«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата06.04.2017
өлшемі2,23 Mb.
#11121
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Адыр-адыр бел деді,

Адам қорқар жер еді.

Ауыздыға алдырмай,

Аяқтыға шалдырмай,

екі ай жүріп ер шора,

Қаптағайдың өрінің

басына шыға келеді.

Қырға шығып ер шора,

олай-бұлай қарады,

сұңқардай көзін салады.

бет алдына қараса,

бетегелі көп тақыр,

Ақты-бозды көп шатыр.

Ақ төбедей үйменен,

есебі жоқ қол жатыр.

3670


3680

3690


3700

314

бАтырлАр  Жыры

314

315


есебін білмес адамзат,

Айналасы толған ат.

ұйқы-тұйқы тігілген

Ақ шатыр мен көк шатыр.

Мұнаралас көрінді

Ақ күмбездей қаласы.

сарқыраған өзен-су

Қара адырдың саласы.

Мұны көріп ер шора,

төбеден түсе жөнеді,

ылдиға қарай желеді.

Жолыға алмай ешкімге,

Аңтарылып келеді.

сол уақыты болғанда

Алпыс қақпан арқалап,

көтере алмай шалқалап,

тауға қарай тырмысқан

бір шалды көзі көреді,

шалға сәлем береді.

сонда тұрып шал бейбақ,

шораға қарап сөйледі:

—сүйегіңді байқасам,

Қара емессің, төресің.

Асығып па едің, балам-ай,

Аяңдамай желесің?

Арт жағыңнан тына алмай,

Ақылыңды алты бөлесің.

білдірші, балам, жөніңді,

Қай сапардан келесің?

шора сонда сөйледі:

—шыққан жерім сұрасаң,

Айдарханның қаласы.

Жолаушымын, атажан,

шаһары Қазан барасы.

екі ай жүрдім тынбастан,

бетпақтың ұзын даласы.

Алаш ұлы боламын,

затым тама баласы.

бұл не деген жеріңіз,

3710


3720

3730


3740

314

314


315

ер  шорА


Қай рудан еліңіз?

Адыр-адыр көрінген,

Қай өзеннің саласы?

шал тағы да сөйлейді:

—осынша жерден, шырағым,

неғылып жалғыз келесің?

біз де тама боламыз,

Жұртыңа бүгін енесің.

әлімхан деп айтады,

бұл елдің балам, егесін.

есім ер деген биің бар,

барсаң бәрін көресің.

шаһары Қазан еліміз,

Жайлаған таудың сабасын.

япырым-ай, балам-ай,

Қызыр екен жолдасың.

неғып таптың адаспай,

Қаптағайдың ордасын?

шора сонда сөйледі:

—зорға жеттім екі айдай,

кідіріс қылдым тоқтамай.

Аман-есен келемін,

Жаратқан дәйім сақтағай.

Атажан, маған айт бәрін,

сырыңды ішке сақтамай.

Ақ шатыр менен көк шатыр,

Жапырлаған ат қалай?

шал тағы да сөйледі:

—тәңірім істі оңласа,

шақырып тұрмыз аруақты.

несібең болса көрерміз,

көлге салдық қармақты.

көзбембет, садыр ел шауып,

бір шетін елдің шаңдатты.

Қосын жиып есім ер,

Қуғалы жатыр қалмақты.

келдің балам, үстіне,

көңіл қылсаң бармақты.

күнде қақпан салушы ем,

3750


3760

3770


3780

316

бАтырлАр  Жыры

316

317


Алпыс түлкі алушы ем.

Жұмысымнан қалдым ғой,

Мен көрейін тау жақты.

шора сонда сөйледі:

—тамалығың болып тұр,

Өлтірер едім өзіңді.

түлкі құрлы жоқпын ба,

Ашып сөйле көзіңді.

сыртыңнан таспа сыдырып,

сылиын ба безіңді?

Жазым болып қап жүрме,

Абайлап сөйле сөзіңді.

шал тағы да сөйледі:

—балам, тама болмасаң,

Мен бағана қылмас па ем?

Жақындатпай қасыма,

тоқпақпенен ұрмас па ем?

ойының ба, шының ба,

әзілдесіп құрдас па ем?

Атыңнан жұлып алмас па ем,

Жағаңа қолды салмас па ем?

шора сонда сөйледі:

—езіліп тұр бауырым,

Жүрегім тұр жарылып,

деген соң тама ауылым.

есімге тура сілтеші,

басылмас көрмей әуірім.

Жаман екен жалғыздық,

кетпеді бастан қауырым.

шал тағы да сөйледі:

—Жөн сұрасаң, шырағым,

керісейін мен неге?

Қаупің бар ма басыңда,

Қамығасың сен неге?

Арыстандай айбатың,

көрсетейін кел бері,

есімді тура сілтейін.

көрінген анау көк шатыр,

есімің сонда іздеген.

3790


3800

3810


3820

316

316


317

ер  шорА


Қайратына мас болып,

Қаңтарда нардай тіздеген.

Қызметі үшін алдынан

Қырық жігітін үзбеген.

Аруағы зор баланың

кемітіп ешкім күлмеген.

сұрасаң әркім анау дер,

есімді жан жоқ білмеген.

Қырық мың үйлі таманы

Жалғыз өзі билеген.

елін тапты ер шора,

оңласа Құдай ақырын.

Ата-анасы артында,

Алты бөліп ақылын.

Қабағы қатты ұйқыдан,

Желігі кетіп атының.

көп қосынды аралап,

келе жатыр ер шора,

есімнің сұрап шатырын.

Ат-сайманын түзетіп,

ұйқы-тұйқы боп жатыр.

көзбембет, садыр қалмақты,

Қуғалы жатыр көп батыр.

отыз үйлі ел шауып,

бір шетінен таманы,

бүлдіріп кеткен ол кәпір.

Мәнзүр қылмай ешкімді,

келе жатыр ер шора.

сол ортада кез болды

Алты қанат ақ орда.

зейнеттеген көк шатыр

осы деп біреу нұсқады.

түсті шора атынан,

іздегені табылды.

несіне тұрсын тартына,

сәлем беріп кірісті,

Хан-қарасы жалпыға,

тамалардың салтына,

3830

3840


3850

318

бАтырлАр  Жыры

318

319


отырмады шегініп,

келе шора көрісті.

Қапалы көңіл тамалар,

ел алдырып ашынған,

әшейін-ақ шораға

Қолының ұшын берісті.

оң жапсарда бір адам

Арыстан бөрі секілді,

есімге түрі келісті.

Қайрап отыр жігітін,

Қайрат беріп тақылдап.

сөзін тентек көрмейді,

тыңдайды көбі мақұлдап.

Ашынады еліне,

Алдырғанға қапыл қап.

Құлақты жарып дауысы,

сөйлеп отыр сапылдап.

түсі суық темірден,

тікеленіп еш адам,

Қарай алмас бетіне.

есім ер сонда сөйледі:

—баса кірдің, шырағым,

есімдердің ордасын.

Айтатұғын көңіліңде

бір мұддағаң болмасын?

Жәрдем болсын қырық шілтен,

Қызыр болсын жолдасың.

келіп тұр көріп мейірімім,

не ойласаң, сол болсын.

Жауырының жазық көрінді,

дұшпаннан кекті алғандай.

падышадай келбетің,

Жұртқа тұлға болғандай.

Қай рудан боласың,

Қай сапардан келесің?

Жөніңді айт, балам, жол болсын!

шора сонда сөйледі:

—әлей болсын, байеке,

Ауған екен атамыз

3860


3870

3880


3890

318

318


319

ер  шорА


шаһары Қазан жерінен.

інісіне өкпелеп,

кеткен екен елінен.

тоғыз ай көшіп қоныпты,

кермісін деген көлінен.

Ауып келген аз үй деп,

Арамнан туған әліби

Асыла түскен белінен.

Қайрат пайда бермейді,

көңіліндегі жерінен.

Ақ найзамның ұшымен,

білегімнің күшімен,

түсіріп кеттім демінен.

Жүре алмадым шешіліп,

Ағайынның кемінен.

Қысылсам медет тілеймін,

әзіреті шеріден.

табамын деп түбімді,

сұрап жүрмін әр жерден,

Өзіңіздей білімді,

Ақылы көп кісіден.

есім сонда сөйледі:

—кім болады тамада,

далаға шығып шеттеген?

көтере алмай сөзімді,

Жалғыз-ақ нәрік кектеген.

кімнен көрсін қорлықты,

дәулеті қалың беттеген?

төрт түлігі бәрі сай,

байлыққа ешкім жетпеген.

ешкім зорлық қылмайды,

патша сөзін тыңдайды.

Қошамет қылып зеріне,

Абыройын төкпеген.

Алланың күтіп әмірін,

Арамнан бойын тіктеген.

Арамыз кетті-ау алыстап,

Қатынаған адам жоқ.

пәлен жерге барды деп,

3900


3910

3920


3930

320

бАтырлАр  Жыры

320

321


Хабарын айтам деп келген,

Қай шарбақтың гүлісің,

Қай патшаның ұлысың?

шораға қарап есім ер:

—Жөніңді айтшы бек?—деген.

шора сонда сөйленді:

—Жақсы айтасыз, биеке,

Жалғыз жүрген баламын.

Ат басындай жүрегім,

дұшпаннан кекті аламын.

Ажалым жетсе бір күні,

Өлемін де қаламын.

тірі жүрсем ақыры,

Құнан қой болмас бұралқы,

түбімді іздеп табамын.

Арғы атамды сұрасаң,

кеуістің ұлы тамамын.

бергі атамды сұрасаң,

нәріктің ұлы шорамын.

шешемнің аты Құлқаныс,

Қайғылы көңілім жарамын.

сұрап тұрған Қазанды,

есімге іні боламын.

күні-түні тыным жоқ,

тынатығын ойым жоқ,

Жалғыздықта мінім жоқ,

есімді іздеп барамын.

Атым арық, өзім аш,

бұл жерде бүгін қонамын.

Менің жайым осылай,

сұрасаң баян қыламын.

бұны есітіп есім ер,

Жапсарды ашып қарады.

көзі түсіп шұбарға,

есінен есім танады.

Айқайлап дауысын шығарды,

Құшақтайды баланы.

буындарын босатып,

3940

3950


3960

3970


320

320


321

ер  шорА


көзінің жасы тарайды.

«дариға, жалғыз бауырым«,—деп,

Құдайға қылды наланы.

таныды тұлпар шұбарды,

«Аһ« деп дауысын шығарды.

Құшақтап қысты шораны,

тарқатқалы құмарды.

есіне түсіп ағасы,

ішінен судай тынады.

Жиналған халық қарасып,

тамаша қылды бұларды.

іздеп келіп тауыпты,

есім сынды шынарды.

Құдай ісін оңлатса,

есімнің күні туады.

Жиналып тұрған ағайын,

бәрі де бұған қуанды.

ер шораны құшақтап:

—Қысылғанда пендеге

Жаратқан өзі жар екен.

Майданның кірсе ішіне,

ерлерге қашпақ сын екен.

Өлгенде көрген жалғыздың,

ізіне нәрік зар екен,

бұл кең дүние тар екен.

Арманым жоқ Құдайға,

Құлқаныстан ұл тауып,

Ағам бар деп Қазанға,

іздейтін күн бар екен.

нәрікбай менен екеуміз

бір кісінің ұлымыз.

тағдырда жазған жұмыс боп,

Ажырап кетіп жүріппіз.

туысқансыз жалғанда,

келіспейді екен сәніңіз.

екеу болсақ көңілден,

Ашылар ма екен кіріміз?

келгені іздеп ағам деп,

Өтірік пе, рас па?

21–253


3980

3990


4000

4010


322

бАтырлАр  Жыры

322

323


біз ғаріптің бар екен,

інілі болар күніміз.

ер шораны құшақтап,

есім ер сонда зарлады.

Адасып тапқан киіктей,

лағын көріп маңырады.

«Жалғыз інім, бауырым«,—деп,

көзінің жасы парлады.

Жыны түскен бақсыдай,

Қобызсыз есім сарнады.

«Өңім бе, жұртым, түс пе?«—деп,

Ақыл-тақат қалмады.

Жүрегі кетті езіліп,

шіркін, бауыр қандай-ды.

ер шораны құшақтап,

Құмары, сірә, қанбайды.

Алпыс екі тамыры

есім бидің ійеді.

ботадай боздап зар еңіреп,

бауыры жаман езілді.

Айқайлап мауқын баса алмай,

көзінің жасы төгілді.

Құшақтап қатты шораны,

Қабырғасы сөгілді.

Қайтерін есім білмеді,

тоқтата алмай көңілді.

—Өңім бе, қалқам, түсім бе

Қай жағымнан көрінді?

дұшпаннан көріп қорлықты,

сүйенер кісі таба алмай,

Өксітті-ау деп өмірді.

Жолына құрбан қылармын

биім менен бегімді.

Хан-қараман хабарлап,

бізгізермін жөніңді.

дұшпандық қылған мұндарға

көрсетермін көрімді.

күйіп тұрмын, шырағым,

Қалмақ шауып елімді.

4020


4030

4040


4050

322

322


323

ер  шорА


Желкілдетіп жетелеп,

сәукелелі келінді,

Қарқаралы қызбенен,

беріп тұрмын, қарағым,

Қалмаққа олжа-телімді.

Жабырқап тұрған кезімде,

іздеп келіп, шырағым,

бір көтердің белімді.

шора сонда сөйледі:

—кеткен екен ағаңыз,

Өкпелеп сізге көшіп шет.

шыдай алмай долдыққа,

ойланыпты бөлінбек.

туысқанда болар ма,

ұзыннан өш, қысқа кек?

Ағаң мен жеңгең екеуі

көп айтты сізге сәлем деп.

дұшпанға қылмай талама,

ескерсін деді ертерек.

әлібиге өшігіп,

түрікпендер қарап жатпас тек.

Жалғыздықтың жаманы-ай,

Жұмыс көрдім дұшпаннан.

Айналайын, жан аға-ай,

Ағаң мен жеңгең екеуі

сәлем деп сізге көп айтты.

Жүрерде маған жан аға-ай,

Қараханменен дос болып,

сол жерге барған шамада-ай.

басыма түсіп жалғыздық,

осындай болды заман-ай.

кемшілік күндер көп болды,

әлібиді өлтірдім,

сонан соң маған бар деді

Қазанда есім ағаңа.

ескерсін деді ертерек,

дұшпанға қылмай талама.

Үйде отырып тигізбе,

дұшпанның қолын жағаға.

4060


4070

4080


4090

324

бАтырлАр  Жыры

324

325


есім ер сонда сөйледі:

—әр қалай жаудан алармын,

Қайратымның барында.

түрікпендерден қауіп қып,

шырағым, шора, тарылма.

тірі болсақ екеуміз,

дұшпанға кетпес арымыз.

Мына бір жұмыс кез болып,

болмай тұр әзір баруға.

Қалмақтарды қууға

Қалып ем мініп қаруға.

отырып бұлар бұл сөзбен,

бір-біріне танысты.

баласы деп нәріктің,

Жиылған көп білісті.

басынан Құдай біледі,

тағдырда жазған бір істі.

Қазанның халқы біледі,

нәрікбай кеткен мәністі.

сол уақытта есімнің

екеу еді қатыны.

сүйінші, сұрап тамалар,

бір-біріне барысты.

Жеңгелерін қуантып,

Ат пен шапан алысты.

бір-біріне қимастан,

Алмаққа олжа жарысты.

«сүйінші, қайның келді», − деп,

Алашқа айтты дабысты.

Аққаладан іздеп кеп,

есімге келіп табысты.

Жеңгелерін қуантып,

Алдынан шықты екеуі,

әр түрлі әсіл киініп.

Жылап, еңіреп көрісті,

Қасы-көзі қиылып.

Абысыны, ажыны

Құтты болсын айтқалы,

4100

4110


4120

324

324


325

ер  шорА


Жиылып бәрі келісті.

Жеңгелері сөйледі:

—Жеке ме деп жүруші ем,

ұядан жалғыз байымды.

есім батыр атанып,

Алашқа даңқың жайылды.

Ақылы артық екен деп,

әлімхан патша хайыл-ды.

Жалғызсың деп кемітер,

білмеген дұшпан жайымды.

ердің болар тынысы,

Артында болса інісі.

болар заман бар екен,

біз ғаріп та қайынды.

көрген адам тойғандай,

Жігіттің шора гүлі еді.

шабылып әбден тынбастан,

шұбар ат та жүдеді.

кішміш қылып мейізден,

салмақтап күнде іледі.

«Мынау шора екен»,—деп,

көрген адам біледі.

бір арыстан келді деп,

Қырылар қалмақ енді деп,

әлімханнан тағы да,

сүйінші барып тіледі.

ілтипат қылып барғаны

тон киіп, ат мінеді.

әлімхан да қуанып,

Құтты болсын айтқалы,

Жақсылармен келеді.

Алдынан шығып ізетпен,

ер шора да көрісті.

іздеп келді деген соң,

көңілдері тоғысты.

шораны көріп әлімхан,

Қасындағы қанша жан,

уақыты қош болысты.

4130

4140


4150

4160


326

бАтырлАр  Жыры

326

327


есім ер сонда сөйледі:

—Жабырқап тұрған кезімде,

Қалмақ шауып елімді,

сен келген соң, шоражан,

бір көтердім белімді.

Желкілдетіп жетелеп,

сәукелелі келінді,

Жата алмаспын мен шыдап,

Қалмаққа беріп телімді.

көңілің болса, шоражан,

Қалмаққа менің жүргенім,

оңласа Құдай жолымды.

әлімхан да айтады:

—Қайратыңды байқадық,

шоражан, көріп түріңді.

Қарға десең сұңқардай,

Жапырасың жүніңді.

Ақыл менен ерліктен

таба алмадық мініңді.

Жәрдем берер жалынсаң,

Жат етсең кәміл піріңді.

кешегі кеткен қалмақтың

Артынан қуып барыңдар.

олжа қылмай таманы,

Айырып алып қалыңдар.

Хан боламын десең де,

Қайырмалық тіліңді.

шора сонда сөйледі:

—басатұғын емес ем,

Қыстың көзі қырауда.

Қысылмасам келмес ем,

Қырық үй тама шуылдап,

кемпір менен шал қалды,

есебі жоқ мал қалды.

Менің тоқтар жайым жоқ,

Өздерің тоқтат демесең.

есім ер тағы айтады:

—сабыр қылсаң, шоражан,

Қалмақты қуып барайық.

4170


4180

4190


4200

326

326


327

ер  шорА


әруақтар жар болса,

басына қырғын салайық.

сүйекке таңба болмасын,

олжа болған таманы

Айырып алып қалайық.

ит садырды есіртіп,

нағылып тірі қоялық?

Аман келген қалмақтан,

сансыз әскер қолменен,

Өзің көрген жолменен,

Аққалаға ат қойып,

түрікпендерді шабайық.

әлімхан тағы сөйледі:

—Айналайын, шоражан,

сөзіме құлақ салыңыз.

Жұртың мынау меңгеріп,

ықтиярын алыңыз.

олжа болған таманы

Артынан қуып барыңыз.

Жесір кеткенді жылатпай,

Ажыратып қалыңыз.

Арын іздеп таманың,

намысына шабыңыз.

Қалмақтар ұрып айдаған,

пенде қылып байлаған,

Ашымай ма жаныңыз.

шора сонда сөйледі:

—Ара жолда ат қалып,

сандалып жүрген баламын.

бектік іздеп жүрмін бе,

билігін алып қаланың?

басыма келсе патшалық,

есебін өзім табамын.

көр десеңіз өтініп,

тартынып неғып қаламын?

іздеп келдім жұртымды,

намысына шабамын.

Қылмасам да көп қайрат,

көптің бірі боламын.

4210


4220

4230


4240

328

бАтырлАр  Жыры

328

329


оңласа Құдай сапарды,

Қайратқа белді буайық.

Ақ қара бас алтын ту[ды]

Қара қанға жуайық.

Жұрт егесі әлімхан,

патшалық сізге лайық.

біздің тілді алсаңыз,

Жауап беріп басқаға,

Жүз жігітпен қуайық.

көзбембет пен садырға

бір айқасып тынайық.

ер шораның айтқанын,

бәрі мақұл көреді.

Жиналған қосын қуанып,

Қылды деп мақұл бір істі.

шығарып таңдап жүз жігіт,

іс көрсетіп майданда,

кешірген бастан жұмысты.

тасқа салса қайтпаған,

Қолға алып алмас қылышты.

ойнақтатып бедеу ат,

Қалмақтарды қуыпты,

Қолдарында батырдың

сара ала ту салбырап.

шарайна сауыт, қалқанды

Арқасына шандырлап.

ойнақтатып бедеулер,

Астында тұрмай қарғылап.

шу дегенде шұбар ат,

Жануар желдей еседі,

табаны жерді теседі.

намыс үшін жүз жігіт,

Жанын сатып барады,

ер шора да ішінде.

Қайратқа сеніп есім ер,

Қаңтарда нардай жарады.

Алдындағы шораның

оттай көзі жанады.

4250

4260


4270

4280


328

328


329

ер  шорА


Үш күндік жолды бір күнде

шабытпенен алады.

Қабағы қатып сүрлігіп,

ұйқыдан ерлер талады.

«келесің қашан ерім»,—деп,

сұлулар жылап қалады.

соңына түсіп шұбар ат,

Алты ай баққан семізді

ілестірмей барады.

бір жерлерге барғанда,

Қосыннан озып ер шора,

шауып шығып бір тауға,

Қарауылдап қарады.

олай-бұлай бой жазып,

сұңқардай бойын сылады.

бет алдына қараса,

будақ-будақ шаң көрді.

шаң астына қараса,

Жер қайысқан қол көрді.

Арқаға қолын байлаған,

шулатып қойдай айдаған,

Жылаған шулап таманың

Жесірі менен күңдері,

Қосынды қуып жеткенін,

ер шора да білді енді.

Ат қоймаққа қалмаққа,

сол жерде көңілін бөлді енді.

Жазым болып кетсем деп,

Алды-артында жоқтығы,

көңіліне де келді енді.

бір Аллаға жалынып,

пірлеріне сиынды.

Қылды енді мінажат,

көңіліне алып келген-ді.

—әулие, өзің оңлай көр,

сиындым сізге, Құдірет.

Құданың досты Мұхамбет,

Қазатқа белді байладым,

Мен ғаріпке бер медет.

4290


4300

4310


4320

330

бАтырлАр  Жыры

330

331


Арманым жоқ Құдай-а,

Аман-есен көрсетсең

Ата менен анамды.

неше мың өткен пайғамбар,

тақсырлар көрсет панаңды.

сыйғызбады үйіме,

Жалғыздық мұндай жаман-ды.

зар жылап жүрген күнінде

Анама берген аянды

бабай түкті шашты әзіз,

Ал енді сізге сиындым,

Қолдай көр, тақсыр, балаңды.

Айналайын, құдірет,

бұл жерде менің басыма

саласың қандай заманды?

дұшпандардың қолында

тайдыра көрме табанды,

Құлыңа өзің қуат бер.

Қалмақтармен қармасып,

Қылайын көріп амалды.

ғайып ерен, қырық шілтен,

шылауымда бола көр.

Алды-артыма айқайлап,

Қалмаққа салсам қамалды.

Жәрдем болса жаратқан,

садырменен салысып,

көрейін байқап шамамды.

бұл сөзді айтып ер шора,

күміс құйрық шұбардың

күн тимеген сауырына,

Жел тимеген бауырына

Ашына қамшы тартады.

«шу» десе шұбар жануар,

Жай бұлтындай атылды.

ойламайды өлем деп,

намысқа жанын сатады.

екпінімен тұлпардың

тоқтата алмай тізгінін,

баланың басы қатады.

4330


4340

4350


4360

330

330


331

ер  шорА


Артынан қуып қалмақтың,

Алдына шығып кетеді.

Ал енді шора жайқады,

Қарсы алдынан тимекке,

Атының басын қайтарды.

Өтірік пе, рас па,

Айтқандар солай айтады.

сол уақытта шораның

бет алды қайқаң өр еді,

ойлы-қырлы жер еді.

Қосынға қарсы тигелі,

ер шора көңіл бөледі.

сол уақытта қараса,

Жан адам жоқ қасында,

Алпыс қойдың терісін

Малақай қылған басына,

Қол алдында бір қалмақ

оқшау шығып келеді.

шыға сала кезеңнен

ер шораны көреді.

Аты-жөнін сұрасып,

келе сөйлей береді:

—Мінгенің шұбар аласың,

Жаңа өспірім баласың.

Қайратыңды байқасам,

Өрттей қаулап жанасың.

Жолым болып келемін,

Қазанның шауып қаласын.

Алдыма салып айдадым

отыз үйлі тамасын.

олжада болса көңілің,

Қыз десең де аласың.

Қалағаның сенікі,

көңілің менен қалмасын.

тама болсаң егер де,

есіңнен сен де танасың.

лашын құстай шүйіліп,

Қабағың тастай түйесің.

Айтшы маған жөніңді,

4370


4380

4390


4400

332

бАтырлАр  Жыры

332

333


Қай сапардан келесің?

шора сонда сөйледі:

—Жоқ жоғалтып торықтым,

іздей-іздей зорықтым.

Жоғымның жөнін білгендей,

білімді ерге жолықтым.

Аяулыдан алты ат жоқ,

белгіліден бес ат жоқ,

Құйысқан жетпес құла ат жоқ,

әсіресе, көкбесті,

көкейімді сол кесті.

Мақпалдан еді дорбасы,

күмістен еді сырғасы.

көріп-біліп айтпасаң,

ұры екенсің жалғаншы.

садыр сонда сөйледі:

—білдім, балам, жөніңді,

затың тама ұсайсың.

Мен алғандай жоғыңды,

нықыра сөйлеп қыстайсың.

Қосының бар ма артыңда,

сөзбенен алдап ұстайсың.

Жоғыңның жөнін мен білдім,

Аяулыдан алты атың,

Ағайының болмаса.

белгіліден бес атың,

білімділерің болмаса.

Айыл жетпес ала атың,

Құйысқан жетпес құла атың,

кемпір-шалың болмаса.

ішіндегі көкбесті,

көкейімді сол тесті.

Мақпалдай болса дорбасы,

күмістен болса сырғасы,

олжа болған қалмаққа,

Қыз-келіншек болмаса,

сізді де олжа қылармын,

Жолымды Құдай оңласа.

—Мақтанасың, қалмақтар,

4410


4420

4430


332

332


333

ер  шорА


екі ауыл ұрлап алғанға.

несіне намыс қыласың,

ұры екенің жалған ба?

Жаңа жеттім мінекей.

—Мен—садырмын танып қой,

Жеңе алмайды мың кісің.

Қазанның шауып қаласын,

көңілім бітті, тынды ісім.

сені де Құдай берді енді,

тама екенің шынбысың?

шора сонда сөйледі:

—ұрлап алып елімді,

Қай жаққа алып барасың?

Асықпасаң, садеке-ау,

есіңнен әлі-ақ танасың.

Атаңа нәлет, бадырақ құл,

Алар жерге жетіп ең

әлімханның жылқысын.

кәміл пірлер жар болса,

шұбатылып шаңыңмен,

Ат астында қаласың.

сіңірмесін таманың,

Аумақ-айқым ел түгіл,

тышқақ лақ, танасын.

садыр сонда сөйлейді:

—тама болсаң жөніңді айт.

бір жолығып қалдым деп,

әлімхан менен есімге

садырдан барып сәлем айт.

шора сонда сөйледі:

—келді қуып есім ер,

Қай жерде тосып аласың?

Қыл құйрық етіп айдады,

шаһар Қазан қаласын.

әзіл дерсің айтпасам,

көзіңмен көріп нанасың.

Қанша екенін қосынның,

білесің көріп шамасын.

Қаңбақтай ұшып денеңіз,

4440


4450

4460


4470

334

бАтырлАр  Жыры

334

335


Ат астында қаласың.

Мен садыр деп бұл жерде,

Мақтанасың әсіре.

ұрлап алып он үйді,

елсіздетіп көшінге.

болмаса жеңіп алдың ба,

ерекше шауып көсіле?

Жолықпақ түгіл есімнің,

Қорқасың сырттан пешіне.

белгілі көтің, садыреке-ау,

Мақтанасың несіне?

Атаңа нәлет, бәдір құл,

тұр жұмырды арқалап,

таманың қойын баққаның,

келе ме, сірә, есіңе?

садыр сонда сөйледі:

—Арқадан құлан ауысса,

Малақай болар үйегі.

Үш тоқсан болғанда,

шешілер қошқар күйегі.

ерлікпен таптым елімді,

Ақыр алдым кегімді.

Қазақта қалар дейсің бе,

Қалмақтың алтын сүйегі?

—ит садыр, сенің кесірің,

көзбембетті қоса ұрды.

тең бе еді қазақ қалмаққа,

Қазақ саған мазақ па?

кеткенің бе сіңіріп,

Қазақтан алған жесірдей?

садыр сонда сөйледі:

—Мен—кәдімгі садырмын,

Ағайынға кәдірмін.

Қанша қосың болса да,

таулы жерде алармын.

Алшаңдаған мырзаңды,

Қой көтіне салармын.

—сен—кәдімгі садырсың,

Ағайынға кәдірсің.

4480


4490

4500


4510

334

334


335

ер  шорА


сабыр қылсаң, садыеке-ау,

кім екенің танырсың.

таулы жарда алсаң да,

таусыз жерге келгенде,

шүкімді жеп қаларсың.

сөйте-сөйте керісті,

Жеті атадан терісті.

бірін-бірі жамандап,

тепектесіп келісті.

Ат үстінен қол сермеп,

денеге қайрат берісті.

Арыстандай алысып,

Қызығын әркім көрісті.

ер садыр да ақырып,

Қарсы шеңгел салысты.

Аянбастан екеуі,

бар қайратын қылысты.

оңтайланды ер садыр,

суырмаққа қылышты.

Мұны көріп ер шора,

бастады өнер жұмысты.

Жақындап шора барады,

Жағаға қолды салады.

Айдынды туған ер шора,

Атынан жұлып алады.

сол ұстаған бойынша,

көп қосынды аралап,

көкпар да қылып барады.

екі аяғы садырдың

сүйретіліп қалады.

ер шораны қалмақтар,

шауып бара жатқанда,

біреу атып қалады,

біреуі шауып қалады,

Алды-артын басып қалады.

толып жатқан көп қалмақ,

бірін-бірі атысып,

опыр-топыр болады.

бабай түкті бабасы

4520


4530

4540


4550

336

бАтырлАр  Жыры

336

337


Қылыш пен оқты дарытпай,

Қанатымен қағады.

толып жатқан қалмақтан

Аман шығып ер шора,

есімнің жөнін табады.

«Қылады қандай мені»,—деп,

садырдың жаны қалмады.

бір төбенің басына,

тамалардың қасына,

көкпар қылып садырды,

енді шора салады.

Қысылған екен өкпесі,

есінен садыр танады.

әне-міне дегенше,

есімге шауып келеді.

ер шораның қасында

сұлап жатқан біреуді

есімнің көзі көреді.

Аман-есен айтысып,

есімге сәлем береді.

есім ер сонда сөйледі:

—Айналайын, шоражан,

келмедің неғып кешігіп?

көп қарадым жолыңа,

екі көзім тесіліп.

білінді ме дерегі,

елді шапқан есірік?

теректей болып құлаған,

ұзынынан сұлаған,

Қасыңда жатқан мынау кім,

керегедей көсіліп?

—Асып едім, есеке,

Қара адырдың белінен.

бір азырақ жол жүрдім

Қалмақтар жүрген жолымен.

Жер қайысқан қол көрдім

Құндыздының ерінен.

ұстап алдым осыны,

тышып қалған жерінен.

4560


4570

4580


4590

336

336


337

ер  шорА


сол уақытта есім ер,

Қалмаққа бетін бұрады.

Жақындады ажалы,

садырды Құдай ұрады.

сол уақытта садыр да,

көзін ашып қараса,

көреді есім, шораны.

«неғып Құдай ұрды»,—деп,

Жан-жағына қарады.

зәресі кетіп сандалып,

көріп шора баланы.

—емессің бе сен, садыр,

ұрыпты Құдай сені әзір.

неғып тышып қалып ең

нас басқыр?- деп сұрады.

садыр сонда сөйледі:

—балаң жалған айтып тұр,

бекер еді тышқаным.

Мазақ қылмай не қылсын,

Жеңіп тұрған дұшпанын?

кезеңнен бір шаң бұрқ етті,

Құйын ба деп, шаң ба деп,

Құлан ба деп, аң ба деп,

ойымды соған нұсқадым.

Айтып ауыз жапқанша,

Ашып, көзді жұмғанша,

Жетіп келді қасыма,

Жағамнан сонда ұстады.

тама екенін білдім де,

нықыта сөйлеп қыштадым.

сөйте-сөйте керістік,

Жеті атадан терістік.

Жақындасып келгенде,

ұстап алды жағамнан,

одан соң не етті білмеймін.

Мінекей, саған ұшырадым,

ішімде кетті пұшманым.

таныған соң садырды,

есім ер аттан түседі.

22–253


4600

4610


4620

4630


338

бАтырлАр  Жыры

338

339


Алтын да сапты ақ қанжар,

Жүрегіне піседі.

Қатты өшіккен жау еді,

Қанын ұрттап ішеді.

балдағы алтын ақ полат,

тамағына қадады.

бұрқыратып шалады,

Қанын ұрттап алады.

ер садырдың қанымен

тамалар туын қандады.

Жеткенін біліп қосынға,

ұрыспағын қамдады.

белгілі жаудың бірі еді,

садырды бүйтіп жамғады.

есім ер сонда сөйлейді:

—сенікі енді, ел-жұртым,

ықтиярың берейін.

Қайда жүрсең мен енді,

Қасыңда жүріп көрейін.

берегірек кел, шырақ,

Ақ бетіңнен сүйейін.

шығарып алып қасына,

толтыра сүйді көмейін.

Қалмақтарға жеткенін,

батырлар енді білісті.

бас-аяғы жиылып,

Жасақ тартып жүрісті.

Жақындасып барды да,

туларын қарсы тігісті.

Жау қарасын көргенсін,

Ат қойысып қалмаққа,

бір шетінен кірісті.

ер басына бір адам,

шаншып-шаншып жылысты.

Қайрат беріп көбіне,

шора сонда сөйледі:

—батыр болсаң, ту ұста,

ту ұста да, жылыста.

Қосыныңда жүз жігіт,

4640


4650

4660


4670

338

338


339

ер  шорА


Қонды қара қуысқа.

Ажалсыз жан шықпайды,

Жасқанбай шап ұрысқа.

Жауатұғын бұлыттай,

Жау көргенде құрыста.

Жаратқан өзі жар болса,

кәміл пірлер бар болса,

бір кісіге он кісі

Ал енді бектер ат қойды,

тәңірге қылып тәуекел.

көп қалмақты қиратып,

Қамысқа түскен жалындай,

Жапырып кетті шетінен.

ер шора да тартып жүр,

Айдаһардай лебімен.

Қайраттанып есім ер,

тоңқайтып кетіп барады,

кез келсе үштен-екіден.

Жан аямай жүз жігіт,

көп қалмақпен ұрысты.

бөрі шапқан қойдай қып,

дүркіретіп сүрісті.

Жесірлер кейін бұрылды,

есепсіз қалмақ қырылды.

партылдатып мылтықты,

Жарқылдатып қылышты,

Қалтырайды қалмақтар,

Анда-санда ақырып

шығарса шора дыбысты.

Ат бауырын қан қылып,

Қалмақтарды қырысты.

сол уақытта көзбембет,

Қырық жігіт қасында,

еліне қашып жөнеді.

сол уақытта, жақсылар,

Қалмақтардың ішінде

көкше шайыр дер еді.

Жаудан беті қайтпаған,

Айтулы о да ер еді.

4680


4690

4700


4710

340

бАтырлАр  Жыры

340

341


зор келген соң тұрсын ба,

Қырық жігіттің ішінде,

бұ да қашып келеді.

Қашып келе жатқанда,

көкше шайыр батырың,

көзбембетке сол күнде

Мына бір сөзді деп еді:

—Ай, көзбембет, көзбембет,

от басында отырсың,

әжептәуір батырсың,

білегіңді сыбанып,

бір өзің мыңға татырсың.

тамаларды көргенде,

батыр емес, қатынсың,

Абайлап қара артыңа,

ойламасаң ұятты,

неғып бара жатырсың?

көзбембет сонда сөйледі:

—Жақсы айтасың, көкшежан,

сүйектен өтті бұ сөзің,

енді саған не дейін?

Қашқаным да ар-намыс,

Өлсем де тұрып өлейін,

шұбар атты балаға,

бір айқасып көрейін.

Ана жүрген балаға,

Атса, мылтық өтпейді,

шапса, қылыш кеспейді.

Өзгесі маған шот емес,

баладан ағаң шеттейді.

Жалаң батыр емес бұл,

Жабылып пірлер көптейді.

Апта болды, шырағым,

«Ат-ат»,—деген дабысы,

«шап-шап»,—деген бір дауыс

Құлағымнан кетпейді.

Анау жүрген баланың,

Ажалы тура келмесе,

ешкімнің әлі жетпейді.

4720


4730

4740


4750

340

340


341

ер  шорА


бұл сөзді айтып көзбембет,

Атының басын бұрады.

ер шораның алдынан

Қарсы қарап тұрады.

Қайраты кетті қабынып,

пешенесін сынады.

көп қосынды қыдырып,

ішінен судай тынады.

Қызыл ала қан болып,

ер шора да келеді.

шаршамайды шұбар ат,

Аяңдамай желеді.

Өзінің қарсы бетінде,

Қалмақтардың шетінде,

білегін түрген сыбанып

көзбембетті көреді.

шора сонда сөйледі,

сөйлегенде бүй деді:

—Мен тамамын, таныңыз,

Қырылғанға қалмақтар

Ашып тұр ма жаныңыз?

тыныштықпен сіңбеді-ау,

тамадан алған малыңыз.

шамаңды біліп шақтамай,

әлімханмен ұрысып,

Қарайды ма қаныңыз?

Арманда қалма, көзеке,

Қайрат қылып бағыңыз.

Атыспақ та ма  едіңіз,

шабыспақ та ма едіңіз?

ер ойыны екі ойын,

біреуін таңдап алыңыз.

сол уақытта көзбембет,

буырқанды бұрсанды,

Мұздай темір құрсанды.

Қорамсаққа қол салды,

бір салғанда мол салды.

садағын қолға алады,

Қақ жүректің түбі деп,

4760


4770

4780


4790

342

бАтырлАр  Жыры

342

343


Өлер жерің осы деп,

толықсып тұрған шораны,

толғап тартып қалады.

Атуының қаттысы-ай,

Атуына жараса-ай,

тартуының қаттысы-ай,

оты шығып аспанға

бұлғақтап кетіп барады-ай.

сол уақытта шораның,

бабай түкті бабасы,

төбесінен басады.

Атқан оғы қалмақтың,

Үстінен келіп асады.

Атса дағы көзбембет,

Жығылмасқа ұсады.

сол уақытта көзбембет,

Қапаланып сөйледі:

—япырмай, Құдай-ай,

Айрылдым ба барымнан,

кесілдім бе қарымнан?

осы араға шынымен

Ажал айдап келдім бе?

Қайтып елді көре алмай,

бір баланың қолында,

Арманда болып өлдім бе?

бұл сөзді айтып көзбембет,

Қорамсаққа қол салды,

бір салғанда мол салды.

Қолына алған қу жебе,

көп оғына жол салды.

садағын қолға алады,

кіріске дәлдеп салады.

толықсып тұрған шораны

толғап тартып қалады.

Атуының қаттысы-ай,

Атуына жараса-ай,

тартуының қаттысы-ай,

оқ жыландай жылмандап,

4800

4810


4820

342

342


343

ер  шорА


оғы кетіп барады.

Адыр-адыр жер келсе,

Арық қылып барады.

күдір-күдір жер келсе,

көктей өтіп барады.

әр келмеске бір соғып,

бұрқыратып барады.

сол уақытта шораның,

бабай түкті бабасы,

Аспанға алып кетеді.

Атқан оғы қалмақтың

Астынан келіп өтеді.

сабыр қып тұрды ер шора,

екі кезекті өткізіп,

Үшінші нәубет жетеді.

Ал сонда шора құрсанды,

буырқанды бұрсанды,

Мұздай темір құрсанды,

Қорамсаққа қол салды,

бір салғанда мол салды.

сол уақытта қаһармен,

садақ пен жайды қолға алды,

кіріске дәлдеп салады.

Қақ жүректің тұсы деп,

Өлер жерің осы деп,

толықсып тұрған қалмақты

толғап тартып қалады.

оғы зырлап кетеді,

көзбембетке жетеді.

дәлдеп барып жүректен,

көктеп оғы өтеді.

төрт қырлап соққан қу жебе,

Айдаһардың тіліндей,

Қақ жүректен тиеді.

Өте шықты білінбей,

Жалғыз оқ тиген қабандай,

Құлады қалмақ күрілдей.

бір оғымен шораның

кетті өліп қалмақ тірілмей.

4830


4840

4850


4860

344

бАтырлАр  Жыры

344

345


Қайраты қатты жау еді,

Артықша туған ер еді.

Айдынды туған ер шора

Мұнан да қалды сүрінбей.

Айналдырып ат шапты,

Айналаның көлдерін.

Ат астында ійі қылды,

солқылдаған жерлерін.

Аспанға шаңын шығарды,

Қыр-адырдың белдерін.

Қызыл ала қан қылды,

Құндыздының өрлерін.

Жеті күн қона ұрысып,

Қалмақтарды қырысып,

Айырып қайтты ер шора,

таманың кеткен елдерін.

Желігіп келген ерлердің

ұрыстан мейірі қанады.

ерлігіне шораның

есімнің көңілі толады.

Апта жүріп тамалар,

бір жерге келіп қонады.

біреудің кеткен жары бар,

біреудің кеткен малы бар,

бір-біріне табысып,

Жамыраған қойдай-ақ,

Жабырласып қалады.

біреуі сүйіп аузынан,

біреуі сүйіп көзінен,

ер шораның үстіне

опыр-топыр болады.

әне-міне дегенше,

әбүйірмен тамалар,

Қазанға жетіп барады.

есіткен соң бұларды,

Алдынан шығып әлімхан,

бастығы хан, ел болып,

келген елі ел болып,

екпіні қатты жел болып.

4870


4880

4890


4900

344

344


345

ер  шорА


бұрыннан сол жүрісі,

есім ерден ханының,

дәрежесі кем болып,

есімнің көзі жоғалса,

кетер еді қалмаққа,

Хан-қарасы жем болып.

екі арыстан келді енді,

сәулетін түзеп тең болып.

Амандасып бұларға,

Жылай берді әлімхан,

көзінің жасы көл болып.

Құлақ салғанның сөзіне

Жас алып көңілі жер болып:

—есім ер мен шоражан,

біреуің менің қуатым,

біреуің менің миятым.

Жұрт егесі сіздерсіз,

әшейін-ақ бар екен,

Хан деген менің құр атым.

Жылқыны жауға алдырып,

басымда қалың ұятым.

Артық нәрсем қалмады,

Айтарға барып сиятын.

Жылқыны алған қалмақтың

Артынан қуып барыңдар.

Қолыңда барда қосының,

күн бар ма және жиятын?

сіздер мұнан кеткен соң,

шаң кетпеді қорадан.

басыма түсіп жалғыздық,

шыға алмай қалдым қаладан.

Қатты қысты өкпемді,

ұстады дұшпан жағадан.

он мың қалмақ Қазанды

Үш күн ұдай қамады.

танымаймын басқасын,

басшысы екен Қараман.

Қалаға келіп қамалдық,

бар еркегі тамадан,

4910


4920

4930


4940

346

бАтырлАр  Жыры

346

347


ұрыса алмадық ұран сап.

Қалмаққа қатын-баламен,

иесіз жатқан жылқыны

Жиыстырып үш күнде

Алды да қайтты даладан.

Қыл құйрықтан айырылып,

әйтеуір қалдық жан аман.

Ақымақ екен қазақтан,

Қалмақты дос деп санаған.

Қорлығына шыдамай,

тұла бойым қалтырап,

Өртеніп тұрмын, шоражан.

шора сонда сөйледі:

—Қапаланба, ханымыз,

бізден және бұл қызмет,

Аман болса жанымыз,

бетіңе перде тұта алмас,

басыңда тұрса бағыңыз.

кегің кетпес ешкімге,

Айдынды туған есімдей,

тірі болса нарыңыз.

көрмессің қорлық адамнан,

Жаратқан болса жарыңыз.

Қалмақ түгіл, қазаққа

кете қоймас арыңыз.

Жылқыны алған қалмақтың

ізіне бізді салыңыз.

Өзіңіз онда бармай-ақ,

батаңды беріп қалыңыз.

кәміл пірлер жар болса,

Қара маңдай қалмаққа

сіңе қоймас малыңыз.

көзбембет пен садырды

талқандап жеңіп тамалар,

Қараманмен қармасып,

Өлмесе кегін тағы алар.

Қалмақ десе ер шора,

Ақ сұңқардай таранар.

4950

4960


4970

4980


346

346


347

ер  шорА


шу дегенде шұбар ат

ұшқан құсты жағалар.

ер шораны әлімхан

шақырып алып ордаға,

оқалы алтын тон жапты,

бойыменен бара-бар.

Аттанбақ болып қалмаққа,

баяғы барған жүз жігіт,

төрт жүз жігіт қосылып,

көп болысып жөнелді.

Аттанбақ болып қалмаққа

Қазақ та белді буысты.

сыйғыза алмай есім жүр,

бойына ерлік туысты.

Қайратынан шораның

Қалмақтың көңілі суысты.

найзаларын таптасып,

сыдырып алды қылышты.

сараланып бес жүз ер,

Қараманды қуысты.

дамыл алмай арада,

Ал енді күн-түн жүрісті.

ұйқыдан ерлер жүдеді,

Қабағы қатып сүрісті.

оңласа Құдай ақырын,

бастады бұлар бір істі.

неше күн-түн жол жүріп,

ел қарасын білісті.

олай-бұлай көз салып,

кідіріс қылып тұрысты.

ел қарасын көрген соң,

түзетті топ-топ  жүрісті,

көңіліндегі жұмысты.

Айдынды туған шораның,

Қараманмен қармасып,

Қылмақта көңілі ұрысты.

есім ер сонда сөйледі:

—елестеп анау көрінген,

Қараманға қараған,

4990


5000

5010


5020

348

бАтырлАр  Жыры

348

349


Қара қалмақ ел шығар.

Жас күнімде бір көріп ем,

Жаңылмасам, осы ара

Қарғалы деген жер шығар.

суға қарап шұбырған

Алдымыздан жол шығар.

шұрқырасып су ішкен,

көлде жылқы мол шығар.

Алатұғын адалы,

Қолға Құдай түсірсе,

Жылқымыз біздің сол шығар.

сол жерге тастап қосынды,

есім ер мен ер шора

ілгері басып барады.

басына шығып биіктің,

Қарауылды қарады.

олай-бұлай толғанып,

сұңқардай көзін салады.

бет алдына қараса,

Жағалай қонған ел екен,

Абайлап әбден қанады.

түсіп жатыр көп жылқы

шұбатылып қамыстан.

есім ер мен шора тұр

көз жіберіп алыстан.

оқыранып осқырған,

сарсылар құлақ дыбыстан.

бірін-бірі қуысып,

Жылқышылар жарысқан,

Аударысып тартысып,

Айқайласып алысқан.

есім ер сонда сөйледі:

—Мақұл көрсең, шоражан,

сол жылқыдан алайық.

Хабарсыз қалмақ жатқанда,

Қалың елдің шетінен

Айқайлай қиқу салайық.

елге қайтып барайық,

кідіріп мұнда кешігіп,

5030


5040

5050


5060

348

348


349

ер  шорА


Қалың қалмақ ішінде

Жазым болып қалмайық.

шора сонда сөйлейді:

—Жақсы айтасыз бұл сөзді

есім батыр, ағамыз.

не десең де тіліңді

Қайырмаймыз, аламыз.

Жылқыны алған кекті жау

Қараман деп барамыз.

төл малды көзің көрмесе,

әйтеуір қалмақ екен деп,

Жайын жатқан бір елге

бүлікті қайтып саламыз?

көзіне бір көрінбей

шауып кетсең бір шетін,

ұрлықшы лақап аламыз.

шораның көңілін жыға алмай,

бұл сөзбен есім тиылды.

топтай қылып қосынды,

бір шұқырға иірді.

ысабы жоқ көп қалмақ

Хабар тапса, қиын-ды.

тәуекел қылып тәңірге,

пірлеріне сиынды.

ел жата бере сол жерден,

шоқтай болып жүрісті

саламыз деп ойлады

Қараманға бүлікті.

ертең сәске уақытта

есебі жоқ  жылқының

ішіне келіп кіріпті,

Аралап ішін келеді.

сол жылқылардан тамалар,

төл малдың көзін көреді.

сабылып жүрген ат-айғыр

Қуғын көріп, арыған.

Айрылыпты талайы

Қоңы менен жалынан.

5070

5080


5090

5100


350

бАтырлАр  Жыры

350

351


Өзеннің қарсы бетінде,

көп жылқының шетінде

бір құл көрді ер шора

омырауын шарыған.

келе салып сол құлдың,

шылауынан ұстады.

Ашылсын деп ұйқысы,

Желкесінен мұштады:

«Жылқың кімнің жылқысы,

тезірек айт»,—деп қыштады.

Аша алмайды ұйқысын,

Құл манаурап сөйлейді:

—Аралай бер жылқыны,

Жоғың болса қараған.

болмаса мені оятып,

Адамың бар ма сұраған?

Қоймайсың ба жайыма.

ұйқым келіп бараман,

Құлқын сәрі құлқылдап

шығып па едің даладан?

шылауымды қоя бер,

басыңнан ағар қара қан.

шауып алсаң айтайын,

Жылқы егесі Қараман.

шора сонда сөйледі:

—Қуып келген тамамын,

Жылқы алдырып ашынып.

Ашып  сөйле көзіңді,

ұйқыңды енді қашырып.

Қаның тасып тұрмасаң,

Өлеріңе асығып,

шұбатылар нешеуің,

Ат астында басылып.

Қараманның елінде,

солқылдаған саз бар ма?

Қаңқылдаған қаз бар ма?

ерге мәнзүр болғандай.

Қызығып кісі алғандай

5110

5120


5130

350

350


351

ер  шорА


Асқан сұлу наз бар ма?

Айт маған қалмай жасырып.

Жаны шығып шошынып

Жылқышы сонда сөйледі:

—Айналайын, шырағым,

көкала майдан жері бар,

Жылқылы бай елі бар,

Жібек арқан желі бар,

тайлы бие жейтұғын,

тебіренбес деген ері бар,

елді жерде ұры бар,

таулы жерде бөрі бар,

Қайсыбірін айтайын.

таза жесір іздесең,

кермаралдай керілген,

басарына ерінген

елінде маңғаз сері бар.

Маңдайы күнге күймеген,

бетіне жел тимеген,

Өз-өзінен күйлеген,

Қыздың сұлу шыры бар.

Өртейтұғын денеңді

оттан ыстық демі бар.

Қараманның елінде

Қаңқылдаған қазы бар,

солқылдаған сазы бар,

шұбар ала көйлекті,

сом алтыннан ілгекті,

көрген жанды күйдірген,

Қылығымен сүйдірген,

Қараманның өзінің

Жөрметөз деген қызы бар.

сол уақытта тамалар

Қараманның жылқысын

топтап айдап жөнеді,

әбден байқап көреді.

бұрқыратып тозаңын,

Қуып айдап жөнеді.

5140

5150


5160

5170


352

бАтырлАр  Жыры

352

353


Қараманға бармаққа

ер шора көңілін бөледі.

көп қосыннан қала алмай,

еш амалын таба алмай,

Қисалақтап келеді.

«әс-сені» деп тістеніп,

Амалы болмай ер шора,

Азуын басып келеді.

сол уақытта, жақсылар,

Жылқыда бір көкбесті,

күннен күнге жарады.

шабылған аттай сабылып,

бауыр жүнін тарады.

Қараманның аты екен,

Қашайын деп қисаңдап,

олай-бұлай шабады.

Аспанға қарап есінеп,

егем бе деп кісінеп,

Желкесінен қарады.

Жат екенін білген соң,

Жылқыдан кейін қалады,

сыртына құйрық салады.

Ана бетті бір басып,

Мына бетті бір басып,

көкбесті кетіп барады.

екі-үш тама қуалап,

көкбестінің соңынан

Жете алмай әуре болады.

шора сонда сөйлейді:

—Мен қуайын ол атты,

Артынан сіздер барыңыз.

сырымды айтып кеткенім,

Жөнімді танып қалыңыз.

егер де өлсем қалмақтан,

сүйегіме шабыңыз.

бізді іздеген азамат,

Қараманның аулының

Қорасынан табыңыз.

5180

5190


5200

5210


352

352


353

ер  шорА


бұл сөзді айтып ер шора,

күміс құйрық шұбардың

Қамшы тартты санына,

Жәбір қылды жанына.

Жан көрінбей көзіне,

таманың шапты арына.

сол уақытта шұбар ат,

Өзін-өзі қамшылап,

Қос құлағын қайшылап,

санынан тер тамшылап

омыраудан тері ағып,

тебіндіге былшылдап,

екпініне ер шора

отыра алмай қалшылдап,

Жұлдыздай көзі жылтырап,

Құйысқаны сартылдап

түзеді шұбар шабысты,

созылады қайыстай,

тер шыққан соң жануар.

Үйрек құстай құнтиып,

Аққан судай жиылып,

бұлдырықтай пырылдап,

Атқан оқтай зырылдап,

Қызған сайын аршындап,

төрт тұяғы тарсылдап,

Алдыңғы айыл ұзайып,

Артқы айылы созылып,

денесінен тер ақты,

Моншақ-моншақ тізіліп.

Қызған сайын жануар,

ор қояндай қасқарды.

Жаңғақтай шақты тұяғы,

Жолындағы тастарды.

Қаршығадай сыпырып,

көкбестіні бас салды.

Жетсе дағы қайтармай,

борбайына шапаттап,

түрткілеп айдай береді.

дегбірі кетіп көкбесті,

23–253


5220

5230


5240

5250


354

бАтырлАр  Жыры

354

355


сол уақытта шаба алмай,

сүмең-сүмең желеді.

шораның қарсы жолында,

Жез құмғаны қолында,

Жөрметөз суға келеді.

көкбестіні айдаған

ер шораны көреді.

көргеннен-ақ Жөрметөз,

тұла бойы тітіреп,

Қыз қалтырай береді.

еті жаман түршігіп,

Үйіне қарай жөнеді.

Қараманның алдына

кіріп барып Жөрметөз,

Мына бір сөзді деп еді:

—япырым-ай, әке-еке,

көкбестіңіз келіп тұр.

біреуден көріп көрімді,

шыдай алмай көрген соң,

көзімнің жасы төгілді.

бір суық қол, әке-еке,

Аралады еліңді.

Өрісіңді шаңдатып,

лайлады көліңді.

Мен түрінен шошындым,

Қиқулап қуып жылқыңды,

тыйып кетер күлкіңді.

шақтамасаң шамаңды,

сындырып кетер беліңді.

тентіреп жүрген бұл емес,

тек кетпес алмай телімді.

Хабардар қыл, қамдансын,

батырың мен еріңді.

әйтеуір қапыл қалмаңыз,

көзіме суық көрінді.

Қараман сонда сөйледі:

күркіреп күндей қозғалып,

Ашуланып бұл сөзге,

Жарылуға аз қалып:

5260


5270

5280


5290

354

354


355

ер  шорА


—ел адам ба екен, жау ма екен,

Жынды ма екен, сау ма екен?

Алып келгін тебіренбес,

Аударып аттан тез барып!

тебіренбес сонда сөйледі:

—шыға тұр өзің, Қареке,

Мен ауқат етіп алайын.

биенің еті піспей тұр,

нағылып тастап барайын?

шикі шегін шығармай,

ішіме бәрін салайын.

Қанды көбік тарқамай,

Майын ұрттап жалайын.

сөйлесе тұр сен барып,

Менменсінген неменің

көріп ек қой талайын.

балпаң-балпаң жер басып,

Қараман шықты далаға.

денесі жаман түршігіп,

көзі түсіп шораға.

бір мұрнынан боқ ағып,

бір мұрнынан қан ағып,

Атын көрді сандалып,

келіп тұрған қораға.

Қасына таман жақындап,

сөйледі шора балаға:

—Аш бөрідей оқталып,

Қораға қарай төніпсің.

Жалғыз өзің жасқанбай,

Қайратыңа сеніпсің.

Қыстап айдап артынан,

Айуанға желік беріпсің.

Атымның боғын тастатып,

Қуа шауып келіпсің.

Айта бер, бала, жөніңді,

түсің суық көрінді.

не қылсаң да ашынып,

Жаныңнан тойып жүріпсің.

5300

5310


5320

5330


356

бАтырлАр  Жыры

356

357


шора сонда сөйледі:

—сұрасаң жөнім—тамамын,

Мен қуғыншы боламын.

Қорқып айтпай жөнімді,

Қареке қайтып қаламын?

Жайыма және кетпеймін,

бір жала сізге жабамын.

бар жылқысын алыпсың

Қырық мың үйлі таманың.

есітіпсің садырды

кетті деп қуып адамын.

Қайтып қайрат қылар деп

ойыңа апсың қалғаны.

кеудесін жарып қорқытып

Қатын менен баланың.

Ар емес пе бойыңа

егесіз малды алмағың?

Артыңнан қуып мен келдім,

еліңді енді шабамын.

бар адамы аттандық

Қазан деген қаланың.

шаңдатып шаңын шығарып,

Жақын жерде аламын.

Қапыл қалма, Қареке,

Ал енді шауып аламын.

епке келсең елдесіп,

еліме қайтып барамын.

болмаса шауып жұртыңды,

Жөрметөз сұлу сылқымды,

тоқымы жоқ егерсіз,

Ат көтіне саламын.

Қарқ-қарқ күліп Қараман,

шораға сонда сөйлейді:

—Өнбес істі өкшелеп,

балам, әуре болмашы.

Алған адам бере ме,

Ақылың болса ойлашы?

Қай жерлерге кеп тұрсың,

олай-бұлай бойлашы.

5340


5350

5360


356

356


357

ер  шорА


Жылқы алды деген ат болды,

Алғанмен кім қарық болды?

Қуып келген он тайың

сауғаменен сап болды.

Жаманат менде қалып тұр,

болған соң бір-ақ қолбасы.

бәрекелде, балам-ай,

тәуір екен талабың.

Қыз деген қымыз болады,

Жеңген ердің олжасы.

шора сонда сөйледі:

—Жылқы алып келіп тамадан,

Желігіп тұр ма еліңіз?

ел көшіріп екпінің,

нан пісіріп деміңіз.

Жылқының бар деп артынан,

бұйырды бізді бегіміз.

би, бегіміз жиылып,

билікті елдің көбіміз.

Қыз деген сөзге қызарып

Қылмадың ашу, ырзамыз.

бәрекелді, Қареке,

кең екен кексіз теріңіз.

әлі де болса жылқымды

Жиып-теріп беріңіз.

болмаса, қалмай арманда,

көңіліңіз болса келіңіз.

Өзіңіздей біз де бір елдің

еркексінген еріміз.

бір айқасып кетпесек,

Қайратты туған, Қареке,

тарқамас іштен шеріміз.

есіткен соң бұл сөзді,

Қаһарланды Қараман.

шамырқанып шамданып,

нар бурадай жараған.

ұрыс-соғыс майданды

Құдайдан іздеп сұраған.

5370

5380


5390

5400


358

бАтырлАр  Жыры

358

359


Қаһарланса қайраты,

Жауған қардай бораған.

Жаңбырдай болып оқ жауса,

Жығылмаған жарадан.

ізденіп жүріп ұрысқан,

табылса дұшпан даладан.

неғылып енді отырсын,

табылды жауы қарадан.

Қолына алды қылышын

Қылдырған сабын полаттан.

«Қолыма жұмсақ болсын,»—деп

балдағына қылыштың

талдап жібек оратқан.

Қарекең енді қамданды,

ұрыспаққа шорамен.

Қару-қапшық сайланып,

беліне қылыш байланып,

ойнамақ болды баламен.

Ашумен қатты ойланып,

Үйіне қарай жүреді.

сарамжалын сайланып,

көк бестіні мінеді.

«Мынау бала таманы

Ажал айдап келді»,—деп,

Миығынан күледі.

сол уақытта Қарекең,

шақталып әбден сайланды.

көк бестінің үстіне

күжірейіп жайланды.

Қан ішпесе жусаған,

Қарыны тойса жусаған,

Қызықты қырғын майданда

Жөнін тауып жұмсаған

Аспаһани қылышты

Жанына сала байланды,

салып кетсе білінбес,

сала құлаш найзаны.

Қабатына байланды,

Айбалта мен шоқпарды.

5410


5420

5430


5440

358

358


359

ер  шорА


Қаһарланып Қареке,

ер шораға оқталды.

о да қарап тұрсын ба,

ұйқы-тұйқы боп қалды.

Қанжарменен қармасты,

Айдаһардай арбасты.

Ат үстінен қол созып,

бір-біріне жармасты.

екі батыр екпіндеп,

Қаруларын қайрасты.

Ат-айғырдай алысып,

нар бурадай шайнасты.

түрі де ағаштай қараңғы,

Қораны тұман, шаң басты.

Ақырысты аюдай,

бір-бірінен тайынбай.

бадана көз ақ сауыт

Қызыл қанға шайылды.

Ал енді ерлер алысты

Анда-санда ақырып,

бір шығарып  дабысты.

Қайраты асса Қарекең,

Қалай берер намысты?

Жеңе алмайды бір-бірін

олай-бұлай сүрісті.

Ат үстінен ақырып,

Жолбарыстай жұлысты.

түс мезгілі өткен соң,

пешін уақыты жеткен соң,

ер шора басып өрлейді,

Қараман қалмақ дендейді.

Қарекеңе Құдайым

әбүйірді бермейді.

бабай түкті шашты әзіз

Қанатына қыстырып,

Аспанға алып ұшады.

Қаңғалақтап Қараман,

топтай боп жерге түседі.

тездеп келіп ер шора,

5450


5460

5470


5480

360

бАтырлАр  Жыры

360

361


Алтын сапты ақ қанжар

Жүрегіне піседі,

сол уақытта тебіренбес

шыққан екен далаға.

етін әбден жеп тойып,

Қуаттанып алған соң,

ұрыспаққа бет қойып.

сол уақытта есім ер

Жеткен екен о дағы,

Жүз жігітпен ат қойып.

тебіренбес пен есім ер

Қарсыласып қалады.

есім ердің ұрыста

Асқан еді айласы.

тебіренбесті құлатты,

бүйірден тиіп найзасы.

шора батыр ақырды,

нар бурадай бақырды.

Қарғасы қорқып қаз болды,

Қырлы жері саз болды.

ұрыстан соққы көргендер,

Құйқасы кетіп таз болды.

Қарап жүрмей Қараман,

Ақыры мынау «мәз» болды.

Жүзі қара қалмаққа

әлі де болса аз болды.

есім мен шора қалмақты

Жеті күн шауып, талады.

Үрерге иті қалмады,

Ақсақ-тоқсақ тай қалды.

басы болып Жөрметөз,

тоза жесір айдалды.

елін шауып қалмақтың,

тамалар тарқап тарады.

әбүйірмен есім ер,

елге қайтып барады.

ерлігіне шораның

бәрі де ырза болады.

әлімханға бір адам

5490


5500

5510


5520

360

360


361

ер  шорА


сүйінші сұрап барады.

Ханнан көріп ілтипат,

Қалағанын алады.

Аман-есен ер шора

олжалы қылды таманы.

әруақтары жар болып,

дүние болды алғаны.

байыған соң әлімхан,

ер шораның қайратын,

Үрметтер сыйлап әлімхан

Айдынды шора баланы.

дұшпанның көңілін тындырып,

Қараманнан жылқыны

Алып келді қайтарып.

Жата берді ер шора,

бақты да шұбар аланы.

сол уақытта, жақсылар,

Аспандағы жұлдызы,

Жүзі сұлу қырмызы,

ұл-перзенті жоқ еді,

бар еді ханның бір қызы,

тал шыбықтай бұралған,

Қылығы неше жүз алуан,

Жынды болған көп жігіт

көре алмай жүзін қып арман.

Ай десеңіз аузы бар,

күн десеңіз көзі бар,

Аспандағы ай десең,

Жерді басқан ізі бар,

түймебике ханымша

әлімханның қызы бар.

көркін көрген адамның

көңілі кетіп, қызығар.

сол уақытта әлімхан

тоғыз бие сойғызды,

керней-сырнай қойдырды,

Халқын жиып Қазанның,

Ат шаптырып той қылды.

Жалғыз қызын шораға

5530


5540

5550


5560

362

бАтырлАр  Жыры

362

363


беремін деп ой қылды.

Мәсіләт қылып көбіне,

Қарасы мен бегіне,

әлімханның құлақ сал,

Халқына айтқан кебіне:

—Құлақ салсаң, тамалар,

Менің өзім төремін.

Жеті атамнан жұрт ұстап,

билік қылып келемін.

Қазақ та болса шораны,

төреден артық көремін.

ұнатсаңдар, жақсылар,

ер шораны бала қып,

Қызымды соған беремін.

Ақ некелеп, аруақтап,

Артынан өзім еремін.

Жаратқан қабыл айласа,

дәулетінде бұлардың

Аз ғана қызық көремін.

Жақсыны жақсы десеңіз,

Өркештеніп тасады.

көп ішінде атасаң,

Жасқанып жаман сасады.

Жаратқан бастан жақсыны,

Жаһанды сұсты басады.

Қайда барса басы әзіз,

Қадалып жұрттан асады.

Өз үйінде жаманның

берекесі қашады.

түзетіп ішін орданың,

орнын қожа-молданың,

Ақ некелеп әлімхан,

шораға қызын қосады.

төреден алды хан қызын,

Артық қылды Құдайым,

нәрікбайдың жалғызын.

5600  Жары болды шораның

түймебике ханышам.

5570

5580


5590

5600


362

362


363

ер  шорА


Ашық болып арманда,

көре алмаған жан жүзін,

Айдынды туған шораның

Қатыны болды хан қызы.

түймебике, Жөрметөз,

екі бірдей перизат,

ер шораға болды кез.

Қызмет қылып алдында,

ұзақтай болып ойнайды,

Қаншама көп қызықпен,

ойынға, сірә, тоймайды.

Қапалықпен ер шора,

бұларға көңіл қоймайды.

Артынан көңілі тына алмай,

Ақ сұңқардай бойлайды.

«не қылды,—деп,—түрікпендер

Қырық үйлі қалған тамасын?

Қандай күйге түсті»,—деп,

Алаң боп артын ойлайды.

ескеріп ата-анасын,

олардың білмей шамасын,

санаменен сарғайып,

ұзын түнге ұйқы жоқ,

дөңбекшіп шора аунайды.

«не болды,—деп,—ахуал

Артымда қалған адамдар?»

оңаша барып зарлайды.

бір күндері болғанда

түйесін есім сояды.

толтырып қойып сабасын,

зыяпат қылып шақырды

Қазанның барша тамасын.

бәріне хабар жіберді,

—біреуі келмей қалмасын

Жұрттық қылып тамалар,

бір ісіме жарасын.

Жатамыз ба тоқтатып,

нәрікбайдың баласын?

көрсетейік апарып

5610


5620

5630


5640

364

бАтырлАр  Жыры

364

365


ер шораның көзіне

Атасы мен анасын,

Құлқаныс пен нәріктің

тілеп алған баласын.

кеткеннен соң көрінбей

отырғанда жазғандар

Ақ орда болып көрінді.

сендер үшін қалмақты

Қандай қылды ер шора?

Жаннан тойып жиренбей,

түрікпенге қосын қылайық,

онан да кекті ап тынайық.

сіздерге айтқан сөзім сол,

Жүріңдер бәрің ерінбей.

бұл сөзіне есімнің

еш тама жауап қылмады.

Құлақ қоймай бәрі де,

Жүре-жүре тыңлады.

Ашуланып есім ер,

Айдамаққа таманы

Қатуланып шындады.

әрі қорқып, әрі сыйлап,

болмайды деп есімнің

сөзін екі қылмады.

Жинады батыр қаһарын,

Арыстандай ақырып,

Қорқытты Қазан шаһарын.

түгі шығып ұртынан,

бетінен төгіп заһарын.

көмек болып күш қылды,

әлімхан қосып әуенін,

есім ердің мұнысын,

тамалар мақұл білісті.

сасқанынан жиылып,

Мәслихат қылып жүрісті:

—Аянбады ер шора,

кешегі қалмақ шапқанда.

5650


5660

5670


364

364


365

ер  шорА


Майданда жанын аямай,

біз үшін шапқан қылышты.

Қосын тартып біздің де,

Жүрмегіміз дұрыс-ты.

Қазанның халқы бұл сөзбен

Қаптады қылып жүрісті.

Жер жаһанды күңірентіп,

тасынған судай жылысты.

Аққаланы алғалы,

түрікпенмен қылып ұрысты.

есепсіз ләшкер ағылып,

шымалдай болып жабылып,

Қайраты сыймай денеге,

келеді ерлер қабынып.

тәуір аттар сыналды,

күні-түні шабылып.

салбырады құлағы,

Жаман аттар сабылып.

Қол көптігін сонан біл,

шаһардан алды қозғалып,

Қонып-көшкен жерінен

түс шағында қозғалып

Жөнелер арты арылып,

Үш күн үш түн дегенде,

зорға бір су табылып.

«Айналайын, шоражан,

Қалайша жалғыз келдің?»—деп,

Жылайды есім қамығып.

Апталық  жер қалғанда

озды енді ер шора.

Атасы мен анасын,

көп ойланып көңілінде,

Жүр еді сондай сағынып.

Асқар-асқар бел еді,

шөл-жазира жер еді.

бет алдына қараса,

естекке жұмыр артып ап,

он қойын түрікпен тартып ап,

Жылап жүрген қойшыны

5680


5690

5700


5710

366

бАтырлАр  Жыры

366

367


шораның көзі көреді.

шора барған кезінде,

Жылап жүріп айтқаны,

сол қойшының бұл еді:

—түрікпендер алып қойымды,

он қойым бірден сойылды,

«Қой» дейтұғын әл қайда?!

Қолымнан менің не келсін,

Құс алған қуда сын бар ма?

Қайтіп қашып кетерміз,

кіретұғын ін бар ма?

Өшігіп қалған түрікпендер,

Жыласақ та тыңдар ма?

сұраусыз кеткен сорлымыз,

Өлгенмен бізге құн бар ма?

Айналайын, Құдай-а,

ертіп есім ағасын,

Қазанның айдап тамасын,

Ажыратып күшпен шамасын,

шоражан келер күн бар ма?

Алты жаста, шоражан,

Ақ тақырды хан қылып,

Мың баланы жайратып,

Қараханның алдында,

Жанбай тазды сайраттың.

кермісіннің бойында,

Қырық жігіті соңында,

әлібиді өлтіріп,

күлсары атты қосарлап,

Жетегінде ойнаттың.

біз ғаріпті бенде ғып,

түрікпенге жіпсіз байлаттың.

тастап кетіп дұшпанға,

сорымызды қайнаттың.

Өз құлағын тасырдың

Өзіне жұлып шайнаттың.

біз пайдасын көрмедік,

бұл сыпатты қайраттың.

5720

5730


5740

5750


366

366


367

ер  шорА


осындай сөзден әр түрлі,

Қойшы жылап зарлайды.

Жас орнына көзінен,

Қызыл қандар парлайды.

Мұны есітіп ер шора,

«көріпті-ау, деп,—қорлықты»,

парасатпен аңлайды.

есітіп сөзін қойшының,

тап-тақаты қалмайды.

Ата-анасын ойланып,

іште шері қайнайды.

сол уақытта ер шора

ол қойшыға келеді.

Астында шұбар ойнақтап,

келіп сәлем береді.

ер шораны қойшы да

назар салып көреді.

тани алмай шораны,

сөйтсе де қылды жобаны.

Қойшы айтты: «баян ет

Қай жердің сенсің адамы?»

ол қойшыға ер шора

бұл жауапты қылады:

—танымасаң, қойшыжан,

танытайын мен енді,

Құлақ салып абайлап,

сөзімді есіт сен енді.

білемісің нәріктің

баласы шора дегенді?

тілектерің қабыл боп,

Үстіңе шора келген-ді.

Жоқтап жүрген шораңмын,

Айтайын саған мен енді.

түрікпендер қандай іс қылды,

әліби қандай күш қылды?

бастан аяқ баршасын,

білдіргін айтып тез енді.

Қойшы сонда сөйледі,

сөйлегенде бүй деді:

5760


5770

5780


5790

368

бАтырлАр  Жыры

368

369


—Жан тиген жоқ біздерге,

сіз Қазанға кеткен соң,

тасыр келді құлақсыз

Арада көп күн өткен соң.

Қайратыңды айтты қалдырмай,

еліне аман жеткен соң.

Қыңқыл қылды Ақшасы,

Ағасы құнсыз кеткен соң.

тасырдың сөзін есітті

түрікпендердің бәрі де.

Қорқыныш қылып қауіп етті

Жасы менен кәрі де.

Жар шақыртты Қарахан:

«Қарсылық қылма шеріге».

«тыныш жүр»,—дейді тасыр да

Ақша бидей бөріге.

«Құн алам»,—деп Ақша би,

Мәлім қылды көбіне.

«көтіңді қыс»,—деп түрікпендер,

кірмеді бірі ебіне.

сөйтсе де ойлап ағасын,

Ашығып әркім тигесін

Анда-санда бір тиіп,

Мал қып кетер жеміне.

Қосыла алмады Қарахан,

Ақша бидің жөніне.

Ақша бидің соңында

отыз екі адам бар,

тыныш таппайды малды алып,

Ауылдың келіп шетіне.

шыдамай жүрді бай нәрік

Ақша бидің кеміне.

сізді ойлап ата-анаң,

көкірегі шер болды,

көзінің жасы көл болды,

Жылай-жылай егіле.

«кешікті шора келмес,—деп, 

біздерді аман көрмес,—деп, 

Аһ»,—дегенде атаңның

5800


5810

5820


5830

368

368


369

ер  шорА


нан піседі  деміне.

Ақша би де ақырып,

Жан-жақтан адам шақырып,

бір түрлі сөзді айтады,

түрікпендердің еліне

Құдайға жылап біз жүрміз,

бейқам болып сіз жүрсіз.

көрісер күн бар ма деп,

Айдынды шора шеріге?

күннен күнге, шоражан,

Қатты батып барады

Ақша бидің зәрі де.

көп жылайды ата-анаң,

Қырық үйдің кетті сәні де.

енді мұнан кешіксең,

іздемекші еді бәрі де.

тілегіміз қабыл боп,

Аман-есен жеткізді,

Құдайға шүкір әлі де.

шора сонда сөйлейді:

—біз барғанда Қазанға

көп оқиға іс болды.

көзбембет, садыр, Қараман,

деген қалмақ тұс болды.

елді шауып қалмақтар,

кемшілікке іш толды.

Қалмақтан елді айырып,

келмегім қиын күш болды.

ендігі сөздің ақыры,

есітіп кейін білерсің,

Қайт енді, жылдам, кеш болды.

есегіңе мініп ап,

Ауылға жылдам бар,—деді, 

тамаларды қуантып,

сүйіншісін ал,—деді,

есім мен қосын келіп тұр,

шықсын кемпір-шал,—деді, 

шора да аман келді деп,

Құлағына сал,—деді, 

24–253


5840

5850


5860

5870


370

бАтырлАр  Жыры

370

371


несібең болса, бейшара,

Аларсың талай мал,—деді.

Ал енді қойшы далбаңдап

есегіне мінеді.

«ыһы-ыһылап» есегін

Ауылға қарай жүреді.

әр жерде шұқып тоңқытып,

Жалпақтап қойшы келеді.

Қызыл қан қылды иығын,

сыпырды сипап миығын.

есегін епсіз тепкілеп,

шаптыра түсіп желеді.

тор жұмырын тастады,

бір істі қойшы бастады.

Ауылға жақын келген соң,

сүйіншілеп айқайлап,

Аласұрып келе жатқан

Қойшыны нәрік көреді.

көзінің жасы көл болып,

көңілі қара жер болып,

әбден-ақ алжып жүр еді.

«сүйінші!» деген дауысты,

Абайлап анық біледі.

есі кетіп байғұс шал,

Жыларын білмей күледі.

Ауылға жақын келген соң,

Жылдамырақ жүрем деп,

далиып қойшы құлады.

тоңқып кетіп есегі,

тақымынан шығады.

есекпен қойшы ісі жоқ,

«сүйінші бер»,—деп нәрікке,

далбақтап байқұс тұрады.

есім мен шора хабарын

бір-бірлеп айта береді.

сүйіншіге қойшыға

Ат пенен шапан береді.

Қырық үй тама жиылып,

5880

5890


5900

5910


370

370


371

ер  шорА


Қойшы алдына келеді.

есіте салып Құлқаныс,

зар еңіреп жөнеді.

тамалар мен нәрікбай

Қойшысына ереді.

бір-бірінің арасы,

әлі де күндік жер еді.

Қатын, бала-шағамен,

Қалмастан бәрі ереді.

бір-бірінің қарасын

Ал енді бұлар көреді.

Асыға басып аяғын,

Анталай басып жөнеді.

есім ер де сол уақыта

Атынан түсе береді.

«ой, бауырым»,—деп нәрікбай,

о да еңіреп келеді.

Жыласа да нәрікбай,

танбады, сірә, есінен.

сүйегі қатты ер еді,

баласына бұрылмай,

есім ерге нәрікбай

оңтайлана береді.

«ой, ағам»,—деп айқалап,

есім де зарлап келеді.

«Жалғыз інім, бауырым»,—деп,

нәрікбай да еңіреді.

Құшақтасып «аһы» деп,

Қой-қозыдай маңырады.

Құшақтасып айқасты,

тыңласа түсіп жайғасты.

Аға-іні көрісіп,

іштегі шері тарқасты.

есім ер де құшақтап,

шығарды іштен жай тасты.

Құшақтап тұрып есімді,

нәрікбай сонда сөйледі:

—Мақтанушы едім елімде,

көңілім өсіп тасқанда.

5920


5930

5940


5950

372

бАтырлАр  Жыры

372

373


Жоғары болып дәрежем,

тұрушы еді аспанда.

намыстанып қалушы ем,

біреуден біреу қашқанда.

солқылдаушы еді қара жер

Аяғымды басқанда.

болмаса елің бек бекер,

болсаң да рүстем-дастан да,

болсаң да сұңқар қарғасың,

кісі елінде ассаң да.

тағдырға тәбділ жоқ екен,

әзәлда нәсіп шашқанға.

талай күйге түстім-ай,

Азуын дұшпан басқанда,

көремін деген жоқ едім,

Өлетіндей боп едім,

көретін күн бар екен,

тағдырда Құдай қосқанға.

Жаратқанға жалынам,

Ақылымнан сасқанда.

Құдайыма мың шүкір,

Жарыла жазды жүрегім,

есім менен шораны

бауырыма басқанда.

періштелер қарайды

есім мен ер шора,

нәрікбай араласқанда,

тамалар шулап жылайды,

Ахуалдарын сұрасқанда.

есінен танды жұрт жаман,

Құлқаныс келіп көрісіп,

есім мен шора, нәрікбай,

Үшеуі бірдей жыласқанда.

Амандасып болған соң,

Мінді бәрі атына.

Қуаныш болды есепсіз

тамалардың жалпына.

Қосын барып қонды енді,

5960

5970


5980

372

372


373

ер  шорА


нәріктің ауыл артына.

есітілді бұл хабар

түрікпендердің халқына.

сол уақытта Қарахан

Жұртын жиып алыпты.

«Ақша би де келсін»,—деп,

оған да хабар салыпты.

Мәслихатпен кеңесіп,

Жиды талай халықты:

—есім мен шора қайраты

бәріңізге анық-ты.

Қарсылық қылсақ бұларға,

набыт қылар халықты.

бекер набыт болмасын,

күнәсіз адам өлмесін.

кесірі тиер баршаға,

Жылатпайық ғаріпті.

Мәслихат қылып баршасы,

Жасы менен кәрісі,

таралғы-тарту мал алып,

Қасына қанша жан алып,

бастығы болып Қарахан,

есім ерге барыпты.

сәлем беріп көрісті

есім менен шораға.

Арыз етті жалынып,

«Қылмаңыз,—деп,—талама!»

Өзінің қызын Қарахан

тарту қылды жәнә да.

Мұнысын мақұл көрісті

есім мен күллі тама да.

Қарахан барып той қылды,

Жар шақыртып қалаға.

Қызық қылды қырық күндей,

Ат шаптырып далаға.

Қызын қосты некелеп

Айдынды шора балаға.

зияпат қылды нәрікбай

5990

6000


6010

6020


374

бАтырлАр  Жыры

374

375


Үлкен-кіші ағаға.

дұшпандық кетіп арадан,

түрікпендер мен тамада,

Қыз берісіп, қыз алып,

тап-тату болды бәрі әммә.

той тамаша өткен соң,

көшпек болды нәрікбай.

түрікпендермен тынысып,

бұлардың болды көңілі жай.

Қырық үйлі тама, көп қосын,

бәрі көшіп жөнелді.

Амандасып Қарахан

Қызыменен зар жылай,

лажы жоқ айрылды.

Қарахан елге ол бұлай,

Үш ай көшіп тынбастан,

рақат дамыл қылмастан,

Қаптағайдың басымен

еліне келді ол құлай.

Аман-есен нәрікті

Жеткізді елге бір Құдай.

есім ердің қатыны,

Ағайын-туған жақыны,

баршасы келіп көрісті,

шуылдасып зар жылай.

Ханға шапты бір адам

«сүйінші!»—деп мал сұрай.

зияпат қылды әлімхан,

барушыға бірталай.

Қуанып қарсы шығысты

әлімхан басшы, көп тама-ай.

Амандасып көрісіп,

бәрінің болды көңілі жай.

Қосылған соң елге аман,

есім ер енді той қылды.

әлімхан да бірігіп,

ысапсыз малды сойдырды.

Жан-жақтың бәрін шақырып,

керней-сырнай қойдырды.

6030


6040

6050


6060

374

374


375

ер  шорА


пақыр-міскін, ғаріпке,

зияпат қылып нәрікбай,

Жал-жаяға бұ дағы,

Жанның бәрін тойдырды.

Аңлып жүрген сыртынан

дұшпанның көзін ойдырды.

той тарқасып бәрі де,

Мұратына жетіпті.

Өмірінше шат болып,

дәурен сүріп өтіпті.

ілгеріде, жақсылар,

есім ерді ертіп ап

Үйіне шора кеткенде,

бір бәһана себеппен,

Жөрметөз қашып кетіпті.

себебін мұның айтайын,

Айтпай неғып қайтайын.

түймебике ханымша,

шешесі оның керімше,

дұшпандық бұған етіпті.

екі айдан соң Жөрметөз,

Жүкті болған шорадан.

Қосын жиып ер шора

еліне кетті олар һәм.

Жөрметөзден ұл туса,

көрер деп артық олардан,

кезегінде бір сөздің,

түймебике ханымша,

«көп сөйлеме, тоқал»,—деп

бір күні сөзді шығарған.

бірнеше күн жылаумен,

бірнеше күн қорлықпен,

Аңлуға түсіп зорлықпен,

Жерметөз жүрді жылаумен.

еліне бір күн қашыпты,

еліне таман асыпты.

Арып-ашып жол жүріп,

еліне жетті сұраумен.

6070

6080


6090

6100


376

бАтырлАр  Жыры

376

377


Артынан адам қуыпты,

таба алмай көңілі суыпты.

Қайтып келді лажсыз,

біле алмай дерек біреуден.

тыңлаған адам зерігер,

оқыған адам ерінер.

бұл шораның аяғын

Қылайық тамам осымен.

Жөрметөздің кітабын

екінші жылда айтамын,

сөзді тамам қылайын,

Қылсаңыздар дұға ұнайын.

Айып етпе, әлеумет,

Қатесі болса, қатемді.

Айыпсыз, кемсіз бір Алла,

біледі зайыр батамды.

Ақы үшін дұға қыл,

Қылайын мәлім ойымды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет