152
1970 жылы қазба жұмыстардың нәтижесінде Есік қорғанынан археологтар көптеген
қазынаға тап болды. Қорғаннан табылған күміс тостағанда ойып жазылған Орхон - Енисей
әріптеріне ұқсас 26 таңба болды. Қорған б.з.д V-VІ ғасырға белгіленді. Жазуды алғашқы
болып түркі тілінде оқыған О.О.Сүлейменов болды. Бірақ ғалымдар түркілердің сол
кездерде өмір сүруі мүмкін еместігін айтып, наразылық білдірді. Оған қарамастан кейінгі
ғалымдардың да есік жазуын түркі тілінде жазылған деп өз аудармаларын көрсетті.
Ғалымдар түркілер жазуын тек б.з V-VІІІ ғасырға белгіледі.
Бірақ көптеген қазба
жұмыстарынан табылып жатқан жазба ескерткіштер бұл пікірдің негізсіз екенін көрсетеді.
[2]
Түркі жазуының ерте формаларына Талас даласынан табылып отырған таяқшадағы
жазулар жатады. Одан басқа Ферғана, Қой-Қырылған-Қала елді-мекенінен (ІV-ІІІ) табылып
отырған құмыралар мен күзелердегі шағын руникалық жазбалар.
Түркі жазуы Солтүстік Кавказдан Дунайға, Шығыс Еуропа далаларына да таралған.
Бұл жазулар IV-V ғасырларда ғұндар мен бұлғарлар арқылы келген. Бірақ ғұн және бұлғар
руналары толық зерттелмей, толық сыры ашылмаған. Бұл жазулар славян халықтарының
жазуына әсерін тигізген. Бірақ бұл жазу славяндардың христиандана бастаған кезінде
жойылып, грекше редакцияланды. Бірақ түркі алфавитінің әсері XII ғасырға дейін
сақталды. Сондықтан да кириллицаның басқа еуропа алфавиттерінен айырмашылығы
Орхон-Енисей жазуының жүйелеріне ұқсас, яғни « жуан- жіңішке» әріптерінің
сингармоникалық тіліне сәйкес, ал мұндай жүйе славяндарға тән емес. Славистер тарихи
кириллицада неге екі д ( добро-дервь), екі з(зело-земля), екі ызың (ша-ща) әріптері бар
екенін ойламайды. Оның үстіне – жіңішкелер Орхон-Енисейдегідей жасалады. Мысалы: S
зело, 7, земля ( төңкерілу, жіңішкелікті білдіретін тілік), Ш-ша, Щ-ща( жіңішкелік тілік).
Бұлғар жазу негізінде хазар жазуы да пайда болды. Ал хазар жазуы венгр жазуына
ықпал етті. Дон, Кубан,Дунай, Солтүстік Кавказ, Румыния,
Еділ-Кама аймақтарынан
табылған руна тектес жазулардың түркі тілдес бұлғар, сувар, хазар тайпаларының тілінде
жазылғанына күмән жоқ. [3]
Егер түркі жазуын арамей жазуымен салыстырсаңыз, шынында да ұқсастықты
байқайсыз, бірақ - ассириялық кезеңіндегі алфавитімен сәйкес келеді (VII ғасыр). Екі-үш
ғасырдың өткеннің өзінде арамей алфавитінің өзгергендігі соншалықты түркі жазуымен
салыстыруға келмейді. Мүмкін, түркі оғыздар арамейлермен кездескенде шығар.
Б.з.д VII ғасырдың ассириялық хроникаларында мынадай дерек бар. Онда Каспий
маңы жағасынан Темір Қақпа ( Дербент) арқылы өтіп, Мидияны бағындырып, Ассирияны
жаулап алып, оны 28 жыл бойы басқарған өздерін ишкуз деп атаған көшпенділер туралы
айтылады.
О.О.Сүлейменов өзінің «Саз кітапша» атты поэмасында ишкуз сөзін ич огуз, ішкіуз
атауымен байланыстырып этимологиясын береді. Оғыздардың «Деде Қоркут» атты
дастанында оғыздар екі үлкен тайпаға бөлінетін жайында айтылады. Олар ич-огуз ( ішкі
тайпа) және таш-огуз(сыртқы тайпа, бөтендер). Иш-огуз сөзінде «о» әрпі Семиттер тілінің
заңдылығына байланысты түсіп қалады. Мысалы: арабтар оғуз сөзін гуз деп айтады.
Сонымен, атақты ишкуздар б.з.д VII ғасырда өмір сүрген иш оғыз немесе ішкі уз атты түркі
тайпасы екен. Бүл сөзге әйгілі скиф атауы да жақын. Геродоттың еңбегінде "EKUO" ( скиз,
скис) жазылған. Әзербайжанның жас ғалымы Гасанов ишкуз және скиф этнонимін оғыз
атауымен салыстырып, үш сөздің төркіні оғыз сөзінен бастау алатын корсетті. Гасанов
ЕКUO ( скиз) деп оқудың орнына латынша оқу тәсілімен EKUO ( скуз) оқыды. Жас ғалым
қателік
жіберген еді, себебі грекше U-и мағынасын береді, ал латынша U-у әрпінің
мағынасын береді еді, бірақ бұл қателік ұлы жаңалықтың ашылуына алып келді.
О.О.Сүлейменов (U) әрпінің генезисімен айналысып, кезінде (U) әрпінің грекше де «у»
мағынасын білдіргенін, бірақ грек алфавитінің б.з.д V ғасырында ауысқанында (U) әрпі «и»
мағынасын бергендігі жөнінде толық дәлелдеп берді. Сонымен "EKUO" (skuth> skyth> skyf)
болған. Міне, sкиө< ишкуз болды. Бұл мәселе сколоттарға да тән. Сонда
СКОЛОТ
<
ІSКІ
-
О
lot
153
(ішкі ұлт, олот, улут, улт). Гректерде ызың дауыссыздар болмайды, сондықтан олар «ш»
әрпінің орнына «с» әріпін қолданған және «і» әрпі түсіп қалған.
Сонымен, түркілер өз алфавитін б.з.д мыңжылдықтың ортасында Ассиро-Вавилон
иероглифтік жазу базасында толықтырып жасаған.
Түркі руникалық алфавиті:
1. Орхон-Енисей.
2. Талас.
3. Хазар.
4
Бұлғар.
5. Қыпшақ
6. Ассириялық кезең (Есік, Ертіс, Сырдария және т.б.) бөлуге болады.
Осы қалдықтарды жинап, бүкіл түркі жазуларын қосып
жандандыру біздің басты
борыштарымыздың бірі. Сонда ғана біз көпжылдық еңбегіміз жемісті болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. О.О. Сулейменов "Язык письма" 1998.
2. И.Тасмаганбетов "Байырғы түркі өркениеті: жазба ескеркіштері" 2000.
3.А.С.Аманжолов "История и теория древнетюркского письменности" 2000.
Достарыңызбен бөлісу: