Әділ АХМЕТОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Ресей мен Қазақстанның Жоғары мектеп ғылым академияларының академигі,
профессор
Біз үйренетін ұлттан үйрететін ұлтқа, жығуға емес, жығылмауға
ұмтылған ұлтқа айналдық.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіздік
күніне арналған салтанатты кеште сөйлеген сөзінен. 14 желтоқсан, 2013 жыл
25 тұжырым
25 БЕЛЕС
260
Мәдениет – тіршіліктің тірегі, ортақ игіліктерді ұлықтап, ұлтты ұлы
істерге ұйыстырудың бірегей тетігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінен.
18 сәуір, 2014 жыл
Ө
ресі биік мемлекеттер туралы «Мәдениеті биік ел екен» деп баға беріліп жатады.
Қазақтың да басқаға таныстыратын, өзгелер таңдай қағып тамсанатын рухани
байлығы жеткілікті.
Жақында ғана «Астана Опера» ұжымы Еуропа мен АҚШ-қа гастрольдік сапары барысында
қазақ мәдениетінің әлеуеті қай деңгейде екенін талғампаз батыс жұртына мойындатып
қайтты. Қазақстанды кешегі Кеңес Одағының бір бөлшегі санайтын шетелдіктерді қазақ
өнері таңдай қақтырар күйге бөледі. Адамзатқа ортақ өнерді қазақтың жастары шеберлікпен
игеріп, өзіндік өрнегімен құйқылжыта орындайтынына тәнті болған еуропалықтар ыстық
ықыласын танытты. Бұл дегеніміз – Елбасы айтқан ортақ игіліктерді ұлықтаудың белгісі.
Әрине, адамзатқа ортақ өнерді меңгергеннің орны бөлек. Әйтсе де, ұлттық өнерді
асқақтатудың, оны басқаларға танытудың жөні бір басқа. Әлем жұртшылығына классикалық
өнер таңсық емес, онымен таңғалдыру қиын. Ал қазақтың төл өнерін таныстыру, сол
арқылы ұлттық мәдениеттің жетістігін көрсетудің жөні бөлек. Өткен ғасырдың отызыншы
жылдарындағы Әміре Қашаубаевтың Париж төрінде әуелете ән салғаны неге осы күнге
дейін аңыздай болып айтылады дейсіз? Француздар қазақтың төл өнеріне тамсана қол
соғып, ерекше бағалаған. Ұлттық мәдениеттің құдіреті осында жатыр.
Мәдениет – ұлтты ұлы істерге ұйыстырудың бірегей тетігі. Мемлекет басшысының ой
тұжырымы мәдениеттің мемлекет өміріндегі рөлін асқақтата түседі. Өйткені, мәдениеті
қарыштап дамыған мемлекеттің әлемдік деңгейдегі орны да дара болатыны сөзсіз.
Мәдениет арқылы ұлттың ұпайы түгенделеді, елдің рухы көтеріледі, руханият әлеміндегі
жетістіктер халықты биіктерге бастайды.
Мемлекет басшысы мәдениетіміздің озық үлгілерінің әлемге танылуы үшін көптеген
бағалы бастамалар көтерді. «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы тарихымыз дың бар асылын
түгелдеп қана қоймай, оларды өркениет төріне шығара алдық. «Болашақ» стипендиясы
бойынша шетелдердің таңдаулы өнер ордаларында білім алған бірқатар ұландарымыз биік
жетістіктерге жетті. Осының бәрі халықтың рухын көтереді, оларды елдік мақсат-мұрат
төңірегіне тығыз топтастырады. Ұлт болып ұйыса түсуге үндейді. Қазір қазақ мәдениеті
де, көп ұлтты Қазақстанның мәдениеті де әлем жұртының назарын аударатындай деңгейге
көтерілді деп сеніммен айтуға болады.
Перизат СЕЙІТҚАЗЫ,
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор
25 тұжырым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
261
К
елісім – ұжымдық сананың белгісі. Ал бабаларымыздың өмір сүру салты ежелден
ұжымдық сипатта болған. Қалада, отырықшылдық тіршілікте керісінше, жеке
меншік, жеке өмір сүру сияқты индивидуалды құндылықтар басым, солар – өмір тірегі.
Бізден тарих жолын таңдау жасауды талап етсе, ата-баба жолынан таймағанымыз абзал.
Дала дәстүрінде келісім бірліктен, бірлік теңдіктен туады. Нәтижесінде ұлы даланың
ұлдары арасында «Біріккен жүз бытыраңқы мыңды алады» деген қағида салтанат құрған.
Дала батырлары қалалық арифметика түсіндіре алмас «Біріккен екі бірлігі жоқ жетіні
жеңеді» дегенді жалаулатқан.
Қазақстанда саяси жүйені, экономиканы дамытуда жалпы батыстық ұстанымдар
басымдыққа ие екені сөзсіз. Бірақ бүгінде сол Еуропа қоғамын қай тұсынан талдасаңыз
да, демі таусылған, дәрмені біткен қария сияқты. Діннен безген ұрпақты, жалға берілген
шіркеуді, үйден қашқан еркекті және еркек болған әйелді немесе керісінше, әйтеуір бір
рухани деградацияны көреміз.
Тегіміз бір, тарихымыз бір, ескен желіміз бір деп Азияға бет бұрсаңыз, Құдайы жоқ,
айдаһарды пір тұтқан көршіні көресіз. Одан әрі шөл даладағы көп жылтырақтың ар жағы
моральдық стагнация екенін байқайсыз. Көз жетпес теңіз маңы тұнып тұрған ессіздік
екенін естисіз. Кім үлгі? Не үлгі? Жалпы, бізге үлгі керек пе? Әлде мыңдаған жылдар бойы
елді, жерді сақтап, ұрпақ өсіріп, геометриялық прогрессиямен өсіп-өніп отырған ұлттық
тірегіміз, өз діліміз бен танымымызды дәріптесек дұрыс па? Өйткені, осы географиялық
ортада, біздің табиғи кеңістікте, адамдар қауымдастығында өз өміршеңдігін дәлелдеген
ұстаным, қағида, талап пен таным бар емес пе? Нәтижесінде бүгінде біз төрткүл дүниемен
тереземіз тең ғой.
Дара жол – келісім. Келісім үйдің тірегі болған – «Келісіп пішкен тон, келте болмас».
Ендігі кезекте кім келіспейді, неге келіспейді деп сұраумыз керек. Келіспейтіннің өкпе-
назы бар. Орындалмаған мақсат пен мұраты бар. Мүмкін, саяси жүйеге, экономикалық
қалыпқа ұзақтан сақталған реніші бар болар. Ендеше, мұң-мұқтаждары ескерілмей,
естілмей жүрген арамыз дағы ағайындарымыз түгендейік, солардың көңілін табайық. Жұрт
болып келісіп, солардың мәселелерін шешейік.
Келісімді дәріптеген аға ұрпақ бытыраңқы көп жұртпен тіресте үстем етенін
парадоксалды заңдылықты айтып кеткен. Ол «Төртеу түгел болса – алар, алтау ала
болса – алдырар». Әлі де болса жақын арада Қазақстан экономикасы, саясаты және ұлт
қауіпсіздігін қамтамасыз ету осы парадоксалды түсініктерімізді қажет ететіні сөзсіз.
Рамазан САЛЫҚЖАНОВ,
әлеуметтану ғылымдарының кандидаты
Келісім – экономика мен саясаттың, қауіпсіздіктің, өмірдің заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінен.
18 сәуір, 2014 жыл
25 тұжырым
25 БЕЛЕС
262
Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар –
сол шаңыраққа шаншылған уықтар.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінен.
18 сәуір, 2014 жыл
К
езінде «Енші алып, қалың түркі тарасқанда, Қазаққа қара шаңырақ қалған жоқ па?!»
деп Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев айтқандай, қазақ елінің қаншама
этносқа қара шаңырақ болғанына тарих куә. Мысалы, түркі тілдес этностардың өзі
қаншама?! Солардың ішінде қазақ жұртының орны да, маңызы да айрықша екені
баршаға белгілі.
Қазір Түркия түркілері өздерінің «ата жұрты», яғни қара шаңырағы деп Қазақ елін
айтады. Әрі кетсек, Венгрия қыпшақтары бізбен тамырлас. Тіпті таяуда ДНК нәтижелері
бойынша норвегтер де өздерін қазақ жерінен келгенбіз деп болжам жасай бастады.
Бұлардың қай-қайсысы да ғылыми байыптамасы бар тұжырымдар екенін айта кету керек.
Қазіргі таңда Қазақстанда жүзден астам ұлттар мен этностар өмір сүріп жатыр. Сондықтан
әрбір үйге, әрбір отбасына қазақстандық келісім мәдениеті мен бейбітшіліктің негізгі
қағидаттарын жеткізу өте маңызды. Бұл шара кімнен болсын, белсенділікті талап етеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-сессиясы «Қазақстан-2050: Бір халық, бір ел,
бір тағдыр» деген айшықты тақырыппен өткені мәлім. Бұған Елбасы, Қазақстан халқы
Ассамблеясының төрағасы Н. Назарбаев: «Бір халық – бұл барлығымыз үшін ортақ
мүдделер. Бір ел – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. Бір тағдыр – бұл біз бірге жүріп өткен
қиындықтар мен жеңістер!» – деп түсініктеме беріп, қоғамға терең ой салды. «Қазақты
қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этнос тар сол шаңыраққа шаншылған
уықтар», – деп, этносаралық келісім мен достық қатынастың қаншалықты маңызды екенін
атап өтті. Міне, осылай татулықты тірлігіміздің тірегіне айналдыра алдық. Көпұлтты
мемлекетіміздің тұтастығы мен ел бірлігі барлық табыстарымыздың негізі болып отыр.
Қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету – демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуының маңызды шарты. Қазақстандағы этносаралық
қатынастардың әлемдік қауымдастық тарапынан мойындалуы – ең алдымен қазақ ұлтының
еншісіндегі жетістік. Елдің экономикалық өсуі, әлеуметтік прогресс пен демократияның
дамуы қарашаңырақ иесі – қазақ ұлтының төңірегінде республикадағы барша этностардың
шоғырлануы жағдайында ғана мүмкін болады.
Біздің еліміз – бір мақсат, ортақ құндылықтар, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық
идеясы төңірегінде бірыңғай азаматтық қоғамдастықты нығайтатын көпэтносты және
көпконфессиялы мемлекет. Елбасы айтқандай, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – көпэтносты
елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі.
Сатай СЫЗДЫҚОВ,
тарих ғылымдарының докторы,
профессор
25 тұжырым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
263
Т
арихи деректерге жүгінсек, түркі халқының ата жұрты – қарашаңырақтың иесі –
қазақтың кең байтақ даласы.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында да «Екі мың
жылдық көне тарихы бар қазақ даласы – ұлы түркілердің қара шаңырағы» деп өте орынды
атап өткен. Сонымен қатар, оның бұл ойын төмендегіше жалғаған болатын: «1861 жылы
қазақтың соңғы ханы өлтірілгеннен кейін, біз Ресей патшалығының, одан Кеңес Одағының
боданы болдық. 150 жылдың ішінде қазақ өзінің ұлттық салт-дәстүрін, тілін, дінін ұмытуға
аз қалды. Жаратқанның қолдауымен 1991 жылы өзі-міздің тәуелсіздігімізді жарияладық.
Сіздердің бабаларыңыз атажұрттан бері қарай жылжыған кезде Түркі қағанатының ішінен
«түрік» деген атты өздерімен алып кетті. Қазірге дейін түркінің ішінде жігіттің сұлтаны,
ең жақсы жігіт қандай дегенде «қазақ» дейді. Сол қазақ – бізбіз».
Кемеңгер көшбасшымыздың айтқан бұл сөзіне түбі бір түркі жұртының бірлігі мен
тәуелсіздігі жолындағы күресінің тарихын жақсы білетіндердің еш таласы болмауы тиіс.
Елбасымыздың айтқаны мен түркі дүниесінің туыстығын, тұтастығын армандаған көптеген
данышпан ғұламаларымыздың сөздерінің арасында үлкен үндестік, сабақтастық бар.
Шынында да, бүкіл түркі халқының ата мекені болған, егемендік жолында жанын
аямай күрескен батырлар, ел басқаруда көреген саясатымен көптің құрметіне бөленген
ұлы хандар мәңгі тыныс тапқан кең байтақ қазақ жері көптеген елеулі оқиғалардың
куәсі болып, саяси-тарихи маңызды территория ретінде өзінің лайықты бағасын алуда.
Тәуелсіз Қазақстаннның тұңғыш Президентінің бір түбірден тараған түркі халықтарының
тілі, діні, мәдениетінің ортақтығын, рухани тұтастығын баршаға сезіндіріп, ежелгі ата мекені
болып табылатын қазақтың қасиетті жерінде қайта қауыштыру, бірлік, ынтымағын күшейтуде
атқарған істері, айтқан қанатты сөздері қазіргі кезде баға жетпес игілікке айналуда.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тіліне мейлінше жақын қазақ тілін және тарихы
мол қазақ жерін «түркі әлемінің ата тілі және ата жұрты» деп қарастыру да көптеген
ғылыми-теориялық семинар, конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, баспасөз
беттерінде мол ұшырасады. Әрине, қазақ тілі мен жерін, халқын өзге түркі халқынан
жоғары қоюдан аулақпыз. Дегенмен тарих талқысында өзінің нағыз бағасын алған, түркі
халқының кіндік қаны тамған ата мекені – қазақ даласында түгел түркі идеясына қатысты
жүзеге асырылған істер оң нәтижелерін беруде. Елбасымыздың ерен еңбегі арқасында
халқымызды, бүкіл түркі дүниесін де нұрлы, берекелі, бейбіт күндер, жарқын болашақ
күтіп тұрғанына сеніміміз мол.
Қадыр АХМЕТОВ,
тарих ғылымдарының докторы,
профессор
Біз бүкіл түркі халқының ата жұртында тұрып жатырмыз...
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Түркияның Бодрум қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттердің
ынтымақтастық кеңесінің 4-саммиті кезінде сөйлеген сөзінен.
29 мамыр, 2014 жыл
25 тұжырым
25 БЕЛЕС
264
Қазірге дейін түріктің ішінде жігіттің сұлтаны, ең жақсы жігіт қандай
дегенде «қазақ» дейді. Сол қазақ – бізбіз!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Түркияның Бодрум қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттердің
ынтымақтастық кеңесінің 4-саммиті кезінде сөйлеген сөзінен.
29 мамыр, 2014 жыл
М
емлекет басшысының бұл пікірінде ұлттық сананы жаңғырту, ұлттық мақтаныш
сезімін ояту, түркітілдес халықтарды біріктіру мақсаты көрініс тапқан. «Қазақ»
этнонимінің этимологиясы «тәуелсіз», «еркін» мағыналарын беретіндігін білетін, сан
ғасырлық тарихы бар Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің бастауында тұрған
азамат, ел тарихының тағдыршешті кезеңінде қазақ халқын іргелі істерге жұмылдыра
алған ұлт көшбасшысы ретінде Н.Ә. Назарбаевтың осы тектес пікір айтуы орынды.
«Мың өліп, мың тірілген» халықтың ұрпағы қиындықтардан шыңдалып, «мен қазақпын»
дейтін дәрежеге жеткені айдай әлемге мәлім. Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізді, қара
шаңырақтың түтіні түзу шыға бастады. Түркі жұртынан тараған ұрпақтың қысылғанда
табан тірейтін іргелі ордасына айналды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлының тыңдаған жұртқа қайрат берер сөзін осылайша бір тарқатуға болады.
«Төрімізден құт-береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Туыр-
лыққа – ту іліп, Қыннан қылыш суырып, Көк найзаның ұшына күдері үкі таққан елміз!»
деп бабамыз Қазыбек би айтқандай, қазақ халқы – ашық пейілін көрсеткенге адал дос,
қасарысқанмен ашық алаңда айқасуға әзір батыр халық. Тарих қойнауына үңілер болсаңыз,
бабаларымыздың өмір жолы осындай тағлымды, өрлікке, ерлікке толы.
Ресей патшалығының отаршылдығына қарсы күрестер де осыны айғақтайды емес
пе?! Ресей патша өкіметі тұсындағы Исатай мен Махамбет, Кенесары көтерілістері,
Кеңес өкіметі кезіндегі Созақ, Адай көтерілістері де қазақ деген халықтың қиянатқа
көнбейтіндігін анық көрсете білді. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы да қазақ жастарының
қажыр-қайратын әлемге әйгілеп берді.
Тәуелсіздік алған жылдарда ұлттық рухты арттыру мақсатында жігіттің сұлтаны ұғымы
дәріптеле бастады. Бұл атауды иелену – елін сүйетін, жерін қорғай алатын, сөзге жүйрік,
ойға кемел, көшбастаушылық қабілеті бар азамат болу деген сөз. «Бұл қазақта жігіттер бар
шың тектес, Тұра да алмас шың бұлай. Қасқайып олар тұрғанда» деп ақиық ақын Төлеген
Айбергенов жыр лағандай, «жігіттің сұлтаны» боларлық тұлғалар жеткілікті.
Соның бірегейі, аты түркі жұртына ғана емес, күллі әлемге әйгілі – Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың өзі. Ол қазақтың ғана емес, түркі жұртының айбынын асырып,
бабалардың тағылымды дәстүрін жалпақ дүниеге мойындатқан халықаралық деңгейдегі
ірі қайраткер. Қазақ деген арда халықтың перзенті!
Перизат СЕЙІТҚАЗЫ,
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор
25 тұжырым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
265
Т
арих – халықтың жады, ол рухымыз ды көтеріп, болашаққа жол сілтейді.
Отанымыздың тарихын оқу, зерттеу арқылы еліміздің кешегісі мен бүгінгісіне көз
жіберуімізге, ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Еліміздің тәуелсіздік алуымен қатар Отан тарихындағы көптеген өзекті мәселелер
жаңаша тұрғыдан қаралып, дербес, тың, тәуелсіз ой-пікірлер мен тұжырымдар қалыптаса
бастады. Тарих ғылымында жаңа бағыттар, айтарлықтай өзгерістер пайда болды. Бұл ең
алдымен ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық-методологиялық негіздерін қамтыды.
Адамзаттық құндылықтарға және ұлттық мүддеге негізделген методологияға сүйенді.
Еліміздегі тарих ғылымының дамуын шартты бірнеше кезеңге бөлуге болады. Әр
кезеңді анықтайтын басты ерекшеліктердің біріне сол кезеңде ел тарихын зерттеу ісінде
ерекше табыстарға қол жеткізген, Отан тарихының белгілі бір дәуірлердегі мәселелерін
зерттеуге ерекше үлес қосқан, сондай-ақ сол мәселелердің алдағы бірнеше онжылдықтар
бойы ғылыми тұрғыда зерттелуіне ықпал еткен жекелеген тарихшылардың ғылыми
еңбектері жатады. Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында Қазақстан тарихының өзекті
мәселелеріне арналған еңбектер көлемі едәуір болды. Олардың арасында, әсіресе, кеңестік
тоталитарлық жүйе тарихынан жазылған еңбектер айтарлықтай мол. Қазақ мемлекеттігін
жаңғырту жолында күрес жүргізген Алаш қозғалысы туралы жазылған іргелі зерттеулер
К. Нұрпейістің «Алаш һәм Алашорда», М. Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» атты
монографиялары болды. Тәуелсіз Қазақстан тарихшыларының назарын аударған келесі
бір аса ірі мәселе – XX ғасырда тоталитарлық жүйе күшімен жүзеге асырылған аграрлық
реформаның барысы, сипаты және ауыр салдары, т.б.
Дегенмен, Қазақстан тарихының теориялық-әдістемелік мәселелері, отандық деректану,
тарихнама және зерттеу әдістері бойынша жүйелі жазылған қомақты еңбектер тапшылығы
тарихшы ғалымдарды ойлантатын күрмеуі қиын күрделі мәселелердің бірі болып отыр.
Егер бұрын Қазақстан тарихы Кеңес Одағының бір құрамдас бөлігі ретінде қарастырылса,
енді оны әлемдік тарих, Еуразия тарихы, көшпелілер өркениеті, түркі халықтарының,
Орталық Азия халықтарының тарихы тұрғысында қарастыру мақсаты туып отыр. Көшпелі
өркениет жүйесінде, Еуразия халықтарының тарихи-мәдени ортақ дамуында қазақ
халқының орнын, оның мемлекеттілігінің рөлін көрсету Қазақстан тарихын зерделеуде
маңызды орын алады.
Елбасының Ұлытау төрінде берген сұхбатында ұлт тарихына байланысты тереңнен
қозғаған ойларын ортаға салып, қазақ тарихының өте бай екендігін, өз тарихымызды жаңадан
игеріп, біліп жатқан ел екендігімізді айтып, жұртшылық назарын тарихқа ерекше аударды.
Қадыр АХМЕТОВ,
тарих ғылымдарының докторы,
профессор
Біз – өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Ұлытау төрінде берген сұхбатынан. 25 тамыз, 2014 жыл
25 тұжырым
25 БЕЛЕС
266
Қазақтың кейбір сөз оралымдарын, Абайдың сөз өрнегін басқа тілге,
мәселен, орысшаға, ағылшыншаға аударып көрші. Ол мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Ұлытау төрінде берген сұхбатынан. 25 тамыз, 2014 жыл
Қ
азақ тіліндегі көп сөздер тамырын тереңнен алады. Ғасырлар бойы айтылу сазы,
ырғағы, тіркесу қабілеті мен мағынасы бір-біріне кірігіп, ұлттық таным көкжиегінен
ғана бейне көрсететін тамаша құндылыққа айналған. Бұндай сөз оралымдары – қазақ
халқының өзіндік рухани байлығы.
Мысалы, «төркіні келгендей қуанды», «нағашысына бара жатқандай», «жиендік жасау»
деген тіркестерді басқа тілдерге тура аударудың мүмкін еместігі өз алдына, түсінігін беру
де оңайға соқпайтыны белгілі.
Абай өз заманында өлеңдері мен қара сөздерінде туған тілдің өрнегі мен түйінді
ойларды беру мүмкіндігін өте шебер пайдаланды. Көктем суреттері, саятшылық, қыз
бен жігіт арасындағы сырлы сезім Абай шығармаларында жиі кездеседі. Мысалы, «Көл
жағалай мамырлап қу менен қаз, Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз... Құс қатарлап
байлаған қанжығаға, Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз», – деген жолдардың мағынасын
сол бір сәттерді көз алдынан өткерген немесе қазақтың саятшылық өнері мен дәстүрінен
хабары бар адам ғана түсіне алса керек. Көктемде аққу, қаз, үйрек секілді құстардың
жұмыртқасын теріп, мәз болып жүгіріскен балалар, қаршыға салу өнері, қанжығасына
қаз байлаған жігіттерден наздана сауға сұраған бойжеткендер көктемгі бой сергітер әсем
шақтармен қабат өріліп, табиғатпен астасқан қазақ өмірінің бейнесін береді.
Саятшылық өнердің көңіл серпілтер қызығы мол, тамаша бір тарауы – бүркітшілік.
Түлкі мен қыран арасындағы тартыс Абай өлеңдерінен де орын алған. «Қансонарда
бүркітші шығады аңға» деген жолдағы «қансонар» сөзі – қазақтың төл өнеріне ғана тән
атау. Өлеңдегі мына бір шумаққа назар аударып көрелік:
Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі, О дағы осал жау емес қыран паңға. Сегіз
найза қолында, көз аудармай, Батыр да аял қылмайды ертең таңға.
Осындағы «қырық пышақпен қыр жыңдау», «сегіз найза қолында», «батыр да аял
қылмайды ертең таңға» секілді сөйлем мен сөз тіркестері өзге жұртқа түсініксіз болуы
мүмкін және сөзбе-сөз аударуға келмейді. Жылдар бойғы ғылыми талдаулар мен
танулардың өзі әлі сырын ашып бола алмаған, терең мағыналы иірімдер мен философиялық
тұжырымдарға толы Абай өлеңдері шебер аудармашының қолынан өткенде де, үлкен
түсініктерді қажет ететіні анық.
Елбасының «қазақтың кейбір сөз оралымдары мен Абайдың сөз өрнегін» қатар қойып
айтуы – туған тілдің қарым-қабілеті мен өзгеге ұқсамайтын өзіндік болмысын терең сезінуі
және оған берген бағасы.
Бекжан ӘБДУӘЛИҰЛЫ,
филология ғылымдарының докторы
25 тұжырым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
267
Ә
лем әдебиетінде өзіндік орны бар, ұлы жазушы Шыңғыс Айтматов: «Тіл –
халықтың автопортреті. Әр тіл өз орнында ұлы, әр тіл бүкіл адамзат қазынасының
палитрасындағы өз өрнегімен қымбат» – деген екен. Шындығында адамзат баласының
тілі ұлттық тарихы бойында өзі қалыптастырған мәдени-рухани және материалдық
игіліктерінің дәрежесімен ерекшеленеді.
Сол секілді қазақ тілі де – қазақ халқының ұлттық салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі және
дәстүрімен бірге жасасып, оның барша сипатын, көркем бейнесін бойына жинақтаған
тіл. Мұнда халқымыздың тарихы, тағдыр-талайы, арман-тілегі, қайғысы мен қуанышы,
өмірлік мұраттары сақталған. Ол басқа халықтардікіне ұқсамайды, өйткені мұнда қазақша
ойлау, қазақша қуану, қазақша ренжу, қазақша армандау, дүниені қазақ көзімен тану бар.
Қазақ танымындағы мәңгіліктің ауқымын қамтитын ұлы философиялық тұжырымдар «екі
ауыз сөзге» немесе «тобықтай түйінге» топтастырылған. Осы түйінде ұлттық дәстүрмен
сабақтас танымдық негіздер қаланған. Мысалы, дүниетанымның негізінде қалыптасқан
«бес күндік жалған», «қайтыс болу», «дүние – дөңгелек», «үмітсіз – шайтан», «жақсы сөз –
жарым ырыс», т.б. тіркестер мына өмірдің өткінші – алдамшы екенін, бірақ үмітсіздікке
жол бермей, тек жақсы тілекпен өткізу керектігіне меңзейді.
Сонымен қатар, жекелеген сөздердің де мағынасын терең зерделей алсақ, әрқайсысының
өн бойынан көптеген ақпараттар көрінеді. Мысалы, «дала» сөзін орыс тіліне «степь» деп
аударуға болады, алайда ол қазақтың көз алдындағы «кең дала», «сайын дала», «байтақ
дала», «жалпақ дала», «туған дала» емес. Қазақ тіліндегі «дала» сөзінің өзіндік бейнесі,
аталған тіркестер құрамында келіп, ұлттық санада оған деген сағыныш пен патриоттық
сезімдерді оятады, кеңдіктің, дархандық-жомарттықтың сәулесін ұялатады, «қасиетті,
киелі мекен» деген ұғым-түсінік қалыптастырады.
Тіл құрамындағы әрбір элемент, ол мейлі сөйлем, мейлі сөз тіркесі, жеке лексикалық
бірлік, жұрнақ-жалғау, тіпті жекелеген дыбыс болсын, әрқайсысы өн бойына осы секілді
қасиетті ұлттық ақпараттарды жинақтаған. Әлем жұртшылығы жаһандануға бет бұрып,
ақпараттар шабуылы кең етек алып тұрған тұста мыңдаған жылдар бойы ұлтты аман
сақтап келген тіл мен дәстүрден көз жазып қалу оңай, сондықтан оларды қорғау – тілді
ғана емес, ұлттық менталитетті, бүтін ұлтты сақтап қалудың да бір жолы.
Тілді қасиет-кие ретінде жоғары бағалағанда осы ерекшеліктер басты назарға алынады.
Егер тіл жойылатын болса, тілімен бірге ұлт өзіндік төл болмысы мен барша рухани
құндылықтарынан да айрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |