исследования Молодых уЧеных
н. н. төлегенов
Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету
орталықтарының қызметін жетілдіру саясаты
ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ
ãîñóäàðñòâåííîå
óïðàâëåíèå è
ãîñóäàðñòâåííàÿ
ñëóæáà
136
137
туындайтын даулы мәселелерге дер кезінде араласуға, сыбайлас жемқорлық көріністерді
қадағалауға мүмкіндік жасайды.
Бұдан басқа, Ситуациялық орталық жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың
басшылықтарымен азаматтарды қабылдауға, ведомстволық бағынысты мекемелермен
кеңестер және видео конференциялар өткізуге, халықаралық ұйымдармен және серіктестермен
бірлескен қашықтан оқуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мобильді ХЌКО
Қалың бұқара топтарға, соның ішінде шалғай орналасқан елді-мекен тұрғындарына
мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі Елбасының алға
қойған міндеттерін орындау шеңберінде, Жамбыл облысының Мерке ауданында, Павлодар
облысының Екібастұз ауданында және Атырау облысының Жылыой ауданында пилоттық
режимде Мобильді ХҚКО іске қосылды.
Мобильді ХҚКО мемлекеттік қызметтерді толыққанды көрсету үшін ноутбуктер, принтерлер,
арнайы фотоаппараттармен жабдықталған NIVA L маркалы 13 автокөлікті сатып алу үшін
бюджеттен қосымша 38 млн. теңге бөлінді.
Бұл жаћандану үдерісі мен техника және технологиялар қарқынды даму уақытында қазақ
елінің көштен қалмай, дамыған елдермен терезесі тең болу үшін жасалынып жатқан шаралар.
Оның үстіне артық қағазбастылық пен әуре-сарсаң, бюрократиялық кедергілер мен сыбайлас
жемқорлыққа қарсы бағыттал ған ең тиімді жұмыс.
Бұл бағытта қазіргі таңда кеңінен жүргізіліп келе жатқан «Электрондық үкімет» қызметін атап
айтуға болады. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар қоғам өміріне етене араласып
жатқан бүгінгі заман ағымы халыққа қызмет көрсету саласының ертеңгі дамуы «Электрондық
үкімет» қызметіне тікелей байланысты екенін айғақтап келеді. Өйткені жең ұшынан жалғасқан
жемқорлықтың түрлі кесірін тартып отырған әлемнің дамыған елдері «бәленің бәрі» бір-біріне
күні түскен адамдардың мүддесінен туатынын әлдеқашан мойындаған.
Жүзбе-жүз тікелей байланысқа түспей, интернет арқылы қашықтан қызмет көрсететін
электрондық үкімет жобасының халыққа қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлықтың
алдын алатын әрі қызмет көрсетуді мейлінше шапшаңдататын бірден-бір амал ретінде
қабылдануы да содан. Сондықтан, өркениет көшінен қалмауға талпынған жас қазақ
мемлекетінің де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар игілігін ел пайдасына жарату
үшін «Электрондық үкімет» жобасын қолға алғаны мәлім.
Їкімет жұмысындағы ашықтықты арттыру, жеке және қоғамдық маңызы бар мемлекеттік
ашық ақпараттарды алуға азаматтардың құқығын жүзеге асыру, мемлекеттік органдар мен
мекемелердің қызметіне қоғамдық қадағалаудың қажетті деңгейі мен азаматтық қоғам
бостандығын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтық қоғам институты мен демократияны
қалыптастыру – «Электрондық үкімет» веб-порталын құрудағы Їкіметтің көздеген басты
мақсаты. Бұл қағидаттарды жүзеге асыру бағытында ҚР Їкіметі тарапынан бірқатар маңызды
шаралар жасалды. Алғашқы қадам ретінде, 1998 жылы Қазақстан Республикасында ақпараттық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты бағыттары бойынша қызметтер мен ұлттық ақпараттық
инфрақұрылымды құру және дамыту жөніндегі жұмыстарға координация жасайтын Комиссия
құрылды.
Соңғы бірер жылда әлемді дүрліктірген дағдарыс біраз елдің жоспарын күйретіп, біразының
мақсатынан түзетулер енгізгені, содан болып, көп елдің кейбір шаруаларын кейінге ысырып
қойғаны да аян. Алайда дағдарысты еңсеруге байланысты шаруасы шаш етектен екеніне
қарамастан, Қазақстанның атқарушы билігі электрондық үкімет жобасын жүзеге асыру ісін
кейінге қалдырған жоқ. Қайта жіті назарда ұстап, Їкімет басшысының өзі айрықша көңіл бөліп
отыр.
Осындай үнемі қаперде ұстап, тиісінше көңіл бөлудің нәтижесі болар, «Электрондық үкімет»
жобасы нақты шындыққа айналып, қызмет көрсету ауқымы да біртіндеп ұлғайып келеді.
Қазір бұл бағыттағы жұмыстар алғашқы ақпараттық сатыдан өтіп, екінші, яғни мемлекеттік
қызметшілердің жауап қайтару әрекеттерін қарастыратын, түрлі анықтамалық құжаттар беруді
жүзеге асырып жатқан – интерактивтік сатыдан, транзакциялық сатыға өту кезеңінде тұрмыз.
Сөзіміз құрғақ болмас үшін, сарапшылардың пікірін де келтіруге болады. Мысалы, EPAM
Systems компаниясының вице-президенті Анатолий Гавердовскийдің пікірінше, «электрондық
үкімет» бүгінгі күні посткеңестік кеңістіктегі үкіметтің жалғыз бірегей ұйымы. Ол: «Портал
халыққа биліктің барлық мемлекеттік және муниципалдық органдарымен бірлесіп әрекет етуге
мүмкіндік береді. Менің ойымша бұл бүгінгі күні Ресейге жетіспей отырған құрал. Жобада «бір
терезе қағидаты» жүзеге асырылған. Бұған дейін қандай да бір біріктірілген анықтамаларды
алу үшін түрлі мекемелердің табалдырығын тоздыруға тура келетін болса, бүгінде біз бұл
жүйелердің барлығын біріктірдік. Электронды қызметтерге заңды күш беретін механизмдер
әзірленіп, қызметтердің ауқымы барынша кеңейтілді. Енді Қазақстан Республикасының
азаматы интернет арқылы принтерден басып шығарған кез келген анықтаманың барлық
мемлекеттік органда толық заңды күші бар», – деп отыр.
Ал үшінші саты – транзакциялық кезеңде пайдаланушының тұлғасын қуаттауды қажет
ететін, электрондық портал арқылы қаржылық және заңнамалық операцияларды жүзеге
асыру мүмкіндіктері қарастырылған. 2009 жылдың желтоқсан айында «Бірыңғай нотариалды
ақпараттық жүйе «е-нотариат» жобасының Астана қаласы бойынша пилоттық өндірістік
пайдаланылуға қосылды, оның мақсаты нотариалды іс-әрекеттер туралы есептің уақтылы және
нақтылы болуын және нотариустардың тиімді жұмыстарын олардың ҚР Әділет министрлігімен,
республикалық және өңірлік нотариалды палаталармен өзара іс-қимылдарын қамтамасыз
ету. Өз кезегінде халыққа сапалы, құқықты нотариалды қызметтер ұсынылады. Бірыңғай
нотариалды ақпараттық жүйені республиканың барлық өңірлеріне енгізу 2010–2012 жылдарға
жоспарлануда.
Жоғарыда баяндалғаннан еліміздегі электрондық үкіметтің қарқынды дамуын көреміз.
2010 жылы Қазақастан Республикасындағы электрондық үкіметтің дамуына Біріккен Ұлттар
Ұйымымен жоғары баға берілді. БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік даму департаментімен
дайындалған, электрондық үкіметке жахандық дайындық рейтингісінің жыл сайынғы
деректеріне сәйкес, Қазақстан соңғы жыл ішінде әлемдік рейтінгідегі 81 орыннан Ресейді (59
орында), Беларуссияны (64 орында) және Украинаны (54 орында) артта қалдырып қарқынды
түрде 46 орынға көтерілгендігі айғақ.
Елімізде е-үкіметтің қызметтерін пайдаланушылардың (заңды және жеке тұлғалар) 70
мыңға жуық саны тіркелген.
Азаматтардың мемлекеттік электрондық жобаларға қатысуы «электрондық қатысу»
(e-participation) көрсеткіштері бойынша жіктеуіште Қазақстан елі 2008 жылғы көрсеткіштермен
салыстырғанда (106 орыннан) 18 орынға көтерілген.
Резюме
Қорыта келгенде айтарымыз, жоғарыда аталған барлық іс-шаралар мен қызметтер бұл
мемлекеттің қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жасалып отырған дүниелер. ХҚКО
беделін арттыру мен сапасын жақсарту мәселесі – Їкіметтің күнделікті күн тәртібінде тұрған
мәселе екендігі баршамызға мәлім. Күннен-күнге дамып келе жатқан Қазақстан бұл салада
әлемдегі азулы елдердің қатарынан көрінетініне сеніміміз мол. Сол бағытта бізде бар күш-
жігерімізді аямай тер төгуге қашан да дайын болуымыз керек.
ӘдебиеттеР тізіМі
1 Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары
2 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі А. Жұмағалиевтің Үкімет
отырысындағы жасаған баяндамасы, 2012ж.
3 www.mtk.gov.kz интернет сайты
4 Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің ертеңі – «Электрондық үкіметтің» аяқ алысы
қалай? Қазақпарат, Астана, 30 қазан, 2010ж.
Редакцияға мақалалардың келіп түскен күні 2012 жылдың 20 қазаны
исследования Молодых уЧеных
н. н. төлегенов
Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету
орталықтарының қызметін жетілдіру саясаты
ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ
ãîñóäàðñòâåííîå
óïðàâëåíèå è
ãîñóäàðñòâåííàÿ
ñëóæáà
138
139
удк 330.3
а. Мухаддас,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясының
1-курс магистранты
ҚазаҚстан Республикасындағы
инноваЦиялыҚ инФРаҚҰРылыМның ағыМдағы
жағдаЙы жӘне даМыту МүМкіндіктеРі
аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы инновациялық инфрақұрылымның ағымдағы жағдайы
және бұл саланы ары қарай дамыту мүмкіндіктері қарастырылған. Бүгінгі таңдағы инновациялық даму
жолындағы күрделі мәселелер мен оны шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар мемлекет, шағын
және орта бизнес және даму институттарының арасындағы инновациялық даму бойынша байланыстар
мен жүктелген міндеттері көрсетілген.
Тірек сґздер: инновация, инфрақұрылым, шағын және орта бизнес, даму институттары.
аннотация
В данной статье рассматриваются вопросы о текущем состоянии инновационной инфраструктуры
Республики Казахстан. Даны рекомендации по дальнейшему развитию и совершенствованию
инновационной инфраструктуры в стране. Кроме того, рассмотрены взаимодействия государства,
бизнеса и институтов развития в развитии инновационной системы Казахстана. Проанализированы
основные инструменты развития инновационной системы и предложены обоснованные рекомендации
по развитию инновационной инфраструктуры.
Ключевые слова: инновация, инфраструктура, бизнес и институты развития, инновационные
системы.
Abstract
The article discusses the issues about current innovation infrastructure situation in the Republic of
Kazakhstan. Also, the some recommendations are given for further development and improvement of the
innovation infrastructure in our country. Moreover, the article studies the interactions between government,
business and development institutions in developing the innovation system of Kazakhstan. Futhermore, the
article analyzeds the development of innovation system development and proposed some recommendations
for the development of innovation infrastructure.
Key words: innovation, infrastructure, business and development, innovation system.
Индустриалды-инновациялық экономиканың басты ерекшелігі – ғылыми сыйымды,
технологиялық өңделу деңгейі жоғары өнімдерді шығаруға икемді өндірістік және инновациялық
инфрақұрылымның болуы.
Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасында аталған бағыттарда көптеген
жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы елдің инновациялық-
индустриялық дамуын қалыптастыру және экономиканың нақты, түпкі өнім өндіру секторын
өркендету әрі әртараптандыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялық-
инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы», 2005 жылы «Қазақстан
Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015
жылдарға арналған бағдарламасы», ел экономикасының инновациялық белсенділігін көтеру
мақсатында 2006 жылы ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы
қабылданды. Осылардың негізінде 2003 жылдан бастап отандық инновациялық әзірлемелерді
қолдау мен оны өндіріске ендіруге, сонымен бірге Қазақстан Республикасын болашағы зор
шетелдік технологияларды трансферттеу алаңы ретінде дамытуға бағытталған инфрақұрылым
жүйесін құру үрдісі басталып кетті [1].
Индустриялық-инновациялық дамуды қалыптастыру аясында мемлекет тарапынан
жүргізіліп жатқан саясаттың алғашқы нәтижелері де көрініс бере бастады. Мәселен, еліміздің
индустриялық-инновациялық стратегиясының алғашқы кезеңі аяқталып (2003-2007 ж.ж.),
нәтижесінде даму институттары және инновациялық инфрақұрылым элементтері, яғни,
инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті алғышарттар қалыптасты.
Дегенмен, елімізде қазіргі қалыптасқан инновациялық инфрақұрылым оның субъектілерінің
өзара байланысқан түрде үйлесімді жұмыс жасауына және ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізушілерге кешенді қызмет көрсететін ұйым ретінде қалыптасуына жеткілікті деңгейде
ықпал ете алмай отыр. Оның негізгі себептері ретінде мыналарды көрсетуге болады:
инновациялық инфрақұрылым элементтерінің жұмысындағы тәжірибенің аздығы;
инновациялық әлеуеті бар аймақтардың географиялық алшақтығы мен еліміздегі өңірлер мен
өнеркәсіп салаларының біркелкі дамымауы; жеке сипаттағы инновациялық белсенділіктің
тым төмендігі және өнім өндіру салаларына қарағанда қызмет көрсету салаларында
табыстылықтың жоғары болуы; жеке кәсіпкерлердің ғылыми-техникалық зерттеулермен
байланысты жұмыстарды жүргізуден қашқақтауы; инновацияға бейімді салалар туралы
ақпараттың аздығы. Ресми деректер бойынша ҚР-да 2008 жылы ЖІӨ-нің 0,22% ғана
ғылыми-техникалық зерттеулер саласына жұмсалынып, жан басына шаққанда бар-жоғы
14 АҚШ долларын құраған, сәйкесінше АҚШ-та бұл көрсеткіш 858, Жапонияда – 747,
Германияда – 536, Францияда – 480, Ресейде 64 АҚШ долларына тең.
Міне мұның барлығы да отандық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың тиімді
тетіктерін қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені, тек дамыған инновациялық инфрақұрылымы
қалыптасқан ел ғана инновациялық ортаның толыққанды қатысушысы бола алады[1]. Бұған
қоса, инновациялық әлеуеті дамыған елдер болашақтың бағдарын елдегі табиғи ресурстарға
қарап емес, адам капиталының, оның интеллектуалдық қуатының шамасына, инновациялық
өнім, қызмет, сапалы жұмыс жасай алатын өнеркәсіптік, өндірістік инфрақұрылымның
мүмкіндіктеріне, ғылыми-зерттеу, ғылыми-ізденушілік орталықтарының шамасына қарап
айқындайды.
Бәсекелік ортада ұлттық экономиканың қуатты болуын қамтамасыз ету еліміздің негізгі
ұстанымдарының біріне жатады. Сондай-ақ, «болашақтың экономикасы» нәтижелі де тиімді
қызмет ететін ұлттық инновациялық жүйеге негізделуі тиіс. Индустриалық-инновациялық
даму – еліміздің жаңа онжылдықтағы өркендеуінің өзегі бола бермек» деген ой айтса [2],
«Нұр Отан» ХДП XII съезінде сөйлеген сөзінде Президент ел экономикасының дағдарыстан
өтуінің базалық қағидаларын атап көрсетті: «Барлық мемлекеттер өткен ғасырдың басында
индустриялануды бастан өткерді, ал КСРО-да бұл 30-жылдары болып өтті. Бірақ мұндай
индустрияландыру біз үшін жарамсыз, біз әлемдік экономика дамуының қазіргі құрылымымен
сәйкес келетін инновациялық индустрияландыру туралы айтып отырмыз». Осыған орай, 2010
жылы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-
2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды (бұдан әрі – Бағдарлама).
Сонымен қатар, аталған Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы
Їкіметінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, Министрлік «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық
агенттік» АҚ-мен бірлесіп Қазақстан Республикасы Їкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №
1308 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және
технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны
әзірледі.
Їстіміздегі жылдың тамыз айында «Қазақстан Республикасының Инновациялық даму
тұжырымдамасы» қабылданды. Аталған құжаттар еліміздің инновациялық дамуының негізгі
заңнамалық базасын қалыптастырды.
Бүгінгі таңда аталған Бағдарлама бойынша алға қойылған барлық мақсаттар мен міндеттер
жоспарға сай орындалып жатыр. Алайда экономикалық тиімділік жағынан келгенде даму үрдісі
әлі де болса баяу екендігін байқап отырмыз.
Әлемдік дамудың негізгі ерекшеліктердің бірі әрбір бәсекеге қабілетті экономиканы
қалыптастыруға ынталы елдің ұлттық инновациялық жүйесі мен инновациялық
инфрақұрылымының болуы саналады. Алайда, бұл құбылысты қазіргі уақытта туындаған
тың өзгеріс деп қабылдауға болмайды. Өйткені инновациялық инфрақұрылымы қалыптасқан
және нықтап дамыған елдер баршылық. Олардың әлемдік нарықтағы үлесі де қомақты.
Сонда да болса, дамыған елдердің қатарына кіруге талпыныс білдіріп отырған біздің еліміздің
өзінің мүмкіндіктері мен стратегиялық мақсаттарына сай ұлттық инновациялық жүйесі мен
инфрақұрылымы болғаны абзал.
Әлемнің озық тәжірибелері көрсетіп отырғанындай, инновациялық инфрақұрылымсыз
инновациялық қызметтің жүруі мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының индустриялық-
инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту тұжырымдамасында
көрсетілгеніндей, индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды құру кәсіпорындарды,
бірінші кезекте шағын және орта бизнес субъектілерін дамытуды ынталандырудың пәрменді
тетіктерінің біріне жатады. Ол инвестициялардың ағыны, технологиялар трансферті,
исследования Молодых уЧеных
а. Мухаддас
Қазақстан Республикасындағы
инновациялық инфрақұрылымның ағымдағы
жағдайы және дамыту мүмкіндіктері
ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ
ãîñóäàðñòâåííîå
óïðàâëåíèå è
ãîñóäàðñòâåííàÿ
ñëóæáà
140
141
басқару дағдыларын жетілдіру үшін «терезе» болып табылады. Арнайы экономикалық және
индустриялық аймақтарды құру шеңберінде жеке сектор үшін мемлекет жасайтын жағдай
ұйымдарға инфрақұрылымдық ресурстарды тартуға, өз шығыстарын елеулі қысқартуға, ал
арнайы экономикалық аймақтар жағдайында жеңілдік салықтық жеңілдіктерді пайдалануға
мүмкіндік береді.
Инновациялық инфрақұрылым ұлттық инновациялық жүйенің маңызды бөлігі саналатыны
белгілі. Мәліметтерге көз жіберсек, инновациялық инфрақұрылымды құру кезеңі ұзақ уақытты
алатынын байқаймыз. Мәселен, АҚШ, Германия, Жапония сынды мемлекеттерде бұл кезең
10-15 жылға теңеседі [3].
Негізінен инновациялық инфрақұрылым элементтері XX ғасырдың 50-жылдары белсенді
дами бастады. Бұл кезеңде әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің ұлттық экономикасында
техникалық және технологиялық факторлардың күшеюі байқалды. Бұл үрдіс екі фактормен
түсіндіріледі:
Біріншіден, Батыс Еуропа және Жапония елдерінің әлемдік экономикада жетекші орындарын
ұстап қалу мақсатының нәтижесінде «экономикалық жарылыс» болды. Бұл жағдайда дәл осы
технологиялық көшбасшылыққа жету өз экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттырып,
сыртқы саудада ұтымды артықшылықтарға жетуіне және жоғары табыстар алуларына мүмкіндік
беретіндігі айқындалды.
Екіншіден, бұл кезеңде коммунизм мен капитализмнің бір-біріне бағытталған «салқын
соғыс» нәтижесінде «қару-жарақтар жарысы» басталды. Оның негізіне жаңа ғылыми-
техникалық жаңалықтар жатты, нәтижесінде олар кейіннен «жоғары технологиялар» деп
аталды. Дәл осы жағдай бәсекелес елдердің әскери-өндірістік кешендерде жаңалықтарды тез
меңгеруге итермеледі [4]. Әлемдік тәжірибеге сай инновациялық инфрақұрылымның жетекші
элементтеріне аймақтық ғылыми-өнеркәсіптік кешендер жатады, оларды негізгі екі топқа
бөледі: ғылыми парктер; ірі аймақтық агломерациялар.
Инфрақұрылымның маңызды элементі ғылыми парктердің дамуы нәтижесінде ірі аймақтық
агломерациялар пайда болды. Ғылыми парктердің келесі түрлерін ажыратады: технопарктер;
зерттеу парктері; инкубаторлар;
- технополистер. Қазақстандағы технопарктердің қызметінің құрылымы аралас моделге сай
келтірілген. Оның негізгі ерекшеліктері:
- жалпы саны оннан астам кәсіпорындар орналасуға мүмкіндік беретін құрылыс үйлерінің
болуы (ол ұжымдық қызмет көрсету жүйесінің барлық артықшылықтарын пайдаланатын жаңа
шағын және орта инновациялық кәсіпорындардың санының көбеюіне алып келеді);
- кәсіпорындарға қызмет көрсетудің қарапайым түрінен бастап қиын түрлері енетін қызмет
көрсету жүйесінің болуы.
Мысалға, Алматы аймақтық технопаркінің аумағында оннан астам шағын кәсіпорындар
орналасуға мүмкіндік бар. Онда инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті қызметтің
алуан түрлері: банктік, консалтингтік, заңдық және т.б. көрсетіледі.
Бүгінгі күні Қазақстанда қызмет етіп отырған ұлттық технопарктер саны 47-ге жетті. Әлемдік
тәжірибеге сүйенсек, технопарктердің көпшілігі университеттердің жанынан құрылған.
Технопарктердің 48% – университеттердің ішінен, 28% – 5 шақырым қашықтықта, 11% –
20 шақырым қашықтықта орналасқан. Инновациялық әлеуеті жақсы дамыған елдердің
көпшілігінде технопарктер мен университеттер арасындағы қарым-қатынас оқу бағдарламасы,
технологиялармен алмасу, патенттер мен лицензиялар беру секілді механизмдерінің тиімділігі
жоғары болуынан құрылады.
Қазақстандық технопарктердің көпшілігі әлемдегі секілді еліміздің ғылыми мекемелер мен
білікті мамандары бар ірі қалаларында немесе өнеркәсіптік орталықтарында орналасқан.
Технопарктердің 60%-дан астамы еліміздің ірі Алматы, Астана, Қарағанды, Атырау
қалаларында, ал басқалары Орал, Өскемен, Приозерск және Степногорск секілді орта және
шағын қалаларында орналасқан.
Айта кету керек, инновациялық инфрақұрылым элементтерін бюджет қаражаты есебінен
қаржыландырудың тиімсіз екендігі де соңғы кезде аз айтылып жүрген жоқ. Бірқатар
мамандардың пікірінше, инновациялық инфрақұрылымды бюджеттен қаржыландыруды тек
қана мынандай үш жағдайда жүргізуге болады:
1) тиімді жұмыс істеп жатқандарын ары қарай дамыту мақсатында;
2) бастапқы құрылған жағдайда, 1-2 жыл мерзімінде;
3) объективті себептермен өңірлерде табысы жоғары инфрақұрылым элементтерін
қалыптастыруға мүмкіндік болмаған жағдайда.
Қазақстандық технопарктердің көпшілігінің қарамағына жаңадан құрылатын шағын
кәсіпорындар – белгілі бір мерзімге (2 жылдан 5 жылға дейін) жалға алатын бір немесе бірнеше
технологиялық бизнес-инкубаторлар енеді.
Осы уақыт аралығында фирма толығымен жүзеге асырылып, технопарктердің қарамағынан
шығуы тиіс (әлемде технопарктердің 88%-ның өз қарамағында бір немесе бірнеше бизнес-
инкубаторлары бар). Технопарктердің ішіндегі бизнес-инкубаторлардың қызметі инновацияға
қатысты болғандықтан оларды технологиялық бизнес-инкубаторлар деп атайды [5].
Қазақстан Республикасының Їкіметі тарапынан инновациялық инфрақұрылым
элементтеріне қатысты бірқатар артықшылықтар беріледі. Мысалға: «Алатау ақпараттық-
технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында жұмыс жасайтын кәсіпорындар
салықтардан мүлдем босатылған. Жер және мүлік салығы бойынша технопарк қатысушылары
толығымен, ал қызмет көрсету бойынша кәсіпорындары қосылған құн салығынан босатылады.
Сонымен бірге, сырттан алынып келетін тауарларға салынатын кедендік баждардан да
босатылады және даму институттары тарапынан қаржыландырудың жеңілдіктеріне ие
болады.
Ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтерінің ішіндегі технологиялық парктерді
дамытудың экономикалық тетіктері мыналарға иек артуы тиіс:
Біріншіден, мемлекеттік қолдау. Мемлекеттің белсендi рөлi бiрiншi кезекте қолданысқа
жарамды инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшiн, соның ішінде технопарктердің
қызметін жандандыру тетіктерін айқындау үшін қажет. Шетелдiк тәжiрибенi талдау көрсетiп
отырғандай, әлемнiң бiр де бiр елiнде нарық, жеке сектор инновациялық инфрақұрылымды
дербес қалыптастырған жоқ. Барлық елдерде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлетiн арттыру
үшiн мемлекет бұл инфрақұрылымға белсендi қатысушының рөлiн өзiне алуға тура келдi.
Мемлекеттiң белсендi рөлi инфрақұрылымның барлық элементтерiнiң өзара iс-қимылдарын
мемлекеттiк деңгейде үйлестiрудi жүзеге асыруға; дамудың ұлттық, салалық және өңiрлiк
басымдықтарының өзара келiсушiлігін қамтамасыз етуге; ресурстарды басым бағыттарға
шоғырландыруды реттеуге мүмкiндiк бередi.
Мемлекеттiң жеке капиталмен серiктестiгi инновациялық даму үрдісіне жеке сектордың
ресурстарын тарту үшiн қажет. Мемлекет жеке секторды алмастыруы қажет емес, ол
инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту үрдісінде ұйымдастырушы,
катализатор және үйлестiрушi ретiнде ғана көрiнедi, яғни оның басты мақсаты – жеке капиталды
инновациялық үрдістерге белсендi қатысуға тарту болып табылады. Елдегі инновациялық
инфрақұрылымның қалыптасуына қарай оның жұмыс iстеуiндегi және одан әрi дамуындағы
мемлекеттiң рөлi қысқаратын болады.
Екіншіден, еліміздегі технопарктер кезкелген ғылыми өнертабысты, кезкелген
коммерциялық ұтымды әзiрлеменi iске асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл өндiрiс
пен ғылыми зерттеулердiң жаћандану үрдістерінен барынша нәтиже алуға, инновациялық
қызметке елдiң барлық талантты адамдарын тартуға мүмкiндiк бередi.
Үшіншіден, арнайы өндірістік-экономикалық аймақтардың санын ұлғайту және олардағы
артықшылықтар мен жеңілдіктерді тек инновациялық-өндірістік сипаттағы мекемелерге беру.
Бұл тетік жеке капиталдың сауда-саттық саласынан өндірістік салаға тартылуына едәуір
ықпал етуі тиіс.
Төртіншіден, жоғары оқу орындарының жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарын ашуды
және олардың аумақтарында технорпарктерді ұйымдастыруды ынталандыру. Бұл бағыт
бүгінгі күні Қазақстанның білім жүйесіндегі ғылым мен өндірістің арасындағы байланыстың
жандануына ықпал етер еді. Сондай-ақ, ғылымға икемді жас мамандар өз идеяларын сынауға
және жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Қазіргі жоғары оқу жүйесіндегі жаңа өзгеріс болып
табылатын «бакалавриат-магистратура-докторантура» бағытын саннан сапаға өткізуге, яғни
мамандардың теориялық білімдерін тәжірибеде шыңдауға негіз болады.
Бесіншіден, технопарктерді мемлекеттің қоғамдық, өндірістік, әлеуметтік, ғылыми және басқа
да істеріне тығыз араластыру. Яғни, технопарктерге өз әлеуетін елдің барлық салаларында
сынауға және қолданысқа енгізуге мүмкіндік жасау.
Қазақстан
Республикасындағы
инновациялық
инфрақұрылымның
келесі
бір
мамандандырылған маңызды субъектісі – технологиялық бизнес-инкубаторлар. Олар –
инновацияны құру, қорғау құжаттарын алуға өтінімдерді рәсімдеу және инновациялық жобаны
дайындау үшін жеке және заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық және өзге де
қызметтер ұсыну жөніндегі іс-шараны жүзеге асырушы заңды тұлға болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |