178
СТУДЕНТТЕРДІҢ МУЗЫКАЛЫҚ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жайназарова С. И.
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжнің оқытушысы,
Қызылорда қ., Қазақстан
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарда оқушыларды тәрбиелеу жөнінде теориялық
және практикалық негіздерді зерделеу қажет. Бұл мақсатқа жету жолында сауаттылық пен
үлкен тәжірибе, жастардың рухани мәдениетін дамытудағы рухани-мәдени құндылық
ретінде халық шығармашылығын зерттеу және эстетикалық тәрбиенің тиімділігін арттыру
керек.
Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу процессінде халықтың ұлттық, мәдени,
тарихи, әлеуметтік-экономикалық жағдайын терең зерттеу керек. Әсіресе, дәл қазір әлемде
болып жатқан өзгерістерді ескере отыру қажет. Бұл ретте ұлттық мектептің басты мақсаты
- жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген зиялы тұлғаны тәрбиелеу
[1;21].
С. Ұзақбаева, Ш. Б. Кульманова, Б.Р. Сүлейменова, М. Оразалиева, Э. Ш. Қозыбаев,
Р. К. Дүйсенбинова, К. А. Ибраева, Н.А.Гончарова және тағы басқа Қазақстан ғалымдары
өз зерттеулерінде оқушыларды тәрбиелеуде (музыкалық, эстетикалық, адамгершілік
тәрбие) қазақ халық музыкасы мен дәстүрлі көркем мәдениетін жетілдіру мақсаттарын
қарастырып, олардың педагогикалық әлеуетін арттырды.[2; 5].
Дегенмен, педагогикалық әдебиетті қарастыратын болсақ, музыканың рөлін
зерттейтін ғылыми-педагокалық ізденістер және оның музыалық-эстетикалық мәдениетті
қалыптастыруға деген үлесі, педагогикалық жағдайлар (әдістер, формалар, тәсілдер, т.б)
кәсіби-техникалық білімде әлі де толықтай анықталмағанын көретін боламыз.
Басқа сөзбен айтқанда, колледж студенттерін қазақ халқының ұлттық
құндылықтарына және жалпы адамзаттың мәдени мұрасының сабақтастығына сәйкес
тәрбиелеу және оқыту қажет. Оларға музыкалық-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру
үшін жан-жақты мүмкіндік беру керек [3;100].
Музыкалық-эстетикалық тәрбие бойынша қазіргі заман кәсіптік-техникалық білім
беру жүйесінің даму тенденцияларында негізгі компоненттер, көрсеткіштер мен
критерийлер болып мотивациялық (жеке, яғни музыка арқылы эстетикалық
құндылықтарды білуге жеке қызығушылық), мазмұнды-танымдық (эстетикалық
құндылықтарды жеке игеру) компоненттер табылады. Одан бөлек, нақты білім және оқу
процесінің қисыны мен құрылымын дұрыс пайдалану маңызды, мысал ретінде бағалау
әрекеттерін айтуға болады (адамның эстетикалық құндылықтарының нақты көрінісі).
Бұл компоненттер, критерийлер, көрсеткіштер халық музыкасы арқылы музыкалық-
эстетикалық мәдениеттің қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Олар: жоғары,
орташа, жеткілікті және төмен.
Жоғары деңгей: сабақтарда және сабақтан тыс уақытта оқылған музыкалық
шығармаларды толық білу, оларды жанрлық белгілері бойынша ажырата алу, олардың
эстетикалық мағынасын түсіну; музыкалық шығармаларды терең эмоционалды сезіммен
қабылдау, оларды тыңдау, орындау кезінде ерекше эстетикалық ләззат алу, ән айтуға,
аспаптарда музыка орындауға белсенділік таныту; эмоционалды әсерлерді тиімді жеткізе
алу, музыканы тыңдау және орындау дағдылары, оларды эстетикалық бағалау қабілеті
жақсы дамыған.
Орта деңгей: сабақта және сабақтан тыс уақытта үйренген музыкалық
шығармаларды толық емес және жеткіліксіз білу, олардың жанрлық ерекшеліктерін
талдауда қателіктер жіберу, олардың музыкалық және эстетикалық маңыздылығына ерекше
назар аудармау; музыкалық шығармаларды кейде эмоционалды түрде қабылдау, музыканы
тыңдау кезінде эстетикалық ләззат алмау, ән айтуға, аспаптарда музыка ойнауға
179
қызығушылығы жиі көрінбеуі, талаптары, қажеттіліктері төмен, музыкадан эмоционалды
әсерлерді жеткізуде тиімсіз болу, тыңдаудың жеткіліксіздігі, орындаушылық қабілеттер,
оларды тек мұғалімнің көмегімен эстетикалық тұрғыдан бағалауға болады.
Төмен деңгей: аудиторияда және аудиториядан тыс игерілген музыкалық
шығармалардың көпшілігін білмеу, олардың жанрлық ерекшеліктерін талдай және ажырата
алмау, олардың эстетикалық мағынасын түсінбеу; эмоционалды музыкалық шығармаларды
қабылдамау, эстетикалық ләззат алмау, ән айтуға, аспаптарда музыка ойнауға
қызығушылық танытпау, эмоционалды тәжірибені жеткізе алмау, музыканы тыңдау,
орындау дағдылары жоқ, оларды эстетикалық тұрғыдан бағалай алмау.
Анықтаушы эксперимент М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары
колледжінің студенттері арасында өткізілді.
Зерттеу жұмысының айқындаушы кезеңінің мақсаты студенттердің музыкалық-
эстетикалық тәрбие туралы түсініктерін, бағдарларын анықтау болды. Ол үшін сауалнама,
сұхбат жүргізілді, музыкалық-эстетикалық тәрбие бойынша білім деңгейі анықталып,
талданды.
Сауалнама нәтижелері талдау кезінде студенттердің эстетиканың мәні, эстетика,
музыкалық-эстетикалық мәдениет туралы субъективті көзқарастары мен білімдерін
көрсетті. Студенттердің эстетика туралы білімінің қанағаттанарлық деңгейіне қарамастан,
біз эстетикалық сезім, эстетикалық мағына, эстетикалық идеал, эстетикалық талғам,
эстетикалық ләззат, сондай-ақ шынайы эстетикалық құндылықтар терең емес екенін
анықтадық.
Анықтау кезеңі жүйелі мақсатты жұмысты жүргізу қажеттілігін анықтады және
қалыптастырушы эксперименттің мақсатын анықтауға мүмкіндік берді. Қалыптастырушы
эксперименттің
мақсаты-музыка
арқылы
студенттердің
музыкалық-эстетикалық
мәдениетін дамыту, тәуелсіз музыкалық-эстетикалық іс-әрекеттің қажетті білімі мен
дағдыларын қалыптастыру.
Негізгі міндеттері: аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыс негізінде
студенттердің
музыкалық-эстетикалық
мәдениетін
қалыптастыру;
педагогикада
қалыптасқан студенттерді эстетикалық тәрбиелеуге және ұлттық сезімдерді дамытуға
арнайы оқыту; оқу бағдарламасын әзірлеу және сынақтан өткізу, оқу-тәрбие процесінде
студенттердің теориялық білімі мен музыкалық-эстетикалық қызметін бекіту. Осы
міндеттерді шешуді біз "Халық музыкасы арқылы музыкалық-эстетикалық тәрбие
негіздері" оқыту бағдарламасы арқылы жүзеге асырдық.
Оқу бағдарламасының мақсаты - халық музыкалық шығармашылығы арқылы
колледж студенттерінің музыкалық-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру. Оқыту
бағдарламасын игеру барысында мынадай міндеттерді шешуге ерекше назар аударылды:
студенттердің халық музыкалық шығармашылығына деген қызығушылығы мен оң
көзқарасын
қалыптастыру;
студенттердің
музыкалық-эстетикалық
мәдениетін
қалыптастырудағы халық музыкалық шығармашылығының мәні мен рөлін ашу.
Бағдарламаны сынақтан өткізу кезінде студенттермен жұмыс істеудің мынадай
нысандары мен әдістері пайдаланылды: этнопедагогика, музыкалық этнографиялық
әдебиет бойынша бастапқы дереккөздермен жұмыс, шығармашылық жұмыстарды орындау,
педагогикалық жағдайларды модельдеу, білім алушылардың өзіндік жұмысын
ұйымдастыру, сондай-ақ тәрбие іс-шараларын ұйымдастыру.
Эксперименттік топтың студенттерімен арнайы сабақтар және аудиториядан тыс
жұмыстар жүргізілді. Ол сабақтар біздің зерттеу болжамдарымыздың мүмкіндіктерін
анықтады, ал бақылау топтарында халық музыкасы арқылы музыкалық-эстетикалық
мәдениетті қалыптастырудың мәнін анықтау үшін сабақтар өткізілді. Біз қолданған әдістер
тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері эксперименттік топ студенттеріне
музыкалық-эстетикалық мәдениеттің қалыптасу деңгейін арттыруға мүмкіндік беретіндігін
көрсетті. Студенттердің эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру деңгейлері анықталды.
Кестеде студенттерде қалыптасқан музыкалық-эстетикалық мәдениеттің идеялары,
180
компоненттері, қалыптасу деңгейлері (эксперименттің соңында) болашақ мұғалімдердегі
музыкалық-эстетикалық мәдениетінің қалыптасу деңгейі эксперименттік топ пен бақылау
топтары арасында айтарлықтай ерекшеленеді.
Қалыптастырушы эксперименттің қорытынды нәтижелері болашақ мамандардың
музыкалық-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру қанағаттанарлық екенін көрсетті.
Бірінші кезеңде музыкалық-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру жүйесіндегі
эстетикалық тәрбиенің өзіндік ерекшелігімен байланысты теориялық білім қалыптасады.
Екінші кезеңде қазақ музыкалық педагогикасында қалыптасқан эстетикалық тәрбиенің
тиімділігі тексерілді.
Констатацияланған экспериментте "эстетика дегеніміз не?" сұраққа біз нақты жауап
алсақ, ал "эстетикалық идеялардың мәні неде?" деген сауалға студенттерден нақты жауап
ала алмадық.
Ал
қалыптастырушы
эксперимент
сұрақтарының
жауаптары
бақылау
экспериментінің жауаптарынан көп болды. Мысалы, сауалнамаға қатысқан студенттердің
45 пайызы халық музыкасының эмоционалды-сезімтал сипатын атап өтті. Аталған
жетістіктермен қатар, педагогикалық практикалық қызметте студенттердің эстетикалық
сезімдерінің болуы, олар алған білімнің жоғары дәрежесі мен жан-жақтылығын көрсетті.
Эксперименттік және бақылау топтары студенттерінің сауалнама нәтижелері олардың
музыкалық-эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу мәселесін түбегейлі игеруі үшін қажетті
білім көлемі терең және толық емес екенін көрсетті.
Егер анықтаушы экспериментте студенттердің 30 пайызы өздерінің тәрбиелік
құндылықтарын күнделікті өмірде қолданатынын айтқан болса, констатацияланған
экспериментте 45 пайызы "жоғары", 36,7 пайызы "орташа" деп жауап берді; 18,3 пайызы
бұл сұраққа жауап бермеді және бұл деректер біздің бақылауларымыз бойынша шындыққа
сәйкес келеді.
Эксперименттік топтың студенттерімен арнайы сабақтар мен аудиториядан тыс
жұмыстар жүргізілді. Олар біздің зерттеуді болжау мүмкіндіктерін анықтады, ал бақылау
топтарында музыка арқылы музыкалық-эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың мәнін
анықтау үшін сабақтар өткізілді. Біз қолданған әдістер тәжірибелік-педагогикалық
жұмыстың нәтижелері әр уақытта эксперименттік топ студенттерінде музыкалық-
эстетикалық мәдениеттің қалыптасу деңгейін арттыруға мүмкіндік беретіндігінің жоғары
нәтижелілігін көрсетті. Студенттердің эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру деңгейлері
анықталды.
Деңгейлер
Топтар
Жоғары
Орташа
Төмен
экс
перимент
алдында
экс
периментт
ен кейін
эксп
еримент
алдында
экс
периментт
ен кейін
экс
перимент
алдында
эк
спериме
нттен
кейін
Экспериме
нталды топ
31,
4%
38,5
%
48,4
%
48,3
%
20,
2%
13
,2%
Қорытынды
топ
31,
6%
31,3
%
47,9
%
48,1
%
20,
5%
20
,6%
1-кесте:
колледж
студенттерінің
музыкалық-эстетикалық
мәдениетін
қалыптастырудың салыстырмалы нәтижесі
181
Кестеде
студенттерде
музыкалық-эстетикалық
мәдениеттің
идеялары,
компоненттері, қалыптасу деңгейлері (эксперименттің соңында) көрсетілген. Болашақ
мұғалімдердегі музыкалық-эстетикалық мәдениеттің қалыптасу деңгейі эксперименттік
топ пен бақылау топтары арасында айтарлықтай ерекшеленеді.
Эксперимент алдында ЭТ Эксперименттен соң ЭТ Эксперимент алдында
ҚТ Эксперименттен соң ҚТ
●
төмен
●
орташа
●
жоғары
Сурет 1 – колледж студенттерінің музкалық-эстетикалық мәдениеттің
қалыптасуының салыстырмалы нәтижесі.
Осылайша,
тәжірибелік-эксперименттік
зерттеудің
нәтижелері
болашақ
мұғалімдердің музыкалық-эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың, педагогикалық
жағдайларының тиімділігін және осы негізде жасалған жұмыс әдістерінің пайдалы екенін
дәлелдейді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Таубалдиева Ж. Музыкаға оқыту әдістемесінің музыкалық іс-әрекет түрлері: оқу
құралы / Ж. Ш. Таубалдиева. - Алматы : New Book, 2021.
2.
Свахина В.В. Развитие музыкально-эстетической культуры учащихся в условиях
адаптивной школы: на примере Казахстана. Автореферат диссертации на соискание
кандидата педагогических наук.- Барнаул, 2013
3.
Баландина, Г. А. Формирование музыкально-эстетической культуры детей
младшего школьного возраста в системе дополнительного образования/ Г.А.Баландина //
Новые развивающие технологии педагогической практики: коллективная монография. -
2016. - С. 97-108
Достарыңызбен бөлісу: |