25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет28/30
Дата07.04.2017
өлшемі6,75 Mb.
#11212
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Ол – біздің дәстүріміз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы – 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан. 
14 желтоқсан, 2012 жыл
М
ұсылман әлемінің дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі өте үлкен. Ислам қанатын 
кеңге  жая  бастағаннан  кейін  оны  қабылдаған  мұсылман  мемлекеттерінен 
көптеген ғұламалар шықты. 
Олар мәдениет пен түрлі ғылым салалары бойынша әлемге танылған, қайталанбас ұлы 
еңбектер  қалдырды,  сөйтіп  ислам  мәдениеті  мен  өркениеті  қалыптасты.  Бүгінде  ислам 
жер шарының барлық аймағына таралып, оны көп ел қабылдады. Біздің ел – соның бірі. 
Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде исламның орны қаншалықты зор болса, қазақ 
халқының да исламтану ісіне қосқаны аз емес.
Дін  тарихына  көз  жіберсек,  исламды  адамзат  баласына  таратуға  Құраннан  кейін 
Мұхаммет (с.а.у.) пайғамбардың хадистері мен сүннеттері негіз болғанын көреміз. Ал осы 
ұлы жолдың негізгі бағыты мен терең философиялық сырларын тануға ислам ғұламалары 
орасан зор еңбек сіңірді. Олардың арасында, өздерінің жазба мұралары арқылы дін мен 
гуманизмді қатар насихаттаған жерлестеріміз Әбу насыр әл-Фараби, Арыстан бап, Қожа 
Ахмет  Иасауи,  Жүсіп  Баласағұни,  Мұхаммед  Хайдар  Дулати,  Қадырғали  Жалайыри, 
т.б. ұлы ғұламаларымыз бар еді. Кейінгі ғасырларда бұл ілімді Абай, Ыбырай, Мәшһүр 
Жүсіп, Шәкәрім сынды тұлғалар тереңдете дамытты. Дінмен бірге ислам архитектурасы 
да еліміздің әр аймағында бой көтерді. Арыстан бап, Қожа Ахмет Иасауи, Айша бибі, 
Қарахан кесенелері, Қарашаш ана күмбезі, Бекет ата, Шақпақ ата жер асты медреселері, 
т.б. сәулет өнерінің туындылары еліміздің әр аймағында сақталып, тарихи-мәдени мұра 
ретінде бүгінге жетіп отыр. Бұлардың барлығы – біздің мақтанышымыз.
Исламды қабылдағаннан кейін тілімізге түрлі жаңа ұғымдар мен түсініктер ене бастады. 
Адамгершілік,  моральдық  құндылықтар  ислам  мәдениетімен  сабақтасып,  толыға  түсті. 
Ауыз әдебиетінің үлгілерінде, мысалы, мақал-мәтел, тұрақты тіркестерімізде араб тілінің 
элементтері  мен  ислами  ұғым-түсініктер,  жыр-дастандарымызда  ислам  аңыздарымен 
байланыс ты оқиғалар орын алды. Әдебиеттегі осы жаңалықтар қазақ халқының ұлттық 
танымын жаңғыртып, діни ұғым-түсініктердің орнығуын жеделдетті. Адамның дүниеге 
келуі  мен  кетуінің  арасындағы  барша  ғұмырында  орындалатын  дәстүрлі  рәсімдер  мен 
ислам  шарттары  араласып,  жаңаша  бір  сипатқа  ие  болды.  Қазақ  халқының  ғұмырлық 
ұстанымдары – имандылық, кешірім мен сабырлылық, нашарларға қамқорлық, жомарттық, 
ғылым  іздеу,  бата-тілек,  отбасы  мүшелерінің  міндеттері  мен  парыздары,  туыстық 
қатынастар,  мұсылман  баласын  бауыр  тұту,  т.б.  көптеген  қасиетті  құндылықтар  ислам 
дінімен тікелей сабақтастықта қалыптасқан. Бұл – біздің ұлттық дәстүріміздің кешені.
Бекжан ӘБДУӘЛИҰЛЫ, 
филология ғылымдарының докторы

25 тұжырым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
253
«Б
ірлік  болмай  тірлік  болмас»  деген  бабалар  нақылын  ел  басқарудағы  басты 
қағидасына айналдырған Елбасымыздың көрегендігі мен даналығы тә уелсіз 
еліміздің іргетасы берік, шаңырағы биік болуы бағытында атқарып жатқан істерінен, 
әрбір сөзінен аңғарылады. 
Иә, өзге алпауыт елдермен тереземіз тең, бәсекеге қабілетті болуымыз үшін бірлік қажет. 
Алтыбақан алауыздық дамуға емес, құлдырауға әкеледі. Тарихқа көз жүгіртсек, байырғы 
замандарда  қаншама  құдіретті  мемлекеттер  алауыздықтың  кесірінен  құлдырады,  тіпті 
құрып кетті. Осы жағдайлар бізге сабақ болуы керек. Данышпан бабаларымыздың «Алтау 
ала болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді» дегеніндей, біздің қол 
жеткізер жетістіктеріміздің, ырыс пен берекеміздің кепілі – бірлік. 
Бүгінгі  өркениет  заманындағы  даму  қарқыны  көштен  қалмауды  талап  етеді.  «Тозған 
қазды топтанған қарға алады» демекші, алауыздықтың әкелер зардабын сезіп, біле тұра 
«бас-басына би болуға» (Абай) ұмтылудың не қажеті бар? Елдің елдігі, жарқын болашағы 
үшін, тәуелсіздіктің баяндылығы үшін, жаһандық дамуда көштің соңында қалмау үшін ең 
басты керегі – бірлік. 
Бірлік – егеменді еліміздің нұрлы болашағына кепіл болар әрекет. Жұмылған жұдырықтай 
болу – кең далаға еркін қоныстанған қазақ баласы үшін, тағдыр жазуымен Қазақстанды 
мекен  еткен  түрлі  ұлт  өкілдері  үшін  өте  қажет.  Берекені  кетірер  алауыздықты  берекені 
келтірер бірлік жеңуі керек. Заман көшінен қалмай, дамудың қыр-сырын жетік меңгеріп, 
алға ұмтылу мемлекеттігіміздің марқаюына дем беретіні анық. 
Қарқынды  даму  үдерісі  Алтайдан  Атырауға,  Ертістен  Еділге  дейінгі  аралықта  еркін 
жатқан елімізден талай нәрсені талап етеді. Тарихымызға зер сала отырып, ата-бабамыз 
аманат еткен ел мен жерді ертеңгі ұрпаққа мұра ету үшін, елдің рухын жүдетпей, еңсесін 
түсірмей, тарих көшінен қалдырмай, үлкен іс атқаруымыз керек. Елдің жүгін көтерер ер-
азаматтар  мен  шаңырағын  ырыс-құтқа  толтырар  әйел-аналар  елдік  мұратты  асқақтату 
үшін тек бірлікпен әрекет етуі керек, бірлікті ту етуі тиіс. 
Біз үдеуіміз үшін бірлессек, жүдеуіміз мүмкін емес. Үдеу – ел ертеңіне сеніммен қарау, 
Мәңгілік ел боламыз деген мұратымызға кепіл. Жүдеу – алауыздықтың салдары. Басты 
міндетіміз – бірлікті мұрат, елдікті қуат, ар-ожданды суат еткен бабалар арманын ақиқатқа 
айналдырып, алға қадам басу.
Бір кезде кәсіпқой тарихшының еңбегіне бергісіз «Тарих толқынында» атты толымды 
кітап  жазып,  өткеннің  өнегесі  мен  ащы  сабақтарын  сындарлы  сараптап  шыққан 
Елбасының  тарихтан  тағылым  түйе  отырып,  түйіндеп  айтқан  бұл  сөзінің  де  тәлім 
аларлық сыры сондай тереңде жатыр. 
Жанат АЙМҰХАМБЕТ,
ақын, 
филология ғылымдарының докторы
Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры – алауыздықта. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы – 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан. 
14 желтоқсан, 2012 жыл

25 тұжырым
25 БЕЛЕС
254
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы – 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан. 
14 желтоқсан, 2012 жыл
Т
амаша  сөз.  Қазақ  халқы  бір  атадан  тараған.  Қазақ  хандығының  құрамына 
енген тайпалар мен рулардың тегіс, бірауыздан «қазақ боламыз, жеке мемлекет 
боламыз, біз бір атаның ұрпағымыз» деуінің терең тарихи-мәдени негіздері бар.
Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалардың тарихы ортақ, тілдері ортақ, мәдениеті 
ортақ, өмір сүру, тұрмыс-салты ортақ, ғұрып-әдеттері ортақ, негізінен сенім-нанымдары 
ортақ болған. Бұл жерде, қазақ халқы бір атаның ұлдары дегенде, алдымен айтарымыз, 
«қазақ» деген сөздің мағынасына қатысты.
Тарихи жәдігерлерде және көрші Қытай және Монғол елдері қазақтарды «хас-сақтар» 
дейді. «Қазақ» деген екі сөзден құралған: «хас» және «сақ». Ресей Империясы біздерді 
«қырғыз-қайсақтар» деген. Мұнда да қазақтың «хас» және «сақ» сөздерінен құралғаны 
белгілі. 
Сонда  анық  боп  тұрғаны  сөздің  түбірінде  тұрған  «сақ»  сөзі,  яғни  қазақ  халқының 
ұлдарының атасы – сақ. Бізді біріктіріп, топтастырып тұрған да – осы «сақтық» негізіміз.
«Хас» деген сөзге келсек, тілімізде «хас сұлу», «хас батыр», «хас болат» деген сөздер 
бар, яғни «хас» деген «нағыз» деген сөз. Сондықтан «қазақтар» – «нағыз сақтар» дегенді 
беретін ұғым.
Керей мен Жәнібек және олардың ұраншысы Асан Қайғы жаңа Орда құрғанда оның 
атауына «қазақ» деген сөзді алуы тегін емес. Олар «нағыз сақтар» ордасын құруды армен 
еткен. Бұл – биік идея, қазақ болу идеясы. Бақ-берекеміздің бәрі осы идеядан нәр алады.
«Хас  сақ»  пен  «қазақ»  сөзін  салыстырып,  оның  этимологиясын,  сингармонизмдік 
болмысын  тіл  мамандары  түбегейлі  зерттеп,  неліктен  «хас-сақ»  бүгінгідей  айтылып 
жүрген «қазақ» сөзіне айналғанын түсіндіріп берер. Қазақ тілінің сингармонизмі, әуені 
әуезді  әріптерге  негізделген.  Сондықтан  болар,  «хас-сақ»  деген  қатқылдау,  дауыссыз 
дыбыстардың қатар келуі әуезді «з» дыбысына айналғанына таң қалуға болмайды.
Елбасы тамаша айтқан: қазақ халқының ұлдары бір атадан тараған. «Бар қазақ – бір 
қазақ», «қарға тамырлы қазақ» деп айтып та, жазып жүрміз. Бұл біздің ата-бабаларымыздан 
қалған өнеге сөздер. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын ұлағат.
Шынында да алып даланы жайлаған қазақ халқы табиғаты, тегі, түсінігі жөнінен бір 
атаның балалары екенін әрбір ісімен дәлелдеп жүр. Сондықтан «Бар қазақ – бір қазақ» 
деуіміз – текті атаның ұлдары екеніміздің дәлелі.
Ғарифолла ЕСІМ,
ҚР ҰҒА академигі, 
философия ғылымдарының докторы, профессор

25 тұжырым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
255
Қ
асиетті қазақ даласы кімдерге пана болмады десеңізші?! Кешегі тағдыр тәлкегіне 
түсіп,  саяси  қуғын-сүргін  көріп,  Сталиннің  мұз  құрсанған  темір  вагондарына 
тиеліп, топ-тобымен жер аударылған Кеңес Одағының көптеген халықтары қазақ 
даласында өз тағдырын жалғап жатты. 
Одан қалды, тың және тыңайған жерді игеруге келген славян халықтарының өкілдері 
де осы киелі, қасиетті қазақ даласынан өз бақыттарын тауып, бүгінгі Қазақстан халқының 
құрамдас бөлігіне айналды. Олардың баршасы бірлік пен татулықты ту етті, оны бүкіл 
қоғамдық дамудың іргетасы ретінде алып, салиқалы саясат жүргізді.
Қонақжай  қазақ  даласы  да  ұлттарды  алаламай,  бәрін  де  бауырына  басты,  ешкімді 
сыртқа теппеді, жатсынбады. Олардың мәдениеті, тілі, діні салт-дәстүріне қорған болды. 
Соның  барлығы  қазақтың  киелі  даласының  шапағатының,  қазақ  халқының  кеңдігінің, 
ақжарқын ашықтығы мен бауыр малдығының арқасы еді. Ұлы дала берген қасиет бүгінгі 
өз тәуелсіздігінің жемісін көріп жатқан ұрпақ санасында өз көріністерін табуда.
Осындай  алғаусыз  ақ  ниет  пен  жан  жомарттығы  Қазақстанға  қоныс  аударған  халық 
өкілдерінің барлығының дүниетанымы мен ішкі болмысында «Біз – қазақстандықтармыз», 
«Біздің  Отанымыз  –  Қазақстан»  деген  сезімді  ұялатты.  Олар  осындай  ұлы  дала  берген 
қасиеттері үшін қазақ даласы алдында қарыздар екенін сезінеді, оған үлкен жауапкершілік 
сезіммен қарайды. Себебі, киелі қазақ жері – кімнің де болса шабыты мен жасампаздығының, 
имандылығы  мен  парасаттылығының,  ақылы  мен  санасының,  адамгершілігінің  қайнар 
бұлағы. Қазақ жері – ұлы сезімдер мен арман-мақсаттарға жетелейтін, қайратына қайрат 
қосатын үлкен күш. Қазақ даласының тылсым құдіреттілігі де осында. Сондықтанда ол – 
бәріміз үшін ортақ туған жер. Демек, туған жерді көркейту, оның алдындағы адами парызыңды 
өтеу үлкен жауапкершілік және абыройлы міндет. Туған жерге деген құрмет – тарихың мен 
салт-дәстүріңе, тілің мен дініңе, атамекеніңе деген шынайы құрметтен басталады. Өзара 
сыйластық пен татулықтың негізі де осында. Мұның  Қазақстанның барша халқы жете түсінеді.
Тәуелсіздік жылдарынан бері «туған жер» деген ұғымның мазмұны да сапалық тұрғыдан 
өзгерге бастаған тәрізді. Себебі, әрбір қазақстандықтың жанында қасиетті қазақ даласы 
берген  ұлы  қасиеттер  қозғаушы  күшке  айналуда.  Кәнігі  қазақ  менталитеті  бірте-бірте 
елімізде тұратын өзге ұлттардың ұғымына берік енді. 
Елбасының  жоғарыда  мысалға  келтірілген  «Бәріміздің  де  туған  жеріміз  біреу,  ол 
–  қасиетті  қазақ  даласы»  –  деген  сөзінің  жүрекке  сондай  жылы  тиіп,  естігенді  еріксіз 
тебірентетіні содан да болар.
Төлеуғали БӨРІБАЕВ,
философия ғылымдарының докторы, 
профессор
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы – 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан. 
14 желтоқсан, 2012 жыл

25 тұжырым
25 БЕЛЕС
256
Сот төрелігінің әділдігі мен жедел, әрі толық орындалуы – кез-келген 
елдің кемел болмысының көрінісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде сөйлеген сөзінен. 
20 қараша, 2013 жыл
Қ
азақ қоғамында сот төрелігін билер атқарып отырған. Би ретінде мо йындалған 
адам  өзінің  қазақтың  дәстүрлі  әдет  құқығын  жетік  білгендігімен,  шешендік 
өнерімен танылған, әділдігі мен адалдығы бойына жинақталған, ел арасында беделді 
тұлға болған. 
Билер соты дауға әділ билік айту қағидасы негізінде жүргізілетін. Ата-бабаларымыз 
жазу-сызуды  білмеген  кездің  өзінде  де  сот  төрелігінің  әділдігіне  ерекше  көңіл  бөліп, 
адам құқығын қорғауды берік назарда ұстаған. Мысалы, «Қасым ханның қасқа жолы» 
(1511-1518), «Есім ханның ескі жолы» (1598-1628), Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы» (1680-
1718) сияқты көрнекті заңдардың өзі қағазға түспеген. 
Бүгінгі таңда сот төрелігінің әділдігі мен жедел, әрі толық орындалуы кез-келген елдің 
қай заманда болмасын, кемел болмысының көрінісі саналады. Сот функциясын жүзеге 
асырушы  судья  әділ  және  заңды  шешім  қабылдау  үшін  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясын, оған сәйкес қабылданған заңдарды барынша толық және жан-жақты 
білуге тиіс қана емес, сонымен қатар сол заңдарды дұрыс және орнымен қолдана білуі 
қажет. Әрине, сот – әділеттілікті жүзеге асырушы орган, ал сот әділдігі – қылмыстық 
және  азаматтық  істерді  қатаң  түрде  заңға  сәйкес  қарау  және  шешу  жөніндегі  құқық 
қорғау қызметінің бір түрі. 
Сот  әділдігі  мынадай  белгілермен  сипатталатынын  көреміз:  сот  әділдігін  тек  қана 
сот жүзеге асырады, сот әділдігі қатаң түрде заңға сәйкес қылмыстық және азаматтық 
істерді  қарайды  және  шешеді.  Сот  әділдігінің  барлық  маңызды  мәселелерін  тек  қана 
заң  анықтайды.  Ал  нақты  қаралған  істер  бойынша  сот  шешімі  жалпыға  міндеттілік 
күшіне  ие.  Сонымен  қатар,  сот  төрелігінің  әділдігі  мен  жедел  әрі  толық  орындалуы 
Қазақстан азаматтарының құқықтық сана-сезімі мен құқықтық мәдениетімен де тығыз 
байланысты  деп  есептейміз.  Өкінішке  қарай,  тәжірибеде  заңға  сәйкес  шығарылған 
кейбір  сот  шешімдері  азаматтардың  құқықтық  сана-сезімінің  төмендігінен  немесе 
немқұрайлылығынан орындалмай жатады. Осы орайда болашақта елімізде заңдылық пен 
әділдік нық орнауы үшін барлық азаматтар сот төрелігінің әділдігі мен жедел әрі толық 
орындалуына атсалысуымыз қажет. Ал демократиялы құқықтық мемлекет орнауы үшін 
сот билігі әрқашанда әділ және заңды болуға тиіс. Бұл жағдай елімізді кемел келешекке 
қарай бастайтын негізгі алғышарттардың бірі болары сөзсіз. 
Мемлекет басшысы сот төрелігінің әділдігі мен жедел, әрі толық орындалуын қадағалап, 
бұл саланы үнемі назарда ұстап келеді. Елдің кемел болмысын қамтамасыз етеміз десек, 
сот төрелігінің уақтысында орындалуына, құқық пен заң үстемдігінің ұдайы сақталуына 
мүдделі болуымыз керек.
Әйгерім АРАЛБАЕВА, 
заң ғылымдарының кандидаты

25 тұжырым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
257
Ж
ер  шарын  мекендейтін  ұлттардың  бәрін  бірдей  тәуелсіз,  өз  еріктері  өз 
қолдарындағы  елдер  деп  айта  алмаймыз.  Себебі,  олай  болғанда  қанша  ұлт 
болса, сонша мемлекет те болу керек еді.
ХХ ғасырдың аяғында жер шарындағы алып империя КСРО құлап, орнына 70 жыл 
боданда болған елдер тәуелсіздік жариялап, дербес, егемен ел атана бастады. Осы бақ 
біздің қазақ деген ұлтқа да бұйырды. Бүгінгі таңда Қазақстан – әлем таныған, қарыштап 
дамып келе жатқан үлкен мемлекет. Қазақстанның атақ-даңқы жер шарына танылған кезі 
осы тәуелсіздікке қол жеткізген тұстан бастау алғаны ақиқат дүние. Тарих қойнауында 
жатқан ата-баба дәстүрін, дінін, ділін, ұлттық ұстынын терең судың түбінен қалықтатып 
бетіне шығарған – сол Тәуелсіздік. Әрине, боданда болған тұста бұлардың бәрі мүлде 
болмады деуден аулақпыз. Дегенмен де, ашық түрде насихаттау болмады, жоғары жақтан 
тыйым салулар, шектеулер, бақса да қитұрқы амал-әрекеттер болғаны ақиқат нәрсе.
Бүгінгі Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан біз еркіндікті айқын сезініп жүрген тұста ел 
болашағы  үшін,  еліміздің  алдыңғы  қатарлы  мемлекеттермен  терезесі  теңелуі  жолында 
жан-жақты білім алып, еңбектену ең басты парызымыз деп білеміз.
Тәуелсіздіктің  алғашқы  күнінен,  яғни  сонау  1991  жылдың  тура  16  желтоқсанынан 
бастап еліміздің бірден «төрт құбыласы тең» болды деп айту мүмкін емес. Өйткені, ол 
тұста шегі мен шеті көрінбейтін әлеуметтік, экономикалық проблемалар бастан асатын
Сол мәселелерді шешу жолында ел ағаларының атқарған істері орасан зор. Дегенмен 
сол алғашқы күн – «алысты жақын еткен», барлық игілігіміз бастау алған күн екенін 
мойындамау тәубесіздік болар еді. Елбасымыздың айтпағы да осы болса керек. Ол елдің 
ішіне іріткі салуға жол бермей, сындарлы саясаты арқылы жан-жақтан төнген қауып-
қатерден аман-есен алып шығып, соның арқасында бүгінгі бейбіт заманға жетіп отыр-
мыз. Осы тату-тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп жатқан Қазақстанның болашағы жарқын, 
алар асуы көп деп есептейді бүгінгі жастар. «Мәңгілік ел» идеясы – жоғарыда айтылған 
сөздердің дәлелі.
«Біз Мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Мәңгілік елдің жүрегіне айналған мәңгілік 
Астанамызды тұрғыздық. Мәңгілік мызғымас экономика қалыптастырып, Мәңгілік өшпес 
жылнама жаздық. Мәңгілік болашаққа жол салдық. Осының барлығы тәуелсіздігіміздің 
тартуы,  азаттығымыздың  асыл  қазынасы»  –  деп  Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаев айтқандай, Мәңгілік ел – Қазақстанның бүгіні мен болашағы айқын, жарқын 
екені ақиқат. 
Қадыр АХМЕТОВ,
тарих ғылымдарының докторы, 
профессор
Бұл – ұрпақтарымыз ұлы елдің ұланы, азат елдің ақиығы атануына 
жол ашылған күн... 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты 
жиналыста сөйлеген сөзінен. 14 желтоқсан, 2013 жыл

25 тұжырым
25 БЕЛЕС
258
Тәуелсіздік – тәуекелі жеткендердің ғана пешенесіне бұйыратын бақыт.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты 
жиналыста сөйлеген сөзінен. 14 желтоқсан, 2013 жыл
Т
әуекел! Адам баласын ерлікке, батырлыққа жетелейтін қанатты ұғым. «Тәуекел 
дейтін жел қайық, мінесің де өтесің, дегеніңе жетесің»... дейді көненің қамшыгер 
сөзі. Асылы Тәуекел ерді ерлікке жетелесе, елді жеңістің биігіне көтереді.
Бүгінгі таңда әрісі – әлем, берісі – Қазақстан халқы үшін Назарбаев есімі, Тәуелсіздік 
дәуірі дейтін танымы терең, тағылымы мол кезеңнің көшбасшы болып бекіді. Бұл – уақыт 
сүзгісінен өткен, миллиондаған жүректің төріне жеткен баламасы жоқ ақиқат. Тіпті ұрпақ 
санасында «Қазақстан – Тәуелсіздік – Нұрсұлтан» дейтін үш сөз Ел дейтін біртұтас ұғымға 
айналғаны да күмәнсіз.
Біздің  пайымдауымызда,  Елбасы  Тә уекелі  өз  дәуірінің  өзге  тәуекелдеріне  көп  ұқсай 
бермейді.  Назарбаев  Тәуекелі  –  Ерлік  пен  Елдіктің,  Сабыр  мен  Салауаттың,  Білім  мен 
Біліктің, Ұлтты сүю мен Ұлтқа қызмет етудің Тәуекелі! Кемеңгерліктің сирек Тәуекелі!
Екі дәуір иықтаса жұлқыласып, «Жаңа» аяғын апыл-тапыл басып, біресе – оңына, біресе 
солына қарайлаған сәбидің күйін басынан кешкендей, «Ескі» таяғына сүйеніп, білегінен 
қуат кеткенін сездіргісі келмейтін кәрі-құртаңның жағдайын елестеткендей болған өткен 
ғасырдың 90-жылдары қаталдық пен қатыгездіктің он сан үлгісін көрсетіп жатты... «Жаңа» 
«Ескіше» өмір сүргісі келмеді! «Ескі» «Жаңаға» өз дегенін өткізгісі келді!
Еске түсірейікші... Империя ыдырар қарсаңда Кеңестер Одағының соңғы Президенті 
тағынан  айырыларынан  екі  айдай  бұрын  «Қазақстанның  солтүстігіндегі  бес  облысты 
Ресейге  қайтару»  туралы  оспадарлау  ой  айтқанда  дүние  қобалжып  барып  басылғанын 
қалай ұмытуға болады?! Бұл, қазақшалап айтқанда, «кетісер достық ердің артқы қасын 
сұрағанмен» бірдей еді... Бұл – көпе-көрнеу екі елді, екі ұлтты қақтығыс өртіне итермелеу 
болатын. Бірақ, тәуекелдің семсерін сабырдың отымен суарған Нұрсұлтан Назарбаевтың 
шебер  саясаты  теріс  пиғылдылардың  жолын  кесті.  Нандыру,  иландыру,  көзді  жеткізу, 
өз  айт қанына  тыңдаушысын  ұйыта  білу  Назарбаев  Тәуекелінің  ең  мықты  қаруы  екенін 
бүгінде әлем танып, мойындап отыр.
Әуелгіде  ел  өміріне  тікелей  қатысы  бар  тағдыр  шешті  тұстарда  айқын  көрінген  ұлт 
лидерінің  бұл  қасиеті  келе-келе  аймақтық,  әлемдік  сипат  алып,  Тәуелсіз  Қазақстанның 
абыройын бекіте түскені артық дәлелді керек етпейді. 
Нұрлан ОРАЗАЛИН,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы

25 тұжырым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
259
Е
лбасының бұл түйінді сөзінің бұлтартпас дәлелдері бар. Егемендіктің бастапқы 
жылдарынан кейінгі бес-он жылға дейін Батыс әлемі өздерін зор санап, Шығыс 
әлемінің, оның ішінде біздің елдің де құндылықтарын қор санап келгені өтірік емес. 
Әсіресе, мұндай кемсітушілік пен шеттету Варшавада орналасқан Адам құқықтары 
мен  демократиялық  институттар  бюросының  тарапынан  әсіресе  жиі  естілетін.  Ара-
тұра мұндай сындар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан да, 
Вашингтондағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия тарапынан да жиі бой көрсететін. 
Көбінесе,  мұндай  сындарды  жоғарыда  аталған  халықаралық  ұйымдардан  біздің  елде 
өтіп тұратын президент және парламент сайлауларын байқауға тағайындалған комиссия 
мүшелері жиі-жиі алға тартатын. Тіпті олардың қорытынды анықтамалары стереотиптік 
үлгімен күні бұрын әзірленіп, елімізге келген батыс әлемі байқаушыларының папкаларынан 
дап-дайын күйінде шыға келетін.Ал кейінгі жылдары батыс байқаушыларының біздің 
елге деген сыни көзқарасы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда азая бастады. Өйткені, батыс 
«үйретушілері»  айтты  екен  деп  біз  өз  құндылықтарымыз дан  бас  тартқанымыз  жоқ. 
Егемендіктің алғашқы жылдары Елбасымыздың ТМД елдерінің кейбірінде орын алған 
демократиялық  даңғазалықтан  гөрі  халқымыздың  әл-ауқатын  көтеруге  бағытталған 
экономикалық  құндылықтарға  басымдық  бергені  өте  құптарлық  дүние  болды.  Бұған 
дәлелді алыстан іздеудің қажеті жоқ. Біріншіден, экономикаға басымдық беру арқасында 
халықтың жан басына шаққандағы табысы еселеп өсті. Екіншіден, елдегі инвес тициялық 
ахуалдың  тартымдылығының  арқасында  күллі  Орталық  Азиядағы  ТМД  елдеріне 
келген  инвестицияның  басым  көпшілігі  Қазақстанға  тартылды.  Үшіншіден,  елімізде 
іске  асырылып  жатқан  үдемелі  индустриялық-инновациялық  бағдарлама  арқасында 
мыңдаған жұмыс орындары пайда болып, шағын және орта бизнеске, инфрақұрылымдық 
жобаларға  кең  жол  ашылды.  Төртіншіден,  батыс  елдерінде  этносаралық,  дінаралық 
қатынастарға  сызат  түсіп,  оның  салдары  түрлі  шиеленістерге  әкеліп  жатқанда,  біздің 
елде Елбасы бастамасымен дүниеге келген әрі конституциялық статусы бар Қазақстан 
халқы Ассамблеясының дұрыс жолға қойған саясаты арқасында ырыс пен ынтымақтың, 
бірлік пен келісімнің, этносаралық сыйластық пен толеранттылықтың мызғымас іргетасы 
қаланды. Бұл тұрғыдан келгенде, Қазақ елі демократиялық құндылықтарды үйренуші ел 
емес, үйретуші елге айналды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет