«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата06.04.2017
өлшемі2,23 Mb.
#11121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Алты күн ойын қылады,

Жеті күн тойын қылады,

табақ тартып болғасын,

Марықбай ақыл ойлады.

«Жұрт иесі Ақтайша

Өлтіріп баламды кетер,—деп,

250


260

270


280

36

36

37



ертедегі  шорА  бАтыр

пара берсем не етер,—деп,

берсем пара алар,—деп,

Өлгенде көрген жалғызым

Өлмей тірі қалар,—деп,

Жаныма сая болар,—деп,

Алтын құйрық қара ала ат,

тұлпардан туған бедеу ат,

сап-сары алтын ер салып,

Хан астына мінсін»,—деп,

Ақтайша ханның үйіне

әкеліп атын байлады.

«іші алтыннан қадақты

Алтын ауыз ақ үрме,

еріксе құлан атсын,—деп,

Қызық құрып жатсын»,—деп,

Мұны әкеліп береді.

«оза шүршіт жұртында

Мың ділдәмен беткерген,

шар ат балап өткерген,

Алтын жаға ақ сауыт,

Мұны үстіне кисін»,—деп,

Мұны да әкеліп береді.

«кенересі алтын ақ белбеу

Құрсай белін бусын,—деп,

Мұны да әкеліп береді.

балдағы алтын шар болат,

беліне орай жайсын»,—деп,

әкеліп тағы береді.

Қанша берген параны

әлібидің бір нөкері

Арада жүріп көреді,

көреді де күндеді.

әлібидің алдына

Жүгіріп жетіп келеді.

әлібиге сөйлейді:

—ой, әліби, әліби!

би де болсаң, зор едің.

Жұрт ағасы Ақтайша,

290


300

310


38

бАтырлАр  Жыры

38

39

Хан да болса қара еді.



тоғыз үйлі бұл тама

саған берді қорлықты,

басыңа салды кемдікті,

тама неге желікті?

тоғыз үйлі Марықтың

Жалғыз ұлын өлтіріп,

Алмасаң сөйтіп теңдікті!

сонда әліби ақырды,

Үйде отырған нөкерін

«Атыңа мін»,—деп шақырды.

әліби сонда сөйлейді:

—Марықбайға барайын,

Ханды туған көрді деп,

Аты менен қаруын

Алжыған ханға берді деп,

Жаңа туған баласын

торғайдай мойнын жұлайын.

соңынан туған жалғыз қыз,

Өз қолынан өсіріп,

Жалғыз балам боздаққа

тоқалдыққа алайын.

әліби сонда шамданып атқа мінеді,

темірден киім киеді,

Ақ қарабас ту алып,

Марықбайдың үйіне

Құйындай шауып жөнейді.

сол уақытта бәйбіше

Жабықты түріп көреді,

Жау екенін біледі,

көреді де сасады,

бетінің қаны қашады,

төрде тұрған ақ сандық

тепкілеп барып ашады,

табанынан ділдә шашады.

бұрын келген хан нөкері,

«осы қалай олжа»,—деп,

әлібиден басқасы

320


330

340


350

38

38

39



ертедегі  шорА  бАтыр

Алғанын алып қашады.

әлібидің өзіне

бес жүз бие береді.

тоғыз нарға ақша артып,

әлібидің алдына

Марықбай мен бәйбіше

әкеліп пара төгеді.

сол уақытта әліби

ішегін тартып күледі,

ізімен қайтып жөнеді,

Ақтайша ханға келеді.

енді екеуі бас қосып,

баланың атын қоймаққа

бір ордаға енеді.

отыз төре қонақтар

бәрі бірдей кеңесіп,

Ат қоя алмай шулады.

тауып еді бір атты,

тапқан атын қимады.

Жаман атты қоярға

лайық тағы болмады.

сол уақытта бәйбіше

Үй айналып жылайды.

Жан-жағына қараса,

Жолдың шетін айналған,

тоғыздап дорба байланған,

сырлы асасы қолында,

Аяғын бір басарға ерінген,

Үстіндегі жаман киімнен

Жалтылдап еті көрінген,

Жылап тұрған бәйбіше,

соны көзі көреді.

соған барып сөйлейді:

«Өлгенде көрген баламнан

Айрылмақ болдым мен,—дейді,

Атын қойып бер»,—дейді.

әліби жатқан ордаға

ертіп алып келеді.

екі ханның алдына

360

370


380

390


40

бАтырлАр  Жыры

40

41

Арызын айтып сөйлейді:



—Аяқ-аяқ бал ішіп,

Алшаңдаған, хан аға!

есікке келеді бір диуана,

рұқсат болса, би аға,

баланы соған бер,—дейді,

Қойсын атын сол,—дейді.

Хан да берді рұқсат,

би де берді рұқсат.

бәрі рұқсат берген соң,

шал ордаға енеді.

бесікте жатқан баланың

бетін ашып көреді.

сонда шал сөйлейді,

сөйлегенде не дейді:

—кеуісұлы тама бар,

бұл таманың ішінде

Марықтың ұлы шора бар.

Маңдайының арасы

Қарыс сүйем сере бар,

көрмегенше көре бар,

Мұнша көр ме кемпір-шал?

тоғызға жасы жеткенде,

Жау қайраты біткенде,

Ақтайша, әліби[ден] теңдік алар, Құдай, бұл!

Қарындасы баланың

тұрғын сұлу болсын деп,

осы айтқаным келмесе,

кебе кетіп барамын,

барғанымен келмейін.

диуана болған бабасы

Ақ сары бас қу болып,

Аспанға ұшып жөнеді.

сол уақытта жылап тұрған бәйбіше

Құдай тілек берді деп,

баласын бауырына басады,

Үйіне алып қашады,

400

410


420

430


40

40

41



ертедегі  шорА  бАтыр

Марыққа алып келеді.

Алма-кезек таласып,

кезекпенен сүйеді.

бұлар баласын сүйіп жатқанда,

әліби сонда ақырды,

Қасындағы нөкерге

«Атқа мін!»—деп шақырды,

барып атқа мінеді.

—Марықбайға барайын,

Жаңа туған баласын

Өз қолыммен өлтіріп,

Қарындасы тұрғынды

Қолымнан өзім өсіріп,

Жалғыз балам боздаққа

тоқалдыққа алайын.

бабасы мұның бар екен,

Атын қойып кетті,—деп,

бұл секілді баланы,

Марықтан туған шораны

Өлтіргенім енді,—деп,

темір киім киеді.

келте қара ту алып,

Қырық жігітін қолға алып,

Марықбайды қаптай шауып жөнеді.

баласын сүйіп жатқанда,

сол уақытта бәйбіше,

Үйден шығып көреді,

көреді де сасады,

бетінен қаны қашады.

Алты қапты ақ сандық

тепкілеп келіп ашады,

табаннан ділдә шашады.

әлібиден басқасы,

Қасындағы қырық жігіт,

«осы қандай олжа»,—деп,

әлібиден басқасы

Қалаға қайта қашады.

сонда тұрып әліби

«Марықбай!»—деп шақырды.

440

450


460

470


42

бАтырлАр  Жыры

42

43

шақырып алып сөйлейді:



—Марықбай, мұнда кел,—дейді,

Алты жасқа келгенше,

Өсіріп өзің сүй,—дейді,

Алты жасқа келген соң,

шора менен тұрғынды

Өз қолыма бер,—дейді.

әліби қайтып жөнейді,

әліби қайтып кеткен соң,

шора екі жастан өткен соң,

бес жасына жеткен соң,

нақ бес жасқа келгенде,

садақ буды беліне,

нан піседі деміне.

тау келсе де тәрк етті,

Қарсы келген жөніне.

екі беті албырап,

Алтын туы жалбырап,

Қабағы тастай түйіліп,

Жеңсіз сауыт киініп,

Қозы жауырын оқ алып,

Құс іздеп жаяу шығады.

Асаудың байтал құлыны,

шора аңға кеткен соң,

Жеті таудан өткен соң,

шора аңға барған соң,

Ауылы иесіз қалған соң,

әлібидің баласы

әділ он бес жасында.

сонда боздақ  деген әлібидің баласы,

Құс телпегі басында,

Қырық баласы қасында,

боздақ сонда сөйлейді

Қырық баласын ертіп:

—тоғыз үйлі тамаға

осы түсте барайын.

Алты жасар шораның

Қарындасы тұрғынды

тоқалдыққа алайын.

480

490


500

510


42

42

43



ертедегі  шорА  бАтыр

Қырық баласын ертіп,

боздақ заулап жөнеді,

тоғыз таманың желкесіне келеді.

тоғыз үйлі таманың

Ауылдағы тоғыз баласы

келе жатқан боздақтың

Алдынан шығып көреді.

сонда тоғыз бала сөйлейді:

—шора ауылда жоғында,

Хан боздаққа барайық,

Асық ойнап қалайық.

Асық ойнап тұрғанда,

Хан баласы боздақтың

Қырық баласын қарайық.

ер шораның тұсында

Қырық жыл жеген шығынды

бүгін барып сұрайық,

сұрамай не қып тұрайық.

тоғыз бала бас қосып,

Алтын сақа, жез кеней,

тоғызы қолға алады.

келе жатқан боздақтың

Алдынан шығып барады.

сол уақытта хан боздақ

тоғыз бірдей баланы

ортаға алып қамады,

Асығын тартып алады,

тоғыз жанғаш тірілей келіп талады,

Қайта қашып барады.

Ауылға тоғыз бала келмейді,

Аңға кеткен шораның

Артынан қуып жөнейді.

келе жатса тоғызы,

талма-тал түс болғанда,

тоғыз бала іркілді.

енді алдына қараса,

Қасқырдай аузы қан болып,

Ақ білегі сал болып,

520


530

540


44

бАтырлАр  Жыры

44

45

Алпыс құлан арқалап,



Жалаң аяқ, жалаң бас,

Алдынан шыққан секілді,

келе жатқан шораны

тоғыз бала көреді.

Алдынан шығып жылайды,

Жылағанда не дейді:

—бір күні үйде жоғыңда,

көрсетті боздақ қорлықты,

бізге қылды зорлықты.

Жалғыз шора ер жетіп,

Қашан берсін боздақ бізге теңдікті.

сонда шора желікті,

Желігіп шора қағынды.

тоғыз балаға шора сөйлейді:

—осы айтқаның шын болса,

боздақты көрер күн болса,

сендер елге бара тұр.

Қаладан келген боздаққа

Жалғыз өзім барайын,

Қырық баласын қарайын.

Мен тіріде, тамалар,

кісіден жеме уайым.

іздегенім жау еді,

Жауды маған берер ме,

Жарлыға қатты Құдайым.

Құдай салса, көрейін,

Жаяу барып келейін,

Менменсіген боздаққа

Қолымнан өлім берейін.

Ақ білегін сыбанып,

Асығып жаяу жөнейді.

келе жатқан шораны

Ауылдың бергі қасында

боздақтың көзі көреді,

келеке етіп күледі.

сонда тұрып боздақ сөйлейді,

550

560


570

580


44

44

45



ертедегі  шорА  бАтыр

сөйлегенде не дейді:

—Марықтың ұлы шорасың,

Мысықтай шайқым саласың.

иттен бетер шуылдап,

Мұнша тынышымды аласың.

Жалаң аяқ, жалаң бас,

Қайда кетіп барасың,

кімнен кеміңді аласың?

Және шора сөйлейді:

—Атың мініп ап, боздақ,

сен де шықтың серіге,

Мен де шықтым серіге.

сендер қой да, мен қасқыр,

Қоралы қойға беттер ме

Мендей көкжал бөріге?

сұраусыз келдің еліме,

Жалғызсынып тұрмысың

бәлем, боздақ, ойыңа.

Атаң жеген ауыр мал,

Алмаймын деп жүрмісің,

расын[да] мойныңа.

Асық ойнай келемін,

сендер көп те, мен жалғыз,

ойнаған асық ойнына,

«ұрысқа таман жүр,—дейді,

шора әкең мен,—дейді,

ойнайық асық кел»,—дейді.

Қырық баланы қуалап,

татырға айдап жөнейді.

Менменсінген боздақтың

Жағасынан алады,

сақасын тартып алады.

Асық салар билігін

тағы да өзі алады.

сонда шора сөйлейді:

—Атаңа нәлет, ит боздақ,

Маған неге тиесің,

Ажалың жетті өлесің.

590


600

610


620

46

бАтырлАр  Жыры

46

47

Алшы түссе менікі,



тауа түссе менікі,

шіге түссе менікі,

бүге түссе менікі,

Жалғыз омпа сенікі,

Мұны қалай көресің?

егер асық ұтылса,

осы тұрған қырық бала,

бала бас сайын сексен екі тепкіден

Және бас-басыңа

Қырық жұдырықтан

ұпайымды бересің.

Менменсіген, ер боздақ,

Қоңсы болған таманың

ойынын қалай көресің,

тыңда шора кеңесін.

шора солай толғады.

сол уақытта қырық бала

боздаққа келіп жылайды,

Қашалық деп шулайды.

шулағанда не дейді:

—кел, қашалық қалаға,

Қашпайсың ба, боздақ сынды жан аға!

Алып келіп тап қылдың

шора сынды бәлеге.

Аузы жаман демесең,

бірен-саран бармасақ,

Алтын сарай қалаға.

Асығы құрсын жетелік,

Апарып шораға

Асықты беріп кетелік.

Қалаға аман жетелік,

бастың қамын етелік.

бастың қамын етпесек,

шорадан қашып кетпесек,

Алшы түссе, алады,

тауа түссе де, алады,

бүге түссе де, алады,

630


640

650


660

46

46

47



ертедегі  шорА  бАтыр

шіге түссе де, алады,

бәрін де өзі алады,

Жалғыз-ақ омпа бізге қалады.

егер омпа тұрмаса,

Қырқымызды қырады,

Құдай бізді ұрады.

бұл сияқты шорадан

Қалай жаның қалады,

Қашсақ, қалай болады.

сонда боздақ қырық балаға

«Қашпайсың»,—деп ақырды,

«Қасыма кел»,—деп шақырды.

ер шораның қасына

ойнаймын деп асықты

тізелесіп отырды.

сол уақытта ер шора,

Асықты жиып алады,

Қатырып асық қағады.

Алшы түссе де, алады,

тауа түссе де, алады,

бүге түссе де, алады,

шіге түссе де, алады,

сол уақытта қырық үш ойыннан

бір ойын таба алмай омпа тұрады.

Жазатайым бір омпа,

тұрайын десе ер шора

Қолымен қайтып жығады.

Аяқ жағын ер шора

зорлық етіп барады.

Үш ойыннан өткізбей,

төрт ойынға жеткізбей,

Асықты ұтып алады.

Жан-жағына қарады,

сексен құлаш жүн арқан[ды]

көтеріп қолына алады.

басы боздақ ер келіп,

Қырық баланы қосақтап,

Жалғыз өзі тұрады.

Қыз алатын боздақты

670

680


690

700


48

бАтырлАр  Жыры

48

49

Қосақ басы қылады.



Ақ білегін сыбанып,

Алмаққа ұпай жинадық.

Қырық баланың қасына

шора жетіп барады.

сексен тепкі салады,

Қырық жұдырық алады.

еріп келген қырық бала

Аяқ-аяқ қан құсып алады,

Алдына құлады.

Қырық баланың сүйегін

бір төбенің басына

Жинастырып үйеді.

Қырықын қырып болғасын,

Қыз алатұғын боздақтың

Өзіне кезек келеді.

боздаққа келіп сөйлейді:

—ұмытты болам деп пе едің?

Өзім тумай тұрғанда,

тоғыз үйлі тамаға

түрікпен отын жақтырып,

Қалың малын бақтырып,

не жазығы бар еді,

тоғыз қақпалы қаланың,

Үштің бірі шығынын,

тоғыз үйлі тамаға

Жанынан төлетіп тарттырып.

Ай басы сайын тамаға

Алпыс теңге салғандай,

Мұндай шығын алғандай.

ылди қандай, өр қандай,

Қорқақ қандай, ер қандай,

Өзің қандай, мен қандай?

әкем менің қарт Марық

Қуанып той қылғанда,

сенің әкең әліби,

Ақтайшамен екеуін

шақыртып тойға алғанда,

енді екеуі бас қосып,

710

720


730

740


48

48

49



ертедегі  шорА  бАтыр

Атымды қоя барғанда,

Алма мойын қара атты

Қорқытып алып мінген соң,

әкем киген ақ сауыт[ты]

әліби алып киген соң,

балдағы алтын шар болат

«беліңе алып будың»,—деп,

Асты тақтай мамықтың,

Қандырып ұйқың тұрған соң,

Арызын айтқан шешеме,

көтеріп қамшы ұрған соң,

Өз айтқанын қылған соң,

Мен секілді әкеңді

Алты жасқа келгенде

Құл қыламын дегенсің.

Қарындасым тұрғынды,

Қаздың жүні қаттасым,

Үйректің жүні үндесім,

емшектесім, сүттесім

Алты жасқа келгенде,

күң қыламын деген соң,

Ажалыңа кіл, боздақ,

Құдай айдап келгенсің.

«Ала мойын қара аттың

Ала қамшы, ақ тізгін

ұстап мінген қолың,—деп,

Өзіңнің салған жолың,—деп,

екі қолын боздақтың

Қарынан кесті шұнтитып.

«Ая толы шыны бал

ұрттап ішкен ернің»,—деп,

төменгі ернін теседі.

«билік айтқан тілің»,—деп,

тілінің ұшын кеседі.

тілден аққан қара қан[ды]

Қолымен алып ішеді.

«танауы алды таңырайтып,

Қармал жиек алтын телпекті,

басына алып кигенде

4–253

750


760

770


50

бАтырлАр  Жыры

50

51

күнге күйген сайы деп,



түлеуінің жайы»,—деп,

тас төбесін сылиды.

Жұртта қалған тазы иттің

күшігіндей ұлиды.

екі қолын боздақтың

Артына мықтап байлайды.

—Ақтайша мен әліби

түстен қалмай келсін,—деп,

Қырық баласын өлтірдім,

тоғыз үйлі тамадан

Қырық жыл жеген шығынның,

Жары басын бөледі.

Жары көңілім қалды,—деп,

Меніменен ел болса,

енді қалған малымды

Ақтайша мен әліби

Қолынан санап әкеліп,

Өздері әкеліп берсін,—деп,

бүгін малын бермесе,

екеуі мұнда келмесе,

кісіні өзіндей көрмесе,

таң сарғайып атқанда,

Алтын ауыз қаланың

есігінде көрсін,—деп,

сәлем айтып болды да,

Қыз алатын боздақты

Жап-жалаңаш айдады.

сол ер боздақ

Қырық баласын қырдырып,

Құлақ, мұрнын жұлдырып,

боздақ заулап жөнеді.

басына қонған шыбыннан

күннің көзін көрмеді.

Мың сауысқан, жүз қарға

Қызыл қанға таласып,

ортаға алып жөнеді.

сол қалаға жеткенше,

780


790

800


810

50

50

51



ертедегі  шорА  бАтыр

басына қонған қарғаны

Қорғауына қол таппай,

Қаласына жеткенше,

шыбын жаны зар тапты.

әліби жатқан қалаға

Қарға қуып келеді

[Қыз] алатын боздақты

әлібидің алдына.

боздақ келіп сөйледі:

—Жемей кеткін, әлі[би],

кереңді жесең болмай ма?

тумай жатып шораға

Қырық баламды қырдырып,

Құлақ-мұрнымды жұлдырып,

тоғыз үйлі тамадан,

Алты жасар шорадан,

Құлақ-мұрнымды жұлдырып,

Қырық баламды қырдырып,

Менің-ақ күйігімді жеп пе едің?!

сол секілді баланы

Өлтіріп келмей, алжыған,

Алты жасқа келгенше,

Жайында жатар деп пе едің?!

көрсетті шора көрімді,

ойнаған асық жерімді,

әуелі кесті қолымды,

сонан соң кесті тілімді.

«екеуіңді келсін»,—деп,

Мені саған бұйырды.

Апарып малын бермесең,

басыңа пішеді кебінді.

бір қалтаға санап сал

тоғыз үйлі тамадан

Қырық жыл жеген шығынды.

таманың саудың биесін,

Марықтың арттың түйесін,

сонша жеген малыңды

Өзіне қайтып бересің.

сол секілді көрімнің

820

830


840

850


52

бАтырлАр  Жыры

52

53

Апарып малын бермесең,



Құдайдан бұрын өлесің.

Қырық баламды қырғызып,

Қыз аламын деген деп,

басыма жетті киесі.

көргенім өтірік болмаса,

тамадан жеген шығынның

бүгін келеді шора иесі.

сонда ханның кеулі бұзылды,

Айтып болып ер боздақ,

тілге келмей үзілді.

боздақ «батыр» өледі,

әліби сонда кейіді.

Қырық жігітін шақырды,

«Атыңа мін»,—деп ақырды.

Ақырып әліби сөйлейді:

—Марықтан туған шораға өзім барайын,

басын кесіп алайын,

Артынан туғанды

Ат саурынына салайын.

тоғыз үйлі таманың

бәрін бірдей шабайын.

Жаяу жүрген шораның

Жеті енесін ұрайын,

Қыршынын қияйын!

шашақты қара ту алып,

Қырық жігітін қолға алып,

шора, тұрғын балаға

әліби шауып жөнейді.

шауып келсе әліби,

шора әлі тұр екен,

баяғы сүйек басында.

киімі жоқ үстінде,

Қолынан басқа қару жоқ,

Ақ білегін сыбанып,

ұрыспаққа оңданып,

сөйтіп жүрген шораны

860

870


880

890


52

52

53



ертедегі  шорА  бАтыр

әліби көзі көреді.

Жаяу жүрген шораны

әліби көзі көрген соң,

Мазақ қылып күледі.

әліби атты, ол жаяу,

Қырып шауып келеді.

сонда әліби шораға келіп сөйлейді,

сөйлегенде не дейді:

—Мен бір жатқан айдары,

Құйрығымды неге басасың.

Асыранды ит тама,

Өз басыма секіріп,

Мұнша неге тасасың.

Алтын қақпа қаланың

сықырлауық есігін

сұраусыз неге ашасың?!

Қарындасың тұрғынды

әкеліп өз қолыңнан бер,—дейді.

сонда шора кейиді,

Жұдырығын түйініп,

бір Құдайға сиынып,

кәріп жаннан түңіліп,

зеңбіректің шоғына,

бір дүмбел мылтық оғына

Жалаң аяқ, жалаң бас,

Қырып жаяу жөнеді.

әліби атты, бұл жаяу,

Қарсыласа қалысты,

екеуі келіп ұрысты.

Қарсылап найза салғанда,

әлібидің найзасы,

суырып алды әліби

беліндегі болат қылышты.

Жаяу тұрған шораны

тартып келіп салғанда,

балдағынан сынысты,

екі қару тауысты.

тағы да көтеріп алды

900


910

920


930

54

бАтырлАр  Жыры

54

55

әліби алпыс пұт ауыр сойылды,



салып келіп кеткенде,

тұз сабаған келідей,

Желкесінен үгілді.

бар қаруын  тауысып,

Аттан түсіп алысты,

Жағаға қолды салысты.

екеуінің үстіндегі сауыты

Жағасынан айырылысты.

о да «Құдай, бер» деді,

сауытқа симай кернеді,

түске шейін алысты.

Алты жасар шораға

сонда да әлі келмеді.

әлі сонда меңдейді,

шора жағадан тартып сүйрейді,

балшықтан бетер илейді.

Алты жасар бала-ды,

Құдай артық қарады,

Қарағанның мәнісі—

көтеріп қолға алады,

сол уақытта әліби

Ақырып барып құлады.

әлібидей батырды

сақалынан көтеріп,

Қорқыратып шалады,

тоғыз топар салады.

Ақыл бұлағы сол болып,

Үстінен тұрып жөнеді.

Жан-жағына қарады,

Ат ұстаған қырық жігіт

Қалаға қашып барады.

әліби мінген қара атты

Астына мініп алады.

Қырық жігіттің соңынан

шора қуып жөнейді.

он екі құлаш найзаны

Жеткен жерден сермейді.

он екі құлаш найзаға

940

950


960

970


54

54

55



ертедегі  шорА  бАтыр

баршасын шаншып түйрейді.

найза толған сүйекті

Қашпайтынын біледі,

сілкіп тастап жөнейді.

басы әліби ол қылып,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет