99
сүйек кемігінің жасушаларының өсуі мен дифференциациясын реттеуге қатысады. Ол
антитоксикалық және антиканцерогенді әсер көрсетеді.
Авитаминозы.
Д витаминінің авитаминозы балаларда рахит ауруына шалдықтырады. Бұл
кальцийдің жетіспеушілігінен жүзеге асады. Ең алдымен остеогенез бұзылады:
аяқ-қол
сүйектерінің (остеомаляция – сүйектің жұмсаруы нәтижесінде қисаюы), бассүйектің (баланың
еңбегінің бітпеуі) және кеуде сүйегінің деформациясы, тіс жарудың кешеуілдеуі байқалады.
Бұлшық еттің гипотониясы (іш ұлғаюы) дамиды, жүйке-бұлшық еттік қозу (сәби басын көп
қозғалтатындықтан, желке тұсындағы шашы түсіп қалады) күшейеді,
сіреспе пайда болуы
мүмкін.
Ересектерде кальцийдің жетіспеуі кариес және остеомаляцияға, ал қарт кісілерде
остеопороз (остеосинтездің бұзылуына байланысты сүйек тінінің тығыздығының төмендеуі)
байқалады. Сүйектің бейорганикалық матриксінің бұзылуы Д витаминінің тапшылығы сүйек
тінінен кальцийдің шайылуының күшеюімен және бүйрек
каналдарында кальций
реабсорбциясының бұзылуымен түсіндіріледі.
Гипервитаминозы.
Д витаминін шамадан тыс қолдану сүйектің деминералдануына,
олардың сынғыштығына әкеледі. Қандағы кальций мөлшері артады. Бұл жұмсақ тіндердің,
әсіресе бүйректің кальцийленуіне (бүйректе
тастың пайда болуына, бүйрек қызметінің
жеткіліксіздігіне) әкеледі. Сонымен қатар өкпе, жүрек, қан
тамырларының қабырғаларында
артық мөлшерде жиналуы байқалады.
Табиғатта таралуы.
Д витамині көп мөлшерде жануар текті тағамдарда: сары майда,
жұмыртқа сарысында, балық майында кездеседі.
18.
Достарыңызбен бөлісу: