25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет23/30
Дата07.04.2017
өлшемі6,75 Mb.
#11212
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30

Бақытжан САТЕРШИНОВ,
философия ғылымдарының докторы
доцент
Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл – азаттық үшін 
алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл – 
бүкіл  тарихында  өзгелерге  қиянат  жасау  дегенді  білмеген  халықтың 
пейілінің қайтарымы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Дүние жүзі қазақтарының ІІ құрылтайы төралқасының мәжілісінде 
сөйлеген сөзінен. 22 сәуір, 1995 жыл

25 байлам
25 БЕЛЕС
212
Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген өлең жолдарынан 
халықтар достығы ақын үшін қатар өмір сүрудің жалаң дипломатиясы ғана 
емес, тіршіліктің негізгі мағынасын айқындайтын ұлы мұрат екені көрінеді. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында жасаған 
баяндамасынан. Алматы, 9 тамыз, 1995 жыл
А
бай  сынды  алып  тұлғаның  кемел  ойларының  мәңгілік  құндылығы  қазақ 
қоғамының кешегі, бүгінгі және ертеңгі күнінің өзекті де ділгір мәселелерімен 
сабақтастығында болып отыр. 
Әсіресе  бүгінгі  қоғамдық  дамуды  ізгілендіру,  адамгершілік  қағидаларын  негіз  етіп 
ұстану барысында Абайдың даналық ойларына жүгінуіміз заңды. Бұл – қаншама уақыт 
өтсе  де  маңызын  жоймайтын,  ешқашан  ескірмейтін  бағалы  байлық.  Абай  мұрасы 
қазақтың сан ұрпағына айнымас бағыт-бағдар көрсетіп келеді. Ұлттың рухани тұрғыдан 
өсіп-өркендеуіне де Абайдан тәлім алу арқылы қол жеткізіп отырмыз.
Түптеп келгенде, Абайдың жалпыадамзаттық гуманизмді асқақ тұтқан асыл ойлары 
Қазақстандағы  халықтар  достығын  нығайту  үшін  ұстанатын  темірқазық  деп  білеміз. 
Сондықтан қазіргі әлемдік жаһандану аясында ұлттық болмыс-бітімді сақтай отырып, 
ұлттар достығының жарасымды үйлесімін жалғастыру әрбір саналы қазақстандықтың 
басты міндеті болып табылады. Ақын діттеген ізгі адамгершілік, отаншылдық ұстанымды, 
имандылық  мұраттарды  қоғамдық  дамуымыздың  күретамырына  айналдыру  жолында 
ұлт көшбасшысы Елбасымыз сарабдал саясат ұстанып келеді. 
Адамгершілік,  отансүйгіштік  қасиеттер  –  Абай  діттеген  «толық  адам»  мәселесінен 
ажырағысыз  ұғым.  Ақын  кейіптеген  адам  –  кемеліне  келген,  ақылы  толысқан,  білімі 
жетілген,  ішкі  әлемі  мен  сыртқы  пішіні  үйлестік  тапқан  адам.  Мұндай  жан  өзін  де, 
өзгелерді де биіктете алады. Адамтану ілімінің ішкі болмысына терең үңілген Абай сол 
адами қатынастардың қыр-сырын жан-жақты ашып көрсетеді. Хакім Абай үшін адамдар 
арасындағы татулық басты өлшем екені белгілі. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» 
тұжырымы – сол биіктен айтылған салиқалы сөз.
Демек «Халықтың қамын же, адам баласын бауыр тұт, адамшылыққа қызмет ет деген 
Абай»  деген  абайтанушылар  М.  Әуезов  пен  Ж.  Аймауытұлы  пікірі  жалпыадамзаттық 
құндылықтарды  сақтау ға,  барша  адамзат  баласының  тату-тәтті  өмір  сүруінің  рухани 
негіздерін  барынша  нықтай  түсуге  үндейді.  Абайдың  да,  абайтанудың  да  міндеті  – 
адамды ардақтау.
«Асыл сөзді іздесең Абайды оқы таңыр қа, Адамдықты көздесең жат тоқып ал көңілге» 
деп жырлаған Сұлтанмахмұт Торайғырұлы ұлы ақын шығармашылығының әлеуметтік 
даму, рухани серпіліс пен сілкіністегі маңызын толассыз тіршілік ағымындағы басты 
рухани ұстаным тұрғысында негіздеп беруімен өміршең болып қала бермек. 
Сағымбай ЖҰМАҒҰЛ,
филология ғылымдарының докторы

25 байлам
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
213
Қ
азақстан  Республикасы  тәуелсіздігінің  алғашқы  жылдары  айтылған  бұл 
пікірді  ақиқатқа  айналдыру  жолында  Мемлекет  басшысы  ерекше  еңбек 
етті.  Германияның  Сыртқы  істер  министрі  Франк-Вальтер  Штайнмайердің 
«Қазақстан – Орталық Азиядағы тұрақтылық тұтқасы» деп баға беруін, әлемдік 
деңгейдегі  өзге  де  саясаткерлердің  Қазақстан  Республикасындағы  саяси-
экономикалық ахуалды оң бағалауын тікелей ұлт көшбасшысының қайраткерлік 
қызметінің жемісі ретінде атау қажет.
«Адамзаттың  бәрін  сүй  бауырым  деп».  Ұлы  Абайдың  әлемдік  өркениет  тұрғысынан 
айтқан мағыналы сөзі. Тәуелсіз Қазақ елінің халықаралық саясаттағы ұстанымы да осыдан 
бастау алатыны анық. Қазақстанның басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы да достыққа, 
бауырмалдыққа негізделген. 
Әлемдік саясатта тиісті нәтижеге қол жеткізу үшін достық қарым-қатынастың да орны 
бөлек екендігі даусыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясаттағы ұстанымы осы 
бағытта  екені  және  қашанда  бітімгершілік  бастамаларға  ұйытқы  болып  жүргені  мәлім. 
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының дүниеге келуіне де Нұрсұлтан Әбішұлы бастамашы 
болғаны  белгілі.  ТМД-ның  тұсауы  Алматыда  кесілді.  Кейіннен  құрылған  Шанхай 
ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, 
Кедендік одақ, одан бергі жерде Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстанның белсенді 
қатысуының  арқасында  қалыптасып,  халықаралық  саясатта  өзіндік  салмағы  бар  екенін 
мойындатып үлгерді.
Бітімгершілік,  мәмілегерлік  саясаты  –  бабалардан  ұрпағына  беріліп,  бойына  сіңген 
ізгі  қасиет.  Халықаралық  саясатта  өзіндік  қолтаңбасы  бар  Қазақстан   Республикасының 
Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  та  жаңа  ғасыр  биігінде  халқының  осы  ізгі 
дәстүрін  жалғастырып  келеді.  Н.  Назарбаевтың  ынтымақтас тықты  нығайтудағы  еңбегі 
зор екені мәлім. Бұл БҰҰ мінберінен де айтылды. Нұрсұлтан  Әбішұлының мәмілегерлік 
қасиетін бұрынғы кеңестік кеңістік түгілі, әлемдік қауымдастық та мойындады. 
Елбасының  әлемдік  деңгейдегі  айтқан  толымды  пікірлері  Қазақстанның 
халықаралық  саясаттағы  өзіндік  бағыт-бағдарын  айқындап,  әлемдік  қауымдастықтағы 
ынтымақтастықты қолдайтын, «басқаға тиіспейтін жай жатқан ел екенін» ұғатын жұртқа 
жан-жақты түсіндіріп берді. Бұны жиырма жылдың айналасында Нұрсұлтан Әбішұлының 
арқасында Қазақ елінің қол жеткізген үлкен жетістігі деп толыққанды айтуға болады.
Перизат СЕЙІТҚАЗЫ, 
педагогика ғылымдарының докторы, 
профессор
Ақын көзқарасын қазіргі тілге салсақ, өзге елдермен достық қарым-
қатынаста, ынтымақтастықта болу саясаты – біздің ел болып қатарға 
қосылуымыздың алғышарттарының бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында 
жасаған баяндамасынан. Алматы, 9 тамыз, 1995 жыл

25 байлам
25 БЕЛЕС
214
Тарихтың барлық кезеңінде даудан да, жаудан да қазақ ұтылса, тек бірлік 
пен татулықтың аздығынан ұтылды. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында 
жасаған баяндамасынан. Алматы, 9 тамыз, 1995 жыл
Қ
азақ даналығында «Бірлік түбі – тірлік» деген өмірлік мәні зор ғылыми тұжырым 
бар. Бірлік арқылы елдік сана биік болып, татулықтың арқасында мемлекеттіліктің 
іргетасы берік қаланады. Қазақтың қатпарлы тарихына үңілгенде ата-бабаларымыз 
ғасырдан  ғасырға  жалғасқан  әлеуметтік  тәжірибеге  сүйене  отырып,  бірлік  пен 
татулыққа ерекше мән берген. 
Қазақ халқының іргесінің сөгіліп, оны хан-сұлтандардың билік үшін тартысы әлсіреткен 
тұсы – 18 ғасыр. Мұның ішінде үш жүздің хандарының таққа таласы бір орталықтанған 
мемлекетті  қатты  әлсіретті.  Нәтижесінде  бірліктің  болмағандығын  сәтті  пайдаланған 
Жоңғар  мемлекеті  Қазақ  жұртына  басып  кірді.  Халық  «ақтабан  шұбырынды,  алқакөл 
сұлама» дәуірін бастан кешті, «Елім-айлап» туған жерінен ауа көшті.
Осы тұста бірлік пен татулықтың ауадай қажеттігін сезінген Төле, Қазыбек, Әйтекедей 
билер бірлікті насихаттаса, Қабанбай, Бөгенбайдай батырлар білекті де жүректі ерлерді бір 
тудың астына жинай білді. Бұл қиын түйін Қарақұм, Ұлытау, Ордабасы сияқты мекендердегі 
құрылтайларда шешімін тапты. Халық Абылай сынды асыл ерлерінің маңына ұйыса білді, 
яғни бірліктің қадірі татулықта екенін ел сезінді. Кейіндері патшалы Ресейдің «бөліп ал да, 
билей бер» саясатының нәтижесінде ру мен ру, жергілікті атқамінерлерді бір-біріне айдап 
салу арқылы ішкі бірлік қолдан бұзылып отырса, осындай саясатты кеңестік әкімшілдік-
әміршілдік жүйе де шебер пайдалана білді. Өткен тарихқа үңіле отырып, бүгінде халқымыз 
қуатты мемлекетке  айналудың жалғыз жолы бірлік пен татулық екенін ұқты.
Қазақ елі – Мәңгілік ел. Осы қарапа йым сөздерде қасиетті халқымыздың өткен тарихы, 
бүгінгі бақытты күндері, ертеңгі баянды болашағы жатыр. Мыңдаған жылдардан бергі ата-
бабаларымыздың ұрпақтарына деген ақ тілегі, ақ батасы жатыр. Тамыры терең бағаналы 
бәйтерек секілді көк аспанға құлаш сермеген, тек қана өз халқымызға тән аяулы арманы 
жатыр. Бастысы – өткеннен тәлім алып, бүгінді бағалап, ертеңге сенім бекіткен, еркін де 
егемен ұрпағымыздың мыңдаған жылдарға созылар жарқын жолы жатыр.
Біздің бағымыз – бейбітшілікте, берекеміз – бірлікте екендігін, терең тарихы бар тәуелсіз 
еліміздің татулықтың арқасында қарымды да қарышты қадам баса бастағанынан ұқтық, 
ұғына түстік.
Ортақ Отанымыздағы барлық ұлттардың бірлігі мен татулығы қазақтың қара үйін тікті 
немесе  елін  құрды  десек,  сол  үйдің  керегесі  –  қазағымыз,  көк  аспан  астындағы  алтын 
шаңыраққа күн шапағындай шаншылған уықтарды ұлты өзге бауырларымыз дер едік. 
Тілеген САДЫҚОВ, 
тарих ғылымдарының докторы, 
профессор

25 байлам
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
215
Т
әуелсіздікті алу қиын, ал оны ұстап тұру одан да қиын. Әлемде түрлі өзгерістер 
орын  алып  жатқан  алмағайып  заманда  тыныштықта  өмір  сүру  тіпті  күрделі 
екенін  күнде  көзбен  отырмыз.  Ал  халқы  үшін  түн  ұйқысын  төрт  бөлген  көреген 
басшымыз осы жағдайды мүмкін етті. 
Тәуелсіздікке  қол  жеткізген  алғашқы  жылдарда-ақ  Елбасымыз  бізді  қиын  кезеңдер 
күтіп тұрғанын сезіп, соған іштей да йындық жасады. Дағдарыстан тұралап шыға алмай 
жатқан уақыттың өзінде стратегиялық зор шешімдерге барды. Соның бірі, тіпті бірегейі – 
ел астанасын Алматыдан Арқаға көшіруі еді. Бірқатар жұрт сол кезде осы шешімді қате 
деп қабылдады. Бірақ ол уақытта көпшілік Елбасының негізгі ойын түсініп үлгермеген еді. 
Әрине, аязы мен желі бет қаратпас Сарыарқаға алып қала салу оңай болған жоқ. Алайда 
табандылық пен зор ерік-жігердің арқасында Нұрсұлтан Әбішұлы елеусіз ғана қаланы аз 
уақытта көрген адам таңдай қағып тамсанар әсем шаһарға айналдырды. Бұл біле білгенге 
нағыз көшбасшыға ғана тән ұлы ойдың жемісі еді. Егер сол уақытта елорданы Ақмолаға 
көшірмегенімізде  жағдай  мүлдем  басқаша  болар  ма  еді,  кім  білсін...  Елі  үшін  толғанар 
Елбасының бұл ерлікке толы еңбегі, менің ойымша, қандай жоғары бағаға да лайық. 
«Көктем  гүлдің  бағын  ашады,  көсем  елдің  бағын  ашады»  дейді  халық  мақалы. 
Жиырма  жылдан  сәл  ғана  асар  уақытта  ел  жағдайын  әлем  мойындардай  деңгейге 
жеткізу екінің бірінің қолынан келмейді. Осынша жылда дамыған елдермен тереземізді 
тең  ету  ойлап  қарағанға  тым  қиын  шаруа.  Бірақ  халқына  жаны  ашыған  адамға  тау 
қопару  да  үйреншікті  болып  қалады  емес  пе?!  Елбасының  өзі  «Еліңнің  ұлы  болсаң, 
еліңе жанын ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің 
нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі 
өзің  екеніңді  ұмытпа!»  деп  еді  бір  сөзінде.  Өз  сөзін  ісімен  дәлелдеп  келе  жатқанына 
уақыт куә. Халықтың арман-тілегін жүзеге асыру жолында талай жұмыстар атқарылды. 
Бірлік пен ынтымақты, бейбітшілікті дамудың басты жолы ретінде ұстанған Қазақстан 
енді Мәңгілік ел болу ісіне кірісіп кетті. Қабылданған стратегиялық шешімдердің, бел 
буған тәуекелдердің барлығы осы ұлы мақсат үшін жасалғанын ұмытпағанымыз абзал. 
«Басшысын таппаған ел азады». Азғаны былай тұрсын, түп-тамырымен жойылып кетіп 
жатқан мемлекеттер, халықтар қаншама?! Ұлан-ғайыр даланы иеленіп жатқан Қазақстан 
атты мемлекеттің лайықты басшысының болуы – шын мәнінде біздің бақытымыз. Елге 
қызмет  ету  –  біздің  ұлт  перзенті  ретіндегі  міндетіміз  екенін  Елбасы  ұлы  істерімен 
көрсетіп жүр.
Әкім ЫСҚАҚ, 
журналист-жазушы, 
қоғам қайраткері
Өзім үшін емес, елім үшін толғанамын: бір басыма керекті қай күнде 
де табармын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында 
жасаған баяндамасынан. Алматы, 9 тамыз, 1995 жыл

25 байлам
25 БЕЛЕС
216
Революцияны алып-ұшпа, албырт жандар жасайды, ал реформаны бәріне 
байыппен қарайтын ақылды жандар жүзеге асырады. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Тәуелсіздіктің 5 жылдығына арналған салтанатты жиналыста 
жасаған баяндамасынан. 11 желтоқсан, 1996 жыл
А
дамзат  баласы  екі  аяқты  тең  басып,  «қоғам»  атаулы  әлеуметтік  жүйенің 
жиынтығына  ие  болғалы  бері  дамудың  талай  түрін  –  қарқынды  өсуді  де,  баяу 
жылжуды да, кері кетіп, өшуді де көрді. 
Мұның  себептерінің  объективті  жағдайдан  туындап  жататыны  аз  емес.  Дегенмен 
қоғамдағы  өзгерістің  басты  иесі  –  адам,  оның  ақыл-ойы,  білімі  мен  білігі,  қабілет-
қарымы,  парасат  пайымы.  Кенеттен  болатын  өзгерістерді  –  революцияларды  жасайтын 
да адамдар. Алайда оларды «алып-ұшпа, албырт жандар жүзеге асырады» деудің төркіні 
бар.  Бұл  қоғамдық  қайшылықтың  әбден  шегіне  жеткен,  әлемдік  өркениеттен  кенже 
қалған мемлекеттерде болып жатады. Мұндай өзгерістердің толып жатқан материалдық 
және адами шығындарға алып келетініне адамзат тарихы талай куә болды. Соның айқын 
дәлелі  –  осыдан  бір  ғасырдай  бұрын,  басыбайлылықтан  (крепостное  право)  жарты 
ғасыр өткенде, яғни 1917 жылы Ресейде болған Қазан революциясы. Қараңғы халықты 
«Әлеуметтік әділеттілік пен бостандыққа, өзін-өзі басқаруға жеткіземіз» дегендей жалған 
жалаулатулармен соңына ертіп, билік басына келген большевиктердің орталықта жасаған, 
іргелес ұлттық аймақтарда жалғастырған қанды қырғыны қанша қала, қанша елді мекенді 
қиратқаны мәлім. Ең ауыры мыңдаған, миллиондаған жазықсыз жандар революцияның 
құрбаны  болғанында,  біздің  саясатымызды  қолдамады  деп  ұлттық  республикалардың 
зиялы  қауымының  бар  қаймағы  сылынғанында  еді.  Жол  бастар  серкелерінен  айрылған 
халық  азды,  тозды,  бағыт-бағдардан  айрылды.  Тегі  ресейлік,  кейін  Америкаға  кетуге 
мәжбүр болған әлеуметтанушы Питирим Сорокин кедейлер көсемі Ленинмен «Қараңғы 
елде  қалай  социализм  орнатасыздар?»  деп  бекер  айтысқан  жоқ  еді.  Осы  қараңғылық, 
әлемдік адамзаттың даму сапынан артта қалу күндердің күнінде «коммунизм елесі» басын 
айналдырған халықтың қолынан социализм туын құлатты. 
Жалпы,  адамзат  қоғамына  эволюциялық  жолдың,  бірте-бірте  сандық  өсудің  сапаға 
айналып  жатуының  тиімді  екенін  тарих  толық  дәлелдеді.  Дамудың  бағытын  нақты 
ғылыми айқындай отырып, батыл реформаларға құрылған өркендеу халыққа қай жағынан 
болса  да  қолайлы.  Мұның  рухани  негізі  атадан  балаға  жалғасып  келе  жатқан  бар  асыл 
құндылықтарды  тарихи  және  ұлттық  ерекшеліктерді  ескере  отырып,  әлемдік  дамудың 
жетістіктерімен байыта білуде жатыр. Сондықтан реформаларды ақылды адамдар ғана, 
ұлттың  нағыз  көш  басшылары  ғана  өзі  өмір  сүріп  отырған  қоғамның  заңдылықтарын 
терең танып-білу арқасында байыппен жүзеге асыра алады. Біз әңгіме өзегі етіп отырған 
тұжырымның құндылығы да, тағылымы да осында. 
Әбдіжәлел БӘКІР,
саяси ғылымдар докторы

25 байлам
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
217
Т
әуелсіздіктің 5 жылдығына арналған салтанатты жиналыста Елбасының жасаған 
баяндамасынан алынған бұл тұжырым – тарихилықтың бүкіл ұлт, ұлыс және халық 
болмысы сабақтастығының кредосы деуге тұрарлық маңызын 5 жыл емес, 50 жыл, 
тіпті 500 жыл өтсе де жоймайтын ой. Осыған бүгіндері Қазақ хандығы құрылғанына 
550 жылдан асқанда толықтай көзіміз жетуде. 
Қазақ  үшін  ұлт  ретінде  тарих  бетінен  келмеске  кету  қаупі  бір  емес,  бірнеше  мәрте 
туындағаны белгілі. Кешегі дүниенің төрт бұрышын түгелдей қақыратқан Көк түріктер 
қағанаты, талай ұлысты жоқ қылып жіберген Сақтар қағанаты, бүкіл Еуропаны жайлап, 
алғашқылардың  бірі  болып  темір  металын  қорытқан,  Рум  империясын  түбірінен 
шайқалтқан  Ғұн  қағанаты,  Еуразия  кеңістігінде  дүниеде  бірінші  болып  дөңгелек,  арба, 
желкен  секілді  техниканың  алғашқы  үлгілерін  ойлап  тауып,  технологияға  жаратқан  – 
Шумер өркениет ошағын жасаушы Іш-оғыздар ыдырап кеткен жоқ па?! 
Задында, осы аттары аталған ұлыстар – этностар кейінірек руларға айналып, қазақ ұлты 
үшін  протобабасы  –  арғы  тегі  болғандығы  тарихшыларымыз  дәлелдеген  шындық  қой! 
Олай болса, тарихтан тағылым деген осы болар. 
Жасыратыны жоқ, қалыптаса бастаған мемлекеттік құрылымды әзірге «ұлттық мемлекет» 
деп айтуға келмейді.  Қазақстан Республикасы болғаны дұрыс – бұл көпұлтты құралымның 
ресми атауы, ал бірақ мемлекеттік құрылым ретінде ол Қазақ мемлекеті – Қазақ елі деп 
айтылуға һәм құзырлануға тиіс. Өйткені, көпұлтты республика болғанымызбен, титулдық 
ұлт – қазақ ұлты. Мұны өзге ұлттар да жақсы түсінеді.
«Мемлекеттілік»,  «Тәуелсіздік»  деген  қастерлі  ұғымдар  –  біздің  ең  асыл 
құндылықтарымыз. Елбасымыз айтқандай, «бұлар – тарихтың сыйы емес», ата бабаның 
аңсарымен, халықтың арманымен келген ардақты байлығымыз. Тарих ешқашан ешкімге 
тәуелсіздік сыйламайды. Оның төрінде тәуелсіздікке апаратын оқиғалар өрбиді. Тарих тек 
тәуелсіздікке куә болады. 
Біздің де тәу етер Тәуелсіздігіміздің куәсі – ата тарих. Сондықтан ол тек бүгінгі бір 
ұрпақтың  меншігі  ғана  бола  алмайды.  Ол  –  ғасырдан  ғасырға  жалғасып  келе  жатқан 
салиқалы сабақтастықтың жемісі. Яғни, үш шақты – өткенді, бүгінгіні және болашақты 
қамтиды.  Елбасының  «бұл  –  өткеннің  алдындағы  парыз  және  болашақтың  алдындағы 
жауапкершілік» дегенінің маңызы осында.
Дәуренбек ӘУБӘКІР, 
философия ғылымдарының докторы, 
профессор
Мемлекеттілік, тәуелсіздік – бұл тарихтың сыйы емес және тек қазіргі 
ұрпақтың бір өзінің ғана меншігі емес. Бұл – өткеннің алдындағы парыз 
және болашақтың алдындағы жауапкершілік.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Тәуелсіздіктің 5 жылдығына арналған салтанатты жиналыста 
жасаған баяндамасынан. 11 желтоқсан, 1996 жыл

25 байлам
25 БЕЛЕС
218
Мектептегі білім беру саласында, соның ішінде бескүндікке, үштілділікке 
өту бастамалары үлкен талқылауларға түрткі болды. Егер біз балаларымыз 
бен бүкіл еліміздің болашағын ойлайтын болсақ, мұндай өзгерістер білім беру 
сапасын арттыру үшін қажет. Бірақ бәрі де тиянақты қарастырылғаннан 
кейін қабылдануға тиіс. Мектеп мәселесі әр отбасына қатысты, сондықтан 
барлық пікір ескерілуі тиіс, мұнда жөнсіз сынақ жасауға болмайды. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясының ашылу салтанатында 
сөйлеген сөзінен. 26 сәуір, 2016 жыл
М
ектептегі білім жүйесі – ел болашағының қайнар-бастауы. Баланың өмір бойына 
негіз  ететін  әдет-дағдылары  мен  біліми  тұғыры  осында  қалыптасады.  Қазіргі 
педагогикалық-психологиялық  зерттеулер  тұжырымдары  да  осыны  қолдайды. 
Сондықтан білім мазмұнында осы ерекшеліктердің ескерілуі аса маңызды талап.
Бүгінде  жаһандану  нәтижесінде  ағылшын  тілінің  дүние  жүзі  халықтарының  ортақ 
қатынас  құралы  ретіндегі  мәртебесі  арта  түсуде.  Ал  Еуропа  мен  Азия  орталығында 
орналасқан  Қазақстанның  мұндай  жағдайдағы  тілдік  ұстанымы  қандай  болмақ? 
Халықаралық,  соның  ішінде  өз  еліміздің  өзгелермен  қатынасынан  туындап  отырған 
үштілділік  идеясы  қазақ  қоғамында  түрлі  пікірге  жол  ашты,  бірақ  ол  жекелеген 
көзқарастар айналасынан аса алмай отыр. Көпшілікті толғандыратыны – «Дүниені танып 
үлгермеген  сәби  үш  тіл  арқылы  берілетін  біліми  ақпараттарды  қалай  игереді?»  деген 
сұрақ. Қазіргі педагогика-психологиялық зерттеулер 1-ден 7 жасқа дейін – «сәби», 7-ден 
12-ге дейін «ойын баласы» кезеңі деп қарастырады. Үштілділік бала санасына салмақ 
түсіретіні анық, ал денсаулыққа, білімге қалай әсер ететіні әлі толық зерттелген жоқ. 
Екіншіден, психология ғылымы баланың бәрі бірдей қабілетті бола бермейтінін айтады. 
Бірінде  бар  дарын-қабілет  басқасында  ондай  емес.  Бұның  өзі  қазіргі  оқу  жүйесінде 
қолданылып жүрген деңгейлік білімнің дұрыстығын растайды, демек білім сапалы болу 
үшін тапсырма баланың шамасына қарай берілуі тиіс. Сондықтан, бастауыш сыныптан 
шет тілін оқытуға баса назар аудару туралы шешімді қабылдамас бұрын кәсіби мамандар 
кеңесіне жүгінген абзал. Тіл үйрену тек филологиялық құбылыс емес, сонымен қатар 
педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, т.б. мәселелерді де қамтиды. 
Білім  жүйесіндегі  тағы  бір  ұсыныс  –  оқытуды  бескүндікке  көшіру.  Біріншіден, 
Қазақстан мектептеріндегі материалдық-техникалық базаның оған да йындығы зерттелуі 
тиіс. Қазір еліміздегі көптеген мектепте сынып жетпегендіктен әлі  бірнеше ауысыммен 
оқытылады Бескүндікке көшсек, бұл іс тіпті қиынға айналып, нәтижесінде білім сапасына 
кері әсер  етуі мүмкін. 
Елбасының «жөнсіз сынақ жасауға болмайды» дейтін пікірі астарында осындай келелі 
мәселелер тұр.
Бекжан ӘБДУӘЛИҰЛЫ, 
филология ғылымдарының докторы

25 байлам
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
219
25 байыптама

25 байыптама
25 БЕЛЕС
220
Әуезовке  тән  қасиет  –  ұлтшылдық  емес,  халқына  деген  шексіз 
сүйіспеншілік, биік парасатқа суарылған отаншылдық үлгі сезім. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
 «Абай» журналына берген М. Әуезов туралы сұхбатынан. 
№2-3, 1997 жыл
Ә

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет