еш нәрсенің жөні жоқ,
бұ не деген күн болды.
буындарым тітіреп,
Жүрегім тола мұз болды.
басыма туса кер заман,
сүйектерім күл болды.
Қараңғы тұман орнады,
зұлмат кеш, түн болды.
Аңдыған дұшпан көп еді,
енді бізге сын болды.
Құзарда қуат беріп ең,
3530
3540
3550
170
бАтырлАр Жыры
170
171
кеңіте көр қырық шілтен,
Қысылып тұрған жер болды.
Жолың болсын, бар балам,
Мен ештеңе білмеймін.
Аман барып, аман қайт,
тілге аларсың ата-анаңды.
Атасы бата береді,
Атасынан бата алып,
Анасына еріп жөнеді.
Қасиетті ордаға
ертіп келді шешесі.
Үйде тұрған қамқапты,
Алтыннан соққан айдарды,
тілләдән кілт салады.
Алтын зерін, кемерін,
беліне әкеп салады,
етке салса, аңқ еткен,
сілтесе нарға, бүлк еткен,
оқ жыланның тіліндей,
шапса, кетер білінбей,
Аспақан соққан ақ балдақ[ты]
беліне байлап алады.
Меруерт телпек кигізіп,
Алтынды жүген, ақ сулық[ты]
оң қарына ілгізіп,
шешесі ертіп қасына,
баланы алып шығады,
Ақ зеңгірдің басына.
—Құлыным, шора, шырағым,
Атаңның айтқан жауабын,
есітті ғой құлағың.
екі бірдей қос мұңлық,
келгенінше сағынып,
Жолына қарап тұрамын.
Мына жатқан кермісін,
Өзімнің жерім демейсің.
Жау айғырға жат байтал,
көресің алақ белгісін.
3560
3570
3580
3590
170
170
171
ҚиссА нәрікбАй – шорА
Мынау тұрған Аққала,
екі қырық мың қайрақты,
солардың басы әліби
бізді қанша зарлатты.
Мына бір көл—Қоғалы,
Ат шаптырмас томары.
Ата жұртың бұл емес,
Қазаның жатыр жоғары.
Қоғалының бойында
он мың жылқың қойнында,
ол жылқының ішінде,
танырсың барсаң түсінен,
Қасына барма үркеді,
түсі суық кісіден,
күміс құйрық шұбар ат,
Мінсе деп саған ынтығар.
Жеткізсе тәңірім сәлемет,
шұбарыңды мінгейсің.
досың менен дұшпанды
осылайша білгейсің.
Мен садақа атыңнан,
ұмытпа балам жадыңнан.
заты шарып затыңнан,
бабай түкті шашты әзіз,
Қысылсаң қолдар бабаң бар,
есіңе алып жүргейсің.
насихатым бұл енді,
Қайда барсаң онда бар,
білгеніңді қыл енді.
Анасы бата береді,
Анасынан бата алып,
батыр шора жөнеді.
балалықпен жүгіріп,
еш адам жоқ қасында,
толмаған нәзік жасында,
сүрініп шықты ентелеп
бір төбенің басына.
бет алдына қараса,
3600
3610
3620
3630
172
бАтырлАр Жыры
172
173
ойнап жатыр мың бала,
Жер дүниені шаңдатып,
Жонды обаның астында.
ойнап жатыр қырық бала,
бұяғына қараса,
ер шораның қасында
тақиядай тақырда.
әлқисса, шора батыр ойлайды: «Мың бала қалай, қырық
бала қалай?»—деп. ойлайды да: «Мына түрікпеннің бала-
сы, мына таманың балалары ғой, бұл бала не себепті анау көп
балаға қосылып ойнамайды,—деп тағы ойлап,—мыналар көп
болғандықтан, қорқып қалған шығар»,—дейді де, олардың көп
балаға қосылмағанына ашуланып, ыза болып, әуелі бұлардың
жазасын берейін деп өзінің қырық баласына қарап жөнеді.
ыза боп шора келеді,
«Мың балаға бармайды,
Асығын неге алмайды,
сұрайыншы»,—деп енді.
Жасы кіші болғанмен,
періштесі артық неме еді.
ер шораны көрген соң,
Қырық бала сәлем береді.
«Қаласаң, жаным, мә асық»,—деп,
Асығын ап кеп төгеді.
Асығын бала алмайды,
ойынға назар салмайды.
Қырық баланы сөгеді:
—Қауыстың ұлы тамасың,
Қазаннан келген баласың,
туғаннан-ақ ел-жұрттан
тағы болып қалғансың.
Алдыңда ойнар мың бала,
оған неге бармайсың?
Асығыңды алып кеп,
Мені неге алдайсың.
балалар шулап жылайды:
—Жас та болсаң, ей, шора,
3640
3650
3660
172
172
173
ҚиссА нәрікбАй – шорА
ойласаң ақыл табасың.
Аңдыған дұшпан көп еді,
Жалғыз қайда барасың.
Құдайым қор қып жаратқан
Қазанның қырық үй тамасын.
нәрікбай мен күлқаныс
тірі болып отыр ма?
соны тастап зарлатып,
даладан нені табасың?
біз қырық үйлі тамамыз,
Қорлықпен от боп жанамыз.
Мың балаға барамыз,
ойнамаққа көңіл қып,
барсақ асыр саламыз.
«бір асығың олай,—деп,
бір асығың бұлай,—деп,
Қолқабыспен жүруші ең,
Жеткерді қоныс Құдай»,—деп,
Асықты тартып алады.
неше жерден жиылып,
шырқыратып сабайды.
Аузы-басы қан болып,
сабаса, ағаң талады.
сабағанмен тұрмайды,
шоқып, сабап басыма,
шеке тамыр салады.
несіне, шора, қинайсың,
Өміріміз сел болып,
Қорлықпен өтіп барады.
сонда тұрып шора хан,
пір назар қылған бейшара
оты жанып жүректен,
түгі шығып сүйектен,
Қайраты тасып білектен,
Ақыл-есі қалмады.
Ашуланып ер шора,
Жолбарыстай сілкінді,
Жайнап көзі жанады.
3670
3680
3690
3700
174
бАтырлАр Жыры
174
175
—есіктің алды ебейін,
күйген үрер көмейін,
рас болса бұл сөзің,
шекелеп саған не дейін.
көптігінен бөтеннің,
сірә, маған не пайда?
Жаман да болсам сендерсің,
тірлікте менің мерейім.
Жүр, жәкелер, соларға,
Жолығар заман болар ма?
түрікпеннен сендердің
кегіңді алып берейін.
егерде өлім келмесе,
Жолдарыңда құрбан боп,
сендер үшін өлейін.
Ақылым кетті әурелеп,
көк дауыл кетті созылып,
ыза болып балаңның,
көзінің жасы тізіліп.
Қырық адамды ертіп ап,
басты шора кіжініп.
шора мінген кер тайлақ,
кім кетпеген жылқы айдап.
бір бүлікті салмаққа,
Қиырдан қиын ойды ойлап.
бір анадан жалғыз тақ,
Жәрдем болғай әруақ.
Қайтарулы бүркіттей,
екпіні қатты сұғанақ.
Алтынды қылыш мойнында,
Жан көрінбей көзіне,
ызаланып, тығылып,
Қырық баланың сөзіне,
Қорлық көрдің дегенге,
Жетіп келді ер шора,
Жонды оба деген төбеге.
көзі түсті бұрқырап,
ойнап жатқан көбіне.
3710
3720
3730
3740
174
174
175
ҚиссА нәрікбАй – шорА
бір ой ойлап ер шора,
Қырық балаға сөйлейді:
—ей, қырық аға, қырық аға,
Айтайын ақыл мен саған.
сендер бұған барыңдар,
Азар болса мен үшін,
бір-бір талып қалыңдар.
Мен жылқыға барайын,
шұбарды ұстап алайын.
Атымды мініп келейін,
тәңірі оңдаса ісімді,
кегіңді алып берейін.
сол уақытта қырық бала,
барайын десе бара алмай,
екі ортадан қайта алмай,
барайын деп айта алмай,
ер шорадан қорыққаннан,
Жөнелді енді қырық бала.
Жолға түсіп қайқаңдап,
Қырық баланы жөнелтіп,
Жылқыға шора жөнелді.
Меруерт телпек, тайжағы,
батырлық киім киеді.
Жылқыда жүрген шұбар ат
нәріктен басқа кісіні
Алдына келсе, тістелеп,
Артына келсе, тебеді.
бір ұзап, екі аңданып,
шораны көріп таңданып,
Алдына шығып келеді.
сұлулығы шұбардың
киіктей болып таңланып,
Жібектен майда жалы бар,
Қарғығаны қақпандай,
ырғығаны сақпандай,
Құлпырған жүні мақпалдай.
Алтындай көзі жайнаған,
сағымдай болып ойнаған,
3750
3760
3770
176
бАтырлАр Жыры
176
177
пірден назар тапқандай.
Қаламдай болған құлағы,
от орнындай тұяғы,
Қашқан бөкен секілді,
Жануардың сияғы.
Жетіп келді ұмтылып,
Мінуге шора қызығып.
тіллә жүген осындай,
Аузын ашып шораны
тістемекке қымтанды.
Айналып артын береді,
Қос аяқтап теппекке,
икемдеп тағы келеді.
танымады шораны,
түрікпен бе деп еді.
ұстатпасын білген соң,
бір жартасқа шықты да,
шораның айтқан сөздері.
Жіберді жылап сол кезде:
—Атаңа нәлет, шұбар ат,
Алдыңа келсем, тебесің.
шынымен мені теппекке
икемдеп басып келесің.
Алжыған, ұрған, қу қақбас,
енді қайдан табады
Менен басқа иесін.
Мініп алып сорыңа,
Қамшы тартсам бауырыңа,
көкалаң шығар бояқтай,
иесі мұның қаяқта-ай.
ұстатпайды шораға,
ыза боп бала жылайды.
даусын естіп баланың,
Жел жағына шығады,
ық жағына шығады,
иісін алып баланың,
«нәрекемнің иісі деп,
Менің ием осы»,—деп,
ұсынып келіп тұрады,
3780
3790
3800
3810
176
176
177
ҚиссА нәрікбАй – шорА
Қояннан жаман бұғады.
Алтынды сулық, ақ жүген,
«бісміллә»,—деп ер шора,
басына жүген салады,
Өз қолымен ұрады.
пілге мінген кісідей,
Үстіне шора шығады.
Аққан судай бұлтылдап,
пірдей болып бұрқылдап,
Айдарында шораның
Алтын теңге жарқылдап.
тұяғына тас тисе,
от шағылып жылтылдап.
терлегенде шұбардың,
Адам бардай болмайды,
ор киіктей жалтаңдап.
Мауыты шекпен жанады,
Қашырлап сұлу манаты,
Жетіп келді ер шора,
шұбар атын ұнатып,
Жонды обаның басына.
Мыңға көзін салады,
Қырық баланы мың бала
Қуып кетіп барады.
Өз білгенін мың бала
Қылып кетіп барады.
бір баланы он бала,
ұрып кетіп барады.
көрді де шора құтырды,
сусар бөрік сыпырды,
таудан ұшқан тұйғындай,
Артынан қуа ұмтылды.
біреуін ұстап алады,
тақымына салады,
Құстай мойнын бұрады,
баладан сауал сұрады:
—Қаладан шыққан баласың,
Артыңнан шора қуғандай,
басыңа заман туғандай,
12–253
3820
3830
3840
3850
178
бАтырлАр Жыры
178
179
Қайда кетіп барасың?
түрікпеннен шыққан баласың.
—таудай менің талабым,
Қырық үйлі қоңсы ауған ел,
балаларынан таманың
Асығын тартып аламын.
баланың айтқан сөзі бұл:
—Қайрақты еді бабамыз,
Аққала дейді қаламыз.
Атамыздан қалған жем,
Қырық үйлі тамамыз.
тамадан келген баланың,
Асығын тартып аламыз.
сүйегіне таңба қып,
шеке тамыр саламыз.
Алдандырма, антұрған,
Жібер мені тезірек,
олжадан құр қаламыз.
ыза болып ер шора,
баланы басқа бір салды.
бір салғаннан не қалсын,
сеспестен жатып қалады.
Мың баланы мың салды,
Жүз баланы жүз салды.
Қойға тиген бөрідей,
шетінен қырып өлтіріп,
тоғайға түскен шоқтай боп,
көп қамысқа өрт жүріп,
Мың балаға бермей аман,
Мыңына түсті ақыр заман.
лашындай ұмтылып,
бидайықтай сыпырып,
Қырғанына қызығып,
Қырды шора отырып.
бағанағы қырық бала,
шықты-ай былай құтырып.
Атой беріп ұста деп,
Артына бала қарады,
3860
3870
3880
3890
178
178
179
ҚиссА нәрікбАй – шорА
ер шораны көреді,
Арқа сүйеп келеді.
етегіне балалар
Асықты тере береді.
олжаға батып қалады,
Өшіккені соншама,
Өліп жатқан балаға
шеке тамыр салады.
сол баланың ішінде,
Жасар жасын жасаған,
Жақ сүйегі босаған,
Қызыл таз деген бар еді.
соны көре қашыпты,
тез кетсем деп сасыпты,
Құмарпаздығы соншама,
Құнан қара өгізге,
теңлеп шыққан ойынға
екі шанашы асық-ты.
бір шанашын арқалап,
сай қуалап жөнеді.
«шора мені көрер,—деп,
көрсе жазам берер»,—деп,
әлібидің ақ сарай
шарбағына енеді.
Алма теріп отырған
әлібидің қызы еді.
Ақсұлуды көреді,
Ашумен келген Қызыл таз[дың]
Ақсұлуға айтқан сөзі еді:
—бір өлмек екен бір туып,
Ақ ісінде жоқ еді.
Жасы ер жетіп шораның,
Мың баланы қуыпты.
Жақсылық деген жуық-ты,
сүйінші берсең, Ақсұлу,
шора байың туыпты.
нәрікбайдың жалғызы
салды үйірге бүлікті.
бақан менен сырық-ты,
3900
3910
3920
3930
180
бАтырлАр Жыры
180
181
Жылқышы келер құрықты,
кегін алып әкеңнен,
Мың баланы қырыпты,
Мені мұндай қуыпты.
Қуып тықты алдыңа
Мен сияқты саяқты.
Асықпасаң, Ақсұлу,
к…ңе тығар таяқты.
шорадан көрдім қорлықты,
әліби әкең қаяқта.
Ақсұлудың сөзі бұл:
—Құдай атсын, Қызыл таз,
келме менің қасыма.
иісің жаман күлімсі,
көлге барып жуыншы.
Мұнда неге қысылдың,
не кеп туды басыңа.
Менің әкем әліби,
Қараханның қасында,
Алтын тағы астында.
Жазасын берер шораның,
Қызыл таз, сорлы шошыма.
Аптыққан таз жөнеді,
Адырайып келеді,
Хан қасында отырған
әліби мұны көреді.
әлібидің сол уақытта,
тазға айтқан сөзі еді:
—Адырайған Қызыл таз,
Желке шашың ұзын таз.
Артыңнан біреу қуғандай,
басыңа заман туғандай,
неғып жүрсің аптығып,
Өз-өзіңнен бүгін таз.
сол уақытта бұларға
Қызыл таздың сөзі еді:
—ей, әліби, әліби,
көретұғын көз отыр,
3940
3950
3960
3970
180
180
181
ҚиссА нәрікбАй – шорА
сөйлейтұғын сөз отыр.
әр сөз айтсам тыңлаушы,
падишаның өзі отыр.
Азға теңдік жоқ деуші ең,
көпке теңдік көп деуші ең,
Мың баланы қырдырып,
Жорға тазың кеп отыр,
Аз теңдігін ап кетті.
ей, Қарахан, Қарахан,
Ата туған бала хан,
тыңда менің арызымды,
көтер менің назымды.
Мың баланы қырдырып,
келтірді шора тазыңды,
Қуып келді алдыңа,
Қаңғырлатып қазыңды.
нәрікбайдың шорасы
Арыстан болып туыпты.
Мың баланы өлтіріп,
Мен сияқты тазыңды
Қорғалатып алдыңа,
Қуып келіп тығыпты.
балпаң-балпаң бал ішіп,
балпаңдаған мырзаңды
байлағандай көрінді.
Аяқ-аяқ бал ішіп,
Алшаңдаған мырзаңды
Айдағандай көрінді.
Қорыққаныма болмаса,
шора менің көзіме
әлдеқандай көрінді.
осы отырған кәпірге,
әлібидей қоңызды
шайнағандай көрінді.
Айдарлыңды құл етер,
бүгініңді жоқ етер.
көргенім шайтан болмаса,
Қырық үй қоңсы тамаңды
Қырық қақпалы қалаңа
3980
3990
4000
4010
182
бАтырлАр Жыры
182
183
Алып келіп, бек етер.
ора төбе кімдікі?
Қарарлы болса хандікі.
ішіне тұмар қалатқан,
сыртына болат жалатқан,
Қаласын биік жаздырған,
орын терең қаздырған,
түн болса мыршар күзеткен,
көшесін күнде түзеткен,
түрікпен соққан Аққала
шоранікі емей кімдікі?
нәрікбайдың шорасын
Алдап-сулап қасыңа ал,
Қасыңа ал да басын ал,
Алдап басын алмасаң,
Жиып алар малыңды.
бір пұлдай көрмес арыңды,
басыңнан алар бағыңды,
ертерек қылғын қамыңды.
ерте қамды қылмасаң,
Арыстан алар тағыңды.
Алтын тақтың үстінен
Ағызар бір күн қаныңды.
бұл сөзді халық Қызыл таздан есітіп, ақылы сасып, зәресі
ұшып: «шораның атасы қу, анасы сұм, қу мен сұмнан жақсы бала
туа ма?—деп әліби ханға,—рұқсат беріңіз, барып нәрікбайдың
сақалын кесіп, шораның ерінін тесіп, кұлқаныстың шашынан
байлап ат көтіне салып, құйрығына байлап алып келіп, сіздің
арбаңызға қоймаса болмас екен,—деп, қырық үй таманы алып
келіп, қырық дарбазаның аузына қондырып, дерегін білдірмей
жіберсем болмас екен». сонда жасынан дана туған Қарахан
бала ойлады: «тама бейшаралар өлмесін білген екен»,—деді.
әліби Қараханға айтты: «тамалардың бірін қоймас едім, сіздің
қадіріңізді сақтап, сізге қорғалап, паналап келген еді деп едім.
енді маған рұқсат бер,—деп, есіріп қалған екен, мұның бірін
аман қоймаймын,—деп ашуы келіп, орнынан қарғып тұрып,
тамаларды қырып, жойып, тамам қылайын»,—деп елірді. деген
соң әлібидің түгі шығып, қырық жігіт ертіп алып, қаңтардағы
4020
4030
182
182
183
ҚиссА нәрікбАй – шорА
қара бурадай күркіреп, жыны түскен бақсыдай зіркілдеп жөнеді.
енді бала Қарахан әлібиге рұқсат бергеніне қапа болып: «шора
болса жас, әліби болса қу еді, қабырғасы қатпаған жас баланы
оқшы қылып қоймаса жарар еді»,—деп, Қаратиын бекеуілді
жұмсады,—«оқшы болмаса, қапы қалмасын»,—деп. Қаратиын
бекеуілі ешкімге көрінбей түн ішінде келіп, нәрікбайды оятып,
Қаратиын бекеуілдің айтқан сөзі:
—келдім өзім көрінбей,
әлібидің алдынан.
Мүсәпір болсаң сен болдың,
Анаңның туып қарнынан,
көрмеген қорлық қалмады.
басынып кеткен әліби
Аттанды сені алғалы.
шайтандай болып тағы да,
дұшпандығын қамдады.
Айтқалы келдім бұл сөзді,
Жасырынып көрінбей.
бармасаң, нәрік, аулыңа,
Жетілді дейміз жеткіншек
Қанатыңды бүгінде.
кімге тәңірі береді,
шын нәрседен түңілме,
Мың баласын өлтіріп,
әлібиден кек алдың.
Өліп кетсең бүгінде,
Арманың жоқ түбінде.
Қолыңды қойып төбеңе,
Малыңнан бездің бір күнде.
Ал аттанды әліби,
Қамыңды жегін, тамалар,
Жолықтың тағы сүргінге,
Айтқалы келген сөзім бұл.
бардың ба, нәрік, үйіңе,
бала шора қай жақта?
батырым көзге көрінсін.
Қолыңнан келген іс болса,
батырлар неге ерінсін.
4040
4050
4060
184
бАтырлАр Жыры
184
185
сен адам болсаң болады,
Жамандар жайды не қылсын.
әлің келсе, ер шора,
Қайрақтыдай дұшпанның
Қылыштан өткер көбісін,
батыр шора сен болсаң,
Анық туған ер болсаң,
әлібиге талап қыл.
дабысың елге білінсін,
дұшпанның көңілі сөгілсін,
достың көңілі семірсін.
әлібиді өлтірсең,
ерлігің көзге көрінсін.
дұшпан болған теріс ауыз
ит етіңе семірсін.
дұғай сәлем деді хан,
Жандай достым нәрікке,
нәрікбай деген ғаріпке.
нәріктің ұлы шораға,
шора деген балаға,
шора менің теңлесім.
Аттанып кетті әліби
Мені жіберді демесін,
көңіліне келмесін.
сонау кеткен қырқының,
әлің келсе қоғамға,
Қолың келсе орамға,
біреуі тірі келмесін.
Артында бар Қарахан,
Құнын сұрар демесін.
Жана шора сырласым,
Жасы кіші болғанмен,
заманы бірге құрдасым.
Өз әкесі біледі,
әліби деген доңыздың
Қолымнан менің келмесін,
Ауып келген жеріңнен,
не себептен еліңнен.
ешкім хабар алмады,
4070
4080
4090
4100
184
184
185
ҚиссА нәрікбАй – шорА
келгеннен соң өзіңнен.
Қараханды бала қып,
шыныңды айттың көңліңнен.
сен жылап жүрген күніңде
сүйегіміз егілген.
Өз әкемдей сыйладым,
әліби ұрды темірмен.
кетті әліби аттанып,
тыныш болмас сенімен.
әуелі сені алдайды,
әріптің қылып сөзімен.
«балалық қылып сөзіме,
дос болад деп өзіне»,
сеніп қалма көңіліңмен.
дос болмасын онымен,
Жана бір сөз айтайын,
әкеңдей ойла мәнісін.
сен сенгендей әліби
әкеңменен ел емес.
әлің келсе барлығын,
Жұмсайтұғын дер кезі[ң].
салғаннан қырдың мың бала,
күңіренттің, батыр, еліңді,
бір қауым жанды жылатып.
Өзіңді-өзің парықта,
Өзің бала, өзің жас,
әлібиді оңай көрме енді.
нашарлық қылып толмасаң,
ұрысар көңілің болмасаң,
Қайтар ма екен райдан,
Атыңды тартып алдасаң.
басында жоқ бұ бүлік,
Мың баланың елі бар,
Жоқтайтұғын жөні бар.
әкеңмен бір ат өш қылды,
енді берер кезің бар.
әлібиге ат тартып,
шора қорықты демеймін,
Айтамын істің жөнімен.
4110
4120
4130
4140
186
бАтырлАр Жыры
186
187
Өзінен бұрын хабар ал,
Жас баласың бейхабар.
Азулы жау арыстан,
Аңлысып қалған сенімен.
сен түгілі, ханынан қорықпайды,
ел емес, көрсем, менімен.
болғаным менің сөз айтып,
Қамданғын, нәрік, еліңмен.
бүгін боп тұр басыңа,
Азамат, ауыр малақат.
Өзіңдей біл біреуді,
ол да өзіңдей жамағат.
бүліндірген елімді,
Жалғыз, шора, шұбар ат.
пірің сенің зор деуші еді,
осы жол қылсын тәрбиет.
сыртыңнан дұға қылармыз,
Қараханмен біз жекжат.
бір тәңірге тапсырдым,
нәріктің ұлы ер шора,
Құдайың болса ақ пана.
Қамыңды же, тамалар,
Қалма деді арманда,
деп айтып, қайтып жөнеді.
«Ай, жаратқан, Құдай-ай»,–
деді сонда нәрікбай.
бейшара болған ғаріп бай,
түрегелді орнынан.
сын болар деп ойлаушы еді,
нәрекем әуел бұрыннан.
есіткен соң бұл сөзді,
Ақылдан танып қалыпты.
—Жатырмысың, шора, шырағым,
Алладан жетсін мұратың.
бекауылдың бұ сөзін
есітті ме құлағың?
Аттанды дейді әліби,
4150
4160
4170
4180
186
186
187
ҚиссА нәрікбАй – шорА
нешік айла қыламын.
тізесі батқан жау еді,
тұла бойым тітіреп,
Ақыл-есім қалмады. Достарыңызбен бөлісу: |