25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет19/30
Дата07.04.2017
өлшемі6,75 Mb.
#11212
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30

Сәкен ЕСПАЕВ
экономика ғылымдарының докторы
Мен  ЕХРО-2017  біздің  тарихымыздың  тағы  бір  алтын  парағы 
болатынына  сенемін.  Бүкіл  отандастарымды  топтасуға  және  біздің 
елімізді осынау кең ауқымды халықаралық оқиғаға белсене дайындалуға 
шақырамын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешім 
қабылдауына байланысты Қазақстан халқына үндеуінен. 
6 желтоқсан, 2012 жыл

25 ұйғарым
25 БЕЛЕС
164
Мен  оны  жыл  барысында  бірлесіп  жүзеге  асыруға  болатын  
«үш жетіліктің» бастамасы деп атар едім. Бірінші, Қазақстанға әлемге аты 
шыққан ең кемі 7 ғалымды тарту. Екіншісі, қазақстандық 7 компанияны 
жоғары  технологиялық  тапсырыспен  қамтамасыз  ету.  Үшіншісі,  
7 инновациялық старт-ап құруға қолдау көрсету.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Шетелдік инвесторлар кеңесінің 26-отырысында сөйлеген сөзінен. 
22 мамыр, 2013 жыл
Е
лдің  стратегиялық  маңызды  құжаттарында  белгіленген  міндеттерді  табысты 
жүзеге асыру үшін жүйелі іс-шаралар керек. 
Біріншіден,  білім  беру  жүйесін  инновациямен  ұштастырып,  халықаралық  деңгейдегі 
құзіреттілікке ие инженерлік және техникалық кадрлармен қамтамасыз ету қажет. Біз мұны 
бизнеспен қатар жүргізгеніміз жөн. Іргелі жаратылыстану және нақты ғылымдар туралы 
да  ұмытпағанымыз  абзал.  Бұл  бағыттар  қысқы  мерзімде  пайда  әкеле  қоймайды.  Бірақ 
олар отандық өнертабыстың және жаңалықтың негізі болып саналады. Сонымен қатар, 
шетелдерден  ғылымдағы  таланттарды  тарту  және  сыртқа  кеткен  отандас  ғалымдарды 
Қазақстанға оралту жөніндегі шаралар кешенін қарастыру аса маңызды болмақ. 
Еуропалық  одақтың  зерттеу  бағдарламаларына  қатысу  үшін  біз  Халықаралық 
ғылыми-техникалық орталық құруға кірістік. ТМД елдерімен, Еуразия Ядролық зерттеу 
орталығымен, Пекин геномика инс титутымен, Йель және Корнель университеттерімен, 
Германияның  Макс  Планка  қоғамымен  инновациялық  ынтымақтастық  бағдарламасы 
жүзеге асырылуда.
Экономиканың  қарқынды  сұранысына  орай  біз  тиімді  трансферт  технологиясын 
қамтамасыз етуіміз керек. Қазірдің өзінде АҚШ, Жапония сияқты технологиялық жағынан 
дамыған елдермен бірқатар перс пективалық жобаларға қатысты алғашқы жетістіктер бар. 
Мысалы, Аутодеск және ТекШоп компанияларымен 3D-принтинг бойынша инновациялық 
шеберханалар  құру,  сондай-ақ  Шинко  компаниясымен  Өндірісті  автоматтандыру 
орталығын құру жобасын айтуға болады. 
Шетелдік  инвесторлар  мен  жергілікті  кәсіпорындардың  зерттеулер  мен  әзірлемелер 
жөніндегі  тапсырыстарының  Қазақстанда  жасалуын  қамтамасыз  ету  қажет.  Зияткерлік 
меншікті қорғаудың тиімді жү йесі үшін нормативтік база дайындау керек. Бұл көрсеткіш 
бойынша Қазақстан әлемнің ең тиімді 20 елі қатарына кіруі тиіс. 
Ұсынылған идеялар мен әзірлемелер сараптамасы, трансферттік технологиялар үшін 
мамандандырылған зертханалар ашу қажет. Шетелдік серіктестердің белсенді қатысуымен 
ол инновациялы жобаларды қаржыландырудың көзі болады. Ол халықаралық жобалар 
бойынша  венчурлық  қорды  Назарбаев  Университеті,  Инновациялық  технологиялар 
паркі, өңірлік инновациялық кеңселер зерттеулерін қаржыландыратын болады. 
Сәкен ЕСПАЕВ, 
экономика ғылымдарының докторы

25 ұйғарым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
165
Д
енсаулық сақтау саласына енгізілетін жаңа технологиялық әдістеме – әр адамның 
өз  денсаулығын  сақтауға  деген  жауапкершілігі.  Мысалы,  алдыңғы  қатарлы 
дамыған  Жапония  елінде  әр  жұмысшының  денсаулығын  өзі  қызмет  жасайтын 
компания сақтандырады. 
Сақтандыру шартында сол жұмысшының өз денсаулығына жауапкершілігі жазылған. 
Егер жылына әр алты айда дәрігерлік тексеруден өтпесе, ол жұмысшы жалақыны төмен 
алып, өз денсаулығын жақсарту мүмкіншілігінен айырылады. 
Бұл – ынтымақты жауапкершілік қағидатының әр адамға қоятын талабы. Осы компания 
екі-үш  күндік,  тіпті  ұлттық  мереке  кезінде  5-6  күндік  демалысқа  әр  жұмысшыға  және 
отбасына туристік жолдама береді. Әсіресе екі күндік демалысқа Жапония ішінде ыстық 
су шипаларына баруға, аралдардағы табиғи минералды суларға түсуге, тек демалып қана 
қоймай, жан-жақты дене шынықтыру туризмімен айналысуға жол ашады. Себебі, әр азамат 
жақсы демалса, бойдағы ауыртпалықтан арылса, жұмыс істеу қабілеті де жоғарылайды.
Мұның тағы бір пайдалы жағы бар екен. Бір префектурадан екінші елді мекенге барып 
демалу ішкі туризмді жақсы дамытқан. Яғни, жергілікті халық туристерге қызмет көрсету 
арқылы табыс табады.
Жұмыс  берушінің  де,  қызметкердің  өз  денсаулығы  үшін  ынтымақты  жауапкершілігі 
қағидатының  енгізілуі  қазақ  халқының  «Ауырып  ем  іздегенше,  ауырмайтын  жол  ізде» 
деген ұлағатты ұстанымымен ұштасып жатыр. Бірақ солай бола тұра, жұртшылық бұған 
жете  мән  бермейді.  Адам  өз  денсаулығына  жауапкершілікпен  қараған  жағдайда,  ауру-
сырқаудан мейлінше алысырақ болады. 
Сондықтан Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жоғарыдағы ұсынысының түпкі мәні зор 
деп білемін. Әркім өз денсаулығына бірінші кезекте өзі жауапты. Адам денсаулығы нашар 
болса, оның жұмыс істеу, табыс табу мүмкіндігі азаяды. Осы орайда, жұмыс беруші де 
қызметкерлерінің, жұмысшыларының денсаулығына қосымша қамқорлық көрсетуі керек. 
Өйткені,  денсаулығы  нашар  қызметкердің  жұмыс  өнімділігі  төмендейді.  Бұл  жағдай 
кәсіпорының  табысына  әсер  етуі  мүмкін.  Осындай  екіжақты  мүдделіліктен  туындайын 
денсаулыққа қатысты ынтымақты жауапкершілік қағидаты әр адамның денсаулық сақтау 
мәдениетін көтеретін болады. Ал денсаулығы дұрыс, саламат адам – бақуатты адам.
Жангентхан АБЫЛАЙҰЛЫ
медицина ғылымдарының докторы, 
профессор
Бізге  мемлекеттің,  жұмыс  берушінің  және  қызметкердің  өз 
денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидатын енгізу қажет. 
2015 жылдан бастап бізде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 
жұмыс істей бастайды. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумында жасаған «Қазақстанның 
мейлінше дамыған әлем мемлекеттерінің 30-дығына кіруі» атты 
баяндамасынан. 10 қыркүйек, 2013 жыл

25 ұйғарым
25 БЕЛЕС
166
Алдымызға Мәңгілік Ел болу мұратын қойдық. Мұндай ұлы мақсат 
қою, ұлы мақсатқа жету – тек қана ұлы халықтың қолынан келетін іс. 
Біз өзімізді ұлы халықпыз деп санайтын болсақ, ұлылыққа жетеміз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына арналған форумда 
сөйлеген сөзінен. 29 қараша, 2013 жыл
Б
із  тәуелсіздігімізді  жариялаған  1990  жылдары  Қазақ  елінің  ішкі,  және  сырт қы 
саяси ахуалы қандай күйде болғаны белгілі.
Үш жүз жыл бойы басқаның боданында болып, ұлттық экономикасы мен шар уашылығы 
ғана емес, рухани байлығы да тұралап, ұлт ретінде жойылудың аз алдында қалған ел едік. 
Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары  қаншама  ауыр  болса  да,  елдің  тыныштығын  сақтауға 
қазақстандықтар жұмыла күш салды. Билік тарапынан елдің есін жиғызып, ұлт екенін, 
халық екенін мойындатып, еңсе көтеру үшін де біраз жұмыс жасалды. 
Елбасының тікелей басшылығымен еліміздің ішкі саяси тұрақтылығын сақтап нығайта 
отырып,  шетелдік  инвестицияларды  тарту  арқылы  нарықтық  экономикаға  негізделген 
қуатты  экономикалық  мемлекетке  айналдық.  Елдің  бас  қаласы  Астанаға  ауысты. 
Биліктің  бұрынғы  әміргершілік  жүйесі  ақырындап  ысырылып,  басқарудың  заманауи 
тәсілдеріне  кең  жол  ашылды.  Мемлекеттік  қызметтің  кәсібилігі  қамтамасыз  етілді. 
Әлемнің ең дамыған 50 елдің қатарына қосылу бағдарламасы өз нәтижесін беріп, енді 
міне әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндеті ұсынылып отыр. Елбасының 
сөзімен айтсақ, талантты, еңбекқор, тағатты халықтың «нөлден» бастап құрған елінің 
әлем алдындағы жарқын нәтижесі. 
Міне, осы кезеңде Н.Ә. Назарбаев Отан тарихының алтын қорына «Мәңгілік Ел» атты 
дәстүрлі тарихтың жаңа бір құндылығын алып келіп қосты. Бұл біздің тарихымыздың 
сұрыпталған бірегей ұлттық миссиясы. Бұл тек Елбасы ғана емес, бүкіл қазақ халқының 
арманы болатын. 
Мұндай идея тәуелсіздіктің бастауында неге жарияланбады? Себебі қоғамдағы табиғи 
социум,  табиғи  болмыс  қалыптаспай  тұрып,  уақыт  пен  кеңістіктің  безбенінен  өтпеген 
шикілеу  қондырғыны  алып  келіп  қалыптастыруға  Елбасының  ішкі  түйсігі  жібермеді. 
Тәуелсіздіктің  22  жылынан  соң  ғана  мемлекет  дамуының  жеткен  жетістігін  парасат 
пайымынан  өткізіп  барып,  қазақстандықтар  қолымен  жасалған  басты  құндылықтарды 
екшей отырып, «Мәңгілік Ел» атты Ұлттық идеяны жария етті. 
Бұл  идея  басқадан  алған  жасанды  ұсыныс  емес.  Ең  әуелі  қазақстандықтардың  өз 
қолымен  жасаған  еңбегінің  жемісі,  әрі  ата-бабадан  бері  жалғасып  сабақтасқан  тарихи 
құндылығымыз.  Сол  құндылықты  Елбасы  бүгінгі  күні  қайта  тірілтіп,  бабалар  арманын 
жалпы ұлт мүддесіне айналдырды. Енді осы идеяны берік ұстанып, бар іс-қимылымыз 
бен ақыл-парасатымызды жұмылдыратын болсақ, ұлы ел боламыз деп ұмтылсақ, ұлы елге 
айналатынымыз хақ. 
Қаржаубай САРТҚОЖАҰЛЫ,
филология ғылымдарының докторы, 
профессор

25 ұйғарым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
167
«Б
олашақ»  бағдарламасының  пайдасы  тек  өз  стипендиаттарына  ғана  тиіп 
қоймай,  бүкіл  еліміздің  білім  жүйесіне,  айналып  келгенде,  Қазақстанның 
болашақ ұлттық ғылымына және кемел келешегіне елеулі әсер еткені даусыз жайт. 
Білім  беру  ісі  мен  ғылымды  қолдау  жөніндегі  Президент  қойған  міндеттердің 
көрегенділігі  оның  мемлекет  пен  халықтың  келешегіне  тікелей  қатыстылығында 
болатын. Бұл мақсаттар жиырма жыл бойы «Болашақ» бағдарламасы қамтамасыз етіп 
келе жатқан жоғары білікті адами капиталдың дамуы үшін аса зәру, өте-мөте қажет іс 
екендігін  көрсетті.  Ғылымды  қолдау  тек  шикізатқа  арқа  сүйеуден  арылып,  өндірісті 
өрістету  миссиясы  жүктелген  бүгінгі  ұрпақтың,  жастардың  біліктілігін  арттыруға 
жасалған қолдау еді.
Қазіргі заман – заманауи ғылым мен білімнің биігін бағындырған, озық инновациялар 
мен жаңа технологияларды мігірсіз меңгерген мемлекеттердің ғана мерейі үстем болатын 
заман.  Олай  болса,  жастарын  әлемдік  деңгейдегі  білім  нәрімен  сусындатуға  ұмтылған 
Қазақстан да бұл көштен лайықты орнын аларына сенгіміз келеді. 
Осындайда  әлемдегі  ең  үздік  Гарвард,  Оксфорд,  Кембридж,  Кал  Тех  сынды  оқу 
орындары  алдымен  ойға  оралады.  Бұлар  –  білім  сапасымен  халықаралық  тұрғыда 
мойындалған, түлектері арқылы төрткүл дүниеге танылған оқу ордалары. 
Аталған  оқу  орындарында  оқу  –  шындығына  келгенде,  миллиондардың  арманы. 
Біздің  мемлекетіміз  «Болашақ»  стипендиясын  тағайындау  арқылы  жастарымыздың 
осындай аты әлемге әйгілі, мәртебелі оқу орындарында білім алуына даңғыл жол ашты. 
Оқу ақысынан бастап бүкіл шығынын өз мойнына алды. Сонау 90 жылдардың басында, 
экономика тұралап, зейнетақы төлей алмай жатқан қиын заманда мұндай шешім қабылдау 
ерлікпен пара-пар еді. 
Қазақстан  Президенті  осындай  ерлік  қадамға  барып,  «Болашақ»  стипендиясын 
тағайындады. Бұл – алысты болжаған аса көреген шешім. Міне, бүгінгі Қазақстанның 
мемлекеттік  органдары  мен  ұлттық  компанияларында  қазір  шетелдің  озық  басқару 
менеджементін игерген, сапалы білімін алған жастар қызмет етіп жүр. 
Сондықтан, «Болашақ» бағдарламасы дегеніміз егемен Қазақстан тарихындағы жаңа 
құбылыс екені анық. 
Сәкен ЕСПАЕВ, 
экономика ғылымдарының докторы
Бір жағынан, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік кеңістігіне 
әлемдік  технологиялар  трансфертінің  магистралі  тартылды.  Екінші 
жағынан,  әлем  біздің  стипендиаттар  арқылы  Қазақстан,  оның  халқы, 
мәдениеті  мен  дәстүрлері,  еліміздің  мүмкіндіктері  мен  әлеуеті  туралы 
көбірек біле түсті. «Болашақ» бағдарламасының арқасында біз жаһандық 
элита даярланудың әлемдік жүйесіне қосылдық. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына арналған форумда 
сөйлеген сөзінен. 29 қараша, 2013 жыл

25 ұйғарым
25 БЕЛЕС
168
2011 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас ассамблеясының 66-сессиясында 
сөйлеген  кезімде  мен  әлемдік  қоғамдастықты  Жаһандық  реттеу 
туралы пакт жөніндегі жұмысқа дереу кірісуге шақырдым. Бұл құжат 
халықаралық экономикалық саясаттың негізгі аспектілерін келісімдеу 
үшін нақты құрал бола алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
VII Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінен. 23 мамыр 2014 жыл
2011
 
жылдың  қыркүйегінде  БҰҰ  Бас  ассамблеясының  66-сессиясында 
Қазақстан  Президенті  әлемдік  қоғамдастықтағы  жаһандық  реттеу 
туралы пакт жөніндегі жұмысқа дереу кірісу жөнінде бастама көтерді. 
Елбасымыздың мұндай қадамға баруына жаһандық дағдарысқа себеп болып отыр ған 
әлемдік қаржы жүйесінің осалдығын реттеу мәселесі ықпал етті. Өйткені, осыған дейін 
әлемдік қаржы жүйесінің кемшілігін жою мақсатында ешқандай шара қолданылмағаны 
белгілі. Президентіміз осы мәселені кешеуілдету аймақтық және әлемдік тұрақсыздыққа 
әкеліп  соғатын  жаңа  дағдарысқа  алып  келетінін  ескерткен  болатын.  Өйткені,  дағдарыс 
қоғамның барлық саласын тоқырауға ұшырататыны белгілі.
Әлемдік саясат халықтардың және мемлекеттердің соғыс қаупіне қарсы бірлесіп күресуі 
қажеттілігін сезінуден басталады десек, қателеспейміз. ХХ ғасырдың екінші жартысынан 
бастап әлемдік жақындасу, бірлесу, ортақтасу, мүдделердің тәуелділігі сияқты үдерістердің 
күше берді. Ортақ экономикалық, сауда, транспорт пен коммуникация ғылым мен ақпарат 
байланыстары халықтар мен мемлекеттерді өзара тәуелді ете түсті. Өзара келісіп, ортақ 
мәселелерді бірлесіп шешу міндеттері зәрулікке айналды. 
Әлемдік  жаһандану  үдерісі  тек  объективті  ғана  емес,  түрлі  субъективті  факторлар 
ықпалымен жылдамдай берді. Әлемдік деңгейдегі ортақ мәселелер жүйесінің қалыптасуы 
ХХ  ғасырдың  70-80  жылдарында  нақты  нәтижелерін  беріп,  жаһандық  жаңа  тәртіптер 
қалыптасты. Адамзат өркениетті бір сапалық деңгейден екінші мүлдем жаңа сапалық 
деңгейге ауысты.
«Экономикалық процестердің жаһандану деңгейінің өсуі БҰҰ қызметінің экономикалық 
құрамдасының  парадигмасын  өзгертудің  қажеттілігін  көрсетіп  отыр.  Валюталық  және 
сауда-экономикалық реттеу саласындағы әлемдік құрылымдардың басты жұмыс мазмұны 
әлемдік  дағдарыс тарға  болжам  жасау  және  оны  болдырмау  болуы  тиіс.  Қазіргі  күні 
жаһандық  дағдарысқа  әлемдік  қаржы  жүйесінің  ақаулығы  себепкер  болғандығымен 
барлығы келісіп отыр. Бірақ ол ақауларды жою үшін әлі күнге дейін ешқандай шаралар 
қолға алынған жоқ», – деді Н. Назарбаев. 
Осы пікірмен келісе отырып, Елбасының жаһандық реттеу туралы пакт жасау идеясы 
әлі күнге көкейкесті болып отырғанын атап өткіміз келеді.
Шәріпбек ӘМІРБЕКОВ,
саяси ғылымдар докторы
профессор

25 ұйғарым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
169
Қ
азақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің сапынан көру – Н. Назарбаевтың 
өміршең  идеясы.  «Бәсекеге  қабілетті  Қазақстан  үшін,  бәсекеге  қабілетті 
экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Елбасы Жолдауы қазір біздің 
ұлттық идеологиямыз іспеттес. Кімнің халқы, шаруашылық жүйесі бәсекеге дайын 
болса, келешек соныкі. 
Сондықтан  адами  тұрғыдан,  дүниені  танып-пайымдаудан,  өскелең  ұрпақтың  білімі 
мен біліктілігі жағынан, экономиканың тиімділігін және бәсекелестікті арттыру – әрбір 
елдің, оның ішінде Қазақстанның да түпкілікті мақсаты әрі ғасырлар бойы әлем елдерінің 
көшінің соңында келе жатқан Қазақ елі үшін асқақ арман еді.
Бұл  мақсаттың  орындалуы  бірінші  кезекте  зайырлы  ұлт  қалыптастыруға  тікелей 
байланысты. Осы орайда, Қазақстанның мүмкіндігі зор деп айтуға толық негіз бар. Еліміз 
халқының  сауаттылығы  жағынан  бүгіндері  ең  жоғары  деңгейде.  Тіпті  АҚШ,  Германия, 
Франция  секілді  әлеуетті  мемлекеттердің  өзі  жалпыхалықтық  сауаттылық  жағынан 
Қазақстаннан «жоғарыда тұрмыз» дей алмайды. 
Бұған  қоса  біздің  елде  ірі  ғылыми  әле ует  бар.  Оған  бірнеше  мысал  келтіруге  болады. 
Дүние жүзінде көмірден жанармай алу үшін 300 атмосфералық қысым қолданатын болса, 
біздің химиктер 100 атмосфералық қысым арқылы да көмірден жанармай ала алады. Кеніште 
уранды  сілтілеп  алу  технологиясын  қолданып  жүрген  біздің  елдің  ядролық  энергетика 
саласындағы  қызметін  халықаралық  МАГАТЭ  ұйымының  сарапшылары  да  мойындады. 
Тантал ұнтағын өндіру мақсатында өмірге қазақстандық жаңа технология енгізілді. Бұл – 
әлемде  теңдесі  жоқ  ғылыми  жаңалық  әрі  Қазақстан  ғылымының  меншігі.  Сондай-ақ,  біз 
термоядролық ғылыми зерттеулер бойынша да көп елден оқ бойы озық келеміз.
Білім беру ісі мен отандық ғылымға да айрықша көңіл бөлініп, халықаралық деңгейдегі 
сапалы, білікті мамандар даярлауға бет бұрдық.
Осылайша біз Мемлекет басшысының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына 
ену идеясын іс жүзіне асыруға нақты қадамдар жасадық және оның нәтижесін қазір көріп 
отырмыз. Ендігі міндет – Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамын орнату арқылы озық отыз елдің 
қатарына  ену.  Осы  мақсатта  Елбасының  соңғы  Жолдауында  белгіленген  «Нұрлы  Жол» 
бағдарламасын  іске  асыруымыз  керек.  Сондықтан  ұлт  болып  ұйысып,  күш-жігерімізді 
біріктіруіміз қажет.
Мадияр КЕНЖЕБОЛАТ,
экономика ғылымдарының кандидаты
Дүниежүзілік экономикалық форум айқындайтын бәсекеге қабілеттілік 
рейтингінде  Қазақстан  қазірдің  өзінде  51-орынды  иеленді.  Біз  менің 
бірнеше жыл бұрын қойған, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына 
кіру жөніндегі міндетімізді орындауға таяу тұрмыз. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
VII Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінен. 23 мамыр, 2014 жыл

25 ұйғарым
25 БЕЛЕС
170
Бұл әлем дамуының бүкіл ескі моделінің дағдарысы екенін, оның ар 
жағында  жаңа  әлем  туылуы  тиістігін  уақыт  көрсетіп  отыр.  Біз  соның 
бастауында тұрмыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
VII Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінен. 23 мамыр, 2014 жыл
Қ
азір әлемде не болып жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Бұл дағдарыс тың жаңа 
толқыны  емес,  әлемдік  экономика  әлі  күнге  еңсере  алмай  отырған  2007-2009 
жылдардағы дағдарыстың жалғасы деуге толық негіз бар. Әлемдік экономиканың 
қою бұлты сейілмей тұрған осындай алаң-күлең тұста оның түпкі себеп-салдарына 
терең мән беру қажеттігі дау туғызбайды. 
Осы мақсатта БҰҰ қолдауымен соңғы VII Астана экономикалық форумы шеңберінде 
Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция өткендігі белгілі. Сондай-ақ, аталмыш мәселе 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыстан шығу кілті» және «Бесінші жол» деген 
мақалаларында түбегейлі қозғалған болатын. Бұл жарияланымдар қоғамда үлкен серпіліс 
туғызып, майталман мамандардың назарын аударғаны белгілі. Оларды дағдарысқа қарсы 
күрес  мәселесімен  айналысатын  халықаралық  деңгейдегі  менеджерлердің  басшылыққа 
алғаны анық.
Мәртебелі  басқосуда  және  Президенттің  еңбектерінде  айтылған  ойдың  негізгі  түйіні 
қазіргі  әлемдік  экономикада  қалыптасып  отырған  ахуал,  түптеп  келгенде,  «бұл  әлем 
дамуының  бүкіл  ескі  моделінің  дағдарысы  екенін,  оның  арғы  жағында  жаңа  әлем 
туылуы  тиістігін  уақыт  көрсетіп  отыр»  дегенге  саяды.  Осы  ретте,  Н.Ә.  Назарбаев 
G-GLOBAL  жобасына  серпілісті  және  қолданбалы  сипат  беру  қажет  деп  есептейді. 
Елбасы, сонымен қатар, бірыңғай зияткерлік база құрып, онда Астана экономикалық 
форумының жұмыс жүргізген жылдары ішінде айтылған, оның порталына келіп түскен 
барлық идеялар мен пікірлерді біріктіруді ұсына отырып, осы жиналған бірегей білімнің 
жемістерін тақырыбы, жылдары және авторлары бойынша топтастырып, оларды бұқаралық 
ақпарат  құралдарында,  әлеуметтік  желілер  мен  ғылыми  еңбектерде  таратып,  талқылау 
қажет деп санайды.
Н. Назарбаев «Дағдарыстан шығу кілті» атты мақаласында дағдарыстың түп-төркініне 
үңіліп,  одан  шығудың  жүйелі  жолын  көрсетті.  Бұл  мақала  әлемдік  экономистер  мен 
сарапшыларға  елеулі  ой  тастады.  Елбасы  дағдарыстан  шығудың  өңірлік,  аймақтық 
шеңберінен  шығып,  дүниежүзілік  ауқымдағы  мәселелерді  саралайды.  Жаңа  заманға 
сай ізденістер жиынтығын ұсынады. Жаһандық валюта-қаржы жүйесіндегі мәселелерді 
өзара тиімді және адал әріптес тік рухында шешу жөніндегі ұсыныстар – әлемдік қаржы 
және  экономика  дағдарысынан  шығу  жолдарын  іздеудің  бірден-бір  сенімді  бағыты. 
Осылайша  Елбасының  басшылығымен  әлемдік  дағдарысты  еңсеру  ісіне  Қазақстан  да 
біршама үлес қосып келеді.
Мадияр КЕНЖЕБОЛАТ,
экономика ғылымдарының кандидаты

25 ұйғарым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
171
2015
 
жылдың  1  қаңтарынан  бастап  Еуразиялық  экономикалық  одақ  өмірге 
келіп,  жұмысын  бастады.  Бұл  интеграциялық  қадамды  жаһандық 
саясатшылар «Дамудың жаңа динамикасы» деп бағалап отыр. 
Дегенмен, басқа пікірлер де жоқ емес. «Жаңа одақ – республиканы өз дербес тігінен 
айырып,  оны  Ресейдің  құрамына  енгізе  отырып  КСРО-ны  қайта  құру  жолындағы 
бастама» деп жүргендер де кездесіп қалуда. Қазіргі кезде Ресейдің жүргізіп отырған 
сыртқы саясатын сонау патшалық Ресейдің кешегі отарлау саясатымен шендестіруді 
жөн санайтындарды да байқап жүрміз. Бірақ, Президентіміз айтқандай: «Еуразиялық 
экономикалық одақ – тарих қойнауына кеткен кеңестік пішімдегі одақты тірілту емес. 
Бұл бірлестік – ең алдымен экономикалық мүддеге негізделген одақ болмақ, басқа бөтен 
ой жоқ». Елбасы бұл ойын 2014 жылғы 28 сәуірде Мәскеу мемлекеттік университетінде 
сөйлеген сөзінде: «Еуразиялық интеграция – бізге екі мыңжылдық белесінде тарихи 
прогрестің объективті қадамын ашқан ұлы мүмкіндік» деп тағы бір түйіндеп өтті.
Прагматикалық тұрғыдан қарасақ, бұл интеграциядан біздің ұтар тұстарымыз аз емес. 
Солардың кейбіріне ғана тоқтала йық. Қазір Еуразия одағы елдерінің жалпы ішкі өнімі 
2,5 триллион АҚШ долларын, ал өндірістік әлеуеті 1,5 триллион долларды құрап отыр.
Бұрын ет сату үшін екі жылда бір рет Ресей немесе Беларусь мал дәрігерлерін шақыртып, 
олардың тексерістерінен өтіп, рұқсат қағаздарын алып, тағы да реестрін күту қажет болса, 
қазіргі уақытта өзіміздің ветеринарлық сертификатпен Ресейдің түкпір-түкпіріне сатуға 
мүмкіндіктер  туды.  Мұны  өте  маңызды  деп  білемін.  Себебі,  Ресей  жылына  2  миллион 
тоннадан астам ет импорттайды, оның ішінде 700 мың тонна сиыр етін алады. Ресейге 
негізінен Уругвай, Парагвай, Бразилия сияқты мемлекеттер мұздатылған ет жеткізеді. Ал 
біз Ресейге жаңа сойылған мал етін бере аламыз. Ресей сондай-ақ жылына 2,5 миллион 
тонна жеміс пен көкөніс импорттайды. Бұл да біз үшін маңызды мәселе.
Қазір қазақ кәсіпкерлері там-тұмдап болса да шетел нарығына дайын өнім шығарып жатыр. 
Тауар өндірушінің де табысы еселенді. Отандық кәсіпкерлер үшін 17 миллион тұтынушы он 
есе өсіп, 170 миллионға айналды. Мұның тигізер әсері өте зор.
Иә, әр жобаның тиімділігімен қатар қауіп-қатері де болады. Тәуекел ету арқылы ғана 
белгілі бір жетістікке қол жеткізуге мүмкіндік бар. Еуразиялық экономикалық одақ – өте 
серпінді жоба. Менің ойымша, мемлекетіміз бұл ұйымға бірігудің халық үшін, ел үшін 
қаншалықты тиімді болатынын жеті рет өлшеп барып шешім қабылдап отыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет