комплексное явление. Оно связано с выполнением человеком определѐнной деятельности, то
есть одарѐнность состоит из различных способностей. Одарѐнность — это «качественно-
своеобразное сочетание способностей, от которого зависит возможность достижения большего или
меньшего успеха в выполнении той или другой деятельности. Одарѐнность обеспечивает не успех в
какой-либо деятельности, а только возможность достижения этого успеха. Кроме наличия комплекса
способ-ностей, для успешного выполнения деятельности человеку необходимо обла-дать
определѐнной суммой знаний, умений и навыков. В каждом классе присутствуют не менее чем три
группы, всегда есть большая и меньшая группа достаточно одаренных, детей, всегда есть группа
детей, которая фактически не подготовлена программе данного класса, и есть средние по
творческому развитию дети. Поэтому важнейшая задача учителя - пробудить у всех детей интерес к
разным предметам. Очень важно, чтобы в процессе активной работы класса – при
дифференцированном подходе учителя к детям – каждый ребенок чувствовал свое движение вперед,
чтобы все работали терпеливо и с уверенностью в успехе, чтобы для всех занятия были интересны и
желанны. Во время обучения дети становятся более самостоятельны и инициативны. Инициативно
развивается их творческое восприятие.
М.Н.Скаткин в книге «Школа и всестороннее развитие детей» пишет о том, что на первый
взгляд эта задача кажется неосуществимой. Чтобы научить ребенка какой-либо деятельности, мы
обычно разлагаем поставленную деятельность на ее составные части, элементарные операции,
показываем, как выполнить каждую из них в отдельности, а затем все операции в после-довательном
порядке, даем соответствующие правила с инструкцией. Путем многократных повторений,
137
упражнений дети овладевают навыком. Но такой способ обучения, пишет М.Н.Скаткин, неприменим
к творческой деятельности. Дело в том, что центральным моментом творческой деятельности
является догадка, интуиция, которая приходит в сознание внезапно, вдруг, и человек не может путем
самонаблюдения описать последовательность мыслительных операций, которые привели его к
решению проблемы. Это озарение - такой таинственный процесс, который не подчинен строгим
предписаниям. А там, где есть строгое правило, предписывающее последовательность действий, там
уже нет творчества, есть стандартная исполнительная деятельность.
На протяжении многих веков люди искали способ управления таинственным, загадочным
процессом творчества. В литературе описаны различные способы, которыми пользовались отдельные
художники и ученые, чтобы вызвать творческий процесс. Шиллер клал в ящик стола гнилые яблоки,
и это благотворно влияло на его поэтическое творчество, Гельмгольц совершал восхождение на
закате по освещенному солнцем и покрытому лесом склону горы. Но все эти способы носили
характер случайных находок, и их нельзя было рекомендовать кому-нибудь (Пушкин В.Н.,
«Эвристика- наука о творческом мышлении»). Общий вывод, к которому пришли ученые в прошлом
веке, был неутешительным для педагогики: творческий процесс не поддается управлению.
Способность к творчеству - это талант, а таланты даются от рождения. Если бы творчеству можно
было научить, писал французский Ученый Рибо, то ученых и изобретателей было бы столько,
сколько сапожников и часовщиков. Но людей, способных к творческой деятельности мало - единицы
из тысяч.
А как же быть этим тысячам? Пусть они примиряться со своей судьбой?
Однако положение с развитием творческих способностей не так безнадежно, как кажется на
первый взгляд. Да, обучать творчеству так, как обучают стандартным действиям, нельзя. Но
целенаправленно развивать творческие способности можно у каждого человека. У одних они
разовьются в большой степени, у других в меньшей (здесь, конечно, оказываются природные
задатки), но у каждого ребенка можно развить творческий подход к деятельности – будь то
рисование, или сочинений, или решение математических задач, или изготовление поделок.
Список использованной литературы:
1.Концепция 12-летнего среднего общего образования в РК// 12-летнее образование. 2010.- № 8.
2. Методические
рекомендации
по
организации
учебно-воспитательного
процесса
в
общеобразовательной школе: Методическое пособие. Астана: РНПЦ проблем 12-летнего
образования, 2009.- 32 с.
3.Шмырева Г.Г., Нестерович С.М. Развитие познавательных интересов учащихся // М. , Прометей –
2010г.
4.Шахгулари В.В. Подготовка будущих учителей к творческой деятельности в школе. – Алматы:
НИЦ «Гылым», 2002. – 192с.
Аннотация. Бүгінгі жаңа қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістер білім
дамуына жаңа ықпалдарды талап етеді, қалыптасқан әдіснама мен педагогика ғылымының
парадигмаларын ӛзгертуді қажет деп санайды. Білім беруді дамыту концепциясы тек қана білімнің
теориялық ұстанымдарының жаңартылуына бағытталған, ал реформаның негізгі талаптарына жауап
бере алмауда.
Аnnotation. Important role in the development of children playing their addiction to different classes,
which often serves as an indicator of the gifted child in a certain area. Giftedness - a complex phenomenon.
It is associated with the implementation of certain human activity, that is genius consists of various abilities.
Giftedness - a" peculiar combination of qualitative and abilities, on which depends the possibility of
achieving a greater or lesser success in one or the other activity.
138
ӘОЖ 37.01
Б 44
«ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН
САБАҚТА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»
А.С. Берденова
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Халқымыздың сан ғасырлық тарихында балаға жан–жақты тәрбие берудің ұқсай бермейтін
ӛзіне тән ерекше талаптары қалыптасты. Бала тәрбиесі кӛшпелі малшы жанұяның күнделікті тұрмыс-
тіршілігімен тығыз байланысты болды. Содан да болар баланы жұбатса да, жақсы кӛріп аяласа да,
оның жақсы қасиеттерін бағалағысы келсе де ӛз тіршілігінің негізі болған малдың ерекше жақсы
қасиеттеріне, сұлу тұлғасы мен әсем бейнесіне теңеп ―Құлыншағым, құлыным, ботам, ботақаным,
қозыдай момақаным‖ – деп еркелетеді.
Халық ӛзінің кең жазира даласына табиғаттың таңғажайып әсем кӛріністеріне, оны мекендеген
құстар мен жануарларға, басқа да табиғи байлықтарға деген мақтаныш сезімін кӛркем образды
сезімдермен, ӛнегелі істермен, ынта – ықыластармен, тілек – мақсаттармен араластырылып,
балалардың санасына жеткізіп отырады және оларды қорғауға, сақтай білуге үйретті. Халық
―Дәстүрдің озығы бар, дәурені ӛткен тозығы бар‖ деп заман талабына сай дәстүрлерді дәріптеп, тәлім
– тәрбиенің құралы ретінде пайдаланып келген. Салт – дәстүр халықтың белгілі бір әдет –
ғұрыптармен байланысты туады. Мысалы, бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана, сүйінші сұрау,
балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу тойлары. Мұны тұрмыс салт
– дәстүрлері деп атайды.
Қазақ отбасында тәрбие ісі ғалым Ш.Ахметовтың зерттеулерінде негізінен басты-басты сегіз
түрлі мәселені қамтыған. Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді кӛздеген, әке-шеше
баласына ―әдепті бол‖ дегенді басты міндет етіп қойған. Екіншіден, олар баланы қайырымды,
иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек болуға баулыған. Тӛртіншіден,
адал, шыншыл болуға үйреткен. Бесіншіден, ӛнегелі ұстаз бен кӛпті кӛрген қарияның сӛзін тыңдап,
―ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол‖ дегенді, бойларына біртіндеп сіңіре берген. Алтыншыдан,
үлкенді, ата-ананы сыйлап, құрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп қойған. Жетіншіден,кісі
айыбын бетіне баспай, біреуге орынсыз тигізбейтін әдепті азамат бол, әсіресе қарып-қасерлердің
табиғи кемдігін (мұрны пұшық, аяғы ақсақ т.б.) бетіне баспа деп үйреткен. Сегізіншіден, ел қорғаған
батыр бол, халық алдында қызмет ет дегенді ерінбей, жалықпай айтып қана қоймай, жеке ӛнегелер
арқылы кӛрсетіп отырған.
Бұл мақсатта ӛмір тәжірибесін халық қажеті үшін жұмсаған адамдарды үлгі-ӛнеге етіп ұсынады.
Бұл бейнелер халық ертегілерінде сипат алған. ―Ер Тӛстік‖ ертегісіндегі ӛзінің ақылды, білгірлік
істермен жарына айнымас дос, ақылшы бола білген Кенжекейді немесе аңыз әңгімелердегі ханның
залымдығын даналығымен әшкерелеп, жеңіп отырған Жиренше шешенді, оның ақылды жары
Қарашашты мысал етуге болады. Халық ертегілері мен аңыздарында ақылды, парасатты, ойлы
болуға, халыққа қызмет етуді, әділдік жолында күресуді уағыздаған.
А.Байтұрсынов: ―Ертегілер кӛбінесе ішкері мағынасымен ӛнегелі келеді, жақсылық, жамандық,
достық, қастық, адалдық, батырлық, аңқаулық тағы сондай жақтан ӛнеге беру, тәлім-тәрбие беру
мақсатымен шығарылған әңгімелер екендігі сезілер‖ – деп ӛте орынды түйін жасайды.
Қазақ халқының әдет-ғұрпынан, салт-санасынан туған ойын-сауық кештерінде ӛлең-жырмен
айтысу, ӛнер сайысына түсу, сӛйтіп жиналған жұрттың кӛңілін кӛтеру, жастарды тапқырлыққа
тәрбиелеу дәстүрі ертеден орын алған. Жастар ән шырқап, күй шертісіп, жаңылтпаш, жұмбақ
айтысып, ӛнер сайысына түскен. Бұрын қазақта күйеу таңдаған дана қыз жігітке жұмбақ арқылы
талап қойған. Оны шешіп, сертке жеткен ақылды жігітке тұрмысқа шығатын болған. Бертін келе
жұмбақ ақындар айтысынан ерекше орын алған.Жұмбақ айтысу жастардың логикалық ой-ӛрісін
дамытады. Академик жазушы М.Әуезов: ―Жұмбақ – халық шығармашылығының ішіндегі ең ескі
түрінің бірі. Жұмбақ – ӛткір, ұшқыр ой түйінін топшылаған, поэтикалық қасиеті күшті, тәрбиенің
тамаша құралы. Ол бүгінгі біздің дәуірімізде де ӛзінің керектілік қасиетін жойған жоқ‖ – деген
болатын.
Жастардың тілін ұстартудағы тәрбиенің бір түрі – жаңылтпаш айтқызу. Жаңылтпаш айтуда
кӛзделетін мақсат, біріншіден, жиналғандарды күлдіріп, кӛңіл кӛтеру болса, екіншіден, әр сӛзді тез,
шебер, дәл айтуға, тіл ұстартуға үйрету кӛзделеді. Қазақтың салты бойынша, ойын-сауыққа келген
жастардың бәрі ән салып, күй шертіп, ӛлең айтуға тиіс. Ал ӛнерден құралақан жастарға жаза ретінде
139
ойын басқарушы жаңылтпаш айтқызған. Егер ол адам жаңылтпаштың сӛзін орамына келтіре алмай,
бұзып айтса, жұрт оған күлген. Жаза ретінде ән – күй айтуға міндетті болған. Мұның ӛзі - ӛнерді
халық қадірлеп, жастарға дарытқанын аңғартады.
Кӛрген білгенді ой елегінен ӛткізіп, оны түйіндеп миға тоқу, үнемі сарапқа салу ынта – жігерді,
зор күшті,қажыр қайрат пен талапты керек етеді. Сондықтан, халық ӛмір тәжірибесіндегі кӛрген –
білгенін ӛнеге етіп, Тоқсан ауыз сӛздің тобықтай түйіні мақал – мәтел етіп ұрпаққа қалдырып
отырады. Ол ақылыңа ақыл қосатын, жарқын болашаққа дұрыс бағыт сілтейтін асыл ойдың кӛркем
жиынтығы. Халық ―Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені‖, ―Кішіпейілділіктен кішіреймейсің‖
деп кішіпейілділікке, ―Әкеге қарап ұл ӛсер, шешеге қарап қыз ӛсер‖ деп бала тәрбиелеуші ата –
аналардың ӛнегелі болуын талап еткен.
Мақал – мәтелдер алуан түрлі тақырыпқа арналған және адамгершілік – имандылық тәрбиесін
беруде маңызды орын алады.
―Білім – азбайтын тон
Ақыл таусылмайтын кен‖ - деп, оқу – білімге шақырса,
―Ата - асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ‖ - деп бауырмалдыққа
―Аққуды – атпа,
Досыңды сатпа‖ - деп адал дос болуға.
―Еңбек ердің кӛркі,
Ер – елдің кӛркі‖ - деп еңбексүйгіштікке, ерлікке шақырған.
Қазақ халқының дәстүрлі ырымдар мен тыйымдарында, ғибрат, ӛнеге боларлық мәдениеттілік
пен тазалыққа баулитын шек қоюлар аз емес. Мысалы, ―Сыпыртқыны тұрғызып қойма‖, ―Адамы жоқ
болса да, үйге сәлем беріп кір ‖, ―Түнде суға барма‖ т.б. Ертедегі дәстүр бойынша жастардың қолын
қусыртпайтын, екі кештің арасында жатқызбайтын, керегені кергізбейтін, қос қолын тӛбесіне қоюға,
дауыс шығарып есінуге тыйым салатын.
Үлкен кісілер ұрысса,онымен сӛз жарастырып тайталасу кӛргенсіздік саналатын. Ата – анасына
тілі тиген, жасы үлкен туысына қол жұмсаған жастардың бетіне күйе жағып, қара ӛгізге, не есекке
мінгізіп, жетектеп ауыл-ауылды аралатып жазалаған. Бұл жаза кінәлі жасқа қатаң тиіп, басқалар
оңдайдан қашатын болған. ―Баланы әуелі мейір – шапағатқа, одан соң ақыл – парасатқа, ақырында
еңбек пен ғылымға баулы‖ – дейді халық. Осы қағидаға орай бабамыз Бұқар жырау: ―Баланы
туғаннан 5 жасқа дейін хандай кӛтер, 15 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан кейін досыңдай сыйлас
‖ деген екен.
Осындай асыл, ғасырдан – ғасырға ұласып, екшеуінен ӛтіп, мол да шексіз қазына болып
қалыптасқан асыл мұрамыз халық педагогикасының лайланбас тұнығын, тот баспас асылын әрбір
баланың зәруі етіп сіңіру, бүгінгі күннің ӛзгеден еңселі міндеті. Олай болса, халқымыздың сан
ғасырлар бойы жинаған маржанын шашып алмай, жаңа ұрпақты тәрбиелеуде қолдануымыз маңызды
іс болып табылады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Алиева Д.А. Педагогические идеи в историческом наследии М.Х.Дулати. Учебное пособие. -
Тараз: ТарМУ, 2008. - 133 с.
2. Пірәлиев С.Ж., Керімов Л.К. Таным және студент. Оқу құралы. - Алматы: Санат, 2007.
3. Иманбекова Б. Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен білім беру тарихы. Оқу құралы. - Алматы:
Қазақ университеті, 2010. - 158 б.
Аннотация. Воспитание – это важнейший фактор в формировании человека как личности. Все виды
воспитания усваиваются в едином целом педагогическом процессе и в семье.
Annotation. Upbringing - a crucial factor in the formation of man as a person. All kinds of upbringing are
assimilated in a single whole pedagogical process and in the family.
140
ӘОЖ 371
ОРТАҒАСЫР ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ТӘЛІМ - ТӘРБИЕЛІК МҦРАЛАРЫ
Қ. Бӛлеев, Л.Қ. Бӛлеева, П.Қ. Бӛлеева
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақстанда ортағасыр ойшылдарының тәлім-тәрбиелік мұраларын зерттеу соңғы кезде
проблемалық ӛзекті мәселеге айнала бастады. Қазақ ғалым-педагогтарының ұлы ойшылдардың тәлім-
тәрбиелік мұраларын зерттеу бойынша кӛптеген еңбектер жарық кӛрді. Оларды үздіксіз білім беру
жүйесінде пайдалану бүгінгі оқу орындарының басты міндеті. Ӛйткені олардың тәлім-тәрбиелік
мұралары жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде мәні және маңызы айрықша. Сондықтан сол
еңбектерге мазмұндық талдау жасауды жӛн кӛрдік.
С.Пірәлиев пен Л.Керімҧлының «Таным және студент» оқу құралы он үш параграфтан
тұратын Қазақстанда ежелгі Сақ және Ғұн империясындағы, Үйсін-Қаңлы мемлекеттеріндегі тәлім-
тәрбиелік идеяларды мазмұндаған тұңғыш тарихи-педагогикалық еңбек [1].
Құралда білім беру және педагогикалық ойлар тарихының мақсат-міндеттері, әдіснамасы,
тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері; Еуразия даласындағы алғашқы қауымда тәрбиенің пайда
болуы; Еуразия құрлығындағы Сақ империясындағы тәлім-тәрбие; Ұлы Даладағы Ғұн империясы
мен Үйсін-Қаңлы мемлекеті дәуіріндегі тәлім-тәрбие; Таяу және Қиыр Шығыс ежелгі
мемлекеттеріндегі Шумер тәлім-тәрбиесі; Таяу және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттеріндегі
мектептер мен тәлім-тәрбиенің ӛзара ықпалдастығы; Таяу және Қиыр Шығыстағы ортағасыр
мемлекеттеріндегі (Араб халифаты, Үндістан және Қытай) білім беру мен педагогикалық ойлардың
дамуы; Антикалық замандағы Византиядағы педагогикалық ой-пікірлер; Ортағасырлық
Византиядағы ағарту ісі және педагогикалық тәлім-тәрбиесі; Орхон-Енисей жазулары мен Қорқыт-
ата, әл-Фараби шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік тағылымдар; Ж.Баласағұн және М.Қашқари
шығармаларындағы тәлім-тәрбие тағылымдары; Қ.А.Иассауи және А.Иүгінеки шығармаларындағы
тағылымдар, тәлім-тәрбие ғибраты; Ортағасыр ғұламаларының педагогикалық ойларын оқу-тәрбие
дәрісіне ендіру жайы қарастырылған.
Б.Иманбекованың «Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен білім беру тарихы» оқу
құралы жоғары оқу орындарының «Педагогика және психология» мамандығына арналған. Оқу
құралында ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі педагогикалық ойлар мен білім берудің тарихы жаңа
кӛзқарастар тұрғысынан қарастырылған [2].
Оқу құралында б.д.д 1500-2000 жж. - ҮІІІ ғ. кезеңіндегі тәлімдік ойлар, IX - XIV ортағасыр
заманындағы тәлім-тәрбиелік ойлар, XIV- XVIII ғасырлардағы қазақ хандығы дәуіріндегі
педагогикалық ойлар, XIX ғасыр мен XX ғасырдың 20-жылдарына дейінгі кезеңдегі педагогикалық
ойлар, XX ғасырдың 20 жылдары мен 90-жылдар аралығындағы педагогикалық ойлар мен білім
берудің дамуы, Егемен Қазақстандағы педагогика ғылымы мен білім берудің дамуы мазмұндалған.
С.Е.Жанболатов «Ертедегі Қазақстан жеріндегі кӛрнекті тҧлғалардың тәлім-тәрбиелік ой-
пікірлері» атты әдістемелік құралында б.д.д. VII - б.д. V ғасырларда қазақ даласынан шыққан
кӛрнекті тұлғалар – Анахарсис, Алып Ер Тоңға, Қажы-Құсырау, Мӛде қаған, Аттила, Ерке хан,
Құдыс, Томиристің тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері баяндалған [3].
Т.Ә.Қоңыратбаеваның «Қорқыт жырларының ғибраты» атты оқу-әдістемелік құралында
«Қорқыт ата кітабындағы» он екі оғыз батырлары туралы жырлардың тәлім-тәрбиелік тағылымы
ашып кӛрсетілген [4].
А.Кӛбесовтың «Педагогическое наследие аль-Фараби» атты монографиясы кіріспеден, тӛрт
тараудан және қорытындыдан тұрады [5].
Кітаптың бірінші «әл-Фараби педагогикасының философиялық, әлеуметтік-этикалық
алғышарттары» тарауында әл-Фарабидің философиялық кӛзқарастары, әл-Фарабидің педагогикалық
кӛзқарастарының әлеуметтік-этикалық алғы шарттары анықталған.
«Әл-Фарабидің жалпы педагогикалық идеялары» атты екінші тарауында әл-Фараби бойынша
тәрбиенің мазмұны, формалары мен әдістері, рухани, интеллектуальды тәрбиенің мәселелері
қарастырылған.
Үшінші «әл-Фарабидің дидактика проблемалары» атты тарауында оқыту тәртібі бойынша әл-
Фарабидің ғылымдар классификациясы, оқытудың мазмұны мен құралдарын анықтау мәселелері, әл-
Фарабидің «Музыканың ұлы кітабының» дидактикасы және теориялық ғылымдардың құрылу әдісі
және түсіндірілуі проблемалары баяндалған.
141
«Әл-Фарабидің математикалық еңбектеріндегі педагогикалық идеялардың қолданылуы және
жүзеге асуы» атты тӛртінші тарауда математика мәселелерінің әдіснамасы мен әдістемесі,
геометрияның негізгі ұғымдарын негіздеу және түсіндіру мәселелері, «Евклидтің сыны» және әл-
Фарабидің «Алмагестіне» комментарий – оқу-педагогикалық шығарма екендігі сӛз болған.
Ә.Н.Кӛшербаева «Жҥсіп Баласағҧнның педагогикалық мҧрасындағы гуманистік
идеялардың дамуы: әдіснамасы, теориясы, практикасы» монографияда түркі ойшылының
педагогикалық кӛзқарастары Қайта Ӛрлеу (Ренессанс) тұрғысынан жан-жақты қарастырылып,
Баласағұнның идеялары ӛзекті гуманистік тұжырымдама ретінде негізделген [6].
Т.Ә.Ахметовтың «Жҥсіп Баласағҧни тағылымы» атты оқу құралының бірінші тарауы
«Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» педагогикалық дастанының дүниетанымдық және ғылыми
негіздері» деп аталып, онда «Құтты біліктің» жазылуының тарихи-әлеуметтік, мәдени және
психологиялық-педагогикалық алғышарттары, Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің
рухани бастаулары және поэмадағы жетекші педагогикалық идеялар, бірінші тарау бойынша
тұжырым жасалынған. Ал екінші «Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеяларының бүгінгі
ғылыми педагогиканың және тәрбие тәжірибесінің дамуындағы маңызы» атты тарауда «Құтты
біліктегі» адами құндылықтар жүйесіндегі «Текті, парасатты кісі» бейнесі, Жүсіп Баласағұни
мұрасындағы отбасы тәрбиесі мәселелері, «Құтты біліктің» қазақтың халықтық педагогикасымен
сабақтастығы, «Құтты біліктегі» психологиялық мәселелер, екінші тарау бойынша тұжырым берілген
[7].
Б.Әбдікәрімҧлы мен Қ.А.Сарбасованың «Әл-Фараби педагогикасы» атты оқу құралы
кіріспеден және мынадай жеті тақырыптан тұрады: ұлттың ұлы ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің
шығу тегі туралы, фарабитану мәселелері, әл-Фараби – педагогиканың негізін салушы, әл-Фарабидің
педагогикалық мұрасындағы ізгілендіру идеялары, әл-Фараби еңбектеріндегі білім беру
философиясы мәселесі, әл-Фараби дидактикасы, әл-Фараби тәрбие теориясы. Сондай-ақ, тест
сұрақтары, ұлттың ұлы ұстазы, ғұлама ғалым әл-Фараби туралы не білесіз және реферат
тақырыптары берілген [8].
Б.Әбдікәрімҧлы мен Қ.А.Сарбасованың «Ж.Баласағҧни педагогикасы» оқу құралы
кіріспеден және келесі сегіз тақырыптан тұрады: Кемеңгер ойшыл Ж.Баласағұнидің ӛмірі мен оның
Отаны – Баласағұн қаласы туралы, Ж.Баласағұнидің атақты еңбегі - «Құтты білік» дастаны,
Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» еңбегі – қазақ педагогика ғылымының қайнар кӛзі, Ж.Баласағұни
тәрбие мақсаты туралы, Ж.Баласағұни еңбегіндегі негізгі педагогикалық ұғымдар және ізгілендіру
мәселесі, Ж.Баласағұни дидактикасы, Ж.Баласағұнидің тәрбие теориясы, Ж.Баласағұни мен
А.Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының сабақтастығы. Сондай-ақ құралдың соңында тест
сұрақтары, кемеңгер ұстаз, данышпан ғалым Жүсіп Баласағұни туралы не білесіз және реферат
тақырыптары берілген [9].
Б.Әбдікәрімҧлы мен Қ.А.Сарбасованың «М.Қашқари педагогикасы» оқу құралы кіріспеден
және тӛмендегідей алты тақырыптан тұрады: данышпан ғалым, кемеңгер ұстаз М.Қашқаридің ӛмірі
мен оның атақты еңбегі - «Диуани лұғат-ит-түрк» («Түрік сӛздігі»), Махмұт Қашқаридің «Диуани
лұғат-ит-түрк» («Түрік сӛздігі») атақты еңбегі бойынша зерттеулер, М.Қашқаридің «Түрік сӛздігі
еңбегі» – қазақ педагогика ғылымының қайнар кӛзі, М.Қашқари еңбегіндегі тұлға мәселесі,
М.Қашқари еңбегіндегі тәрбие мазмұны, М.Қашқари дидактикасы. Құралда тест сұрақтары,
кемеңгер ұстаз, данышпан ғалым М.Қашқари туралы не білесіз, реферат тақырыптары берілген [10].
Достарыңызбен бөлісу: |