесе,
Мін тағылар бойына.
Қол сұғылар сұраусыз
Қорасы менен қойына.
Өкіл бала қылдым деп
келмесін байдың ойына.
Қайтып кетті әліби,
Өктем-өктем сөз айтып.
Ханның тойы тарқамай
«Қамыңды жеп кел»,—деп тез.
Ауып келген аз тама,
бір зәлімге болды кез.
тамалар жерге қарасты,
Ақылынан адасты.
650
660
670
680
236
бАтырлАр Жыры
236
237
Қапаланып нәрікбай,
Жылауда болды екі көз.
сол уақытта, жақсылар,
Құлқаныс атты бәйбіше
Қоңыр қаздай бойлаған,
көркіне адам тоймаған,
салиқалы ойы бар,
Ақылы артық дариядан.
тоты құстай сыланып,
Жүзі раушан айнадан,
Қырық, елуге келгенше
Қыздағы нұры таймаған.
Өрттей беті қабынып,
көзі оттай жайнаған.
сенсін кімге бейшара
басының қамын ойлаған.
Асығыстап сол уақытта,
Хан тойына нәрікті
Жібермекке Құлқаныс
ойланды ақыл, иламен.
Құлқаныс сонда сөйледі:
—білмейсің бе, жазған шал,
бір бәленің болғанын?
шұбар атты алмаққа
әліби залым ойлаған.
Қарсылық қылып енді оған,
дәс айтуға жоқ әлің.
еділ қайда, ел қайда,
елді көрер күн қайда?
ілестіріп артыңа,
Қырық үйдің тарттың обалын.
бұл сөзді айтып Құлқаныс,
Қынай белін байлады,
оттай көзі жайнады,
тоқсан тоғай жылқыға
тоғыз құлды айдады.
Жиыстырып жылқысын,
сәскеде тегіс байлады.
690
700
710
720
236
236
237
ер шорА
түске дейін бір сауып,
сабаға құйып жайлады.
Арақ-шарап, бал қосып,
Ашытып әбден сайлады.
Қырық сабаға толтырып,
Қырық нарға теңлеп артады,
Жез арқанмен тартады.
әсіл кілем жаптырып,
он ту бие сойыспен
Алдына бір қу шаптырды.
Ханның тойы қызбай-ақ,
Қызыры бар байдағы,
іздегенін таптырды.
сол уақытта, жақсылар,
келе жатқан нәрікті
сол тойдағы түрікпеннің
Хан-қарасы көреді.
ерте емес, кеш емес,
дер кезінде келіпті.
келмейді деген әліби
ұялып, тірі өліпті.
нәрікбайды көрген соң,
Қарахан тасып желікті.
сол уақытта әліби
Алдынан шықты нәріктің.
ылди-төмен көз салып,
таппады мінін нәріктің.
бәрі де бар қараса,
ойына алған күдіктің.
Айыбы бар айтар деп,
Қапа қылып қайтар деп,
тақылдаған тақпақтай,
сөйлеген сөзі кісіге
тиетұғын тоқпақтай,
бір бәлені шығарды,
Жар шақырып тұрады:
—Қайғы салма, құдірет,
басы жұмыр пендеге!
сөзімді тыңда, келмегөй
730
740
750
760
238
бАтырлАр Жыры
238
239
Мұсылманның баласы.
перзенттің дағын көрмегей!
тайын мініп талтаңдап,
баласы бірге жүрмеген,
ұлсыз-қызсыз қу бастар,
Хан тойына келмегей.
келсе шығар есіктен,
Жоғарыға өрлемей.
әкімнің қатты пеші бар,
бұл сөзімді аңласын
Ақылы бар кісілер.
тайын мініп талтақтап,
баласы бірге жүрмеген
ұлсыз, қызсыз қу бастар,
Хан тойында несі бар?
Ашуланса егер де,
Қайта берсін үйіне.
бұл сөзімді қылғандар,
Ат маңдайда орай бар,
Аққалада сарай бар,
ұлы барға—орын бар,
Қызы барға—қымыз бар.
ұлсыз-қызсыз қу басқа,
Жиналған тойға кәрі-жастар,
Хан қасынан қайырылып
орын алмаққа талай бар.
есіткен соң бұл сөзді,
нәрікбай салды ойбайды.
Қапаланып алыстан,
Алғыр құстай бойлайды.
Атаңа нәлет әліби
Қуып, сабап баршасын,
Хан тойында қоймайды.
Мұны есітіп нәрікбай,
реңі неше құбылды.
әжептәуір кісі еді,
тас-талқан болып жын ұрды.
суырып алып қылышын,
сабаға қарай жүгірді.
770
780
790
800
238
238
239
ер шорА
Жанамалап барады,
сабаларды жарады,
шашылып қымыз қалады.
Өксіп-өксіп бейшара
көзінің жасын тарады.
көңілі қатты басылып,
Қапаланып нәрікбай,
Хан тойына бармастан,
Ауылына қарай салады.
сол уақытта, жақсылар,
Құлқаныс атты бәйбіше,
Қара қыс тонды жамылып,
сыдыра түйме тағынып,
Жарынан басқа кімі бар
көрмесе қалар сағынып.
Алтайыдай қылтылдап,
Арғымақтай былқылдап,
келе жатқан нәріктің
Алдынан шықты бұлғақтап:
—тойдан ерте қайтыпсыз,
келдіңіз демде не қылып?
Қапаланған кісідей
Қабағың төмен салынып,
Ханнан қорлық көрдің бе,
биден зорлық көрдің бе?
сияғыңды көргенде
кетті ғой жүрек жарылып.
тойдан аман келгей деп,
отыр едім мен жазған
бір Құдайға жалынып.
бұл сөзді айтып Құлқаныс,
Жылады көңілі қамығып.
нәрікбай сонда сөйледі:
—кішкенеден алғаным,
Алаша, төсек салғаным,
Айта берсем таусылмас
ішімдегі арманым,
Арман емей немене
бір тұяқсыз қалғаным?
810
820
830
240
бАтырлАр Жыры
240
241
бір перзенттің жоғынан
Хан тойына бармадым.
ойлап тұрсам, Құлқаныс,
бекер екен жалғаным.
Малға айналып басымнан
Асқан екен бейнетім.
шаршы топтың ішінде
бетімнен түсті зейнетім.
бір балаға зар қылды
Жаратқан жаппар құдыретім.
егесіз қалар мал-мүлкім,
бір күні жетсе нәубетім.
Мұның несін сұрайсың,
сорлы болған Құлқаныс?
Хан тойына бармадым
Жоқ болған соң перзентім.
руым алар қызым жоқ
сәукеленің шоғынан,
әлібидің сөзі өтті
Мылтықтың жаман оғынан.
бұл дүниеде сорлы екен
ермеген бала соңынан.
Қиын екен амал жоқ,
тұрмаса желі оңынан,
Жаратқан егем жарылқап,
Достарыңызбен бөлісу: |