|
бере қойса бір бала,
отырар ма едік біз ғаріп
Жеркеніп оның боғынан.
бара алмадым мен тойға,
бір баланың жоғынан.
ұлсыз адам көр екен,
Қызсыз адам зар екен.
ұлсыз-қызсыз ғаріпке
бұл кең дүние тар екен.
Жас күнінде жігіттің
Қызыл гүлі жар екен.
баласыз тойға бармағың,
басыңа қиын ар екен.
Жинаған иесіз дүнием
840
850
860
870
240
240
241
ер шорА
далаға біткен мал екен.
Айналайын, Құдай-ай,
Мүсәпір біздей ғаріпті
есіркер күнің бар ма екен?
дүние жинап не етейін,
Жауап берсең Құлқаныс,
Мен Меккеге кетейін,
Жылап жүріп, Алладан
бір бала сұрап өтейін.
Жарылқаса жаратқан,
Мұратқа сөйтіп жетейін.
Құлқаныс сонда сөйледі:
—екеуміз бірдей жыласақ,
Жарылқар ма екен Құдайым?
Жетісіп жүр ғой дейсің бе,
Менде де көп қой уайым.
елуге жасым келгенше
Жылатып қойды Құдайым,
Жаратқанға, білмеймін,
неден де болды күнайым?
Айдынды туған әліби
бір күні мінер атына,
ісін істер батыра,
Малыңа салар құрықты,
басыңа салар сырықты.
Қой дейтұғын әл қайда,
Жанашыр бізде туған жоқ,
Ағайын жатыр шалғайда.
ертең ерте тұрмасақ,
Қынай белді бумасақ,
Аянбай бейнет қылмасақ,
Үйде отырған кісіге
тегін жерден мал қайда?
байға малай жүргенге,
күнін кесіп қылғанға,
Асығып Құдай ұрғанға,
он екі ай бітпей жыл қайда?
отырған жері құр болған,
көкірегі кір болған,
16–253
880
890
900
910
242
бАтырлАр Жыры
242
243
көңілі қара жер болған,
саңырауы жоқ соқырға
Жарық ай мен күн қайда?
Қосына қоңсы жимаған,
сатарға малын қимаған,
шығымы жоқ байларға
сатып алмай пұл қайда?
әулие қоймай кезбесек,
Ағайыннан безбесек,
тыныштықты көздесек,
біздей ғаріп байғұсқа
тегін жерден ұл қайда?
нәрікбайды Құдайым,
есепсіз малға бай қылды,
төрт түлікке сай қылды.
Құлқаныстың зарынан
Қырық үй тама қайғырды.
Жолығар еді қай дұшпан,
есім ер болса айдынды?
әулиеге жүрмекке,
Ақ жолына кірмекке,
тоқсан тоғай жылқыдан
ұстады нәрік айғырды.
дария тасып, су алса,
кетеді көлдің қотаны.
тоқсанда қысса қатты қыс,
тоңдырар тоны жұқаны.
Қолына алып асаны,
басына ұрды дәстаны.
көкірегі саналы,
көзінде тола жасы бар,
Жалаңашқа тон беріп,
тойындырды аштарды.
Құдай ісін оңласа,
бір жолға нәрік бастады.
Қойдың ішін аралап,
Айырды нәрік қошқарды.
нәрікбай және сөйледі:
920
930
940
950
242
242
243
ер шорА
—Жаңа түсті есіме,
Ағайын-туған азамат.
көрсетті қорлық түрікпендер,
Қиын екен бөтен-жат.
Қазанда жатқан тамаға
есітер ме екен, қылсам дат?
әліби залым алмаққа,
зорлықпен құрық салмаққа,
Жануарым, шұбар ат,
егесіз малдай қылмаңыз,
Арамға мойын бұрмаңыз.
тоқсан тоғай жылқымды,
көп дүние-мүлкімді,
Алтайы мен құлпымды,
Қырық үй тама, жолдасым,
сіздерге қойдым аманат.
Айналып тағы келерміз,
сақтаса Алла саламат.
Жаратқан егем жар болып,
әулие қылса кәрәмат.
Жақсы-жаман тірлікте
не көрмейді адамзат?
тамалармен қоштасып,
Құшақтасып көрісті.
Құлқаныстың ақ жүзі
Үр қызындай келісті.
Қыдырмаққа жер жүзін
темірден киді кебісті.
Артып алды түйеге,
түрлі алуан жемісті.
Қаріп пенен қасірге
Жол үстінде берісті.
нәрікбай мен Құлқаныс
сусыны еді қант пен шай.
тілегі болып бір бала,
сиынғаны бір Құдай.
шешініп рахат қылмайды,
беліне кемер байлайды.
960
970
980
990
244
бАтырлАр Жыры
244
245
Үш күн жатып тілейді,
тілеуін тілеп жылайды,
«Қолдай көргін пірім,—деп,
бақауадин нағышпан».
күндіз тыныштық көрмейді,
ұйқысы оның келмейді.
бір таңға көңілін бөлмейді,
ойын-күлкі жыртаңға.
түнеді үш күн ғаріптер,
әзіреті сұлтанға.
түркістанда түмен бап,
сайрамда бар сансыз бап,
отырарда отыз бап,
ең үлкені Арыстан бап.
әулие қоймай қыдырып,
бәріне түнеп қылды сап.
түнесе де бәріне,
болған жоқ әлі ешбір гәп.
Жыласа да жазғандар,
ійіген жоқ екен жарылқап.
инеліктей ілініп,
инедей шөпке сүрініп,
Аяғынан әл кетіп,
табаны тасқа тілініп,
Жіңішкерді шөптей боп
еттері қашып, сылынып.
Ауқат жерге әлі жоқ,
Аш күзендей бүгіліп.
тәрк қылды дүниені
ғаріп жаннан түңіліп.
ортасында бір есек
шаршағанда мініліп.
Қай жерде жаяу жүреді,
етегін белге түрініп.
әуре болды ғаріптер,
әулие қоймай қыдырып.
киімдері тозып, кірледі,
етегін шеңгел сыдырып.
тыныштық, сірә, көрмейді,
1000
1010
1020
1030
244
244
245
ер шорА
еш жерге тоқтап кідіріп.
Жатып тақат қылмайды,
бір сағат тоқтап кідіріп.
Айлық жолды басады,
сапарға әбден шынығып.
екеуі бірге жатпайды,
рақат қылып жылынып.
соншама көп әулие,
ешбірінен жазғанға
болмады аян білініп.
әбден шаршап ғаріптер,
Ақылынан ауысты.
Алты айшылық жол жүріп,
Ап шыққан малды тауысты.
Үш күн жатып көреді,
әзіреті Қауысты.
Жалғыз-ақ қалды көк қошқар,
басқа малды тауысты.
кезек-кезек жетектеп,
Жолға қадам басыпты.
Аяғынан әл кетіп,
Жүзінен қаны қашыпты.
зорға жүріп ғаріптер,
Қаратаудан асыпты.
таудан арғы далада,
даладан арғы салада
ойдым-ойдым жер көрді,
Адыр-адыр бел көрді.
сол жерлерге келгенде,
бір Құдайым дем берді.
суы тынық айнадан,
бұлағы тасып қайнаған,
басында үлкен қайыр ағаш,
төңірегі жалаңаш.
Моласы жоқ, тамы жоқ
бір сұмдықты көреді.
бұлақтың арғы бетінде
басына әлем байлаған,
Ақ қарабас сұр жылан
1040
1050
1060
1070
246
бАтырлАр Жыры
246
247
шаңлақтап түбінде ойнаған
Ақ шеңгелге кез келді.
су ішкелі Құлқаныс
бұлаққа таман жүреді.
Қатарынан өткізбей,
иіліп келіп ақ шеңгел,
етегінен іледі.
кереметін Құлқаныс
Ақылмен ойлап біледі.
сүйініп іші Құлқаныс,
Миығынан күледі.
ешкімге мәлім болмаған,
бұл жерге келіп орнаған,
бабай түкті шашты әзіз,
білсеңіздер болады.
Қысылғанда жар болған,
Өзінің кәміл пірі еді.
бейшараға кез болып,
Жібермей тартып тұр еді.
Құлқаныс айтты нәрікке:
—шеңгелге мынау назар сал,
ғажайып жұмыс қылып тұр,
етегімнен іліп тұр,
еріп ішім жылып тұр.
көкірегім ашылып,
Қуанып көңілім күліп тұр.
бір керемет мұнда бар,
Ақылым менің біліп тұр.
осы араға түнелік,
бір сыр бар мұнда білелік.
Мұңымызды айтып жылайық,
Мінажат аққа қылайық.
нәрікбай сонда сөйледі:
—сандырамай жүре бер,
тірлікте кетпейді,
көңілімдегі қайғы-шер.
бір бала тілеп сандалып,
сандық-сандық шаштың зер.
Атан бердім, ат бердім,
1080
1090
1100
1110
246
246
247
ер шорА
бәрінен көңілім қап келдім,
бала тілеп болғанмын,
тілесең, өзің тілей бер.
Айтқанына нәріктің,
Құлқаныс жазған мұңайды.
Қапаланып қамығып,
Айтқанын нәрік қылмайды.
Жылайды қайтсін бейшара,
—осы арадан өтпелік,
Мұны тастап кетпелік,
Жібермей тұр ақ шеңгел,
етегімнен бұрайды.
көптің бірі бұ дағы
түнесек неміз құриды?
бұл сөзді айтып Құлқаныс,
Жалғыз түнеп қалады.
Аяғын буып қошқардың,
Ақ жолына шалады.
күндіз-түні зарланып,
нәрікбай жазған өкпелеп,
торсаңдап кетіп барады.
әудем жерге бармай-ақ,
екі аяғы талады.
кереметті әулие
шалға кісен салады.
Жата берді Құлқаныс,
бір Құдайға сиынып,
Мойнына салып бұршақты,
Қойнына жасы құйылып.
бір мезгілде ғаріптің
ұйқысы келді бұйығып,
көзі ілініп кетеді.
бұзылған көңілі тыйылып,
нәрікбай жатыр өкпелеп,
Жақтырмай мойынын жиырып.
сол уақытта, жақсылар,
көк есегі астында,
1120
1130
1140
248
бАтырлАр Жыры
248
249
Ақ сәлдесі басында,
Асасы бар қолында,
Өзі ақтың жолында,
Қалендерлер зіркілдеп,
зікір салған соңында,
бір диуана келеді.
«Жатырсың, балам, нағып?»—деп,
Асасымен түртеді.
—Құдайдың берер уақыты бар,
Қайырылмай кетті бай нәрік.
Мұныңды сенің жақтырмай,
торсаңдап тұра жөнеді,
Өкпелеген баладай,
кісендедім аяғын
бармай-ақ жерге анадай.
бабай түкті бабаңмын,
басыңды көтер, балам-ай!
сенің үшін, Құлқаныс,
дәргаһна Алланың
Алты барып, бес қайттым,
бесеуінде де бос қайттым.
көп жалынып қоймадым,
осы жолы құш қайттым.
Құш қайтқаным белгісі—
Жақсылық күні таянды.
Жаппар егем жарылқап,
бір ұл берді баянды.
Өмір жасы болды ұзақ,
кел, қолыңды жай енді.
Жалған емес бұл сөзім,
көрсеткенім аян-ды.
сол уақытта Құлқаныс
Жылап, шошып оянды.
көңіліне аян болып тұр,
Жаппар егем жарылқап,
ұйқысын ашып қараса,
Мезгіл екен таң атқан.
тұрушы еді қар жауып,
күн ашылды қабақтан.
1150
1160
1170
1180
248
248
249
ер шорА
Арсалақтап жүгіріп,
Асығыстап сүрініп,
нәрікбайды қарап жүр.
«табайын,—деп, қаяқтан?»
Қуанғаннан Құлқаныс
Жылап жортып, шауыпты.
Аса алысқа бармай-ақ
Жақын жерден тауыпты.
Жатыр екен бейшара,
нәрседен қылмай қауіпті.
шешініп киім төсеніп,
Үстіне шапан жауыпты.
баламенен ойы жоқ,
ұйқыға көңілі ауыпты.
нәрікбайды көрген соң,
Жасаурап көзі мауықты.
Қысылып жүрген жазғандар,
іздеді енді сауықты.
—нәрікбай, тұрып киінші,
етек-жеңің жиыншы.
бұрынғыдай бос болмай,
бұл сөзге бер сүйінші.
бабай түкті осы екен,
бір құданың досы екен.
Өкпелемей бабаңа,
Жүзіңді бермен үйірші.
көрсетті маған аянды,
Жақсылық күнім таянды,
бір бала берді баянды,
берсеңші маған сүйінші!
сол уақытта нәрікбай,
көкірегі кірілдеп,
былшық басып кірпігін,
көзінің алды іріңдеп,
Жарыла жаздап жүрегі,
буындары қалтырап,
орнынан қарғып тұрады,
«Қолдай көрші, пірім!»,—деп.
1190
1200
1210
1220
250
бАтырлАр Жыры
250
251
Қуанған мен қорыққан бір,
көрмеген бұрын мұндай сыр,
Жасы көзден ағып тұр,
екі езуі күліп тұр.
«не сыр көрдің, Құлқаныс,
Айтшы маған бүгін»,—деп,
сол уақытта нәрікке
Құлқаныс айтты көргенін.
бабай түкті бабасы
түсінде аян бергенін.
Өмір жасы ұзақ боп,
Артынан бала ергенін.
Жалған емес бұл іске,
рас деп көңілі сенгенін.
—бұл сырды көріп мен саған,
сүйінші сұрап келгенім.
—олай болса, Құлқаныс,
беріп саған сүйінші
тоқсан тоғай жылқымның,
көп дүние мүлкімнің,
Алтайы мен құлпымның,
Аман-есен ел көріп,
Артымнан менің бала еріп,
Арманым жоқ Құдайға,
ішінде өлсем жұртымның!
сүйіншіге берейін,
Маңдайдағы барымды.
Қабағымды шытпайын,
ойып алсаң санымды.
ұлсыздың үні шықпайды,
кетірді дұшпан сәнімді.
рас болса айтқаның,
Жүрегім менің жарылды.
Құлқаныс айтты нәрікке:
—ұзатпа енді сөзіңді,
Ақ бетіме қарашы,
Алақтатпай көзіңді.
кідіріп неғып отырсың,
ойнайтұғын кезің-ді.
1230
1240
1250
1260
250
250
251
ер шорА
сүйіншіге ұнаттым,
ұнасаң, сенің өзіңді.
сол уақытта екеуі
Астына төсек салыпты.
көріп тұрған ешкім жоқ,
оңаша елден алыс-ты.
көңіл етіп жездеңіз
Апаңызға барыпты.
киімдерін шешініп,
бір-біріне дарыпты.
кәрі боздай шөмеңдеп,
түзетті бабаң шабысты.
Қартайса да нәрікбай,
бермеді қолдан намысты.
Құшақтасып аймалап,
бетіне-беті жабысты.
көңілдері тынған соң,
ойланды елге барысты.
нәрікбай көңілі тынып ел ізденді,
Құдайым енді қубас дегізбейді.
Қайтыпты екеуі де елге таман,
«Құдая, жеткізгей,—деп есен-аман».
Арада айлар өтіп азып-тозып,
Жеткенше болып қапты талай заман.
Қуанды Құлқаныстың өсіп іші,
Айдай боп он төрттегі рең-түсі,
былқылдап тұла бойы жуан тартып,
тойынды ішпей-жемей көрген кісі.
Қуанысып ғаріптер,
елге қарай жөнеді.
Айлар өтіп арада,
Жақындасып келеді.
неше күндей жол жүріп,
ел қарасын көреді.
келді деп нәрік шамаға,
Қырық үй қоңсы тамаға,
«сүйінші!» деп қуантып,
біреу хабар береді.
1270
1280
1290
1300
252
бАтырлАр Жыры
252
253
күдерін үзген ғаріптер
бұған қайтіп сенеді.
Қуанышты бәрі де
болған соң анық дерегі.
Қуанбай қайтсін ғаріптер,
бар еді нәрік керегі,
сақылыққа салғанда,
Артықша нәрік төре еді.
келетін жері нәріктің
әлі де күндік жер еді.
Қырық үй тама шуылдап,
Алдынан қойдай өреді.
Жақындасып келген соң,
бірін-бірі аман көрген соң,
Құшақтасып, көрісіп,
көзінің жасын төгеді.
нәрікбай сонда айтады:
—шүкір қылып, тамалар,
шуылдасып, жыласпа,
бейшаралық қыла бер,
ешкіммен қайрат сынаспа.
нелер келіп, не кетпес
тірілікте бұл басқа?
бергеніне Құданың,
пендесі шүкір қылмас па?
тамалар сонда сөйледі:
—Айналайын, Құдай-ай,
Жарылқар күнің бар ма екен?
Құлқанысты көрген соң,
көңіліміз біздің болды жай.
әрекет қылды әліби,
зор дұшпанның жаманы-ай.
Ағайынның азынан,
ұстады дұшпан жағадан.
басымыз есен, мал аман,
кеткелі сіздер қорадан
шығындап, өліп шыққан жоқ
тышқақ лақ, қотыр тай.
көрсетсе Құдай бір жарық,
1310
1320
1330
1340
252
252
253
ер шорА
көргеніңіз болса анық,
«сүйінші» десең болмай ма?
сол мезгілде Құлқаныс
әйелдің болды жуаны.
Жұртқа тұлға болғандай
бір батыр ақыр туады.
Құлқаныстан ұл туса,
сайыпқыран ер болып,
Қанменен бетін жуады,
Жерік болды үш айдай,
Өтпей-ақ аса уағы.
табатұғын ер қайда,
Жолбарыстың жүрегін
Жемекке көңілі ұнады.
Қуанышты кісідей
оң қабағы ұшады.
Жүрегіне түк батпай,
ішкен асын құсады.
Жерігі қанбай сандалып,
сары ауруға ұшырады.
нәрікбайдай жазғанды,
Ақылынан азғанды,
—Жолбарыстың жүрегін
тауып бер,— деп қысады,
тамағымды таппайсың
көңілім сүйіп ұнаған.
сарғайып, кеуіп өлдім ғой,
Жазған шал, саған не қылған?
Айтқанымды тауып кел,
ертерек барып жоныңнан.
көңілім менің қалады
Жолбарыстың жүрегін.
онан басқа ойым жоқ,
ісім жоқ шекер-балыңмен.
Мұны есітіп нәрікбай
Қарс жапты қабағын.
таппағын қиын көреді,
1350
1360
1370
254
бАтырлАр Жыры
254
255
Құлқаныстың тамағын.
«Жоқ нәрсені айтасың,
Қаяқтан іздеп табамын?»
Қиналса да нәрікбай
таппады сөздің амалын.
ойланады байғұс шал,
Айбалтасын қолға алып,
киеді сауыт жарағын.
тоғайдың түсіп жолына,
әркімнен сұрап келеді,
Жолбарыстың дерегін.
Қалың-қалың тоғайлы,
Қоғалы қамыс көл еді.
білінбеді бұл жерде
Жолбарыстың дерегі.
Аңлаусызда қабар деп,
Абайсызда шабар деп,
Қолына алып шақпағын
шаға-шаға келеді.
Абайлап басып аяғын,
баса-баса келеді.
Адамның ұлы баспаған,
Жерұйықтың кені еді.
топ-топ болып ауысып,
шулап жүрген бөрі еді.
иттің мұрны батпастай,
бір қалыңға кіреді.
бір шеткері қалыңнан
Жүре түсіп шабынған
бір жолбарыс көреді.
денесі қорқа береді,
Жуандығын қарасаң
бесті өгіздің беліндей.
Аузын ашып есінесе,
ойылған жаһит көріндей.
Жолбарыстан сескеніп,
нәрікбай жүрді көрінбей.
ойланады шабар деп,
барайын десе шегінбей.
1380
1390
1400
1410
254
254
255
ер шорА
Жолатпай тұр қасына
Жолбарыстың айбаты.
нәріктің неғып дарысын,
Алыстан қылған қайраты?
Қасына жақын бара алмай,
ешбір амал таба алмай,
пірлеріне сиынды:
—әуелі, Құдай құдірет,
Мүсәпір мендей пәндәңа
Жаратқан Алла, рақым ет.
Үмбетім деп қолдай гөр,
Құданың досы Мұқамбет.
он екі имам, төрт шармен,
сиындым сізге, бер медет.
Жалпы өткен пайғамбар,
әліме менің назар ет.
отыз үш мың саһаба,
тілеймін сізден дәремет.
Жәми өткен машайық,
баршаңызға сиындым.
Ала алмай мұны құр қайтсам,
Өлімнен жаман маған-ай.
кәрінен қорқып мен тұрмын,
шеріңнің түсі жаман-ай.
Қылыш шауып, атарға оқ,
келмеді менің шамам-ай,
Медет бер деп пірлерге,
сиынып тұрмын жағалай,
істерге амал таба алмай,
Жаман күнде жар болған,
бабай түкті шашты әзіз,
Ал енді сізге сиындым,
Қолдай көрші, бабам-ай.
Қолдан келер нәрсе жоқ,
пірімді медет қыламын.
нәрікбайды көрген соң,
орнынан шері тұрады.
Алыстан шауып ақыра,
Жете алмай жолға құлады.
1420
1430
1440
1450
256
бАтырлАр Жыры
256
257
тиген соң оғы пірлердің,
ұзынынан сұлады.
салмағымен күл-күл боп,
Қабырғасы сынады.
«Өзі жатып өлсін»,—деп,
бармады нәрік, шыдады.
біраз жатып шыңғырып,
шерінің жаны шығады.
Өлгенін анық білген соң,
кәріптің көңілі тынады.
«Қашқан жауға қатын ер»
әуелде қорқып жылады,
Қуанғаннан бейшара,
Құдайға шүкір қылады.
бір жолбарыс себеп боп,
пірлерін нәрік сынады.
кереметін көрген соң,
күмәнсіз нәрік сенеді.
Жолбарысқа алыстан
Абайлап нәрік қарады.
Арыстанның айбаты
Жүрегін қатты жарады.
тұлғасынан сескеніп,
Ақыл-есін танады.
Айналақтап алыстан,
Жақындап нәрік қарады.
Өлгенін анық білген соң,
Қасына жетіп барады.
Қолына алып қанжарын,
іші-қарнын жарады.
Өкпе-бауыр жүрегін,
суырып былай алады.
байлап алып жанына ,
Ауылына қарай салады.
неғып тұрсын кідіріп,
іздегенін табады.
бұ дағы пірдің жәрдемі,
Өзінен қуат болмады.
Мұны көріп Құлқаныс,
1460
1470
1480
1490
256
256
257
ер шорА
байға көңілі толады.
пісіріп отқа бауырын,
біраз мейірі қанады.
Аузына салса Құлқаныс,
шерінің еті бал татыр.
Қанды көбік тарқамай,
Қазаннан алып жеп жатыр.
Жерігі әбден қанған соң,
уақыты құш болған соң,
Жұртқа тұлға болғандай,
туады енді бір батыр.
тыңлаңыздар, жақсылар,
кезегімен сөз келер.
есіткенін құлақтың
Ақырында көз көрер.
тарығып барып жыласа,
Құлқаныстан ұл туса,
Ақ жарылқап күн туса,
әлібидің алдына
Асықпасаң кез келер.
Жерігі әбден қанған соң,
Құлқаныс болды көңілі жай.
«Жеткере көр, Құдай»,—деп,
Қуанып жүр нәрікбай.
Өзге әйелдей болмады,
көтеріпті он екі ай.
Қимылдайды ішінде
тулағандай асау тай.
бәйбіше бір күн білдірді,
Алдына сырық құрдырды,
Қағанағы жарылып,
суға толды жылғасы.
шыдай алмай толғаққа,
денесі әбден іседі.
Молдалардан жаздырып,
ішірткі алып ішеді.
Жолбарыстай ыңыранып,
шаранаға былғанып,
Мұғдарлы жерге жеткенде,
17–253
1500
1510
1520
1530
258
бАтырлАр Жыры
258
259
бала жерге түседі.
«ұл ма екен,—деп, қыз ба екен?»
байқады бәрі бұл істі.
ұл екенін білген соң,
Қуанып бәрі күлісті.
Қуанысып қатындар,
бірін-бірі жұлысты.
Ауып келген аз тама,
бәрі де болды ырысты.
сүйіншіге нәрікбай
Үлестірді күмісті.
көкіректен кетіп қайғысы,
көңілдері тынысты.
Жаңа туған жас бала
Ай жүзінен жарқын-ды.
тигізбеді бетіне
суық шамал, салқынды.
сүйінші сұрап жүгіріп,
біріне-бірі алқынды.
бесікке енді салсын деп,
Атын қойған алсын деп,
Алып қойды нәрікбай
Ат басындай алтынды.
бай-бәйбіше қуанып,
бір Құдайға сиынды.
Қапалық кетіп көңілден
Қуанысып сүйінді.
«Ханнан сүйінші сұра»,—деп, Достарыңызбен бөлісу: |
|
|