Мадияр КЕНЖЕБОЛАТ,
экономика ғылымдарының кандидаты
Еуразиялық интеграция – бізге екі мыңжылдық белесінде тарихи
прогрестің объективті қадамын ашқан ұлы мүмкіндік.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінен. 28 сәуір, 2014 жыл
25 ұйғарым
25 БЕЛЕС
172
Жасыл Ел дегеніміз – Мәңгілік Ел. Біз елімізді жапырағы қуармайтын,
тамыры суалмайтын, көрген жан тамсанбай тұра алмайтын Мәңгілік
Жасыл Елге айналдыруымыз керек. Кейінгі ұрпаққа желде ық, суықта
пана, ыстықта сая болатын Мәңгілік Бәйтерек тұрпатты Жасыл Елді
табыстауымыз қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінен.
18 сәуір, 2014 жыл
Қ
азіргі таңда елімізде ормандарды қорғаудың, орман шаруашылығын тиімді
жүргізудің, ағаш отырғызу көлемін ұлғайтудың, елді мекендерді көгалдандырудың
маңызы ерекше болып отыр. Осыған орай республикамызда Үкіметтің қаулысымен
«Жасыл ел» бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру
үшін жастарға зор сенім артылды. Сөйтіп, жастар еңбек жасақтарының штабы
құрылды.
«Жасыл ел» жас ұрпақ бойына патриоттық және экологиялық тәрбие беріп, елдегі
жұмыссыздық көлемін азайтуды бас ты мақсат етеді. Нәтиже де жаман болған жоқ.
Мәселен, Алматы облыстық «Жасыл ел» штабы соңғы жеті жылда бес жарым мыңнан
астам жұмыссыз жастар мен студенттерді еңбекке тартты. Үш жарым миллионға жуық
көкжелек отырғызылып, елді мекендер абаттандырылды.
Орман алқаптарын қалыптастыру, орманды өңірлерді ұлғайтуда да көптеген жұмыстар
атқарылуда. Қала маңдарын көгалдандырудың пайдалы тұстары көп екені белгілі. Астана
маңында орман отырғызу тәжірибесі көрсеткендей, мұндай жерде биоалуандық пайда
болады. Осыдан он бес жыл бұрын егілген ағаштар бүгінде орманға айналып, қырғауыл,
қарсақ және басқа да құстар мен аңдардың өсіп-өне бастағанын байқаймыз.
Аталған бағдарлама 2008 жылға дейін белгіленгенімен, ол бүгінгі күні де жалғасын
табуда. Бағдарламаның арқасында қырық төрт миллион түп ағаш отырғызылды, оған
екі жүз мыңдай жастар қатысты. Жас ұрпақты жасыл желек өсіру ісіне тартудың
символдық мәні бар.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының ерекшелігі зор. Кезінде ата-бабаларымыз
осы күндері тазалыққа, әсіресе, көгалдандыру мәселесіне айрықша мән берген. Наурыз
келгенде ауылдың іші-сыр ты күл-қоқыстан тазартылған. Арық бойына жас көшеттер
отырғызылған. Ағашқа мән бергеннің арқасы шығар, кейінгіге «Бір тал кессең, он тал
ек» деген мағыналы сөз қалған. Кейінгі жылдары бұл дәстүр жалғасын тауып келеді.
Осыдан қол үзбеуіміз қажет.
Өңірлердің жасыл желекке бөленуі – өте қажет іс. Ағашымыз көп болса, мұның
экологияға тигізер әсері де мол. Яғни, шаң-тозаң араласқан ауаны емес, денсаулығымыз ға
пайдалы ауаны жұтамыз.
Ауамыз, суымыз таза болса, бұл дені сау, саламатты ұрпақ өсуінің кепілі. Олай болса,
елімізді жасыл елге айналдыру – мерейлі мақсат.
Жұмабек КЕНЖАЛИН,
журналист, Президент сыйлығының лауреаты
25 ұйғарым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
173
П
резиденттің бұл тұжырымы – ана тіліміздің мәртебесін үстем ету мен қолдану
аясын кеңейтудегі басты алғышарт, тілді өркендетудегі ең бір қарапа йым
қағида. Бұл қағида – мемлекеттік тіл дәрежесін иемденбеген күннің өзінде тілді
сақтаудың бірден-бір жолы.
Кез келген істің нәтижесі сол қарапайым қағиданың өз дәрежесінде орындалуына
байланысты. Ту тігіп, тәуелсіз орда көтергенімізге ширек ғасырдай уақыт озса да, дәл
осы тақырып бір сәтке маңызын жойған емес. Туған тілдің тағдырына күйзелген ұлт
жанашырлары қазақтың қалғыған намысын оятпақ болып, басылым беттерінде тоқтаусыз
дабыл қағуда. Алайда кейбір қандастарымыз, өкінішке қарай, қазақы қалыбына әлі қайтпай
отырғаны жасырын емес. Қаны бір қазақ бола тұра олардың мемлекеттік тілді меңгере
білмеуіне, үйренуге талпынбауына не кедергі?! Жоқ әлде әуезді әлдиін айтып, ақ сүтін
берген ардақты анасының тілінде сөйлеуге арлана ма?! Жарау ат, жалаң қылышпен жарты
әлемді жаулаған көшпелі бабасының қасиетті тілінде пікір алмасуға қорлана ма?! Сол
шіркіндер құлдықтың қамытын киіп, «қанына тартпағанның қары сынатынын» білсе ғой,
әттең! Атақты Абылайдай бабасы ата жауына қарсы сап түзеп соғыс ашқалы тұрған қалың
сарбазға пәрменін осы тілде бермеп пе еді! Кешегі отаршыл билікке оқ болып атылған
Ахметтей (Байтұрсынов) аяулы ағасы ғазиз басын құрбан етіп осы тіл үшін өлмеп пе еді!
Мемлекеттік тілдің мерейін тасыту үшін бүгінде үкімет қарапайым халыққа керекті
жағдайдың бәрін жасауда. Туған тіліміздің жалауын желбірету үшін жыл сайын қазынадан
қоржындап ақша да бөлініп жатыр. Айбынды Ата Заңымыздың тіл туралы тарауына сәйкес,
қазіргі таңда Қазақстан Рес публикасының аумағындағы кез келген мекеме орындарының
іс-қағаздары түгелдей мемлекеттік тілде жүргізілуде. Елбасы журналистерге берген
сұхбатында да, халыққа жолдауында да: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!» деп ескертіп
келеді. Бұл от басы, ошақ қасынан басталатын жайт. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілерсің» демей ме атам қазақ? Туған тілдің тағдырын ойлайтын әрбір алаш баласы ұядағы
ұрпағының тәрбиесін қолға алуы керек. Елінің ертеңі саналатын бүгінгі бесікте жатқан
бөбегін баба тілдің уызына жарытып, халқымыздың күре тамырына қан болып құйылған
төл әдебиетіміздің бай қазынасымен баулуы ләзім. Жасынан тарихын танып, бабалар
ерлігін санасына сіңіріп өскен ұл ертең елін емірене сүйетін, Аймауытовша айтсақ, нағыз
«ұлт қызметкеріне» айналары анық. Осылайша ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлсек, қазіргі
қазақ қоғамын теңіздей толқытқан мемлекеттік тіл мәселесі де өздігінен шешілмек! Бұған
әр қазақ өзін жауапты сезінуі тиіс.
Құныпия АЛПЫСБАЕВ,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан–2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан.
14 желтоқсан, 2012 жыл
25 ұйғарым
25 БЕЛЕС
174
Біздің еліміздің атауында Орталық Азиядағы басқа мемлекеттердегі
сияқты «стан» деген жалғау бар. Шетелдіктер халқы небәрі екі миллион
адамды құрайтын Моңғолияға қызығушылық танытады, оның
атауында «стан» жалғауы жоқ. Уақыт өте келе еліміздің атауын «Қазақ
елі» деп өзгерту мәселесін қарастыру керек шығар, бірақ мұны алдымен
халықпен ақылдасқан жөн.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Атырау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесуде сөйлеген сөзінен.
6 ақпан, 2014 жыл
«Қ
азақстан Республикасы» деген атау еліміздің басты заңы – Конс титуцияда
бекітілген. Бұл атаудың «Қазақ Республикасы» болып қалыптасуы да мүмкін еді.
Күні кеше КСРО құрамында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы» деген атпен де
жүрдік қой. Алайда таңдау «стан» қосымшасына түсті. Оған соншалық қажеттілік тумаса
да, парламентшілер көпшілік дауыспен осылай шешті.
Асылында «стан» сөзі қазақтың төл сөзі емес. Қоныс, мекен ұғымын беретін кірме
сөз. Соған сәйкес «Қазақстан» біріккен сөзі – Қазақ мекені немесе қонысы түрінде
қабылданады. Бұдан «стан» сөзін еркін алып тастауға болатынын көреміз. Тура
мағынасында «Қазақ қонысы Республикасы» деген тіркестің саяси да, мағыналық та,
әлеуметтік те мәні жоқ. Ендеше, ендігі таңдау «Қазақ Республикасы» немесе «Қазақ
Елі» болуға тиіс. Бұл – халықтың, ел зиялыларының талайдан айтып жүрген ұйғарымы.
Президент ұсынысы көптің сол талап-тілегімен астасып жатыр.
Бұл байламдар Еуропа елдері үшін жаңалық емес. Ұлттық мемлекет құрып отырған
оларда ұлттық сезім ашық сипат алып келді. Әлі де солай. Германияда ФРГ-ның көрнекті
тұлғасы, бұрынғы федералдық канцлер К. Аденауэрдің: «Мен неміспін, әрқашан болғанмын
және өзімді ылғи осылай сезінемін» деген сөзі бүгін де жиі айтылады. Француздар Де
Гольдің: «Франция – егер француз алғашқы қатарда тұрса ғана – нағыз Франция» дегенін
ұмытқан жоқ. Ал біздің ұстанымымыз – қазақ халқының және қазақ тілінің біріктіруші
күш ретінде тұлғалануы. Қазақ Елі атанатын ұлы күнге бастайтын қуат осы.
«Қазақ мемлекеті» – «Қазақ елі» атауының егіз ұғымы. Екеуін бір-бірінен бөліп қарауға
болмайды. Олардың тұғыры – тіл, қазақ тілі, мемлекеттік тіл. Президент қадап айтқандай,
«Толыққанды тілсіз толыққанды ұлт болуы мүмкін емес». Толыққанды ұлтсыз ұлттық
мемлекет қалыптаспайды. Ұлттық мемлекет қана Қазақ елін тарих сахнасына шығарады.
Бұл ақиқат тұжырымдар ел үкіметінен, барлық мемлекеттік билік құрылымдары мен
саяси партиялардан қазақ тілін жалпы қазақстандық ортақ құндылыққа айналдыруды талап
етеді. Қазақ тілін еркін меңгерген біртұтас қауым – Қазақ елінің берік тұғыры. Сондықтан
барлық іс-әрекетіміз, елдегі ұлт өкілдерін Қазақ Елі атануға бе йімдейтін қадамдарға
арналуы керек.
Алдан СМАЙЫЛ,
жазушы,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
25 ұйғарым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
175
Қ
азақ халқының ұлт болып ұйымдасуының сонау қайнар бастауындағы тарихи тұлға
Асан Қайғының «Жерұ йық» идеясы туған жердің киелілігі мен маңыздылығын
қадірлеуге шақырды.
Қазақ хандығын сақтап қалу үшін жоңғарлармен күрес заманында халықтың саяси
және рухани әлемінде «Атамекен» идеясы тұрғаны белгілі. Елінің қамын ойлаған әрбір
ақын да, жырау да, би мен шешен де осы мәселені, осы халықтық идеяны айналып өткен
жоқ. Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» идеясы, Абайдың «Адам бол!» деген қанатты
сөзінен кейінгі этнос тық сананың жаңа тарихи кезеңде жаңа құндылықтар жүйесіне бет
бұра бастағаны анық. Қазақ халқы үшін ұлттық идеяны іздеген Мұстафа Шоқай мен
Әлихан Бөкейханов сынды көптеген қазақ зиялылары қазақ халқының ХХ ғасырдың
басында өзіндік ұлттық келбетінің қалыптасуын қалады. Ал енді тарихи белестерге
көз жүгіртіп қазіргі Қазақстан жағдайында әлемге паш етілген «Мәңгілік ел» ұлттық
идеясының өзіндік тарихи, мәдени және дүниетанымдық негіздері бар екеніне күмән
келтірмейміз. Ұлттық идея алдымен өзінің кіршіксіздігімен, болашаққа деген үміттің
жарқын бейнеленуімен ерекшеленуі тиіс, сонымен қатар оның таза практикалық мағынасы
болғаны абзал. Басқаша айтқанда, ол – мемлекеттік идеологияның нақтыланған, тарихи
кезеңге бейімделген моделі іспетті феномен.
Жалпы, ұлттық идея Қазақстан жағдайында жергілікті тұрғындарды ғана кемел ді
болашаққа жетелейтін бағдар, көшбасшы ой-тұжырым ғана емес, сонымен бірге алыс-
жақын шет елдердегі қандастарымыз дың жүрегін жібітетін, көңілдерін биікке көтеретін,
рухани деңгейде қауымдастыққа демеу болатын қасиетке ие болуы керек. Демек, ұлттық
идея әсіресе жас ұрпаққа, жас отбасыларға ауадай қажет құдіретті әлеуметтік-рухани күш
болуға тиіс. Ал әртүрлі этникалық, діни, әлеуметтік топтарды бір-біріне қарама-қарсы
қоюды, олардың ірге жігін ашуды мақсат еткен жалпы мемлекеттік идея түбінде сол елдің
ыдырауына, мемлекеттің құлдырауына әкеліп соғады. Империялардың бәріне тән ортақ
осал тұсы – саяси және әскери күшке ғана арқа сүйеп, жүйені қатаңдықпен ұстап тұру әдеті
мен дәстүрі. Сондықтан әртүрлі империялар тарих сынағына шыдамай үнемі ыдырап кетіп
отырды. Көптеген тарихи-мәдени, әлеуметтік сабақтастықты қамтамасыз ететін фактор
ретіндегі идея жасампаз болып келеді.
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы қазақстандықтардың, қазақтардың түбегейлі халықтық
мүддесіне сәйкес келетіні айғақ. Қазақстанның мәңгілік болуын армандаған Елбасымыз
адал еңбек етіп, барлық шығармашылық талпыныстарымызды паш етуге шақырады. Бұл
ұлттық идеяны өмірде жүзеге асырудың әмбебап технологиясы болып табылады.
Серік НҰРМҰРАТОВ,
философия ғылымдарының докторы,
профессор
Менің арманым, ойым – Қазақстанның мәңгілік болуы. Сондықтан
«Мәңгілік Ел» деген идеяны ұсындым.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Ұлытау төрінде берген сұхбатынан. 25 тамыз, 2014 жыл
25 ұйғарым
25 БЕЛЕС
176
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға 255 миллиард доллар тікелей
шетел инвестициясы тартылды. Бұл – елімізге және жүргізіліп жатқан
реформаларға деген сенімнің көрсеткіші.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
IX Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінен.
26 мамыр, 2016 жыл
Қ
азақстан өзінің тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан-ақ отандық
өндіріс пен өнеркәсіпті дамыту ісіне шетелдік инвестициялар тартуды шұғыл
және батыл қолға алды. Сол тұста жаңа ғана қаз тұрып, қатарға қосылып келе
жатқан егемен елімізді әлем өркениетінің көшіне ілестіріп әкетуге мүмкіндік беретін
басқалай жол жоқ еді.
Сол бір қиын-қыстау кездері елімізге шетел капиталын әкелуге бірінші кезекте жеріміздің
орасан қазба-табиғи байлығы ғана емес, мемлекеттің даму бағыты мен Нұрсұлтан
Назарбаевтың жеке кепілдемесі себеп болды. Бұл істе Мемлекет басшысының өз еркімен
ядролық қарудан бас тартуы да аз рөл атқарған жоқ. Жұмыстың табысты жүргізілуіне 1998
жылғы 30 маусымда Президент жанынан құрылған, бүгінгі күнге дейін жүйелі, тұрақты
түрде жұмыс жүргізіп келе жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесі айтарлықтай серпін берді.
Елбасының тапсырмасымен Үкімет сырт қы қарыздарға емес, тікелей инвестицияға
басымдық беру саясатын ұстанды. Соның нәтижесінде 1993-2002 жылдары
инвестициялардың жалпы көлемі 17,7 млрд АҚШ долларын құрады. Оның негізгі
капиталдағы өсімі 26,4 пайыз болды. Сол кездері әлем экономикасы өте қиын жағдайда
тұрғанына қарамастан, еліміз осы салада жақсы көрсеткіштерге жетті. Қазақстан
экономикалық қайта құрулар мен халықтың жан басына шаққандағы инвестиция
көлемі жөнінен Орталық және Шығыс Еуропа, ТМД мемлекеттері арасында көшбасшы
үштіктен табылды.
1993-2010 жылдары Қазақстан экономикасына тікелей 126,6 млрд АҚШ доллары
көлемінде инвестиция құйылды. Ал 2010 жылы басталған Индустрияландыру
бағдарламасы осы бағыттағы жұмыстың тың қарқынмен қолға алынуына тікелей
мұрындық болды. Айталық, 2013 жылы ол 11,1 млрд долларды құраса, 2014 жылы
9,6 млрд сомасына жетті.
Жалпы, соңғы 11 жылдың ішінде бізге тікелей келген инвестиция 212 млрд АҚШ
долларына жетті. Сонда Тәуелсіздік жылдары бедеріндегі көрсеткішіміз 255 млрд долларға
барып тиянақталады. Ең үлкен инвесторлар – АҚШ, Еуропа елдері, Қытай және Ресей.
Еркін ҚЫДЫР,
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті»
АҚ басқарма төрағасының орынбасары,
Президент сыйлығының лауреаты,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
VI Астана экономикалық форумы. 23 мамыр, 2013 жыл
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
25 БЕЛЕС
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
VI Астана экономикалық форумы аясында Нобель сыйлығы
лауреаттарымен кездесу. 23 мамыр, 2013 жыл
25 БЕЛЕС
Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы. 10 қыркүйек, 2013 жыл
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
25 БЕЛЕС
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақ»
бағдарламасының мерейтойлық форумына қатысушылармен кездесуі.
29 қараша, 2013 жыл
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
25 БЕЛЕС
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс.
14 желтоқсан, 2013 жыл
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған
салтанатты жиналыс. 14 желтоқсан, 2013 жыл
25 БЕЛЕС
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Атырау облысының
жұртшылық өкілдерімен кездесуі. 6 ақпан, 2014 жыл
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Атырау облысының
жұртшылық өкілдерімен кездесуі. 6 ақпан, 2014 жыл
25 БЕЛЕС
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы. 18 сәуір, 2014 жыл
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы. 18 сәуір, 2014 жыл
25 БЕЛЕС
Мәскеу мемлекеттік университетінде. 28 сәуір, 2014 жыл
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
25 БЕЛЕС
Түркияның Бодрум қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық
кеңесінің 4-саммиті. 29 мамыр, 2014 жыл
25 ұйғарым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
193
25 байлам
25 байлам
25 БЕЛЕС
194
Немене, тәуелсіздікті тек қана соғыспен, қантөгіспен алу қажет пе?
Біз тәуелсіздігімізді ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Егеменді Қазақстан» газетінің бас редакторы Шерхан Мұртаза және
«Казахстанская правда» газеті бас редакторының бірінші орынбасары
Сергей Степановпен Қазақ теледидарында өткен сұхбатынан.
23 маусым, 1992 жыл
Қ
азақ жеріне, қазіргі Қазақстанның этно-әлеуметтік және этно-саяси кеңістігіне
тәуелсіздіктің келуі кездейсоқ жағдай емес.
Қазақ халқы талай ғасыр бойы бойғы ұлттық арман-тілектерінің жүзеге асу сәтін
шыдамдылықпен күтті. Тарихқа көз жіберсек, Қазақстан тәуелсіздігін, саяси егемендігін,
алғашқы мойындаған, қабылдаған мемлекет – туысқан Түркия мемлекеті. Оны көпшілік
білгенмен, одан кейін іле-шала мойындаған Румыния мемлекеті екенін қалың жұртшылық
біле де бермейді.
Кеңестік жүйенің қирауымен бірге көптеген азаматтардың құндылықтары да біршама
өзгерді. Бұрынғы ұстанымдардың орнына жаңа нарықтық жүйе бағдарлары орныға бастады
және ол біздің еліміздің әлеуметтік-мәдени ахуалында көптеген жаңа мәселелерді күн
тәртібіне қойды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, біздің пайымдауымызша, мемлекетті
қалыптастыру міндетін атқару қызметін еліміздегі жетекші ұлттың, қазақтың лайықты
деңгейде орындауы болып отыр. Ол тарихи рөлді, мәртебелі миссияны қазіргі кезеңде
қазақ халқы ла йықты атқара алатынына ешқандай күмән жоқ. Оған күмәнданушылар
бұрынғы социалистік кеңестік дүниетанымды, тәртіпті көксейтіндер екені белгілі.
Мәселе осы халықтың рухани құндылықтарын, тарихи жәдігерлерін еліміздегі әлеуметтік
кеңістікте жалпыұлттық деңгейдегі дүние деп қабылдау керек екенінде болып отыр.
Оның уақыты қазіргі заманауи кезеңде толық жетті деген ойдамыз. Өткен ғасырдың
аяғында туындаған тарихи жағдай көптеген ТМД халықтары үшін жаңаша саяси және
мәдени өмір бастаудың кезеңіне айналды.
«Тәуелсіздік» деген ұғым бұрынғы тарихты, бұрынғы жақсы қарым-қатынастарды,
мәдени сабақтастықты, экономикалық байланыстарды жоққа шығару емес. Тәуелсіздік
негізінен әлемдік мемлекеттер жүйесінде сол елдің басқа өркениетті елдермен тең
құқықтылық мәртебесіне ие болуын қамтамасыз етеді. Қоғамның дамуы барысында
іргелі басымдылықтарды анықтау жөніндегі таңдау құқығының өз құзырында болуына
жағдай туғызады.
Қазақстан алғаш құрылған күннен бастап қандай қиын жағдайға тап болғанына
қарамастан сырттағы қандастарымызға қамқорлық жасауды назардан тыс қалдыр-
ған емес. Олардың тарихи атамекеніне біртіндеп оралуына, азаматтық мәртебеге
қол жеткізуіне, тұрғын үйлермен қамтамасыз етілуіне, әлеуметтік жәрдем берілуіне
Қазақстан тарапынан елеулі қадамдар жасалды. Тәуелсіздіктің бір жемісі – осы.
Серік НҰРМҰРАТОВ,
философия ғылымдарының докторы,
профессор
25 байлам
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
195
Б
ұл – қазақ тарихы туралы дәл айтылған аталы сөз. Елбасының «Ұлы далада күллі
Еуразия құрлығын уысында ұстаған алып мемлекеттер болған. Алып кеңістікті
ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген. Бүгінгі Қазақстан –
сол бабалардың заңды мұрагері» деген сөзі де қазақ мемлекеттілігі тарихының тым
тереңде жатқандығының дәлелі.
Расында да, қазақ – осы ұлы далада туып, өзінің ұзына бойы тарихында талай мемлекеттер
орнатқан, хандары алтын сарайларда тұрған, алтын тақта отырған халық. «Көкте Тәңірі,
төменде қара жер жаралғанда, екеуінің ортасында адам баласы жаралған. Адам баласына
ата-тегім Бұмын, Естеми хан болған. Сөйтіп, дүниенің төрт бұрышын алған, дүниенің төрт
бұрышы соларға қараған» деген «Күлтегін» жырындағы тасқа қашалып жазылған тарихи
жолдар Елбасының сөзін растай түседі.
Ұлы Далада керегесін кең жайған, әлемге әйгілі Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Түрік қағанаты,
Оғыз, Түркеш, Қарлық, Қарахан Қимақ, Дешті Қыпшақ, Моғолстан, Жошы ұлысы, Алтын
Орда, Көк Орда, Әбілха йыр хандығы, Қазақ хандығы – әрқалай аталғанмен, бәрі де қазақ
мемлекеттері еді. Шыңғыс ханның ата-бабалары шыққан жер де – осы ұлы дала өңірі.
Шыңғысханды ақ киізге көтерген де қазақ тайпалары, қазақ билері болатын.
Месопатомия, Вавилон, Ассирия, Рим өркениетін жасаған да «Көшпенділер»,
«Жабайылар» атанған сол ұлы далалықтар еді (арилер, шумерлер, этрускилер). Бір қызығы,
олар барған жерінде сол жердің халқымен сіңісіп, түрлі мемлекет орнатқан. Керісінше,
өркениет ошағы делінетін сол өңірлерден ешкім келіп, ұлы далада мемлекет орнатыпты
дегенді тарих білмейді. Бұл шындықтың да айтылатын уақыты келді.
Осының бәрі Н.Ә. Назарбаев айтып отырған тамырын тереңнен тартатын қазақ
мемлекеттілігінің үш мыңжылдық тарихын құрайды. Шаңырақ көтергеніне 550 жыл толған
қазақ хандығы – байтақ, байырғы қазақ тарихының бір ғана кезеңі. Қаз дауысты Қазыбек
би атамыз айтқандай, біз – ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған
елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзымыз ды ақтай білген елміз. Қазақ – ешкімнен
ұялмайтын осындай тарих жасаған халық.
Тұтас қазақ тарихы әлі жазылған жоқ. Кезінде жаздырмады. Біздің тарихымызды
өзгелер жазды. Бұрып жазды. Қазақтың шын тарихын жазудың заманы енді туды.
Достарыңызбен бөлісу: |