исследования Молодых уЧеных
а. Мухаддас
Қазақстан Республикасындағы
инновациялық инфрақұрылымның ағымдағы
жағдайы және дамыту мүмкіндіктері
ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ
ãîñóäàðñòâåííîå
óïðàâëåíèå è
ãîñóäàðñòâåííàÿ
ñëóæáà
142
143
Сондай-ақ, технологиялық бизнес-инкубаторлардың инновациялық қызмет субъектiлерiне
жұмыстар мен қызметтер ұсыну үшiн тиiстi бiлiктiлiгi бар персоналы, сондай-ақ инновацияларды
құру үшiн жеткiлiктi кеңсе және өндiрiстік үй-жайлары болуға тиiс.
Қазақстандағы технологиялық бизнес-инкубаторларды дамытудың экономикалық тетіктері
ретінде мыналарды көрсетуге болады:
- отандық технологиялық бизнес-инкубаторларды шын мәнінде инновациялық бизнесті
дамыту орталықтарына айналдыруға ықпал ететін озық тәжірибелерді анықтау және олардың
қызметтеріне енгізу;
- технологиялық бизнес-инкубаторларға жаңа идеяларды тартуды ынталандырудың
экономикалық тетіктерін анықтау;
- технологиялық бизнес-инкубаторларда идеясы бар талантты адамдардың ақыл-ой
жетістіктерін тәжірибеден өткізіп, оны қолданысқа дейін жеткізуге мүмкіндіктер жасау және т.б.
Бүгінгі күні Қазақстанда өзекті мәселелердің бірі – инновациялық ортаға тез әрі сапалы
бейімделетін мамандардың жеткіліксіздігі болып отыр. Осыған байланысты инвесторға,
өндірушіге және тұтынушыға тартымды ғылыми-техникалық әзірлемелерді дайын
инновациялық өнімге айналдыру үрдісін тек арнайы дайындалған мамандар – инновациялық
менеджерлер ғана жүзеге асыратын болғандықтан.
Қазіргі таңда ғылыми-техникалық идеялар мен әзірлемелер, жоғары технологиялар мен
ұлттық өнім, интеллектуалды және білімді кадрлар әлеуеті – «ұлттың инновациялық қабілеті»
– экономикамыздың тұрақты дамуының кепілі болып табылады. Бұл қазақстандық жоғары
оқу орындарына инновациялық инфрақұрылымға қажетті мамандар даярлау ісіне қойылатын
негізгі міндет болып табылады. Жоғары оқу орындарының инновациялық инфрақұрылымдағы
тиімділігі мен рөлін арттыру үшін бірқатар экономикалық тетіктерді жүзеге асыру қажет.
Елімізде инновациялық даму тұтқасын ұстап отырғандардың бірі – ол даму институттары.
Даму институттары өз тарапынан негiзiнен экономиканың шикiзат емес салаларында iске
асырылатын және жоғары қосылған құнмен дайын өнiмдi алуға бағытталған инновациялық
жобаларды мұқият iрiктеп және қаржыландыра отырып, елдiң индустриялық-инновациялық
дамуының стратегиясын iске асыруға белсендi қосылды.
Институттар арасында ақпаратпен алмасу және ынтымақтастықтың әлсiз реттелген үрдісі,
бiрлескен жұмыста әлсiз мүдделiлiк, функциялардың қайталануы үйлестiрiлмегендiктiң негiзгi
себептерi болып табылады.
Сонымен қатар, даму институттарының қызметiнде несие беру кезiнде шешiм қабылдау
процедурасының күрделiлiгi, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қаржыландыру шарттары
бойынша айтарлықтай жоғары талаптар орын алады. Бұдан басқа, ұзақ мерзiмдi инвестициялық
несие беру нарығының дамымағандығы инвестицияларды құрылымдау мүмкiндiктерiн, әсiресе
iрi инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру кезiнде шектейдi.
Бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға ынталы Қазақстан Республикасы өзінің
инновациялық инфрақұрылымын жасақтап болғанымен, оның қызметі күтілген нәтижелерді
көрсетпей отыр. Сондықтан да, аталған жүйенің ұлттық экономика үшін тиімділігін қамтамасыз
етуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмді дайындау бүгінгі күннің талабы.
Резюме
Инновациялық инфрақұрылымды мемлекет тарапынан құру саясаты бір бөлек, оларға ары
қарай серпін беру отандық бизнес пен ғылымның қолында екені даусыз. Сол себептен осы екі
басым бағыттың өзара ықпалдасуын күшейтуіміз қажет.
ӘдебиеттеР тізіМі
1 Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қорытынды есебі, 2011 ж., Астана.
2 «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 2010. – 29 қаңтар.
3 «Қазақстанның индустриялық-технологиялық дамуы – біздің ортақ болашағымыз үшін»
Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс 12-ші съезінде
жасаған баяндамасы // Егемен Қазақстан, 2009. – 16 мамыр.
4 Отчет о состоянии инновационных процессов в Республике Казахстан, в том числе в реги-
ональном разрезе. – 2011 год, АО «Национальное агентство по технологическому развитию» МИНТ
РК.
5 Организация и деятельность бизнес-инкубаторов и технологических парков: методические
рекомендации. – Алматы: КАБИЦ, 2002. – 124 б.
Редакцияға мақаланың келіп түскен күні 2012 жылдың 20 қазаны
удк 342.25
а. М. айманакумов,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
басқару академиясының магистранты
МеМлекеттік жеРгілікті басҚаРу жүЙесін
жетілдіРудің бағыттаРы
аңдатпа
Қазіргі уақытта Қазақстанда жергілікті мемлекеттік басқару жұмысының тиімділігін арттыру мәселесі
күн тәртібінде тұр. Мақалада осы саладағы нормативтік-құқықтық актілерге шолу жасала отырып,
кемшіліктер мен шешімін таппаған мәселелер атап көрсетіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік жергілікті
басқару жүйесін жетілдірудің негізгі жолдары ұсынылады.
Тірек сґздер: мемлекеттік жергілікті басқару, әкімшілік саясат, жаңа аймақтық саясат,
моноқалаларды дамыту.
аннотация
В настоящее время на повестку дня поставлен актуальный вопрос совершенствования
государственного местного управления. В статье на основе анализа существующих нормативных
правовых актов указаны слабые стороны и недостатки, сделаны предложения по их устранению. В
то же время автор предлагает пути и методы по основным направлениям модернизации местного
самоуправления.
Ключевые слова: государственное местное управление, административная политика, новая
региональная политика, развитие моногородов.
Abstract
Now put on the agenda the issue of improving the state of local governance. In the article on the basis of an
analysis of existing normative-legal acts indicated weaknesses and deficiencies, suggestions for addressing
them. At the same time, the author suggests ways and methods on main directions of modernization of local
government
Key words: public local management, administrative policy, the new regional policy, the development of
mono-towns.
Eліміз eгeмeндік алғалы Мeмлeкeт басшысы мeмлeкeттік басқаруды жeтілдіругe аса зoр мән
бeріп oтыр. Тиімді кәсіби Їкімeт құру және мeмлeкeттік басқаруды жeтілдірудің нeгізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының Прeзидeнтінің Қазақстан – 2030 «Барлық қазақстандықтардың
өсіп-өркeндeуі, қауіпсіздігі жәнe әл-ауқатының артуы» атты стратегиясында көрініс тапты [1].
Қазақстан Республикасы Прeзидeнтінің жыл сайынғы жoлдауларында мeмлeкeттік
басқаруды рeфoрмалау, мeмлeкeттік қызмeт дeңгeйін көтeру мeн көрсeтілeтін мeмлeкeттік
қызмeт сапасын жoғарылату туралы мәсeлe қoйылып келеді. Oсы үдерістегі басты ұстаным
рeтіндe ашықтық, кәсібилік танылған.
1999 жылы қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
мемлекеттік қызметтің кәсіби және тиімді жүйесін және бірыңғай кадр саясатын қалыптастыруға
бағытталған, өзекті қажеттіктерге сай келетін жаңа тәсілді айқындап берді [2].
Сoған қарамастан кeйбір мeмлeкeттік oргандардың қызмeтіндe, мeмлeкeттік басқарудың
әртүрлі дeңгeйлeріндe функциялардың қайталануы oрын алды. Бұл мәсeлeлeрді шeшу үшін,
Мeмлeкeт басшысының тапсырысы бoйынша, мeмлeкeттік басқару дeңгeйлeрінің арасындағы
өкілeттіктeрді шeктeу мәсeлeлeрін шeшугe нeгіздeлгeн Мeмлeкeттік кoмиссия құрылды. Oл
мeмлeкeттік басқару жүйeсінe функциoналдық талдау жасады жәнe дамудың жаңа дeңгeйін
исследования Молодых уЧеных
а. М. айманакумов
Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін
жетілдірудің бағыттары
ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ
ãîñóäàðñòâåííîå
óïðàâëåíèå è
ãîñóäàðñòâåííàÿ
ñëóæáà
144
145
ұсынды. Мeмлeкeттік басқаруды әкімшілік рeфoрмалау тұжырымдамасы мeн бағдарламалары,
шeтeлдік тәжірибe мeн қазақстандық eрeкшeліккe нeгіздeліп жасалды [3].
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жергілікті мемлекеттік
басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы
органдардың құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттардың
құқықтық жағдайын белгілейді. Бұл заңда Қазақстан Республикасында бірінші рет жергілікті
мемлекеттік басқаруға анықтама берілген [4].
2004 жылғы әкімшілік рeфoрма, тиімді басқарушылық құрылымдарды қалыптастыру
бoйынша нeгізгі бағыттарды ұстанатын іс-шараларды жүзeгe асыруды көздeді:
– біріншідeн, oрталық дeңгeйдeгі мeмлeкeттік басқару құрылымдарын жeтілдіру (ҚР
Прeзидeнтінің 2004 жылдың 29 қыркүйeгіндeгі №1449 Жарлығына сәйкeс: министрліктeргe
– басқару аясына сай кeлeтін, мeмлeкeттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз eтeтін,
стратeгиялық функциялар, ал министрлік құрылымындағы кoмитeттeргe мeмлeкeттік саясатты
іскe асыру функциясы, бақылау жәнe қадағалау функциялары бeрілді);
– eкіншідeн, мeмлeкeттік басқару дeңгeйлeрі арасындағы өкілeттіктeрді шeктeу жәнe жeргілікті
мeмлeкeттік басқару құрылымын рeфoрмалау, мeмлeкeттік басқаруды oрталықсыздандыру
арқылы жeргілікті мeмлeкeттік басқару oргандарына, жалпы мeмлeкeттік саясат шeңбeріндe,
жeргілікті аймақты дамыту мәсeлeлeрін шeшудe eріктілік бeрілді. Рeфoрманың oсы бағытын
құқықтық қамтамасыз eту барысында, 3 кoнституциялық заңға, 122 қoлданыстағы заңнама
актілeрінe өзгeрістeр мeн тoлықтырулар eнгізіліп, 32 заңнама актілeрі күшін жoйды;
– үшіншідeн, мeмлeкeттік басқаруды дeбюрoкратизациялау – әкімшілік рeфoрманың басты
бағыты бoлып табылды жәнe элeктрoнды үкімeтті қалыптастыру мeн «бір тeрeзe» принципін
тиімді eнгізу, шаруашылық субъeктілeрін тіркeу тәртібін жeңілдeту бoйынша шаралар кeшeні
ұсынылды;
– төртіншідeн, мeмлeкeттік басқару жүйeсіндe кeң ауқымды рeфoрма жүргізу үшін алдыға
қoйған міндeттeргe жeткізeтін жoғары білікті мамандардың қажeттілігі басым бoлғандықтан,
мeмлeкeттік қызмeтті жeтілдіру, ұлттық жәнe шeтeлдік oқу oрындарында мeмлeкeттік
қызмeтшілeрді дайындау, қайта даярлау жәнe біліктілігін арттыруға eрeкшe көңіл бөлінді [5].
Жoғарыда аталған іс-шараларға қарамастан, мeмлeкeттік басқару жүйeсіндe кeлeсі
мәсeлeлeр: мeмлeкeттік oргандардағы ашықтықтың бoлмауы; мeмлeкeттік oргандардың
қызмeтіндeгі қайталанудың oрын алуы; стратeгиялық, экoнoмикалық жәнe бюджeттік
жoспарлаудың арасындағы өзара байланыстың жeткіліксіздігі; бағдарламалық құжаттардың
санының өсуі жәнe сыбайлас жeмқoрлық мәсeлeлeрі өздeрінің шeшуін табуды қажeт eтті.
2007 жылдың 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Прeзидeнтінің «Қазақстан
Рeспубликасындағы мeмлeкeттік басқаруды жаңашаландыру бoйынша шаралар туралы»
Жарлығы жoғарыда көрсeтілгeн мәсeлeлeрді шeшугe бағытталған жәнe oнда мeмлeкeттік
басқару жүйeсін рeфoрмалаудың нeгізгі қағидалары көзделген: кeзeңдeрдің кeзeктілігі жәнe
бірізділігі; транспарeнттік; қабылданған шeшімдeрді тұрақты мoнитoрингтeн өткізу; барлық
мeмлeкeттік oргандардың өзара әрeкeтінің тиімділігі жәнe т.б.
Әкімшілік рeфoрманың жаңа кeзeңіндe мeмлeкeттік басқаруды мoдeрнизациялаудың
нeгізгі бағыттары – мeмлeкeттік қызмeтті рeфoрмалауға; мeмлeкeттік жoспарлауды
жeтілдіругe; нәтижeгe нeгіздeлгeн бюджeттeндіру; мeмлeкeттік қызмeттің сапасын арттыру;
экoнoмиканың мeмлeкeттік сeктoрын жeтілдіру жәнe oларды тиімді басқару; мeмлeкeттік
oргандардың қызмeт нәтижeсін бағалау жәнe мoнитoрингкe eрeкшe мән бeрілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №119 Жарлығымен
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы» бекітілді.
Осылайша, «Қазақстан – 2030» Стратегиясының ережелері негізге алына отырып
тұжырымдама:
- мемлекеттік қызмет жүйесіндегі тиімді кадр саясаты және адами капиталды басқару
жүйесі;
- мемлекеттік қызметтер көрсетудің жоғары сапасы және мемлекеттік органдар қызметінің
тиімділігі;
- мемлекеттік қызметшілердің оң имиджі және мінез-құлық этикасы мемлекеттік қызметтің
жаңа моделін қалыптастырудың үш тұғырлы мақсатын қамтиды [6].
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық
өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» және 2011 жылғы «Болашақты бірге қалаймыз!»
атты Қазақстан халқына арнаған жолдауларында Їкімет пен облыс әкімдеріне аймақты
дамытудың жаңа кешенді Бағдарламасын жасақтауды тапсырды. Бұл аймақтық экономиканы
диверсификациялау мен модернизациялау, халықты жеткілікті қоныстандыру, өндірістік және
әлеуметтік инфрақұрылымдық объектілерді тиімді орналастыруға бағытталған.
Қазақстанның жаңа аймақтық саясаты экономикалық даму орталықтарын құру және «2020 –
Стратегиясы» мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында
жоспарланған объектілерді іске асыруға бағытталған. Бұл стратегиялық міндеттерді іске
асырудың маңызды рөлі жергілікті мемлекеттік басқару органдары: әкімдіктер, мәслихаттар
және өзін-өзі басқару органдарына жүктеледі [7].
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 «Елді аумақтық-
кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы туралы» Жарлығы қабылданған
болатын. Бағдарламаның мақсаты – елдің әрбір өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін
дамыту және тиімді пайдалану негізінде халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін
жағдайлар жасау болып табылады [8].
Басқару жүйесін жетілдірудегі басты міндет – кейбір өңірлердің әлеуметтік-экономикалық
дамуындағы тенденцияларды ескеру. Мұндай тенденциялар депрессиялық өңірлермен қатар
шағын қалалар мәселелеріне байланысты.
Экономикалық жағынан белсенді, табиғи ресурстарға бай өңірлердегі әлеуметтік
шиеліністердің жергілікті билік деңгейінде шешімін таба алмауы жергілікті басқару жүйесін
жетілдіруді және орталық-жергілікті билік органдары функцияларының нақты анықтауды қажет
етеді. Ірі кәсіпорынды немесе бір саланы тірек еткен шағын қалалардың дамуы – өз алдына
бөлек мәселе. Мысалы, Жаңаөзендегі жағдай бір салалы шағын қалалардың әлеуметтік
қатерге жақын екенін көрсетті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан
халқына арналған Жолдауында Їкіметке бір салалы шағын қалаларды және елді мекендер
шоғырын (агломерация) дамыту туралы арнайы бағдарлама жасауды және Жергілікті өзін-өзі
басқаруды одан әрі дамыту концепциясын дайындауды тапсырған болатын [9].
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Їкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы
«Моноқалаларды дамытудың 2012–2020 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №683
Қаулысы қабылданды. Бағдарламаның мақсаты – моноқалаларды орта және ұзақ мерзімді
перспективада орнықты әлеуметтік-экономикалық дамыту болып табылады.
Бағдарламада қалалардың экономикасындағы әрбір нақты бағытты әртараптандыру,
әлеуметтік саланы дамыту ескерілген. Сонымен қатар, жергілікті шағын және орта бизнеске
қолдау көрсету шараларын қаперде ұстау, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіріп, барша
жергілікті даму мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту аса маңызды [10].
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік жергілікті басқару органдар жұмысының тиімділігін
арттыру мәселесі тұр. Сондықтан да мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін жетілдірудің
мынадай жолдарын ұсынуға
болады:
- мәслихат аппараты жұмысының, әкім аппараты қызметінің тиімділігін және нәтижелілігін
арттыру;
- мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекетін жетілдіру арқылы
мемлекеттілікті нығайту;
- өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясаттың
тиімділігін кеңейту;
- мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігін арттыру;
- өңдеуші салалардың дамуын қамтамасыз ететін қаланың бәсекеге қабілетті экономикасын
дамыту;
- инновациялық кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау.
ӘдебиеттеР тізіМі
1 «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркeндeуі, қауіпсіздігі жәнe әл-ауқатының артуы
«Қазақстан – 2030 Стратегиясы».
2 «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi №453
Заңы.
3 Баймағамбетов С.З. Местное государственное управление и самоуправление. – Астана,
2011.
4 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» туралы Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы.
исследования Молодых уЧеных
а. М. айманакумов
Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін
жетілдірудің бағыттары
ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ
ãîñóäàðñòâåííîå
óïðàâëåíèå è
ãîñóäàðñòâåííàÿ
ñëóæáà
146
147
5 Нұрышева Т. С. Мемлекеттік басқарудың теориясы және практикасы. – Астана, 2011.
6 Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №119 «Қазақстан
Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы» Жарлығы.
7 Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 «Қазақстан
Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Жарлығы.
8 Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 «Елді аумақтық-
кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы туралы» Жарлығы.
9 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауы.
10 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы «Моноқалаларды дамытудың
2012–2020 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №683 Қаулысы.
ҚосыМШа деРеккөздеР:
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995.
2 Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. – Алматы, 2008.-
481 б.
3 Атаманчук Г. В. Теория государственного управления: Учебник. – М.: Омега-Л, 2010. – 525 с.
4 Бурлаков Л. Н. Модернизация системы регионального и местного самоуправления в
Казахстане. – Астана, 2006.
5 Фeдoтoва З. Л. Рeфoрма систeмы гoсударствeннoгo управлeния в Рeспубликe Казахстан:
пoстeпeннoсть и пoслeдoватeльнoсть этапoв// Гoсударствeннoe управлeниe и гoсударствeнная
служба. № 4/2010, с. 13–17.
6 Европейская Хартия о местном самоуправлении. – Страсбург, 1985.
Дата поступления статьи в редакцию 20 октября 2012 года
удк 349.3
к. т. ескараева,
магистрант Института управления Академии
государственного управления
при Президенте Республики Казахстан
ЭФФективное упРавление пенсионныМи активаМи
аннотация
Статья посвящена вопросам совершенствования накопительной пенсионной системы Республики
Казахстан. Раскрывается вопросы управления пенсионными активами пенсионных фондов через
финансирование инфраструктурных проектов, выпуска муниципальных облигаций. Сделан вывод о
том, что пенсионные накопления граждан могут быть эффективным стимулом для роста экономики и
приносить высокий инвестиционный доход, вложив их в перспективные отрасли экономики.
Ключевые слова: пенсионная система, пенсионные накопления, накопительные пенсионные
фонды, финансовые инструменты, управление.
аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселелері
зерттелген. Инфрақұрылымдық жобаларды
қаржыландыру, муниципалдық облигацияларды шығару
арқылы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін басқару проблемасы анықталған. Азаматтардың
зейнетақы жинақтары
экономиканың өсуіне тиімді ынталылық болу мүмкін және экономиканың келешегі
бар салаларға қаржы салу арқылы жоғары инвестициялық табыс алу қорытынды жасалған.
Тірек сґздер: зейнетақы жүйесі, зейнетақы қорланымы, жинақтаушы зейнетақы қорлары, қаржы
құралдары, басқару.
Abstract
The article is devoted to the improvement of the funded pension system of the Republic of Kazakhstan.
Presents issues of pension assets of pension funds by financing infrastructure projects, issuance of municipal
bonds. The conclusion is that pension funds can be an effective stimulus for economic growth and generate
higher investment income, invest in promising industries.
Key words: the pension system, pension accumulation, accumulative pension funds financial instruments,
management.
Пенсионная система Казахстана является одним из основных направлений развития
социальной политики государства и элементом социального обеспечения населения.
Структура и функционирование пенсионной системы во многом определяют устойчивость и
динамику экономического и социального развития страны. Поэтому проведение реформы в
сфере пенсионного обеспечения занимает важное место в социальной ориентации общества
в условиях рыночной экономики.
О необходимости совершенствования пенсионной системы было заявлено в ежегодном
Послании Президента народу Казахстана (январь, 2012г.). Правительству совместно с
Национальным банком РК была поставлена задача по дальнейшему совершенствованию
накопительной пенсионной системы страны [1]. Основная стратегия совершенствования
пенсионного сектора состоит в том, чтобы грамотно и эффективно управлять пенсионными
средствами НПФ для того, чтобы выполнить все обязательства перед пенсионерами.
Необходимо обеспечить регулирование, контроль и прозрачность пенсионных фондов и всей
пенсионной системы страны.
Во всех ведущих развитых странах активы пенсионных фондов являются важной
составляющей инвестиционных ресурсов – это потоки рабочего капитала. Поскольку
пенсионные фонды приобретают ценные бумаги (в основном облигации и акции) с целью
долговременного инвестирования, они редко участвуют в биржевой спекулятивной игре.
Пенсионные активы пенсионных фондов являются своеобразным стабилизатором финансовой
системы страны.
Кроме того, необходимо повысить эффективность управления пенсионными активами
путем расширения перечня финансовых инструментов на рынке для размещения пенсионных
активов накопительных пенсионных фондов и получения стабильной доходности. В структуре
инвестиционного портфеля накопительных пенсионных фондов основную долю занимают
государственные ценные бумаги РК и корпоративные ценные бумаги эмитентов РК. Также
доступными финансовыми инструментами для вложения пенсионных активов фондов
являются облигации местных исполнительных органов, долговые ценные бумаги АО «ФНБ
«Самрук-Казына», вклады в банках второго уровня Республики Казахстан, долговые ценные
бумаги международных финансовых организаций и иностранных эмитентов. В структуре
инвестиционного портфеля отечественных пенсионных фондов доля акций и облигаций
иностранных эмитентов невелика.
Необходимо отметить, что с 1 января 2012 года в Законе о пенсионном обеспечении
вводится норма о гарантированности государством обязательных пенсионных взносов в
НПФ в размере фактически внесенных обязательных пенсионных взносов с учетом уровня
инфляции [2].
В настоящее время наблюдается значительное снижение инвестиционного дохода
пенсионных фондов. Уровень доходности НПФ ниже уровня инфляции. В настоящее время
пенсионная система страны не может уберечь пенсионные накопления от обесценения
инфляцией. Показатель номинальной доходности (К2) всех пенсионных фондов страны за
период декабрь 2010 года по декабрь 2011 года составил 2,59%, тогда как уровень инфляции на
конец периода составила 7,4%, а среднегодовая – 8,3% [3]. Пенсионные фонды как основные
игроки на финансовом рынке тесно связаны с экономическими процессами. Все колебания,
процессы спада и роста экономики неизбежно отражаются на пенсионных накоплениях
граждан. Поэтому основной задачей всех пенсионных фондов является обеспечение
финансовой стабильности и получение реального дохода.
На сегодняшний день совокупный объем пенсионных активов составили свыше 3 трлн. тенге
[4]. Пенсионные накопления граждан могут быть эффективным стимулом для роста экономики
и приносить высокий инвестиционный доход, вложив их в перспективные отрасли экономики,
обеспечив развитие промышленности, создание новых рабочих мест. Что касается наиболее
Достарыңызбен бөлісу: |