|
18
18
19
ҚиссА-и нәріктің ұғлы шорА бАтыр
Қазыналы Қазанды
кәуір алды дегенсін,
Анығын оның білгенсін,
Арыстаным, сұңқарым,
еңіреп жүрген шырағым,
Қолда қуат барында,
оған бармай тынар ма-ау?
Жетпіске келген қарт анаң,
сексенге келген қарт бабаң,
Қайта жасап, ұғыл тумаса,
Артыңда ұғыл туса да,
еңіреп жүрген шырағым,
сенің орның толар ма?
тоғыз ай, он күн көтерген,
дайғы қылдың күшімді,
Жандырдың оттай ішімді.
Жолдастыққа ерте көр,
керекті сүйген кісіңді.
тіл алмасаң бара бер,
Мен қайтейін, шырағым,
Қиямет күні болғанда,
көргізген тағы түсімді.
ерінсең ермек етерсің,
көзге күйік қылғанша,
көзі жайнап тұрғанша,
Алып кет тағы, шырағым,
Мына ақ сұңқар құсыңды.
әлқисса, сонда зарланып қарындасы шырын ағасы шораға
бір аз ғана сөйлейді:
—Ай, жан ағам, жан ағам,
кімге тастап барасың
Қырым деген шаһарыңды,
тоғай толған малыңды!?
Жүзі күндей балқыған /аңқыған/,
иісі жұпар аңқыған,
бұғағы судай толқыған,
кімге тастап барасың,
250
260
270
280
20
бАтырлАр Жыры
20
21
Ақ некелі жарыңды?
Артыңда даулы қылып барасың,
Алты биді өлтіріп,
Ақташы деген ханыңды.
Ай, жан ағам, сенен қалмаймын,
күндердің күні болғанда,
басқа тарлық түскенде,
Өзімді-өзім бұғаздап,
саған құрбан қылармын
бір шыбындай жанымды.
әлқисса, сонда қарындасы шырынға шора батыр назым
айтқаны:
—берген жанын өзі алар,
бір жасаған Құдайым.
Мені жаудан өлер деп,
Ай, күнім, жеме уайым.
Қазыналы Қазанды
кәпір алды дегенсін,
Анығын оның білгенсін,
далада шора болғанша,
Өзімді-өзім сынайын.
Қазанда бар-ды сендей арулар,
Аузы түкті сары орыс
теңдіксіз жылатып жүрді ғой,
Өзім шора болғансын
оған бармай қайтіп тұрайын.
әлқисса, сонда қарындасы шырын бір аз ғана шора батырға
назым айтқаны:
—Қазанды орыс аралап,
Қол салып па байы менен биіне.
есен барып, сау қайтсаң,
тұлпарыңды тоқтай /тоқлы/ шаппағыл,
түсіріп мін күйіне.
Жан ағам тірі жүргенде,
Аузы түкті сары орыс
290
300
310
20
20
21
ҚиссА-и нәріктің ұғлы шорА бАтыр
теңдіксіз қолы жетті деген не болар,
біз пақырлардың етіне.
сонда шора сөйлейді:
—Аспандағы көп жұлдыз,
Аумайтұғын орнынан
темірқазық сен едің.
Жер үстінде көп адам,
табаны оның таймайтұғын
Арыстан туған мен едім.
орнынан темірқазық аумаса,
Аспаннан тас бұршақтай жаумаса,
тізгін тартып тоқтаман,
Ай, күнім, қош аман бол, жөнелдім.
әлқисса, шора менен Құлыншақ батыр Қазанға бара
жатқанда ноғай елі ішінде ару Мақтым деген қыз шораның
Қазанға бара жатқанын есітіп, шора батыр оның үйіне тура ке-
ліп, қыз жоғары шарлақтан подзорны тұрба илан шора илан
Құлыншақ батырды қарап тұрған екен. шора жақын келген за-
ман ару Мақтым біраз ғана назым айтқаны.
—шора аттанып келеді,
Ақтанкері астында,
Құлыншақ батыр қасында.
шора арыстан сол уақыт,
тек он екі жасында.
оқалы бөркі басында,
Ақ сұңқары қолында,
орманбет бидің он сегіз мың ноғайы
Арыстан шора батырдың
Жүре тұрған жолында.
әлқисса, сонда тұрбаменен қараған Мақтым сұлу деген қыз
шора батырға қарап сөйлегені:
—сымбатыңа қарасам,
Қара емессің, төресің.
Қара да болсаң, бола қал,
Қарадан артық туған данасың.
320
330
22
бАтырлАр Жыры
22
23
оң қолыңа, шырағым,
Ақ сұңқардан құс алып,
оқалы бөркің басыңда,
Арыстаным, жөнің айта кет,
Мен біліп бір қалайын,
Қай сапарға барасың?
әлқисса, шора батыр Мақтым сұлуға қарап, біраз ғана на-
зым айтқаны:
—төре емеспін қарамын,
көкістің ұлы тамамын,
тама ішінде шыбамын,
нәріктің ұғлы шорамын,
Мен Қазанға барамын.
Қазыналы Қазанды
кәуір алды дегенге,
Қайрат ете барамын.
Мақтым сөйлейді:
сонда Мақтым сөйлейді,
сөйлегенде бүй дейді:
—шора батыр сенбісің,
нәрік ұғлы сен болсаң,
ноғайлының ішінде
Ару Мақтым мен едім.
сен артық па, мен артық,
иә болмаса, теңбісің.
Ай, батырым, арыстан,
егер берсем қолымнан
тәтті тағам жеймісің.
Қазыналы Қазанды
сол кәуірден айырып,
Қайта бағыт қойғанда,
Алдымда сұлу Мақтым бар ма дермісің?
340
350
360
22
22
23
ҚиссА-и нәріктің ұғлы шорА бАтыр
Әлқисса, сонда Шора батыр Мақтымға сөйлейді:
—Қаратасың қасыңды,
шығарасың шашыңды,
Үбрешіммен қаптаған
сала бір құлаш шашыңды.
Жалғаншыға болар от-жалын,
көзден ағың төндірміш,
Қайғымен, жаным, ішіңді.
Ақ некелі болғаным,
ойындық бізден басылды.
Мақтым сөйлегені:
сонда Мақтым сөйлейді,
сөйлегенде бүй дейді:
—Жалаң қылыш беліңде,
ер қаруы ол еді,
Мылтығың жоқ мойныңда,
уайымың жоқ ойыңда,
бір күдік жоқ ойыңда,
Мұнан қайтіп өтесің,
Асқар-асқар тауы бар,
Ақ сабылдың алдында
Қырық мың әскер жауы бар.
оқалы бөркің басыңда,
Құлақшын бөркің сенің жоқ,
Үш тоқсан қаһары бар,
Жауатұғын қары бар.
берсең дәмім татпайсың,
Қайда барсаң оңарсың,
Мойныңда алты бидің қаны бар.
сонда шора сөйлейді:
—нәрікұғлы шорамын,
Мен Қазанға барамын.
Мен Қазанға барғанша,
Қар жаумасын, нұр жаусын.
Мен Қазанға барған соң,
Қар жаумақтан қан жаусын.
370
380
390
400
24
бАтырлАр Жыры
24
25
Хақ тілекпен шыққанмын,
тізгін тартып нең үшін.
әлқисса, арыстан шора батыр енді Қазанға барып, пішен
базарында Қабыл мырза дегеннің үйіне келеділер. Қабыл
мырза[ға] айттылар кәпірлер: «сізден салғырт үшін бір тауық
жұмыртқасы[н] алмаға келдік»,—дейділер. шора менен
Құлыншақ бұны естіп тұрыпты. енді Қабыл мырзадан шора
менен Құлыншақ: «бұ кәпірлер бұнда не қылып жүр?»—дейді.
Қабыл мырза жөнін айтыпты.
шора батыр бұны есіткен соң, ол кәуірлердің бастарын кесіп,
бірісін үйлеріне қайтарыпты. Қабыл мырза бұларды көріп
қорықты. шора батыр айтты: «кәпірден қорқып не қыласың.
Қандайлары болса да, иншалла тағала, жайына салармыз»,—
дейді.
сол уақыт кәпірден хабар келіп: «Қабыл мырзаның үйінде
шора батыр бар еміш. батырды ұстап алыңыз»,—депті.
Арыстан шора батыр бұны естіп бір назым айтқаны:
—исламбұл, Қазан екі шаһар
ежелгіден бері белгілі,
Мұсылманның медеу еді беліне.
бұрынғы адамдар тентек-ау,
Қалай етіп салдырған
Қазыналы Қазанды
шынты Мәскеу төріне.
еділдің бірге қосылып,
екі айрылған жеріне.
енді біздің бұ шаһарда
Жатуымыз қанды ғой,
тұруымыз енді не?
Қырым бір Қырым болғаны—
Қырымға қырық мың мешіт салғаны.
бұ Қырымның ішінде
Қорлықсыз өскен ер едім.
талшығыма күнінде
тайлы бие жер едім.
Қазыналы Қазанды
бұ кәпірден айырсам,
410
420
24
24
25
ҚиссА-и нәріктің ұғлы шорА бАтыр
Ай, Құлыншақ батыр-ау,
іс бітірдім дер едім.
Ақтанкерді әкелші,
ерімді ерлеп мінейін.
би киімімді әкелші,
Мұны үстіме киейін.
Мына тұрған кәпірге
Алланы үш мәртебе айтып тиейін.
Қазанның Қабыл мырзасы
Құлыншақ пенен шораны
Қыстай қонақ етіп сақтаған.
Алты мезгіл арпалап,
Ақтанкерді баптаған.
шора аттанып келеді,
Қазанда болған батырдан
Алпыс батыр ереді,
Жау қарасын көреді.
Жау қарасын көрген соң,
бұ жау бізге болмас деп,
Алпыс батыр тоқтаған.
Құлыншақ батыр ашудан
батырларды боқтаған.
шора аттанып шапқанда,
шораның жолын ашқанда,
батыр шора әруағы /ардағы/,
дария суы толып қаптаған.
Атқан мылтық өтпейді,
шапқан қылыш кеспейді,
шора түгіл Құлыншақтың етінен,
неге тайсын сертінен,
бұ қырылған кәпірдің
Қисабын алайын деп қараса,
он екі арба толады,
кескен секер құлақты.
шора аттанып келеді,
Ақтанкер аты астында,
Ақтанкердің тұяғы
Жерге тимей ойнайды.
шора арыстан шапқанда
430
440
450
460
26
бАтырлАр Жыры
26
27
сор[ы] қазандай қайнайды.
Қайрат етер халі жоқ,
кәпірдің көзі жайнайды.
бәрін бір жерге қырыпты,
Құлыншақ батыр алдына
Қойда[й] топтап айдайды.
бұ құлақты көрген соң,
пад[и]шасы бұйырды,
Жез пұтына сиынды.
екі жұма болғанда
Қазан[ды] алды кең төске,
Жүз мың әскер түйілді.
шора аттанып келеді,
күнді мұнар шалады,
кәпірдің көзін тұтады.
ер шораның әруағы
Аздаһа болып жұтады.
шора аттанып шапқанда,
шораның жолын ашқанда,
ер шораның әруағынан
бәйтеректер келіп құлайды.
бұрынғы Хазірет ғали келді деп,
кәпірлер шулап жылайды.
Үш уақыт шапқан құлаққа
Алпыс арба толады.
Қазандағы халқының
Мұраты сонда болады.
шора сонда сөйлейді,
сөйлегенде бүй дейді:
—Ат жақсысын көргенмін,
әндіжан менен Қазанда.
тон жақсысын көргенмін
Хиуа, ташкент, бұхарда.
бұрынғы адам тентек-ау,
Қалай етіп салдырған
шынты Мәскеу төріне,
еділдің бір қосылып,
екі айрылған жеріне
Қазыналы Қазанды.
470
480
490
500
26
26
27
ҚиссА-и нәріктің ұғлы шорА бАтыр
күндердің күні болғанда,
тарттырмай қоймас жазаңды,
Алмай қоймас мазаңды,
бермей қоймас жазаңды,
шаң етпей қоймас далаңды,
Қан етпей қоймас қалаңды.
бізден дәурен өткенсін,
Ақша сұрап күнінде
бір шулатар кәпір-ді,
Қатын менен балаңды.
әлқисса, шора батыр енді қайтып келе жатқанда алдынан
бір адам келіп, ел-жұрты, мал-жандарының амандығын естіп,
алдынан жолдасы Құлыншақ батырды жіберді. Құлыншақ ба-
тыр барып көрсе, шораның отауынан түн уақытында бір жігіт
келіп шығады. Құлыншақ мұны көріп көңіл соғысын күтіп,
кері барып шора батырға сөйлейді:
—Ай, батыр-ау, батыр-ау,
біз кеткен соң ордаңыз
Құтсыз жерге қоныпты,
көрінген адам толыпты.
шырын[ның] ат басындай жүрегі
Мыстай болып солыпты.
Қалыңдығың сұлу Қарабек
келмеске бізді жорыпты.
ендігісін өзің білерсің,
Өзің ұйыған жүрекке
бір құладын қоныпты.
әлқисса, шора батыр Құлыншақтан бұ хабарды естіп,
қылышын суырып алып қайраттанып келе жатқанда қарындасы
шырын сұлу біліп, алдынан қарсы барып айтқан сөздері.
сонда шырын сөйлейді:
—Ай, жан аға, жан аға,
тар құрсақта тебіскен,
таласып емшек еміскен,
Жан аға жалғыз сен едің.
510
520
28
бАтырлАр Жыры
баланы жаудан айырған,
Қатынды жаудан қайырған,
бұрынғы хазіреті ғалименен тең едің.
Хазіреті ғали демей не дейін,
тамағыңа күнінде тайлы бие жер едің.
Жеңешемде кінә жоқ,
Құлыншақтан болды ғапылдық.
Ағамнан қайрат кеткен соң,
түнде жылқы бағамын,
отауда жатып шыққан қарындасың
шырын мен едім.
әлқисса, шораның қылышы енді ашуы келгеннен ұтыры
қынына симайынша, астындағы Ақтанкер атын шауып өлтірді.
Андан соң ашуы басылып, райынан қайтып, атасы һәм анасы,
барша ел-жұрты есендесіп, барша мұратына уасыл болдылар.
тамат тамам.
530
539
28
бұрынғы өткен заманда Аққамыста шорахан жер екен. сол
жерлердің ішінде кеуісұлы тама деген ел екен. ындыстанлы
ханы екен. түрікпенмен жау екен. түрікпен ханы Ақтайша
деген хан екен. Ақтайшаның қасында әліби деген би екен. еке-
уі бірге таманы жаулап жүр екен. Ақтайша, әлібидің жерін
тартып алған соң, тар жер болып қалған соң Қазан қаласына
қашып барады. сонан орын алады. сол көшкен тамаға жете
алмай, бір тоғыз үй айрылып қалады. тоғыз үйді Ақтайша
көшіріп қасына алады. Ай басы сайын тоғыз үйге алпыс теңге
салады. сондай шығын алады. Ханнан қорлық көреді. Ақшасы
жоқ жарлының жалғыз баласын ақшаға сатып береді. Ақтайша
малын бақтырады. тоғыз үйлі тамаға қаланың шығынын тарт-
тырады.
Марықбай деген бай еді, әр түлікке, малға сай еді. сонша
дәулет бітсе де, бір балаға зар еді. Марықбайдың әйелі гүлқаныс
деген бәйбіше жасы алпысқа келгенше перзент көрмей жүр еді.
Жаңа бір күн болғанда, таң сарғайып атқанда ерте тұрады.
белін қынай буады,
бір көзінен қан ағып,
бір көзінен жас ағып,
Марықбай жылап жатқанда
Қасына келіп жылайды,
Марықбайға толғайды:
—А, Марықбай, Марықбай,—дейді,
Жатқаның ба аңдамай?
перзент көрмей дүниеден
неден болдың сор маңдай?
Өткір балта, кескір шот,
Ертедегі Шора батыр
(Мұсабай жыршы нұсқасы)
10
30
бАтырлАр Жыры
30
31
кесіп алса талдікі.
кішкентайдан жиған мал
бір күні көзден жоғалса,
Марықбай бай кімдікі—
Қаһары келсе хандікі,
Мейірі келсе бидікі.
Малы құрсын не етелік,
баласыз жерде мал жиып не етелік.
Ханнан қорлық көргенше,
тоғыз қақпалы қаланың
отын беріп, шығынын
Жаннан төлеп бергенше,
әулиеге кетелік.
Алла перзент бермесе,
көздің жасын көрмесе,
Мұнан да Қағба кетелік.
Мен айтайын ақылды:
Ақпанда сай сыр еді.
бибі бәтима дейтұғын
әйелдердің пірі еді.
ықылас-Ата әулие
еркектердің пірі еді.
піриялардың белгісі—
Мәдинаның жолында
балшықтан салған мешіті
бұзылмай әлі тұрған-ды.
Қасына барған пендесін
сол жарылқар деп еді,
басына соның кетелік,
Мұнда тұрып не етелік.
төрт түлік мал жиғанша,
перзент көрер күн болса,
Құдай жолы етелік.
гүлқаныс солай сөйлейді
бәйбішенің айтқан сөзі.
сол уақытта Марықбай,
гүлқаныстың айтқан сөз
әулиедей көреді,
20
30
40
30
30
31
ертедегі шорА бАтыр
Жығылып қол береді.
сол уақытта Марықбай
Алтын жүген қолына алып,
Азанымен оянып,
тұрып жатқан жылқыға
«Құрайт» келіп салады.
ұйысып жатқан жылқының,
бір шетінен көреді.
«Құрайт» деген дауысы
Марықбайдың тарлан ат[ының]
Құлағына тиеді,
тарыққанын біледі.
Аузын ашып кісінеп,
Алдынан шауып келеді,
ерлеп атқа мінеді.
гүлқаныс жатқан ордаға
Қонаға қайтып келеді.
бәйбішесі көсіліп
бұл күні үйде жатады.
таң сарғайып атқанда,
күннің көзі шыққанда,
гүлқаныс атты әйелін
Желмаяға мінгізіп,
Алтын құмған қолға алып,
Марықбай мінді көк атқа.
енді екеуі қосылып,
Алты айшылық әулиеге
«Алты күнде жеткіз»,—деп,
Аттың басын қаратты,
Қамшыға етін таратты.
Марықбай атты «шу» дейді,
табаны жерге тимейді.
табанға тиген қара тас[ты]
саз балшықтай илейді.
көзі ештеңе көрмейді,
соққан желдей гулейді,
Құлақтың түбі терлейді,
басына әлі келмейді,
50
60
70
80
32
бАтырлАр Жыры
32
33
әр төбенің басында,
зорға басын билейді.
Алпыс аршын бой жазып,
созылып тұлпар жөнейді.
бәйбіше мінген желмая
тұлпарға жол да бермейді,
табандай жолға таласып,
ұшқан құспен жарысып.
Қатар ұшқан қаз-тырна
екі бірдей жүйріктің
тозаңынан адасып.
Марықбай мінген тарлан ат
шабысқа шабыс қосады.
әр төбенің басында
топталып қаз бен тырна
көтеріліп ұшқанша,
белінен кесе басады.
Арада алты қонады,
Жетінші күн болғанда
бетегелі, жері жазық,
Жол үстінде қу қазық,
Алты айшылық әулиенің
басына келіп қонады.
сол уақытта кемпір-шал
«Алла» деп тілек тіледі.
бір көзінен жас ағып,
бір көзінен қан ағып,
бәйбіше жылап тұрғанда,
түн ортасы болғанда,
шар кітабы қойнында,
Асасы бар қолында,
Жер жүзіндегі әулиелер
бәрі соның соңында,
Жылап тұрған бәйбішенің алдына
әулие келіп сөйлейді,
сөйлейді де бүй дейді:
—Ай, балам-ай, балам-ай!
сөз айтайын саған-ай,
не тілеп тұрған баламсың,
90
100
110
120
32
32
33
ертедегі шорА бАтыр
білдір жөнің маған-ай,
Жол сілтейін саған-ай.
сонда бәйбіше сөйлейді:
—Атеке, шықтым елімнен
бір перзент кемінен.
Марықбай көр өзінен
Жуық ара шенінен,
Малдың шетін жимайын.
кісі айтқаны келмейді,
Жалғыз бала бер,—дейді,
есіркесең жолдасын
оны өзің біл,—дейді.
—олай болса, бәйбіше,
Жолдасымен бердім,—деп,
ғайып болып жөнейді.
бәйбіше сонда қуанып,
шәй құмғанын қолға алып,
тарлан атты ерлейді.
«Алла бала берді,—деп,
көздің жасын көрді,—деп,
ұйықтап жатқан Марыққа,
Атыңа мінсең кел»,—дейді.
екеуі атқа мінеді,
кейін қалған ордаға
Қуанып қайта жүреді.
Алты күнде келген жеріне
екі күнде келеді,
елінде қалған үйіне
екеуі келіп енеді.
Үйіне келіп қонады,
таң сарғайып атқанда,
Жылап жүрген бәйбіше
іші нұрға толады,
әйел жерік болады.
Марықбайға сөйлейді,
әділдің Қара тауында
Алты басты айдары
Жүргенше жер еді.
3–253
130
140
150
160
34
бАтырлАр Жыры
34
35
соны алып келіп бермесе,
Алпыс жасар Марықбайдың
Өзі[н] итше жарады.
сол уақытта Марықбай
тарлан атқа мінеді,
Алладан тілек тіледі.
Алпыс асау ат алады,
Алпыс тілді қармақты
Жан қалтаға салады.
әділдің Қара тауына
Марықбай кетіп барады.
ертеңі талма тал түсте
әділдің Қара тауына
Марықбай жетіп келеді.
Алты басты айдары
ұйықтап жатқан-ды.
Аузынан шыққан ақ көбік
Ақ отаудай көрінді.
Айдарының қасына
Қорықпай шауып барады.
Алпыс тілді қармақты
Алпыс бірдей асаудың
Жүніне шапшаң салады.
сексен аршын бауына
Жібекпен арқан тағады.
Қайта шығып Марықбай
Аулаққа бұны салады.
Айдары сонда оянып,
Алпыс асауды, алпыс тілді қармақты
бәрін бірдей сапырып,
Аузына қағып салады,
Аузына жұғын болмай барады.
Алпыс тілді қан қармақ
сол уақытта айдары
таңдайында қалады.
сол мезгілде айдары
Өкіріп барып құлады.
Айдарының зәріне
Құланданып күн күйді,
170
180
190
200
34
34
35
ертедегі шорА бАтыр
Айқышталып ай күйді,
әуедегі қара аспан
Майысып жерге бір тиді.
Марықбай сонда көреді,
Қуанып атқа мінеді,
Ақбалдақ қылыш қолға алып,
Қорықпай шауып келеді.
Марықбай мінген тарлан ат
тұла бойы тітіреп,
Қан қызыл, қара қан сиді,
кісінеп қарап тұрады.
Марықбай сынды байыңыз
Аттан түсе жүгіріп,
Ақбалдақ қылыш қолға алып,
Қасына жаяу келеді.
Алты басты айдарды
Алты жерден бөледі.
Алты қап етін Марықбай
тарлан атқа артады.
Аттың басын жетектеп,
Ауылға қарап қайтады.
тоғыз үйлі тамаға,
елдің бәрі жатқанда,
гүлқаныс жатқан ордаға
Қуанып жетіп келеді.
отыр екен бәйбіше
«Қай уақытта келер,—деп,
Қашан алып келіп, берер»,—деп.
шамшырағын жағыпты,
Марықбай сонда жуыпты,
Алты қап етті алады,
тайқазанға салады.
Алты қап етті тауысып,
Жерігі әзер қанады.
бесінші айдың жүзінде
әйелі құлын бермейді.
тоғыз айға толғанда,
ішінде жатқан баласы
ішіне сыймай кернейді,
210
220
230
240
36
бАтырлАр Жыры
36
37
он екі айда толғатты,
бір ұл менен қыз табады.
Құдай берді Марыққа
таудай қылып бір бақты.
егіз бала туған соң,
Ақтайша ханнан қорыққаннан,
сұраусыз атын қоя алмай,
биліксіз тойын қыла алмай,
Марықбай аздығынан зар қақты.
тамаменен келісіп,
бәйбішемен сөйлесіп,
сәрсенбі күні сәскеде
Мал алып келіп сояды,
су сақтаған салаға.
«Ақтайша мұнда келсін,—деп,
әлі бірге келсін,—деп,
от басары отаудай,
Менен бедеу мінсін,—деп,
Қалағанын кисін,—деп,
не қылса өзі білсін»,—деп,
Қорыққаннан хабар береді
Ханның жатқан қалаға.
Ақтайша мен әліби
Жабыла атқа мінеді.
Алты жүздей қосынмен
тоғыз үйлі тамаға
Аттанып заулап келеді.
Ақтайша мен әліби
екеуі бүлініп кіреді.
сол уақытта Марықбай
тамам малын қарады,
Үй бас сайын тоғыздан саба қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|