102
Инозит –
химиялық құрылысы бойынша алты атомды циклді спирт. Инозитфосфор
қышқылының тұзы – фитин витаминдік қасиет көрсетеді.
Инозит барлық тіндердегі, әсіресе
жүйке тініндегі инозитфосфатидтердің құрамына кіреді. Инозиттің фосфорланған
туындыларының ішіндегі маңыздысы – инозитол-1,4,5-трифосфат (ИТФ), ол кейбір
гормондардың әсер ету механизмінде делдал ролін атқарады. ИТФ кальцисомалардан кальций
иондарының босап шығуына ықпал етеді. ИТФ фосфолипаза С
ферментінің плазма
мембранасының липиді – фосфотидилинозитол-4,5-дифосфатқа әсер етуі нәтижесінде түзіледі.
Жануарларға жасаған тәжірибеде инозиттің жетіспеушілігі кезінде бауырдың майлануы мен
ондағы фосфолипидтердің мөлшерінің төмендеуі, түктерінің түсуі, жас организмнің бойының
өсуінің тоқтауы байқалады.
Инозит жануар және өсімдіктекті тағамдарда, соның ішінде бауырда, мида, етте, жұмыртқа
сарысында, нанда, картопта, жасыл асбұршақта, саңырауқұлақтарда кездеседі.
Липой қышқылы
химиялық құрылысы бойынша валериан қышқылының тиолды
туындысы болып табылады. Ол жеңіл тотығып-тотықсыздана алады.
Липой
қышқылы
–
пируват- және α-кетоглутаратдегидрогеназаның коферменттерінің бірі. Аталған ферменттер
катализдейтін реакцияларда липой қышқылы электрондар мен ацил топтарын тасымалдау ролін
атқарады. Липой қышқылы – антиоксидант, оның организмді
радиация мен токсиндердің
зақымдаушы әсерінен қорғайтыны анықталған. Липой қышқылы атерогенді липопротеидтерді
(ТЖЛП) пероксидті тотығудан қорғайды. Липой қышқылының Е және С витаминдерімен
синергистік әсері оны атеросклероздың алдын алуда қолдануға мүмкіндік береді. Липой
қышқылы өспенің алдын алуда белгілі роль атқарады, жасушалардың
глюкозаны қолдану
тиімділігін арттырып, инсулиннің ыдырауын тежейді, қандағы гликозилденген белоктардың
деңгейін төмендетеді.
Ашытқы, ет тағамдары, сүт липой қышқылына бай.
Карнитин
– химиялық құрылысы бойынша γ-триметиламино-β-оксибутират
болып
табылады. Карнитин май қышқылдарын цитоплазмадан митохондрия ішіне тасымалдап,
олардың тотығып, энергия бөлуінде негізгі роль атқарады. Сонымен қатар карнитин ацетил-
КоА–ны тасымалдауға қатысады. Карнитинді жануарларға енгізгенде энергия түзілуі артып,
миокардтағы регенерациялық үрдістердің күшейетіні анықталған. Карнитин ұйқы безінің
сыртқы секрециялық
функциясын стимулдеп, сперматогенезді активтейді.
Карнитин жеткіліксіздігі кезінде бүлшық
еттің әлсіздігі, бұлшық ет талшықтарының
дистрофиясы мен жіңішкеруі байқалады. Лизиннің және аскорбин қышқылының тапшылығы
карнитиннің жетіспеушілігіне әкеп соғады.
103
Карнитиннің негізгі көзі: ет тағамдары.
Достарыңызбен бөлісу: