бір адамды бұйырды.
есепсіз қанша малменен
тамалардың адамы
бас-аяқ сарпай киінді.
көңілі тасып қуанып,
Қарахан да сүйінді.
есіткен соң бұл сөзді,
әліби жаман күйінді.
тілеп алған жалғызға
лайықтап бір ат қоя алмай,
Қырық үй тама үйілді.
1540
1550
1560
1570
258
258
259
ер шорА
біріне-бірі қарайды,
Қойсақ деп атты тиімді.
Мәсіләт қылып кеңесіп,
күніменен үйілді.
сол уақытта, жақсылар,
көк есегі астында,
Ақ сәлдесі басында,
бір диуана келеді.
Айқай салып «Аллалап«,
Ауылға қарап төнеді.
Алып шығып Құлқаныс,
бір уыс тіллә береді.
диуананы назар қып,
Абайлап әбден көреді.
Ажыратып таниды,
баяғы түсте көргені,
білсеңіздер сол екен
бабай түкті дегені.
әуелде аян бергенде,
осындай болып кеп еді.
ықылас қылған кісіге,
кереметі көп еді.
көргеннен соң Құлқаныс,
көзінен жасын төгеді.
диуана келіп «Аллалап»
Айналып тұрды қораны.
«Жаңа туған жас бала
Қаяқта?»— деп сұрады.
Жүгіріп шығып Құлқаныс,
боп еді бұрын көз таныс,
Алып барып баланы
етегіне орады.
Қағып-соғып жеңімен,
есегіне қонады.
Айтады күліп диуана:
—Менің балам бұл бала,
Атын қойып кетейін—
Айдынды туған ер шора.
1580
1590
1600
1610
260
бАтырлАр Жыры
260
261
диуананың ісіне,
нұры толған түсіне,
Айран болып тамалар,
бір-біріне қарасты.
Айтып ауыз жиғанша,
Ашып көзді жұмғанша,
Қайып болды диуана,
еш нышаны қалмады.
«әулие ме, жын ба?—деп,
Өтірік пе, шын ба?»—деп,
Жиналып тұрған халайық,
бәрі аң-таң қалады.
сөйтіп тұрған кезінде,
Құтты болсын айтқалы,
Қарахан келді баласы.
еріп келді ханына
бір жүз адам шамасы.
әлібиден аспады,
Қырық мың үйлі түрікпеннің
келер еді әммәсі.
елі түсіп ойына,
Қапа болды нәрікбай.
Қабағы тастай түйіліп,
іші толып пұшманға,
көңілі жаман күйініп.
Айналдырған аз тама,
Артылып қалған тамақты,
Алты ай жеді жабылып.
шұбар атты алмаққа,
әліби жүр қадалып.
ұстай алмай қайтыпты,
Жылқысына көп барып.
Жақындатпас жануар,
Өзін-өзі сақтанып.
Қамаласып келгенде,
Қашады екен жытқылап.
Жеткізбейді шұбар ат,
Қуса да түрікпен аттанып.
1620
1630
1640
260
260
261
ер шорА
шұбарды қуып бәрі де,
сынады атын шаптырып.
Қайтыпты жаяу көбісі,
Ара жолда ат қалып.
теуіп-тістеп нешеуін,
кеткен екен жатқызып.
Адырайып әлекең,
Аз ғана үйлі тамаға,
әлі жеткенсіп мақтанып.
көрген адам таң қалар
ер шораның түріне.
екі беті албырап,
ұсаған баудың гүліне,
бал татыр сорса тіліне.
Атқа мінсе ер шора,
таманың жарар күніне.
Айлар өтіп арада,
кіріпті шора біріне.
Мойыны қатып келеді,
сүйегі өсіп жетіле.
Құлақ салар қадалып
Ата-ананың кебіне.
сорса емшек, тартады
Айдаһардай лебіне.
әне-міне дегенше,
кіріпті шора екіге.
көрген адам тоймайды
Жас баланың түсіне.
Алтын бесік сықырлар
шіренгенде күшіне.
тимесін деп көз бен тіл,
көрсетпейді кісіге.
Апыл-тапыл бір басып,
кіріпті шора үшіне.
шұбар атты алмаққа,
әліби жетті сертіне.
табады шора дауасын,
көңіліндегі дертіне.
әркім ашық баланың
1650
1660
1670
1680
262
бАтырлАр Жыры
262
263
періштедей көркіне.
Ата-анасы қоймады
ойнарға шығып еркіне.
Ай-жыл өтті арада,
кіріпті шора төртіне.
Жалғызбын деп, жаспын деп
Алмайды, сірә, есіне.
әр қиялды ойлайды,
күннен күнге есіре.
Құдай қуат берген соң,
тартынып тұрсын несіне?
Атысып асық ойнайды,
Қораның шығып төріне.
Аман-есен ер жетіп,
кіріпті шора бесіне.
талап қылып әр іске,
Ақ сұңқардай талпынып,
Жолбарыстай тұлғасы,
ерлердің тартты салтына.
«сүйенерлік кім бар?» деп,
Қарамайды артына.
көңілі толған күш еді,
несіне тұрсың тартына?!
бала да болса қадірлі
Аз ғана үйлі халқына.
Аман-есен ер жетіп,
кіріпті шора алтыға.
Алты жасқа келген соң
Алтынды кемзал қыналып,
тал шыбықтай бұралып,
Атадан жауап сұранып,
ойнайын деп жөнеді.
есіктің алды төбе еді,
төбеге шыға келеді.
төбеге шығып қарады,
сұңқардай көзін салады.
бет алдына қараса,
тай шаптырым тақырда
ысабы жоқ ойнаған
1690
1700
1710
1720
262
262
263
ер шорА
Мың баланы көреді.
нар тайлақтай тайраңдап,
төбеден түсіп жөнеді.
келе жатса алдында,
бір шұңқырда ойнаған,
Қорқынышы бар кісідей,
бұғып қарап, бойлаған
Қырық баланы көреді.
келе қырық балаға
шора сөйлей береді:
—Ай, қырық бала, қырық бала,
көпке неге бармайсың?
Өз алдыңа топтанып
не қиялды ойлайсың?
Жан-жағыңа алақтап,
бөріден үріккен қойдайсың.
сөйтіп жүріп, жазғандар,
ойынға, сірә, тоймайсың.
Қырық бала сонда айтады:
—Айналайын, шоражан,
сен едің біздің бегіміз.
тыңдасаңыз, мінеки,
біздің айтар кебіміз.
Адырайып тұрмаңыз,
берірек ойға келіңіз.
Мың балаға біз барсақ,
Жүйесіз зорлық қылады.
Асықты тартып алады,
шеке тамыр салады.
Жұдырықтың астында
көз жылтырап қалады.
ойыны құрысын, шырағым,
Қорлығы өтіп барады!
Ашуланып ер шора,
балаларға қарады.
іші жаман өртеніп,
салынды төмен қабағы.
дәндеп қапты-ау мың бала,
Жасқаншақ қылып таяқтан.
1730
1740
1750
1760
264
бАтырлАр Жыры
264
265
—осынша қорлық көріпсің,
бөлініп жүріп саяқтан.
шықпайды жан ажалсыз,
Қорықпаңдар таяқтан.
ойламаңдар азбын деп,
Қалмаңыздар талаптан.
тауыпты олар жейтұғын,
сүйексіз етті қаяқтан?
Асықпаса мен барып,
тоздырайын аяқтан.
бұл қорлықты көрмеспін,
Мені де Құдай жаратқан.
енді сендер кідірмей,
Мың балаға барыңдар,
ортасына тақырдың
ойнап асық салыңдар.
баяғысын бастаса,
Қорқытып, көптеп жасқаса,
тайсалмастан сендер де,
орайласа қалыңдар.
кешікпей мен де келермін,
Жүйесіз қылған зорлығын
Өз көзімменен көрейін.
келгені болса қолымнан,
теңдігіңді алып берейін.
Жәрдем болса жаратқан,
Өзіңді көпке теңермін.
егерде әлім келмесе,
бұл қорлықты көргенше,
Жан болмай-ақ өлермін.
Жұртым үшін құрбанмын,
Жанымның қамын жемеймін.
Мұны айтып ер шора,
Ауылға қарап шабады.
шыдай алмай долдыққа,
оттай көзі жанады.
тобыменен қырық бала
Мың балаға барады.
ортасында тақырдың
1770
1780
1790
1800
264
264
265
ер шорА
ойнап асық салады.
бұрынғыдай болмады,
көтеріліп белі қалады.
Арқасымен шораның
бәрі де шері болады.
Қырық бала сонда сөйледі:
—түрікпендердің баласы,
ойнасаңдар, келіңдер.
Анау-мынау десеңдер,
әңгімемді көріңдер,
Алшы тұрса біздікі,
тауа тұрса біздікі,
бүге мен шіге біздікі,
Жалғыз омпа сіздікі.
бұл ойынға көніңдер,
кезек екі, тәңір бір,
бізге де нәубет беріңдер.
Мұны есітіп мың бала,
Жабылмақты ыңғайлап,
«Айналдырған, қырық бала,
дем алдың сендер неден?—деп,
бүйте берсең, жазғандар,
ойылмай ма төбең»,—деп,
бір танаға асық ап,
шекесін тыр-тыр қасылап,
балаларда не болса,
барлығын жиып тартып ап,
Ақ шанашын көтеріп,
тыр-тырлап жүр басын қасылап,
көп баланың ішінде
Жанбайдың көрді қарасын.
Жасы қырықта сол күнде,
балалардың ішінде,
Арқалап жүр шанашын.
көтере алмай шөмеңдеп,
Асық үшін ұрысып,
балалармен тырысып,
шаршады-ау жазған көлеңдеп.
Жығылады әр жерде,
1810
1820
1830
1840
266
бАтырлАр Жыры
266
267
сүрініп кетіп тереңдеп.
біраз ойын қызысты,
бұзықтар істі бұзысты,
дәндеп қалған мың бала
баяғысын қылысты.
зорлығына шыдамай,
Қырық бала да тырысты.
Мың бала мен қырық бала
тайынбастан ұрысты.
кекіліктей тебісіп,
бөденедей жұлысты.
тастан аққан бұлақтай,
шекеден қаны жылысты.
неше бастар жарылып,
неше қолдар сынысты.
бірін-бірі қуалап,
олай-бұлай сүрісті.
Жан көрінбей көзіне,
бастады қырық бір істі,
«Өлеміз,—деп,—жеңілсек»,
еп көрмеді тұрысты.
Өзінің қайрат-күші жоқ,
Жанжалменен ісі жоқ,
шашылып қалған асықтың
бәрін теріп алып жүр,
шанашына салып жүр,
көп баланың ішінде,
Жанбай таз болды ырысты.
бағанағы ер шора
Ашуланған бойымен
Ауылға қарай барады.
еш адамға білгізбей,
есебін өзі табады.
Қайың құрық қолға алып,
Ап шықты жүген қалқалап,
Жылқыға қарап шабады.
Қысып кетті долдығы,
еш қарары қалмады.
көтеріп найза қолынан,
1850
1860
1870
1880
266
266
267
ер шорА
Желі тұрып оңынан,
Асықса да ер шора,
кешігіп қалды жолынан.
ұстатпады бір жылқы,
Қуса да қанша соңынан.
одағайлап осқырып,
Жақындатпас қасына.
біреуі қолға түспеді,
көп жылқының тобынан.
ұстай алмай ешбірін,
шора батыр тарықты,
Арық та болса мінбекші,
таңдаған жоқ шонықты.
Арсалақтап алқынып,
әбден қапа болыпты.
сол уақытта ер шора
басы аспанға қараған,
бауырынан жараған,
барыстай құйрық тараған,
Мойны алтын таяқтай,
піскен алма сабақтай,
бір шұбарға жолықты.
шұбар атқа таң қалып,
шыр айналып барады.
ұстайын деп оқталып,
Қасына жақын барады.
Мұны көріп шұбар ат,
Құлағын тігіп қарады.
Қашайын деп қамданып,
оқырая қарады,
Желе жортып, желікті,
Аяғын дақ-дақ басады,
ұстайын десе ер шора,
Жер-су баспай қашады.
егер де шықса алдынан,
Арандай аузын ашады.
Артынан шықса, тебер деп,
шора қатты сасады.
ыза болып ер шора,
1890
1900
1910
1920
268
бАтырлАр Жыры
268
269
көзінің жасын шашады.
шора сонда айтады:
—Жамандатқыр, көп жылқы,
ұстатпадың ешбірің.
Қорлығы өтіп барады,
Өштесіп жүрген өштінің.
Мен жолымнан қалдым ғой,
Айналайын, шұбар ат,
тәуір екен кескінің.
ісін қылма осқырып
дөнен менен бестінің.
танымайсың егеңді
Жаңа талап өспірім.
Мұны есітіп шұбар ат,
Қайта қарап тұрады.
исін алып шораның,
Артына мойын бұрады.
Айналдырып түрікпен деп,
Аңғарып әбден сынады.
таныған соң егесін,
оқыранып шауып кеп,
Қойнына басын тығады.
түрікпеннен көрген қорлығын
Айтуға шұбар тілі жоқ,
ымменен шағып жылады.
ұстап алып ер шора,
шұбардың басын сылады.
Алтын сулық, жүгенді
басына енді ұрады.
Қарғып шығып үстіне,
шұбардың басын бұрады.
бағанағы балаларға,
енді шора жөнеді.
Алды-артына қарамай,
шұбардың басын төгеді.
бесін боп қапты қараса,
бағана түсте кеп еді.
Қырық балаға «келемін
1930
1940
1950
268
268
269
ер шорА
Жылдам барып»—деп еді.
ойнап жатқан жерлері
Адыр-адыр жер еді.
ылди-төмен сырғытып,
төбеге шыға кеп еді.
бет алдына қараса,
болып жатыр тамаша.
ұрыс бопты қым-қиғаш,
Қылған жоқ ешкім араша.
тамалардың баласы
Жүзіне бірден келмейді
түрікпендерді санаса.
тек жүрген жоқ сөйтсе де,
ұрыс қып жүр жанаса.
басы қатып қырық бала
бір-бірінен адасса,
шетке шығып қашып жүр,
Жабылып түрікпен сабаса.
Қашқаны қайда құтылар,
Мың бала бірден қамаса?
бұл жерге шора келген соң,
ұрыстың түрін көрген соң,
ер шора енді құтырды.
етек-жеңін қайырып,
Қос телпегін жыпырды.
бір шетінен бұлардың
Ақ тұйғындай сыпырды.
кез келгенін алдына
көкпар қылып алады.
Қойға тиген бөрідей,
Қиратып кетіп барады.
Қамысқа түскен жалындай,
Жапырып кетіп барады.
Мұны көріп қырық бала,
көтеріліп қалады.
Арқасымен шораның
бәрі де шері болады.
Құтырған иттей талады,
Мың баланың қырық бала
1960
1970
1980
1990
270
бАтырлАр Жыры
270
271
Асығын тартып алады.
«Құдай бір, кезек екеу»,—деп
шеке тамыр салады.
Жұдырықтың астында
Жылтырап көзі қалады.
Қысылып жүрген жазғандар
әбден өшін алады.
әсіресе ер шора
Арыстандай ақырып,
Жүрегін жаман жарады.
Ақ тақырдан өткізбей,
Аққалаға жеткізбей,
Мың баланы ер шора
теп-тегіс қырып салады.
Мұны көріп Жанбай таз
бір қасып алды шекесін.
Қоятұғын кісі емес,
таныды шора көкесін.
Қашпағына ыңғайлап,
көздеді жолдың төтесін.
Ақ шанашын тастамай,
Арқасына шандиды.
Құстан қорыққан жиектей,
борбайына саңғыды.
шыбын жанның тәттісі-ай,
ыршып-ыршып қарғыды.
кіреріне көр таппай,
паналарға жер таппай,
ер шораның айбаты
Жердің жүзін тар қылды.
сасқанынан сандалып
Адасқаннан қаңғыды.
сол уақытта Жанбайдың
түсіп кетті кепеші.
Аппақ болып алыстан,
Жалтырайды шекесі.
Жарап жүрген үлектей,
салынып кетті өңеші.
барса да адам болмайды,
2000
2010
2020
2030
270
270
271
ер шорА
Жарылып кетті зәресі.
Жаны шығып қаңғырып,
Қаңбақтай ұшты денесі.
бар асығы шашылып,
Жанбайды Құдай ұрады.
шораның дауысын есітіп,
шырқырап жаны шығады.
ойға түссе, бой жазып,
Қырға шықса, бұғады.
шапаттап санын қамшылап,
Маңлайдан тері тамшылап,
Жарғағы қатып көтіне,
Өліп-өшіп зорға кеп,
Қаланың жетті шетіне.
Жылан қуған кісідей,
Қарап болмас бетіне.
еш адамға білдірмей,
ордаға кірді өкіре.
шапанын қойып көтіне,
отыра кетті аһ ұрып.
Ханға айтады Жанбай таз:
—Мен арызымды айтайын,
тыңласаңыз зарымды.
зорға жеттім асығып,
бір танам кетті шығын боп,
Асығым кетті шашылып,
Құдай ұрып тазыңды,
барақ итке талаттым
Өңшең жүйрік тазымды.
бөлтірікке ілдірдім
сұңқар, үйрек-қазымды.
нәрікбайдың шорасы,
таманың құзғын баласы,
Аман-есен ер жетсе,
түрікпендер, көрің қазылды.
шыбын жанның тәттісі-ай,
бауырым жаман жазылды.
Мен кісіні танысам,
тамаға аруақ бұрылды.
2040
2050
2060
2070
272
бАтырлАр Жыры
272
273
Ақ тақырды қан қылып,
Мың бала тегіс қырылды.
зорлық қылдың нәрікке,
болғандай-ақ қылымды.
әліби, енді сен өлдің,
Ала алмас түрікпен құныңды.
Мынау шора ер жетсе,
күң қылады қызыңды,
Құл қылады ұлыңды.
Адырайып, әлеке-ау,
Аламын деп шұбарды,
нәрікбайдың шорасын
сорыңа Құдай шығарды.
әлің келсе амалда,
Қондырма көзге шымалды.
Мынау шора ер жетсе,
Қалаға толар қосыны.
Менің айтқан сөзімді,
болмайды деме осыны.
тұлымдыңды тұл қылар,
Айдарлыңды құл қылар.
он үйіңе бір берер,
Қылады бақыр мосыны.
Қырық үй болар бағыңа,
бек болып шығар тағыңа.
ойлана бер, түрікпендер,
Аман қалар шағыңа.
Асықпасаң, әлеке-ау,
Жәбір жетер жаныңа,
әуес қылма шұбарды
Қараймасаң қаныңа.
ие болар жеріңе,
бек болар түрікпен еліңе.
Мынау шора ер жетсе,
Қонар шалқар көліңе.
тірідей сойып, әлеке,
тығар сабан теріңе.
әлеке енді тиярсың,
нан пісуші еді деміңе.
2080
2090
2100
2110
272
272
273
ер шорА
Атқа мінсе ер шора,
Жұртыңа салар бүлікті,
теріс кетер оң ісің.
Азды-көпті тыңдамас,
шабатұғын жолбарыс,
Мен түрінен шошыдым.
Мен тұрмаймын кетемін,
Қарахан, берші жол қаржы.
Айтып-айтып болды да,
Жанбай «батыр» құлады,
ұзынынан сұлады.
Жарылған екен жүрегі,
тазды Құдай ұрады.
Жаны шығып жығылып,
Ақыры өліп тынады.
сол уақытта әлекең
Қабағынан қар жауып,
Ханға бетін бұрады.
Қаһарланып ханына
былайша жауап қылады:
—Қылайын десем тамаға,
Қоймаушы едің еркіме.
Қырылыпты мың бала
Құтты болсын жұртыңа,
сыр алдырып дұшпанды,
Айналдырдың сыртыңа.
Ашуланып әлекең
сөйледі ханға жұлқына:
—Хан емессің, қасқырсың,
Қас албасты басқырсың.
Хан емессің, қатынсың,
Қатыннан жаман отынсың.
Мың балаңды қырғызып,
неғып тірі отырсың?
сол уақытта түрікпеннің
күңіреніп кетті қаласы,
Мың баланың шуылдап
18–253
2120
2130
2140
2150
274
бАтырлАр Жыры
274
275
Атасы менен анасы.
Қаһарланып тамаға,
әліби болды барасы.
тоқтатуға Қарахан
келмей қалды шамасы.
Қолынан келсе әліби,
Алады басын шораның.
—нағып тұрсың, түрікпендер,
Қырылды бәрі баланың.
Қайсысына берер бақ,
Аруақ кімге болар жақ,
әліби мен шораның
шұбар ат болды таласы.
кімге төтеп бергендей
Айналдырған бір қырық үй.
Құдайдан қуат болмаса,
тамалардан кетті күй.
шұбарға құрық салмаққа,
шораның басын алмаққа,
Қырық жігітін ертіп ап
Жүрмекші болды әліби.
күлсары атқа мінеді,
Қару-қапшық қам қылып,
Үстіне сауыт киеді.
тамаларды шапқалы,
Ат құйрығын түйеді.
ұстады қатты долдығы,
Қаһары қатты биі еді.
Қолынан келсе қылмаққа,
тамаларды қырмаққа,
көргелі күшін шораның
әліби енді мінді атқа.
әміріменен әлінің
Қырық жігіт шықты аттанып.
Қаһары қатты неме еді,
теріске сие айналып,
Асынғаны ақ полат,
Жанына сала байланып,
сәулетпенен әліби
2160
2170
2180
2190
274
274
275
ер шорА
Қаладан шықты сайланып.
Қолынан келсе шораға,
Қылмағына ойланып.
Қараханның, жақсылар,
Жоқ еді, сірә, қастығы.
біріне-бірі ата бала еді,
бар еді байға достығы.
тоқтатып биді басарға
Ханның болды жастығы.
тиіп еді көңіліне
әлібидің мастығы.
күші келсе әліби,
шораға тықыр таянды.
дұшпаны еді ежелден,
Қараханға аян-ды.
зорлығына сүйеніп,
көңілінен шайтан жай алды.
Қол астында бар екен
Ханға жақын жасауыл.
Жасауылдың аты екен
Қаратиын бекауыл.
ептестірген ер еді,
ерегіссе екі ауыл.
Жасауылды шақырып,
Хан қасына алады,
еш адамға білгізбей,
Құлағына салады:
—әліби қатты ашумен
бүлдірер барып нәрікті.
тыныш қоймас ол залым
Ауып келген ғаріпті.
басып қатты азуын,
баласына кәдік-ті.
ойланбасын бекер деп,
бұл сөзім менің анық-ты.
нәрікбайға сәлем де,
Аяр деп ойға алмасын.
есіркемес ол залым,
басына киді қарасын.
2200
2210
2220
2230
276
бАтырлАр Жыры
276
277
Қолынан келсе әліби,
Құртып кетер шарасын.
тарту қылсын шұбарды,
есіркесе баласын.
шорасына бір қатер,
нәрікбай қапыл қалмасын.
не болады мал шіркін,
Аямасын шұбарды.
Жазым қып алар жазған шал
Өлгенде көрген баласын.
бұл айтқанды қылмаса,
шора бір іс бастасын.
Ханы бар деп артында,
Менен қорқып саспасын.
шамасы келсе шораның,
әлібиді өлтіріп
Жонынан алсын таспасын.
сау қоймасын тірісін,
Қаңқайтып өңкей шошқасын.
ойламас мені ханым деп,
не қылсын жұрттың басқасын?
бұл сөзді айтып Қарахан
Жасауылға мінгізді
Қанатты қара жорғасын:
—Жылдамырақ бара көр,
көріп қойып әліби,
тағы бір пәле болмасын.
бір Құдайға тапсырдым,
әулиелер жар болып,
Аруақтар қолдасын.
Ағып кетті жорғасы,
Қоя берді ол басын.
әлібиге көрінбей,
Асығыстап судың жылғасын,
Жануар желдей еседі,
табаны жерді теседі.
әлібиден ілгері
тапты барып жасауыл,
2240
2250
2260
276
276
277
ер шорА
нәрікбайдың ағарған
Алты қанат ордасын. Достарыңызбен бөлісу: |