«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата06.04.2017
өлшемі2,23 Mb.
#11121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

бес ауылдың несі ауыл.

көрген соң есі қалмады,

Малына қарай шабады,

Алып кеп малды қамады.

Алсаңыз міне зекет деп,

Алдына әкеп салады.

оннан бірді алып қалады,

Жылқы, түйе, сиырдан.

Азат қылар мал болмады,

Жылатты әліби баланы.

ең жаманы қойын да

Мыңнан айдап барады.

тамалар шулап жылайды:

—Мұсылман деп кеп едік,

тұз қылған екен кәпірді.

шыныңменен, Құдай-ай,

Аударған екен қонысты.

таңдап салды тамаға,

Құнан қой тоғыз сойысты,

сойысын бірден сояды.

Артылғанын әліби

Жақынына қояды.

тамадан келген адамға

бір бақай да бермеді,

Қорлықпен көзін ояды.

нәрікбайды әліби

660

670


680

92

бАтырлАр  Жыры

92

93

шақыртып енді алады.



бір көкшолақ шапанды

әлібиге жабады.

Жапқаны оның құрысын,

Қырық үй қоңсы тамаға,

Қырық орман ішіктен

салық қылып салады.

Халі келген байлары

Жүгіріп үйге барады.

Алып келіп ішікті,

Қошамет қылып үстіне

әлібидің жабады.

Халі келмес кедейлер,

Үйді-үйіне келісті,

отының басын тебеді.

Қазан деген қаладан

ертіп келген сенсің деп, 

бір-бірімен керісті.

ылажы бар ма кедейдің,

көтеріп алып берісті,

енді әліби жөнеді.

түрікпен қалың ел еді,

кермісінді сағалап,

көп жылқыны аралап,

Жорғасы мен жүйрігін

ұстап алып саралап,

Үкімменен келеді.

көп жылқының ішінде

шортан балық секілді

шұбар атты көреді.

шұбар атты көрген соң,

есі кетіп әліби,

ұстайын деп ұмтылды.

Аузын ашып шұбар ат,

тістейін деп қымтынды.

Айнала артын береді,

Қос аяқтап тебеді.

ұстатпасын білген соң,

Қараханға бармаққа,

690

700


710

720


92

92

93



ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Ханды салып алмаққа,

әліби сонда жөнеді.

Қараханның алдында

әліби айтқан сөзі еді:

—Ассалаумағалейкум,

Алдияр тақсыр, Қарахан,

Атадан жетім бала хан.

көтерілді бағыңыз,

әруақ болды жағыңыз.

Атадан қалған мұрасың,

Астыңда алтын тағыңыз.

Алыстан ауып ел келді,

о да сіздің бағыңыз.

Алыстан ауып келіпті

тама деген еліңіз.

еліңіз келіп тасып тұр,

осы күнде көңіліңіз.

сүйінші, тақсыр, сүйінші,

сүйіншімді беріңіз.

сен едің менің досым-ай,

дос болып едің жасыңда-ай.

Менен басқа еш адам,

Қалған жоқ еді қасыңда-ай.

осы күнде хан болып,

дәулет қонды басыңа-ай.

тауға біткен тарыдай,

Жапырағы сарыдай.

Астымдағы күлсары ат,

ет алмады арыды-ай,

Жасы жетіп қарыды-ай.

Мейірмандық қылыңыз,

дос мінгендей тәуір ат

тамалардан табылды.

егер мені дос білсең,

сол тамаға барып кел,

бар да қолқа салып кел.

бір шұбар ат бар екен,

Қоңсыңнан тілеп алып бер.

тірі қылса Құдайым,

730

740


750

760


94

бАтырлАр  Жыры

94

95

төрелікке сайлайын.



есіттім қырық қоңсыңды,

сізді де, тақсыр, сынайын.

сол атты мініп алдыңда,

Қызмет қылып тұрайын.

сол шұбар атты алып бер,

Ақыңа дұға қылайын.

таманың жайын есітемін,

бүгінде сізге жақындап,

Өзің біліп жоқтасаң,

Менің біліп нарқымды.

Айтқан сөзді тыңламай,

бүлдіріп алма халқыңды.

әуелі сізден өтейін,

Арызымды айтып кетейін.

Айтқаным тура болмаса,

Өз бетіммен жүрермін.

оңғарар тәңірім атымды,

Қырық мың үйлі қайрақты,

Қырық мың үйлі айрақты,

екі қырық мың қосылса,

біреудің сорын қайнатты.

Мінермін десем, мінермін,

Мінгізбес адам қай жақта?

сөзсіз жерді жегізіп,

бір бұзықты келгізіп,

еркелетіп қоймаспын,

«Мен де патша» дегізіп.

Қарахан сонда сөйледі:

—Жақсы айтасың, әліби,

сен де менің досым-ай,

дос болып едің жасымда-ай.

Айдарханнан қорыққаннан,

дос болып едің басында-ай.

күнің үшін қорғалап,

отырушы едің қасымда-ай.

бүгінде мықты сен болдың,

Жетімдік менің басымда-ай.

770


780

790


800

94

94

95



ҚиссА  нәрікбАй – шорА

әруағына атамның 

келген екен  бір қоңсы,

әлде қалай қасымды

дос болғандай мен саған,

көрсеткен күнің осы ма-ай?

Қайдан таптың қаңғырған

бір Қазанның тамасын.

келместен жатып біліпсің,

Жоқ екенін баласын.

иманды, жақсы хан едім,

Қасиетті жан едім.

Мазақ қып ақыл саласың,

егер мені хан десең,

тамаға неге барасың?

сұраусыз зекет аласың.

Қайдан білдің таманың

Жоқ екенін баласын?

тама мен маған зор болдың,

зорлығыңа саласың.

Құдайға сен де бендесің,

бір күні өліп қаласың,

тәңірі алдына барасың.

бізге үлкен болғанмен,

тәңіріге пенде боласың.

тәңірінің алды бір дейді,

төренің алды тең дейді.

Алар қоңсы жағаңнан,

Қисабын қайдан табасың?

нәрікбай мен көп тама,

Қасиетті жан шығар.

саған жаман болғанмен, 

 

 

Жұртына жақсы шал шығар.



Азар болса бейшара,

бүйтіп зарлап жүргені,

бір перзентке зар шығар.

назар керден кісі екен,

бір шаһарға хан шығар.

нәріктен жақсы болып па

шөп кіндікті байшұбар?

810


820

830


840

96

бАтырлАр  Жыры

96

97

байшұбар деп жабыспа,



Адамға бермес мал шығар.

ел-жұртынан айрылып,

Мүсәпір болып жүргені,

зарланып қаңғып жүргені,

сол атына қам шығар.

бір шұбар аты бар деген,

Адамға бермес мал деген,

шұбар ат бар деп есіттім,

Айтқаның сенің сол шығар.

Қайғылы кісі көрінді

нәрікбайдың  жүрісі.

Алдап алған кісіге

көп білем алтын-күмісі.

әруағына бұл жұрттың

келіп қалды дұрысы.

ішкімнен кем көрінбейді,

Маңдайындағы ырысы.

Хикмет көрген кісі екен,

бурадай қиял тұрысы.

Қазанда болған хан екен,

білмеймін қандай жүрісі.

көңіліне азар салмасаң,

болар еді, әлеке,

Мұның да сұрары бар шығар,

Өзіңдей аға-інісі.

Алдап қылсаң туысқан,

Өзі мырза, өзі бай,

шошытып азар салмасақ,

Асыл затын байқамай,

Құдай айдап келтірген,

сіз бенен бізге шылқа май?

келместен жатып, әліби,

Мұнша неге зарлаттың,

Мақұл ма мұның, япырмай?

не болмақшы еді жалғыз тай,

Жамандасып алған тай,

Жаманданып өлмей ме?

850


860

870


880

96

96

97



ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Жалғыз үйлі бір қоңсы

Қолымыздан келмей ме?

біз Құдайдан қорықсақ,

Өзі-ақ әкеп бермей ме?

Қырық қақпалы ел екен,

ноғайлы тама дер екен.

Үш алаштың баласы,

Жері байтақ кең екен.

ішіне барған нәрікке,

Артындағы ерлер сөз қылса,

әлібидің қуаты

нағып келген демей ме?

Жалғыз үйлі тамаға,

әлібидің нәрікке

келген болса қуаты,

осындай сөздің артында

болушы еді ұяты.

тілімді алсаң, әлеке,

тамаменен егеспе.

естерге жаман болмай ма

не бітіріп бермекші?

Жалғыз үйлі қаңғырған

бір қоңсының бір аты.

көп халыққа мақұл ма,

осыған қылқың қақпағың.

Менен де бұрын сенікі,

бауырыңа тартып алмағың.

Қырық мың үйлі қайрақты,

Қырық мың үйлі айрақты,

содан бір ат таба алмай,

Жалғыз үйлі қоңсының

Атын көздеп қалмағың.

Мақұл болса қыла бер, 

 

Өзіңде жоқ боп тұрғандай,



Атын тартып алмағың.

әлқисса,  Қараханның  бұл  сөзін  естіп,  әліби  тас-талқан  бо-

лып, Қараханға ашуланып, үйіне барып таманы шабамын деп: 

«Мен сені хан деп айтсам, менің абыройымды жоқтамай, тенті-

7–253

890


900

910


98

бАтырлАр  Жыры

98

99

реп жүрген таманың сөзін сөйлеп, мені әуре қыласың»,—деп, 



бек қайраттанып, ашуланып жүре берді. 

Қарахан  байқап,  тіке  бара  сала-ақ  тамаларды  шабатұғын 

көрінеді деп, хан әлібидің түп етегінен ұстап алып айтты: «ей, 

әліби, ашуыңызды басыңыз. Мен таманы не қыл десең де ұстап 

берейін,  әшейін  сізді  бір  ашуландырайын  деп  едім».  Қарахан 

бұлайша  айтқан  соң,  ашуын  басып  отырды.  «ұрғанның  атын 

алып  берейін»,—дейді.  сонда  Қарахан:  «Атын  алып  берей-

ін,  ләкін  бас  салып,  тарс  қойып  алғаным  жарай  ма  деп,  бір 

Құдайдан,  екінші  әруақтан,  үшінші  ел,  халайықтан  ұят  деп 

ойлаймын»,—дейді.

әліби  айтты:  «әр  нәрсе  қылып,  алып  бергенің  керек»,—

деді. сонда Қарахан: «бір айла қылып, алып берейін,—деді, сіз 

жұртқа сауын айтып, үлкен жиылыс той қылыңыз. тоғыз күнге 

дейін  той  қылып  тамаларды  шақырмай  тұрып,  ақырғы  күні 

тамаға  кісі  жіберіп  шақыртыңыз.  тоғыз  саба  толтырып  тойға 

келсін  қымызбенен  деңіз.  Қанша  үлкен  болғанмен  бір  күнде 

тоғыз сабаны толтыра алмайды. тоғыз саба қымызды толтыра 

алмаған  соң,  өзі  қорынып  келе  алмайды.  Қоңсы  шақырылған 

тойға келмеген соң мен үкім қылып, шақырған тойға келмедің 

деп айыпқа атын алып беремін»,—деді.

—Құп, мақұл болады,—деп, әліби үйіне келіп, «Үлкен жиы-

лыс той қыламын, тоғыз күнге дейін»,—деп, жұртқа хабар сал-

ды. ендігі сөзді ханзада Қарахан баладан естіңіз. Қарахан бала 

бір күн, бір түн басын таққа қойып, зар жылап ас ішпей: «әуелі 

Құдай, екінші атамның әруағына келген бір бейшараны әлібидің 

осылайша қылып жүргені менің жастығым, нашар болғандығым 

ғой»,—деп  жатып  алды.  сонда  баланың  ойлап  тапқаны: 

Қаратиын деген бір жақсы Айдарханнан қалған дана уәзірі бар 

еді,  әулие  адам  еді.  Қаратиын  деген  басқа  халықтан  сіңген  еді, 

мұны  Қаратиын  бекеуіл  дер  еді.  ол  кісі  Айдархан  дүниеден 

өткеннен кейін, келмей жатып алып еді, сол уақытында қырық 

қақпалы  шәһәрінің  он  қақпасының  қаржы  зекетін  сол  бекеуіл 

жер  еді.  дарқал  баланың  ойына  сол  кісі  түсіп  кісі  жіберіп  еді, 

келмеді. екінші кісі жіберіп еді, келмеді. Үшіншіде Қаратиынды 

жасауылдар айдап келді. сонда баланың айтқан сөзі:

—Ассалаумағалейкум,

Қаратиын бекеуіл.


98

98

99



ҚиссА  нәрікбАй – шорА

танимысың баяғы,

Айдархандікі осы ауыл.

бір шақырдым келмедің,

шақырдым екі келмедің,

сол пейіліңнен өзіңді

Айдап бір келді жасауыл.

сен, сен едің, сен едің,

сенің балаң мен едім.

Айдархан атам өлгенде,

бір атам өлсе қайтейін,

біреуі тірі деп едім.

Айдархан атам өлгенде

Қасыма менің келмедің,

не жазығым бар еді.

Қырық қақпалы шәһәрімнің

он қақпасын жер едің.

әкемнен қалған несібе,

Өз пайдаңды жемедің.

Жерімді қарғын қаптады,

оған бір тоған шабыңыз.

елімді жалын қаптады,

оған айла табыңыз.

Атадан қалған әруақ,

Қайтпақшы болды бағымыз.

көрінбек болды, сор болды,

Халыққа берген нанымыз.

бір мүшкіл туды басыма,

Мұсылман болсаң, наныңыз.

бір жылан шапты торғайға,

Ажыратып сонан алыңыз.

әліби шапты тамаға,

Ара түсіп барыңыз.

әруағына атамның

Алыстан келген қоңсы еді,

Айырып соны алыңыз.

Айырып соны алмасаң,

Арам болды доңыздай,

тырнақтап жиған малымыз.

тәңрінің алды бір деді,

920

930


940

950


100

бАтырлАр  Жыры

100

101


төренің алды тең деді.

таңда мақшар болғанда,

Қисабын қайдан табарсың?

дулыға кидім ел үшін,

Қолғап кидім жең үшін.

әркімдер келіп сенен күшті,

Адамда дәулет мал үшін,

Атамыз басын көп берген

осындай келген ел үшін.

Қой дегенге қоймады,

көп айтқанмен болмады,

бұл таманы құртам деп,

Арамдықты ойлады.

Айуан түсті антұрған,

Өзі доңыз не білсін.

Менің атам Айдархан

басын берген халық үшін.

Мен де сондай болсам деп,

көп ойлаймын нарық үшін.

Жанашырым болса егер,

Құрта алмай жүрген әліби,

сірә да, мені не қылсын.

Қазаннан іздеп келіпті

Атамыздың дабысын.

Жан ашырым қайда бар,

Жақын қылар алысын,

иттік қылды әліби,

бір қоңсыны ат үшін.

Амалың болса тап енді,

тоғыз күнде таманы

Жылатпаққа тұр енді.

ішім толды ызаға,

ешкім шыдап тұра ма?

сізге айтқан сөзім бұл,

Қыларың болса қыл енді.

бекеуіл сонда сөйлейді:

—Қапа болма сен, балам,

неге қапа боласың?

960

970


980

990


100

100


101

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

патшазада сен, балам,

Анық қапа болсаңыз,

бүгін түннің билігін,

бүгін маған бер, балам.

түн билігін алады,

Хан базарға барады.

бұрынғы жүрген маршаптың

бәрін ап кеп бекеуіл,

күнәһар қылып қамады,

Өзінен маршап салады.

«біреу біліп қоймасын

ісімдің деп ойлады.

Қара жорға ат мініп,

Жал-құйрығын шарт түйіп,

Жолға түсіп созылып,

лашын құстай түйіліп,

Қамшы ұрып аттың баурына,

түн ортасы болғанда,

нәріктің келді аулына.

бекеуіл келіп сөйлеп тұр,

нәрікбайға айтқан сөзі бұл:

—Жатырмысың, нәрікбай,

бейшара болған ғаріп бай.

Жатқаның сенің бекер-дүр,

Қараханға жолықпай.

Аламын деп әліби,

Жолыңа тұзақ салыпты-ай.

бір шұбар атың бар дейді,

судағы сазан балықтай.

түбіңді Құдай оңғарар,

ерлерге тілеу бермейді,

сендей болып тарықпай.

Жігіттің аты шықпайды,

Қызыр баба жолықпай.

Қазанда жүрдің тарынбай,

екпіндеп соқтың дауылдай.

Қасиетті деуші еді,

Халқыңа тиген көп пайдаң

1000

1010


1020

1030


102

бАтырлАр  Жыры

102

103


көктемдегі жауындай.

Қара ағаштай түрікпенге

Қадірің кеткен жоқ еді,

Жаңа піскен қауындай.

ойда жоқ жерге кеп қалдың,

орғыған құлан шаңындай.

дүниең қалың ер дейді,

Қарынбайдың малындай.

сен Қазанда жүргенде

Алмаған жауың қалмады.

Қаптаған қара жалындай,

бір үлкен жұмыс кез болды.

Қайратың бар шағыңда

басыңды көтер ұйықтамай.

саған бір дұшпан табылды,

Жерінен ауған құландай,

дәулетің қалың тұмандай.

бір дұшпанға кез болдың,

ысқырып жатқан жыландай.

әлібиді жын ұрды,

сіздің мінген шұбардай,

Мінгенім менің Құла ат-ты,

Жақпаса тәңрім шырақты,

Қамыңды же, тамалар,

шаппаққа түрікпен ұнатты.

тоғыз сабаң толмаса,

тобаң қабыл болмаса,

Ал балаңды жылатты,

ойлама мұнда Қазанды.

Қызының кегі  қалғандай,

Алмақ болды амалдап

Астыңдағы алаңды.

тоғыз күнге жеткенше,

толтыр, шіркін, сабаңды.

түрікпендер той қылып,

Қылды саған амалды.

Қамыңды же жатпағын,

кетірер болды мазаңды.

 

1040


1050

1060


1070

102

102


103

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

бекеуіл соны айтады,

Айтады да қайтады,

бір оқиға болғанын

нәрікбай сонда байқады.

түрегелді дірілдеп,

«не жаздым,кәміл пірім»,—деп.

Қазанда патша кісі еді,

әркімнен артық сәулеті.

түркпендер қор қылды,

бұ да ақтың нәубеті.

ол уақытта көп еді,

тәңрінің берген дәулеті.

он мың жылқыға жөнеді.

Қоңыраулы нардың үстіне,

тоғыз саба артып ап,

Үш күн сауып биені,

Үйге қайтып келеді.

тоғыз саба толғанда,

тобасы қабыл болғанда,

сәске түстен қалма деп,

сәске түстен қалсаңыз,

шұбар атты алмай келме деп,

ертең ерте түрікпеннен

біреуге хабар береді.

есі жоқ есірік надандар,

Хан тойына барам деп,

барлығын тауып киінді.

Үстіне ілмей нәрікбай,

бір теңгелік киімді,

әлібиден қорыққаннан,

бір сұмдық ойлап түйінді.

басы бұлтқа жеткенмен,

Жалғыздың ісі қиын-ды.

сыр айтпай халықтың біріне,

сиынды кәміл піріне.

ерте тұрып ентелеп,

дүние түбі келте деп,

патша нәрік жөнеді.

Қорыққаннан қошемет,

1080


1090

1100


104

бАтырлАр  Жыры

104

105


әлібидің тойына

тоғыз бие жетелеп,

бүкең-бүкең желген ат,

еркінше шауып көсілді.

нәрікбайды алмаққа

әліби жаман есірді.

тоғыз бие жетелеп,

сәске түстен қалмастан,

тойға келген секілді. 

  Ал,  әлібиге  хабар  болды.  Қараханның  айтқан  сөзіне  іле-

сіп, тоғыз саба толтыра алмайды деген іші ақымақтыққа салып 

жүргенін  білмей,  мына  нәрікбай  тоғыз  саба    толтырып  келіп 

тұр деп әлібиге хабар болды. сонда әліби Қараханды бір боқтап, 

һәм Қараханның сөзіне еріп жүргеніне өзін-өзі бір боқтап, бек 

қапа болды. Өзіне-өзі пышақ ұрмақ болып жана жұртына жар 

қылып айтып қойды:

—нәрікбайдың  алдынан  еш  адам  барып  меймандарлық 

қылмасын, атын ешкім ұстамасын, үйге түс демесін, бір адам 

тырс  деп  бармасын,  иә  мұның  қайтып  кеткенін  көрейін,  иә 

менің қолымнан айырып алған кісіні көрейін,—деп, бек жа-

ман түгі бетінен көрініп, ашуы келді. сәскеде келген нәрікбай 

бесінге  дейін  аттан  түспеді.  иә  қайтып  жүріп  кете  алмады. 

бесін уақытында Қарахан нәрікбайдың қапа болғанын көріп 

айтты: «әліби, бұл бейшара бір перзент үшін келіп еді, бізді ел-

жұрт деп. енді Құдай сені дұшпан, өшпенді қылды, халайық 

айтса  да  болмадың,  мен  айтсам  да  болмадың,  доңыздыққа 

кеттің енді. Арманың шұбар ат болатын болса, бұл нәрікбай 

өмірінде қорлық-зорлық көрмеген адам екен, дүниенің ешбір 

кемшілігін  көрмеген  екен  жана  өз  қиялы  болмаса  ешкімнің 

тілін алмас екен, өзі бір жұрттың патшасы екен. енді бір жар-

шы  шығарыңыз.  ол  жаршы  нәрікбайдың  Қазаннан  ауып, 

аға-інісімен араз болғанын жана перзенттің жоқтығын, есім-

нен  көрген  қорлығын,  бұл  жерге  ауып  келгенін  айттырсаң. 

Өзі бек жақсы адам екен». бастан аяқ көрген қайғы-қасіретін 

айтқан  соң  бек  қапа  болады.  Мал-мүлкін  талақ  қылып  та-

стап,  екі  қолын  төбесіне  қойып  һәм  артына  ұстап  кете  бере-

ді.  одан  кейін  нәрікбай  кеткен  соң  мұндағы  мал-жан  иесіз 

қалады.  сонда  шұбар  атты    ұстап  ал  да  қызыңның  .......,—

1110


104

104


105

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

деді, одан кейін әліби сонда бір жаршы шығарды, көзі маш-

тай, құйрығы тастай.

әуеден ұшқан қайыптай,

төркіндеген зайыптай,

суға салған қайықтай,

әр нәрсеге лайық.

шекпені тізесіне жетпеген,

басынан жаманшылық кетпеген.

Мұрны қамыстай,

е…гі талыстай.

шалбары көтіне қатқан,

Өзін туғаннан Құдай атқан,

Жауыр есегіне мініп,

Өзі жалшы, ыржаңдап күліп,

нәрікбайға қарап жүріп,

Қай-қайдағы қу сөзді,

Қиялына келтіріп,

көтін жырмасымен толтырып,

нәрікбайға қарап сөйлегені:

—бір Құдайдың барлығы,

Қараханның жарлығы,

Жібереді мені баршы деп,

Қарахан айтты жаршы деп,

Менің айтқан жырымды.

елде қубас бар болса,

Құлағыңа салшы деп.

ұлдыларға орын бар,

Қыздыларға қымыз бар,

ұлы менен қызы жоқ

нәрікбай атты қу бастың

Хан, жиын-тойда несі бар?

беклер мінер күймесін,

Жарқыратып түймесін.

көрдім деп қызық жүр ме екен

тәңрінің жалған дүниесін.

нәрікбай келсе бұ тойға,

Аластап жұрттан шығарсын.

баласы жоқ қу бастың

1120

1130


1140

1150


106

бАтырлАр  Жыры

106

107


кесірі жұртқа тимесін.

Қалжыңмен сөктім құрдасты,

кәдірден болған мұңласты. 

істі елге жуытпа,

Жұрттан шыққан зәндемі,

нәрікбай атты қубасты.

Халың келсе басынан, 

Аудырмаңдар таяқты.

Асты еліңе жуытпа

Жұрттан шыққан саяқты.

Жақсы болса тамасы,

інісі мен ағасы,

Өлсе көрмес сүйегін,

кәнекей мұның баласы?

елі мен жұрты қай жақта

дүниеге болған мас?

Жақсылармен көңлі қас,

бір жылқыға жұрт сатқан,

еріместей көңлі тас.

неге келді бұ тойға

Жұртынан шыққан бір қубас?

Жаршының айтқан сөзі бұл,

нәрікбай тыңдап қарап тұр.

бұл сөзді естіп нәрікбай,

әрнеме түсті ойына,

көзінің жасы көл болып,

Аға берді қойнына.

Алтынды қомба, ақ кісе,

Алып бір салды мойнына.

көзінің жасы көл болып,

етегі тола сел болып,

Жаралы қаздай ыңыранып,

Жарылған мұздай күңіреніп,

Жіберді басқа бір салып,

Қараңғы тұман күн салып,

нәрікбай еңіреп жөнеді.

«обалың сенің кімге»,—деп,

тоғыз бірдей сабаны,

1160

1170


1180

1190


106

106


107

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

пышақпенен жарады.

келе жатып зар жылап,

нәріктің айтқан сөзі еді:

—он сегіз мың ғаламды

Жаратқан, қадір Құдай-а.

басы жұмыр бәндеңе

салған күнің көп екен,

иә, зүлжелел, мұндай-а.

Аспаннан тұман орнады,

Аяғымнан жібермей,

Жердің тартып лайы-ай.       

 

көрсеткен күнің осы ма,



Айналайын, Құдай-ай?!

Жекендікі жеке екен,

Жеті баулы бек екен.

Қартайсам да жылаған,

Қазан деген ел екен.

Мен сияқты ғаріпке

сақтаған күнің көп екен.

басында Құдай бар қылдың,

Қасиетті жан қылдың.

Мен қазақпын дегенге,

Қазанға мені хан қылдың.

Қайда барсам қалмастай,

бір пәле маған жармасты-ай,

әлібиге тұс қылдың.

тобамнан неге жаңылдым,

Айдап келіп Қазаннан,

көрінген итке жегізіп,

Айналайын, Құдайым,

Мен күнәкер не қылдым?

Қойшыларға қор қылдың,

Жылқышыға жыр қылдың,

сиыршыға сыр қылдың,

Ауыздағы сөз қылдың,

Аяқтыға жол қылдың.

екі [адам] бас қосса,

әңгімесі мен қылдың,

Қара жермен тең қылдың.

1200


1210

1220


1230

108

бАтырлАр  Жыры

108

109


Қорлыққа бүйтіп қойғанша,

Қазанда алсаң болмай ма?

Мен әлібиге не қылдым?

ел-жұртымнан айрылып,

Қанатымнан қайрылып,

шерменде болып зар қылып,

бұл қорлыққа кәйтіп жүремін,

тірі болып не қылып,

Өлетұғын күн бар ма?

Қорлықпенен жарылып,

бір перзент бермей зарланып,

Қатарымнан кем қылып,

Жаратқан жалғыз, Құдайым.

ішімде толды уайым,

әлібидің дерті өтті,

Қайғым бір асты қапа боп,

дертімді кімге шағайын?

Жалғыз жүрмін тентіреп,

көрінбес көзге ағайын,

наз көтерер кісім жоқ.

кімге еңіреп барайын

тең құрбының ішінде?

бір перзентке зар болып,

кем болды менің тілеуім.

әуелі тудым адам боп,

есімнен көрдім қорлықты,

Жақсылық ісім жаман боп,

еліме жетер күн бар ма?

Жұртымнан көңлім қалған жоқ,

елге жетер заман жоқ.

Алпысқа жақын енгенде

Қайғылы болып зарладым.

Өзімнен туған бала жоқ,

ұлым түгіл қызым жоқ,

ұлдыға сөйлер күнім жоқ,

бір перзенттің жөнінен,

байланды мылқау тілім жоқ.

босады болат темірім,

Қор болып өтті-ау өмірім,

1240


1250

1260


1270

108

108


109

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Қазанда жүріп таусылмай,

ұзады неге өмірім,

Қорлыққа туған екенмін,

Қай жерде менің мекенім?

Қубас деген сұмдық сөз,

Қайда барсам әзір боп,

Қарап тұр маған не етемін.

Жаратқанға не дермін?

Аспанның асты биік көк,

енді қайда кетемін?

Айналайын, атыңнан,

есім атты жалғыздың

бір ауыз сөзін көтермей,

бермесін тілеп Құдайдың,

Асы боп шыққан екемін,—

деп жылай берді. күлқанысайым деген бәйбішесі бар еді, өзі есті 

адам  еді,  нәрікбай  қанша  қапа  болып  жүрсе  де,  ол  кісі  Құдай 

тағала  өзі  білер  деп  жүруші  еді.  сабыр  қылып,  нәрікбайға 

бәйбіше айтты, қайрат беріп тоқтау айтты: «әлібидің қастығына, 

нәрікбай, сен ермес пе едің, өзің патша болған адам ең, осындай 

жаудың ішінде жылай ма екен?»—деп сөйлегені:

—Қой, нәреке, жылама,

Жыламай көңлің тына ма?

Жаратқан жаппар Құдайдан

Қысқа тілеу сұрама.

Жылағанмен қайтесің,

әлібидің қорлығын

сіз бенен бізге Құдайым

сақтаған болса сыбаға.

бір Құдайға жылайық,

біз тәуекел қылайық.

көрсеткені Құданың

осы болса нәрікбай,

Өлелік те тыналық.

Жақсылық пен жамандық,

бір Құдайдан деуші еді.

Құдайдан түбін сұрайық,

1280


1290

1300


110

бАтырлАр  Жыры

110

111


Жаманды-жақсы хан едік,

Қасиетті жан едік.

әлібиден сөз естіп,

Жау ішінде жылама.

бүгін өліп кетсек те,

сіз бенен бізге, нәреке,

болмас деймін лайық.

еділ қайда, ел қайда,

елге жетер күн қайда?

Жайық қайда, жай қайда,

Жайға жетер күн қайда?

Қос өгізін айдамай,

белді бекем байламай,

егіншіге нан қайда?

базарға барып мал сатпай,

саудагерге мал қайда?

екі көзсіз соқырға

даңғыраған жол қайда?

киімі жоқ кедейге

бұралған сары тон қайда?

тіршілік—жанның зейнеті,

дүниеде не пайда?

иманың болса жанға дос,

Ақыретте тым пайда.

табаны жерге тимесе, 

  

 



   

Маңлайы күнге күймесе,

елден елді қыдырып,

шерменде болып жүрмесе,

әркімнен сондай сөз естіп,

кемшілік іс болмаса.

нәрікбай мен күлқаныс

Жұрттан шыққан безеуге,

екі бірдей қубасқа

Алтын айдар, шоқ белбеу,

тегін жатқан ұл қайда?—

деп  екеуі  қол  ұстасып,  ақ  ордаға  келіп,  қырық  үйлі  таманың 

бәрін жиып алып, боз қасқа айтып сойып, бұ дүниеден бейпер-

зент өтетұғын ұқсаймын деп, пәни дүниені тастап, тәрік дүние 

1310

1320


1330

110

110


111

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

болып  өтемін  деп,  екі  қолын  төбесіне  қойып  жылап  тұрып 

айтқан сөзі:

Ай мүйізді ақ қошқар

Алып келіп шалады.

ерлі-байлы екеуі

Мойнына бота салады.

ерлі-байлы қос мұңлы,

Жылап еді зар қылып,

таманың есі қалмады.

—Ай, тамалар, тамалар,

Үлкен-кіші, ағалар!

тумасаң да өзімнен,

туғандай болған балалар,

сендерге айтар сөзім бұл,

Құлағың сал, жарандар,

басында мен де мекермін,

Мекерлік қылып не етермін.

Құдай пендем демесе,

диуана болып өтермін.

енді маған разы бол,

Мен ортаңнан кетермін.

Өзі пендем демесе,

Өзі берген дүниеге 

Өзі иесін бермесе,

бекерге жылап не етемін.

енді маған разы бол,

Мен ортаңнан кетемін.

бұл дүниені тарқатып,

тентіреп өлмек екенмін.

Ажалым жетсе, өлермін,

нәсібім болса, келермін.

Қош-қош, тама, аман бол,

енді саған не дермін.

Айдап келіп Қазаннан,

обалыңа сендердің 

бекер-ақ қалған екенмін.

Қазаннан жалғыз жапанда

сен іліндің қолыма,

1340

1350


1360

1370


112

бАтырлАр  Жыры

112

113


Үмітпенен қырық үйің 

еріп едің соңымнан.

Айдап келіп сендерді,

дұшпанға тастап барамын,

обалың менің мойныма.

Жау айғырға жат нөкер,

Жазым болса, бас кетер.

Айдап келіп дұшпанға,

сендерді тастап барамын.

обалыңа қалдым-ау,

Қарақтарым, беп-бекер,

Мен кеткен соң сендерді,

түрікпен келіп ап кетер.

Қызылбастың ұлындай,

сатып алған құлындай,

есігіне сап кетер.

белбеуін салып мойнына,

тәуекел қылып тәңірге,

Қоштасып жұрттың бәріне.

ер өлімі бір күн,—деп,

бір тәуекел қылдым,—деп,

нәрікбай түсіп жөнелді,

Мүсәпірлік жолына.

«сен өлген жерде өлем,—деп,

бір сіз деп баста кеп ем»,—деп,

тамалар шулап жылайды.

«Қалмаймыз,—деп,—соңынан

Қайда барсаң ерем,—деп,

сізбенен бірге көрем,—деп,

елі-жұрттан айрылып

бір сіз үшін кеп ем»,—деп,

тамалар шулап жылайды.

Қаламын деп не қылып,

Қалмайын деп айрылып,

шыға алмады нәрекем,

Үйренген жұрттан айрылып.

Жана бір ақыл айтады,

Жылап тұрып, зар қылып:

—Ай, тамалар, құлақ сал,

1380


1390

1400


1410

112

112


113

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Жана бір айтар сөзім бар.

сендер жақсы көргенмен,

Қайғылы мені қылды зар.

басында патша болғанмен,

бағым тайып басымнан,

кең дүние болды тар.

Қасиетім зор еді,

Қайрақты мені қылды қар.

не сұрамас бәндесі,

бермесе тәңірі, не лаж бар?

Қос өкпемнен оқ тиді,

Қолдан келер не айла бар?

Жүк көтерген қара нар,

тұяғы тасқа кетілді

бәйгеден келген ақ тұлпар.

тұғырынан адасты

әуелеп ұшқан ақ сұңқар.

Жаңбыр жаумай сел болды

пұлы қымбат манатым,

тасқа тиіп мұқалды

балдағы алтын болатым.

сендер едің тірлікте

Құйрығым мен қанатым.

сендерге айтар сөзім бар,

Менен қалған санатың,

бұл жерді мекен қылмаңдар,

шұбасаң да кетіңдер,

Қазанға қарай жетіңдер.

Алты айшылық Қазан бар,

Ақ Жайық деген жолға сал.

дүние-малдың бәрін де

Қазанға таман тез апар.

бұл жерде тұрсаң өлерсің,

Өлмек тұрмақ кемшілік,

Мүсәпірлікке енерсің.

Қорлықпенен құл болып,

Мүшкіл істі көрерсің.

осы малдың күшімен

Қазанға барып енерсің.

8–253


1420

1430


1440

1450


114

бАтырлАр  Жыры

114

115


Қазанға барып енгенің,

Қайран жұртты көрерсің.

елді аман көргенің,

есімге есен көрісіп,

Қолын алған ерлерім,

«Жалғыз ағаң кетті,—деп,

түбіне түрікпен жетті,—деп,

Жалғыз жеңгең тентіреп,

Қорлықпенен өтті,—деп,

есімді тірі көргенің,

Мұңлы болған ағаңның,

осы болды өмірі,

нәріктің көргені»,—дегейсің.

Және барсаң сәлем айт,

Қырық қақпалы Қазанға,

ноғайлы менен тамаға,

келін, жеңге балаға,

Жасы үлкен ағаға,

Жасы құрбы жарандар,

біздерді білген адамға.

тумаса да туғандай

Алдымда өскен балаға.

Ақ сүйектің баласы

әлімзада қожаға,

ел ішіндегі төреге,

сүйегі бізден тазаға.

бізден сәлем дегейсің,

сонша жұрттың ішінде,

нәрікбай атты пәндені

салды мұндай сазаға.

Қазанда жетіп ажалым,

іліндірмей қазаға,

көре алмай кетсем есімді,

Мені десе бір шапсын,

Қайрақты мен түрікпенді,

Аққала деген қалаға.

шалмай шақтым беліме

Аспаһанның алмасын,

Маған салған бұ күнді

1460


1470

1480


114

114


115

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

еш пендеге салмасын.

бір перзенттің дертінен,

тентіреп кетіп барамын,

талауға түсті қайтейін,

тырнақтап жиған мал-басым.

әлібидің дертінен

Арманда кетіп барамын,

Үзілмей менің көз жасым.

Қазанның сырлы ордасын,

Жана түсті есіме

Қазандағы жолдасым,

Жолдасымның жолбарысын,

есім тілін алмадым.

енді білдім есімнің

бұдан былай оңбасын.

әлібиге кез болдым,

бір перзенттің зарынан

тентіреп жүріп сор басым.

ел менен жұртқа сәлем де,

көремін бе білмеймін,

көрмеймін бе білмеймін.

тыйылмай кетіп барады,

сірә да, менің көз жасым.

Мінген атым керлерім,

кекілден аққан терлерім,

бір көрерге зар болдым,

Өсіп-өнген жерлерім.

Артымнан іздеп келмеді,

сүйек еді демеді,

тірлікті бір көрмедім,

Қазанда жатқан ерлерім.

Мінген атым шабдарым,

сауырысы құшақ сандарым.

Жамандықты көрмеген,

дұшпанға тізгін бермеген,

ерте жатып кеш тұрған,

Өңкей сырбаз ерлерім.

Алмас болат, ақ қылыш,

Қиясынан сермедің.

1490


1500

1510


1520

116

бАтырлАр  Жыры

116

117


кең өрісте жай малым,

күмістен соққан сайманым.

Алдына дабыл өңгеріп,

Артына сауыт бөктеріп,

Қияқты найза қолға алып,

лашын құстай толғанып,

Артымнан келер деуші едім,

Қазанда жатқан ерлерім.

Қысылғанда тимеді

сендердің қайрат, еңбегің.

Айбалта, қылыш, жарақтым,

кең шалбарлы балақтым,

рүстемдей талаптым,

Қысылған жерде көзіме

бір көрінбей біреуің,

Жолыңа мұнша қараттың.

Қыршаңқы атты сартыңды,

соқтықса, жығар деуші едім,

тұмар мойын торы атым,

ниязын беріп, жат етіп,

Қожа, ишанды пір қылып,

бергенім қабыл болмады,

Малымды бекер кір қылдым.

ол Қазанда хан қылып,

Қанша дәурен сүргіздің?

Құдіреті бар, еркі бар,

Айналайын, Құдай-ай,

Өртедің де күйдірдің.

ол Қазанда жүргенде,

Жауған қардай борадым,

дұшпанның алдын орадым.

Ақырында Құдай-ай,

түрікпеннен ақыл сұрадым,

Мал мен жанды тәрік қылып,

тентіреп кетіп барамын.

тәңрінің өзі оңғарғай,

осы қылған талабым.

сендерге айтқан сөзім бұл,

1530

1540


1550

1560


116

116


117

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Қой-қой, тама, аман бол,

Қазанға жеткін, қарағым.

Өстіп нәрік жөнеді,

баратұғын жолына,

тоғытқан қойдай шуылдап,

тамалар ерді соңына.

Қалмайын деп айрылып,

бала-шаға зар қылып,

нәрікбай безіп жөнелді.

таманы кейін қайырып,

Ай мүйізді ақ қошқар,

бөрі тартты қоңынан.

Құлағының тынышы екен,

Құтылмақтың оңынан,

Алтынды күмбез ақ орда,

Аңырап қалды орнынан.

Хан нәрікті жөнелтіп,

Қайтты тама соңынан.

басқан ізін тауап қып,

отырған сүйді орнынан.

тамақ ішіп, ұйқы жоқ,

неше күн жылау көңлі жоқ,

бізді қылма ойын деп,

Жас балалар шуылдап,

Қариялар зар жылап.

Құс шақырып, ит үрмей

Аза тұтып нәрікке,

неше күн жатты зарланып,

Қара жерді бауырлап.

ендігі нәрік сөзі бұл:

—Мінген атым шалқасқа,

Қамшы салдым жамбасқа.

батырлық, байлық кімде жоқ,

бектердің жолы бір басқа.

ерлі, байлы екеуі

Қол ұстасып жөнеді,

Артына көзін салмасқа,

1570


1580

1590


1600

118

бАтырлАр  Жыры

118

119


Жасынан тіккен ақ орда,

Алтын аяқ, ақ күміс,

тырнақтап жиған мал басқа.

түсі сауық келеді,

төрт қырлап соққан жебенің.

Ажалдың оғы тигенде,

Қорғаны болмас көбенің.

басына заман туғанда,

Жолдастығы жоқ екен

дүние деген неменің.

Артына тастап таманы,

іздеді нәрік баланы.

Алтынды-күміс ақ орда,

Мал-жаны иесіз қалады.

Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер.

ер басына күн туса,

етігімен су кешер.

Малы мен жанын нәрекем

тастап кетіп барады.

екі көзден қан ағып,

екеуі де зар қағып,

Ашынған пәнде қайтеді?

Аяғын жолға арба қып,

Маңлайдың тері шұбырып,

табаны тасқа торылып,

Жалаң аяқ жер басып,

тамыры жердің қуырылып,

тоғайда жатқан мың жылқы,

Мінбеді бір ат бұйырып.

кермісіннің сазында

сары қоңыздай сары нар,

бұйырмады біреуі.

Қарай шыққан мал мұндар,

Қисапсыз сиыр, қойы бар,

Малсыз бейнет көрмекке,

нәрекеңдей шалдың ойы бар.

табаны жерге тимеген,

Үстіне жаман кимеген,

1610


1620

1630


1640

118

118


119

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Маңдайы күнге күймеген,

бар жазығы қарып-ты,

бір перзент бер деп іздеген.

Алжыған пәнде қайтеді,

Жалаң аяқ, жалаң бас,

перідей болып күлқаныс,

опасы жоқ сұм дүние,

кімнің көңлін шат қылдың?

сол сияқты патшалар

Өстіп өтті дүниеден.

таудың басы шынар-ды,

саздың басы шамалы.

Жер-жаһанды күңіренткен

көктемде жаңбыр, тұманы.

дуана қылған пендені

ғашығы мен құмары.

шуылдаған дауысты

далада жүріп естіді,

бала қып баққан бар еді

нәрекеңнің бір шұбары.

шұбар аттың далада

есітті сонда құлағы.

сөйлейтұғын тілі жоқ,

Адамнан зият ақылы.

ырысына біткен бір малы,

бар еді сондай күлзары.

Қызыл шақа күнінде,

Құлын болып туды сиырдан,

тұлпар боп туған қиыннан,

сиырдан туған қара тіл

шалдырмас жанға Қырымнан.

соны баққан күлқаныс,

Ақ емшегін емізіп,

бала қылып бұрыннан.

бір ұзап, екі тыңланып,

бір дабысты естіп аңданып,

болғанын біліп бәленің, 

Ауылға келді зарланып.

1650

1660


1670

1680


120

бАтырлАр  Жыры

120

121


Ақ ордаға келеді,

иесіз тұрған ақ үйге

Үш айланып енеді.

сөйлеріне тілі жоқ,

көзінің жасын төгеді.

Жібердің мұнша жылауға,

бала қылып күлқаныс,

бауырына басқан-ды.

Аунап-аунап шыңғырып,

нәріктің ізін иіскелеп,

Артынан іздеп жөнеді.

бір күн, бір түн болғанда,

Қарасын мұның көреді.

Айдалада бір шұбар

кісінеп зарлап келеді.

Жатыр еді екеуі,

табаны тиіп бір жерде,

шұбарды қатын көреді.

Қайысқан болат сынады,

Желіккен жүйрік тынады,

есінен танды күлқаныс,

көргеннен соң шұбарды.

күлқаныстай бәйбіше,

Құшағын жайып тұрады.

Мал да болса балам деп,

Қойнынан емшек шығарып,

тұмсығын ап кеп иіскелеп,

Адамнан есті шұбар ат,

Қойнына басын сұғады.

күлқанысты иіскелеп,

шұбар ат келіп тұрады.

екі көзі жәудіреп,

сөйлейтұғын тілі жоқ.

Қара көзден жас парлап,

Өксіп-өксіп жылады.

бәйбіше мен нәрікті,

кезек-кезек иіскеп,

Мүсәпір болып бұғады.

көзінің жасы бұршақтап,

1690


1700

1710


120

120


121

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

зарланып бірге күлқаныс,

шұбар атты құшақтап:

—Ай, шұбар ат, шұбар ат,

әліби саған құмар ат,

сенде барда қос қанат,

Менде беклік салтанат.

Мал да болсаң баламсың,

Артымнан келді азамат.

елім болған шұбар ат,

балам болған шұбар ат.

Қазаннан зарлап шыққанда,

Қияметтік жан жолдас,

Маған болған шұбар ат,

тыным болған шұбар ат.

Алдымда ойнап баладай,

күнім болған шұбар ат.

Қазаннан маған зар жылап,

Қаңғырып жұрген кезімде

дайын болған, шұбар ат.

Қараңғымды жарық қып,

Айым болған шұбар ат,

Ағам болған шұбар ат.

ел сағынып жүргенде,

панам болған шұбар ат.

баласыз зарлап жүргенде,

балам болған шұбар ат.

самалды жайлау, салқын төс,

далам болған шұбар ат.

әуелі тудың сиырдан,

Қызыл шақа күніңде,

нәсібің бізден бұйырған,

Ақ емшегімді емізіп,

бала қып бастым бауырыма,

Алып бір жаттым қойныма.

Мал екенің білмедім,

сирағыңды арттың мойныма.

бала болып еркелеп,

дәнеңе жоқ ойыңда.

ілескелі келдің бе,

1720


1730

1740


1750

122

бАтырлАр  Жыры

122

123


Қайғылы сапар, жолыма.

бала қып бастым бауырыма,

Ақ сүтімді емізіп,

Құлыныңнан тай шыққанда,

пістенің дәнін жегіздім.

тайдан құнан шыққанда,

Мал боламын дегіздім.

Аққу құстай мойныңа

Алтыннан қоңырау таққыздым.

табаның тасқа тиер деп,

күмістен таға қаққыздым.

Жарасуға сауырыңа

Жібектен қамқа жапқыздым.

Анық дөнен шыққанша,

еркектің қолы ауыр деп,

Қырық қызға сені бақтырдым.

Қараңғы үйде тұрғызбай,

Қырық шырақ күнде жаққыздым.

көптің көзі түсер деп,

Қырық бой тұмар таққыздым.

Алтындай көзің жайнатып,

күріш пен майды шайнаттым.

бәденің малға ұқсатпай,

перідей қылып ойнаттым.

сөйлеуге бірақ тілің жоқ,

дүниені біліп-ойлаттым.

затың таза мақпалдай,

серпінің қатты қақпандай.

дүниені бастан біліп ең,

пірлерден назар тапқандай.

бермеді саған біреуді

Үстіңе мініп шапқандай.

затың таза құндыздай,

таң шолпаны—жұлдыздай.

Мені Құдай зарлатты,

саған бір ие туғызбай.

сенің дауысыңды есітіп,

Жүрегім болды су-мұздай.

танауың үлкен тұлпарым,

1760


1770

1780


1790

122

122


123

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

түбі түскен шелектей.

кекіліне қарасам,

күлтеленген жібектей.

Жалың майда бапылдақ,

сұлулар жайған желектей.

Анық тұлпар сен едің,

төрт аяғың теректей.

Айшығыңа қарасам,

ел жайлаған түбектей.

Жал-құйрығың күмістей,

күлтеленген жібектей.

кекіліңе қарасам,

Алтындаған байрақтай.

Анық балам болмасаң,

Артымнан іздеп келер ме ең,

ізіме түсіп ойнақтай.

Айналайын, Құдай-ай,

саған бітіп бір ие,

Маған бітіп бір бала,

дос-дұшпанның ішінде

Мақтанар күн қай жақта.

Айналайын байшұбар,

сенен басқа кімім бар,

Қай менің туған ұлым бар.

бір перзенттің зарынан,

Қартайғанда қылдым зар.

бала қып бақтым мен сені,

разы болшы, жануар.

Қайсысы келді артымнан,

тоғайда жатқан дүние-мал.

Артымнан іздеп сен келдің,

Жасыңнан дәмді мен бердім.

басыма түскен тұманды

Мал да болсаң сен көрдің.

Жанды, жансыз дүниеден

тырнақтап жиған не көрдім.

басыма заман туған соң,

бәрін де тастап жөнелдім.

1800

1810


1820

1830


124

бАтырлАр  Жыры

124

125


саған берген сүтіме,

Ай, жануар, разымын.

шығар жолдың аузында

Ата-анаңа кез келдің.

күйгелек нәрік күйініп,

бұ дүниеден түңіліп,

нәрікбай жаным зар жылап,

Қайтермін мынау бүгіліп,

Өтпекші болдым дүниеден

Өмірімше жүгіріп.

нәсібің болса, келермін,

Ажал жетсе, өлермін,

кетпегін менен түңіліп,

Қош, қош, шұбар, не дермін.

осыны қатын айтады,

Құлыннан жаман шыңғырып,

шұбар ат жылап қайтады.

—Менен қалды дүние-мал,

иесіз тұрған орда бар.

шұбар, сені мінбекке

әліби доңыз ынтызар.

Қайрақты келсе, қағып ал,

түрікпен келсе, аңлып ал,

Жылқыны он мың бағып ал.

Айналайын, байшұбар,

сенен басқа кімім бар?

иесіз тұрған ақ орда,

көп дүниеге назар сал.

Адасып қалған қырық ауыл

тамалар сорлы зар жылар.

түрікпен келсе шабам деп,

Жауап айтар кімім бар?

Қайсы бірін айтайын,

кермісіннің белінде,

Қой, түйе, жылқы қалды мал.

перзентім едің, шұбарым,

со дүниеңді бағып ал.

әліби келер алам деп,

1840

1850


1860

1870


124

124


125

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Айдаһардай ұмтылып,

Арыстандай қамтынып,

Халың келсе, қағып ал.

Ала алмасаң кәпірді,

бас қамын қылып Қазан бар.

табылар маған мал мұндар,

не қылайын, Құдай-ай,

пара-пара болдым-ау,

кең дүние маған болды  тар.

соны айтты да күлқаныс,

етпетінен жығылды.

нәрікбай қандай патша еді,

дәулеттен бүгін сүрінді.

Мал-жанына жаны ашып,

Қайғырар емес бұ күнде.

Артынан шұбар келген соң,

Құсасын біраз сыр қылды.

Адамнан есті шұбар ат,

сөйлеріне тілі жоқ,

көзінің жасы құйылды,

баурынан біраз бүгілді,

бүркіттей көзі шүңілді,

біздей белі бүгілді,

патшасынан айырылып,

Айдалада азынап, 

кісінер шұбар күн-түнде,

Қанатынан қайрылып.

тұяғы тасқа кетіліп,

Айуан деп кім айтар,

неше күндей оттамай,

Аза тұтып нәрікке,

Жылқыда жүрді зар жылап.

ендігі сөздің қысқасы,

Айтушы ердің ұстасы,

Мал—адамға бауыр ет,

бұрынғының нұсқасы.

Желі туып оңынан,

1880


1890

1900


1910

126

бАтырлАр  Жыры

126

127


Жұлдызы туып тобынан,

Қол ұстасып екеуі,

тағы да зарлап жөнелді,

баратұғын жолына.

етегі өрім жыртылып,

Үстінен биті төгіліп,

тасқа басқан табаны

көбесінен сөгілді.

Қайратпен жүріп өктеді,

көңілді жерге жеткелі,

табаны жерге тимеген,

Маңдайы күнге күймеген,

Үстіне жаман кимеген,

бар жазығы ғаріптің—

бір перзент бер деп іздеген.

опасы жоқ сұр дүние,

кімнің көңлін шат қылып,

сол секілді патшалар

Өстіп өтті дүниеден.

бейнет емей немене,

табанының  жарасын

таспаменен көктеді.

«пәлен жерде әулие

бар»,—деп біреу сермесе,

ынтық болды жеткелі.

көк күмбезді моланы

көлденең тастап өтпеді,

безіректің есігін

сыпырып, қылды қызмет.

Қожа көрсе бүлініп,

Жүгіріп қылды көп қызмет.

Жалаң аяқ, жалаң бас,

Жалпылдаған баста шаш,

етегі өрім өрініп,

Абыройына қарамас,

әсте қолы тимейді,

кір басқан үсті жалаңаш.

табаны басқан көмірдей,

түсі солған жуадай,

1920


1930

1940


126

126


127

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

іші қара сиядай.

екі көзі жылауда,

Қара жер болды төсегі,

Жерге аунаған құландай.

Арыстың бойы алты адыр,

Алты айдай еңіреп келеді.

Жеті ғазиз Жайықта,

Жеті айдай еңіреп келеді.

барайын деген жеріне

шөлдегі аңдай желеді.

Аты шыққан әулие

Жер жүзінде көп еді.

бірін тастап кетпейді,

біріне бармай өтпейді.

сондай бейнет көрсе де,

сөйтіп жылап жүрсе де,

бірі жәрдем бермейді,

ешбір сәуле көрмейді.

Құдайдан сұрап біреуі,

бір бала тілеп, бермейді.

бір перзент тілеп беруге

бірінің халі келмейді.

тарығып келген бейшара

күліп қайтсын демейді.

Жер жүзінде жеті шар,

Жеті дария деген бар.

Мағырып пен машырық,

бәрін қоймай қыдырды.

перзент болып ынтызар,

ойлай алмай келеді

Мал-жаны мен ауылын.

ғайып деген әулие,

бұрын өткен кісінің,

оған да барып түнейді. 

Жөнін айтып бала деп,

зарланып жүрген ісінің,

о да сайып қылмады.

нәріктің көріп пішінін,

кім білмекші еді зейінін.

1950


1960

1970


1980

128

бАтырлАр  Жыры

128

129


Жеті жылдай қыдырды,

Қайда әулие бар болса,

кеттелердің қабірін,

нәрікбай жылап айналып,

демін алмай, дамылын,

күлқаныс жылап тілеп жүр,

ісінің  ақыр сабырын.

көріп болды нәрікбай,

Жеті жылдай қыдырып,

Аты шыққан әулие,

бүзіріктің қабірін.

Қабағы қатып түнерді,

Асаудай үзіп шідерді,

есігіне бармаған

Қалды ма деп әулие,

Алысқа құлақ жіберді.

бармаған жері қалмады,

бәрі де назар салмады,

дүниеден үзді күдерді.

екінші көңілі желікті,

ерлерге дәулет серік-ті.

Жеті ықылым дүниені

Жылап жүріп көріпті.

Жоғары мен төменге,

не таулар мен өзенді,

безірек сақтап жатыр дегенге,

бәріне назыр беріпті.

бұ дүниені қыдырып,

диуана болды жын ұрып.

түркістан деген бір жайда,

бір күндерде келіпті.

Қатқан екен қабағы,

Арпа, талқан тамағы.

рақат жоқ, ұйқы жоқ,

ойын, тамақ, күлкі жоқ,

кеңкелес, жынды, көңілі жоқ,

Өзі қиял, өзі мас,

Жын ұрғандай мәжнүн боп.

Өзі жаяу, жалаңаш,

1990


2000

2010


2020

128

128


129

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Өзі ғаріп, өзі аш,

тентіреген екі бас.

түнерген қатып қабағы,

көңілінде жаны бар болса,

бір бала мұның талабы.

сөйтіп көрген қу бала,

Қайда сүйреп барады.

тіршілікте кісіге,

Мәртебесі жалғанның—

«баласы кісі» дегені.

баласы кісі мәрт болмас,

Қалжың сөз бен керіске.

ендігі сөздің баяны

Жолықты нәрік көп іске.

түркістан деген бір жайға,

сиынып келді Құдайға,

Қасиеті көп еді,

сексен сегіз саруар,

тоқсан тоғыз машайық, 

отан қып жатқан жер еді.

Қазыреттің Қара тау

әулиенің кені еді.

сайрамда жатқан сансыз бап,

түркістанда түмен бап

кісі мекен дер еді.

отырарда отыз бап,

ең үлкені Арыстан бап,

бәрі де мұның шын еді.

Қожа Ахмет ясауи,

сұлтан менен әруақ

Өтен қып жатқан жері еді.

біреуін қоймай қыдырды,

есігінде зар жылап,

нәрікбай патша өзі енді.

ерлі-байлы екеуі,

Өстіп жылап жүргенде,

бірінен нышан көрмейді.

«бұ дүниеден кеттік»,—деп,

9–253

2030


2040

2050


2060

130

бАтырлАр  Жыры

130

131


«наумыт болып өттік»,—деп,

бұлар да ақыл қылмады.

«әулиенің үлкені,

сардарына жеттік»,—деп,

«Мүсәпір болып келсек те,

бірінен жәрдем көрмедік.

біз күнәһар, не еттік,—деп,

бұ дүниеден кетейін.

еңбегімді бермесе,

етпеттей беріп не етейін.

пендесі мендей жоқ па екен,

Мәжнүн болып өтейін.

Ақ көңіл-ақ сорлы едім,

не қылды бізге не ғалым.

шолақ екен дүние,

Ақырет қамын етейін.

болса да перзент бермейді,

енді қайда кетейін.

бір күндік қапты өмірім,

Ашылмады көңілім.

есігіне қағбаның

Ауқат қып жүріп өтейін».

ортеке болып орықты,

орғып жүріп торықты.

ендігі кеңес бұл болды,

Қажыға бармақ болыпты.

шыңбұлақ деген бір жерге

бір күні келіп қоныпты.

«шыңбұлақ бастау» дер екен,

шыңбұлақтың басында,

таһрат алып отырып,

түбінде ғымран болғандай,

неше ғазиз әулие

бұған келіп қонғандай,

нәріктің айтқан сөзі еді,

нәріктің айтқан налыспен.

Жай болған осы шың мешіт

Құмдақ келген жер екен.

шың бұлақтың бойынан,

2070


2080

2090


2100

130

130


131

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

көңілі қалып көшті де,

бадамға келіп түсті енді,

бадамның бойы пісте еді.

сырдариядан өтпекке,

Қожантты басып кетпекке,

талап қылып жол жүрді,

самарқанға жетпекке.

самарқанда шаһызанда,

сапар қылып келдім мұнда,

зор келтіріп екі қолға,

Ай, Құдай-ай, өзің оңда.

талап қылып нәрекем,

самарқанға келді сонда.

онда жатқан шаһызанда,

ол жерде һәм ишарат болмай,

тәуекел деп түсті жолға.

бұқарадағы баһауаден,

ол жылап келген кісіге,

Үш күн тұрды есігінде,

тілеу тілеп шыныменен.

бұл арада ишарат жоқ,

тәуекел деп нәрекең,

Мамбайдың басып жолымен,

Құзардың Қарсы шөлімен,

нәрікбай еңіреп барады,

енді жынды көңілімен.

Үйрек ұшып, қаз қонар

Айдын шалқар көлінен.

ел ішіндегі жалғыздың 

не түспейді ойына.

ұзақ сапар қылмаққа,

Қарсының түсті жолына.

нан пісуші еді Қазанда

Хан нәріктің деміне.

Өкімет көрген кісі еді,

Қазанның байтақ елінде,

Алтын тақтың үстінде,

белдігі кемер белінде.

2110

2120


2130

2140


132

бАтырлАр  Жыры

132

133


Мүсәпір болды бұл күнде,

кәріліктің шенінде.

Қол ұстасып екеуі,

дуана болып барады,

Құлазып жатқан қу дала,

Құзардың ұзақ шөлінде.

Қарсы-Құзар дер екен,

Құлазып жатқан шөл екен.

ондай-мұндай жұрт болып,

көбеймеген жер екен.

әр құдықтан су ішіп

Ауғанда күн бесіннен.

Құлазыған қу дала,

таусылмас ерте-кешінен.

ұмытпайтұғын бір сөз бар,

ендігі жанның есінен.

неше күндей жол жүріп,

Аз ғана емес мол жүріп,

Құтылмай жапан түзінен,

келе жатып нәрікбай

Жығылды танып есінен.

Ақылынан айрылып,

Алаңдайды нәрікбай.

есінен танып қалыпты,

пері ұрғандай, шалықтай.

келе жатып екеуі,

не болғанын білмейді,

нәрікбай жатып қалыпты-ай.

Айналдырған екеуі,

Жығылған соң біреуі,

күлқаныс жылап тарықты-ай.

Ашылған бауда гүл еді,

сөйлеуге қызыл тіл еді.

нәрікбай патша жығылды,

Өлімге қиял жіберді-ай.

Өледі деген себебі,

Жеті жылдай зар жылап,

бір тыным алмай жүр еді,

2150

2160


2170

2180


132

132


133

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Жасы жеткен кісі еді,

Жеткен-ақ жері болды енді.

нәрікбай жылап жүрсе де,

Жыламаушы еді күлқаныс,

бір артық жері бұл еді.

екеудің бірі жатқан соң,

не қыларын білмейді,

Аң-таң болып тұр енді.

нәрікбайды байқаса,

Өлгелі тұр ал сонда.

оны көріп күлқаныс,

Қайтемін деп қысылды.

Өзі мұндай көрмеген,

тегі әйел емес пе,

Өлсе нәрік қайтеді,

Жалғыз нешік шара бар.

Қазаннан шыққан қаңғырып,

ел жұртынан айрылып,

ол күндерде қапа боп,

Жылаған жоқ зар қылып.

әліби қылып зорлығын,

түрікпеннен көрген қорлығын,

онда да жылап көрген жоқ.

шүкірлік қылған қадір түн,

Мал мен жанды тәрік қып,

тастаған екен орнына.

Қырық үйлі тама шуылдап,

Үш күн ерген соңынан,

сонда да әйел күлқаныс,

түк келтірмеген ойына.

Жеті жыл жүрген далада,

ынтық болып балаға,

әулиенің жолында,

Қапа боп нәрік қартайған.

түк келтірмеген ойына,

бір сақтағаның Құдай-а,

бар шығар деп күлқаныс,

тәуекел деген берік сөз,

кетпеді, сірә, ойынан.

2190


2200

2210


134

бАтырлАр  Жыры

134

135


ойлағанмен қиын-ды,

нәрікбайды жын ұрды.

екі көзі алаңдап,

Өлмек болып жығылды.

есінен танып күлқаныс, 

Мүсәпір болып бұл күнде,

еш адам жоқ қасында,

Қиялдың ісі қиын-ды,

шыр көбелек айналып, 

Жылады қатын зарланып:

—Ай, жаратқан жалғыз, Құдай-ай,

көрсеткен күнің көп екен,

Мен ғаріпке мұндай-ай.

Аспаннан тұман орнады,

тіземнен баттым лайға,

іздеген таппай қоймайды.

пайғамбардың перзенті,

патима менің пірім-ай,

Мен де сенің құлың-ай.

Үмбетің болған кісіге,

бір салмадың көзіңді-ай.

Қазаннан шықтым асы боп,

сүйерге жоқ деп ұлым-ай.

бір тыныштық салмады,

әліби деген зұлым-ай.

перзент тілеп алам деп,

далада қалдым зар илеп,

не болады күнім-ай.

осындай ма еді тілегім,

ол Қазаннан шыққанда,

білеулі еді білегім.

перзент тілеп алам деп,

Жаралы еді жүрегім.

енді қандай болам деп,

Мен бейшара жүр едім.

нәрікбай жылап жүрсе де,

сақтағаны Құданың

бар шығар деп жүр едім.

бұ не деген сұмдық сөз,

2220


2230

2240


2250

134

134


135

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

патша болған нәрікбай,

Жас байтақтың жерінде,

бір уыс топырақ бұйырмай,

ит иіскеп, қасқырлар

тартты деген сүйегін.

Жиған малым сиыр-ды,

о да мұрнын шүйірді.

біздей болған бар ма екен,

Өтіп кеткен бұрынғы.

еш пендеге салмасын,

Менің бұл ісім қиын-ды.

бұ не деген сұмдық сөз,

патша болған нәрікбай

далада қалса көмусіз,

Адамнан топырақ бұйырмай.

Арғымақ жалсыз, ер малсыз,

Жаратқан тәңірім болжалсыз,

Қазаннан зарлап шыққанда,

Желіктірмесемші мен арсыз.

барлығын Құдай қылады,

басында мен де мекермін,

бала тілеп не етемін.

Аспанның асты күйек-ті,

енді қайда кетермін.

бала тілеп алам деп,

әулиеге барам деп,

обалыңа мен қалдым.

ел қыдырып нетермін,

іштен туған ат бедеу.

неге шықтым Қазаннан,

туысқан-туған адамнан.

бала тілеп алам деп,

бермесін тілеп тәңірінің,

күнәкар, асы екенмін.

әуелі тудым адам боп,

Мастық қып жүрдім надан боп.

Жалғаншы пәни дүниеден

еш арманым қалған жоқ.

Ақырында қор болдым,

2260


2270

2280


2290

136

бАтырлАр  Жыры

136

137


бір перзент үшін зар болдым

Өзімнен туған балам жоқ.

бастайтын Құдай, пайғамбар,

Қазанда алтын тағың бар,

Үш алашқа хан болған, 

далада қалды көмусіз,

нәрікбай деген кемеңгер.

Ажал жетсе пендені

Жұтпай қоймас жебір жер.

Айналайын, Құдай-ай,

балаңа разы болайын,

нәрікбайдың жанын бер.

Жылқы ішінде сұр мұңлық,

Халық ішінде біз мұңлық.

ешкімге көнбей ұрынып,

перзентке талап біз қылдық.

перзент үшін зар жылап,

Жеті жолда біз жүрдік.

әулие перзент беред деп,

шөл жазираның жолында,

нәрікбай сынды падиша,

көмусіз қалған не сұмдық.

Қазанда бар-ды көп дұшпан,

шыққанда болдым мен пышпан,

көрсетіп алсаң соларды,

разымын, Жаратқан.

Қазанда бар-ды көп туған,

сыртымнан мені сөз қылған.

соларға мәрт қып далада,

Алғаның ба, меһірбан,

Мына жалған дүниеде

Мінасар болды сол маған.

Қор болып өтті нәрікбай, 

опасы жоқ қу жалған.

дәнеңе жоқ ойымда,

Қандай боп өтті бұ жалған.

шаһарлы жерде өлмеді,

ісләмға жақын бір табан.

Өзім қиял, өзім жас,

2300


2310

2320


2330

136

136


137

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Жанымда жоқ бір жолдас.

неге жолдан қайырмай

Желіктірдім мен қу бас?

иман айтар адам жоқ,

Өлсе, көмер заман жоқ.

опасы жоқ дүние,

Өстіп алар дүние боқ.

Өкпелейін несіне,

ойын-күлкі көп көрдім

ерте менен кешінде.

Өзімнен туып бір бала,

тармаспай кетті төсіме.

Қазанда жатқан пірлер-ай,

Хабарымды алмадың,

түспедім бе есіңе?

ұсынсам қолым жетпеді,

Аққала деген қаладан.

Жеті жыл болып мүсәпір,

нәрікбаймен екеуміз

күн көріп жүрдік даладан.

Өлсем де үміт үзбедім,

бере ме деп баладан.

баласы құрысын басыма,

кесір боп ойнап жасыма,

бала іздеген нәрікбай

Ажалы жетті даладан,

бір уыс топырақ бұйырмай

туысқан-туған тамадан.

әуелі тудым анадан,

Жаралдым қауыз, қанадан.

көзімнің жасын көрмеді,

бір тарбиат бермеді.

есіме алып сұрасам,

Анамыз мама Ауадан.

Үміткер едім қорғар деп,

пірім—қожа Ажардан.

зар илеп тұрмын бұ жолда,

болмаса медет сарадан.

иә, патима, әзірет,

2340


2350

2360


2370

138

бАтырлАр  Жыры

138

139


Үмбетіңнен хабар ал.

Қаңғырып қалдым даладан,

ғауыс Қияс әулие,

Құтқара көр пәледен.

шөлдерді кезген, қырық шілтен,

Қысылған жерде қолдай көр,

Айрылдым нәрік бабадан.

шөл иесі,—шөл Қызыр,

көл иесі,—көл Қызыр,

Арыған мен аңсаған,

сусаған мен шаңқаған

Жетіледі сізден деуші еді

далада қалып шаршаған,

оңдай көргін, пірлерім.

шаруа тігер шайласын,

кедейлер қылар пайдасын.

назаркерден күлқаныс

тауысып тұрды айласын.

—Айналайын атыңнан,

иә, қырық шілтен, қолдай көр,

далада қалдым қайдасың?

байлар қымыз құяды

Аузы қайқы зеренге.

Мергендер оқ салады

сегіз қырлы перенге.

бад табиғат, назар қыл,

Ақылынан адасып,

Мүсәпір болған немеңе,

ел-жұртынан айрылған.

Жетер заман бар ма екен

біздей сорлы мүсәпір

Қазанда жатқан көп елге?

ғайып ерен, қолдай көр,

кетті ғой нәрік тереңге.

босанды болат темірім,

Қор болып өтті өмірім.

Үстіме түскен, ауыр жүк,

бар ма екен, сірә, кемірің.

нәрікбай өлсе бұл жерде,

2380


2390

2400


2410

138

138


139

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

көметұғын адам жоқ,

Үстіне орап кебінін.

көлде жүрген, ерлер-ай,

шөлде жүрген, ерлер-ай,

Жолда қалған ғаріптен

Хабар алғыш пірлер-ай.

Хабар алсаңшы әлімнен,

Мен бейшара не қылдым.

Үйрек ұшып, қаз қонар,

көзден аққан жасыма.

Қиямет сауда, қиын күн,

түсіп тұр мұның басыма.

Айтушының бұ сөзі

рас болса, естуші ем.

Аспанменен айланып,

Жетіп келді қырық аққу

күлқаныстың қасына.

Аспаннан қырық қу келді де, 

зікір салып күңіренді.

Қу екен деп байқасам,

Қырық сәлделі пір келді.

тілеуін тәңірім бергенін

күлқанысайым білді енді.

Қырық шілтен бұған сөйлейді:

—Айдын-айдын көл,—дейді,

көлсіз жерлер шөл,—дейді,

елдегі сорлы сен,—дейді,

ол Қазаннан шыққалы,

бермен қарап зар жылап,

бір тыныштық салмадың.

Құлағыма сен,—дейді,

Жеті жылдай қаңғырдың,

бармаған қалмай жер,—дейді,

сол безіректің бәрі де

сенің үшін зар қылып,

Арызыңды тілеп еңіреді.

сүймеген пенде сен, балам,

саған перзент бер деуге,

2420

2430


2440

2450


140

бАтырлАр  Жыры

140

141


солардың халі келмеді.

не боласың дүниеден,

енді, балам, сен,—дейді,

сенің [үшін] зар жылап, 

тілеп еді солар да,

бәріне де бермеді.

ғайып ерен қырық шілтен,

Жоқтаған пірің мен,—деді,

саған перзент бергелі 

келгенім жоқ мен,—деді,

Қиялдық қылып аңқылдап,

зарлай берме сен,—деді,

Құлазыған қу дала

Құзар деген шөл еді.

Қырық шілтен шықса алдыңнан, 

Қарсы келіп мен,—деді,

Қарсы Құзар атанар,

түбінде осы жер,—деді,

сол жазира қазір бұл.

түбінде бұл болады,

Қырық миллион ел,—деді,

Қарсы Құзар қоямын,

Мұның атын мен,—деді.

саған бір сөз айтайын,

Мұнда тұрмай жөнегін.

сексен сегіз саруар,

тоқсан тоғыз машайық,

отан қып жатқан жер еді,

Қазіреттің Қара тау,

кешікпестен бар енді.

Қара таудың бауырында,

Қара көлдің қарнында,

Жеті пірге қол берген,

Жетеуін бірдей тең көрген.

кім нашар болып жыласа,

тезірек соған дем берген.

кім жалғыз болып жыласа,

көпке әкеліп теңгерген.

әулиенің серкесі,

2460


2470

2480


2490

140

140


141

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

бір тәңірімнің еркесі,

ысқақ бабтың қалпесі,

бабай түкті шашты әзіз,

Қабірін көрген болған мәз,

сол кісіні ізде сен,

Айтайын сол сен үшін.

тәңірге жылап көрмесе,

сол кісі тілеп бермесе,

неше адамның қажетін

Ашады деп естуші ем,

есігіне барып еңіресе.

ертерек соған жет,—деді,

Мұнда тұрмай көп,—деді,

Қажетің содан жетпесе,

көңілің кірі кетпесе,

не боласың дүниеден,

тентіреп өліп кет,—деді.

сонда қатын сөйледі:

—Өңім бе, әлде түсім бе,

Алла оңдаған ісім бе,

Жолыққаным рас па

Қырық шілтен деген кісіге?

неше жыл жүрдім зар жылап, 

Құс ұшпаған далада,

тілеуді тәңірім бермеді.

Айналайын, Құдай-ай,

Жолыққаным рас па

Қырық шілтен деген бабаға?

Жолыққаным шын болса,

Қырық шілтен бабам бұл болса,

Айналайын, пірлер-ай,

Қалмаспын енді далада.

Айналайын, пірлер-ау,

бермесе қойсын, қайтейін.

ынтық болып балаға

Өлі-тірі арада,

рас па көрген, пірім-ай,

Өңім бе, менің түсім бе?

нәрікбай жатыр өлмек боп,

2500


2510

2520


2530

142

бАтырлАр  Жыры

142

143


Қайтейін тілеп ұлын-ау?

берер күнде бермеді,

иіскелетіп қолын-ау.

Мүйіз тілеп алам деп,

Құлағынан айрылған,

тоқал ешкі мен болдым.

бар көргенім бұл болды, 

шерменде кісі мен болдым,

бала тілеп алам деп,

бұл дәулетке кез болдым.

тауықтай болып күлге аунап,

табамын ба баланы?

Атым әйел емес пе,

Ақыл-есім қалмады.

дұға қылғай нәрікке,

тірілер ме екен жолдасым?

Жаз да шығып барады.

«кетіпті,—деп,—ақылың,

сасыпсың,—деп,—жарқыным», 

етегімен қырық қожа

бір-бір сипап өтеді.

«басыңды көтер, нәрікбай»,

деп, бір аттап кетеді.

Мәлім болды сол жерде, 

Қырық шілтен мұның екені,

ғайып боп дереу кетеді.

Қарғып тұрды нәрікбай,

пірінің берген қуаты

кәдімгідей адам қылады.

ол уақытта расы-ай,

нәрікбайды тірілткен

күлқаныстың дұғасы.

әйелге берген қырық шырақ,

шын көңілмен жыласа-ай.

ендігі сөздің қысқасы,

Айтушының ұстасы,

көргенін қатын айтады

нәрікбайға сыр қылып.

2540

2550


2560

142

142


143

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Құдайға айтты боз қасқа,

бейшара боп бұл жүріп.

пірі рұқсат қылған соң,

несіне тұрсын бұл жерде,

ізінше қайтты сарп ұрып.

Қуанған мен қорыққан бір,

бір-біріне айтты сыр.

бұған да шүкір қылдық деп, 

Қаратау деген мекенді

тынбастан жүріп келді іздеп.

ойын, күлкі, ұйқы жоқ,

Қайғыланып, күңіреніп,

ишарат тапты күлқаныс,

Қырық шілтенді бұл көріп.

дәретсіз жүрмес нәрікбай,

көргенін сұрап, үйреніп,

Қазіреттің қара тауына

келді екеуі ізденіп.

Қазіреттің Қара тау

Қалың шаттың аралы-ай.

Аса, талас екі өзен,

екеуін бірдей жағалай,

сандалып жүр қос мұңлық.

пірін іздеп таба алмай,

ортеке болып орықты,

орғып жүріп торықты,

торыққан пенде қайтеді.

бұлар да сондай болыпты,

бір топ шеңгел басында,

бір топ ағаш қасында.

Азын-аулақ қыс жатып,

сол ақ шеңгелдің басында,

бір бұлаққа кез болды.

бұлақ емес қайнар көз,

дөңгелегі үш жүз  кез, 

Аударылып ағады

зеңбірек атқан оқтан тез.

іші толған жыланы,

Айқасып жатқан ақ жылан,

2570


2580

2590


2600

144

бАтырлАр  Жыры

144

145


оймақтай оның құлағы,

бір кереметті бұлағы,

Жыланменен аралас,

сырықтан ұзын балығы.

Қасына барған адамға

биттей жоқ оның шабуы.

кереметті бір жер-ді,

білінді мұның анығы.

Мұнан өтіп қатының,

ешқайда жоқ баруы.

Қасиетті емей немене

Қалай пірді тануы.

Қабиділлалап шаш қойып,

Ақ шеңгелге бас қойып,

етбетінен жығылды,

кереметі білінді.

Жатып алды зар жылап,

Ақ шеңгелдің түбінде.

Қызыл сеңгір жер еді,

сол сеңгірдің түбінде

«Қызыл көл» деген көл еді.

нәрікбайды шақырды,

«Жарылқар пірің бұл жақта,

нәрікбай, бермен кел»,—деді.

Қызыл таудың қасына 

барып қалған нәрікбай,

Қатынға  қайтып келмеді.

Арқыраған суы бар,

Жарқыраған туы бар,

Аспанға жеткен буы бар,

Аты шыққан бұл модар,

неше әулиеге барғанмен,

бірінен аян көрген жоқ.

«бір түп шеңгел олқысты,

Маған бала беред деп,

Ақымақ болып сен»,—деді.

Қатын бұған бармады,

нәрікбай оған келмеді.

«тәуекел қылдым мен,—деді,

2610


2620

2630


2640

144

144


145

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

берсе тәңірі көрдім,—деп,

бермесе тағы мейлі,—деп,

бір түп шеңгел олқысты.

Маған бала беред деп»,

нәрікбай оған келмеді.

Қасиетті жер екен,

осы жерде жатам деп,

Қалың ағашты аралай,

кетті суды жағалай.

әуре болған неше күн,

іздеген пірін таба алмай,

екі жерде екеуі

Жатып қалды сормаңдай.

Ай мүйізді ақ қошқар,

шыққан айтып жолына. 

піріне айтып шалды енді,

шамшырақты-ай қояды,

Мұсылмандар ішіп-жеп,

Құдайыға тояды.

әулиеге барғанда,

ұйықтамасын дер еді,

түн ортасы болғанда, 

зар қылып жылай береді.

Қапілет ұйқы, қам кеуде,

кеудесіне енеді.

түн ортасы болғанда, 

ұйқыға көзі барғанда,

Жалаң аяқ, жалаң бас,

бетінде нұры аралас,

етегі өрім өрілген,

бір түрлі адам көрінген.

кәлем Алла қойнында,

сары таспық қолында,

Өзі ақтың жолында,

Ақ шалмалы пір болып,

бір диуана келеді.

көніп тағдыр ісіне, 

Қуаныш еніп ішіне,

10–253

2650


2660

2670


2680

146

бАтырлАр  Жыры

146

147


Жолықты сондай кісіге.

баба түкті шашты әзіз

кірді қатын түсіне.

—Жатқан жерің көл,—деді,

Жүрген жерің шөл,—деді,

Менен бұрын қыдырып,

неше әулиеге барғанда,

ұйықтамай зар еңіреп,

отырушы едің арманда.

Мен енді бұған келгенше,

ұйықтап жатыр бейқам боп,

Жетіскен екен шерменде,–

деп ашуланып жөнелді.

ұлық дәргей емес пе,

тағы да қалып енеді.

«Үш күн қарны ашқаннан,

Үш күн жаяу басқаннан

сұрама ақыл деп еді.

бейшарада не ес бар»,—деп,

Жана қайтып келеді.

оятуға есіркеп,

түсінде хабар береді:

—Жүрген жерің шөл,—деді,

Өміріңше еңіредің,

тәңірім тілек бермеді.

Қайтқан жерін Қызырдың,

Қадам сайын күлқаныс

зар жылап жеттің Қызырға.

Қабыл болып бұл налыс

дұғасымен солардың,

сен бермен қарап жүргелі,

Аузыңа атым кіргелі,

Қырық мәртебе жыладым

Құдайыма мен,—деді,

әулиелер сен үшін,

тілеген екен бермеді.

сенің үшін бәрі де, 

тілегін айтып зар қылып,

Арызыңды айтып еңіреді,

2690


2700

2710


2720

146

146


147

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

соларға да бермеді.

сүймеген пенде сен балам,

сенің үшін зар еңіреп,

тілеп еді солар да, 

бәріне де бермеген.

Ал нәрікбай кетті деп,

сізден талап етті деп,

Құдайдан тілеп көргін деп, 

берсе алып бұған бергін деп,

дұғасымен Қызырдың

тілеп едім Құдайдан.

Қырық перзент алып келдім деп, 

берді тәңірің кеңдікті,

кесірің кетіп жөндікті,

Жөнелгін ғаріп сен енді.

күлқаныс сонда сөйледі:

—Қай жерде менің мекенім,

Мекенге қашан жетемін?

Жасар жасым жасаған,

Жақ сүйегім босаған,

Қырық баланы қайтейін,

баласындай шошқаның

шуылдасып не етейін?

түйенің оты андызды-ай,

сиырдың оты жалбызды-ай.

дұға қыл да, кемел пір,

«Қырық мыңнан өтер қыран қып,

берсін деп саған жалғызды». 

тағы да қатын сөйлейді:

—Қазанда қалды мекенім, 

Мекенге қашан жетемін?

Жеті жылдай тентіреп, 

далада болды өтенім.

дұғасымен шілтеннің

сізді тапқан екенмін.

тапқанда бердің жалғызды,

Жалғызды мен не етермін?

Жалғыздың жаны жарым-ды,

2730

2740


2750

2760


148

бАтырлАр  Жыры

148

149


Жазым болса бір күні,

тағы да қайда кетермін.

Алты айшылық Қазанға

Қаңғырып қашан жетермін.

—Жылама, балам, жылама,

бір сынаған піріңді,

екі қайтып сынама.

саған берген баланы

Құдайың жаман қыла ма?

Жаратты ішін көмірден,

сыртын болат темірден.

Қара сақал піріңді

Қайда барсаң жад қып жүр,

кем болмас балаң өмірден.

Атса, мылтық өтпейді,

шапса, қылыш батпайды.

Қара сақал диуана

Қайда барса балаңның

шылауынан кетпейді.

осыны айтып кәміл пір,

ғайып болды қасынан.

Хабар алып қатыннан, 

көзден аққан жасынан, 

Қарғып тұрып оянып,

піріменен сөйлескен,

Өзінің қатын даусынан,

түрегелсе түсі екен,

түсінде көрген ісі екен.

Өңім бе деп байқаса,

түсінде көрген кісі екен.

түрегеп қатын алаңдап,

Жан-жағына қарады,

Айрылып пірден қалады.

Алтын тапқан кісідей,

көкірегі қатынның

Алып-ұшып барады.

ұйықтап жатқан нәріктің

Жағасынан алады.

2770

2780


2790

148

148


149

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

—түрегел, нәрік, сүйінші,

киіміңді киінші.

Ақ жарылқап, күн туды,

Қайғың кетті басыңнан,

Хабарлады әулие,

көзден аққан жасыңнан.

Мұрадыма мен жеттім,

не таптың таудың тасынан,

тәуба қыл еткен ісіңе,

тәңірім өзі жеткерді

Аққа жеткен кісіге.

түрегелді нәрікбай,

көкірегі кірілдеп,

«не дейсің, қатын, маған,—деп,

не берді пірің саған,—деп,

Ақ жарылқар күн туар

болды ма, қатын, заман»,—деп,

Қуанған мен қорыққан бір,

нәрікбай еңіреп сұрап тұр.

екі көзден жас парлап

бетін жуып жылап тұр.

күлқаныс сонда сөйледі:

—келдім іздеп піріңе,

Жарады пірім күніме.

пірдің есігін [ашқанда],

осы бір жақты зейініме.

Аузымды ашып түкірді,

бір қожа келіп тіліме.

«тілің қысқа болған,—деп, 

көңіліңнен кетсін арман,—деп, 

бір перзенттің жөнінен

Қор болдың ғой жазған»,—деп, 

Жібек баулы бір сұңқар

келіп қонды мені іздеп,

Ашылып тұрған гүліме.

сүйінші бергін ырымға, 

кетіп едің Қырымға.

Қара сақал диуана,

2800

2810


2820

2830


150

бАтырлАр  Жыры

150

151


Қайырылып назар қылды да, 

бір ақ сұңқар қондырды,

төрдегі тұрған тұғырға.

Қара жорға ат мінген,

Жал, құйрығын шарт түйген,

Қара сақал диуана,

сақа ұрықты болғанда,

көрінген жоқ па көзіңе?

ей, нәрікбай бейшара,

Аш көзіңді ұйқыдан.

іздеп келген піріңіз,

берді білем бір бала.

бұ сөзді естіп нәрікбай

есінен танып қалыпты-ай.

далбаса қылып қуанып,

түрегелді шалықтай.

—есіктің алды ебейін,

күйген үрер көмейін.

Қуанған мен қорыққан бір, 

Мен бейшара не дейін?

рас болса бұл сөзің,

енді саған не дейін?

Малым түгіл жалғанда,

бас билігін берейін,

Қай ісіңе жоқ дейін. 

Өміріңше бетіңе

бір қарамай өлейін.

күлқаныс сондай бәйбіше,

бұған разы болмайды.

Қайтсем разы болар деп,

нәрікбай шал ойлады.

«Арық көңілі—жарық» деп,

бір жатып тұрып ойнайды.

Қызғандай басып көрікті,

темірге қызу беріпті.

Үстіне қатын алмасқа,

Артылта қамшы салмасқа,

екеуі сертке еніпті.

2840

2850


2860

2870


150

150


151

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

әулиенің жерінде

Үш күн жатып түнепті.

Үш күннен соң пірінен

лұқсат алып жөнепті.

Мадан майдан, жол майдан,

Майдалай басып жөнеді.

Жолында қызыл тікенді

көрпедей басып желеді.

елге қашан жетем деп,

ентелей басып келеді.

баялышты құба жон,

Адырмақты арада,

тумай-ақ қатын мас болды

түсінде көрген балаға.

Қуанғаны соншама,

Анда-санда нәрікті

тосып-тосып алады.

түске қатты мастанды,

көтергендей көңілі.

түсіп кетсе аспанды,

Қашырлаған қара тастарды

көрпедей басып-жаншады.

илектенген қара тас

шығады басса талқаны.

бет алған соң еліне,

Қайраты тасып артады.

көлшүнгентпен қоштасып,

еліне қарай қасқарды.

басшы болып күлқаныс,

нәрікбайды қостады.

көңіліндегі қайғының

барын жойып тастады.

ендігі сөздің қысқасы,

Айтушы ердің нұсқасы,

Қырық күн жүрген жолына,

Қарсы, Құзар шөліне,

сегіз күн тынбай жол жүріп,

Жетіп келген секілді,

2880

2890


2900

2910


152

бАтырлАр  Жыры

152

153


Жонды обаның дөңіне.

Ақша бір жауған қар еді,

ғаріптің көңілі тар еді.

Жонды обаның бауырында

шыңбұлақ бастау бар еді.

шыңбұлақтың қасында

бір күн жатып тынықты.

күлқаныс сынды бәйбіше

бейнетін көрген ұмытты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет