кейінгіге жол қылып,
сексен бір кісі сүйегін
Жинастырып үйеді.
Қырық атты айдап, жайдақтап,
Қанға тоймай жалақтап,
тоғыз үйлі тамаға
кешке қайтып келеді.
олжадан түскен қырық атты
тоғыз [үйлі] тамаға,
Үлестіріп береді,
бәрін бірдей көреді.
тоғыз үйлі таманың
Қырық жыл кеткен шығынын
Қайратымен төледі.
ер шораның уақытында
тама да теңдік көреді,
Азын көпке теңеді.
сүйте-сүйте сол шора
Алты жасқа келеді.
Атты жасын атқа алды,
тартар жасын тайға алды.
Ақтайша жатқан қалаға
Ат қо[юға] ойланды.
Жүрейін деп тұрғанда,
Алаша сары биеден
шора туған күні
бір шұбар құлын туыпты.
Марықбай соны көріпті,
«шораға ат болсын,—деп,
Өсіріп өзі мінсін,—деп,
Жауға барып тисін»,—деп,
Алты жасқа келгенше,
Асырап Марық бағыпты.
980
990
1000
56
бАтырлАр Жыры
56
57
сол уақытта ер шора
[шұбар] атты ерлейді.
Атын ерлеп болған соң,
Қайтарып атты байлайды.
Ақтайша мұны есітті,
енді екеуі өшікті.
шұбар атқа мінгесін,
бізді қоймас десіпті.
көп нөкерімен кеңесіп,
«ел болалық»,—десіпті.
сол уақытта Ақтайша,
тоғыз мыңдай қол жиды,
тоғыз мың қолдың алдында,
Марықбайдың аулына
Қырық жігітін жіберді.
сонда Ақтайша сөйлейді:
—Марықбайға сәлем де,
Жау болғанын қойсын,—деп,
Мұнда көшіп келсін,—деп,
күймелі арба астында,
саялап күнін көрсін,—деп.
Меніменен ел болса,
басы әліби, сексен бір кісі құны үшін,
енші қылған шұбар ат,
соны алып келіп берсін,—деп,
не қылса да өзі білсін,—деп.
шұбар атын бермесе,
тоғыз мыңдай қолменен
Ауылында мені көрсін,—деп.
сол уақытта қырық жігіт
көк арбаға мінеді.
Мәстектің жалын өреді,
Марықбайдың аулына
Атын сұрай жөнелді,
Қонаға жетіп келеді.
келе жатқасын Марықбай,
Алдынан шығып көреді.
шеткергі үйге әкеліп,
1010
1020
1030
1040
56
56
57
ертедегі шорА бАтыр
бір ордаға енгізіп,
тоғыздан саба қояды,
бесті асауды сояды.
тамақ беріп болғасын,
Ханнан келген елшінің
келген бұйымын сұрады.
сонда тұрып қырық жігіт
Марықбайға сөйлейді:
—былай барсаң, Қазан жау,
былай кетсең, қалмақ жау,
не қылып күнің көресің.
Ақтайшамен жау болсаң,
Ажалдан бұрын өлесің.
біздің жұртпен ел болсаң,
әлібидің құны үшін
шұбар атыңды бересің.
сонда [Марықбай] жылайды,
Жылай тұрып толғайды:
—шора берсе шұбарды,
әкеліп сізге берелік.
сіздерменен сүйеніп,
біз де күнді көрелік.
шора атын бермесе,
дегеніме жүрмесе,
ер шораға не делік,
барып атын тілелік.
тоғыз үйлі таманың
Жиналып бәрі келеді,
оятып шораны алады.
Марықбай сонда толғады:
—Жатырмысың, қарағым,
басыңда күдері, шырағым,
Ханнан келген қырық елші
кешегі өзің өлтірген
әлібидің құны үшін
шұбар атыңды сұрайды,
есітпей ме құлағың.
тоғызға жасың жеткен жоқ,
1050
1060
1070
1080
58
бАтырлАр Жыры
58
59
Алтыдан жасың өткен жоқ.
сорлы балам өлерсің,
тірідей қорлық көрерсің,
әкең менен шешеңді
Қолдан ұстап бересің.
сонда шора тұрды ақырып,
Жын ұрғандай құтырып,
әкесіне сөйлейді:
—әке, сенде ақыл жоқ!
тамам малымды алғанда,
Аз ғана малым қалғанда,
Мал сұраған кім?—дейді.
елші кірген ордаға
ұмтылып, жаяу найзаны алып жөнейді.
отыр екен қырық елші,
Арақ ішіп қауласып,
Өзін-өзі жауласып.
Қырық елші көріп сасады,
Жаудың түсі басады,
көрсете «алдалап».
Арба қалды бір жерде,
Мылтық қалды әр жерде,
Үйден шығып қашады,
Қуалап шора шаншады.
Қырық елшіні өлтіріп,
Қызыл тілі салақтап,
Қанға тоймай жалақтап,
Ауылға қайтып келеді.
келсе де, әкесі Марықбай
балаға тыныштық бермеді.
сонда тұрып Марықбай
ер шораға сөйлейді,
сөйлегенде не дейді:
—бала, тілімді алмадың,
бір айтқанымды қылмадың,
тілегімді бермедің,
бұл қылғаның іс емес.
1090
1100
1110
1120
58
58
59
ертедегі шорА бАтыр
Ақтайшаның әліби
сұраусыз кетер кісі емес.
не қылсаң да өлерсің,
Ақтайшадан қорлық көрерсің.
Өлмей тұрып кете гөр,
басыңның қамын ете гөр.
Қазан деген қала бар,
біздің сонда кеуістің ұлы тама бар,
ындысталы патша
сол Қазанда және бар
ындысталы патшаның
оң тізесін басатын,
Марықбаймен туысқан
он жеті жаста Марықбайдан айырылған
есімбек деген ағаң бар,
шырағым, сен сол Қазанға бар,—дейді.
тоғызға жасың жеткенше,
Алтыдан жасың өткенше,
сен Қазанда бол,—дейді.
Өлсек біз-ақ өлейік,
Өлсек те сен, шырағым,
Артымда менің қал,—дейді,
тоғыз айлық жол,—дейді,
бір тілімді ал,—дейді.
шешесі сүй деп жылайды,
шораны барып сүйеді.
төсінен аққан ақ сүті
етегін жуып жөнеді,
«бүгін мұнда қал,—дейді,
бүгінше мейман бол»,—дейді.
оң қолынан жетектеп,
Үйге алып келеді.
Алпыс жасар кемпір-шал
таң атқанша ұйықтамай,
кезекпенен сүйеді.
ерте тұрып Марықбай
шұбар атты ерледі,
оятып алып балаға,
1130
1140
1150
1160
60
бАтырлАр Жыры
60
61
«Атыңа мінсең, кел»,—дейді.
сол уақытта әкесі мен шешесі
Қолтығынан көтеріп,
Атына әкеліп мінгізді.
тоғыз айлық Қазанға
Жолдассыз жалғыз өзі жөнеді.
сонда тұрып ер шора,
шұбар атқа «шу» дейді,
табаны жерге тимейді,
тұяққа тиген қара тасты
саз балшықтай илейді.
таң сарғайып атқанда,
шора мінген шұбар ат,
Ақтайша жатқан қаланы
тұмсығымен тірейді.
Ат үстінде тұрып ер шора,
Ақтайшадай батырды
«Мұнда кел»,—деп шақырды,
шақырып алып сөйлейді,
сөйлегенде шора не дейді:
—Мен көк кебісті тамамын,
Марықтың ұлы шорамын.
Мұндағы тама азынан,
толарсақтың сазынан,
Алдымда аға жоғынан,
Мұндағы жаудың көбінен,
тоғыз айлық Қазанға
Жолдассыз кетіп барамын.
Аман барып, сау келсем,
тоғыз үйлі таманың
тауығына тисең де,
Қолыңнан санап аламын.
Мен Қазанға барғанша
Қар жаумасын, нұр жаусын.
Мен Қазанға барған соң,
Маған десе қан жаусын.
Мен Қазаннан келгенше,
тоғыз үйлі тамаға
1170
1180
1190
60
60
61
ертедегі шорА бАтыр
Өздігіңнен тиме,—деп,
әкем Марықбай жатқан ордаға
сұраусыз барып кірме,—деп,
егер тисең тамаға,
Менен басқа кісіден
еш жамандық көрме,—деп,
Мен сияқты батырды
Айтпай кетті деме,—деп,
киді сауыт беренді.
Айтып болып Қазанға қарай жөнейді.
тоғыз айлық Қазанға
төрт мезгілде жеткіз,—деп,
шұбардың басын қаратты,
Қамшыға бұтын таратты,
байлады белге болатты,
шұбар атын тебініп,
Қазанға қарап жол тартты.
шұбар ат сонда шүйілді,
сексен аршын бой жазып,
Жазылумен жөнейді.
әр төбенің басында
Азар басын билейді.
әр төбенің бір басып,
ұшқан құспен жарысып,
Құстан да басып озады,
Арада төрт күн қонады.
төртінші күн болғанда,
көгеріп жатқан Жайықтың
белінен соғып құлады,
бұл күні сонда қонады.
ертең таң атқан соң
шұбарға тағы мінеді,
Жайықтан қарғып жөнеді.
Қазан деген қалаға
талма түсте келеді.
Жетіп келсе Қазанға,
1200
1210
1220
1230
62
бАтырлАр Жыры
62
63
түйдектеген шаң шықты.
шаң астына қараса,
келте қара ту шықты.
ту астына қараса,
тоғыз мыңдай қол шықты,
Қазылған арба жол шықты.
Қалмақтың жатыр қырық мың қол,
Қазылып жатыр арба жол.
балдыр-балдыр сөйлеген,
тілін адам білмеген,
Мәстектерін матаған,
әкесінің тойына
шошқа сойып атаған.
сол Қазанның үстінде,
Қамап жатқан қалмақтың
Қаптаған жауды көреді.
сандатты көзі көрген соң,
сонда шора келеді,
көзі ештеңе көрмеді,
не боларын білмеді,
Қалмақтың қалың көбіне,
Үрмелі мылтық оғына,
зеңбіректің шоғына,
«Аллалап» жалғыз тиеді.
Ақ қара бас ту алып,
Өлімге басын байланып,
Қалмақ көп те, бұ жалғыз,
Атыспаққа ойланып.
Қалмаққа келсе ер шора,
келе жатса алдынан,
Алпысқа келген кәрі шал,
Қудай көзі қызарып,
Ақ сақалы желпілдеп,
көзінің жасы мөлтілдеп,
Алдынан шығып келеді,
шораның көзі көреді,
Қайырылып шауып келеді,
шалға сәлем береді.
1240
1250
1260
1270
62
62
63
ертедегі шорА бАтыр
Сонда шал Шораға бүй деп сөйлейді:
—келбетіңе көз салсам,
садағың аузы шапшақтай,
Қылышың аузы қыпшақтай.
Алтыдан жасың өтпеген,
Жетіге жасың жетпеген,
Алты жасар баласың.
Қалмақ көп те, сен жалғыз,
Қайда кетіп барасың?
Қай таманың ұлысың,
Қай патшаның құлысың,
танымаймын өзіңді,
Алыс көрдім еліңді.
балам, саған жол болсын,
білдір маған жөніңді?
сонда шора сөйлейді:
—Мен Марықтың ұлы шорамын,
Мен кеуістің ұлы тамамын.
Мен шұбардың жалын өремін,
Қазанға кеткен таманың
Артынан іздеп келемін.
Ата, жолдан қалдырма,
Мен осы көп қалмаққа тиемін.
сонда шал бетіне шораның қарады,
Қарайды да таниды.
сонда шалдың жайын сұрасаңыз,
шораға танып жылайды.
Марықбайдың ағасы,
ындысталы патшаның
бізден соңғы бегі екен.
«інімнен туған шораны,
Қай уақытта келер»,—деп,
Алдын тосып тұр екен.
Мұның атын сұраса,
есімбек деген бек екен,
Мұнан да перзент жоқ екен.
1280
1290
1300
64
бАтырлАр Жыры
64
65
сол уақытта Қазанға барған таманы көп қалмақ өзіне
бағындырып алыпты. Қалмақтың бір көзі қатты Құлманбет
деген батыры таманың ханы ындысталы патшаның Қарашаш
деген сұлуын тартып аламын деп жүр екен, тоғыз мыңдай қол-
ме нен бір адамын далаға шығармай Қазанға қамап қойыпты.
Қамалып жатқан қалмаққа
шора жалғыз жолықты.
Қарағай найза қолында,
Ақбалдақ қылыш белінде,
көп кәуірдің соңында,
Айғайлап жауға тиеді.
Қолындағы найзаға
сыйғанынша түйреді.
найза толған қалмақты
сілкіп тастап жөнеді.
ту түбінен ат салады,
туды бұзды қиратып,
ту ұстаған қалмақты
балықтай шаншып, тулатты.
күн жетіге толады,
Жеті күн жалғыз қырғаны
Жеті мың кісі болады.
тоғыз сан бұл кеуіштің,
табан жерде ұлыды,
Жары нөкерін қырдырып,
бір танауын жырдырып,
күн жетіге толды деп,
Алты жасар шораның
Жеті күнде қырғаны,
Жеті мың кісі өлді деп,
Құлманбеттей батырға
біреуі қашып барады,
барады да жылайды:
—кел, қашалық, қаш аға,
Қашпайсың ба, жан аға?
Айдап келіп тап қылдың,
шора деген тамаға.
Аман-есен бармаспыз
1310
1320
1330
1340
64
64
65
ертедегі шорА бАтыр
Өзіміз шыққан қалаға.
сол уақытта
көзі қатты Құлманбеттей батыры
далаға шығып қарады.
көп қалмақты қырып тауысып,
келе жатқан шораны
сонда көзі көреді.
Алдынан шығып қарғайды,
Қарғағанда не дейді:
—танаулатқыр, шұбар ат,
танаулатсаң болмай ма?
төрт аяғы бүгілгір,
Үстіндегі жас бала,
біздер атты, ол жаяу,
еңбектеп, жаяу жүгіргір!
көзі ештеме көрмегір,
тілегіңді Құдай бермегір,
Алтыдан жасы өтпегір,
Жетіге жасы жетпегір!
Құлманбет атыменен сөй деп қарғады.
сол уақыттар болғанда,
Атын қарғап тұрғанда,
көп қалмақтың ішінде
шораның мінген шұбар ат,
Қолтығында қос қанат,
Өкпеліктен көз тиіп,
Аузын ашып кісінеп,
бір көзінен қан ағып,
Жалп етіп барып құлады.
шора жауды жаяу тосып қалады,
бірін-бірін сандатты
Қылышпен қырып барады.
Жаяу тұрған шораны
сандаттар қайта қамады.
Қамап тұрған көп сандат
Жабыла мылтық атады,
түтін қаптап жатады.
Атқан оғы мылтықтың
5–253
1350
1360
1370
66
бАтырлАр Жыры
66
67
шора киген жидеге
Жабыса келіп қатады.
түтеп тұрған мылтықты
Қылышпен сермеп ашады.
Алды қашса сандатың,
Артындағы көп қалмақ
Қайта келіп басады.
сол уақытта ер шора
Жүре алмай, жаяу меңдеді.
Өліп қалған шұбарға
еңбектеп жетіп келеді.
шұбардың басын құшақтап,
Құдайдан тілек тіледі:
—басыңды көтер, шұбар ат!
Жан серігім, жалғыз ат!
Қолтығыңда қос қанат,
кеулім келді шар болат,
Жан Құдайға аманат,
иесін жауға тастар ма
тұлпардан туған қазанат!
шораның көзінің жасы тізілді,
Жүрек-бауыры езілді,
көзден аққан қанды жас
етегіне төгілді.
Құдайға сөйтіп жалынды,
Мұхамбетке шағынды,
әулие қоймай зар қылды.
Жалғыздың пірі әзірет,
түркістанда Қожа Ахмет,
Құлағына шалынды.
Қабыл болды тобасы,
Қара құс болып аспандап ұшып келеді,
Өзінің кәміл бабасы.
төбесінен төнеді,
Атыменен көтеріп,
Аспанға алып ұшып жөнеді.
Жерде жатып Құлманбет,
«Алты жасар шораны
1380
1390
1400
1410
66
66
67
ертедегі шорА бАтыр
Құдай мазақ етті,—деп,
еткені емей немене,
Атыменен көтеріп,
Қара құс алып кетті»,— деп,
Мазақ қылып күледі.
олар күліп жатқанда,
бір бұлақтың басына
Атыменен көтеріп,
бабасы алып келеді.
Қара құс болған бабасы,
Қасына келіп шораның,
Қожа болып сөйлейді.
Өліп қалған шұбар ат
кісінеп тұра қалады.
Атына жан береді,
сонда тұрып бабасы
шораға бүй деп сөйлейді:
—сенің бабаң мен едім,
Ақтайша хан барғанда,
әліби де барғанда,
сен сонда жаңа туғанда,
сенің әкең Марықбай
Қуанып той қылғанда,
Ақтайша мен әліби
Атыңды қоя келгенде,
Ат қоя алмай тұрғанда,
сонда мен диуана болып жүргенде,
сенің шешең гүлқаныс
Алдымнан жылап келгенде,
Атыңды қой дегенде,
Атыңды қойған мен едім,
білмеген балам сен едің,
Атыңа шора мін,—дейді,
Анау жатқан қалмаққа
Және қайта ти,—дейді.
Атқан оғың тимесе,
Өзіме қайтып кел,—дейді.
Ажал оғы тап болса,
Қанатыммен қағайын,
1420
1430
1440
1450
68
бАтырлАр Жыры
68
69
бенде оғы тап болса,
Жүрегіңнің аузына
темірден қақпақ жабайын.
балам сенде болмасын
Менен басқа ағайын.
сыртыңда тілектес болып тұрайын,
тілегіңді қабыл қылғай Құдайым.
Менің айтқан бұл сөзім,
балам, саған жақпай ма?
Қалмақ қой да,сен қасқыр,
Жайылып жатқан көп қойға
Жалғыз қасқыр шаппай ма?
Жеті пірің жар болса,
Қамалып жатқан қасқырдың
Жын-шайтанын қақпай ма?
Айтып болып бабасы
ғайып болып жөнеді.
сонда шора «Аллалап» атқа мінеді,
Ақ қара бас ту алып,
Қарағай найза қолға алып,
шынымен шора шамданып,
кейін қалған қалмаққа
тағы жалғыз тиеді.
зеңбіректің шоғына,
самқалдың қалың жеріне
Қорықпай жалғыз келеді.
Алдындағы сандатты
тиген жерден шулатты.
Мылтық атқан қалмақты
балықтай шаншып, тулатты.
Және алдына қылыштап,
ер шораның жыны ұстап,
Қалмақтар қашты сандалап,
әр бұтаны далдалап.
Жаудан аққан қара қан
ойға қарап ағады.
еңісте қалды мың қалмақ,
еңселей шапқан үлгісі,
1460
1470
1480
1490
68
68
69
ертедегі шорА бАтыр
Қабақта қалды мың кісі.
Қабақтан шапқан белгісі,
барып қырған бір кісі.
сілтеген жерде бас кесті
ер шораның қылышы.
күн тоғызға толады,
тоғыз күнде қырғаны,
тоғыз мың кісі болады.
тоғыз мың қолды тауысып,
шора жан-жағына қарады.
Қалмақтың ханы Құлмамбет,
Қара ала атын жайдақтап,
екі көзі алақтап,
тоғыз мың қолын тауысып,
Жалғыз қашып барады.
шораның көзі көреді,
соңынан қуып келеді.
Құлмамбет сонда Шораға қарап сөйлейді:
—шорамысың сен,—дейді,
балам, бермен кел,—дейді,
әліге шейін өлтірмей,
осы тама нем,—дейді.
сонда [да]ғы Құлмамбет,
Өзінің әлін білмейді.
сонда шора не дейді:
—шора батыр мен,—дейді,
шынымен шора кейіді.
екеуі қарсыласып қалысты,
Қарсылап найза салысты,
Ат үстінде алысты.
Құлмамбеттің жүрегінің аузына найза ендірді,
Қара ала атын саурысынан
Қайқайтып жерге төндірді.
Қылышыменен шабады,
тоғыз бөлек қылады.
Құлмамбетті өлтіріп,
Қазандағы тамаға қайтып келеді.
1500
1510
1520
1530
70
бАтырлАр Жыры
70
71
Жетіп келсе Қазанға,
«шора қашан келер»,—деп,
баяғы алдынан шыққан ағасы,
бес жүз кісі қасында,
Алдынан шығып тұр екен
есімбектей ағасы.
шораны аман көреді,
Ат үстінен көтеріп,
Алдына алып сүйеді.
ындысталы патшаға
ертіп алып келеді.
Қол қусырып еңкейіп,
шораға сәлем береді.
ділдә тамам алтын тақ,
сонда да шора таққа мінбейді.
Сонда Шора Ындысталы патшаға сөйлейді:
—Қаршыға құстың баласын
Қарға өлтірер болар ма?
патша мінген алтын тақ
Қарашы мінер болар ма?
сонда ындысталы патша
Миығынан тартып күледі.
Жалғыз қызы Қарашаш деген сұлуды
шораға өз қолынан
неке қиып береді.
Ханның қызын алып,
ордасында тұрады.
Жаңа таң бір атқанда,
Ата-анасын сағынып,
«тоғыз үйлі таманы
Мұнда көшіріп алып келейін»,—деп,
еліне қайтып жалғыз жөнеді.
Алған жары Қарашаш
шұбар атты ерледі.
тоғыз үйлі тамаға
шора қайтып жөнеді.
Арадан жеті күн өткенде,
1540
1550
1560
70
70
71
ертедегі шорА бАтыр
тоғыз үйлі тамаға қайтып келеді.
әкесі мен шешесі
шораны көзі көреді.
Ат үстінен көтеріп,
Алдына алып сүйеді,
бұл күні үйге түнеді.
Ақтайша жатқан қалаға
шора батыр және қайта тиеді.
Аттың басын қаратты,
Қамшыға бұтын таратты,
Қаланы бұзып, мал алды.
шарбақтың аузын шаң қылып,
Қаланың ішін қан қылып,
Ақтайшадай хандардың
Қолынан басын қағады.
Ақтайша ханның
Алаукеш атты сұлу қызын тағы алады.
Ақтайша жатқан қаланы
тоғыз үйлі тамаға
барып шауып береді.
тоғыз үйлі таманы
тоғыз ру ел қылып,
Қазан қаласына көшіріп алып жөнеді.
Арада он бес қонады,
он алты күн болғанда,
тоғыз үйлі тамадан
шора батыр жалғыз озып жөнеді.
түн ортасы болғанда,
Қарашаш жатқан Ақ орда
шора мінген шұбар ат
тұмсығымен тіреді.
Аман жары Қарашаш
Ат байлауға шығады,
бұл күні мұнда қонады.
Қазанға жеткен көп тама
ерте тұрып көреді.
таң атқан соң ындысталы патшаға
шора келіп сәлем береді.
сонда тоғыз үйлі тамамен
1570
1580
1590
1600
72
бАтырлАр Жыры
Марықбай бұл да көшіп келеді.
Марықбайдың ағасы есімбек
Алдынан шығып келеді.
Ағайынға бәрі бірдей табысып,
Құшақтасып жылайды.
Жеті күндей той қылып,
Марықбайды хан қылып,
кеуілі сөйтіп тынады.
шора сынды батырды
Жауға қарсы қояды,
сөйтіп тұрып баршасы
Мұратына жетеді.
сондай батыр ерлікпен
шора тамам болады.
1610
1619
72
әуелі сөзді бастайын,
Жақсылар білер дос жайын,
диқаншы білер қос жайын.
Өзі жүрген адамдар
Айы біткен айында,
күні біткен күнінде
кетеді ұшып құстайын.
Және сөзім және бар,
Қазан деген қала бар,
ол Қазанның ішінде
ноғайлы мен тама бар.
ол Қазанды билеген
нәрікбай атты баба бар.
неше қилы ел өткен,
неше қилы бек өткен.
он сан ноғай болғанда,
ормамбет хан өлгенде,
ол Қазанды билеген,
кемшілікті білмеген,
бір перзентке зар болған,
көзі тола қан болған,
нәрікбай деген баба бар.
еңсегей бойлы ер есім
ырысына біткен қазақтың,
Арыстан туған аға бар.
нәріктен туған бала бар,
ол баланы көрсеңіз,
Маңдайының арасы
кере қарыс, сере бар.
Қисса Нәрікбай
-
Шора
(Майкөт – Ә. Сариев нұсқасы)
10
20
74
бАтырлАр Жыры Достарыңызбен бөлісу: |