Государственного педагогического


С.Н.Қҧрбанқожаның  «Йассауй  тағылымы  -  тәлім-тәрбие    ғибраты»



Pdf көрінісі
бет22/35
Дата07.04.2017
өлшемі2,28 Mb.
#11304
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35

С.Н.Қҧрбанқожаның  «Йассауй  тағылымы  -  тәлім-тәрбие    ғибраты»  атты  монографиясы 
алғы сӛзден, бес бӛлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады [11]. 
Бірінші  бӛлім «Түркілердің Тәңірлік дүниетанымы және оның  болашағы туралы» деп аталып, 
онда түркілердің тіл, дін, жазу, әруақтар туралы, әдет-ғұрып  пен салт-дәстүрлеріндегі  дүниетанымы 
сӛз  болған.  Екінші  бӛлімде  исламдық  дүниетанымға  жаңаша    кӛзқарас,  тӛртінші  бӛлімде  бүгінгі 
таңдағы  ғылыми    дүниетаным  және    бесінші  бӛлімде    ғылыми    сабақтастық    мәселелері  
қарастырылған.  
 Ал  еңбектің  үшінші  «Қожа  Ахмет  Йассауй  дүниетанымы»  атты  бӛлімінің  «Йассауй 
еңбектеріндегі  этнопедагогика  мәселелері»  тарауында  Қожа  Ахметтің  «Диуани  хикмет», 
«Мунажатнама»,  «Пақырнама»,  «Кӛңілдің  айнасы»  еңбектеріндегі  педагогикалық,  психологиялық, 
этнопедагогикалық,  этнопсихологиялық  және  дидактикалық    мәселелері  мазмұндалған.  Сонымен 
қатар  Йассауйдің  ӛмірі  желісімен  жазылған    ауызекі  жиналған    хиқаяттар  мен  аңыз    әңгімелердің 
тәлім- тәрбиелік  мәндері ашылып кӛрсетілген. 
«Түркі  халықтарының  этнопедагогикасының  қалыптасуына  Йассауй  еңбектерінің    тигізген 
әсері»  атты  тарауда  Йассауйдің  түркі  әлеміне  тигізген    үш  қызметі:  «Түркішенің  жандануы», 

 
142 
«Исламның түркілер арасында тарауы», «Тура мұсылмандық түсінігі» және оның дүниетанымындағы 
жеті  принципі:  «Алланы  сүю»,  «Ықлас    және  шын    жүректілік»,  «Адам    сүйіспеншілігі»,  «Білім», 
«Асқа  құрмет»,  «Әйел-еркек    жұптылығы»,    «Жақсы    кӛру  (дінге,  тілге,  ұлтқа,  жынысқа  бӛлмеу)» 
тәлім-тәрбиелік  тұрғыдан  баяндалған.  Бӛлімнің  үшінші  тарауында  «Түркі  халықтарының 
этнопедагогикасының  қалыптасуына Йассауй еңбектерінің тигізген әсері» дәрістігінің бағдарламасы, 
оның құрылымы мен мазмұны жасалынған. Бағдарлама алғы сӛзден, бес тараудан тұрады, әр тарауда 
қарастырылатын мәселелер   жеке-жеке мазмұндық  сипатталынған.  Сол бағдарламаға сай қосымша 
оқу  құралының  мазмұндық  сипаттамасы  да  берілген.  Ал  тӛртінші  тарауда  Йассауй  еңбектеріндегі 
этнопедагогикалық мәселелерді халықтық  педагогика дәрісінде ӛтудің  рухани, мағнауи қажеттігі сӛз 
болған.      
Қ.Бӛлеев  пен  Т.Қ.Бӛлеевтің  «Великие  мыслители  Востока  о  воспитании»  атты  оқу 
құралында ортағасыр ойшылдары Қорқыт атаның, әл-Фарабидің, Ибн Синаның, Абу Рудакидің, Омар 
Хайямның,  Д.Румидің,  Ахмет  Ясауидің,  Саадидің,  Джамидің,  Ж.Баласағұнидің,  Наср  Хысраудың, 
Р.Хорезмидің шығармаларына талдау жасалып, олардың педагогикалық идеяларының маңызы, оның 
қазақ халқының тәлім-тәрбие дәстүрлерімен байланысы сипатталған [12]. 
Б.А.Азтаева,  Қ.Бӛлеев,  Т.Қ.Бӛлеевтің  «Педагогические  взгляды  Ибн-Сины»  атты 
әдістемелік  құралында  Ибн-Синаның  ӛмірбаяны,  Ибн-Сина  –  педагог,  болашақ  нәрестенің 
денсаулығын  сақтауға  Ибн-Синаның  кӛзқарасы,  Ибн-Сина  бойынша  адамның  жасерекшелігін 
кезеңдерге бӛлу, кіші жастағы балалардың тәрбиесіне  Ибн-Синаның кӛзқарасы, жас бала тәрбиесіне 
Ибн-Синаның  кейбір  педагогикалық  кӛзқарастары  ересек  және  жасӛспірім  балалардың  тәрбиесіне 
Ибн-Синаның  кӛзқарасы,  дене  және  гигиеналық  тәрбиелерге  Ибн-Синаның  кӛзқарасы  туралы 
баяндалған [13]. 
А.Н.Кӛшербаеваның  «История  педагогической  мысли  в  эпоху  Центрально-Азиатского 
Ренессанса» атты оқулығында ІХ-ХІV ғасырлар аралығындағы педагогикалық ойлардың қалыптасуы 
мен дамуы зерделеніп, Орталық  Азиядағы тәрбие мен білімнің алатын орны ерекшеленген. Оқулық 
тӛрт  тараудан  тұрады.  Оларда  гуманизм  -  Ренессанс  дәуірінің  басты  принципі,  Жүсіп  Баласағұни- 
Шығыс  Ренессанс  дәуірінің  кӛрнекті  тұлғасы,  қазақтың  педагогикалық  ой-пікірлері  тарихындағы 
Жүсіп-Баласағұнидің  гуманистік  бағыттары,  Орта  Азиялық  Ренессанс  ойшылдарының  (Конфуций  - 
әл-Фараби  -  Баласағұни;  әл-Фараби  -  Ибн  Сина  -    Баласағұни;    Баласағұни  -  Омар  Хайям  -  Ахмед 
Яссауи;  Орта  Азия  және  Еуропа  ойшылдары)  гуманистік  кӛзқарастары  салыстармалы-тарихи 
контексте қарастырылған [14]. 
Қ.Бӛлеев  және  М.Шауенованың  «У.Кайқаустың  этнопедагогикалық  мҧрасы»  оқу 
құралының бірінші  «Кайқаустың дүниеге кӛзқарастарының қалыптасуына ықпал  еткен тарихи және 
әлеуметтік-мәдени  жағдайлар»  атты  тарауында  Кайқаус  заманындағы  тарихи,  әлеуметтік-
экономикалық  және  мәдени  ӛмірдің  қысқаша  сипаттамасы  оның  ӛмірі  және  оның 
шығармашылығындағы педагогикалық кӛзқарастарының идеялық бастаулары анықталған. 
«Кайқаустың 
«Қабуснамасындағы 
педагогикалық 
идеялар» 
атты 
екінші 
тарауда 
«Қабуснамадағы» жалпы педагогикалық идеяларға сипаттама, отбасылық, имандылық-адамгершілік, 
салауатты ӛмір салты, ақыл-ой, құқықтық тәрбие, еңбек және кәсіби тәрбиелер туралы, және ізгілікті 
ел билеу ӛнері мен мемлекеттік қызметтерге қатысты ой-пікірлері баяндалған [15]. 
Қ.Б.Жарықбаев пен К.Ж.Ибраеваның «Этнопедагогика тюркоязычных мыслителей» атты 
оқулығы кіріспеден, 12 тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады [16]. 
Кіріспеде  этнопедагогика  ғылыми  білімнің  саласы  екендігі  оның  пәні  мен  проблемасы, 
этнопедагогика  және  халықтық  педагогика,  этнопедагогика  курсының  негізгі  міндеттері  арқылы 
дәлелденген. 
Бірінші тарау «ХІ-ХІV ғасырларда Қазақстандағы мәдени-ағартушылық ӛмір» деп аталып, онда 
қазақ жерінде ортағасыр кезеңінде ағарту ісі мен мәдениет дамуының кӛкейкесті проблемалары және 
халықтық  тәрбиелік  дәстүрлердің  рухани  бастамасы;  екінші  тарауда  ортағасырдағы  ғалым-
энциклопедистердің  педагогикалық  идеялары;  үшінші  тарауда  ортағасыр  ғалымдарының 
кӛзқарастарындағы  халықтық  педагогика  мен  психологияның  пайда  болуы;  тӛртінші  тарауда 
ойшылдардың  халықтық-поэтикалық  шығармашылықтарындағы  халық  педагогика;  бесінші, 
алтыншы  және  жетінші  тарауларда  Жүсіп  Баласағұнидің  шығармасындағы  жеке  адам  идеалы, 
адамгершілік  және  азаматтық  мәселелері,  оның  эстетикалық  кӛзқарастары;  сегізінші  тарауда  түрік 
ойшылдарының  шығармаларындағы  мақалдардың  тәрбиелік  маңызы;  тоғызыншы  тарауда  Сайфи 
Сараидің  «Гулистан  бит  турки»  және  Реванди  Хорезмидің  «Махаббатнаме»  шығармаларындағы 
гуманистік идеялар; оныншы тарауда ұлттық мектеп, білім берудің этнопедагогикалық аспектісі; он 

 
143 
бірінші тарауда жоғары оқу орындарында этномәдени жеке тұлғаны қалыптастыру; он екінші тарауда 
кӛп ұлттық ұжым – тәрбиелік әсердің айрықша нысаны екендігі қарастырылған. 
К.Ж.Ыбраеваның  «Х-ХІV  ғғ.  Қазақстандағы  педагогикалық  ой-пікірлердің  дамуы»  атты 
монографиясы  кіріспеден,  үш  тараудан,  қорытындыдан,  пайдаланған  әдебиеттер  тізімі  мен 
қосымшалардан тұрады [17]. 
Бірінші  «Х-ХІV  ғғ.  түркі  тілдес  елдерде  тәлімдік  ой-пікірлердің  қалыптасу  тарихы»  атты 
тарауда  түркі  жұртының  мәдени-рухани,  тарихи  дамуы,  түрік  ғұламаларының  педагогикалық 
ойларының  философиялық  негізі  және  Х-ХІV  ғғ.  тәлім  тәрбиелік  ойлардың  туындауымен  ілім-
білімдерінің ілкі бастауылары мазмұндалған. 
Екінші  тарау  «Х-ХІV  ғғ.  педагогикалық,  психологиялық  ой-пікірлердің  қалыптасуы»  деп 
аталып,  онда  орта  ғасыр  ойшылдардың  еңбектеріндегі  халықтық  педагогика,  Х-ХІV  ғғ. 
ғұламаларыдың  еңбектеріндегі  халықтық  психологиясы  және  түркі  ғұламаларының  мұрасындағы 
кісілік-гуманизм идеялары баяндалған. 
«Орта ғасырдағы түркі еліндегі педагогика, психология мәселелері» атты үшінші тарауда Х-ХІХ 
ғғ.  ғұламалар  мұрасындағы  имандылық  тәрбиесі,  түркі  халқының  этникалық  педагогика  мен 
психологиясының  қазіргі  педагогика  ғылымымен  сабақтастығы  және  Х-ХІV  ғғ.  педагогикалық 
ойларды жоғары оқу орындарында қолдану әдістемесі қарастырылған. 
Қ.Жарықбаевтың «Аталар сӛзі – ақылдың кӛзі» атты монографиясының бірінші бӛлімі «Ілкі 
бастау,  түп-тӛркіндер»  деп  аталады.  Бұл  бӛлімде  қазақ  жерінің  ұлы  ғұламасы  Әбу  Насыр  әл-
Фарабидың  тәлім-тәрбие,  педагогика,  психология  саласындағы  толғаныстары,  кӛне  түркі  жазба 
ескерткіштеріндегі  тәлімдік  сӛздер  («Құдатғу  білік»,  «Диван  лұғат  ат-түрк»)  баяндалады.  Екінші 
бӛлімде  ұлттық  психологиямыздың  ілкі  сілемдері  («Халықтық  психология»)  халқымыздың  ӛзіндік 
әдет-ғұрпы  мен  дәстүр-салтының  мақал-мәтелдердегі  бейнелену  жайы  айтылса,  бұдан  кейінгі 
тарауларда  қазақ  халқының  ӛз  алдына  дербес  ел  болып,  тарихи  аренаға  шыққан  кезі,  яғни  XV 
ғасырдан  қоғам  дамуына  түбегейлі,  жаңа  бетбұрыс  жасаған  XIX  ғасырдың  ортасына  дейінгі  үлкен 
аралықтың  есепсіз  мол,  тәлім-тәрбиелік  мұрасының  жекелеген  беттері  талдауға  алынады.  Дәлірек 
айтсақ  –  осы  бӛлімнің  алғашқы  тарауында  XV-XVII  ғасырларда  ӛмір  сүрген  ақын-жыраулардың 
(Асан Қайғы,  Шалкиіз, Жиембет) ӛр рухты, жауынгерлік пафосқа толы толғауларынан туындайтын 
кӛшпенді  ата-бабаларымыздың  ӛзіндік  психологиясы,  тәлімдік  мәні  зор  дана  сӛздері  жайлы  сыр 
шертіледі.  Бӛлімнің  келесі  тарауларында  XVIII  ғасырдағы  қазақтың  қоғамдық  ӛмірінің  ӛкілдері 
(Ақтамберді, Шал, Бұқар жырау), сондай-ақ, XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық ой-пікір 
қайраткерлері  (Махамбет,  Дулат)  творчестволарында  кӛтеріліп  отырған  кӛзқарастарға  сол  кезең 
тұрғысынан  баға  беріліп,  бұлардың  қай-қайсысының  да  қазіргі  заман  талабымен  үндес  жақтары 
жұртшылық назарына ұсынылады [18]. 
Қ.Т.Атемованың  «Тҥркі  халықтарындағы  отбасы  тәрбиесі  дәстҥрлерінің  қалыптасуы» 
атты монографиясы алғысӛзден, кіріспеден, үш бӛлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер 
тізімінен тұрады [19]. 
Бірінші  бӛлім  «Түркі  ғұламалары  мұраларындағы  отбасы  тәрбиесі  идеяларының  қалыптасуы 
мен  дамуын  зерттеудің  әдіснамалық  негіздері»  деп  аталып,  онда  түркі  ғұламалары  мұраларындағы 
отбасы  тәрбиесі  идеяларының  қалыптасуы  мен  дамуын  зерттеуге  әдіснамалык  тұрғыдан  сипаттама, 
ортағасырдағы  отбасы  тәрбиесі  идеяларының  қалыптасуы  мен  дамуына  қоғамдық-әлеуметтік 
жағдайлардың    ықпалы,  тәңірлік  кезеңдегі  және  ислам  дінінің  келуіне  байланысты  түркі 
халықтарындағы отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері анықталған. 
Екінші  «Түркі  ғұламалары  мұраларындағы  отбасы  тәрбиесі  идеяларының  ғылыми-
педагогикалық  негіздері»  атты  бӛлімінде  түркі  ғұламалары  мұраларындағы  отбасы  тәрбиесін 
ұйымдастырудың мемлекетті басқарудың құрамдас бір бӛлігі ретінде қарастырылуы, ұлы ғұламалар 
мұраларындағы  отбасы  тәрбиесі  жағдайында  кемел  адам  тұлғасын  қалыптастырудың 
тұжырымдамалық  идеялары,  түркі  ғұламалары  мұраларындағы  отбасы  тәрбиесінің  мазмұны 
баяндалған. 
Үшінші  бӛлім  «Түркі  ғұламаларының  мұраларындағы  отбасы  тәрбиесі  идеяларының  қазақ 
отбасы тәрбиесіндегі сабақтастығы» деп аталып, онда түркі ғұламаларының мұраларындағы отбасы 
тәрбиесі  идеяларының  қазақ  халықтық  педагогикасындағы  кӛрінісі,  ортағасыр  мұраларындағы 
отбасы  тәрбиесі  туралы  ой-пікірлердің  қазактың  ақын-жыраулар  еңбектерімен  сабақтастығы,  түркі 
ғұламалары  мұраларындағы  отбасы  тәрбиесі  идеяларының  қазақ  ағартушылары  мен  зиялылары 
еңбектерінде  орын  алу  сабақтастығы  және  түркі  ғұламалары  мұраларындағы  отбасы  тәрбиесі 
идеяларын бүгінгі күн тәжірибесіне пайдаланудың жолдары анықталған. 

 
144 
Т.Әлсатовтың  «Орта  ғасырдағы  қазақ  ғҧламаларының  тәлім-тәрбиелік  идеялары  (ХV-
ХVІ  ғғ.)»  атты  оқу  құралы  толықтырылып,  «Қазақ  хандығы  тҧсындағы  тәлімдік  ойлардың 
дамуы»  деген  атаумен  монография    болып  шықты.  Оны  кіріспеден,  тӛрт  тараудан  және 
қорытындыдан тұратын, бір дәуірдің педагогикалық ой-пікірін қамтитын сүбелі еңбек деуге болады 
[20]. 
Бірінші  тарауы  «ХV-ХVІІІ  ғасырлардағы  қазақ  елінің  саяси-экономикалық  мәдени-рухани 
жағдаяттары»  деп  аталып,  онда  елдің  әлеуметтік-экономикалық  жағдаяттары  жайлы  қысқаша 
мағлұмат, осы кезеңдердегі елдің рухани дамуы, «Кейінгі ортағасырлық қазақ ойшылдарының тәлім-
тәрбиелік  және  психологиялық  кӛзқарастары  (ХV-ХVІІІ  ғғ.)»  атты  екінші  тарауында 
Ӛ.Тілеуқабылұлы,  М.Х.Дулати  және  Қ.Қ.Жалайырдың  тәлім-тәрбиелік  ой-пікірлері,  үшінші 
«Жыраулардың  тәлім-тәрбиелік  тағылымдары»  атты  тарауында  жыраулардың  философиялық 
кӛзқарастары туралы бірер сӛз, Асан қайғы жырау мен Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері, 
ал  тӛртінші  «Қазақ  билерінің  тәлім-тәрбиелік  кӛзқарастары»  атты  тарауында  Тӛле  би,  Қазыбек  би 
және Әйтеке бидің тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері анықталған. 
Д.А.Әлиеваның  «Педагогические  идеи  в  историческом  наследии  М.Х.Дулати»  атты  оқу 
құралы  кіріспеден,  тӛмендегідей  үш  бӛлімнен  тұрады:  М.Х.Дулатидің  философиялық  және 
педагогикалық  кӛзқарастарының  қалыптасуының  тарихи  шарттары  және  М.Х.Дулатидің 
педагогикалық  идеялары  анықталған.  Оқу  құралының  үшінші  бӛлімінде  қазіргі  зерттеулердегі 
М.Х.Дулати мұрасы, қазіргі оқу-тәрбие процесіндегі оның педагогикалық идеялары, «М.Х.Дулатидің 
тарихи  мұрасының  жастарды  тәрбиелеудегі  рӛлі»  атты  арнайы  курс  бағдарламасы  бойынша 
оқушыларға арналған сабақтардың мазмұндары жасалынған [21]. 
Сонымен,  ортағасыр  ойшылдарының  тәлім-тәрбиелік  мұраларына  арналған  еңбектер  – 
монография,  оқулық,  оқу  құралы,  оқу-әдістемелік  құрал,  әдістемелік  құрал,  әдістемелік  ұсыныс 
түрінде жарық кӛргені анықталынды.   
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.Пірәлиев С.Ж., Керімов Л.К. Таным және студент. Оқу құралы. - Алматы: Санат, 2007.  
2.Иманбекова Б. Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен білім беру тарихы. Оқу құралы.  - Алматы: 
Қазақ университеті, 2010. - 158 б. 
3.Жанболатов  С.Е.  Ертедегі  Қазақстан  жеріндегі  кӛрнекті  тұлғалардың  тәлім-тәрбиелік  ой-пікірлері 
(б.д.д. VII- б.д. V ғасырлар). Әдістемелік құрал. – Шымкент, 2009. – 59 б. 
4.Қоңыратбаева Т.Ә. Қорқыт жырларының ғибраты. - Қызылорда, 1992. - 29 б. 
5.Кубесов А. Педагогическое наследие аль-Фараби. Монография. -Алматы: Мектеп, 1989. 
6.Кӛшербаева Ә.Н. Жүсіп Баласаұнның педагогикалық мұрасындағы гуманистік идеялардың дамуы: 
әдіснамалық теориясы, практикасы. Монография. - Алматы, 1995. 
7.Ахметов Т.Ә. Жүсіп Баласағұни тағылымы. Оқу құралы. - Қостанай: ҚМПИ, 2004. - 184 б.  
8.Әбдікәрімұлы Б., Сарбасова Қ.А. Әл-Фараби педагогикасы. Оқу құралы. - Қарағанды: ҚарМУ, 2008.  
9.Әбдікәрімұлы Б., Сарбасова Қ.А. Ж.Баласағұни педагогикасы. Оқу құралы. - Қарағанды: 2008.  
10.Әбдікәрімұлы Б., Сарбасова Қ.А. М.Қашқари педагогикасы. Оқу құралы. - Қарағанды: 2008. 
11.Құрбанқожа С.Н. Йассауи тағылымы – тәлім-тәрбие ғибраты. Монография. - Түркістан: 2005.. 
12.Болеев  К.,  Болеев  Т.К.  Великие  мыслители  Востока  о  воспитании.  Учебное  пособие.  - Жамбыл, 
1994. - 38 с. 
13.Азтаева Б.А., Болеев К., Болеев Т.К. Педагогические взгляды Ибн-Сины. Методическое пособие. - 
Тараз: ЖамУ, 1997. - 30 с. 
14.Кошербаева  А.Н.  История  педагогической  мысли  в  эпоху  Центрально-Азиатского  Ренессанса. 
Учебное пособие. - Алматы, 2010. 
15.Бӛлеев Қ., Шауенова М.У. Кайқаустың этнопедагогикалық мұрасы. Оқу құралы. – А., 2012. - 216 б. 
16.Жарыкбаев  К.Б.,  Ибраева  К.Ж.  Этнопедагогика  тюркоязычных  мыслителей.  Учебник.  -  Астана: 
КазАТУ, 2009. - 290 с. 
17.Ыбраева  К.Ж.  Х-ХІV  ғғ.  Қазақстандығы  педагогикалық  ой-пікірлердің  дамуы.  Монография.  - 
Астана: ҚазМАТУ, 2005. - 266 б.  
18.Жарықбаев Қ. Аталар сӛзі – ақылдың кӛзі. Монография. - Алматы: Қазақстан, 1980. -120 б 
19.Атемова  Қ.Т.  Түркі  халықтарындағы  отбасы  тәрбиесі  дәстүрлерінің  қалыптасуы.  Монография.  - 
Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 328 б. 
20.Әлсатов Т.М. Қазақ хандығы тұсындағы тәлімдік ойлардың дамуы (ХV-ХVIII ғ.ғ.). Монография. - 
Алматы: Ғылым, 1999. - 198 б. 

 
145 
21.Алиева  Д.А.  Педагогические  идеи  в  историческом  наследии  М.Х.Дулати.  Учебное  пособие.  - 
Тараз: ТарМУ, 2008. - 133 с. 
 
Аннотация.  В  статье  изложено  педагогическое  наследие  средневековых  мыслителей  Востока  на 
основе содержательного анализа исследований проведенных казахстанскими учеными-педагогами. 
Annotation.  In  the  article  pedagogical  heritage  of  medieval  thinkers  of  East  is  expounded  on  the basis  of 
rich in content analysis of researches conducted by the Kazakhstan scientists-teachers. 
 
 
ӘОЖ 37+396.11 (574) 
 
ХХ ҒАСЫР АҒАРТУШЫ - ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ 
ТӘЛІМ - ТӘРБИЕЛІК ЗЕРТТЕУЛЕРІ 
 
Қ. Бӛлеев, Л.Қ. Бӛлеева, П.Қ. Бӛлеева 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазақ  ағартушылары  мен  ағартушы-педагогтарын  тәлім-тәрбиелік  мұраларын  зерттеу  соңғы 
кезде проблемалық ӛзекті мәселеге айнала бастады. Ӛйткені олардың тәлім-тәрбиелік мұралары қазақ 
педагогикасының  теориялық  негіздерін  жасауда,  әсіресе  жас  ұрпаққа  бүгінгі  таңда  ұлттық  тәрбие 
беруде  алатын  орны  мен маңызы  айрықша.  Сондықтан  сол  мұралар  бойынша  қазақ  ғалымдарының 
зерттеу жұмыстарын мазмұндық талдауға алып, мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдер оларды 
оқушыларды тәрбиелеуде басты құралдар етіп пайдалануға болады. 
Ж.Т.Елемесова,  А.Р.Ахманов  және  Б.А.Марданованың  «Ғҧлама  ағартушы  Ыбырай 
Алтынсариннің туылғанына 150 жыл толуына» атты еңбекте жаңашыл ағартушы ұстаздың ғалым, 
жазушы,  этнограф,  қоғам  қайраткері  ретіндегі  жұмыстарына  шолу  берілген  [1].  Ғұлама-ғалымның 
туған  халқының  қамы,  әлеуметтік  даму  тұрғысында  сіңірген  еңбектерінің  ӛз  заманындағы  қазақ 
зиялыларымен үндестігі баяндалған.  
Т.Шойынбаевтың «Ыбырай Алтынсарин  – ағартушы-педагог» кітапшасы қазақ  халқының 
ұлы  орыс  халқымен  достығының  мәні,  Ыбырай  –  ағартушы-педагог,  оның  ақындығы  мен 
жазушылығының  педагогикалық  мақсатқа  қызмет  етуі,  ұлттық  мектеп  ашу  ісіне  әзірлігі,  орыс 
педагогтарынан үйрену жолы [2]. 1864 жылы 6-қаңтарда ашылған тұңғыш мектеп, мектепте қазақ тілі 
үшін  орыс  алфавитін  қолдануы,  «Қазақ  хрестоматиясы»  және  «Қазақ  мектептерінде  орыс  тілін 
үйренуге басшылық» атты кітаптарының мәні, қазақ қыздарына арналған тұңғыш мектептің ашылуы, 
жастарды  оқыту,  тәрбиелеу  туралы  ойлары,  мұғалімнің  қызметін  бағалауы,  отырықшылық  және 
еңбек туралы ойлары айтылған. 
Қ.Жҧмағҧловтың «Қазақ халқының ҧлы демократ-ағартушылары» атты лекторға арналған 
кітапшасы тӛмендегідей үш бӛлімнен тұрады: Шоқан Уәлиханов [3]. Оның Омбы қаласындағы ӛмірі, 
алдыңғы  қатарлы  орыс  адамдарымен  достық  қарым-қатынасы.  Қашқар  сапарының  мақсаты  және 
оның ғылыми маңызы. Ғылыми еңбектері; Ы.Алтынсарин. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі, 
ұлы педагогтар еңбегімен таныстығы жӛнінде деректер. Оқушылар семинариясын, қолӛнер мектебін 
ашу  жолындағы  күресі.  Жазған  кітаптары  мен  мақаларына  шолу  жасаған;  Абай  Құнанбаев.  Абай 
шығармаларын шоли отырып, оның қазақты оқуға, ғылымға, ӛнерге шақыруы туралы мәселелерді сӛз 
етеді. Ӛлеңдерінен үзінділер келтірілген. 
С.Әсіповтың  «Ыбырай  Алтынсарин  –  ҧлы  ағартушы»  кітапшасында  Ыбырайдың  қазақ 
даласында  мектептер  ашуы,  оған  жергілікті  және  патша  әкімдерінің  қарсылықтары,  мектептер 
ашудағы  қиыншылықтары  туралы  оның  жазған  хаттарының  мазмұны,  Ыбырайдың  «Қазақ 
хрестоматиясы»  еңбегінің  жарыққа  шығуы,  оның  Торғай  облысы  мектептеріндегі  инспекторлық 
қызметі, оның Торғайда қазақ балаларына арналған тұңғыш қолӛнер училищесін ашып, кәсіптік білім 
берудің  негізін  салғаны,  қазақ  даласында  алғашқы  кітапханаларды  ашқаны,  Қостанайда 
ауылшаруашылық  мектебін  ашуға  ӛзіне  әкесінен  қалған  500  десятина  жерді  ӛсиет  еткені,  Ыбырай 
әңгімелерінің ағартушылық мазмұндары туралы баяндалған [4].  
Ә.Сыдықовтың  «Ы.Алтынсариннің  педагогикалық  пікірлері  және  ағартушылық 
қызметі»  атты  монографиясы  алғы  сӛзден  және  тӛмендегідей  алты  тараулардан  тұрады: 
Қазақстанның  Ресейге  қосылуының  прогрессивтік  рӛлі  [5].  Патша  үкіметінің  «ағартушылық 
саясатының»  түрлері;  ХІХ  ғасырдың  60-жылдарындағы  педагогикалық  кӛзқарастар,  оның 
Ы.Алтынсаринге  әсері.  Осы  дәуірдегі  ағартушылық  қозғалыстың  ӛкілдері.  Ана  тілі  мен  орыс  тілі 

 
146 
жӛніндегі  педагогикалық  ой-пікірлер.  Н.И.Ильминский,  К.Д.Ушинскийдің  идеялары  туралы; 
Алтынсарин  –  ӛлкедегі  орыс-қазақ  мектептерінің,  бірінші  халықтық  мектептердің  негізін  салушы. 
Ыбырай  Алтынсариннің  мектептегі  оқу  жұмысы,  оқылатын  пәндер,  оқу  әдебиеттері  және  педагог 
кадрлар  әзірлеу  жӛніндегі  ойлары.  Болыстық,  ауылдық  мектептер.  Қазақ  қыздарына  арналған 
интернаттар.  Қазақ  балаларына  арнаулы  білім  беру  мәселесі;  Алтынсариннің  педагогикалық 
идеялары.  В.В.Катаринскийге  жазған  хаты.  Қазақ  балаларына  орыс  тілін  үйрету  мәселесі. 
Методикалық әдебиеттер, оқу пәндерін педагогикалық талдау, оқу жұмысын ұйымдастыру, кітапхана 
жайы.  Пәндерді  оқыту.  Тәрбие  және  оның  әдістері.  Алтынсариннің  ағартушылық  идеялары; 
Алтынсарин  мұғалімнің  рӛлі  туралы.  Оның  методикалық  кӛзқарастары.  Ана  тілін  оқыту  жолдары. 
Орыс  графикасы  негізіндегі  алфавитті  тұңғыш  қолдануы.  Орыс  тілін  үйретудің  методикалық 
нұсқаулар;  Орыс-қазақ  мектептерінің  Алтынсариннен  кейінгі  халі.  Реакцияның  зардабы.  Ауыл 
мектептері.  Мұғалімдер  семинариялары.  Большевиктер  партиясының  халық  ағарту  және  ұлттық 
мектеп  жолындағы  күресі.  Алтынсарин  –  педагог-теоретик,  оның  Қазақстан  педагогикасындағы 
орны. 
Қ.Р.Калкееваның  «Учебник  И.Алтынсарина»  атты  оқу-әдістемелік  құралының  бірінші 
тарауында  Ы.Алтынсариннің  оқулықтары  құрылуының  әлеуметтік-тарихи  және  ғылыми-
педагогикалық  алғышарттары,  екінші  тарауында  Ы.Алтынсариннің  оқулықтарын  құрылымы, 
мазмұны және ғылыми-педагогикалық негіздері жасалынған [6]. 
Қ.Жарықбаевтың «Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы» атты кітапшасында 
Қазақстанның Ресейге қосылуының маңызы, Ш.Уәлихановтың дүниетанымдық кӛзқарасы, оның оқу, 
ағарту саласына байланысты пікірлері, орыс тілі мен орыс оқуы туралы, ӛз халқының мәдениеті мен 
әдебиеті,  әдет-ғұрпы  мен  психологиясы  жайындағы  жоғары  пікірлері;  Ы.Алтынсариннің 
философиялық,  саяси-әлеуметтік  кӛзқарасы,  оның  ұлттық  мектеп  ашу,  программалар  жасау  және 
оқулықтар  жасаудағы  рӛлі,  орыс  халқының  мектеп  жүйесі  тәжірибесін  пайдалануы  [7].  Орыс  тілін 
меңгерудегі мақсат туралы, оқу-тәрбие процесінің басты міндеттері, тәрбие мақсатындағы еңбектері, 
Ы.Алтынсарин  психологиясы,  жанұя  тәрбиесі,  ана  тәрбиесі  жайындағы  пікірлері;  А.Құнанбаевтың 
философиялық  кӛзқарасының  қалыптасуындағы  үш  қайнардың  әсері,  тәрбие  жӛніндегі  басты 
пікірлері,  еңбек    тәрбиесінің  ӛмірдегі  маңызы,  жанұя  тәрбиесі,  жастардың  оқу,  білім  негіздерін 
меңгеру мәселесі жӛніндегі ойлары, білім алудың мақсаты, білім негіздерін меңгерудің  психикалық 
жақтары,  ғылымды  үйренудің  мақсаты  мен  жолдары.  Білім  жолындағы  зор  мақсат  жайы,  ӛзін-ӛзі 
тәрбиелеу  және  оның  жолдары,  ерік-жігер  туралы,  оқу-тәрбие  жұмысының  маңызы  жӛнінде 
айтылған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет