СӨЗДЕРДІ БІРГЕ НЕМЕСЕ БӨЛЕК ТҰЛҒАЛАНДЫРУДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАР
Тугелбаева Д.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ 2-курс магистранты-
Ақтау, Қазақстан
Ғылыми жетекші: Нұрдаулетова Б.И., ф.ғ.д., профессор, Ш.Есенов атындағы Каспий
технологиялар және инжиниринг университеті,-Ақтау, Қазақстан
Қазақ жазуы үнемі өзгерiп, емлесi жаңару, толығу үстiнде. Соған қарамастан қазiргi
қазақ орфографиясының төл тiлiмiздiң табиғатына қайшы түсер кереғар тұстары да аз емес.
Осының өзi жазу емлесiнiң ғасырлар бойғы жазу дәстүрiнiң, жазу тәжiрибесiнiң,
дағдысының негiзiнде қалыптасатын өте күрделi құрылым екенiн көрсетедi. Ендi қазақ
орфографиясындағы қайшылықты құбылыстар қандай себептер мен алғышарттардан
туындайды? Қазақ жазу емлесiндегi қайшылықтардың пайда болуы, алдымен, кiрме
сөздердiң тiлiмiзге енiп, айтыла, жазыла бастауымен байланысты. Сонымен қатар, әлі күнге
дейін өзекті болып келе жатқан сөздердің бірге немесе бөлек жазылуындағы қайшылықтар.
Сөздердiң бiрге не бөлек жазылуы туралы мәселе, күрделi сөздердiң бiрiккен сөз
және тiркескен құрама сөз түрлерiн бiр бiрiнен ажырату мәселесiнен туындайды. Себебi:
бiрiккен сөз деп қабылданса – бiрге, тiркескен құрама сөз деп есептелiнсе бөлек жазылады.
Сондықтан да болар күрделi /құрама/ сөздердiң жазылу емлесiнiң /бiрге, бөлек, дефис
арқылы/ қалыптасу тарихы, алдымен, күрделi сөз түрлерiн ажырату критерийлерiн
анықтауға ұмтылудан бастау алғаны мәлiм. А.Байтұрсынұлы күрделi сөздердiң үндесу
заңына сәйкес келгенiн- бiрге, келмейтiндерiн бөлек таңбалайды. Қ.Жұбанов бiрiккен сөздi
«кiрiккен сөз» терминiмен алып, кiрiккен сөз болудың негiзгi белгiлерiне талдау жасайды.
Кiрiккен сөз болудың бiрiншi шарты мағыналық тұтастығы: бiр-ақ нәрсенi атап, бiр сөздiң
орнына жүредi. Бiрақ бұл шарт барлық сөздерге бiрдей өлшеуiш бола алмайды. Олай
болатын себебi: «қарақұс деген бiр сөз бе, екi сөз бе? Бiр сөз дейiн десең, қара дегеннiң де
өз мағынасы бар. Бiрақ екеуi қосылып келiп, бұл арада бiр нәрсенiң аты болып тұр. Ал,
бұларды бiр дейiн десең, дәл осылар сияқты болып жасалған өгiз арба, темiр қасық т.б. бiр
сөз болуы керек сияқты. Олай болғанда анықтауыш сөз бен анықталушы сөздiң екеуi
қосылып бiр сөз болып санала беру керек сияқты. Мiне, жалғыз мағынаға сүйенгенде
айырып алу қиын болатыны осыдан ... – дей келiп, кiрiккен сөз болудың екiншi шартына
синтаксистiк тұтастықты көрсетедi, яғни жеке сөздердiң әрқайсысы сөйлемде өз алдына
бiр-бiр мүше болмай, бәрi жиналып, сөйлемнiң бiр-ақ мүшесi болу керек» үшiншi шарт
154
морфологиялық тұтастық, яғни сөз тұлғасының әдемi қалпынан өзгерiп, бiрыңғай қалыпқа
түсуi, мысалы, қолғап, ашудас, белбеу сөздерi тәрiздiлер. Төртiншi шарт фонетикалық
тұтастық, яғни кiрiгушi сөздердiң алдыңғысы екпiннен айырылып, қалған жалғыз екпiн
соңғысында ғана болады. Қ. Жұбанов төртiншi шартты ең негiзгi деп көрсетедi: «Кiрiккен
сөзбен кiрiкпеген сөз тiркесiнiң қайсысы екенiн айыруға ең қолайлы, әрi сенiмдi жол – ол
екпiнiне қарау». Мысалы: қарға қара құс десек, мұндағы қара құс кiрiкпеген тiркес екенi
анық. Өйткенi қара сөзiнде екпiн бар, әрi ол екпiн соңындағы құс сөзiнiң екпiнiнен
анағұрлым басым. Ал, бүркiт – «қарақұс тұқымынан» десек, мұндағы қарақұс кiрiккен сөз
екенi анық. Өйткенi, мұнда қара деген бөлшекте түк екпiн жоқ, қара мен құстың екеуiне
ортақ жалғыз-ақ екпiн бар, о да қара сөзiнде емес, құс сөзiнде. Бiрнеше сөздер қосылып, бiр
ғана екпiнге- ең соңғысының екпiнiне бағынып, кейде бәрiнiң не бiреуiнiң бұрынғы
мағынасы өзгерiп, сондықтан, бәрi жиналып, бiр-ақ нәрсенiң аты болып, бiр-ақ мағына
беретiн, сөйлемде бiр-ақ мүше болып, бiр-ақ сөздiң орнына жүретiн болса, осыны кiрiккен
сөз деймiз. [1, 244 б.]. Қ. Жұбанов көрсеткен сөздердi бiрiктiрiп жазудың 4 факторы
/семантикалық, морфологиялық, синтетикалық, фонетикалық/ күрделi сөздердiң iргесiн
ажыратуға арналған кейiнгi еңбектерде түрлiше қырынан сипатталады. М. Балақаев
«бiрiккен сөздердiң пайда болу заңдылығы» сөздердiң семантикалық единица болу
тұтастығына қарап танылады, - деп көрсетiп, бiрiгуге бейiм сөздердi мүмкiндiгiнше
бiрiктiрiп жазуды қолдайды: 1. Бiрiктiрiп жазу жинақылықтың нышаны. 2. Бiрiккен сөздердi
бiрiктiрiп жазу – тiлдiң сөз байлығын дамытудың да қамы. 3. Бiрiккен сөздердi жұртқа
бiрiктiрiп жазып оқыту арқылы солардың тұтастығын танытамыз, бiр сөз ретiнде дұрыс
жазып жылдам оқуға тиiстi жағдай жасаймыз» - дейдi. [2,59 б.].Р.Сыздықованың «Қазақ
тілінің анықтағышы» кiтабында бөлек жазылатын сөздер бұдан гөрi кеңiрек берiледi:
- Бiрiккен сөздердiң бiрқатары түбiрiн сақтап, ендi бiр шамасы өзгерген қалпында
жазылады: алабұға, алақоржын,кәсiподақ, өнертану, бүрсiгүнi, қарағаш, апару т.б. Ал
бiрiккен сөз болатын сөздерге төмендегідей атаулар жатады:
-Жалқы есiмдер / топономикалық атаулар, кiсi аттары
- Ғылым мен техниканың әртүрлi саласындағы терминдiк мәнге ие болған күрделi
атаулар.
- Флора мен фауна дүниесiнiң терминдiк атаулары болып келетiн күрделi сөздердi
бiрiктiрiп жазу үшiн төмендегiдей талаптар қойылады:
1. ақ, қара, көк, сары т.б түстi бiлдiретiн сын есiмдер дербестiгiнен айырылған
сөздермен бiрiгiп белгiлi бiр жан-жануар, құс, өсiмдiк атауын бiлдiредi: алақоржын, ақиық,
аққу, көкқұтан т.б.
2. Бiрiншi сыңары түстi бiлдiретiн сын есiмдер екiншi сыңары құс, ағаш, балық,
құрт,шөп, гүл, торғай, жидек, жемiс сияқты аң-құс, өсiмдiктiң жалпы атауы болатын сөздер
бiрге жазылады. Қараторғай, сарышөп, қызылжидек т.б.
3. Бiрiншi сыңары есiм сөз, екiншi сыңары шөп, өсiмдiк, тауық, құрт сияқты жалпы
атаулар: әтiргүл, бояушөп, барқытгүл т.б.
4. Екi сыңары да дербестiгiнен айырылған есiм сөздер.
5. Бiрiншi сыңары мал, аң атаулары екiншi сыңары лексикалық мағынасынан
айырылған сөздер / балықкөз, түйеқара, қоянсүйек т.б./ немесе бiрiншi сыңары мал не
аңның жалпы атауы, екiншi сыңары шөп, жапырақ, тiкен, жемiс, тамыр т.б. тәрiздi
сөздерден тұратын, ботаникалық терминдер / бақаоты, қояншөп, түйетiкен, қазоты т.б./
3. Әралуан құрал – жабдық, қару – жарақ, машина, аппарат, бұйым, үй мүлкi
атаулары, мамандық, кәсiп иелерiнiң аттары.
4. Аралық, тану, сынақ, нала, ақы, еш, кей, қай, әлде сөздерiмен келетiн күрделi
сөздер.
5. Фото, авиа, агро, теле, мото, стерео сияқты кiрме сөздермен келетiн қазақ тiлiндегi
сөздер. Осы берілген талаптарға қарай бiрге және бөлек жазылатын сөздердiң белгiлi бiр
жүйеге бағынған емлесi бар. Дегенмен, қазақ тiлiндегi күрделi сөздердiң барлығын бiрдей
осы жүйеге түсiру қиын. Жасалу уәжi бiрдей сөздердiң бiр тобы бөлек жазылатын
155
сөздердiң, екiншi тобы бiрге жазылатын сөздердiң қатарын құрайтын жағдайлар да
ұшырасады. [3, 42 б.]. Н.Уәлиев, А.Алдашеваның «Қазақ орфографиясындағы
қиындықтар» кiтабында күрделi сөздердiң арасынан бiрге жазылатындарын ажыратудың
бiрден-бiр критерийi ретiнде:
1) оның сыңарларының семантикалық өзгерiсi алынады. Яғни құрамындағы сөздер
дербес
тұрғандағы
мағынасынан
ажырайды,
олардың
мағыналарының
контаминацциялануы /лат. Contaminatio- араласу/ нәтижесiнде тың мағына пайда болады.
Мәселен, жаужұмыр, сайгүлiк, қызойнақ, бiрқазан /құс/, кәрiқыз /өс/, түйесiңiр /өс/,
шашақбас /өс/ т.б. сөздерiнiң әрқайсысының жеке компоненттерiнiң дербес мағынасының
тұтас сөздiң беретiн ұғымына мүлде қатысы жоқ.
2) Кейде бүтiннiң бөлшегi болатын сөз сыңарлары бiрiге келiп тұтас зат, құбылыс
атауы болады. Мысалы: қосаяқ, бiзқұйрық, қаратамақ, қарабауыр т.б. Осындағы аяқ,
құйрық, тамақ, бауыр сөздерi «бүтiннiң бөлшегiн» бiлдiредi. Егер күрделi сөз құрамындағы
сыңар сөздер өздерiнiң мағыналық дербестiгiн бiршама сақтап қалатындай болса, ондай
күрделi атаулар бөлек-бөлек таңбаланады. Мәселен, әулиеағаш-бiрге, алма ағаш бөлек
жазылады. Себебi: әулие және ағаш сөздерi мағыналары бiр бiрiне қабыспайтын мүлде әр
басқа сөздер. Дербес мағыналарынан ажырап жаңа мәнге ие болған. Ал алма ағаш сөзiнде
алма да, ағаш та өз дербестiгiнен толық айырылмаған.
3) Кейде 3 сыңардан тұратын күрделi атаулардың алдыңғы екi сыңарын –бiрге,
соңғысын бөлек жазуға тура келедi. Мысалы: қызыққұйрық торғай, сарала қаз, саржақ су
бүркiтi, ақбас жусан, қарабауыр қасқалдақ т.б. Себебi алдыңғы екi сыңарының мағынасы
кейiнгi сыңарына қарағанда идиоматизацияланғанын байқау қиын емес.
4) Күрделi сөздердiң бiрiккен сөз ретiнде танылуына олардың семантикасынан өзге
грамматикалану факторы да әсер етедi. Бұл орайда етiстiк формалары, сын есiм, зат есiм
жасайтын арнайы тұлғалар мен көптiк жалғауының мағына ұластырғыш қызметi
айтарлықтай рөл атқарады [4, 63 б.].
Лексема
Қазақ
әдеби тілінің
сөздігі, 2011
ж.
Орфог
рафиялық
сөздік, 2007 ж.
Орфогра
фиялық сөздік,
2013 ж.
Термин
ологиялық
сөздік, 2014 ж.
Ақ орда/ақорда
бөлек
бөлек
бірге
бөлек
Алғы
сөз/алғысөз
бөлек
бөлек
бөлек
бірге
Бас
сүйек/бассүйек
бөлек
бөлек
бөлек
бірге
Жел
диірмен/желдиірмен
бірге
бірге
бірге
бөлек
Қара
топырақ/қаратопырақ
бірге
бөлек
бірге
бөлек
Қысқа
мерзімді/қысқамерзімді
бөлек
бөлек
бірге
бөлек
Кестеде
көрсетілген мысалдарға қарасақ, терминологиялық сөздік пен
орфографиялық сөздікте сөздер бір-бірімен үйлесім таппай кереғар жүргенін байқаймыз.
Соңғы шыққан орфографиялық сөздікте де біршама өзгерістер барын көруге болады. 2013
жылы шыққан сөздікке қарасақ, көп сөздердің бірге тұлғаланып келе жатқанын байқаймыз.
Алайда, әлі де орфографиялық сөздігімізде бірге немесе бөлек тұлғалануға қатысты кереғар
сөздер бар.
Сөзтізбедегі ағаштарақ сөзі тарақтың ағаштан жасалғанын, теміршар сөзі шардың
темірден жасалғанын, тегін білдіреді. Олардың жез құман, теміркүрек, темір қазық, қалайы
қасық, күмістеңге сияқты тіркестерден қандай айырмашылығы бар? Олар да заттың неден
156
жасалғанын білдіріп тұр ғой. Сөздікке сүйеніп, дұрыс жазғысы келген оқушы қай кезде
бірге, қай кезде бөлек жазу керек екенін қалай ажыратуы керек? Сөздікте ағашаяқ (ыдыс),
ағашаяқ (протез) бірге жазылғанмен, ағаш балға; ағаш ине; ағаш кереует; ағаш оқ;ағаш
соқа; ағаш тостаған; ағаш төсек; ағаш тұғыр; ағаш тырма; ағаш үзеңгі; ағаш үй; ағаш шелек
(көне), т.с.с. бөлек жазылған. Ағашаяқ(ыдыс) бірге жазылғанда ағаш тостаған; ағаш
шелек не себепті бөлек жазылады? Бәрі де ағаштан жасалған ыдысты білдіреді ғой. Не
себепті
екі
түрлі
жазылуы
керек?
Ал шайқасық,асқасық,
балқасық, беторамал,қолорамал сияқты сөздер заттың неге, кімге арналғанын білдіріп тұр.
Кейде балқасық дегеннің орнына кішкене қасық, ас қасық дегеннің орнына үлкен
қасық деп те жатады. Осыдан-ақ анықтауыштық қатынас анық көрініп тұр емес пе?
Ендеше,бұл сөздердің бәріне арнайы ескертудің қажеті қанша? Бұл орайда академик
Р.Сыздықтың төмендегі тұжырымдары басшылыққа алынуы керек: «Екі зат есім қатар
айтылып, бір ғана затты атап, алдыңғысы соңғысының тегін (неден жасалғанын), неге
арналғанын, немен жұмыс істейтінін және өзгелерінен ажыратылатын белгілерін білдірсе,
олар бір-бірінен бөлек жазылады. Мысалы: ағаш шот (ағаштан жасалған шот), ат қора (атқа
арналған қора), жел диірмен (желмен жұмыс істейтін диірмен), жол азық (жолда жеуге
арналған азық), май шам (маймен жанатын шам), шай қасық (шай ішкенде жұмсалатын
қасық), кір сабын (кір жууға арналған сабын), ат арба (ат жегілген арба), сары май (сары
түсті май), бет орамал (бет сүртуге арналған орамал),т.б.» [3, 37 б.].
Адамата сөзін кейде Адам-ата деп оқулықтарда көріп жатамыз, ал сөздікте
«Адамата». Сонымен қоса, айғай-шу, айқай-шу. Осы секілді сөздердің де дұрыс емлесін
бекітуіміз керек. Әйтпесе, оқушы түгіл, мұғалім де ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіне
алмай дал болады.
Тіл мамандарының арасында «тілдің жаны емледе» деген қанатты сөз бар. Солай
емлемізді бір жөнге салмасақ, тіліміздің дамуы қиын. Р. Сыздық ұсынған «Қазақ тілінің
анықтағышындағы» бірге, бөлек жазу принциптерін ұстанып, сөздікке дұрыс емлемен
жаңартып енгізу керек. Барлығы дерлік сол сөздікке бағынып, ережелерді сақтауы керек.
Сол кезде ол емлелер тілімізге сіңісіп, қатқан заң ретінде қалады. Сөздердің бірге жазылуын
құптаймын, бүгінде жазылған мәтіндердің көптігінен, мәтінді оқуға кететін уақыттың
үлкендігінен оқудың түрлері шыға бастады. Біреу хабар алайын деп оқиды, біреу керегін
іздеп оқиды, біреу сүзіп оқиды, біреу жүргізіп, ара-тұра тоқтап оқиды, біреу сынап, тексере
оқиды, біреу сырғытып оқиды, т.т. Яғни бәрінде уақыт үнемдеу үшін жүргізіп оқу бар. Бұл
көздің бір шалғанына қамтылатын таңбаның санына байланысты болады. Қазақ
грамматологиясында бұл ұғым көзшалым деп аталып жүр. Сонда 1 көзшалымға бос
аралықтары бар 4-5 сөз қамтылады. Көп қамтып оқу үшін бір ұғымды білдіретін сөздерді
бірге жазу қажеттігі шығады. Сонымен, бірге жазу үдерісінің күшеюі оқуды
автоматтандыру мен жазуды үнемдеумен байланысты.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Жұбанов Қ. Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер. Алматы, «Ғылым», 1998. -244 б.
2.
Балақаев М. Қазақ тіл білімінің мәселелері, А., 2008. 59 б.
3.
Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы 42 б.
4.
Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Алматы,
«Балауса», 2000. -63 б.
5.
Орфографиялық сөздік, 2007 ж.
6.
Орфографиялық сөздік. 2013 ж.
7.
Терминологиялық сөздік, 2014 ж.
8.
Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 2011 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |