25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет25/30
Дата07.04.2017
өлшемі6,75 Mb.
#11212
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Тілеген САДЫҚОВ,
тарих ғылымдарының докторы
профессор
Түркістан – қазақ халқының ұлттық мемлекеттілігін дүниеге әкелген 
алтын бесік әрі оны кемелдендірген өнегелі мектеп.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған ғылыми конференцияда 
жасаған баяндамасынан. Түркістан, 20 қазан, 2000 жыл

25 байыптама
25 БЕЛЕС
228
Тәуелсіздік бізге бұрын-соңды көрмеген орасан зор мүмкіндіктер берді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыста жасаған 
баяндамасынан. 16 желтоқсан, 2001 жыл
Т
әуелсіздіктің біз үшін ең қастерлі ұғым екендігін шын жүрекпен сезіне алу егеменді 
елдігіміздің тұлғалы тұғыр намасы екендігі белгілі. 
Өйткені,  өткен  тарихымыздың  тағылымдық  кезеңдеріне  көз  жүгіртер  болсақ, 
еліміздің егеменді дербестігі үшін жан алысып, жан беріскен қиян-кескі шайқастар мен 
айқастар аз болмағанын аңғарамыз. Сол үшін де жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы 
жылдарынан  бергі  Алла  жар  болып,  тәуелсіздікке  қол  жеткізген  егеменді  елдігіміз, 
Елбасымыз айтпақшы, бізге зор мүмкіншіліктер берді. Біз ең алдымен өзіміздің ұлттық 
рәміздерімізді  айқындап,  төл  теңгемізді  экономикалық  айналымға  қосып,  Біріккен 
Ұлттар Ұйымының мүшелерінің біріне айналдық. Дүниедегі екі жүзден астам тәуелсіз 
елдер қатарынан абыройлы орын иелендік. Одан қала берді қасиетті жер-суымыздың 
шекарасын  толық  айқындап,  өлшеп-пішіп  алдық.  Оның  үстіне  тарыдай  шашыраған 
он бес миллионнан астам қазақтың басын қара шаңырақтың астына жинап, егеменді 
елдігіміздің  тұғырын  бекемдей  түсіп,  жан  санымыздың  молаюына  жағдай  жасадық. 
Осы  секілді  орасан  зор  табыстар  мен  жетістіктер  азаттықтың  арқасында  келіп 
отырғандығын сезіну әрбір қазақ елі азаматтарының борышы деп білеміз.
Тәуелсіздік – тәтті ұғым ғана емес, бертінгі хан Кенедей әруақты бабаның өзегін өртеп, 
шер  байлаған  өлмес  мұраты,  кешегі  Ә.  Бөкейханов  бастаған  алаш  ұранды  ағалардың 
аяулы арманы еді. Алайда кәрі тарих қаншама жылғы толассыз күрестің жемісін татуды 
бүгінгі  ұрпақтың  маңда йына  жазыпты.  Тәңірдің  қалауымен  өткен  ғасырдағы  соңғы 
бұлқыныс алаштың пайдасына шешілді. Бабаның бағзы жолымен басшымызды сайлап, 
егемен ел атандық.
Қарға тамырлы халқымыз ғасырлап көксеген тәуелсіздік дархан даламызға толағай 
табыстар  ала  келді.  Керіліп  жатқан  кербез  жонның  үстіне  алшайта  тігіп  ақ  орданы 
қондырған  баһадүр  бабаларша  сағым  жортқан  Сарыарқаның  төсіне  ару  Астананы 
салдырдық. Әлемді аузына қаратқан аталмыш қала қазіргі таңда қаншама халықаралық 
симпозиумдер мен жаһандық форумдардың, іскерлік кеңестер мен алқалы жиындардың 
сәулетті де, қонақжай орталығына айналып үлгірді. 
Иә, ғасырлар бойы аңсап жеткен азаттық біздің өшкенімізді жандырып, халқымызға 
жаңа өмір сыйлады. Қалғыған рухымызды оятып, көк туымызды желбіретті. Көңіл 
қуантатыны  –  сол  тудың  астына  заманның  дауылы  айдап,  төңірекке  тарыдай 
шашылған қаны бір қазақ баласы қайта жиналды. Қазіргі таңда алыстан атажұртын 
аңсап оралған ағайындар қоғамның әр саласында жұмыс атқарып, еліміздің ертеңі 
үшін өз үлестерін қосуда. 
Құныпия АЛПЫСБАЕВ,
филология ғылымдарының докторы, 
профессор

25 байыптама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
229
Т
араз  –  Талас  өзені  бойындағы  ежелгі  қала,  салынған  уақыты V  ғасырдан  бері 
емес. Тұңғыш рет 568 жылы византиялық елші Земарх Тараз туралы  айтады. 
Бірнеше  он  жыл  өткен  соң,  630  жылы  ол  жөнінде  Қытай  саяхатшысы  Сю-ань- Цзан 
хабарлайды. Таразды Ұлы Жібек жолының бойында тұрған маңызды сауда орталығы деп 
атайды.  Бұл  қала  хақындағы  мәліметтер  барлық  уақытта  да  тоқталмаған.  VIII  ғасырда 
Тараз Арғу-Талас, Алтын-Арғу, Талас-ұлыс атауларымен мәлім болған.
Тараз  қолөнер  өндірісі  жақсы  дамыған  бекіністік  сауда  қаласы  болды.  X  ғасырдағы 
араб географы Әл-Макдиси былай деп жазды: «Тараз – бақтары қыруар көп, халық тығыз 
қоныстанған, орлары, төрт қақпасы мен адамдары мекендеген қамалы бар үлкен бекіністі 
қала. Екінші Мединада үлкен өзен, оның ар жағында шаһардың бір бөлігі, оның үстінен 
өтетін көпір бар. Базар ортасында мешіт үйі тұр». 
Ежелгі Таразды қазу нәтижесінде жоғарыдан төмен қарай жатқан бес мәдениет қабаты 
анықталды.  Бірінші  қабат  осы  заманғы,  екіншісі  XIII-XV  ғасырларға   сәйкес  келеді. 
Үшіншісі  қаланың  XI-XII  ғасырларда  өмір  сүргенін  куәландыратын  қалдықтардан 
тұрады, төртіншісі VIII-X ғасырлардағы Түргеш қарлұқ кезеңіне қатысты. Бесіншісінде 
V-VII ғасырлар мәдениетінің іздері табылды.
XI-XII  ғасырда  салынып,  өзіндік  жоспарлармен  ерекшеленген  қоғамдық  моншалары 
Тараздың даңқын алысқа жайды. Монша ыстық өткізгіш арналар жүйесімен жылытылған, 
онда  су  құбырлары  болған.  Археологиялық  қазбалар  кезінде  зороастрийзмге  тән  жерлеу 
іздері табылды. Таразда әйгілі Қарахан кесенесі (Х-ХІ ғ.) секілді ортағасырлық ескерткіш 
күні бүгінге де йін сақталған. Тараздың оңтүстік-батысына таман 18 шақырым жерде Айша-
Бибі  (ХІ-ХІІ ғ.) және Бабажа-Қатын (Х-ХІ ғ.) мавзолейлері сияқты ескерткіштер бар.
Ежелгі  Тараз  тарихы  бай.  VI-IX  ғасырлардың  алғашқы  кезеңінде  қала  қарлұқтарға 
қарады, ал Исмаил Ахмет жаулап алғаннан кейін ІХ ғасыр соңында Саманидтер әулеті 
иеліктерінің құрамына енді. Х ғасырдың аяғы мен ХІ басы ғасырда Тараз Қараханидтер 
мемлекетінің  астанасы  болады.   ХІ  ғасырдың  ғұлама  ғалымы  Махмұд  Қашқари  Тараз 
тұрғындары түрік және соғды тілдерінде сөйлегенін тілге тиек етеді. ХІ ғасырда Таразда 
ақша сарайы жұмыс істеген. Көптеген Шығыс елдеріндегі археологиялық қазбалар кезінде 
Таразда соғылған күміс дирхемдер табылды. Өзінің ұзақ тарихында Тараз әлденеше рет 
қирады. Дех, Адахкес, Бехлу, Шелжі, Сус, Нужикес, Хамукат, Жікіл секілді шаһарлары 
бар үлкен аймақтың орталығы болды. 
Тілеген САДЫҚОВ, 
тарих ғылымдарының докторы, 
профессор
Тараз – шын мәнінде де біздің тарихымыздың таразысы, ғажайып айнасы, 
бұлтартпас айғағы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Тараз қаласының 2000 жылдық тойына арналған салтанатты жиында және 
Бәйдібек бабаның ескерткішін ашу рәсімінде сөйлеген сөзінен. 
Тараз, 25 қыркүйек, 2002 жыл

25 байыптама
25 БЕЛЕС
230
Адамгершіліктің  ең  жоғары  үлгілерін  негізге  алған  діни  дәстүрлердің 
рөліне біздің қауырт, кейде бейберекет өзгеріп жатқан дүниеде баға жетпейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезінде сөйлеген сөзінен. 
23 қыркүйек, 2003 жыл
О
сы  заманғы  тарихи  даму  барысында  Қазақстан  саяси  тәуелсіздігіне  қолы 
жетісімен зайырлы мемлекет мәртебесін алды. 
Қазіргі  уақытта  еліміз  әлемдегі  ең  үлгілі  зайырлылық  нұсқасын  жасауға  талпынуда. 
Егемен Қазақстан Республикасының алғашқы қабылдаған заңдарының бірі – 1992 жылдың 
15 қаңтарындағы «Дін ұстану бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңы болды. 
Алайда, мейлінше либералды әрі демократияшыл бұл заңның жұмсақтығын жат жерлік 
теріс пиғылды діни ағымдар өз мүддесіне пайдаланып, елімізде қалыптасқан дінаралық 
татулыққа сызат түсіріп, діни ахуалды шиеленістіруге тырысқаны белгілі. 
Ұлытау төріндегі сұхбатында Елбасымыз айтқандай, «қарап отырсаң, қазақ ешқашан 
дінінен  айырылып  көрген  емес.  Ешқандай  уақыт  үзілісі  болмағандай,  дінімен  қайта 
қауышты  да,  әрі  қарай  жалғастырып  жүре  берді».  Иә,  қазақ  қылышынан  қан  тамған 
атеистік заманда да балаға азан шақырып ат қойды, оны сүндетке отырғызды, ақырында 
адамды мұсылмандық жөн-жоралғымен ана дүниеге шығарып салды. 
Қазір  халықтың  аузында  мынадай  бір  сөз  бар:  «дін  –  ұстана  білсең  қасиетің,  ұстана 
білмесең – қасіретің». Президенттің Ұлытау төріндегі сұхбатында айтылған сөздері осы 
ойға  жетелейді.  Ханафи  мазхабы  халқымыздың  дәстүрлі  құндылықтар  жү йесінен  берік 
орын алған, толеранттылық қағидатын ұстанатын буквализм мен фанатизмге жол бермейтін 
исламның бірыңғай бағыты саналады. Елімізде Исламның дәл осы үлгісі қабылданған. 
Дінге  бет  бұрудың  жағымды  үдерісінің  ар  жағынан  жатжерлік  діни  ағымдардың 
теріс  пиғылды  таратуы  салдарынан  болған  жағымсыз  үрдіс  те  бой  көрсетіп  отыр. 
Жалпы, тұрақты деп сипатталғанымен, әлемдік геосаясаттағы діни фактордың күшеюі, 
Қазақстан қоғамының дінге қатысты жаһандық үрдістерге ашық болуы діни пиғылдағы 
экстремизм,  терроризм  және  жалған  діндер  мәселесін  алға  тартады.  Сондықтан, 
Президент Н. Назарбаев тек біздің дініміз ғана дұрыс екен деп жүрген басқа елдердің 
жағдайының мүшкіл екендігін суннилер мен шииттер арасындағы қырқысты мысалға 
ала отырып ескертті. Дін атын жамылып, «таза исламды» дәріптеп, жүректегі мейірімнен 
айырылған  мұсылмандарды  тілге  тиек  етіп,  жаугершілік  емес,  бейбітшілік  пен  ізгілік 
жағына,  діннің  ажыратушылық  емес,  біріктірушілік  жағына  көбірек  көңіл  аудару 
қажеттігін алға тартты. Көршілес елдердегі жағдайларға алаңдамай, елді сабырлылық 
пен шүкіршілікке, төзімділікке шақырды. Болашақ бізге бетін бұрып тұрғанда бірлік пен 
ынтымақты, келісім мен татулықты сақтау мейлінше маңызды. 
Бақытжан САТЕРШИНОВ, 
философия ғылымдарының докторы, 
доцент

25 байыптама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
231
Қ
азақ тілі – ең бай, ең шұрайлы, ең көркем тіл. Сондай саф алтынды сақтап қалу 
бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізге, дәлірек айтсақ, осы қоғамда өмір сүріп жатқан әрбір 
азаматқа сын. 
Қазіргі таңда жастардың ана тілімізге деген немқұрайлығының салдарынан бай тіліміздің 
мол қоры күнделікті тілдік қолданыста көріне бермейді. Мерзімді басылым беттеріндегі 
көптеген  мақалаларға,  телевизия  және  радио  арналарындағы  бағдарламаларға  қарап 
отырсаңыз, журналистеріміздің көпшілігі мәдени нормадан ауытқып, ауызекі сөйлеу тіліне 
көше  бастағандығы  байқалады.  Шалғайда  жатқан  көпшілік  көрермен  қауым  қазақтың 
шұрайлы да бай тіліне зәру. Қазақтың бай ауыз әдебиетімен сусындаған, батырлар жыры 
мен ертегілерді тыңдап өскен халық ана тіліміздің шұбарлануына бей-жай қарай алмайды. 
Құлақтың  құрышын  қандыратын  аталы  сөзді  зиялы  қауым  өкілдері  мен  журналистер 
тарапынан күтетін халық қашан да сөз мәйегінің сақталуын қалайды.
«Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сы йынатын тәңірі» деген халық даналығына тоқталатын 
болсақ, қазақ халқының негізгі тірегі де ана тілінде екенін ұғыну оңай. Тіліміз ішкі әуезінен 
айырылса, табиғи қалпы бұзылатыны белгілі. Мұның өзі тіл шұбарлығына алып барады. 
Елбасының алаңы да әуезді тіліміздің шұрайын сақтаудан туындап отыр. Мұның өзі біздің 
замандастарымызды тіл шұбарлығынан сақтануға шақырады. Сондықтан да ана тілінің 
мәртебесін көтеруге, оны жандандыруға, мемлекеттік мәртебесін көтеруге баршамыз хал-
қадірімізше еңбек етсек, нұр үстіне нұр болмақ.
Біз сөз мәнерін де Н.Ә. Назарбаевтан үйренуге тиіспіз. Мына толғамдарға назар аударалық: 
«Адам мәңгі жасамайды, мәңгі жасайтын – оның ісі. Қай қоғамда да адам өз еңбегімен қадірлі, 
әркім өз игілігіне еңбек етсін. Сонда мемлекеттің игілігі артады. Қазіргі бәсеке заманында 
қажыр-қайратың, ынта-жігерің, тынымсыз ізденісің болмаса, көштен қалу оп-оңай. Еңбек 
ет, өзіңді, отбасыңды асыра, бала-шағаңның қамын ойла: өзіңе де жақсы, үкіметке де жақсы. 
Нарық  –  ебі  жоқтың  еншісін  алып,  құтын  қашырады,  ал  алғырдың,  амалшыл  адамның 
несібесін арттырады».
Бұл  да  Президенттің  сөйлеген  сөздерінен  алынған  мысалдар.  Нақылға,  мәтелге 
айналатын  сөздер.  Міне,  Елбасы  ана  тіліне,  мемлекеттік  тілге  осылай  жоғары  сү-
йіспеншілікпен қарайды.
Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ,
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 
филология ғылымдарының докторы
Сөз  бұзылса,  ой  да  бұзылады.  Тіліміз  ішкі  әуезінен  айрылып,  сынын 
жоғалтады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің 
бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатынан. 11 мамыр, 2006 жыл

25 байыптама
25 БЕЛЕС
232
Еңсесі биік елдікке есі кеткен ғана топырақ шашады. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің 
бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатынан. 11 мамыр, 2006 жыл
А
дам жайлы, заман мен қоғам жайлы, ұлттар мен ұлыстар жайлы сөз көбейген 
ғасырда  тарихтың  тәлімінен  сауып  айтылған,  дау  туғызбай  тауып  айтылған 
ойды іздейсің. Жұрт аңсаған зәру ой, көкейге қонған тәуір ой, адам мен адамды, ел 
мен елді табыстырған бауыр ой табыла бермейді. 
Сондай сәттерде «Таңғы асты – тәңірден» тілеп, арқаны кеңге салудан арыла қоймаған 
елінің сол бәйгеде олжалы болуын тілеген Елбасы айнала елдің жігерін ұштап, намысын 
қайраумен-ақ келеді. Алты Алашқа жаһанмен жарастыратын жаңа ойды, заманның тілін 
тапқан дана ойды айтумен-ақ келеді. 
Президент пайымдары көсемсөзге ертеден көлдей ежелгі ұлттың ұлағатымен астасып 
жатыр. Асылында, еңселі ойдың тамыры, тағдырлы ойдың толғағы бір болмақ. «Қазақтың 
бәрі  –  бір-біріне  аға йын»  десе,  қарға  тамырлы  қазақтың  еншісі  бөлінбегенін,  іргесі 
сөгілмегенін қалағаны. «Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры – алауыздықта» десе, 
қалың елді әлімсақтан зәру ынтымаққа ұйытқаны. «Біздің бабаларымыз тірі болуы үшін 
бір болған, енді біз ірі болу үшін бір болуымыз керек» десе, алыс-берісі жиілеген жаһанда 
қапталдағы жай қазақ емес, қатардағы қабырғалы қазаққа айналуға шақырғаны.
Тарихты  қозғаса,  дәуірлердің  сырын  тарата  білген,  бүгінді  қозғаса,  алыс-жақынды 
аузына қарата білген қазақ асылының толғауы тоқсан ой-байламдары шыншыл әрі сыншыл. 
Президентше  толғансақ:  «Дауы  таусылмайтын  елдің  жауы  таусылмайды».  Рас  қой. 
«Ғасырлар бойы бірде еркіндікке, бірде ездікке тартып келген екі мінез бүгінде бойымызда 
бар. Жақсы жағын ойдағыдай жалғастырып сезіне алмадық. Жаман жағынан біржолата безіне 
алмадық». Шындық қой. «Еңсесі биік елдікке есі кеткен топырақ шашады». Анық қой.
Осы  біз  бұрынғы  даналардың,  кейінгі  абзалдардың  ақыл-ғибратын  қаншалықты 
ұғынып, қаншалықты ұстанып жүрміз? Жөн сөзді жүгіре тыңдайтын, жүгенсіз сөзге өліп-
өше жаздайтын ағайын желөкпеліктен қашан айығады? Біз ғасыр дан ғасыр асырып озып 
келеміз бе, қапталдағылардан озық келеміз бе, әлде?... 
Ынтымағы  жарасқанның  сөзі  де  өткір,  өзі  де  өткір.  Мұны  түсініп  тұрып  түсінгісі 
келмейтіндердің  түпкі  ниеті  белгілі.  Олар,  қазақтың  бас  ақыны  айтқандай:  «ел  тыныш 
болса – азады, еліріп өле жазады». Мұндайлар іште де, сыртта да бар кезде, қай-қайдағыны 
қоздырмақ  болғандар  мен  елдің  тыныштығын  тоздырмақ  болғандар  байқалып  қалып 
жүргенде, ұлттық бірлік ертелі-кеш уағыздалғаны абзал. Президенттің «Ел туралы жадағай 
ойлау да, халықтың тағдырымен ойнау да түбі жақсылыққа апармайды» деген тағылымын 
тәлім ету – қазақтың әр азаматының парызы. 
Алдан СМАЙЫЛ, 
жазушы, 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

25 байыптама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
233
Қ
азақстан – өрелі істер мен үлгілі мәдениеттің далалық өркениетін жасаған көшпелі 
жұрттың қасиетті құт мекені. 
Осынау сайын өлкеде халқымыз ғасыр лар бойы жасаған баға жетпес рухани байлығын, 
жазба  жәдігерлерін  ұрпақтан  ұрпаққа  аманат  етіп  жеткізді.  Күмбірлеген  күйлер, 
асқақтаған әуендер, әдеби жазба мұралар, ғылыми еңбектер осы бай ұлттық мәдениеттің 
айғағы болса керек. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген дана сөз 
содан  қалған.  Арғы  ата-бабаларымыз  осыдан  550  жыл  бұрын  қазақ  деген  халықтың 
дербес мемлекетінің шаңырағын көтеріп, ел билеу дәстүрін қалыптастырған. Бұл да төл 
мәдениеттің айшықты бір белгісі десек, ғасырлар бойы бірнеше ұрпақ халқымыздың ата 
салтын, ұлттық санасы мен мәдени даму ерекшеліктерін бір ізге келтірген.
Біздің  төл  мәдениетіміздің  басты  айшықтары  –  көшпелі  өркениет,  ұлттық  салт-
дәстүріміз,  салт-санамыз,  әлемді  таңғалдырған  ерекше  қонақжай  көңіліміз  бен  ата 
сыйлаған,  ана  сыйлаған  мейірбандығымыз,  талай  ғұламаларды  өмірге  әкелген  тектілік 
феномені, жерінің қуатын, тәуелсіздігін қорғаған қайраткерлер, дамыған әдебиетіміз бен 
өркендеген мәдениетіміз, туған тіліміз бен дініміз. Мұның бәрі халық мұрасы.
Қазақтың  рухани  дүниесі  халықтың  салт-дәстүрімен,  әдет-ғұрпымен,  ұлттық 
менталитетімен және рухани құндылықтарымен ажырамастай қалыптасуы қажет. Рухани 
дүниеміздің жаңаруы және дамуы бүгінгі дағдарысты кезеңді жеңіп, проблемаларды шешетін 
тұғыр  болуы  тиіс.  Өзінің  рухани,  мәдени  құндылықтарын  басшылыққа  алған  халықтың 
болашағы да зор болмақ.
«Бірлік  бар  жерде  –  тірлік  бар»  деп  дана  халқымыз  айтқандай,  елімізде  қалыптасқан 
ұлттар  тұтастығы  мен  халықтар  достығының  арқасында  бүгінде  мемлекетіміз  өркендеп, 
ілгері басып келеді. Ата Заңымыз тұтастықтың, татулықтың кепілі ретінде Қазақстанда өмір 
сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасап отыр. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір халықтың мәдениеті, салты мен дәстүрін 
дамытуға серпін беріп келеді. Осы арқылы Қазақстанның әрбір ұлт өкілі өздерінің салт-
дәстүрін  еркін  ұстанып,  тілі  мен  мәдениетін  насихаттай  алады.  Осындай  өнегелі  істі 
әлемдегі өзге мемлекеттерден кездестіру қиын. Мұның өзі арамыз дағы өзге ұлт өкілдерінің 
тілі мен дініне, мәдениеті мен өнеріне деген үлкен қамқорлық нышаны болып табылады.
Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ,
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 
филология ғылымдарының докторы
Қай халықтың болсын, өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін 
даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгісі – мәдениеті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
2004–2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру 
жөніндегі қоғамдық кеңестің қорытынды мәжілісінде сөйлеген сөзінен. 
Астана, 13 ақпан, 2007 жыл

25 байыптама
25 БЕЛЕС
234
Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, 
парасаты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру 
жөніндегі қоғамдық кеңестің қорытынды мәжілісінде сөйлеген сөзінен. 
Астана, 13 ақпан, 2007 жыл
Ы
қылым  замандардан  келе  жатқан  халқымыздың  біртұтас  мәдениеті  бүгінгі 
тәуелсіз  еліміздің,  Қазақстанда  тіршілік  етіп  жатқан  барлық  ұлттар  мен 
ұлыстардың ортақ рухани құндылығы болып саналады. 
Сондықтан ол ата-бабалар жүріп өткен тарих соқпақтарының әр кезеңдерінен хабар 
беріп, ұлттың салт-дәстүрін, ділін, тілін, дінін, әдебиетін келесі ұрпақтарға жеткізетін, 
сол арқылы оларды топтастыратын негізгі идеологиямыздың түпқазығы ретінде мәңгі 
жасай беруге тиісті.
Елбасы  ұлттық  мәдениетті  сақтау  мен  оны  жеделдетіп  дамыту  мемлекеттің 
стратегиялық  ұстанымы  екендігін  жан-жақты  талдай  отырып,  қоғамдық  кеңес  пен 
атқарушы  билік  өкілдерінің  алдына  бірнеше  міндеттер  қойғандығы  белгілі.  Олар: 
әлем деңгейінде ұлтымыздың тарихына қатыс ты құжаттық, әдеби-мәдени жәдігерлерді 
жинау;  еліміздегі  тарихи-мәдени  ескерткіштерді  қалпына  келтіру;  археологиялық 
қазба жұмыстарын жүргізу; фольклорлық мұраларды жинақтап, жүз томдық жинақтар 
топтамасын жарыққа шығару; әлем классикасының озық үлгілерін қазақ тіліне аудару; 
қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау т.б.
Н.Ә. Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасының 2007-2009 жылдарға арналған екінші 
кезеңінің міндетін жүктеп: «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру мемлекеттілікке 
сын болатындай аса жауапты шаруа деп білемін. Біз бұл шаруаны абыроймен атқара алдық. 
Бұдан әрі де жалғастыра береміз», – деп, осы құжаттың маңызын атап өткен еді.
ҚР Үкіметі бекіткен 16 секцияның бірі – «Фольклортану, әдебиеттану және өнертану» 
саласын  түбегейлі  орындаған  М.О.  Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының 
ғалымдары 2004-2013 жылдар аралығында 10 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы», 8 томдық 
«Қазақ музыкасының антологиясы», 3 томдық «Әлемдік фольклортану», 3 томдық «Қазақ 
өнерінің тарихы» сияқты еңбектерді жарыққа шығарды. Тұңғыш қолға алынған «Бабалар сөзі» 
сериясының 100 томы және 20 томдық «Әдеби жәдігерлер» сериясы сияқты ғылыми жобалар 
толық орындалды. Ұлттық фольклор үлгілерінің, әдеби ескерткіштердің, халықтық музыка мен 
қолданбалы өнердің ғылыми тұрғыда игеріліп, дәл осындай көлемде баспа бетін көруі, осынау 
баға жетпес рухани құндылықтардың қалың жұртшылықпен қайта қауышуы – халқымыздың 
бүкіл  әдеби-мәдени  өмірінде  болмаған  тарихи  құбылыс  ретінде  халық  санасына  сіңді.
Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ,
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 
филология ғылымдарының докторы

25 байыптама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
235
2000
 
жыл  Елбасы  жарлығымен  «Мәдениетті  қолдау  жылы»  деп 
жарияланғаны  көпшілікке  мәлім.  Халық  пен  ұлттың  болашағы, 
оның  мәдениеті  мен  білімділігінің  деңгейі  ғасыр  басында  қаланған  іргетастың 
беріктілігіне  байланысты.  Өтпелі  кезеңнің  қиын-қыстау  жағдайында  қоғамдық 
өмірдегі  рухани  ізгілік  пен  мәдени  құндылықтарды  жаңғыртуға  деген  үміт  осы 
жылды өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияға ауқымды міндеттер жүктеді. 
Бұл бағдарлама кейін тағы да үш жылға ұзартылды. «Мәдениеті жоғары, тарихи 
танымы орнықты, ойы сергек елдің рухы да биік» деген ой-тамызықты Президент 
2007  жылдың  13  ақпанында  «Мәдени  мұра»  бағдарламасын  іске  асыру  жөніндегі 
қоғамдық  кеңестің  қорытынды  мәжілісінде  айтты.  Өткеніне  шекеден  қарап,  өз 
тамырын  өзі  қиғанның  келешегі  де  болмайтынын  ескерсек,  ата-бабадан  қалған 
рухани  бай  мұраны  жоғалтып  алмай,  өскелең  ұрпаққа  табыс тау  елдің  болашағын 
қамтамасыз  етуге,  қол  жеткен  тәуелсіздікті  онан  ары  орнықтырып,  бекіте  түсуге 
орасан зор септігін тигізері сөзсіз. 
Мәдени мұра халықтың тарихи санасын қалыптастыратын тыңайтушы орта болып 
табылады. Ал әрбір халықтың өзіндік «менін» ұғынуы оның өз тарихын, дамуындағы 
батырлық  және  қасіреттік  кезеңдерін  ескермейінше,  әдейі  жабылған  беттері  үшін 
өкініш  пен  қайғы,  оның  жетістіктері  үшін  қуаныш  пен  шаттық  сезімдерін  бастан 
кешірмейінше мүмкін емес. 
Халықтың  өзіндік  санасымен  сәйкес тендірілген  мәдениеттегі  дәстүр  мен 
жаңашылдықтың  үйлесімділігі  адамның  іскерлік,  шығармашылық  мүмкіндіктерін 
дамытуға, еркін шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға негізделгенде ғана іске асады. 
Бұл егемен Қазақстанның тәуелсіз дамуының алғышарты болып саналады.
Біз интеграциялық үдерістерді барынша тиімді пайдалануға, ғылым мен технологияны, 
озық тәжірибені керегімізше алуға тиіспіз. Бірақ өзіміздің мәдени мұрамыз бен рухани 
құндылықтарымызға  берік,  қазақы  бітім-болмысымызға,  тіліміз  бен  дінімізге  адал 
болуымыз қажет. Өзгені пайдалану үшін «идеологиялық сүзгі» керек. 
Өзгеге  еліктеу  рухани  азғындыққа,  жасандылық  пен  рияға  әкеледі.  Ал  шына йылығы 
жоқ  нәрседен  бәсекеге  қабілеттілікті  күтуге  болмайды.  Жасандылық  пен  қорқақтық 
отаршылдыққа жақындатады. Құлдық психология еркіндіктен айырады. Ал еркіндік пен 
тәуелсіздік  жоқ  жерде  ешқандай  жасампаздық  болмайды.  Жоғарыда  айтылған  қанатты 
сөзінің мән-мағынасын осы тұрғыдан түсінген жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет