Список использованных источников
1. CMSList.
Обзорcms.
Сайтосистемахуправлениясайтом.
http://www.cmslist.ru
2. Mатериал из Википедии — свободной энциклопедии о системах
управления сайтом. http://ru.wikipedia.org/wiki/CMS
3. CMS обзор: CMS, движок сайта, система управления сайтом, mambo,
phpnuke, netcat, phpbb, invisionpowerboard, vbulletin.
http://cmsobzor.ru/news.php
Даулетбаева Г.Б.
Информатика және компьютерлік технологиялар
кафедрасының аға оқытушысы, ж.ғ.м.
ЭЛЕКТРОНДЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ -
САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ РЕТІНДЕ
Сапалы педагогикалық бағдарламалық құралдарды жасау - күрделі және
қымбат үдріс. Оған оқу материалдарды дайындайтын авторлары - білікті маман,
компьютерлік әдіскер, ППҚ жүйелі техниктер қатысу қажет. ППҚ-ында
дидактика тек оқу материалда ғана емес, сонымен қатар ППҚ-ының негізінде
жататын модельдер мен алгоритмдерде қамтылады. Бағдарламалаушылар
дидактикалық мақсаттарды жүктеген кезде, олар оны өзінің біліктілік
деңгейінде ғана шешеді. Бұнын нәтижесі – тиімсіз, әдістеме жағынан және
дидактикалық мақсаттар жағынан сауатсыз бағдарламаның өнделуі.
Бұл мәселенің альтернативті шешімі - электронды дидактикалық
материалды педагогтардын өздері дайындау.
ЭДМ деп оқу үрдісінде пайдаланатын және оқу тақырыбы мен оқу пәнінің
әдістемесіне сай жасалған құжаттарды (бағдарламаларды емес!) айтамыз[1].
Егер педагогикалық программалық құралдар (ППҚ) бағдарламалау тілдері
арқылы жасалатын болса, ЭДМ жалпыға арналған қолданбалы бағдарламалар
арқылы жасалады. Яғни мәтіндік және графикалық редакторлар, кестелік
процессорлар және т.б. немесе пәндік бағытталған бағдарламалық орталар
арқылы жасалады.
ЭДМ кейбір ерекшеліктері:
тақырыпты оқу үшін таңдалған дидактикалық және әдістемелік
көзқарасты есепке алу
оқушыларды белсенділікке тартуға арналған жағдайлар жасау
сыныптың жағдайы мен талаптарына бейімделу мүмкіндігі
модулдік
өндеу қарапайымдылығы (ақпараттық технологиялармен таныс
педагогтардың бағдарламамен жұмыс істеу кезінде қиындық
туғызбайтын)
қосымша бағдарламалық құралдарды пайдалану мүмкіндігі
ЭДМ түрлері:
466
компьютерлік тапсырмалар (КТ)
оқытылатын мазмұны
анықтамалық ақпарат
бақылау материалдары
ЭДМ жобалау этаптары:
1. Концептуалды жобалау
пәнге байланысты мазмұнды және әдістемені талдау
компьютерлік сабақтарды жоспарлау
сабақтағы ЭДМ орны.
ЭДМ сценариін жасау
2. Бағдарламалық құралдарды таңдау
3. ЭДМнің бағдарламалық іске асуы
4. ЭДМ экспертизасы, апробациясы және өңделуі
5. Оқу үрдісіне ЭДМ енгізу
6. ЭДМ жасау құралы ретіндегі қолданбалы бағдарламалар мен оқу-
дамыту орталары
Қолданбалы бағдарламаларға мәтіндік, графикалық, кестелік процессорлар
жатады. Олардың дидактикалық мүмкіндіктері сөзсіз жеткілікті.
шығармашылық жағдай жасау және шығармашылық қабілеттерді
дамыту
оқыту ортаның мүмкіндіктерін кеңейту
оқушылардың өзіндік қабілеттерін дамыту
ақпараттық өнімді жасау және нәтижелерін көрсету
ғылыми жұмысқа қатысу
әртүрлі ақпаратпен жұмыс істеу, интеграцияланған құжаттарды
жасау
Қорыта айтқанда бұл бағдарламалар арқылы ЭДМ жасауға болатыны да
сөзсіз. Өйткені олар: әртүрлі пәндер бойынша әртүрлі ақпараттық обьекттерді
жасауға, обьекттермен манипуляция жасауға, обьекттердің параметрлерін
өлшеуге, басқа бағдарламалардың обьекттерін кірістіруге, оқу материалын
бөлек блоктарға бөлуге және т.б. мүмкіндік береді. Сонымен қатар әртүрлі
қолданбалы бағдарламалардың өздерінің спецификалық ерекшеліктері бар.
Сондықтан қандай қолданбалы бағдарламаны таңдау керектігін педагогтың өзі
шешеді.
Қолданған әдебиеттер тізімі:
1.
http://studopedia.ru/5_109442_ponyatie-elektronniy-didakticheskiy-material.html
2.
http://refleader.ru/jgepolpolmerrna.html
Айтбенова А.А.
1
, ЕгембердиеваН.А.
2
1.
Ғылыми жетекші, педагогика магистрі, аға оқытушы
2.
«Информатика» мамандығының 3 курс студенті, информатика және
компьютерлік технологиялар кафедрасы
467
SONY VEGAS PRO БАҒДАРЛАМАСЫ КӨМЕГІМЕН
БЕЙНЕМОНТАЖ ЖАСАУ
Қазіргі кезде оқытуда ақпараттық технологияны қолдану – білімді
жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, педагогикалық іс-әрекетті өзгерту,
білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде білім алушының
жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру, ақпараттық технологияның
маңызын ашу үшін қолданылады.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін
қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық
және техникалық құралдар (кино, аудио және бейнеқұралдар, компьютерлер,
телекоммуникациялық желілер).
Бейне жасау, оны монтаждау үшін бейнередакторлар қолданылады.
Олардың көмегімен әр түрлі форматты бейнефильмдерден жеке клиптерді қиып
алып, пайда болған файлдарды DVD-ге жазуға болады, сонымен қатар мұндай
бағдарламаларда бейнеқұрастырудың көптеген функциялары бар.
Бейнередакторлар көмегімен мыналарды жасауғаболады:
-
Көріністер арасында ауысуларды, сондай-ақ пайда болатын мәтіндерді
қосуға; суреттер мен дыбыстарды өңдеуде болады – бағдарламалардың көбі
кейбір көріністерде суреттің «дірілдеуі» байқалса, түстерді реттеуге және шу
деңгейін төмендетуге болады, бұл мәселені суретті реттеу қызметі көмегімен
шешуге болады.
-
Бейнекамералардан жазбаларды алуға (мысалы Mini-DV-ден firewire
интерфейсіне
қосылған
кабель
арқылы).
Бағдарламалар
арқылы
бейнекамераларды басқаруға болады: көрсетілімді тоқтатып, қайтадан басуға,
сондай-ақ жазбаларды алға және артқа айналдыруға. Ол таңдалынған
көріністерді компьютерге көшіруді жеңілдетеді. Бейнередакторда өңделгеннен
кейін дайын бейнефильмді қайтадан бейнекамераға жазуға болады, мысалы
таспаға жазу үшін.
-
Бейне үн жазбалардан немесе vhs-камералардан балама бейнелерді
қамтуға (ол үшін компьютерде балама бейне кіру орны болуы тиіс). Файлдар
mpeg-2 түрінде қатты дискіге сақталынады, ол оны әрі қарай DVD-ге жазуға
жақсы келеді [1].
Бейне (видео)- қозғалыстағы суреттер мен дыбыстарды жазатын әдіс.
Монтаж кино өнерінде, киноэпизод пен жалпы фильм тұтастығын
қамтамасыз ету мақсатында кинофильм кадрларын құрастыру тәсілі.
Монтаждау кезінде фильм мазмұны, бейнелеу құралдарының орнында
қолданылуы, ішкі ырғақ ескеріліп отырады. Монтаж - фильмнің идеялық-
көркемдік қасиетін ашудағы ең қажетті элементтерінің бірі. Режиссер монтаж
арқылы өтіп жатқан оқиғаның әрбір эпизодтарындағы мазмұнды көрінісін
көрнекілендіріп отырады. Дыбыссыз кинодағы монтаждың рөлі зор. Ол көп
жағдайда дыбыс ролін атқарады. Кино өнерінде дыбыстың пайда болуына
байланысты монтаждау тәсілдері арқылы бейне мен сөздің, музыка мен шудың
468
үйлесімділігі сияқты жаңа проблемелар шешілетін болды. Монтаждық үлгіні
дамытып, оны жетілдіру саласында Д.Вертов, А.П. Довженко,Л.В. Кулешов,
В.И. Пудовкин, С.М. Эйзенштейн, С.И. Юткевич сынды кино қайраткерлерінің
шығармашылығы тәжірибесі үлкен роль атқарды. Қазақстан кине-
матографиясындағы монтаждың үлгілері Ш.Айманов пен О.Әбішев, т.б.
шығармашылығынан көрініс тапты [2].
Бейнемонтаж деген түсірілген кез-келген бейнемағлұматты бейнежолақты
немесе бейнефильм ретінде көрсету. Ол үшін алдымен құрастыру керек, яғни
артық бөліктерін қиып алып, бөлінген бөліктерді бір бірімен келістіріп, керекті
жерлеріне әсерлерді, ауысуларды және титрларды қосу керек.
Қазіргі кездегі кең тараған бейнемонтаж жасайтын бағдарламалар:
-
Pinnacle Studio 15.
-
Sony Vegas Pro.
-
Camtasia Studio 8.
-
Videomaster.
-
Windows Movie Maker.
-
Adobe Premier Pro.
-
Movavi Video Editor.
-
Corel VideoStudio Pro X5.
Соның ішінде Sony Vegas Pro10 бағдарламасымен және оның
қондырғыларымен таныс боламыз.
Sony Vegas Pro – бұл мультимедиалық мәліметтермен жұмыс істеу үшін
қолданылатын кәсіби пакет болып табылады, ол көбінесе аудиожазбалармен,
бейнені өңдеу және монтаждау үшін қолданылады.
Көп функционалды бағдарлама редакторы Sony Vegas Pro әр түрлі
жобалармен жұмыстың әр түрлі профильдерімен міндеттерін жүзеге асыру
үшін қолданылады. Ол енгізілген бір мағлұматты бірнеше жобада бір уақытта
жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бағдарлама бірнеше негізгі жұмыс
облыстарынан тұрады (Сурет-1):
1.
Монтажоблысы;
2.
Көрутерезесі;
3.
Негізгіоблыс (облыстарлыбекітутерезесі);
4.
Облыстыбасқаружолы;
5.
Облыстыбасқарудыжылдамдықпенойнату;
6.
Маркерлер мен аймақтардыңоблысы.
Сонымен қатар жоғары жағында бағдарламаның мәзірі және құралдар
тақтасы орналасқан. Негізгі облысында бетбелгілер бар, олардың әрқайсысы
бөлек терезе болып есептеледі. Жұмыс облысын реттеуге болады, олардың
мөлшері және басқа да параметрлерін өзгерту арқылы. Негізгі жұмыс саласы
монтаж облысы болып табылады, онда біздің барлық видео операциялар мен
аудио роликтеріміз өтеді. Егер сізде сол немесе өзге де жұмыс аймағы болмаса
оны әрқашан бетбелгі Түр (Вид (View)) меню арқылы шақыруға болады.Әрбір
жаңа клип құру, жаңа жоба құрудан басталады.
469
Сурет-1.
Сонымен, бейне қойындысы: шаблон тізімі (template) бізге дайын үлгі
өлшемі және кадрлар жиілігі, немесе енін (width), биіктігін (height) және
жиілігін (frame rate) таңдауға мүмкіндік береді. Өріс бағандарының тәртібі
(field order) құрылғы таңдауға мүмкіндік береді, онда дайын ролик қаралады:
none (progressive scan) - компьютерде немесе жк-теледидар, upper field first -
теледидарда, lower field first - басқа да сандық құрылғыларда.Пиксельдің
форматы (pixel format) файлды өңдеген кезде пиксельдің тереңдігінің
есептелуіне жауап береді: 8-bit - кіші тереңдігі есептеу (жылдам жұмыс істеіді),
32-bit - жоғары тереңдігі есептеу (жоғары сапалы бейне, бірақ өңдеу баяу).
Көбінесе 32-bit жоғары сапалы HD видео өңдеу үшін жиі пайдаланылады. Full-
resolution rendering qualiti (видео ролик түсіру кезінде өңдеу сапасы) - сапасы
жоғары болған сайын (мысалы best), біздің ролигіміз бағдарламадан баяу
сақталады. Motion blyr tupe (түр білдірмеу) - әдепкі gaussian (Гаусс қисығы).
Prerendered filies folder - сіздің бейне файлдарыңызды сақтауға арналған папка.
470
Сурет-2.
Аудио вкладкасы: Master bus mode (дыбыс ағыны) - стерео (әдепкі қалпы),
бәлкім, көлемді дыбысталу. Number of stereo busses - олардың саны автоматты
түрде анықталады. Samle rate - дыбыс жиілігі герц түрінде. Bit depth - дыбыс
тереңдігі, тереңдігі жоғары болған сайын, дыбыс сапасы жақсы болады.
Resample stretch and quality - дыбыс өңдеу сапасы.
Жобаны өз қалауы бойынша баптау үшін жалауша қоюға болады - барлық
жаңа жобаларды осы қондырғылармен бастаған жөн.Сондай-ақ дискетті
белгісін басу арқылы сіздің жаңа ғана енгізген қондырғылармен жаңа үлгі
жасауға болады. Сіздің назарыңызды тағы да Match media settings батырмасына
аударғым келіп тұр (1, скрин жоғарыда) дискеттің оң жағында, ол проектіні
автоматты түрде сіз таңдаған медиа файлға сәйкестендіреді. Sony Vegas-та
ыңғайлы жұмыс істеу үшін тағы бір ескертпе: бағдарлама қондырғысында
Dynamic RAM бағанында (Options/Preferences/Video бағана Dynamic RAM
Preview max) бағдарламаның тез жұмыс істеуі үшін сіздің оперативті жадының
жартысын қою керек (егер сізде RAM жады 1ГБ болса, онда 512 МБ қоя
аласыз).
Мысалы, Sony Vegas Pro10 бағдарламасымен Қостанай қаласы туралы
және Информатика тобы туралы екі бейне құрылды.
Сурет-3.Қостанай қаласы туралы бейне файл.
471
Сурет-4.Информатика тобы туралы бейне файл.
Сурет-5. Бейненің титулдық беті.
Сонымен, бейнефайлдарды қолданған кезде бірнеше шарттарды ecкepу
қажет:
бейнематериалды көрсету кезінде оның нeгiзгiciн, маңыздысын айқын
белгілеп көрсету қажет;
құбылыстарды көрсету кезінде берілетін түсіндірулерді толық
ойластыру қажет;
көрсетілетін бейне материалдар мазмұнына сайболу қажет.
Жалпы айтқанда, Sony Vegas Pro10 бағдарламасы бейнені өңдеу,
монтаждау өте қызықты болып келеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
5.
Пташинский В., Видеомонтаж в SonyVegasPro 10. 2011 ж.
6.
Резников Ф.А., Видеомонтаж на персональном копьютере, Триумф, 2000ж.
7.
http://www.bestfree.ru/soft/media/video-montage.php
8.
http://www.orestov.com/vegas/
9.
http://1vm.ru/html/obuc4/sony_vegas_1.html
Даулетбаева Г.Б.¹Ертай А.Е.,²
3.
Ғылыми жетекші, информатика және компьютерлік технологиялар
кафедрасының аға оқытушысы, ж.ғ.м.
4.
«Информатика» мамандығының 4 курс студенті, информатика және
компьютерлік технологиялар кафедрасы
BLENDER БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҚҰМЫРА ЖАСАУ ЖОЛДАРЫ
Blender бағдарламасы – үшөлшемді компьютерлік графиканы құруға
арналған еркін пакет. Оның құрамында модельдеу, анимация, рендринг,
видеоны постөңдеу және интерактивті ойын құру құралдары бар. Кәсіби
жасаушы пәрмендердің арқасында және жылдам әрі тұрақты дамуының
әсерінде бұл пакет қазіргі таңда тегін 3D редакторлары арасында айырықша
қолданысқа ие[1].
Мақаламызда Blender бағдарламасында құмыра жасау жолдарын
қарастырамыз.
472
Ең алдымен Blender бағдарламасын ашқаннан кейін ортада тұрған кубты
жоямыз. Ең алдымен құмыраны салу үшін цилиндр құралын пайдаланып
қажетті өлшемдермен цилиндр салу қажет, кейін цилиндрді өндеу арқылы
құмыра аламыз. Енді құмыра салу қадамдарын қарастырайық[2],[3]:
1. Add-Mesh-Cylinder немесе (Shift+A-Mesh-Cylinder) таңдаңыз.
2.Құрал-саймандар тақтасын ашып(Т пернесі), цилиндрдің параметрін
өзгертеміз. Оның жоғарғы бөлігі жабық болуы тиіс. Ол үшін саймандар
тақтасынан Cap Fill Type- Nigen таңдаңыз.
3.Tab пернесін басу арқылы өңдеу режиміне ауысыңыз. Тінтуірдің
көмегімен қабырғаны өндеу таңдаңыз, тінтуірдің оң жағын басу арқылы
цилиндрдің жоғарғы бөлігін белгілеңіз. Цилиндрдің биіктігін аз ғана жоғары
жылжытыңыз.
4.Құмыраның аузы, денесі болу үшін цилиндрді бірнеше бөлікке бөліңіз.
Ол үшін саймандар тақтасынан Loop Cut and Slide немесе (Ctrl+R) таңдаңыз да
цилиндрді төрт бөлікке бөліңіз.
473
5. Каркастық режимге ауысу үшін Z пернесін басыңыз. Өңдеу режиміне
көшу үшін Vertex Select таңдаңыз.
6.
Құмыраның
ортаңғы
бөлігін
белгілеу үшін экранның төменгі жағында
орналасқан Select-Border Select немесе (B
пернесі) арқылы тінтуірдің сол жағының
көмегімен белгілеңіз. S пернесі арқылы
масштабын үлкейтіп, қажетсіз жерді А
пернесін басу арқылы жойыңыз, және
цилиндрді
төмендегі
суретке
сәйкес
өзгертіңіз.
7. Solid өңдеу режиміне ауысып,
құмыраның ауызын сығу арқылы жасаймыз.
Бетті белгілеу үшін Face Select батырмасын
басыңыз. Сығу үшін саймандар тақтасынан Extrude Region (Е пернесі)
таңдаймыз.
8. Пішінге қажетті масштаб
келтіріп, Е пернесі арқылы құмыраның
ішіне қарай тінтуірді жылжытыңыз.
9.
Wireframe арқылы каркас
режимін таңдаңыз. Каркас режимінде
құмыраның ішін анық көруге болады.
10.Саймандар
тақтасындағы
Shading облысында Smooth батырмасын
басу арқылы пішінді тегістеңіз.
11. Құмыраның сыртқы пішінің
жасау үшін, Material орамасындағы
Texture-Type- Image or Movie командасы
арқылы қалаған текстураны қойыңыз.
Нәтижесінде 5-ші суретте көрсетілген құмыра шығуы керек.
474
Қорыта айтқанда, үшөлшемді модельдеуді үйрену үшін Blender 3D
бағдарламасын қолдану тиімді. Өйткені Blender 3D бағдарламасы тегін және
өзінің мүмкіндіктерінде кең таралған ақылы бағдарламалардан кем түспейтін
жалғыз бағдарлама. Және де осы Blender 3D бағдарламасын www.Blender.org
ресми сайтынан көшіріп алуға болады.
Қолданған әдебиеттер тізімі
1.
kk.wikipedia.org/wiki/Blender_(бағдарлама)
2.
Blender бағдарламасы
3.
Blender 3D бағдарламасының ресми сайты: www.blender.org
Ерсултанова З.С.¹, Зиятов А.М.²
1.
Ғылыми жетекші, физика-математикалықғылыми кандидаті, аға оқытушы
2.
«Информатика» мамандығының 2 курс студенті, информатика және
компьютерлік технологиялар кафедрасы
ТҰСАУКЕСЕР ЖАСАУҒА «PREZI» БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ
Веб-сервисте мультимедиялық материалды өңдеу үшін Prezi.com сайтында
тіркеуден өту керек (Сурет1). Және Prezi бағдарламасын дербес компьютерге
жүктеп алу керек(Сурет 2).
475
Сурет1. Сайтқа тіркелу
Сурет2. Prezi бағдарламасын компьютерге жүктеу
Prezi.com онлайн сервис сайты үш қаптамадан тұрады: Бірінші қаптама
Your prezis – мұнда сіз презентация құруды бастауға немесе бұрын құрылған
презезентацияны толықтыруыңызға болады. Екінші қаптама Learn – оқыту:
мұнда сайтқа тіркелу жолдары, онлайн презентацияны бастауды үйретеді.
Үшінші қаптама Explore –мұнда әртүрлі фирмалар мен компаниялардың
дайын презентацияларын көруге болады [1].
Сурет3. Дайын презентация үлгісі
Тіркелген соң, презентациялық үлгінің біреуі таңдалып, материал өңделеді.
Таңдау беті келесідей кескіннен тұрады (Сурет 4).
476
Сурет 4. Prezi презентациялық үлгіні таңдау беті
Презентациялық бет таңдалғаннан соң, беттің қажет деп табылған бөлігіне
мультимедиялық материал орнатудан бастаймыз. Төмендегі суретте мәтін
өңдеу құралының көмегімен мәтінді теріп, мәтінге қажетте барлық
параметрлерді орнатамыз (Сурет 5). Көрсетілген пиктограммалардың
көмегімен мәтінге қажет деп табылған параметрлер қойылады.
Сурет 5. Мультимедиялық материал орнату
Prezi веб-сервисінің меню жолы үш топқа бөлінеді. 1. Фреймдер орнату
беті 2. Аудио, видео, сурет кою беті 3. Тақырыптар қою беті. Осы үш менюдің
көмегімен презентациялық материалдың интерфейсін, дизайнын жақсартуға
болады. Фреймдер орнату менюінің көмегімен презентациялық беттерді
құрылымға бөлуге, мазмұны жағынан, логикалық құрылымы бойынша
топтастыруға болады [2].
Фреймдерді орнату менюі көмегімен материалға аудио, видео, сурет,
диаграмма, Power Point материалын қоюға болады(Сурет 6).Тақырыптар қою
менюінің көмегімен байланыстырушы құралдарды, тақырыптарды мазмұнына
қарай топтастырып қолдануға болады.
477
Сурет 6. Аудио, видео, сурет кою беті.
Осы презентацияны құру барысында барлық презентация бір ғана бетте
орналасқанын айту керек. Мұнда жеке слайдтар жоқ. Сондықтан объектлерді
презентацияға қосып, оларды қажетті реттілікпен өзара жалғастыру керек. Ол
үшін Path батырмасын басып, тізбекпен объектлерді және презентация
элементтерін таңдап отыру керек. Осы кезде оларға жақындап немесе алыстай
отырып, әртүрлі эффектлер енгізуге болады. Осы істегендерді сақтау үшін Prezi
- Capture View-ді орындау керек [3].
Сурет7. Слайдтарды қосу үлгісі.
Жаңа презентацияны көру үшін Show батырмасын басу керек.
478
Сурет 7. Презентацияны көру.
Prezi бағдарламасы студенттерге веб сервистің көмегімен сызықтық емес
құрылыммен мультимедиялық интерактивті презентацияларды құруды
үйретеді. Оларды кәсіптік ақпараттық мәдениетке, кәсіби сауаттылыққа
тәрбиелей отырып, болашақ мамандығына байланысты кәсіби бағыт береді.
Prezi бағдарламасында жұмыс жасау коммуникативтік дербес компьютерді
еркін қолдануды, Интернет желісін дұрыс пайдалануды қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |