25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет26/30
Дата07.04.2017
өлшемі6,75 Mb.
#11212
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Бақытжан САТЕРШИНОВ, 
философия ғылымдарының докторы
доцент
Мәдениеті  жоғары,  тарихи  танымы  орнықты,  ойы  сергек  елдің 
рухы да биік. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру 
жөніндегі қоғамдық кеңестің қорытынды мәжілісінде сөйлеген сөзінен. 
Астана, 13 ақпан, 2007 жыл

25 байыптама
25 БЕЛЕС
236
Ата-бабалардың асыл сөзін жүз томға жинап, бастырып шыға алатын 
ел – бақытты ел, бақуатты ел, болашағы кемел ел. Қазақ елі – сондай ел.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру 
жөніндегі қоғамдық кеңестің қорытынды мәжілісінде сөйлеген сөзінен. 
Астана, 13 ақпан, 2007 жыл
Ф
ольклорлық мұра өзінің мазмұны мен тақырыбына орай халықтың тілі, салты 
мен тұрмысы, мәдениеті, философиясы, тарихы және этнографиясы бойынша 
маңызды дереккөз болып табылады. Елбасының осынау ұлттық мұраның маңызы 
жөніндегі мына тұжырымы бұл пікірді айғақтай түседі: «Қазақ шын мәнінде бір 
дүниесімен  мақтанар  болса,  ол  –  фольклорымыздың  байлығы  ғой.  Ежелден  сөз 
өнерін қасиет тұтқан елміз».
Бүгінгі күнге жеткен қолжазбалар мен көне кітаптар халықтың ғасырлар бойы ұрпақтан-
ұрпаққа ауызша тарап келген бүкіл рухани жәдігерлерінің бірер ғана парасы. Ал халық 
әдебиетінің негізгі бөлігі дер кезінде хатқа түсіп, жүйелі түрде жиналмай қалды. Оның 
басты  себептерін  қазақ  халқының  соңғы  үш  ғасыр  аясында  бастан  кешірген  тарихи, 
саяси-әлеуметтік  ахуалдарымен  біртұтас  қарастырған  жөн.  Бұған,  ең  алдымен  Қазақ 
хандығының құрылуынан бергі кезеңдердегі түрлі елдермен, әсіресе жоңғарлармен болған 
үзіліссіз  соғыстар,  көшпенді  өмір  салты  айрықша  әсер  етті.  Кейінгі  Ресей  империясы 
мен Кеңес өкіметінің қитұрқы саясаттары, цензураның қатал құзіреті де халық әдебиеті 
үлгілерін  толық  хатқа  түсіріп,  жарыққа  шығаруға  мүмкіндік  бермеді.  Әсіресе  атадан 
балаға жад арқылы жеткен шежірелер, діни дастандар мен хикаят-әпсаналар, ұлт-азаттық 
көтерілістерге  байланысты  тарихи  туындылар,  ғұрыптық  фольклордың  үлгілері  саяси 
идеологияның, таптық көзқарастың шылауында қалып, алаланып жиналды, олардың өзі 
сергек сараптаудан кейін ғана жарияланды.
«Мәдени  мұра»  бағдарламасының  2004-2013  жылдар  аралығындағы  екі  кезеңінде 
фольклорлық мұралардың негізінде М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 
ғалымдары «Бабалар сөзі» жүзтомдық сериясын толық аяқтады. Сөйтіп, ұзақ жылдар сирек 
қорларда жатып қалған әдеби жәдігерлерді цензурасыз, толық, өзгертусіз, түпнұсқа негізінде 
жариялауға, терең зерттеулер жүргізуге барлық жағдайлар жасалды. 
«Бабалар  сөзі»  жүзтомдық  сериясы  қазақ  кітаптарының  жариялану  тарихында 
фольклорлық  мұраның  дәл  осындай  кең  ауқымда,  мақсатты  түрде  жариялануы  еліміздің 
көркем мәдениетінің қарыштап өркендеуіне ерекше серпін берді. Себебі, халық әдебиетінен 
текстологияның  теориялық  негіздеріне  сай  фольклор  үлгілерінен  жүз  томдық  ғылыми 
басылым дайындау – дүние жүзі бойынша теңдесі жоқ жоба болып табылады.
Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ,
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 
филология ғылымдарының докторы

25 байыптама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
237
К
онституция  термині  «құрылыс»,  «құрылым»  деген  мағына  беретін  латынның 
«constitio» сөзінен алынған. Яғни, мемлекетті құру, қоғам құрылысын қалыптастыру 
деген сөз. Ал қазіргі таңдағы түсінік бойынша, Конституция – мемлекеттің ең жоғарғы 
Негізгі заңы болып отыр. 
Тарихи  тұрғыдан  қарастыратын  болсақ,  қоғамдағы  заңдылықтың  даму  мүмкіндігін 
және  мемлекеттің  жаппай  билеу шілігін  зерттеген  Монтескьенің  идеясы,  халықтық 
егемендіктің  үлгісі  мен  жеке  тұлғаның  табиғи  құқықтары  тұжырымдамасын  жасаған 
Руссоның  идеясы,  Вольтер  мен  Дидроның  идеясы  1789  жылғы  Адам  және  азамат 
құқықтары  туралы  декларацияның  және  1791  жылғы  француз  конс титуциясының 
қабылдануына алғышарт болды. Бұл алғашқы конституциялардың бірі болып саналады. 
Қазақстан Республикасы 1991 жылы өз егемендігін жариялағаны мәлім. Ал 1993 жылғы 
28 қаңтарда тәуелсіз және егемен мемлекеттің алғашқы конституциясы қабылданды. Бұл 
құжат тап сол кезеңдегі негізгі міндеттерді шешкенімен, оның елеулі кемшіліктері болды. 
Шынайы  қоғамдық  процестерден  алшақтығы  байқалды,  сондықтан  осы  жағдайлар 
жаңа  конституция  жобасын  әзірлеуге  түрткі  болды.  Сөйтіп,  1995  жылы  30  тамызда 
республикалық  референдумда  Қазақстан  Республикасының  қазіргі  Конституциясы 
қабылданып, ол мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Осы 
Негізгі заң аясында елімізде мемлекеттік биліктің және қоғам өмірінің барлық салалары 
реформаланды.  Қазақстанды  бүкіл  әлемге  танымал  демократиялық  және  құқықтық 
мемлекет  ретінде  қалыптастыру  идеясы  Конституциямыздың  1-тарауының  1-бабында 
көрініс тапты. Сонымен қатар Конституцияда мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – 
халық  екені  атап  көрсетілді.  «Қазақстан  Республикасы  өзін  демократиялық,  зайырлы, 
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – 
адам және адамның өмірі, құқықтары мен бос тандықтары». Бұл баптың нормалары – 
еліміздің  алдағы  дамуына  жол  ашатын,  сүйенетін  негізгі  тірегі.  Ол  біздің  көпұлтты 
қоғамды тұтастырды, сол арқылы жасампаз қоғам құруға мүмкіндік берді. 
Бүгінде  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  кемел  келешегіміздің  ке пілі 
болып  отыр.  Демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекет  ретінде 
өзімізді әлемге жоғарғы деңгейде таныту үшін біз Қазақстанның әрбір азаматы өсіп келе 
жатқан жас ұрпаққа дұрыс тәлім тәрбие беру арқылы олардың құқықтық сана-сезімі мен 
құқықтық мәдениетін қалыптастыруды қолға алып отырмыз. 
Әйгерім АРАЛБАЕВА, 
заң ғылымдарының кандидаты
Конституция  –  мызғымас  мемлекеттігіміздің  алтын  қазығы,  бірлігі 
мен  ынтымағы  жарасқан  елдігіміздің  бұлжымас  бағдары,  кемел 
келешегіміздің кепілі! 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Конституция күніне арналған әскери парадта сөйлеген сөзінен. 
Астана, 30 тамыз, 2009 жыл

25 байыптама
25 БЕЛЕС
238
Түркі мәдениеті деген – толық зерттелмеген терең тұңғиық, түпсіз мұхит.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде сөйлеген сөзінен. 
Анкара, 22 қазан, 2009 жыл
Т
үркі  дүниесінің  тарихы,  рухани-мәдени  құндылығы  –  адамзат  өркениетінің  бір 
тармағы және құрамдас бөлігі. Бұдан туындайтын тарихи сананы, алыс келешекке 
жол  тартар  ұлттық  идеологияны  түбі  бір  түркі  тектес  елдердің  өзара  бірлікте 
ұштастыруы түркі әлемнің алдына қойылып отырған замана талабы болмақ. 
Түркі  тектес  халықтардың  геосаяси  аренада  ынтымағын  нығайтып,  тарихи-мәдени 
және  рухани  сабақтастығын  үйлестіре  дамыту  егемен  елдіктің,  мемлекеттіліктің 
тұғырын бекемдеуге баға жетпес үлес қосатыны түсінікті. Осы орайда, түркі дүниесін, 
мәдениеті мен тарихын зерттеу тұрғысынан Қазақстанның маңызды орталыққа айналып 
отырғаны  бізді  ерекше  қуантады.  Бұл  істе  әлбетте  Түркі  дүниесінің  шын  жанашыры, 
түркі тілдес елдер ынтымақтастығын дамытуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Елбасы 
Н.Ә. Назарбаевтың еңбегі орасан зор. 
Елбасының  бастамасымен  1993  жылы  ТҮРКСОЙ  ұйымы,  кешікпей  Түркі 
мемлекеттері  Парламенттік  ассамблеясы,  2010  жылы  Түркі  академиясы  құрылды. 
Түркі  академиясының  Астанада  орналасуы  да  кездейсоқтық  емес.  Оның  да  үлкен 
алғышарттары  бар  еді.  Елбасының  бастамасымен  Күлтегін  бабамызға  арналған 
ескерткіштің  көшірмесі  ЕҰУ  төріне  орнатылуы  айрықша  рухани  мәнге  ие  болды. 
Ұстынның  ЕҰУ  ғимаратында  салтанатты  ашылуына  Елбасының  өзі  келіп:  «Біз  төл 
өркениетіміздің  сілемі  терең  екеніне,  өнегелі  екеніне  бұрын  да  қанық  болғанбыз, 
бұрын  да  білетінбіз,  бұрын  да  көңіліміз  жететін.  Бүгін  баршамыз  болып,  қатпары 
қалың болғанымен оқулығы жұп-жұқа көне тарихымыздың куәсімен жүздесіп, тағзым 
ету бақытына ие болып тұрмыз. Біз бүгін «ел-жұртының қамын ойлау, халқын асырау» 
асыл парызы болған Күлтегін бабамыздың ісінен айғақ беретін тарихтың көзімен де, 
сөзімен де жүздесіп тұрмыз», – деп тебірене сөйледі. 
Елбасының  белсене  қолдауы  нәтижесінде  баба  тарихтың  бай  мұралары  –  Көк 
түріктердің классикалық ескерткіштері Тұй-ұқық, Ел-етміш Білге-қаған, Теркін, Тез (Тэс), 
Долодой І.ІІ ескерткіштері мен Күлтегін мүсіні, 1500 жыл бұрын жасалған Атадомбыра 
көшірмелері,  Елтеріс  Құтлұғ  қағанның  түпнұсқа  мүсіні  Астанада  жаңадан  ашылған 
Республикалық орталық мұражай төрінен орын алды. Оңтүстік Сібірдегі (Алтай, Хакас, 
Тува жеріндегі) руникалық жәдігерліктер, Шығыс Түркістан, Моңғолиядағы руникалық 
мәтіндердің көшірмелері толық алынып, ЕҰУ-нің түркология зертханасына сақталынды. 
Түрік  халықтарының  «Жазу  тарихы  мұражайы»  ашылды.  Осылайша,  «Мәдени  мұра» 
мемлекеттік  бағдарламасының  арқасында  еліміз  байырғы  түркі  құндылықтарының 
мекеніне айналды. Түркі дүниесі әлі де зерттеле бермек.
Қаржаубай САРТҚОЖАҰЛЫ, 
түркітанушы ғалым, 
филология ғылымдарының докторы

25 байыптама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
239
Р
ас, Керей мен Жәнібек Қазақ Ордасын құрғанда еншісіне ие болған еркін ел құру 
мақсатын көздеді. Бұл істе идеялық жағынан оларға жәрдем беруші Асан Қайғы 
болатын.
Олар жаңа мемлекет құрғанда, оның аталуына аса мән берген. Сол кездегі белгілі, іргелі 
қазақ руларының атымен құрылған мемлекет болса, оның келешегі болмас еді.
Айталық, жаңа мемлекеттің атын Жалайыр Ордасы десе, Найман Ордасы десе, Дулат 
Ордасы десе, Қоңырат Ордасы десе, Керей Ордасы десе, Қыпшақ Ордасы десе де болар 
еді, себебі бұл тайпалар – Еуразия өңірінде белгілі тарихи орындары бар іргелі жұрттар-
дың аталуы. Бірақ, осы атаулардың бірін таңдағанда Керей мен Жәнібек және олардың 
ұраншысы Асан Қайғы өз мақсаттарына жетпес еді. 
Олар тайпалық-рулық деңгейде қалып қойып, өткен Ақ Орда кезіндегі топтасқан қа-
зақ тайпаларының бастарын біріктіру орнына олардың арасында түсінбеушілікті өршітіп 
алған болар еді.
Қазақ деген ұғым ру-тайпаның атауы ғана емес, ол идея болатын. Қазақ болып, өз ен-
шісіне ие болу – ХІІІ ғасырда Шыңғыс хан құрған Ақ Орда идеясын жүзеге асыру бола-
тын. Бұл шынында да егемен, еркін ел құру мақсат-мұраттынан туған саяси ынта болатын.
Елбасының сөзіндегі басты-басты 3 ұғымға назар аударуымыз керек. Олар: егемен, енші, 
еркін ел деген киелі түсініктер.
Елбасы егемендіктің алғашқы нышаны Керей мен Жәнібек құрған Қазақ Ордасынан 
бастау алғанын айқын ашып берген. Қазақ Ордасы алғашқы егемен мемлекет құрудың 
нышаны.
Енші деген – қазақ дүниетанымындағы қасиетті ұғым. Енші алу – дәстүр. Еншіге ие 
болу – тәуелсіздік. Еншінің саяси мағынасы – ел болу. Еншіге ие болу – азаматқа сын. 
Елбасы айтқан мағынада Керей мен Жәнібек еншінің саяси мағынасына ие болып, 
жаңа тұрпаттағы мемлекет қалыптастырып, оны Қазақ Ордасы деп атаған.
Қазақ Ордасы – еркін ел. Бүгінгі Қазақстан Республикасы еркін ел болып, өз еншісін 
алып, егемен мемлекет атанып, әлемдік саяси-өркениеттік үрдістерде өзінің алған нық 
орны  бар,  айтар  сөзі  бар,  әлем  жұртшылығы  құрметтейтін  дәрежеге  көтерілген  мәде-
ни-өркениеттік мазмұны бар елге айналды.
Ғарифолла ЕСІМ,
ҚР ҰҒА академигі, 
философия ғылымдарының докторы, профессор
Керей мен Жәнібек тұсында тарих сахнасына шыққан «қазақ» деген 
сөз «егемен, еншісін алған еркін ел» деген мағына береді. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Астана қаласындағы Керей мен Жәнібек хандардың ескерткішін ашу 
салтанатында сөйлеген сөзінен. 1 маусым, 2010 жыл

25 байыптама
25 БЕЛЕС
240
Бабаларымыздың ұлыстың атына таңған азаттық аңсарын ақиқатқа 
айналдыру біздің ұрпақтың маңдайына жазылыпты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Астана қаласындағы Керей мен Жәнібек хандардың ескерткішін ашу 
салтанатында сөйлеген сөзінен. 1 маусым, 2010 жыл
Қ
азақ  елінің  көпғасырлық  тарихына  ден  қойған  бүгінгі  білімді,  парасатты, 
зерделі ұрпақ туған ұлтының тағдырлы өмірбаянымен шұрқыраса табысып, өз 
өткенін қайыра тезге салуға, өз тарихын тануға, талдауға толық мүмкіндік алып 
отыр. Бұл – Тәуелсіздік дәуірі тудырған, қалыптастырған ұлтты тану мен ұрпақты 
тәрбиелеудің жаңа сипатты көрінісі.
Қазақстан мемлекет ретінде толық мағыналы Тәуелсіздікке қолы жеткенше халқымыздың 
теңдесі жоқ тарихи құндылығы туралы айдай әлемге жар салып айта алған жоқ. Әрі бұған 
тізгіні қатты, тепкісі мықты, тегеуріні бекем кешегі идеологияшыл, тоталитарлық жүйе 
мүмкіндік бере қойған жоқ.
Жиырмасыншы  ғасыр  –  қазақ  халқының  жер  бетінен  жойыла  жаздап  барып,  тарих 
аренасына қайта келген ғасыры. Бұл ғасыр – алаш ұранды, киіз туырлықты қазақтың атын 
әлемге танытып, дербес мемлекет құру бақытына жеткізген, Нұрсұлтан Назарбаев есімді 
көшін  оң  жолға  бастар  тұғырлы  ұлы  тұлғаны  шыңдап  шығарған,  бабалар  арманы  мен 
мұратын жүзеге асыр ған ғасыр.
Азаттық  атты  киелі  ұғымның  алаш  даласына  келгеніне  ширек  ғасырдай  уақыт  өтті. 
Азаттық босағамыздан аттағанда шыр етіп өмірге келген ұрпақтың өзі әке болды. Өмір 
де,  өмір  сүру  үлгісі  де  түбірімен  өзгерді.  Қоғам  мен  қоғамдық  қатынастар  табиғатына 
ғаламдық  өлшеммен  қарап,  ғаламдық  сұранысқа  сай  ойлау,  саралау,  ғұмыр  кешу, 
жаһандану  жағдайында  ұлтты,  ұлттық  құндылықтарды  сақтау  принципі  жаңаша  рең 
алды.  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  сөзімен  айтсақ,  «әлемнің  бет-бейнесі  өзгерді».  Ал  бет-
бейне  –  жанның  көрінісі.  Жан  –  рухтың  қайнары.  Шын  мағынасындағы  жаны  таза, 
рухы  мықты,  күрескер,  отаншыл  ұрпақты  тәрбиелеу  –  тәуелсіздік  дәуірінің  басты  ке-
пілі. Қазіргі таңда Қазақ елінің өткенін зерделеу, бүгінін бағамдау, болашағын айқындау 
процессі жүріп жатыр. Бұл процесстің түпкі мақсаты – экономикалық әл-ауқаты мықты, 
саяси  тұғыры  берік,  рухани  қайнарлары  таза  тәуелсіз  мемлекетті  түбегейлі  орнықтыру.
Қазақстан Президенті өз еңбектерінде Қазақ жұртының ұлы тарихын уақыт кеңістігінің 
алуан-алуан  кезеңдерінен  іздей  отырып,  таным  мен  талдауды,  зерттеу  мен  зерделеуді, 
байыптау  мен  бағдарлауды  қатар  өреді.  Тәуелсіздіктің  елең-алаң  кезеңінен  басталған 
осы сипаттағы тамырын тереңнен тартар талдау-пікірлер күні кешегі «Тарих толқыны» 
мен  «Ұлытау  сұхбаты»  арасында  жатқан  шынайы  тарихи  күрестің  табанды  жылдары, 
тағылымды айлары тудырған «Мәңгілік ел» идеясы – осы айтқанымыздың айғағы. 
Нұрлан ОРАЗАЛИН,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы

25 байыптама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
241
1465
 
жылы Шу өзенінің бойында Керей мен Жәнібек құрған хандықтың бұған 
дейінгі сақ, ғұн, үйсін, бергі түрік қағанаттарынан өзіндік ерекшелігі болды. 
Елбасымыздың  сөзімен  айтқанда,  «Бұл  оқиғаның  саяси  һәм  қоғамдық  мән-маңызы 
Қазақ хандығының Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр». 
Осы  кезде  «Мемлекеттіліктің  тағы  бір  тетігі  –  оның  нысандары  (символы)  қалыптаса 
бастады.  Көшпелі  қазақтарға  әскери  жарақ  болған,  даусыз  бұйымдарының  бірі  жорық 
жалаулары  –  ту  мен  буыншақ  болды.  Жалаулар  негізінен  екі  міндет  атқарды,  олар  аса 
мәнді киелі нысан болды және шеру мен шайқаста әскерлерді басқарудың тиімді құралы 
ретінде қолданылды. Әрбір рудың, әр ұлыс сұлтанының, әлбетте әрбір ханның туы болды. 
Қалыптасқан дәстүр бойынша бір ханда тоғыз туға дейін болуы керек екен. «Тоғыз тулы 
хан» дегенде көз алдыңа құдыретті билеуші келген» – деп жазады одан әрі Елбасымыз 
«Тарих толқынында» деген еңбегінде.
Киелі  ту  ұстаушы  әскери  қолбасшыдан  кейінгі  екінші  адам  саналған.  Туды  ерекше 
жасақ күзеткен. Ту ұстаушы жауынгердің ажалы, әскерді абыржытып, тудың құлауы, бас 
жалаудың жойылуы әскердің жеңіліп қалғанын білдірген.
Бірақ осыдан 550 жыл бұрын алғашқы ұлттық сипаттағы Қазақ хандығы тіккен киелі 
ту бүгінге дейін жығылмай, көк аспанда қалықтап тұр. Оның мәнісі мынада. Қазіргі кезде 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері шартарапқа танылды. Қазақ елін әлем 
жұртшылығы  мойындады.  Біздің  көк  байрағымыз  БҰҰ-ның  ғимараты  алдынан  орын 
алды, Қазақстан Республикасының шетелдердегі елшіліктері ғимаратының маңдайшасына 
тігілді.  Қазақтың  көк  туын  ғарышкер  Талғат  Мұсабаев  көк  аспанда  самғатты,  әлемдік 
спорт додаларында еліміздің олимпиада жеңімпаздары көк байрағымызды биікке көтерді.
Қазақтың ақиық ақыны Сүйінбай Аронұлының өз заманында «Бөрілі менің байрағым, 
Бөрілі  байрақ  көтерсе,  Қозып  кетер  қайдағым»  дегеніндей,  ата-бабаларымыздан  бізге 
жеткен  киелі  тудың  көк  аспанда  биіктен  желбіреуі  Қазақстанның  әрбір  азаматының 
патриоттық  сезімін  оятып,  бүгінгі  жастардың  туған  елге,  «кіндік  қаны  тамған»  жерге 
деген сүйіспеншілігін арттыратыны даусыз. Бұл ретте Елбасы тұжырымының туралығы 
ешқандай талас тудырмаса керек.
Бүркітбай АЯҒАН,
Мемлекет тарихы институтының директоры,
тарих ғылымдарының докторы, 
профессор
Керей  мен  Жәнібек  тіккен  сол  киелі  Ту  жығылған  жоқ.  Ол 
Қазақстанның  тәуелсіздік  алуымен  бірге  аспан  астында  қалықтаған 
қырандай шырқау биікке көтеріле түсті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Астана қаласындағы Керей мен Жәнібек хандардың ескерткішін ашу 
салтанатында сөйлеген сөзінен. 1 маусым, 2010 жыл

25 байыптама
25 БЕЛЕС
242
Тарихи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық сана қалыптасады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Астана қаласындағы Керей мен Жәнібек хандардың ескерткішін ашу 
салтанатында сөйлеген сөзінен. 1 маусым, 2010 жыл
М
емлекет басшысының осы тұжырымы бізді өткенімізге көз жіберуге міндеттейді. 
Кешегі кеңестік кезеңді еске ала отырып, сол кезеңде өмір сүрген ұрпақтың төл 
тарихынан бейхабар болғандығын аңғарамыз. 
Бейхабар өскені өз алдына, халқының өткеніне мүсіркеушілікпен қарайтындай жағдайда 
болды.  «Қазақ  халқының  бар  болғаны  2  пайызының  білімі  болса»,  басқа  не  айтарсың? 
Танымымыздың деңгейі осындай тұмшалаудың құрсауында болғанын аңғартады. Өйткені, 
Кеңес  Одағы  кезінде  қазақ  тарихының  жетістіктері  ескерілмей,  «барлық  жетістікке 
компартияның арқасында қол жеткіздік» деп ұрандатқанымыз белгілі.
Қазақ  халқының  тарихи  тамыры  тереңде  жатқандығына  Қазақ  елі  тәуелсіздік 
алғаннан  кейін  анық  көз  жеткіздік.  Хат  танитын  қазақтарды  айтпаған  күннің  өзінде 
жоғары  оқу  орындарын  бітірген  алаш  перзенттерінің  саны  мыңдап  саналады.  Білім 
көкжиегін  кеңейткендердің  ең  алдымен  елдік  мүддені  ойлағандығынан  да  хабардар 
болдық.  Алаш  қайраткерлері  халқының  дүниетанымын  қалыптастыру  барысында  өз 
өмірін ағартушылық қызметке арнағаны мәлім. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, 
Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхамедов, Бақытжан Қаратаев және 
басқа да зиялылардың еңбегі осыны аңғартады.
Қазақ төңкерісіне дейін дүние жүзінің беделді университеттерінде оқыған бірқатар қазақ 
азаматтарының есімі ке йін белгілі болды. Ұлттық тарихымызды байыта түсетін көптеген 
деректер мен дәйектер қолға тиді. Осыған қарап, ұзақ уақыт бойы тарихы танымымыз бен 
ұлттық санамыздың қалай дамығанын аңғару қиын емес. 
Биыл  елімізде  Қазақ  хандығының  550  жылдығы  тойланғалы  отыр.  Бұл  да 
мемлекеттілігіміздің тарихы әріде екендігін білдіреді. Әлемдік тарихта өзіне тән жолы бар 
іргелі ел екендігіміздің куәсі де осы. Мемлекет басшысының ұлттық сананы қалыптастыру 
үшін  тарихи  танымның  жаңғыруына  ұйытқы  болуы  мемлекеттілігіміздің  арғы-бергі 
олжалы  тұстарына  ой  жіберіп,  болашақтағы  дамуымызға  жаңа  серпін  беретіні  сөзсіз. 
Бұл әрине ертеңгі Қазақ елінің жан-жақты дамуына, келешек ұрпақтың ұлтжанды болып 
өсуіне айрықша ықпал етеді.
«Тарихи  таныммен  ұрпақ  өседі,  ұлттық  сана  қалыптасады»  деген  Елбасының 
тағылымды  сөзі  мемлекеттілігіміздің  болашақ  дамуының  барометрі.  Яғни,  еліміздің 
бағыт-бағдарын  айқындайтын  бағдаршам  тәрізді.  Өйткені,  тарихи  танымымыз 
бүркемеленіп ұсталған тұста санамыздың космополиттік бағытта дамып, басқа халықтың 
тарихына бас ұрғанымыз бар. Олай болса, төл тарихымызды тануға түбегейлі бет бұру 
ұлттық санамыздың да әлеуетін арттыра түспекші.
Перизат СЕЙІТҚАЗЫ, 
педагогика ғылымдарының докторы, 
профессор

25 байыптама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
243
1993
 
жыл...  Әлем  ыдыраған  империяның  орнында  пайда  болған  тәуелсіз 
елдердің бірі – Қазақстан есімді жаңа, жас мемлекеттің әр қадамын шотқа 
салып, жіпке тізіп отырған кезі. «Қазақтың тәуелсіз ел болуы екі талай...», «Қазақстан 
дербес мемлекет бола алмайды» секілді долбар сөз бен безбүйрек болжамдардың сеңдей 
соғылысып, ақпарат кеңістігін астын-үстін етіп жатқаны арқамызды аяздай қариды... 
«Уақыт жүктеген аманат бар» дейтін тақырыппен «Егемен Қазақстанда жарияланған 
 (23 маусым, 1993 жыл) сұхбат дәл осындай қоғамдық пікірдің шапшып тұрған тұсында 
алынып еді. Президентіміздің сол сұхбатта айтқан мына бір сөздерін оқырман жадында 
қайыра  бір  жаңғыртқым  келеді:  «Ордабасыда  айтылған  сөзіме  оралғым  келеді,  бірлік 
пен ынтымақ, ең бірінші, өзімізге – қазақтарға керек. Бұл – ұлт болашағын айқындар ең 
негізгі, өзекті, тамырлы мәселе. Егер де қазақ халқы өзінің ауызбірлігі мықты болып, 
республикамызда тұратын басқа халықтарға қамқор бола алмаса, үлгі көрсете алмаса, 
мемлекетті  қиын  жағдайға  ұрындыруымыз  хақ.  Қазақ  халқының  өз  ынтымақ,  бірлігі 
мықты болмайынша, мемлекетіміздің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес. Бұл – тек 
қазақтар ғана орындай алар ұлттың тарихи зор миссиясы».
Бұл сөз осыдан табаны күректей 22 жыл бұрын ел тағдыры ішкі күштердің дауына – 
бір,  сыртқы  күштердің  дауына  –  екі  түсіп  отырған  аса  күрделі  геосаяси  ахуалдардың 
кезінде айтылған еді. Қазақтардың үлес салмағы 40 пайыз ғана болатын. Қырық пайыздың 
жартысы қазақша, жартысы орысша ойлап, сөйлейтін миллион санды аудитория алдында 
айтылған ынтымақ, бірлік хақындағы өз бағасын әлсірете қоймаған тағылымды сөз – әлі 
күнге қоғам алдында тұрған іргелі сауал екені айтпай белгілі. 
Дін мен тілдің дауы қай ғасыр, қай заманда да оңай болмаған. Лидерлік харизмасы мен 
ойлау жүйесінің тереңдігі әркез көмекке келетін Қазақстан Президентінің бұл екі ұғымға 
барынша сақ қарап, шешімді де мейлінше парасат айдынан іздеуі елдің ішкі ынтымағы 
мен бірлігін қамтамасыз етіп келеді.
Қазақстан  жағдайында  ақылды,  жү йелі,  сабырлы  саясат  ауадай  қажет.  Біздің  қоғам 
Ақыл  мен  Сабырды  Бірлікке  жүгіндіру  арқылы  тыныштығы  мен  тұтастығына  көлеңке 
түсірмей  келеді.  Сондықтан,  бірлік  –  қол  жеткен  жеңістеріміз  бен  жетістіктеріміздің 
арқауы,  Тәуелсіздігіміздің  бірден  бір  жалғыз  тіреуі  екенін  естен  шығармауымыз  керек. 
Бұл – ұрпақ үшін, ұлт үшін қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет