Азат ҚОНЫСБЕК,
Германияның «Jumo» өндіріс компаниясының Қазақстандағы өкілі,
инженер-кәсіпкер
Егер жиырма жыл бұрын КСРО қосполярлы әлемді бірполярлыға
айналдырған болса, қазір бірполярлы әлем көпполярлы жүйеге айналып
келеді. Сіз бен біз ірі құрлықтық бірлестіктердің қалыптасу үдерісіне белсенді
қатысушы болатын күн де тіпті алыс емес. Ал әзірге экономика мен қаржы
жүйесінің дағдарыстан кейінгі дамуында әлі де зор беймағлұмдық бар.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
ІІІ Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінен. 1 шілде, 2010 жыл
25 ұсыныс
25 БЕЛЕС
148
Жаңа қаржылық архитектураны жасайтын уақыт келді. Оның
ядросы қаржылық нарықтарды реттеу мен қадағалаудың жаһандық
жүйесі болуы тиіс. Мен жаһандық экономика үшін жаһандық жаңа
валюта қажеттігін табанды түрде алға тартамын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
ІІІ Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінен. 1 шілде, 2010 жыл
Е
лбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «G-global» жобасы маңызды әлеуметтік-
экономикалық проблемаларды мемлекетаралық деңгейде талқылауға арналған.
Оның ішінде осыдан 7-8 жыл бұрын басталып, бүгінде бүкіл әлемді теңселтіп тұрған
қаржы дағдарысын еңсерудің негізгі жолдары қарастырылады. Яғни, G-global алаңы
дағдарыс тан шығуға мүмкіндік береді.
Нақты мәселелермен тиянақталған «G-GLOBAL» жобасы арқылы Елбасы G-8
немесе G-20 деп 8 не 20 ірі мемлекеттің бүкіл әлем тағдырын өздері ғана шешуіне жол
бермей, жаһандық мәселелерді бірлесе талқылау форматын ұсынды. Президентіміздің
G-GLOBAL жобасы көпполярлылық жағдайындағы әлем құрылысының бес қағидаты
негізінде ХХI ғасырда көптеген жаһандық мәселелер бойынша шешім іздеуді табысты
жүргізуге жол ашуды ұсынады. Ол қағидаттар: эволюция, саясаттағы революциялық
өзгерістерден бас тарту; әділеттілік, теңдік, консенсус; жаһандық тағаттылық пен сенім;
жаһандық транспаренттілік және сындарлы көпполярлылық.
Президентіміздің осы негізгі халықаралық бастамаларының түйіні: әлемдік қаржылық-
экономикалық жүйені реформалаудың кешенді жобасын жасау; ядролық қарудан азат әлем;
әлемдік және дәстүрлі дін съездері; Еуроатлантикалық және Еуроазиялық қауіпсіздіктің
біртұтас құрлықтық платформасы, жаһандық энергетика бағыты және «Жасыл көпір».
Бұл – дағдарыстан сенімді қорғалған, тиімді әлемдік валютасы бар, сауда мен
ынтымақтастықтың әділетті жүйесі орнаған, гүлденген жаһандық экономика. Ол – жоғары
технологиялар барлық адамдардың бақыты мен аман-саулығына қызмет ететін әлем.
Бұл – аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің мығым негіздері орнаған, халықтар мен
мемлекеттер арасындағы әділеттілік пен сенім әлемі.
Жаһандық экономикалық дағдарыс өріс алып келе жатқаннан бастап долларға
балама валюта табу қажеттілігі туралы сарапшылар ғана емес, ірі мемлекеттердің
көшбасшылары да айта бастады. Көптеген әлемдік қаржы орталықтары мен әлемдік
қор валюталары есебінен жаһандық қаржы жүйелерінің тұрақтылығын арттыруды
ұсынады. Сондай батыл мәлімдемелерден соң көптеген елдерде долларды ауыстыруы
тиіс жаңа халықаралық валюта құру қажеттігі туралы жиі айтыла бастады. Сарапшылар
пікірінше, G-Global бастамасын ХХІ ғасырдағы әлемді реттеу дің маңызды қағидалары
және болашақ әлемнің идеяларын топтастырушы құрал ретінде қарастыру керек. Бұл –
Астананың, оның көшбасшысының және негізін қалаушысының идеясы. Бүгінде бұл
идеямен әлем елдері етене таныс.
Мырзагелді КЕМЕЛ,
қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы,
профессор
25 ұсыныс
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
149
Б
үгінде Еуразия кеңістігіндегі елдер әлемдік өнімнің жартысынан көбін өндіреді.
Оған қоса бұл материкте әлем халқының үштен екі бөлігі мекендейтінін ескерсек,
аталған алып кеңістіктің жаһандық мән-маңызының қаншалықты екені өзінен-өзі
түсінікті болады. Сарапшылардың пікірінше, таяудағы онжылдықта бұл құрлықтың
маңызы тек арта түседі деп болжанып отыр. Сондықтан, Елбасы айтқандай, бұл
құрлықта терең әрі жүйелі ықпалдас тық орнатып, оны дамытудың маңызы орасан.
Аймақтық еуразиялық интеграция, Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің (оның
қатарында біздің мемлекет те бар) өзара интеграциялық қауымдастығы олардың
әрқайсысының ұлттық егемендігі мен тә уелсіздігін, тұрақтылығы мен қауіпсіздігін
одан әрі қамтамасыз ету үшін де өте қажет. Осыған басымдық беріп, үнемі назарда
ұстау үшін бұл үдеріс ықпалдастықтың жалпы бағытымен үндесетін, әлеуметтік-
тарихи субъектілердің өзіндік егемендігі, дербестігіне нұқсан келтірмейтін жеті басым
бағытқа бағдарлануы тиіс. Олар:
Бірінші. Сауданы дамыту және шекаралардың ашықтығы.
Екінші. Көлік және коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.
Үшінші. Өзара инвестицияны және технология алмасуды ынталандыру.
Төртінші. Капиталдың ортақ нарығын қалыптастыру.
Бесінші. Энергияның тұрақты және жаңар тылған көздері, таза энергетика.
Алтыншы. Адами ресурстар алмасу және оны жетілдіру.
Жетінші. Азық-түлік қауіпсіздігін қам та масыз ету арқылы өмір сүру деңгейін теңестіру.
Баршаға белгілі, біз бүгінде ресми түрде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы
ықпалдастықтың негізін қалаған үш мемлекеттің бірі ретінде серіктестерімізбен тығыз
қарым-қатынаста жұмыс жүргізудеміз. Ендеше, оның барысында Еуразиялық идеяның
ең негізгі қағидаттарынан ауытқымауды көздеуіміз шарт. Бұл – қазіргі кездегі нақты
талаптың бірі.
Құрлықтың нақ кіндік ортасында орналаса отырып, Еуразиялық интеграцияның
бастамашысы әрі үйлестірушісі болуға Қазақстанның әу бастан мүмкіндігі болды және
еліміз ол миссияны соңына дейін абыроймен жеткізе алатынына біздің еш шүбәміз
жоқ. Бұл ретте табысты интеграция тек елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып
қана қоймай, олардың өз іштерінде де ішкі реформалар жүргізуін талап ететінін де
ұмытпаған абзал.
Сәкен ЕСПАЕВ,
экономика ғылымдарының докторы
Мен Еуразия құрлығындағы терең әрі жүйелі ықпалдастық үдерістердің
нық сенімді жақтаушысымын және Еуразиялық интеграцияның негізгі
қағидаттары мен бағыттарын көрсететін бірыңғай құжат әзірлеу керек
деп есептеймін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
ІІІ Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінен. 1 шілде, 2010 жыл
25 ұсыныс
25 БЕЛЕС
150
Париж келісімінің базасында «жасыл» экономиканы дамытудың
жол картасы мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі
келісімшарт жасауды ұсынамын. Ол ауаға зиянды қалдықтарды
шығаруды азайтып қана қоймай, жерді, тұщы суды, биоортаны сақтау
жөніндегі шараларды қарастыру қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
IX Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінен. 26 мамыр, 2016 жыл
Ә
лемде «жасыл экономика» деген тіркес 2012 жылдың маусым айында Бразилияның
Рио-де-Жанейро қаласында «РИО+20» деген шартты атаумен өткен халықаралық
саммиттен кейін кеңінен қолданыла бастады.
Нұрсұлтан Назарбаев осы тұста аталмыш ұғымды елді бұдан әрі дамытудың бірінші
дәрежелі факторларының бірі ретінде белгіледі. Сондықтан Мемлекет басшысы
сол жылғы желтоқсанда «Қазақстан-2050» стратегиясын жариялаған Жолдауында
2050-жылға қарай «жасыл» технологияға сүйенген баламалы энергия барлық қуат
көздерінің 50 пайызын құрау ға тиіс екенін алға мақсат етіп қойды.
Елбасы болашақты болжай білетін көрегендігінің арқасында «жасыл экономика»
үдерісі бастамасын әлгі оқиғалардан бір жыл бұрын, 2011 жылғы 10 маусымда
ЕХРО-2017 көрмесін Астанада өткізуге өтінім берген кезден қолға алған еді. Ал 2012
жылғы 22 қарашада бюроға мүше 161 елдің қатысуымен жүргізілген жасырын дауыс
берудің қорытындысында Қазақстан 103 дауыс алып, көрмені өткізу құқығына қол
жеткізді. Бізді жеңіске баламалы энергия көздері мен «жасыл технологияға» бағытталған
«Болашақтың энергиясы» деген тақырып алып шықты.
Мемлекет басшысы 2013 жылғы 30 мамырдағы Жарлығымен еліміздің «жасыл
экономикаға» өту жөніндегі Тұжырымдамасын бекітті. Ал 2016 жылдың наурыз айын да
«Жасыл экономика» туралы жаңартылып, өзгертілген Заң қабылданды. Осы заңға сәйкес,
жылына 1 500 немесе одан да көп тонна баламасында энергия қорларын тұтынушы
ұйымдар халықаралық ISO 50001 стандартына сәйкес энергия менеджмен ті жүйесін
енгізуге міндеттелді.
Өткен жылдың соңында Президенттің тапсырмасымен Үкімет баламалы және
жаңартылатын энергетиканы дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған
іс-шаралардың жоспарын қабылдады. Осы құнды құжатқа сәйкес, 2020 жылға қарай
жаңартылатын энергия көздері 1040 МВт қуат көлемінде болады деп күтіліп отыр. Оның
ішінде 13 жел стансасы (793 МВт), 14 ГЭС (170 МВт), сондай-ақ 4 күн электр стансасы
(77МВт) жасақталуы тиіс.
Еркін ҚЫДЫР,
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті»
АҚ басқарма төрағасының орынбасары,
Президент сыйлығының лауреаты,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
25 ұсыныс
25 бастама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
151
25 ұйғарым
25 ұйғарым
25 БЕЛЕС
152
Этносаралық және конфессияаралық қатынастардың барлық
аспектілерін зерделейтін қуатты орталық құру керек. Әркім де ұлтаралық
қатынастардың маманы болуға тырысады, осы мәселеге қатысты
әркімнің де пікір айтқысы келеді. Бұған лас қолмен жармасуға болмайды.
Бұл – өте нәзік материя, әңгіме адамдар арасындағы, ұлтаралық,
дінаралық қарым-қатынас турасында болып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқы Ассамблеясының 17-сессиясында сөйлеген сөзінен.
Астана, 18 сәуір, 2011 жыл
П
резиденттің бұл ұсынысы өте маңыз ды. Біртұтас ұлттық мемлекет қалыптастыру
үшін мұндай ғылыми-зерттеу орталығын ашудың қажеттігін ғалымдар да жиі
айтып жүр. Бұған бірнеше себеп бар және бұл себептер Президент Н. Назарбаевтың
пікірімен тікелей қабысып жатыр.
Біріншіден, Қазақстан халқының көпұлтты екендігі мәлім. Әр этностың өз
дүниетанымы, өмір салты, мемлекетке деген ерекше көзқарасы болады. Әлемде болып
жатқан қақтығыстардың басым көпшілігі елдің өз ішінде, этностық бірегейлік негізінде
туындайтынын естен шығармауымыз керек. Яғни, екі немесе одан да көп ұлт қатар өмір
сүріп жатқан жерде кикілжің қаупі жоғары болады. Осы әркелкілікті артықшылығымызға
айналдырып, көпұлтты Қазақстанның ұлттық бірегейлігін қалыптастыру жайлы
Президент Н. Назарбаев жиі айтып жүр.
Екіншіден, этностар арасындағы түсініспеушіліктің тамыры тереңде жатуы мүмкін. Бір
ұлттың екінші ұлтқа деген көзқарасы олардың тарихи жадына, қалыптасқан стереотиптерге,
елдегі саяси, экономикалық, демографиялық, әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты
құбылып отырады. Осындай әртүрлі индикаторларды тұрақты түрде жан-жақты бақылап
отырғанда ғана ықтимал кикілжіңдердің алдын алуға мүмкіндік болады. Ал бұл салада
арнаулы білімі жоқ, мұндай нәзік қатынастарды түсіне бермейтін адамдар өз ұлтына
көмектесем деп, керісінше, зиянын тигізіп алуы мүмкін. Арнаулы технологиялардың
көмегімен ұлттар арасындағы түсіністікті арттырып, төзімділікті қалыптастыруға болады.
Үшіншіден, Президент «нәзік материя» дегенде этностық бірегейлікке, діни идеологияға
негізделген конфликтінің тез тұтанатынын және бір тұтанса, сөндіру қиын болатынын
сезіп, ескертіп отырған сияқты. Ұлттық мәселе – кез келген адам сөз ете алатын әмбебап
тақырып. Оның үстіне, қызуқандылық, жалған ұраншылдық сияқты этностық конфликтіге
тән ерекшеліктер ақыр соңында популист саясаткерлердің елді дүрліктіруіне мүмкіндік
беруі ықтимал. «Бұған лас қолмен жармасуға болмайды» дегенде Президент осындай
қауіп-қатерден сақтандырып отырған тәрізді. Сондықтан, жан-жақты мағлұмат жинап,
мемлекеттің ұлттық саясатын қалыптастырып, қажетті бағыт-бағдар беріп отыратын
орталықтың болуы аса маңызды. Батыс елдеріндегі «Ерте ескерту жүйесі» деген арнаулы
жүйе осы мақсаттарды жүзеге асырады.
Мұхтар СЕҢГІРБАЙ,
саясаттану мамандығы бойынша философия докторы (PhD)
25 ұйғарым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
153
Т
іл мұраты мен мәселесі қашанда өткір, өзекті екені белгілі. Ақиқатында ұлттың
айбары мен айдыны, ардағы мен асылы – тіл туралы толғам-толғаныстар
кеше мен бүгінгі таңда аса мол болса да, әр буын өзінше айтып, уақыттың талап-
тілегін басты мұрат етуі орынды һәм заңдылық. Осы реттен келгенде, ұлттың ұлы
байлығы, басты тұғыры – тіл.
Елбасының Қазақстан халқына 2008 жылғы жолдауында «Тілдердің үш тұғыр лығы»
мәдени жобасы ұсынылып, мемлекеттік тілді оқыту ісінде халықаралық тәжірибелерге
сүйеніп, қазіргі заманға озық бағдарламалар мен әдістерді кеңінен қолдану жайы
айтылды. Елімізде мемлекеттік тілді оқып-үйретуге қатысты курстар мен орталықтар
ашылып, жоғары оқу орындарында практикалық қазақ тілі кафедралары жүйелі жұмыс
жүргізуде. Қысқасы, мемлекеттік тілді оқып-үйрену ісіне кең өріс ашылды. Бұған, әрине
көз қуанып, көңіл марқаяды.
Десек те, елімізде ұлттық тіл қанатын кең жайды деп айту қиын. Соған қарамастан, өзге
ұлт пен этностарға қазақ жерінде дәстүрі мен мәдениетін еркін дамытып, өрістетуге кең
жол ашылған. Тілдік немесе ұлттық сипатына байланысты кемсітуге тыйым салынған.
Қазақ халқының осы кең пейілі Ата заңымызда көрініс тауып, елдегі ұлтаралық
татулықтың ұйт қысына айналып отыр.
Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік тіл – ұлт саясатының құрамдас бөлігі, халықтар
бірлігі мен татулығының тірегі, басты біріктіруші факторы. Олай болса, ел мен жерге
құрметімізді арттырып, тіл тұғырын биікке көтеруіміз керек. Оны нығайту мен дамыту ісіне
бірінші кезекте Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмылуы тиіс екендігі де заңдылық.
Қазіргі кезде тілді балабақшадан бастап жоғары оқу орнына дейін жүйелі түрде оқыту
мәселесі жиі айтылуда. Бұл талап тілді тұрақты игеруге, жыл өткен сайын жетілдіріп
отыруға міндеттейді.
«Тіл – ұлттың жаны» (М.Жұмабаев) болғандықтан, елдік дәстүр мен мәдениет, білім мен
ғылым, тарих пен таным, тәлім-тәрбие арналары осы бағытта өрісті өркендеп, қанатты кеңге
жайып, бір мақсат, ортақ мүдде жолында қарышты қадам жасаса, бұдан ұлт ұтып, ұрпақ
мерейі асқақтары анық. Асылы, ұлт мұраты мен елдік негізі, татулық тамыры осында жатыр.
Рақымжан ТҰРЫСБЕК,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
Енді он жылдан кейін мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілінде сөйлей
алатын болуы тиіс. Барлық азаматтардың қазақ тілін білуі – әншейін ұран
емес, бұл еліміздің тарихын, қазақ халқының ежелден бүгінге дейінгі тарихын,
мәдениетін, дәстүрін білу деген сөз. Бұл барша қазақстандықтардың мейлінше
жақындаса түсуіне әкеліп, біздің арамыздағы сенімді күннен күнге, жылдан
жылға нығайта беретін болады. Ассамблея жұмысының мақсаты да осы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы
Ассамблеясының 17-сессиясында сөйлеген сөзінен. 18 сәуір, 2011 жыл
25 ұйғарым
25 БЕЛЕС
154
1993 жылы ұлттық валюта – теңгені енгізген кезде бізде оны қолдауға
қажетті 400 миллион доллар болған жоқ. Халықаралық валюта қоры
бізге теңгені енгізу үшін 450 миллион доллар керектігін, басқалай
мүмкін еместігін айтты. Ондай ақша болған жоқ. Ал қазір біздің елімізде
80 миллиард доллар резерв бар.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз!» атты форум-көрмеде
сөйлеген сөзінен. 4 шілде, 2011 жыл
Ұ
лттық валюта – тәуелсіз елдің, дербес мемлекеттің шынайы айнасы. Ұлттық
валюта – мемлекеттің әл-ауқатын арттыруға, экономикасын тиімді дамытуға
қызмет ететін аса маңызды факторлардың бірі.
Ең алғаш егемен ел ретінде төл теңгемізді шығарар кездегі жағдайдың жоғарыда
айтылғандай қаншалықты қиын болғанына қарамастан, Қазақстан Президенті тәуекел етіп,
ұлттық валюта – теңгені айналымға енгізгені сол кезге куә болған зерделі жұртшылықтың
есінде болар. Әлбетте, бастапқыда қиын болды. Жаңа валюта нарық талаптарына
бейімделгенше, өзге елдердің ақшасына қатысты бағамын тұрақтандырғанша біраз
қиындықтарға ұшырады. Бірақ Ұлттық банк тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстар
біртіндеп өз нәтижесін берді.
Ұлттық валютамыз енгізілгелі бері қаржы-несие бағытында жүргізілген саясаттың дұрыс
болғандығына да көзіміз жете түседі. Теңгеміздің беделінің қазір өз елімізде ғана емес,
тысқары жерлерде де жоғары екендігін әрбір қазақстандық орынды мақтаныш ете алады.
Алайда, біз бәріміз қазір әрдайым қалтамызда жүретін, онсыз өмірімізді елестете
алмайтын осы ұлттық валютамызды қалай дүниеге келгенінің жай-жапсары жөнінде
ойлана бермейтініміз, осыдан жиырма екі жылға жетер-жетпес уақыт бұрын ғана пайда
болған төл теңгеміз бейне бір есте жоқ ескі замандардан бері бардай сезінетініміз өтірік
емес. Ал ақиқатына келгенде оның енгізілуінің ар жағында Елбасымыздың тәуелсіздікті
жариялағаннан кейінгі күрмеулі де күрделі сыннан жол тауып шыққан алғыр шешім,
батыл қадамы жатқаны бүгінде тек тарихтың еншісінде қалды. Президент сөзі сол қиын
кезеңнің ең бір түйткілді тұсын есімізге салады.
Төл теңгенің айналысқа шығуы егемендігімізді нығайтуға септігін тигізіп, дербес
әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытын жалғастыруға мүмкіндік берді. Ақша
реформасын дәйекті жүргізу арқылы біз көпұлтты Қазақстан халқының тұрмысын
жүйелі түрде жақсартып келеміз.
Ұлттық теңге енгізілгелі нарық жүйесіне негізделген экономика қайта түлеп, өн бойына
қайтадан қан жүгірді. Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дағдарыс ты кезеңнен
сүрінбей өттік. Теңге әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстарға да лайықты төтеп
берді. Дей тұрғанмен, ұлттық валюта бағамының тұрақтылығы мен түрлі қатерлерге
қарсы тұруын қамтамасыз ету мәселесі бұл бағытта ұдайы жұмыс жасауды қажет етеді.
Сәкен ЕСПАЕВ,
экономика ғылымдарының докторы
25 ұйғарым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
155
К
еңес Одағынан мұраға қалған экономикамыз негізінен шикізат шығаруға
негізделген экономика болатын. Бұндай экономика елімізді біржақты дамыған
мемлекеттер қатарына қосты. Біржақты дамушы кез келген елдің экономикасы еш
уақытта тұрақты бола алмайды.
Жарқын болашаққа және дамуға бет алған ел экономикасын шикізатты етіп дамыта
алмайды, оны әртараптандыру жолына түсуі керек. Бұны түсінген еліміз, өткен ғасырдың
90-шы жылдары жүргізілген экономиканы нарықтық жолға өткізу кезеңін негізінен
аяқтап, 2000-жылдар басында индустрияландыруды стратегиялық бағыт ретінде
белгіледі. Оны жүзеге асыру үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама да дайындады.
Бірақ уақыт көрсеткендей, бұл бағдарлама іске толық аспай, көздеген мақсатқа жеткізе
алмады. Біріншіден, бағдарламада көзделген индустриалдық нысандарды салуға біздің
үкімет те, кәсіпкерлер де дайын емес еді. Ол кезде олардың жинаған тәжірибесі негізінен
сатып алу және сату ісінде ғана болатын. Екіншіден, сол жылдары әлемдік коньюнк тура
бізге оңынан келіп, шикізаттардың бағасы күрт өсті. Нәтижесінде, 2000-2008 жылдары
ішкі жалпы өнімнің жылдық орташа өсімі 8 пайызды құрады. Мұнай-газ, қара және
түсті металдардың арқасында елімізге мол қаржы келді. Екінші дәрежелі банктер
шетелден орасан көп қаржы тартты. Шетел инвесторлары да экономикамыз ға қомақты
инвестициялар салды. Бұндай жағдай үкіметті де кәсіпкерлерді де «босаңсытып»,
олардың басты назарын индустрияландыруға емес, келіп жатқан мұнай долларларын
игеруге бұрып жіберді. Бірақ, бұл жағдай көпке созыла қоймады. 2007 жылдан бастап
әлемдік қаржы дағдарысы басталды. Ол 2008-2009 жылдары біздің экономикаға да жетті.
Дағдарыстың пайдасы – үкіметіміз индус трияландыру жолына қайта оралды.
Енді осы индустрияландыру саясатын белгіленген кезеңдеріне орай табысты жүзеге
асыруға тиіспіз. Өйткені, бұл саясат еліміздің дамуын шикізатқа деген әлемдік бағаның
өзгерістеріне тәуелділіктен құтқарады. Арзан шикізат күйінде экспортқа жөнелтіп
жатқан ресурстарымызды өзіміз өңдеп, қосылған құны жоғары өнімдер шығаруға, ішкі
нарық сұраныстарын қамтамасыз етуге жол ашады. Сондықтан индустрияландыруды
тәуелсіздіктің мәңгілік двигателі деуге әбден болады.
Тоқтар ЕСІРКЕПОВ,
экономика ғылымдарының докторы,
профессор
Біздің жаңа индустрияландыру – бұл тәуелсіздіктің мәңгілік двигателі
(қозғаушысы). Бүгінде Қазақстанда электрониканың, машина жасаудың,
авиақұрастырудың, локомотивтер мен вагондар өндірісінің жаңа
салалары мен Қазақстанда бұрын ешқашан болмаған басқа да салалар
құрылып жатыр. Жаңа индустрияландыру – бұл жаңа ғасырдың ауқымды
өркениетті жобасы. Бүкіл халық осы жобаның қатысушысы болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған
салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен. 15 желтоқсан, 2011 жыл
25 ұйғарым
25 БЕЛЕС
156
Инновация. Бұл тек экономиканы ғана емес, қоғамның басқа барлық
Достарыңызбен бөлісу: |