сөйлес қылды кідіріп,
Ақ көбікке шомылған,
Аттың сүртіп көз-басын.
Қырылған соң мың бала,
Асығыстап кеп тұрған
Жасауылды көрген соң,
зәресі кетті бәрінің.
шабуылдап келген соң,
Қайтерін білмей сасып тұр,
Қорқып түсі қашып тұр.
Қаратиын бекауыл
ер шораның көрген соң
Жолбарыстай тұлғасын,
көріп жаны енеді.
дәс айтар деп әр жауға,
көңіліне келеді.
кеудесі зор көрінді,
төсі қайқаң өредей.
сүйегі қара болса да,
түсі келген төредей.
Аман-есен айтысып
Жасауылға ер шора:
«Жолыңыз болсын»,—деп еді,
бекауыл сонда сөйледі:
—әлей болсын, шоражан,
нәрікбайдың досы екен
Жұрт егесі Қарахан.
бір тентектік қылыпсың,
Мың баланы қырыпсың.
Ашуланып әліби
шықты сізге қаладан.
Қосын жиды түрікпендер
Құн алмаққа тамадан.
әлібиге берсеңіз,
шұбар атты қалаған,
онан кейін еш гәп жоқ
басыңмен де мал аман.
2270
2280
2290
2300
278
бАтырлАр Жыры
278
279
бұл айтқанды қылмасаң,
Қан төгілер арадан.
Ханның сәлем айтқаны
берсін деді шұбарды.
Атқа бола нәрікбай
Айрылмасын баладан.
Қаһарланып әліби,
Қырық жігітпен келеді.
шұбар атты берсеңіз,
не десең де көнеді.
одан басқа айып жоқ,
Жеңсе сізді өлтіріп,
Жеңілсе өзі өледі.
бәрін айтты қалдырмай,
Ханның сөзі көп еді.
Мұны айтып жасауыл,
Атынан да түскен жоқ,
Асығыстап жөнеді.
Мұны есітіп ер шора,
буырқанып, бұрқанды,
Қыламын деп ойлайды,
әлібиге сұмдықты:
—бергейсің,—деп,—Құдай-а,
дұшпаным еді бір мықты.
тар жайда қинап, састырма
секілді нәрік мұңдықты.
Айдынды туған ер шора
шұбарға ұрды сулықты:
«кәйтіп қашып жүремін
кісідей қылған ұрлықты?»
нәрікбай мен Құлқаныс
есіткен соң бұл сөзді,
еш зәресі қалмады.
көңіліне алып қорқыныш,
көзінің жасы парлады.
Мінәжат қылып Құдайға,
Хабарын есітіп әлінің,
Қаруын шора қамдады.
2310
2320
2330
2340
278
278
279
ер шорА
Жалғызбын деп, жаспын деп
ойына да алмады.
Қырық үй тама сандалып,
уайыммен сарнады.
нәрікбай сонда сөйледі:
—Қой, шырағым шоражан,
Атқа мініп нетесің?
есіркемес ол залым,
Өзіңді набыт етесің.
Қабырғаң әлі қатқан жоқ,
Арманда өліп кетесің.
әлібиге шұбарды
тарту қылып берейік,
Жеткізер малдың есесін.
Қайраты қатты жау еді,
Жазатайым боп жүрсең,
Өлгенде көрген, шырағым,
сен бізге қайдан жетесің?
Өжет туған ер шора
Айтқанына көнбейді.
Жыласа да кемпір-шал,
Құлағына енбейді.
Аллаға қылды тәуекел,
Ажалсыз адам өлмейді.
Алды-артының жоқтығы,
ойына да келмейді.
сұраса да нәрікбай,
шұбарды шора бермейді.
әліден қорқып аз тама,
зар жылап бәрі еңірейді.
тәсейіл беріп нәрікбай
Халқына бір сөз сөйлейді:
—Мақұл көрсең, тамалар,
көңіліме бір іс келеді.
Құдай берген есепсіз,
дүние-малым көп еді.
тарту қылсам биге деп,
ойыма осы келеді.
Ақылға сізге бергенім,
2350
2360
2370
2380
280
бАтырлАр Жыры
280
281
Жарай ма мұным?—деп еді.
Қырық қашырға зер артып,
Жан-жағын шоқтап, қызартып,
басын құл мен шора қып.
нәрікбайдың досы екен
Жұрт егесі Қарахан.
шұбата нәрік жөнеді
әлібидің жолына,
кермісіннің бойына,
Апарып бәрін төгеді.
Қазынаның көптігі
Өлкесін судың бөгеді.
«Қызығып бұған әліби
Аман қояр»,—деп еді.
көмегі жоқ не қылсын,
Айналдырған бір қырық үй.
Құдайдан қуат болмаса,
тамалардан кетті күй.
Айнала шапса түрікпендер,
Ат астында болар қи.
Қорыққаннан есепсіз,
әлібиге қылды сый.
әне-міне дегенше,
Қырық жігіті соңында,
Қызыл жалау қолында,
Қайраты қатты қабынып,
керімсіннің бойына
көп тұрмай-ақ алданып,
көзі жайнап келеді.
Өтейін деп өткелден,
тобыменен төнеді.
Хабары жоқ Құдайдан,
Қайратына сенеді.
Ашу қысып әлекең,
Аяңдамай желеді.
кермісіннің бойында,
батпақ судың бойында,
Жайнатып қойған қазынаны
бидің көзі көреді.
2390
2400
2410
2420
280
280
281
ер шорА
әліби сонда сөйледі:
—көрдіңдер ме, жігіттер,
нәрікбайдың қылғанын.
басын қорғап шораның,
Малға мені бұрғанын.
Амалменен жолыма
Алдап тұзақ құрғанын.
сан миллион шалса да,
білмейді Құдай ұрғанын.
шұбар атын бермесе,
не қыламын бұл малын?
бойыма менің ар шығар,
Алданып бұған тұрғаным.
Қасымдағы, қырық жігіт,
Малға көзді салмаңыз.
әзір бұған алданып,
шұбардан қапыл қалмаңыз.
Жолықса ол жүгермек,
шораның басын жалмаңыз.
Қашып-пысып жүрмесін,
енді ертерек қамдаңыз.
біздікі емей кімдікі,
әзіргі малды алмаңыз.
бұл сөзді айтып әліби,
Қазынаға қайрылмай,
баса-жанша өтеді.
набыт болса байдікі,
оның несі кетеді?
Қарсы алдында шора тұр,
ойнайтын жерге жетеді.
Аңғарыңдар ақырын,
екеуі енді кетеді.
тұр еді шора сайланып,
Жалаң қылыш, найза алып,
әшті келсе әліге,
Қылмағына ойланып.
Жер тарпынып шұбар ат,
Астында тұрмай айналып,
2430
2440
2450
2460
282
бАтырлАр Жыры
282
283
Алтын сапты ақ болат,
Жанына сала байланып,
Өзін-өзі бекітіп,
Ат үстіне жайланып,
сол уақыт болғанда,
әліби де жетеді.
Қазынаға қайрылмай,
баса-жанша өтеді.
Жүйесіз қылған зорлыққа,
шыдасын неғып қорлыққа.
шамырқанып келеді,
тұрмады енді ер шора.
шұбарға қамшы басады,
әлібидің алдынан,
Қарсы шығып барады.
Ақ білегін сыбанып,
оттай көзі жанады.
Қысып кетті долдығы,
еш қарары қалмады.
кермесіннің бойында,
шығармай-ақ қой ойында,
әлібиге ер шора
орайласа қалады.
Қырық жігіті соңында,
әліби де келеді.
Мың баласын қырдырған,
көңілінде қайғы көп еді.
шыға келген алдынан
шораны әлі көреді.
әлібиге ер шора
келіп сәлем береді.
Аман-есен айтысып,
«Жолыңыз болсын»,—деп еді,
әліби сонда айтады:
—әлей болсын, шоражан,
Жіберді бізді ханымыз.
Мың балаға қайғылы
Қырық мың үйлі жанымыз.
Қырық жігітім соңымда,
2470
2480
2490
2500
282
282
283
ер шорА
Мен—әлімін таныңыз.
Айтып тұрмын аңғартып,
сөзіме құлақ салыңыз.
бермесеңіз шұбарды,
керек емес басқа малыңыз.
—Жақсы айтасыз, әлеке,
Айрақтан шыққан сен едің,
Жалтырап тұрған айымыз.
күміс құйрық шұбар ат
кісіге бермес тайымыз.
Хан сұраса қайтейін,
беруге келмес жайымыз.
Менің айтқан жауабым,
Қайтадан ханға барыңыз,
біздің үшін бір сөзді
Құлағына салыңыз.
Қойсын бізге шұбарды,
Хандікі басқа малымыз.
біз үшін айтып бір сөзді,
шұбарды алып қалыңыз.
Өзіңіз көңіл қылсаңыз,
Ханды ортаға салмай-ақ,
бетіңізбен алыңыз.
әліби сонда сөйледі:
—шоражан, мұнша кейисің,
бір тайыңды беруге.
Алмай қайтса шұбарды,
әліби елді көрер ме?
шақтық қанша, жүгермек,
Желігіп мұнша елерме
Мың баланы өлтіріп,
Асығып жүрме ең өлерге?
Қанеки, маған көрсетші,
Абайла, балам, әліңді.
Айдап салып барыңды,
Ауып келген аз тама,
тоздырамын еліңді.
шора сонда сөйледі:
—ісінесің, әліеке,
2510
2520
2530
284
бАтырлАр Жыры
284
285
шұбарды алсаң қайтар ма ең
көңіліңді тындырып?
Қаһарлансаң тамаға,
Жіберер ме едің жүн қылып?
сүйегіңе батты ма,
Мың балаңды қырдырып?
Азды-көпке Құдай бар,
сөз айтасың нықырып.
Аздығымды білдіріп,
келіп тұрсың оқталып,
Ақ найзаңды міндіріп.
Азар қылса өлерміз,
Алла болса көнерміз.
Мықтылықты айтпаңыз,
сүйекті көп қыздырып.
әліби сонда сөйледі:
—Жұдырықтай басыңнан
Жарыса сөйлеп үрлейсің.
келіп тұрған биіңді
Қырау құрлы көрмейсің.
Хан сұраса қайтер деп,
бір тайыңды бермейсің.
Жүгермектен жатарсың,
бүйтсең көпке жүрмейсің.
Ажалыңа асығып,
неғылып енді өлмейсің.
осыншама айтсам да,
есіркеймін, көнбейсің.
шора сонда сөйледі:
—олай десең, әлеке,
зорлығыңды білейін.
Аямасаң аяма,
Құдайдан мен де тілейін.
Ажалым жетсе Алладан,
ертерек жерге кірейін.
Қорқып беріп шұбарды,
неғылып тірі жүрейін?
әліби сонда сөйледі:
—Жұдырықтай басыңнан,
2540
2550
2560
2570
284
284
285
ер шорА
пеш қылып, маған дес айтып,
Аяғыңды шірейсің.
Ақ найзаңа сүйеніп,
Азуыңды тірейсің.
ерегіссең менімен,
басыңа бәле тілейін.
кесейін бе мойныңды,
ешкімің жоқ бұл жерде,
Арқаңды кімге сүйейсің.
шора сонда сөйледі:
—Ашуланып, әлеке,
селтитесің мұртыңды.
күжірейтіп желкеңді,
бересің маған сыртыңды.
Аққалаға жеткізбей,
Жайратып салып қырқыңды,
Хан-қараңды сап қылып,
сұрайын ба жұртыңды?
Мұны естіп әлекең
долданып қатты көгерді.
—Асықпасаң, жүгермек,
көрсетейін өнерді.
Мойнын толғап әліби,
су бүркіттей түнерді.
Қолына енді түкіріп,
«ояйын,—дейді,—төбеңді.
түлкідей бұрап мойныңды,
Желкеңді сенің кесейін.
шақшадай жұлып басыңды,
езуіңді тесейін.
білмедің ғой, жүгермек,
есіркесем әшейін».
найзасына түкіріп,
әліби сонда ұмтылды.
Қарсы алдында ер шора,
Ақ тұйғындай құнтиды.
әлібидің ашумен,
екі езуі бұлтиды.
Қайтпай найза салады,
2580
2590
2600
2610
286
бАтырлАр Жыры
286
287
Қарсыласып қалады.
әлібидің ер шора
найзасын тартып алады.
Жылдамырақ әліби
Қылышқа оңтайланады.
әңгі есектей ақырып,
Үш мәртебе шабады.
сол уақытта баяғы
бабай түкті шашты әзіз
Қылышты жылдам қағады.
Жеті жасар балдырған,
сүйсем мейірін қандырған.
Жау да болса жасы үлкен,
нәубетін беріп қарады.
енді шора қамданып,
Қолына найза алады.
Ат үстінен алысып,
опыр-топыр болады.
Астындағы мінгені,
күлсары әбден талады.
шора кезек берсе де,
әліби кезек бермейді.
шамасының барынша,
Қармаласып қалады.
ер шора сонда әліні
оң жағынан жарады.
тиген соң найза қайысып,
әліби барып құлады.
Қолына алып қылышын,
Қырық жігітке ер шора
Атының басын бұрады.
көрген адам күлгендей,
бір тамаша қылады.
ұрыспақ түгіл қырық жігіт,
бұрқырай қаша жөнелді.
Аққалаға бет алып,
Ақ бөкендей жосылды.
Қамшы басып шұбарға,
Артынан шора қосылды.
2620
2630
2640
2650
286
286
287
ер шорА
Қашса дағы жазғандар,
Құтылмасқа ұсады.
шораның қорқып түсінен,
Атының жалын құшады.
түртіп кетсе найзамен,
Құмалақтай ұшады.
тарта шапты ер шора,
Құтылмасқа болжады.
Жолы болып қырық жігіт,
Ап қайттың қалың олжаны.
бәрінің жетті түбіне
шұбар аттың жанжалы.
Аққалаға жеткізбей,
Ақ тақырдан өткізбей,
теп-тегіс кесті кәлләні,
ер шораның қанжары.
Қырық жігітті қырып сап,
Қойға тиген бөрідей,
Жан-жағына алақтап,
әліби жатыр жамбастап,
кесек-кесек қан тастап.
Жақындап келіп ер шора,
сөйледі бекті мазақтап.
шора сонда сөйледі:
—Қарағаймысың, талмысың,
шекермісің, балмысың?
Жаздыкүні жараған,
бір өзің мыңға балаған,
түрікпенен шыққан нармысың?
неғылып бүйтіп жатырсың,
Аурумысың, саумысың?
Қан құсқыр деген біреудің,
Алып па едің қарғысын?
Аттың үсті жел болып,
кетіп едің бағана.
Айдынды туған әліби,
Аман-есен бармысың?
әліби сонда сөйледі:
—Алтынбысың, дүрмісің,
2660
2670
2680
2690
288
бАтырлАр Жыры
288
289
сен сауық таулы сүрмісің?
екпінің желге еседі,
Адамнан туған пілмісің?
екі бетің албырап,
Жаңа ашылған гүлмісің?
көп кінәсін кешіріп,
сәлем бердің ағаңа,
Айналайын, шоражан,
Өзің де аман жүрмісің?
шора сонда сөйледі:
—Алысқа кеткен дабысың,
әлеке, едің асқар бел.
көкірегің дария,
көңілің еді шалқар көл.
Ауып келген аз ел деп,
Артықша зорлық қылдың мол.
Өшіккенің ақыры,
Арамызға түсті қол.
көзіңнің етін өсіріп,
Жанарыңды басып шел.
бір түрткенде найзамен,
Жатсаңыз бүйтіп күлер ел.
Ауырып қалды қай жерің,
Атыңа мін, түрегел.
әліби сонда сөйледі:
—баламның құнын сұра деп,
Қоймады шулап ағайын.
Асып едім өзім де,
назамды өстіп табайын.
тәуба қылдым, шоражан,
таманың жібін алмайын.
Мұнан былай, қарағым,
Қабатыңнан қалмайын.
Өлгенімше, шоражан,
Қызметіңе шабайын.
Қадырдан мендей ағаңның,
Ағарған сыйла самайын.
келер ме шамам тұрарға,
далбаса қылып қарайын.
2700
2710
2720
2730
288
288
289
ер шорА
Міне алсам атқа шабайын,
ертерек елге барайын.
шора сонда сөйледі:
—Ауып келген аз үй деп,
Жүзіме қойдың табанды.
шұбар атты алмаққа,
әлеке, қылдың амалды.
шақтамай жазым боп қалдың,
байқамай өзің шамаңды.
тоқ жүреді тек жүрген,
зорлықтың түбі жаман-ды.
көзіңнің етін өсіріп,
бетіңе жағып қараңды.
Жаңа кіріп пейіліңе,
таныдың ба абайлап,
шора деген балаңды?
әліби сонда сөйледі:
—Хан емеспін, қарамын,
осы арада ойладым.
бұл дүниенің амалын,
көріп тұрмын көзіммен,
Қайратыңды, қарағым.
елі-жұртым сенікі,
дәс айтуға жарадың.
берейін алсаң қызымды,
Ата-бала боламын.
лұқсат берсең, шоражан,
ертерек елге барайын.
шора сонда сөйледі:
—Хан болармын қалаңа,
кетпесе бастан бұл бағым.
елдесуге, түрікпендер,
енді келмес ырғағым.
әзіл еді бұрынғым,
Мінекей, енді шындадым.
Қыр соңымнан қалмадың,
тіріде сенен тынбадым.
сен—қарға да, мен—сұңқар,
болмаңыз, аға, енді іңкәр.
19–253
2740
2750
2760
2770
290
бАтырлАр Жыры
290
291
Қайтып жазып кетесің,
бір ілінді тырнағым.
әліби сонда сөйледі:
—шамаңды біліп шақтамай,
Асылып қалдым бір тауға.
енді біліп отырмын,
Жолыққан соң зор жауға.
Мұршам болмай жатырмын,
бір басымды қорғауға.
бет берген екен қарағым,
Қалың бақ саған орнауға.
әр қалай әлің келеді,
Аға деп әзір қолдауға.
енді сенен, шырағым,
сұрадым, шора, жан сауға.
шора сонда сөйледі:
—Аз ғана үйлі тамаға,
әлеке, салдың бүлікті.
сойып жедің жылқысын,
семізін таңлап жілікті.
бұл уақытта, әлеке,
Атыңыз неден үрікті?
сізден басқа қырық жігіт
олжаға қалың ілікті.
Өзіңді байқа қандайсың,
барсаң да адам болмайсың.
дендеп кірген ақ найза,
Жаныңнан қылма үмітті.
сондай сөзбен мазақтап,
әліге шора күліпті.
—Жаман екен ойласам,
зорлықтың түбі қорлық-ты.
тауып тұрмын пейілмен,
басыма мұндай сұмдықты.
Қаншама астым десең де,
шығады екен бір мықты.
әлі де болса, шоражан,
Үзбейін жаннан үмітті.
Жасың кіші болса да,
2780
2790
2800
2810
290
290
291
ер шорА
шырағым, қылдым құлдықты.
шора сонда сөйледі:
—ғаріптің жайын білмедің,
Жасыңнан көріп өкімет.
Хан тойында нәрікке
Қайтардың беріп әсірет.
Арамдыққа айналып,
әруаққа болдың шет.
зорлықтың түбі қалай-ды,
не қылып шора аяйды.
ойнақтаған от басар,
Жай жүрген абзал қаныбет.
әліби сонда сөйледі:
—Қаһарланып мініпсің,
шұбарды менің қастыма.
Жалына бердім өзім де,
түршігіп денем басты ма?
Өзім де рақым қылмаушы ем,
Жылаған көзі жастыға.
денем ауыр тартады,
топырақ мені басты ма?
Жалынсам да қоймадың,
Қыларыңды ойладың.
керек болса мына бас,
Апарып тық, шоражан,
Апаңыздың астына.
шора сонда сөйледі:
—түсірді ме есіңе,
ілгері қылған қасыңды?
сабағындай алманың,
Алайын жұлып басыңды.
Қан аралас көзіңнен,
Ағызайын жасыңды.
Мұны айтып ер шора,
Атынан түсіп шешінді.
шораның осы сөзімен,
Жасы ағып көзінен,
Жанынан үзіп үмітін,
2820
2830
2840
2850
292
бАтырлАр Жыры
292
293
әлінің көңілі басылды.
ұсынып аққа мойынын,
екі аяғы көсілді.
шыбын жан қандай шіркін-ді,
егітіліп есілді.
Жылай-жылай әлекең,
екі көзі тесілді.
уақыты еді сол күнде,
уақыты намаз пешінді.
Қылышын шора суырды,
заманасын қуырды.
Өшіккеннің түбі сол,
бидің басы кесілді.
Өлеріне асығып,
әліби жаман елірді.
Мынадай болды ақыры,
Жылатып еді көп елді.
батпақ судың бойында
тағдыр бітіп жөнелді.
Қаны менен жынына
Қарға-құзғын кенелді.
Атадан туып артықша,
көрсетті шора өнерді.
Қырық мың үйлі түрікпенмен
Қырық үйлі тама теңелді.
ер шора көңілін тындырып,
түрікпеннің белін сындырып,
күлсары атты жетелеп,
Ауылға қарай жөнелді.
Мұны көріп тамалар,
шошынады жандары.
күдер үзіп бар жақтан,
ұмыт болды малдары.
шошындырды таманы
әлібидің салмағы.
Жиналысып кеңесті,
кеңесінде не десті?
Қайырмаққа Қазанға,
балаға бәрі басты енді.
2860
2870
2880
292
292
293
ер шорА
Анау да айтты «Қаш»,—деді,
Қайтып бұлар шыдасын.
Қылған ісі есінде,
Жан-жағына алақтап,
көзінен төкті жасты енді.
Құлқаныс пен нәрікті
Жабылып қырық кетпейді.
ер шораны Қазанға
Қашырмаққа ептейді.
—Айналайын, шоражан,
Қазан деген қалаң бар.
сұрап тұрған әлімхан,
Қырық мың үйлі тамаң бар.
Хан-қарасын билеген
есім ер деген ағаң бар.
есің барда елің тап,
сан мың үйлі түрікпенге
не қылғандай шамаң бар?
шора сонда сөйледі:
—Мені үйден қуарға
бәріңнің көңілің ұнатты.
пейілінен тапты әліби,
Аламын деп бір атты.
сан дұшпаннан саспаймын,
Жалғыз Құдай мият-ты.
екі кісі бас қосып,
Қашыпты шора деп жүрсе,
Өлгенім артық одан да,
ойланамын ұятты.
тамалар сонда сөйледі:
—Қарап жатып тұс болма,
түрікпендердің қолына.
әлібидің інісі
Ақша би деген өрі бар,
осал деме оны да.
Қаһарланса о дағы,
бір қазан берер оныңа.
шамаң келсе, қарағым,
көп дұшпанның малына
2890
2900
2910
2920
294
бАтырлАр Жыры
294
295
Айнала шауып ат қойып.
оңың менен солыңа
Өшігіп қалған түрікпендер,
түсіп алар соңыңа.
Аямассың сен дағы
ілінгенін қолыңа.
осындай қиын іс көрсек,
түрікпендерден күш көрсек,
Қашып сонда жөнерміз,
Қазанның түсіп жолына.
—Айналайын, шоражан,
Қырық мың үйлі түрікпеннің
оны келсе боларсың,
Жүзі келсе қайтерсің?
көбейіп кетер онан да,
Жалғыз өзің таларсың.
бір мыңы бірден ат қойса,
Жазым болып қаларсың.
Қабырғаң әлі қатпаған,
бізге сен әлі баласың.
Аман барсаң Қазанға,
әбүйір сонда аларсың.
Қазаннан қосын ап келіп,
Құртасың түрікпен шарасын.
осыны қылсаң, ұрасың
Ақша бидің мамасын.
бұл айтқанды қылмасаң,
олжа болар малымыз,
Жесір болар жарымыз.
тілімізді алсаң, шоражан,
Қазанға қашып барыңыз.
Ағайын ертіп артыңнан,
намысқа сөйтіп шабыңыз.
есіңнен тағы шықпасын
кемпір менен шалыңыз.
есен барсаң ел тауып,
ертерек қайтып, шырағым,
көшіріп бізді алыңыз.
2930
2940
2950
2960
294
294
295
ер шорА
тамалар жүр шуылдап
«ертерек кет»,—деп асығып.
ер шораның көңілі,
шөкті жаман басылып.
Құшақтайды нәрікті,
Аяғына бас ұрып.
иіскелейді емшегін,
Құлқанысқа асылып.
нәрікбай сонда сөйлейді:
—Айналайын, шоражан,
көңілімнен қайтіп кетеді,
Қызмет қылған мінезің?
Қайтып сені көргенше,
Ағарады бұл көзім. Достарыңызбен бөлісу: |