К витамині (нафтохинондар, антигеморрагиялық витамин), химиялық табиғаты, билогиялық ролі, авитаминозы, табиғатта таралуы. Химиялық табиғаты. К витаминінің бірнеше формалары белгілі, химиялық табиғаты
бойынша бұлар бүйір изопреноид тізбектері бар хинондар. Өсімдіктерде филлохинон (К
1
),
ішек микрофлорасының жасушаларында менахинон (К
2
).
Биологиялық ролі. К витамині қан ұю үрдісіне қатысады. Ол қан ұю факторларының:
протромбиннің (ІІ фактор), проконвертиннің (VІІ фактор), Кристмас факторының (ІХ фактор)
және Стюарт факторының (Х фактор) активтенуіне қатысады. Аталған белоктық факторлар
активсіз алғы заттар түрінде синтезделеді. К витамині γ-глутамилкарбоксилазаның коферменті
болып табылады. Бұл фермент глутамин қышқылын карбоксилдеп, кальций байланыстырушы
белоктардың қызмет атқаруына керек кальций байланыстырушы амин қышқылына жататын γ-
карбоксиглутамин қышқылын түзеді
Авитаминозы. К витаминінің авитаминозының негізгі белгісі – қан кету, бұл организмнің
өлуіне әкеп соғады. К витаминінің остеосинтезге қатысуына байланысты оның
жетіспеушілігі остеопороздың дамуына әкеледі.
Табиғатта таралуы. К витамині ішек микрофлорасында синтезделеді. К витмаинінің
көзі өсімдіктер (орамжапырақ, көк томаттар, шпинат, тамыржемістілер, рябина жидектері,
жемістер).
20.
Витаминтәрізді заттар, жіктелуі, өкілдері. Витаминтәрізді заттар – жануарлар мен адамның тіндерінде синтезделетін, олардың
жетіспеушілігі кезінде авитаминоз белгілері байқалмайтын қосылыстар. Дегенмен, бұл
қосылыстардың жеткіліксіз түзілуі адам мен жануарлар организміндегі заттар алмасуының
бұзылуына әкеледі. Олар екі топқа жіктеледі:
суда еритін (холин, инозит, липой қышқылы, карнитин, орот қышқылы, пангам
қышқылы, Ѕ-метилметионин, парааминобензой қышқылы);