25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет22/30
Дата07.04.2017
өлшемі6,75 Mb.
#11212
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30

Құныпия АЛПЫСБАЕВ,
филология ғылымдарының докторы, 
профессор
Бірлігіміз берік болса, болашағымыз баянды болары даусыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Ордабасы тауында Төле биді, Қазыбек биді, Әйтеке биді еске алу күніне 
арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен. 28 мамыр, 1993 жыл

25 байлам
25 БЕЛЕС
204
Ашықтығы  мен  жан  ізгілігі,  мұқтаж  адамды  жылытуға,  онымен 
қолдағы  барын  бөлісуге  ықтиярлығы  –  қазақ  халқының  генетикалық 
сипаты. Ол ешкімге және ешқашан жеккөрушілік немесе астамшылық 
сезімін  танытқан  емес,  ешқашан  да  ұлтаралық  жанжалдың  шоғын 
үрлеуге ұмтылған жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі он үшінші шақырылымының 
І сессиясындағы «Реформаларды тереңдету және жалпыұлттық келісім 
арқылы – жаңарған Қазақстанға» атты баяндамасынан. 
9 маусым, 1994 жыл
К
ез  келген  халықтың  өзіндік  ұлттық  мінезі,  менталитеті,  келбеті  болады.  Қазақ 
халқының түркілік тегі, сонау сақтар мен ғұндар заманынан басталатын тарихы 
бар екені белгілі. 
Жеті атасын жақсы білетін, жеті атасына дейін туысқан болып келетінін білсе, өзара 
неке қимайтын қазақ – табиғат пен қоғам заңдары арасындағы байланыс заңдылықтарын 
сақтап,  құрметтеген  халық.  Құдайы  қонағы  мен  ақын-жырауларына,  қара  қылды  қақ 
жарған  әділ  билеріне,  тар  жол,  тайғақ  кешу  заманда  халқын  талай  қиындықтан  алып 
шыққан хандарына, жау келгенде ел қорғаған батырларына барынша ізет білдірген елміз. 
Қазақ – көрші елдермен барынша тату болуға ұмтылған халық. Бірақ өзіне зорлық жасап, 
басып  кіріп,  жанжал  іздегендермен  күресе  де  білген.  Сондықтан  тарихтағы  орны  ежелгі 
дәуірден нақты анықталған халықтың ғасырлар бойы қауымдаса өмір сүруге деген бейімділігі 
зор болды. Сонау Атыраудан Алтайға дейін кең даланы мекен етіп келген халық өзінің тілін, 
ділін, дәстүрлерін барынша біркелкі сипатта сақтап қалуға тырысқан. Оған себеп болған 
басты нәрсе – халқымыз өзара туысқандық үрдістерін ұлттық рәсімдері арқылы орнықты 
еткен,  бір-бірінің  мұң-мұқтажын  түсінуге,  бір-біріне  рухани  демеу  болуға  тырысқан. 
Сондықтан дәстүрлі қоғамның негізгі ұстанымдары мен құндылықтарын барынша бойына 
сіңірген ел этикалық қалыптар мен бағдарларды өзінің рухани әлеміне тұғыр еткен. 
Қазақтың  жан  жомарттығы  мен  ашық тығы,  ізеті  мен  ізгілігі,  бауырмалдығы  мен 
қауымшылдығы осындай тарихи деректерге, рухани сабақтастыққа арқа сүйейді. Қазіргі 
Қазақстанда  жүзден  астам  этнос тың  өкілдері  иық  тіресе  қатар  тіршілік  етіп  жатқаны 
белгілі. Олардың көбісі өткен ғасырда тағдырдың жазуымен қазақ жеріне қоныс аударған. 
Қазақ халқы олардың ешқайсысына жеккөрушілік немесе астамшылық сезімін танытқан 
емес, қайта жылы қабақ танытып, қабылдай білді. Тәуелсіздік жылдары елімізде Қазақстан 
халқы  Ассамблеясының  құрылуы,  көптеген  ұлттық-мәдени  орталықтардың  қызметінің 
жандануы да осының кепілі. Түрлі ұлт өкілдері арасында тұрмыстық деңгейде туындаған 
түсінбестікті  еліміздегі  қоғамдық  ұйымдар  ауқымында  ушықтырмай  реттеу  –  ұтымды 
әрекет.  Қазақ  халқының  ұлтаралық  жанжалдарға,  тартыстарға  бейім  еместігі  елімізде 
үйлесімді ұлтаралық келісімді қалыптастырудың іргетасын қалады. 
Серік НҰРМҰРАТОВ
 философия ғылымдарының докторы, 
профессор

25 байлам
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
205
Ұ
лттық мақтаныш сезімінің қайнар көзі – тарих пен мәдениет.  Халықтың жаны 
бәрінен бұрын мәдениетінен танылады. Сондықтан да халық қайнарының тұма-
бұлағына қанып өскен, елімен етене Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев егемендіктің 
елең- алаңында, тәуелсіздіктің таңсәрі шағында-ақ бүгінгінің баға жетпес байлығын 
өткеннің өнегесінен табуға болатынын қадап айтты. 
Ел  экономикасының  әлеуеті  мүмкіндік  беретін  уақыт  келісімен  байтақ  мәдени 
қазынамызды  жинақтауды,  жүйелеуді,  зерттеуді,  рухани  айналымға  қосуды  тапсыр-
ды.  Елбасының  тікелей  бастамасымен  қолға  алынған  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік 
бағдарламасы өмірге осылай келді. 
Президент қоғамдық кеңес мүшелерінің басын бірнеше рет қосып, нақты тапсырмалар 
берген болатын, атқарылатын істің аумағын да өзі айқындап, бағдарламаны бірнеше бағытта 
– реставрация, археологиялық қазбалар, мәдени мұраны зерделеудің тұтастай жүйесін құру, 
ұлттық, әлемдік ой-сананың жауһарларын жинаған кітап серияларын шығару тұрғысында 
жүргізу керектігін белгілеген еді. Мемлекет басшысының өзі қамқорлық жасап, қадағалап 
отырғандықтан,  бүкіл  әлемде  теңдесі  жоқ  бағдарлама  ойдағыдай  орындалды.  Ғаламат 
жұмыс атқарылды. 93 тарихи-мәдени нысан қайта жаңғыртылып, 40-қа жуық қорған мен 
қалашықтарда археологиялық зерттеулер жүргізілді, әлемнің көптеген мемлекеттеріне сан 
түрлі  экспедициялар  ұйымдастырылып,  қыр уар  тың  дереккөздер  әкелінді.  Мысалы,  бір 
ғана Қытай архивтерінің өзінен біздің тарихымызға тікелей байланысы бар 5 мыңнан астам 
құжаттар  табылған.  Осындай  құжаттар  моңғол,  орыс,  батыс,  араб,  түрік,  армян,  парсы 
дереккөздерінен де молынан жинақталған. Кітап серияларының арасынан әрқайсысы 100 
томдық «Бабалар сөзі» мен «Әлем әдебиеті» серияларын бөлек айту керек. Бүгінгі таңда 
қазақ халқы өзінің фольклор мұрасын 100 томға жинақтай алған да, оны 100 томға бастыра 
алған да әлемдегі жалғыз халық болып отыр. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру жұмысы 
жаңа басталған тұста – 2003-2004 жылдарда Ақпарат министрі қызметін атқарғанымыз, 
сөйтіп елдігіміздің бір ісінің, ірі ісінің басы-қасында болғанымыз, 16 секциядан құралған 
қоғамдық  кеңестің  «Көркем  әдебиет»  секциясының  жетекшісі  міндетін  он  жыл  бойы 
атқарғанымыз – өміріміздің өзгеше мәнді белесі. 
«Мәдени мұра» – мемлекетіміздің мақтанышы. Мұндайлық кең көлемді, алып ауқымды 
шараны  халықтың  рухани  болмыс-бітімін  айшықтауды  мемлекеттің  өзекті  міндетіне 
айналдырған, ертеңіне сенімді еркін ел ғана, елін асқар асуларға бастайтын ерен ер ғана 
жүзеге асыра алады. 
Қазақстан Республикасы – сондай Ел. 
Нұрсұлтан Назарбаев – сондай Ер. 
Сауытбек АБДРАХМАНОВ, 
Парламент Мәжілісінің депутаты, 
филология ғылымдарының докторы
Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи зерде 
кешінде жасаған баяндамасынан. Алматы, 14 желтоқсан, 1994 жыл

25 байлам
25 БЕЛЕС
206
Ұлттың ұлы перзенттері мен ойшылдары, қайраткерлері ең алдымен 
өз ұлтының, халқының рухын көтеруді ойлаған. Сол үшін күрескен, ой 
толғаған, қамыққан, тіпті өз өмірлерін құрбан еткен.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи зерде 
кешінде жасаған баяндамасынан. Алматы, 14 желтоқсан, 1994 жыл
«Т
үрік  халқы  үшін  түн  ұйықтамадым,  күндіз  отырмадым»  деп  «Күлтегін» 
жазбасында  айтылғандай,  сонау  орта  ғасырлардағы  түркі  қағандары 
халықтың қамын ойлап, өз өмірлерін ат үстінде күреспен өткізген екен. 
Биыл 550 жылдығы аталып отырған төл мемлекеттілігіміз – Қазақ хандығының негізін 
салған Керей мен Жәнібек хандар, Қасым хан мен Есім хан, Хақназар мен Салқам Жәңгір, 
Тәуекел мен Тәуке хандар, Абылайхан мен Кенесары ұлттың шынайы ұлы перзенттері 
болатын. 
Түркі дәуірінен бергі қазақ мемлекеттілігі кезеңдерін қамтыған ел мен жердің бірлігін 
білдіретін  «Атамекен»,  «Өтікен»,  «Ергенеқон»,  «Жиделі-Байсын»,  «Қайырымды 
қала»,  «Еділ  мен  Жайық»,  «Жерұ йық»  идеялары  мен  «еділшілдік»,  «тұраншылдық», 
«түркішілдік», «оғызшылдық», «шыңғысшылдық», «ноғайшылдық», «Алаш», «Қазақ» 
идеологияларынан қазақ даласындағы ұлттық идеяның эволюциясын байқауға болады. 
Ал кейінгі отаршылдық пен тоталитаризм дәуірінде алдыңғы қатарға азаттық, еркіндік, 
тәуелсіздік мәселелері шықты. 
«Ел» мен «жердің» қамын ойлаған қаһармандар мен қайраткерлерді қазақ «ер» деп 
атаған.  Бұл  –  тек  батырлықты  ғана  емес,  бойына  барлық  жақсы  қасиеттерді  сіңірген 
тұлға. Оның бойындағы қасиет бүкіл бітім-болмысынан аңғарылып, маңайындағылардың 
құрметін шақырып тұрады. Өз басының емес, халқының мұң-мұқтажы қазақтың ақын-
жырауларын да, би-шешендерін де, абыз-әулиелерін де, бекзаттары мен игі жақсыларын 
да тегіс толғандырған. 
Қазақ батырлары – Бөгенбай мен Қабанбай, батыр Баян мен тархан Жәнібек, Исатай 
мен  Махамбет,  Наурызбай  мен  Райымбектің  және  т.б.  қаһарман  жандардың  жасаған 
батырлықтары мен ерліктері ұлттың рухын көтеріп, халықтың тарихи санасынан мәңгіге 
орын  тепкен.  Аңырақай  шайқасынан  бастап  кешегі  Желтоқсан  оқиғасына  дейін  ұлт-
азаттық  көтеріліс терде,  тіпті  биыл  70  жылдығы  аталып  отырған  Ұлы  Отан  соғысында 
да  қазақ  халқы  ерліктің  ерен  үлгісін  көрсете  білді.  Осы  батыр  бабаларымыздың  тұяғы 
Бауыржан Момышұлы да «қазақ халқы дәл осы Ұлы Отан соғысында өзін халық ретінде 
әлемге танытты, аса бай тәжірибе жинап, жоғары көтерілді» деп бағалады. 
Төл  тарихты  таныту  саясаты  Қазақстан  халықтарының  береке-бірлігін,  ынтымағы  мен 
жарастығын,  достастығы  мен  туыстас тығын  одан  әрі  нығайтуды  көздейді.  Қазақ  елінің 
тәуелсіздік алуымен бірге күрт өскен төл тарихты қайта бағалау үдерісі бүгінгі күні «Халық 
– тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасында ғылыми тұрғыда жалғасын тауып отыр.
Бақытжан САТЕРШИНОВ, 
философия ғылымдарының докторы, 
доцент

25 байлам
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
207
А
та-бабамыз  армандап  қана  қоймай,  сол  ұлы  мұрат-мақсат  жолында  жанын 
салып,  терін  төккен  еркіндік  пен  азаттықтың  баянды  болуы  жолында  зиялы 
қауымға жүктелген міндеттер еңселі. 
Мемлекетшілдік  ұстанымдағы  әрбір  арлы  азамат  халқына  ақ  адал  еңбек  етуді  басты 
өмірлік  парызым  деп  білсе,  кешегі  тарих  толқынының  небір  қилы  тезінен  өткен  арда 
еліміздің бүгінгі азаттықтың сара жолымен дамуы барынша кемелдене түсері хақ. 
Қазіргі жаһандану дәуірінің алмаға йып кезеңінде ұлттық бірегейлікті сақтау ісінде ел 
тізгіні  сенім  тапсырылған  ерлер  Алаш  көсемі  Әлихан  Бөкейханның  «Ұлтына,  жұртына 
қызмет қылу білімнен емес, мінезден», «Халық ісін орнына салуға көп ақыл, көп қызмет, 
көп жылғы шебер істеген әдіс керек», «Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздену мақсат» 
деген ұлағатын жадынан шығармағаны абзал. 
Өркениет биігіне құлаш ұрған елдің ұлт зиялылары, саналы азаматтары қайраткерлік 
болмысындағы  отаншылдық  рухымен  қоғамға  қуат  дарытып,  сарабдал  ойларымен, 
парасат биігіне жетелейтін еңбектерімен барша әлеуметке үлгі-өнеге бола білсе, сол елдің 
намыс  байрағы  заңғарлы,  болашағы  асқарлы  болмақ.   ХХ  ғасыр  басындағы  арпалысқа 
толы күрделі кезеңдерде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Жұрт керегін білетіндер – 
көп,  істейтіндер  –  аз»  деп  қынжылғаны  да,  Жүсіпбек  Аймауытұлының  «...мойнымызда 
халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр» деп қайрағаны ақиқат. 
Алаш  арысы  Мұстафа  Шоқайдың  сөзімен  айтсақ:  «...белгілі  бір  мұрат-мақсаттардың 
соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттардың төңірегіне топтасқан оқымыстыларды 
ғана  зиялы  деп  айтуға  болады.  Ұлттық  зиялылар  қатарына  тек  өз  халқының  саяси, 
экономикалық  және  әлеуметтік  дамуына  қалтқысыз  қыз мет  ете  алатын  адамдар  ғана 
кіре алады. Зиялылардың міндеті ұлы да қасиетті болуы себепті өте ауыр. Халықты ұлт 
деңгейіне  көтеру,  яғни  жері,  суы,  қазынасы,  тілі  мен  діні  бір  болған  халық  бұқарасын 
бірлестіріп,  олардың  санасын  біртұтас  саяси,  әлеуметтік,  ұлттық  санаға  жеткізуде  ұлы 
тарихи міндеттің маңызды бір бөлігі зиялылардың иығына жүктеледі»
Елбасы  ұлағаты  да  барша  зиялы  қауымның  қоғам  дамуында  атқара  берер  қызметін 
айқындай түскен. Бұл тұжырым тоталитарлық жүйе үзген ұрпақтар сабақтастығын қайта 
жалғап,  жаңғыртып,  қазақ  мемлекеттігін  қалпына  келтіруде  өлшеусіз  қызмет  атқарған 
тарихи  тұлғаларымыздың,  Алаш  қайраткерлерінің  асқарлы  мақсаттарын,  жасампаздық 
ғұмырларын  Елбасымыз  атап  көрсеткен  Мәңгілік  ел  болу  мұратында  атқарылатын  ұлы 
істерге жұмылдырады.
Сағымбай ЖҰМАҒҰЛ,
филология ғылымдарының докторы
Ұлтымыздың  зиялылары  –  халқымыздың  қиядағыны  шалатын 
қырағы жанары, қоғамымыздың әділ қазысы. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи зерде 
кешінде жасаған баяндамасынан. Алматы, 14 желтоқсан 1994 жыл

25 байлам
25 БЕЛЕС
208
Мемлекет,  қоғам,  ұлт  деңгейінде  пайымдайтын  зиялыларымыз  – 
біздің баға жетпес байлығымыз, сарқылмас қазынамыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи зерде 
кешінде жасаған баяндамасынан. Алматы, 14 желтоқсан, 1994 жыл
П
резидент Н.Ә. Назарбаев осыдан жиыр ма екі жыл бұрын тарихи сана мен зерде 
туралы кеңінен сөз қозғады. Иә, шындығында өз елінің өткені мен бүгінін мақтан 
тұтатын, аз да болса төл тарихынан хабары бар кез келген адам бұл кезеңнің мән-
мағынасын жете түсінеді. 
Ұлт  тәрізді  күрделі  жүйенің  қалыпты  өмір  қамын  қамтамасыз  ету  үшін,  ұлттық 
дүниетанымды,  рухани  қайнарларды  қайта  қалпына  келтіру  үшін  төлтума  тарих  пен 
мәдениеттің  өзегін  анықтай  отырып,  қоғамның  өзіндік  тарихи  санасын  қалыптастыру 
керек.  Яғни,  ұлттық  мәдениеттің  негізін  құрайтын  іргелі  құндылықтарды  –  адамдарды 
рухани тұрғыда оятатын ана тілі мен дәстүрді, діл мен дінді жаңғыртумен қатар, халықтың 
тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру, тарихи өзіндік 
сананы  қалыптастыру  тәуелсіздіктің  рухани  тұғырын  құрайды.  Бұл  міндет  ең  алдымен 
ұлттың зиялы қауым өкілдеріне жүктеледі.
Ұлт  көшбасшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Тарих  толқынында»  кітабында 
халқымыздың  өзіндік  тарихи  санасының  ерекшеліктеріне  мынадай  баға  берілген: 
«Қазақ  болмысының  келесі  бір  ерекшелігі  –  оның  тарихшылдығы.  Қара  халықтың 
тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз, білім институттарының 
дамыған  жүйесі  бар  бүгінгі  күннің  өзін  бұрынғы  қазақтардың  санасындағы  жаппай 
тарихшылдықпен  салыстыруға  болмайды».  Демек,  бізге  тарихи  уақыттың  қарқыны 
шапшаң  бүгінгі  заманында  дәстүрлі  білім  мен  қазіргі  ғылымның  синтезін  жасап, 
оны  қоғамдық  санаға  сіңіре  білуіміз  керек.  Бұл  –  кертартпа  зияндылардың  емес,  ұлт 
жанашыры – нағыз зиялылардың қолынан ғана келетін шаруа. Ол үшін «отағасылық» 
деңгейден шығып, «елағалық» деңгейге көтерілу қажет.
Тарихи  жады  немесе  әлеуметтік  ес  неғұрлым  терең  болған  сайын  адам  да,  тұтастай 
алғанда қоғам да рухани бай болады. Бүгінгіні түсіну мен болашақты болжау үшін өткенді 
білу тарихи білімнің арқалайтын негізгі жүгі екендігі рас. Ал бұл тарихи білім берудің 
мақсаты жан-жақты дамыған тұлғаның ойлау мәдениетінің қажетті компоненті ретіндегі 
тарихи сананың элементтерін адам бойында қалыптастырумен ұштасып жатады. 
Тарихи эрудиция – тұлғаның рухани байлығы. Қазіргі адам алдыңғы буынның жинақтаған 
әлеуметтік-мәдени  тәжірибесіне  тереңірек  дендеген  сайын  оның  өмірлік  және  азаматтық 
ұстанымы  да  айқындала  түседі.  Тарихи  білім  адамның  ғылыми  дүниетанымының 
қалыптасуына, оның бойында адамгершілік мұраттардың егілуіне ықпал етеді. Отанға деген 
сүйіспеншілік, оның өткені мен бүгінін мақтан тұту патриотизм деп аталатын сезімді тудырады. 
Ал патриотизм – зиялының басты құралы.
Бақытжан САТЕРШИНОВ,
философия ғылымдарының докторы, 
доцент

25 байлам
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
209
Ж
ер шарында адамдар қолымен жасалған сұрапыл дауылдар мен қақтығыстардың 
қарқыны қатты болып тұр. Мұндай теріс пиғылды әрекеттер тыныш жатқан 
жырақтағы  елдерге  де  кері  әсерін  тигізбей  қоймайды.  Оның  ақыры  халықтың 
психологиясын да, әлеуметтік жағдайдың іргесін де теңселтіп кетуі ықтимал. 
Жалпы  көпшіліктің  ақыл-ойы  саналатын  оқыған  адамдардың  осындай  жағдайды 
болдырмау үшін белсенділік танытатын шағы да сол тұс болса керек. Мұндай кезде бір 
оқыған адам жүз қарапайымға сөзін өткізе алатындай болуға тиіс. Жүз қарапайым жүз 
қарапайымға  осылайша  ықпал  ете  алған  жағдайда  ғана  тыныштық  пен  береке  құсы 
аспанымызда қалықтай бермек. Байтағымыздың бағасы артпақ. Кемел келешекке осылайша 
жақындай түспекпіз. 
Шығыс даналығында «Бір оқыған мың қарапайымға тең» деген тәмсіл бар. Ісімізбен 
сол даналыққа қызмет етуге пейілді болсақ қана жарқын болашақты қамтамасыз етер едік. 
Лайым солай болғай! 
Айтары жоқ, кешегіден бүгінге, бүгіннен ертеңге жалғасатындай ұлт қазығына айналар 
жақсы идеялар жоқ емес, бар. Алайда, уақыт өткен сайын сол бір құнды идеяларды өзінше 
саралауға құмар қайбір тұлғалардың да арамыздан қылаң бере бастағаны жасырын емес. 
Мәселен, Елбасының көрші елдермен тату тұруға, тыныштықта өмір сүруге ыңғайланған 
стратегиялық жоспарларының астарынан ілік іздейтін «шешендерге» не деуге болады? 
Ақиқатында «Алыстағы жақыннан жаныңдағы көрші артық» дегенді сонау бір ықылым 
замандарда ата-бабамыз ұрпақ зердесіне еріккеннен құйып кеткен жоқ шығар? Қарапайым 
жұртшылыққа  қақтығыстар  мен  текетірестердің  қандай  пайдасы  болмақ?  Ана  мен 
сәбидің көз жасынан артық ащы нәрсе бар ма өмірде? Сұрақ көп, күдік пен күмән одан 
да  көп  заманда  оң-солын  әлі  толық  айыра  білмейтін  «ұраншыл»  ұрпаққа  басу  айтатын 
салмақтылық керек бізге.
Елбасы жоғарыдағы сөзді айтқан кезеңнен бері жиырма жылдан астам уақыт өтті. Бұл 
мезгілде  «көрегендік  танытқан  зиялыларымыз»  «араздық  дәнін  себушілерге»  табандап 
қарсы  тұрып,  «бүгінгі  бейбіт  тірлігіміз  бен  жарқын  болашағымызды  қорғап  тұрған 
алынбас  қамалға»  айнала  алды  деп  ойлаймын.  Бірақ  бұл  зиялылардың  осы  бағыттағы 
жұмысы жалғаспайды деген сөз емес. Олар алдағы уақытта да елдің берекесі мен бірлігін 
нығайтуға қызмет ете береді. Түрлі пиғылдар әлі де орын алып отырған кезде зиялылар 
дамылдамауға тиіс. Бүлдіру – оңай, бүтіндеу – қиын. Осыны естен шығармаған абзал. 
Жұмабек КЕНЖАЛИН
журналист, Президент сыйлығының лауреаты
Араздық  дәнін  себушілерге  қарсы  тұрып,  көрегендік  танытқан 
зиялыларымыз – бүгінгі бейбіт тірлігіміз бен жарқын болашағымызды 
қорғап тұрған алынбас қамал. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи зерде 
кешінде жасаған баяндамасынан. Алматы, 14 желтоқсан 1994 жыл

25 байлам
25 БЕЛЕС
210
Мен  жеткен  жеңістерім  мен  алған  асуларымды,  ең  әуелі  туған 
халқыммен байланыстыруға дағдыланған адаммын. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Н. Оразалинмен сұхбатынан. 
14 сәуір, 1995 жыл
Х
алқымыздың «Ұлық болсаң, кішік бол!» – деген нақылын барша әкімдер мен 
шенеуніктер,  жалпы  билік  басындағылар  Елбасымыздай  қастерлесе  ғой,  онда 
көптеген келеңсіздіктер, бассыз дықтар, жүгенсіздіктер сап тиылар еді. 
Тіптен  өздерін  туған  халқынан  биік  қоятынын,  аяқтары  салбырап  көктен  түсе 
қалғандай көрінетіндерді қайтерсің?! Әсіресе, бүгінгі «жаңа қазақ» атанып, халықтың 
тірнектеп  жинаған  игілігін  «жекешелендіріп»,  қармап  қалған  немесе  парақорлықпен, 
жемқорлықпен  жалмаған  немесе  рейдерлікпен  қоқан-лоққы  көрсетіп,  басып-жаулап 
алған  байсымақтар  сол  игіліктерді  жасаған  халқын,  ел-жұртын  өздерінен  кем  санап, 
мұрындарын шүйіретінін көріп те жүрміз. Тағы бір тексіздікке барабар қылықты да халық 
байқамай, аңғармай отырған жоқ. Елбасының қамқорлығымен, демеп, көтермелеуімен 
билік  не  үлкен  игілік  иесі  болып  алып,  бәріне  өз  қабілетіммен,  өз  мықтылығыммен 
жеттім дегендей сыңай білдіріп, заңдылықты, құқықтықты әбден таптап, адамгершілік 
ауылынан алыстап, көрсоқыр лық қылықтарға барып қалатындар да бар. Мұндайлардың 
да  аракідік  кездесетінін  айт пай  кетуге  болмас.  Әйтпесе,  қаншама  адам  әшкереленіп, 
істі  болып,  сотталып  жатса  да,  жемқорлармен,  парақорлармен  күрес  неге  пәрменсіз? 
Құқықтық мемлекет болу жай арман күйінде қалып қоймауға тиіс.
Ұлы Абай бабамыз осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын былай деген: бес нәрседен 
қашық  бол  –  өсек,  өтірік,  мақтаншақ,  еріншек,  бекер  мал  шашпақ.  Қазіргі  жағдайда 
бұл  бесеуі  тағы  бес  құбылып,  жымысқыланып,  түрленіп,  өңін  өзгертіп,  қитұрқыланып, 
«жаңашаланып»  алды.  Ал  –  талап,  еңбек,  терең  ой,  қанағат,  рақым  сияқты  бес  асыл 
іске асық болу шаруасы анау бесеудің басын мүлдем көтертпейтіндей жеңіп шықты деп 
айтуға әлі ертерек секілді. Бұл іс үш басты емес, бес басты аждаһамен саяси-әлеуметтік, 
қаржы-экономикалық, шар уашылық, мәдени-өркениеттік, руханилық, тұрмыс-болмыстық 
майдандарда өліспей беріспейтін шайқасқа әкеліп тіреп отыр. 
Мінеки, Елбасының жоғарыдағы жүрекжарды сөзі – жай айтыла салған әңгіме емес, 
мән-мағынасы терең, философиясы мазмұнды уәж. Осы тұрғыдан келгенде, Елбасының 
кешегі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрметпен қарауы, бүгінгі қарапа йым халықтың 
мұң-мұқтажын,  әл-ауқатын  күйттеуі,  келер  ұрпақтардың  тыныс-тіршілігін,  болмыс-
бітімін алдын ала болжай білуі – тек көрегендіктің үлгісін көрсететін құзырлы қадам, 
мәрт әрекет болмақ.
Мемлекет басшысының осыдан жиыр ма бір жыл бұрын айтқан сөзінің өміршеңдігіне 
халықтың көзі әлдеқашан жетті деп ойлаймын.
Дәуренбек ӘУБӘКІР, 
философия ғылымдарының докторы, 
профессор

25 байлам
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
211
Ұ
лт  көшбасшысы  қазақ  халқының  тарихи  санасының  қалыптасуын   тә уелсіздік 
идеясымен  байланыстырады.  Өйткені,  кез  келген  халықтың  өзіндік  тарихи 
санасындағы  қатпарлы  ақиқаттардан  туған  жерді,  ата  мекенді  немесе  Отанды 
жатжерліктерден қорғап, еркіндікті сақтап қалуға қатысты тарихи уақиғалар мәңгіге 
орын алады.
Тәуелсіздік түсінігі – әрбір халық үшін мейлінше қастерлі ұғым. Оның тағлымы терең 
астарларын тарихтың қойнауынан, ата-бабамыздың өткенінен, сан ғасырлық арманынан 
іздеген  жөн.  Сонау  сақ  заманынан  бері  ата  қонысты  түрлі  жаудан  қорғап,  қасық  қаны 
қалғанша шайқасып, ұлан-ғайыр жерді ұрпағының қолына аманаттаған батырларымыздың 
мақсат-мұраты елдің тұтастығын сақтау болғанына дау жоқ.
Мәуелі ағаштың тереңге бойлап, құнарлы топырақтан нәр алатын тамырынсыз жапырақ 
жайып  көгермейтіні,  жеміс  бермейтіні  сияқты  қазіргі  заман  да  өткеннің  тарихынан 
тағылым  алып,  сабақтастығын  сақтамаса,  келешектен  күдер  үзері  сөзсіз.  Әсіресе,  дәл 
бүгінгі заманның талабын ескерсек, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «еменнің 
тамыры терең болмаса, дауылға шыдас бере ме?».
Иә,  бұл  сөзді  Президент  Алтайдан  Кас пийге  дейін  созылған  қазақ  даласының 
төскейіндегі Ұлытаудың төрінде айтып еді. Жалпы, бұл сұхбат стратегиялық бағдарлама 
болмаса да, соның жүгін арқалап, елдің өткені мен бүгінін, келешегін, тілі мен дінін, 
әлеуметтік  экономикасы  мен  саяси  және  мәдени  жағдайын  қозғады.  Елбасы  ауызекі 
сөйлеу мәдениетінің үлгісін көрсетіп, қазақы сөз орамдарымен, майын тамыза сөйледі. 
Бұл өзі бір дер кезінде берілген әрі рәміздік тұрғыдан мекені де дәл табылған сұхбат 
болды. Уақыт пен кеңістік бір нүктеде түйіскендей еді.
Бірнеше  ғасырларды  қамтыған  отаршылдық  нәтижесіндегі  рухани  күйзеліс тен  кейін 
тәуелсіздігіне  қол  жеткізген  Қазақстанның  қазіргі  жағдайында  ұлттық  бірегейлік  пен 
мәдени тұтастықты қалыптастыру ең көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Барлық ізгі 
рухани белсенділіктер басылып қалатын жағдайдан шығып, шынайы еркіндікке қол жеткізу 
қазіргі  жаhанданудың  қатаң  бәсекелестігі  жағдайында  саяси,  әлеуметтік-экономикалық 
дербестікпен  қатар  рухани  тәуелсіздікке  ие  болуды  да  қажет  етеді.  Елбасы  айтқандай, 
«бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілі» әлі де талай 
игілікке жеткізетіні анық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет