73
Құрамы бойынша лимфа қан плазмасына ұқсайды. лимфа 95%
судан, 0,9% тұздан және 0,1% глюкозадан тұрады,
оның мөлшері
қан плазмасындағыдай болады. Бірақ лимфада нәруыздар едәуір аз –
3–4%, ал қан плазмасында 7–8% болады. Сондықтан қан плазмасымен
салыстырғанда лимфа шамалы тұтқыр, едәуір сұйық.
лимфаның қан сияқты ұю қасиеті бар. лимфа тамырлары зақымдан-
ған кезде ол қоюланып, ағуын тоқтатады.
лимфаның басты қызметі – жасушааралық сұйық тықты кері қанға
қайтару. Бірақ ағза жасушаларымен әрекеттескен кезде жасушааралық
сұйықтыққа әртүрлі биохимиялық қалдықтар –
тіршілік әрекетінің
өнімдері толы болатынын түсіну керек. Сонымен қатар кез кел-
ген зиянды микробтар қанға қарағанда ұлпада тез әрі оңай дамиды.
Сондықтан лимфаның басты қызметі – сұйықтықты барынша тазартып,
қанға қайтару. Микробтардан қорғау үшін лимфада лейкоциттердің,
лимфоциттердің мөлшері көп. Олар ағзаның иммундық реакциясына
белсенді
қатысады, барлық лейкоциттердің 19–30%-ын құрайды. лим-
фа түйіндері микробқа қарсы сүзгі сияқты жұмыс істейді. Осыған ұқсас
қыз метті иммундық лимфа жүйесінің басқа да мүшелері: бадамша,
көкбауыр, аппендикс атқарады (45, 47-суреттер).
45-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: