100
Әсер
ету
механизмі
бойынша
токоферол
антиоксидант,
ол
мембрана
фосфолипидтерінің құрамындағы көп қанықпаған май қышқылдарының оттегімен
жанасуына кедергі келтіретін орында (гидрофобты комплекс түзіп)
орналасып, мембрананы
пероксидтік тотығудан қорғайды. Сонымен қатар токоферолдың антиоксиданттық қасиеттері
хроман ядросындағы гидроксилдің қозғалғыштық қабілетіне, оның молекуласының оттегінің
(О
2
.
, НО
.
, НО
2
.
), КҚМҚ бос радикалдарымен (RO
.
, RO
2
.
) және май қышқылдарының
пероксидтерімен тікелей әрекеттесе алу қабілетіне байланысты. Е витамині каротин мен А
витаминінің молекуласындағы қос байланысты тотығудан қорғайды. Е витамині (аскорбатпен
бірге) селенді глутатионпероксидазаның активті
орталығының құрамына енгізіп, ферменттік
антиоксиданттық қорғаныш жүйесін активтендіреді (глутатионпероксидаза липидтердің
гидропероксидтерін залалсыздандырады).
Токоферол митохондрия мембранасын тұрақтандырып,
жасушаның оттегіні жұмсауын
үнемдейді. Е витаминінің мембрананы тұрақтандырушы әсерінен митохондрияда биологиялық
тотығу мен тотығудан фосфорланудың қабысуы артады, АТФ пен креатинфосфаттың түзілуі
күшейеді. Е витамині тыныс алу жүйесінің және митохондрияның басты антиоксиданты –
убихинонның биосинтезін қадағалайды.
Токоферол нуклеин қышқылдарының (транскрипция деңгейінде), гемнің, микросомалық
цитохромдардың және басқа да гемі бар белоктардың синтезін бақылайды.
Е витамині мембрана фосфолипидтерін бұзатын лизосомалардағы фосфолипаза А
2
активтілігін төмендету қабілетіне ие.
Е витамині организмнің иммундық қорғаныстық күшін нығайтуға қабілетті тиімді
иммуномодулятор болып табылады.
Авитаминозы.
Е витамині жетіспегенде эритроциттердің
гемолизі байқалады, оларда
антиоксиданттық қорғаныс функцияларының активтілігі төмендейді. Токоферолдың
жеткіліксіздігінің симптомдары: бұлшық ет дистрофиясы,
бедеулік, бауыр некрозы, ми
бөлімдерінің, әсіресе мишықтың жұмсаруы барлық жасушалар мен субжасушалық
құрылымдардың мембраналарының өткізгіштігінің артуымен,
оларда липидтердің
пероксидті
тотығуының
өнімдерінің
жиналуымен
түсіндіріледі.
Е
витамині
гиповитаминозының алғашқы сатыларында зақымданған тіндерден ферменттердің
(креатинфосфокиназа, аланинаминотрансфераза) қан сары суына шығуы және қан сары
суында липидтердің пероксидті тотығуының өнімдерінің мөлшерінің көбеюі байқалады.
Табиғатта таралуы.
Токоферолдың негізгі көзі – өсімдік майы, салат,
орамжапырақ,
астық өнімдерінің ұрықтары, сары май, жұмыртқа сарысы.