Развитие образовательной среды в школе


Пайдаланылған дереккөздер тізімі



Pdf көрінісі
бет48/55
Дата07.04.2017
өлшемі11,58 Mb.
#11218
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55

 

Пайдаланылған дереккөздер тізімі: 

1.

 



КонцепцияинформатизацииобразованияРК; 

2.

 



Ж.К.Нұрбекова,  Қ.М.Байғушева,  А.З.Даутова.  Қазіргі  бағдарламалау 

тілдері. 

3.

 

Бобровский  С.  Технология  Петагона  на  службе  российских 



программистов. Программная инженерия.-СПб.:Питер,200 

4.

 



Сайтhttp://www.lib.aswl.ru/books/methodology/ programming. 

 

 



Айтбенова А.А.

1

, АманжолБ.М.

2

 

1.

 

Ғылыми жетекші, педагогика магистрі, аға оқытушы 

2.

 

«Информатика» мамандығының 1 курс студенті, информатика және 

компьютерлік технологиялар кафедрасы 

 

DELPHI ОРТАСЫНДА«ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУ» ЭЛЕКТРОНДЫ 

ОҚУЛЫҒЫН ЖАСАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ 

 

Ақпараттық  технологиялар  мен  компьютерлік  телекоммуникацияларды 



жыл  сайын  білім  жүйесінде  белсене  қолданып  келе  жатыр.  Сонымен  қатар 

электронды  оқулықтар  арқылы  сабақтарды  түсіндіру  де  кең  етек  алуда. 

Электронды  оқулықтарды  тек  қана  сабақ  барысында  емес,  өзін  өзі  үйрету 

барысында да қолдануға болады.  

Электронды оқулық  – бұл компьютерді қолданып, оқу курсын өз бетімен 

немесе  оқытушының  көмегімен  меңгеруді  қамтамасыз  ететін  программалық 

әдістемелік кешен. Электронды оқулық немесе курс үш компоненттен тұрады: 

курстың  негізгі  ақпараттық  бөлігі  мазмұндалған  презентациялық  құрамадан; 

алынған  білімді  бекітетін  жаттығулардан;  оқушының  бағасын  дұрыс 

бағалайтын тест жүйесінен. Оқыту программалары оқыту үрдісінде жетістікпен 

қолданылуда. Оқыту программасын жасау  – өте күрделі және көп еңбектенуді 

қажет  ететін  жұмыс.  Негізгі  көңіл  компьютерлік  эффект  немесе  өнімдегі 

ерекше жаңа қабылдауларға бөлінеді. Жарнамалық жобалар мен компьютерлік 

басылымдар  ең  жиі  қолданылатын  компакт-дисктердің  сипаттамасына  қарау 

жеткілікті.  Бірінші  орында  жазылған  ақпараттың  көлемі,  иллюстрация,  аудио 

және  бейнеүзінділердің  саны  және  олардың  ұзақтығы.  Ақпараттың  сапасы 

жайлы  ақпарат  жоқ,  ең  жақсы  жағдайда  өнім  басылымның  электронды 

көшірмесі  ретінде  беріледі.  Осылайша  берілген  оқулықтар,  энциклопедиялар 

және басқа басылымдар оқу құралы ретінде қолданылуы мүмкін. Олар әр түрлі 


447 

 

компьютерлік  эффектілермен  танысуға  мүмкіндік  береді.  Бірақ  осы 



қосымшаларды  нақты  бір  жұмыста  қолдану  қиын.  Оқу  программасын  құру 

кезінде  технологиялық  жабдықтардың  барлық  мүмкіндігін  қолдану  маңызды 

[1]. 

Электронды  оқулықтардың  басты  айырмашылығы  –  біріншіден, 



ұтқырлығы,  екіншіден  компьютерлік  желілердің  дамуына  байланысты  кең 

қолданылуы. Бірақ электронды оқулықтарды құрудағы мәселе – ол оқулықтағы 

ақпараттарды  уақыт  өткен  сайын  жаңартып  отыру  керек.  Электронды 

оқулықтардың  тағы  бір  ерекшелігі  –  тапсырмалар,  ақпараттар  түрлерін 

тегжейлі  суреттеу  қамтылған.  Сонымен  қатар  электронды  оқулықтар 

оқытылған білімді бақылау мақсатында – тестілеу өткізу [2]. 

Берілген электронды оқулық Delphi ортасында жасалынды. Borland Delphi  

қазіргі  уақытта  программалаудың  ең  танымал  тілдерінің  бірі  болып  саналады. 

Borland  Delphi  Windows–қа  кәсіби  деңгейлі  интерфейсі  бар  қолданбалы 

бағдарлама 

жасауға 

мүмкіндік 

береді. 

Оны оқып  

үйрену, 

түсіну 


және   логикалық ойлауға өте қарапайым,  әрі  жеңіл.  Delphi программалаудың 

құрылымдық 

тәртібі және 

программалаудың басқа  

тілдерге  

қарағанда  

жалпы жақсы 

дамыған. 

Оның   қызықты   рекурсивті  мүмкіндіктері,  сонымен   қатар қызықты 

есептер шығару мүмкіндіктері бар. 

Delphi типті 

жүйені тез 

және 

визуальды құру ортасы деп атайды. 



Себебі   ол   өзіне   компилятормен   қоса   редактор   және   көптеген 

дайын   программалар   жиынтығын қамтиды.  Delphi–де   шамамен   200–

ге  жуық  дайын  компоненттер  бар. 

Бұл  ортада  күрделі  қосымшалар,  анықтамалық  және  тестілеу  жүйелерін, 

электрондық оқулықтар, мәліметтер қорын құруға болады. 

Берілген  электронды  оқулық  қазақ  тілін  үйренушілерге  арналған.  Бұл 

оқулық  қазақ  тілін  үренушілерге  толыққанды  ақпарат  беріп,  үйретілген 

ақпаратты  тексеруге  арналған  тестілеуде  кірістірілген.  Болашақта  қажетті 

болған жағдайда оны оңай өзгертуге және қайта өңдеуге болады.  

Электронды  оқулықтың  алғашқы  парағы.  Алғашқы  беттен    келесі  бетке 

ауысу үшін суретті басып көшуге болады.  


448 

 

 



1 сурет. Оқулықтың алғашқы беті. 

 

Электронды оқулықтың келесі бетінен керекті мәзірді таңдауға болады.  



 

2 сурет. Электронды оқулық басты мәзірі. 

 

«Сабақтар» батырмасына басқанда келесі сабақтар тізімін көрсетіледі.  



 

 


449 

 

3 сурет. «Сабақтар» беті. 



 

Сонымен, өңделген электронды оқулықты оқу үрдісінде тәжірибе жүзінде 

қолдануға болады. Бұл оқулық қазақ тілін тез әрі жетік үйренгісі келген мектеп 

оқушыларына,  студенттерге,  сонымен  қатар  үлкен  аудиторияларға  арналған. 

Электронды  оқулықты  оқытушылар  (дәріс  сабақтарында)  және  өзін  өзі  оқыту 

барысында (үйде, кітапханада, сыныпта) қолдануға болады. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Нұрғалиева  Г.  Қ.  Электрондық  оқулықтар  –  мұғалім  мен  оқушы 

арасындағы әрекетттестікті гуманизациялау құралы// «Информатика негіздері» 

республикалық журналы, №2, 2002.- 2-3 б. 

2.

 



Тажигулова  А.  И.  Конструирование  электронных  учебников//Научно-

практический журнал «Информационные технологии в Казахстане», №1, 2000.- 

С. 42-43. 

3.

 



Т. А. Сауытова, «Казахский язык для начинающих», Алматы «Ана тілі», 

2003г., с. 400 

4.

 

http://delphi-prg.ru/ 



 

 

Айтбенова А.А.



1

, БалгабековаА.К.

2

 

1.

 



Ғылыми жетекші, педагогика магистрі, аға оқытушы 

2.

 



«Информатика» мамандығының 4 курс студенті, информатика және 

компьютерлік технологиялар кафедрасы 

 

SCRIBUS-ТЫҢ ТӨРТ ПАЙДАЛЫ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ 

 

Қазір бүкіл әлемде индустриялдық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға 



және оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді тұрақты түрде дамытып 

отыра  алатын  ақпараттық  қоғамға,  яғни  негізгі  рөлді  ақпаратты  алу,  өңдеу, 

сақтау,  тасымалдау,  тарату  және  пайдалану  істерін  атқаратын  жаңа  қоғамға 

көшу үрдісі жүріп жатыр. 

Ақпараттық 

қоғамға 


ауысу 

ақпараттық 

және 

коммуникациялық 



технологияларды  дамыту  мен  күнделікті  тұрмыста  пайдалану  жолымен,  яғни 

қоғамды ақпараттандыру істерін дамыту арқылы іске асырылады. 

Scribus  басып  шығаруға  тираждалған  жоғарғы  сапалы  беттер  жасауға 

болатын  Open  Source  бағдарламасы  болып  табылады.  Scribus-та  жасалынған 

жобалар  баспаханада  басып  шығаруға  толық  дайын  болып  шығады.  Бұдан 

басқа,  бағдарламаның  беттерді  жақсартып  басып  шығаруға  көптеген  қосалқы 

мүмкіндіктері бар. 

Заманға  сай  және  қолайлы  графикалық  интерфейстен  басқа  Scribus 

бағдарламасы  CMYK,  Spot  Colors  түстік  моделі,  ICCтүсті  шығаруға  арналған 

басқару  жүйесі,  PDF  файлдарды  жасауға  арналған  кәсіби  баспаханалық 

жүйелерге ие. 


450 

 

Scribus бағдарламасын ұсынудың себебі: Біріншіден, бұл бағдарлама жеңіл 



таратылымда.  Екіншіден, бұл бағдарлама  кез келген  мақсатта  - басып шығару 

үшін  немесе  электрондық  түрде  таратуға  арналған  жоғарғы  сапалы  құжаттар 

жасауға мүмкіндік береді. 

Scribus бағдарламасының мынандай мүмкіншіліктері бар: 

1.

 



Өзіндік  құжат  пішімі  (беттің  шаблондары;  қолданбалы  кернинг, 

құжатқа  қаріптер  енгізу;  топтастыру,  байланыстыру,  бұғаттау,  нысан  өлшемін 

өзгерту, нысан типін өзгерту). 

2.

 

Жариялану  (Публикация)  (PostScript  Level  2  деңгейі,  Level  3  және  PDF 

1.4  көптеген  мүмкіншілігі,  128-биттік  шифрлау  мен  градиенттеу;  PDF/X-3 

толық сәйкестік, ISO тың PDF форматта баспадан шығару; PostScript және PDF 

форматында  символдардың  қаріпі  мен  экспортын  қолдану;  топографиялық 

құралдарда баспа файлдарын құру). 

3.

 



Файл  форматы  (XML  форматында  толықтай  құжаттама;  EPS 

(Encapsulated PostScript), JPEG (Joint Photographic Experts Group), PNG (Portable 

Network Graphics), TIFF (Tag Image File Format) және XPM (XpixMap); SVG 1.0 

(Scalable  Vector  Graphics)  құжаттарды  импорттау  және  экспорттау; 

OpenOffice.org 1.x, OASIS OpenDocument Writer и Draw разметка стилін сақтау, 

MS Word, HTML және Palm PDB құжаттары). 

4.

 

Архитектура  (модульдер  және  экпорттау/импорттау  үшін  API  модулі; 



Scribus  және автоматтандыруда функцияның Python қуатты модулі; Linux және 

Unix үшін GPL нұсқалы QT 3 операциялық жүйесі, ол Windows және Mac OS X 

–та жұмыс жасайды). 

5.

 



Пайдалану мақсаты (бюллетень, постер, оқу материалдары, техникалық 

құжаттар,  визитка,  циркуляр  жасауда;  PDF  және  көрнекілік  құралдар  жасауда 

және көптеген жерлерде қолданылады). 

Scribus бағдарламасы іске еркін және сенімді қуатты үстелдік баспа жүйесі 

болып  табылады.  Scribus  бағдарламасына  қарама-қарсы  көбінесе  кең  таралған 

баспалық  жүйелері  бар,  мысалы  Microsoft  Publisher,  Adobe  PageMaker;  Adobe 

InDesign.  Ол  докуметтеуге  арналған  нашар  құжатталған  коммерциялық  файл 

пішімі бар.  

Бұл  мақалада  Scribus-тың  төрт  пайдалы  құралдарын  сипаттайық.  Олар  – 

күнтізбелер  жасау  шебері,  құжатты  әсемдеу  үшін  түстерді  ауыстыру  құралы, 

штрих-кодтар мен бөлімдер құру. 

Күнтізбелер жасау шебері. 

Кейбір себептерге байланысты Scribus Python 

скрипттік тілде жазылған бірнеше кеңейтілімдерге ие. Бірақ, бұған қарамастан, 

плагиндер арасында өте пайдалы скрипт бар, ол күнтізбелер жасау шебері. 

Бұл 

скрипт  Scribus  –тің  барлық  нұсқаларында  бар.  Оған  "Script  >  Scribus  Scripts" 



мәзірі арқылы кіруге болады. Егер ол қолданып жатқан нұсқада болмаса, оны 

Calendar  адресінен  таба  алуға  болады.  Қолданыстағы  скриптің  кодын  өзгерту 

үшін /usr/share/scribus/scripts жолына өтіп online-нұсқа арқылы жасауға болады.

 

 


451 

 

 



Сурет 1. Күнтізбелер жасау шебері 

 

Күнтізбе  жасау  үшін  бірінші  қажетті  тілді  таңдап,  қосымша  өлшемдер 



орнату  керек.  Жылы,  айы  құрылатын  күнтізбеге  қосылған.  Барлығы  дайын 

болғанда,  «ОК»батырмасын  басу  керек.  Шебер  әр  айдың  күндері  бөлек  бетте 

орналасқан жаңа құжатты құрады. 

Сонымен  қатар,  беттің  бос  қалған  бөлігінде  графикалық  элементтер 

құрылады.  Оған  қажет  болған  суретті  енгізіп,  қаріпті  өзгертуге,    демалыс  пен 

мейрам күндерін жүктеуге болады. 



Түстерді  ауыстыру.  Бұл  скриптті  құжатты  әрлеудің  түстік  гаммасын 

өзгертеді.  Бұл  скрипт  құжаттың  әр  түрлі  дизайнерлік  комбинацияларын, 

тәжірбие жасау жұмыстарын  автоматтандырады және уақытты үнемдейді. 

Бір түсті басқа түске ауыстыру үшін өзгеріс керек нысанды  белгілеп, «Edit 



> Replace Colors» мәзіріне өту керек. Жай сұхбаттық терезеде түстерді өзгерту 

амалынын орындау керек

(Сурет 2)



Штрих-кодтарды құру. 

Scribus бағдарламасында штрих-кодтарды құруда 

ең  қолайлы  саймандар  бар.  Бұл  скриптті  іске  қосу  үшін  мәзірден  «Insert  > 



Barcode» сұхбаттық терезесін ашу керек (Сурет 3). 

 

 



 

Сурет 2. Түстерді ауыстыру 



терезесі 

 

Сурет 3.



«Insert Barcode» 

сұхбаттық терезесі

 

Scribus-та  он  сегіз  түрлі  штрих-кодтар  қолданылады  және  олардың  



әрқайсысына  бөлек  тақтада  қысқаша  анықтамалығы  бар.  Анықтамалықта 

штрих-кодты  форматтау  мен  оларды  қалай  қолдану  керек  екені  берілген. 

Мұндай мүмкіндіктен бөлек, қолмен енгізуге болатын сұхбаттық терезе жұмыс 

жасайды. Штрих-кодқа анықтама жасау үшін фон түстері, штрих-кодтың қаріпі 

мен  сызықтарын  өзгерту  мүмкіншілігі жасалған.  «ОК» батырмасын басқаннан 


452 

 

соң, кәдімгі жақтауларды құру сияқты штрих-кодты құжаттың қай бөлігіне қою 



керек жерінен сызу керек.  

Бөлімдер

Scribus бағдарламасында бөлімдер екі мақсатта қызмет етеді. 



Бірінші,  бөлімдер  көмегімен  бір-бірінен  қалған  құжаттың  жеке  беттерін 

нөмірлеу. Мысалы, сізге құжаттаға беттердің біреуіне нөмірді рим санымен, ал 

қалған  беттерді  араб  сандарымен  қою  керек  болса.  Немесе  сізге  беттердің 

нөмірі титулдық беттен бастап қою керек болса. Екінші, сіз бір ғана файл ішіне 

әр  түрлі  түрдегі  құжаттарды  бөлім  арқылы  ішіне  кірістіре  аласыз.    Осы 

пайдалануға  бір  мысал,  егер  сізге  студенттер  үшін  тест  тапсырмаларын  құру 

қажет болды. Және ол өзінде сұрақтар мен жауаптарды қамтамасыз ету керек. 

Екі  құжаттыда  бір  файл  ішіне  қоюға  болады.  Кейін  оларды  бөлімдер  арқылы 

жауабы бар дайын құжатты файлдан толықтай басып шығаруға болады. 

Бөлімдерді  пайдалану  үшін  «File  >  Document  Setup  >  Sections»  мәзіріне 

өтемізу керек. Әр бөлім үшін атау қоюға болады және оның көрінісін құжатқа 

орнату  керек.  Бөлімдерде  беттің  диапазонын  көрсетуге,  нөмірлеу  стилін  және 

бірінші беттің нөмірін көрсетуге болады. 

 

 

Сурет 4.


 Document Setup сұхбаттық терезесі 

Бұл  құралдар  бағдарламада  жұмыс  істеуді  жеңілдетеді,  бірақ  бұларды 

Scribus-та табу оңай емес. Олар туралы білу пайдалы болып табылады. 

Scribus бағдарламасын қолданып, келесідей жұмыстарды жасауға болады: 

 

Сурет 5. 



Scribus 

 

 



 

Сурет 6. 



Scribus 

бағдарламасында жасалған 

визиттік карточка 

 


453 

 

бағдарламасында жасалған 



буклеттің алғашқы беті 

Сонымен,  бұл  бағдарламалық  өнімді  күнделікті  есептерде,  газеттерде, 

буклеттерде,  плакаттарда,  рекламаларда,  оқу  және  басқа  да  типтік 

демонстрациялық  материалдарды  баспаға  шығаруға  дайындау  үшін  қолдануға 

болады. Scribus сізге тәжірибе жасауда, жаңашылдық құруда көмектеседі.  

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Вводный  курс  по  scribus:  справочное  руководство  в  формате  PDF–

режимдоступа: 

//http://Linux.hanski.info/static/download/fyug_orig_files/ 

scribesTutorial.tar/gz/, свободный.  

2.

 

Официальный  сайт,  посвященный  scribus:  сайт  в  режиме  доступа: 



http://www.scribus.net, свободный.   

3.

 



Википедия:  статья  в  системе  Wikipedia  –  режим  доступа: 

http://ru.Wikipedia.org/wiki/scribus, свободный. 

 

 

Оспанова Ш.Б ¹, Беген Т.Қ. ² 



1.

 

Ғылыми жетекші, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы 

2.

 



«Информатика» мамандығының 1 курс студенті, информатика және 

компьютерлік технологиялар кафедрасы 

 

PREZI — БҰЛ ПРЕЗЕНТАЦИЯ ЖАСАУДЫҢ ЕҢ ЫҢҒАЙЛЫ ТҮРІ 

 

Конференциялар, семинарлар және ұзақ монотонды сөздерден кейін кейбір 

ақпараттар  түрлі  себептермен  қажетті  түрде  сіңірілмейді  және  бұл  ересектер 

жайында,  ал  мысалы  дене  шынықтыру  сабағынан  келген  немесе  5-6  сабақ 

қатарынан  өтетін  оқушылар  жайлы  не  айтуға  болады.  Презентацияларды 

қолдану  арқылы  оқушылар  назарын  аударуға  болады,  бірақ  бір  типті 

слайдтармен бұл әдісте сәтсіз аяқталады [1, 25 бет]. 

  Презентацияны  құрастыру  ең  кең  таралған  әдістердің  бірі,  әрбір 

мұғалімнің басынан өтетін. Бұл әдісті іске асыратын танымал құрал ол –Power 

Point болатын. Бірақ уақыт өте келе, бүгінгі күні бірқатар күшті бәсекелестері 

пайда  болды,  олар  Power  Point-тан  еш  кем  емес,  ал  кейбіреулері  тіпті  Power 

Point-тан  асып  түседі.  Бұндай  перспективті  жобалардың  бірі  Prezi  онлайн 

қызметі болып табылады [2, 33 бет]. 

Prezi  —  бұл  презентация  жасаудың  ең  жаңа  түрі.  Осы  техноголия  2009 

жылы  пайда  болып,    бірнеше  жылдың  ішінде  бүкіл  әлемге  орасан  зор  әйгілі 

болды (сурет 1). 



454 

 

 



Сурет 1.Prezi презентация жасау құралы 

 

Prezi — интерактивті презентациялар жасау үшін пайдаланылатын бұлтты 



қызмет  болып  табылады  (интернет  презентациялар  сақтау  желісі  болып 

табылады). Бұл программаның Power Point-тан негізгі айырмашылығы  -  Power 

Point бағдарламасындай жеке емес  слайдтармен жұмыс істей аласыз,  ал Prezi 

бағдарламасында өз бетiнізше бүкіл жұмыс ауданында сізге қажет элементтерді 

орналастыра  аласыз.  Ол  элементтер  –  мәтіндік  блоктар,  стикерлер, 

геометриялық пішіндер, суреттер және т.б. Ол элементтерді жұмыс ауданында 

еркін орын ауыстырып және өлшемін қалағаныңызша өзгерте аласыз. 

Қажетті  элементтерді  белгілі  бір  құрылымға  біріктіріп,  ол  аймақты 

белгілеп бөлек кадрға біріктіріп, басқа да слайдтар көшу тізбегін баптай алуға 

болады.  Презентацияны  көру  барысында  барлық  қаріптер  мықтап«тігілген»,   

кез келген қаріптер жүйесі қолданылмайды. Кез келген компьютерде немесе кез 

келген мобильді құрылғыда терілген мәтін экран бетіне  дәл сол сияқты пайда 

болатынына сенімді бола аласыз.  . 

Prezi  онлайн  қызметі  дайын  жұмысты  сақтау  әдісімен  ерекшеленеді. 

Сонымен,  презентацияны  автономды  сақтап  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оны 

еш  қиындықсыз  интернет  желісіне  немесе  әлеуметтік  желілерге  жіберуге  де 

болады.  Осымен  Prezi  бағдарламасының    Power  Point  бағдарламасынан 

айырмашылығы таусылмайды.  Prezi технологиясы Power Point бағдарламасына 

бәсекелестік  тудырып  қана  қоймай,  оны  қолдану  үрдісінен  ығыстырды.  Оның 

барлығы принципиалды ерекшелігінің арқасында. 

Prezi  бағдарламасында  құрылған  презентациялар  бұрын  Power  Point 

бағдарламасында орнатылған  барлық шектеулерді жояды.  Енді қолданушылар 

барлық  қалағанын    3D  үлкен  аумағында  орындай  алады.  Ірі  аумақ  кез  келген 

жерде слайдтарды құруға және олардың арасындағы ерекше ауысулар жасауға 

мүмкіндік  береді.  Презентация  құруға  арналған  көп  элементтермен      қатар 

көптеген функционалды мүмкіндіктер бар (сурет 2). 

 


455 

 

 



Сурет 2.Prezi презентация жасау шаблоны 

 

Егер Power Point бағдарламасында құрылған презентация сол компьютерде 



көрсетілмесе,  техникалық  ақаулар  туады.  Мәтін  әдеттегідей  көрсетілетініне 

ешқандай  кепілдік  жоқ.  Мәтіндегі  әріптердің  қалындығы  немесе  әріптерге 

орнатылған  қаріп    (немесе  автоматты  қойылған)    арасындағы  арақашықтық 

кішкене    өзгертілсе  –  мәтіннің  басты  бөлігі  слайдтың  сыртына  шығып  кетеді. 

Power  Point    бағдарламасындағы  презентацияда  «Қаріптер  енгізу»,  өкінішке 

орай толық қорғауды қамтамасыз етпейді. 

Тіпті  бұл  жағдайда  мәтіннің  ішкі  түрі  жүйенің  параметрлеріне  және 

орнатылған  қаріптерге  байланысты  өзгеріп  отырады.  Prezi  бұл  фонда  тиімді 

ерекшеленеді. 

Power  Point  суреттермен  оғаш  заттарды  жасайды.  Егер  экран  өлшемімен 

салыстырғанда  слайдтағы  сурет  өлшемі  сәл  кішкентай  болса,  демек  сіздің 

жолыңыз  болмады.  Сіз  презентацияны  құрған  компьютер  жайында  емес,  сіз 

Power Point презентациясын көрсетіп жатқан компьютер жайында айтылып тұр. 

Егер сіз презентацияның қай компьютерде көрсетілетінін алдын ала білмесеңіз 

(мысалы, презентацияны электронды поштамен жіберетін болсаңыз), - демек сіз 

сәтсіздікке ұшырадыңыз. 

Prezi  суреттермен  өте  тиянақты  жұмыс  жасайды.  Прези-да  суреттің 

өлшемін экранға қажетті етіп баптайтын  функциясы бар. Егер жүктелген сурет 

өлшемі  өте  үлкен  болса,  анимацияны  баяулатпау  мақсатында  Prezi  сурет 

өлшемін  кішірейтуді    ұсынады.  Prezi  технологиясы  әр  қажет  болған  жағдайда   

суреттерді мұқяит «қысады». 

PowerPoint  бағдарламасында  бейнежазба  қою  –  оңай  жұмыс  емес.      Тіпті 

егер  бейне  жазбаның    кодтау  пішімін  сәйкестендірсе  де  -    қуануға  тым  ерте! 

Презентация  көрсетілетін  компьютерде    басқа  параметрлер  және  басқа  да 

кодтар болуы мүмкін. Бұл жағдайда бейне жазба іске қосылмайды. 

Prezi  –  тек  файлдар  үшін  ғана  емес,  сондай-ақ  бейне  жазбалар    үшін  де 

толыққанды  «өзі  өзіне  плеер».  Prezi  бағдарламасында  құрастырылған 

презентацияда  бейнежазбаны  YouTube  желісінен  немесе  компьютерден  қоюға 

болады (сурет 3).  


456 

 

 



Сурет 3.Prezi презентациясына бейнежазба кірістіру 

 

Егер  бейне  жазба  құрастырылған  компьютерде  көрсетілсе,  басқа  да 



компьютерлерде де көрсетілетініне сенімді болыңыз! 

Болашақта  осы  бағдарламаны  белсенді  қолданып,  өз  жұмыстарыңызда 

қолдануды  жоспарлап көріңіздер. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет