ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
Сүт өнімдері үлгілеріндегі Е витаминінің мөлшерін анықтау концентрлі
азот қышқылымен реакциясына негізделген және фотоколориметрлік әдіспен
ерітінді түсінің оптикалық тығыздығы өлшенеді. Е витамині концентрлі азот
қышқылымен хиноидтық қызыл-сары түсті қосылысқа дейін тотығады[2]:
Эксперимент әдістемесі. Концентрлі азот қышқылымен реакциясына
негізделген Е витаминінің мөлшерін фотоколориметрлік анықтау
Құрал – жабдықтар: Фотоэлектроколориметр, су моншасы, бөлгіш
воронкасы 200 мл, 100 және 250мл-лік кері ауа тоңазытқышы бар дөңес
колбалар; өлшеуіш колба 25 мл (2 дана); өлшеуіш цилиндр 25мл (4 дана);1,2
және 5 мл бір сызығы бар пипеткалар жиынтығы;сүт;калий гидроксиді (60%);
этил спирті (96%); диэтил эфирі, натрий сульфаты (күйдірілген);этил
спирті(абс.); азот қышқылы (ρ= 1,4 г/см
3
); концентрациясы 1 мл-де 100-ден –
400-мкг-ға дейін өсетін α-токоферолдың спирттегі ерітінділерінің сериясы.
Кері ауа тоңазытқышы орнатылған колбаға 100 мл сүт, 25 мл 60%-қ калий
гидроксиді ерітіндісі және 20 мл 96%-қ этил спиртінің ерітіндісі құйылады.
Колбаны 2 сағат бойы қайнап жатқан су моншасында қыздырады. Алынған
гидролизатты салқындатады, 20 мл сумен сұйылтады және бөлгіш воронкаға
сандық ауыстырады. α-токоферолды диэтил эфирінің көмегімен бөліп алады, ол
үшін эфирді бөлгіш воронкаға 3 рет енгізеді: бірінші экстракция – 50 мл, келесі
екеуі – 25 мл эфирден. Бірге қосылған эфирлік тартпаларды сілті жойылғанға
дейін (фенофталеин бойынша) бөлгіш воронкада 3-4 рет дистилденген сумен
шаяды және түссіз ерітінді түзілгенге дейін қақталған натрий сульфатымен (5-7
г) құрғатады. Экстрактты 100 мл колбада сүзеді, негізгі экстрактқа қосылатын
сүзгідегі тұнбаны эфирдің аз мөлшерімен шаяды. Эфирді су моншасында
буландырады, ал алынған құрғақ қалдықты 5 мл абсолюттік этил спиртінің
110
ерітіндісінде ерітеді және 1 мл концентрлі азот қышқылының ерітіндісін құяды.
Колбаға кері тоңазытқыш қосылады және α-токоферолдың тотығуы үшін 3
минут бойы қыздырады. Бақылау ретінде абсолюттік этил спиртінің ерітіндісін
қолданады, оның 5 мл-ін зерттелетін ерітінді сияқты азот қышқылының 1 мл-
мен қайнап жатқан су моншасында 3 минут бойы қыздырады. Екі колбаны
салқындатады және боялуы үшін қараңғы жерге 15 минутқа қалдырады. Содан
соң зерттелетін және бақылау реакциялық қоспаларын 25 мл-лік өлшеу
колбаларына ауыстырады және абсолюттік спиртпен сызығына дейін жеткізеді.
Боялған ерітіндінің оптикалық тығыздығын фотоэлектроколориметрде көк
жарық фильтрдің көмегімен (470 нм) бақылау ерітіндісімен салыстырып табады
және оның мәндері бойынша градуировкалық график арқылы бастапқы
ерітіндідегі Е витаминінің мөлшерін анықтайды. Градуировкалық
қисығын
тұрғызу үшін концентрациясы белгілі
α-токоферолдың стандартты спирттік
ерітінділерінің әрбір сериясының 5 мл-ін азот қышқылының 1 мл-мен қайнап
жатқан су моншасында 3 минут бойы тотықтырады.
Осыдан кейінгі
операциялар бақылау және эксперименттік үлгілер үшін сипатталғандармен
бірдей. Стандартты ерітінділерден боялған экстинкцияларының алынған
өлшемдерді ордината осінің бойына, ал
α-токоферолдың санын абцисса осі
бойынша орналастырамыз.
Есептеулер келесі формула бойынша жүргізіледі:
С =
Х ∗ ?????? ∗ ??????
a ∗ 1000
Мұндағы: С- 1г сүт өніміндегі Е витаминінің мөлшері (мг)
Х- градуировкалық график арқылы есептелген 1мл ерітіндідегі Е
витаминінің мөлшері (мкг);
V- зерттелінетін ерітіндінің жалпы көлемі (мл);
?????? - сүт ерітіндісінің тығыздығы;
а - сүттің массасы (г);
1000- микрограммды миллиграммға ауыстыру коэффициенті[3].
Нәтижелер және оларды талдау
Сүт өнімдерінің құрамындағы Е витаминінің мөлшерін анықтау үшін
майлылығы әртүрлі сынама Қостанай қаласы сауда орталықтарынан алынды.
Жоғарыда көрсетілген әдістемеге сәйкес эксперимент жүргізіліп, стандартты
ерітінділердегі Е витаминінің белгілі мөлшері мәндері арқылы оптикалық
тығыздық өлшеніп, градуировкалық график тұрғызылды(сурет 1).
111
Сурет 1 - Сүт өнімдеріндегі Е витаминінің мөлшері анықтауға
арналған градуировкалық график
Градуировкалық график бойынша зерттелген сүт үлгілеріндегі Е
витаминінің мөлшерін анықтау нәтижелері 1-ші кестеде келтірілді.
Кесте 2–Сүт өнімдеріндегі Е витаминінің мөлшері анықтау нәтижелері
Зерттелуші
өнім
Шығарылған
жері
Әдеби
мәні
Калибровкалық
график бойынша
табылған
концентрация С,
мкг
Экспери-
менттік
анықталған
мөлшері,
мг/
100 гөнімде
«Новый день»,
1,5%
ҚР,
Қостанай обл,
Қостанай
қаласы,
Бородин көш.,
235,
«МИЛХ
ЖШС»
0,42
0,075
0,0
9
(табиғи
сүт
үшін)
«Новый
день»,2,5%
0,52
0,080
«Новый
день»,3,2%
0,53
0,084
«Новый день»,
6%
0,55
0,087
Сүт
өнімдеріндегі Е витаминінің мөлшерін анықтау, кестеде
көрсетілгендей,өнімнің майлылығы артқан сайын витаминнің мөлшері
артатынын көрсетеді.Бұдан өндірушілер сүт дайындау кезінде оның құрамына
0.00
0.01
0.01
0.02
0.02
0.03
0.03
0.04
0.00
0.02
0.04
0.06
0.08
0.10
О
пт
икалы
қ
тығы
зд
ығы
C, мкг/мл
Оптикалық тығыздығының Е витаминнің
концентрациясына тәуелділігі
112
қойылатын талаптарды негізінен орындайды деген қорытынды жасауға
болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Давидов Р.Б. Молоко и молочное дело. – М: Колос, 1964. – 328с.
2.
Измаилов Т.О. Витамин- тіршілік нәрі. - Алматы: Қайнар, 1969. – 91 б.
3.
Филиппович Ю.Б., Егорова Т.А., Севастьянова Г.А. Практикум по общей
биохимии. – М: Просвещение 1987. – 379 б.
Жұмағалиева Б. М.
1
, Көмекбай Ж.Н.
2
1.Ғылыми жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты, доцент
2. Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы, «Химия» мамандығының 4 курс
студенті
ЖЕМІС–ЖИДЕК ШЫРЫНДАРЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН
ЗЕРТТЕУ
Жеміс - жидек шырындары– пісіп жетілген жеміс-жидектерден жас
күйінде алынатын сұйық табиғи өнімдер.Шырындардың құрамында адам
ағзасына қажетті қант, қышқылдар, ақуыздық заттар, дәрумендер, минералдық
тұздар, макроэлементтер бар.
Жеміс–жидектерден алынған шырындардың ешқандай өзгеріссіз,
өңдеусіз қолданылуы өте пайдалы.Олардың жаңа піскен жас кезіндегі
пайдалану мерзімі өте шектеулі.Сондықтан олардан алынған шырындар
арнаулы ыдыстарда(шыны ыдыстар,тетрапакт.с.с) өңделіп сақталады.Сақталу
үшін қосылған қоспалар олардың табиғилығын, биологиялық құндылығын
төмендетеді.
Жеміс–жидек шырындарының құндылығы туралы мәліметтер.[1]
-
қанттың мөлшері 4-5 тен 18-20% аралығында;
-
калориялығы 35-75 ккал 100г өнімге шаққанда;
-
pH 2,9-3,5 аралығында;
-
минералдық тұздар 2,8-5 г/л;
-
азоттық заттар 2,2-4 г/л
Қант–адам ағзасын қажетті энергиямен қамтамасыз ететін, бағалы құнды
өнім болып есептелетін көмірсулар.Адам ағзасының қан құрамында қанттың
тұрақты мөлшері болуға тиісті.Ал, қандағы қанттың артық мөлшері қант
диабетіне соқтыруы мүмкін.
Жеміс–жидектерден мол өнім алу үшін, пісу мерзімін тездету үшін,
отырғызылған топыраққа әртүрлі тыңайтқыштар қолданылады.Айрықша
селитра тыңайтқыштары артық қолданылса, нитраттар айналым нәтижесінде
жеміс–жидектер құрамына ауысады.
113
Адам ағзасына түскен нитраттар микробиологиялық жолмен нитритке
дейін тотықсызданып, нәтижесінде қан құрамында нитрозил–иондар
түзіледі[2]:
NO
2
-
+ H
+
= NO
+
+ OH
-
Нитрозил–ион гемоглобиндегі темірдің (II) валентті ионын (III)
валенттіге дейін тотықтырып гемоглобиннің оттекпен байланысуына кедергі
жасайды.
Fe
2+
+ NO
+
Fe
3+
+ NO
Нәтижесінде
цианоз ауруына әкелетін оттектік жетіспеушілік
туындайды.Темірдің (II) валентті иондарының 60-80 % пайызының темірдің
(III) валентті ионына ауысуы қайтымсыз жағдайға әкеліп соқтырады.
Сондықтан жеміс–жидек шырындары құрамындағы қант, нитрат,
темірдің мөлшерін, рН-ын зерттеу бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі болып
саналады.
Тәжірибе әдістемесі
Шырындар құрамындағы темірді фотоколориметрлік әдіспен анықтау
Фотоколориметрлік әдістің теориясы Бугер-Ламберт-Бер заңына сүйенеді[3]
C
I
I
10
0
; (1)
Мұндағы
0
I
- түскен жарықтың интенсивтілігі,
I
- ерітіндіден өткен жарықтың
интенсивтілігі,
белгілі бір
толқын ұзындығындағы жұтудың молярлық
коэффициенті,
–
ерітінді
қалыңдығы(кювета
ені),
С–
ерітінді
концентрациясы.Бірінші (1) формуладағы қарама-қарсы таңбамен алынған
дәреже көрсеткіші оптикалық тығыздық (D) деп аталады:
C
D
; (2)
Шырындар құрамындағы темірдің (II) валентті ионын фотоколориметрлік
әдіспен анықтау оның ортофенантролинмен қызыл түсті комплекс түзуіне
негізделген.
Осы
комплексті
қосылыстың
оптикалық
тығыздығы
КФК-3
құрылғысында
анықталды.Арнайы
стандартты
ерітінділер
дайындалып,градуировкалық график құрылды.
Алынған нәтижелердің есептелу жолы
Мысалы, “Агуша” шырынының оптикалық тығыздығы D=0.22,
градуировкалық график бойынша сәйкесті концентрация -30 мкг.
Есептеу формуласы :
С =
??????
??????
=
????????????
????????????
=3 мг/л;(3)
Мұндағы V–шырынныңзерттеуге алынған көлемі.
Қалған нәтижелер де осы жолмен есептелді.
114
1-кесте.Шырындар құрамындағы кейбір химиялық көрсеткіштердің
мөлшері
№
Шырындар
дың аталуы
Өндіріс орындары
С
(Fe),
мг/л
Сыну
көрсетк
іші,n
Қант,
%
рН рNO
3
-
1
Junior
ВБД “напитки”ЖШҚ
Мәскеу обл,Раменское
қаласы.
3,6
1.337
4.00
3,50
4.02
2
Агуша
ВБД “напитки” ЖШҚ
Мәскеу обл,Раменское
қаласы.
3,0
1.342
6.11
3,40
3.91
3
Piko
“The Coca-cola
Company”БК ЖШС
Қазақстан
республикасы,Алматы
қаласы
2,8
1.345
8.12
3,45
3.30
4
Садочок
“Сандора” ЖШҚ
Украина, Николаевск
обл,Жовтневый ауд.
2,7
1.346
8.79
3,50
3.35
5
Фруктовый
сад
ВБД “напитки” ЖШҚ
Мәскеу обл,Раменское
қаласы.
2,6
1.346
8.79
3,50
3.50
6
Нектар
солнечный
“RG Brands
Kazakhnstan”
ЖШС,Қазақстан
Республикасы,Алматы
қаласы.
2,5
1.346
8.79
3,50
3.30
7
Фрутик
ООО “компания
Фруктолайн”
Ресей,Мәскеу қаласы.
2,5
1.347
9.46
3,45
3.28
8
Da-Da
“RG Brands
Kazakhnstan”
ЖШС,Қазақстан
Республикасы,Алматы
қаласы.
2,4
1.349
10.80 3,47
3.65
9
Одесский
“Витмарк –Украина”
БК ЖШҚ, Украина,
Одесса.қ Высокий т/к
2,3
1.349
10.80 3,50
3.30
1-кесте нәтижелерінен “ Junior ” және “Агуша” шырындары темірге
едәуір бай келеді деген қорытынды жасауға болады.Ал шырындардың қалған
түрлеріндегі темірдің мөлшері сәл де болса төменірек 2,3 мг/л.
115
Адам денесінде темір құрамы 3-7 грамға дейін (ұлпа, қан, ішкі
органдарда) болады. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды. Бұл
шырындардың бір литрі адам ағзасының темірге деген тәуліктік қажеттілігін
қанағаттандырады.
Шырындар құрамындағы қанттың мөлшерін рефрактометрлік
әдіспен анықтау
Рефрактометрия заттардың салыстырмалы сыну көрсеткіштерін
өлшеуге негізделген.[4]
Белгілі оптикалық әдістердің біріне жататын біртекті мөлдір ортаның
шекарасынан сәуле өткенде жарықтың сынуын И.Ньютон, Л.Эйлер, М.В
Ломоносов зерттеген.
Біртекті мөлдір ортаның шекарасына түскен сәуленің бір бөлігі
шағылысады, ал бір бөлігі екінші ортаға таралады.Екінші ортаға түскен
сәуленің бағыты сыну заңына сәйкесті өзгереді.
??????
??????
= ??????
??????
????????????????????????
??????
(4)
Мұндағы ??????
1
-
заттың сыну көрсеткіші, ??????
2
-шынының
сыну
көрсеткіші,??????
2
−шынының сыну бұрышы.
Шырындар құрамындағы қанттың мөлшері рефрактометрде сыну
көрсеткіші арқылы анықталды.
1-кестеден көрініп тұрғандай зерттеліп отырған шырындардың ішінде
“Агуша” шырыны құрамында 4,00%пайызқант азырақ, “Junior”, “Piko”,
“Садочок” шырындары 8.79% көрсеткіштері бірдей, ал екі “Фрутик”, “Da-
Da” шырындары құрамында 10.80% қант бар екендігі анықталды.
Шырындар құрамындағы рН мөлшерін потенциометрлік әдіспен
өлшеу
Сулы ерітінділердің рХ (рН) мәндерін және концентрациясын С өлшеу
ионоселективті электродтарды қолдану арқылы потенциометрлік әдіспен
жүреді. Бұл әдіс ерітіндідегі өлшеу электроды мен салыстырмалы электродтың
потенциалының айырмасын, яғни электр қозғаушы күшті (Э.Қ.К.) өлшеуге
негізделген.
Электродтық жүйедегі электр қозғаушы күшінің анықталатын ионның
өлшенетін активтілігіне тәуелділігі Нернст теңдеуімен (термокомпенсация
қолданбаған жағдайда) анықталады:
Е = E
0
+ S*pX (5)
мұндағы Е – өлшенетін электрод пен көмекші (салыстырмалы)
электродтың потенциалдарының айырмасы (Э.Қ.К.) мВ.
E
0
– электродтық жүйенің бастапқы нүктедегі өлшеу диапазонының электр
қозғаушы күшінің мәні.
S – электродтық функция жанамасының бұрыштық коэффициенті
(крутизна) бұл шама аз да болса температураға тәуелді, 20ºC
температурасындағы бір зарядты иондар үшін теориялық мәні
116
58,16 мВ / рХ; (6)
рН= −?????? ga
Потенциометрлік әдіспен ЭКОТЕСТ-2000 құрылғысында анықталған
шырындардың қышқылдығы 1-кестеге қойылды.Нәтижелер шырындардың рН
ортасының қалыпты жағдайда екендігін көрсетеді.Осы тәсілмен шырындар
құрамындағы нитраттар да анықталды.
Шырындар құрамындағы нитраттардың мөлшері (1-кесте) ауыз су
құрамындағы нитраттардың шекті рауал концентрациясынан аспайды.
Сонымен әртүрлі шырындардың құрамындағы темір,қант, нитрат
мөлшері және қышқылдығы зерттелді.
Зерттеу нәтижелерінен бұл шырындардың құрамы қалыпты, яғни
ешқандай шекті рауал концентрациядан аспайтындығы анықталды.
Зерттеу үшін потенциометрлік,фотоколориметрлік және рефрактометрлік
әдістер меңгерілді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Скурухин И.М. Справочник.Химический состав пищевых продуктов.–
М.:Агропромиздат,1987.– 222с.
2.
Роговая О. Г., Алексеева Л. В., Бойцова Т. В., Горбунова В. В. Практикум
по химии окружающей среды: Учебно – методическое пособие. –СПб.:
Изд-во РПГУ им. А. И. Герцена, 2007. – 62-67 стр.
3.
Васильев В.П.Аналитическая химия.Физико-химические методы
анализа:Учеб.для химико-технол.спец.вузов.-М.:Высш.шк.,1989.–51стр.
4.
Пономарев В.Д.Аналитическая химия.-Учебник для формац.и
фак.мед.ин-тов.-М.:Высш. школа,1982.Ч.2.Количественный анализ.–153
стр.
Таурбаева Г.О
1
.,Мади Р.Р.
2
1. Ғылыми жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты, доцент
2. Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы, «Химия» мамандығының 4 курс
студенті
ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДАҒЫ КРАХМАЛ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ
Крахмал адампайдаланатын азық-түлік өнімдерінің70 %-ға жуығын
құрайды, дәнді дақылдар және олардың өңдеу өнімдері крахмалдың негізгі көзі
болып табылады. Орташа есеппен 100 г бидай жармасында – 62 %, тары
жармасында – 64,8 %, күріш жармасында – 70,7 %, жүгері жармасында – 70,4
%, «Геркулес» сұлы үлпектерінде – 48,9 % крахмал болады. Крахмал химиялық
жеке қосылыс емес, оның 96,1%-ықышқылдық гидролиз нәтижесінде глюкозаға
айналатын полисахаридтер – амилоза мен амилопектиннен құралған,сондықтан
крахмал – адам организміндегі глюкозаның негізгі көзі [2].
117
Күріш және бидай жармасының, пісірілген картоп пен бидай нанының
крахмалы тары, қарақұмық, арпа, сұлы жармаларының крахмалына қарағанда
тез, әрі жеңіл қорытылады. Сол себепті жеңіл қорытылатын крахмалы бар
тағамдар ас қорыту жүйесінің ауруларына шалдыққан адамдардың ас мәзіріне
міндетті түрде енгізіледі [1].
ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
Дәнді дақылдардағы крахмалды анықтау әдістемесі крахмалдың калий
йиодидінің қатысында йидпен әрекеттесуіне негізделген. Адсорбция өнімі
қанық көк түске боялған; бояудың реңкі крахмалдың шығу тегіне байланысты
(картоп, бидай, жүгері, арпа, тары, және т.с.с.). жарықтың жұтылуының
максимумына сәйкес келетін толқындар ұзындығы 560-640 нм ауқымында
орналасқан [3].
I
2
+ (C
6
H
10
O
5
)
n
=> I
2
*(C
6
H
10
O
5
)
n
Эксперимент әдістемесі. Крахмалдың мөлшерін фотоколориметрлік
әдіспен анықтау
1. Қолданылатын реактивтер:
а)
Калий йиодидіндегі йиод ерітіндісі. Фарфор табақшаға 1 гхимиялық
таза (х.т.) кристалдық йод және 1,5 г х.т. калий йодидін салып, үстіне 10 мл
дистелденген су құяды және йод толығымен ерігенше келсаптың көмегімен
ұнтақтайды. Сұйықтықты қырнап өңделген тығыны бар шыны ыдысқа сандық
ауыстырады, үстіне 200 мл дистелденген су құяды.
б)
Крахмалдың стандартты ерітіндісі. Сыйымдылығы 500 мл колбаға
0,25 гкрахмал салып және 10 мл дистелденген су құйып, мұқият араластырады.
Содан соң шамамен 300 мл жылы (50
0
С) су құйып, колбаны су моншасында
95
0
С-ге дейін қыздырады,. Колбаны суық су ағынымен салқындатады.
Ерітіндіні сыйымдылығы 500 мл өлшеуіш колбаға сандық ауыстырып,
дистелденген сумен белгіге дейін жеткізеді және араластырады. Дайындалған
ерітіндінің 1 мл-де 0,5 мг крахмал бар.
2. Градуировкалық графикті тұрғызу.
6 химиялық стақанға рет-ретімен 0, 2, 4, 6, 8 және 10 мл станданртты
крахмал ерітіндісі құйылады. Әрбір стақандағы оның көлемін дистелденген
сумен 10 мл-ге дейін жеткізеді (сәйкесінше 10, 8, 6, 4, 2 және 0 мл) және
араластырады. Алынған ерітінділердің 10 мл-де сәйкесінше 0; 1,0; 2,0; 3,0; 4,0
және 5,0 мг крахмал бар. Әрбір ерітіндіге 1 мл йод ерітіндісі қосылады.
Фотоэлектроколориметрде қабат қалыңдығы 1 см кюветаларда көк түске
боялған ерітінділердің оптикалық тығыздығы 400-650 нм толқын ұзындығында
әрбір 50 нм сайын өлшенеді. Крахмалы жоқ ерітінді бақылау ерітіндісі болып
табылады.
Алынған нәтижелер бойынша (үш өлшеудің арифметикалық ортасы)
координаталарда график тұрғызылады: ерітіндінің оптикалық тығыздығы –
толқын ұзындығы, нм. График бойынша жарық жұтылуының максимумы
байқалған (оптикалық тығыздықтың максималды саны) толқын ұзындығы
анықталады. Осы толқын ұзындығында қалған ерітінділердің оптикалық
118
тығыздығы өлшенеді. Алынған мәліметтер бойынша координатьаларда
градуировакалық график тұрғызылады: крахмалдың мөлшері, мг/10 мл –
оптикалық тығыздық.
3. Сынамада крахмалдың мөлшерін анықтаудың барысы.
Құрамында 100-500 г крахмал бар өнімнің сынамасын (бидай мен ұн үшін
– 0,5 ± 0,0002 г) фарфор табақшада мұқият ұнтақтайды. Қажет болған жағдайда
20 мл дистелденген су және шамамен 10 өзен құмын қосады.
Бидайдың сараптамасы кезінде ұнтақталған сынаманы сыйымдылығы
500 мл колбаға сандық ауыстырып, шамамен 300 мл жылы (50
0
С) дистелденген
су құяды. Колбаны су моншасында 95
0
С-ге дейін қыздырады. Колбаны суық су
ағынымен
бөлме
температурасына
дейін
салқындатады.
Ерітіндіні
сыйымдылығы 500 мл өлшеуіш колбаға сандық ауыстырады, дистелденген
сумен белгіге дейін жеткізеді және араластырады.
Алынған ерітіндіні тығыздығы жоғары қағаз фильтр («көк жолақ)
арқылы сүзгіден өткізеді. 10 мл мөлдір фильтратқа 1 мл йод ерітіндісін қосады.
Көк түске боялған ерітінділердің оптикалық тығыздығын қабат қалыңдығы 1 см
кюветаларда оптималды толқын ұзындығында (осыған дейін анықталған)
өлшейді. Бақылау ерітіндісі ретінде 10 мл дистелген су мен 1 мл йод ерітіндісін
қолданады. Градуировкалық график бойынша талданып жатқан ерітіндідегі
крахмалдың мөлшерін табады, мг/10мл.
Сынамадағы крахмалдың мөлшерін Х
кр
%-бен келесі формула бойынша
есептейді:
Хкр =
?????? ∗ 100 ∗ ??????
m ∗ 1000 ∗ 10
Мұндағы g – градуировкалық график бойынша табылған крахмал
мөлшері, мг/10мл;
V – ерітіндінің жалпы көлемі, мл;
M – талданып жатқан сынаманың массасы, г.
Сынамаларды зерттеу КФК-3 фотоэлектроколориметрінде жүргізіледі
(сурет 1). КФК-3 фотоколориметрі мөлдір сұйық ерітінділердің өткізу
коэфициентін және оптикалық тығыздығын өлшеуге, сонымен қатар,
пайдаланушы фотоэлектроколориметрді алдын ала градуировкалағаннан
кейін,оптикалық тығыздықтың өзгеру жылдамдығын және ерітіндідегі
заттардың концентрациясын анықтауға арналған.
Фотоэлектрокалориметр
ауыл
шаруашылығында,
медицинада,
металлургия, химия өнеркәсібінде және халық шаруашылығының басқа да
салаларында кеңінен қолданылады.
119
Сурет 1- КФК-3 фотоэлектроколориметрі
Достарыңызбен бөлісу: |