162
таныстыру оқушыда өз алдына мақсат қоя білуге, сабақ соңында бүгінге мақсатқа қол
жеткізгендіктеріне қайта шолу жасау арқылы өз нәтижесіне саралау жасауға мүмкіндік беру
бұл да жаңа білім беру мазмұнының жаңа бір қыры деп айта аламын.Әр пәнде үш тілділік
саясатының жүзеге асуы және барлық пәнге тән ортақ тақырыптың болуы, сабақтың
кіріктіріле өткізуге негізделуі оқушының белгілі бір тақырыпты жан-жақты қырынан
зерттеуіне, өз бетімен тұжырым жасауына ықпал етеді.
Ата-ана үшін де бұл бағдарлама бір жағынан қорқыныш тудырса, екінші жағынан
қызығушылық та тудырып отыр.Ата-аналар мәжілістерінде әр оқушының қалыптастырушы
бағалау нәтижесіне есеп беру арқылы таныстырудың өзі ата-ана мен мұғалімдердің
арасында ынтымақтаса жұмыс жасауға ықпал ететіндігін көрсетуде. Кері
байланыс
парақшасынан алған мәліметтерін,жазған ұсыныстарына қарай отырып, ата-ананың
бағдарлама мақсатын түсінгендігін байқауға болады. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске
ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне көшті.
Критериалды бағалау - оқушының оқу жетістігін бағалау. Бұл бүгінгі оқыту
жүйесінде өзекті талаптардың бірі болып отыр. Критериалды бағалау кезінде
оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығы мен
өлшенеді. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериальды бағалау жүйесі
Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдер де
пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып,
ғылым мен айналысуына ықыласын туғызады. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын жоғарылату; мектеп бітірушілердің білімін халықаралық
стандартқа
сәйкестендіру.
Критериалды
бағалаудың
міндеттері:
Сабақтың
әр бөліктеріндегі әр оқушының
дайындық деңгейін анықтауға; Бағдарламаға сәйкес оқу
мақсаттарын орындау қабілеті; Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға; Оқушының
білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға; Әр түрлі жұмыс
барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге; Оқу бағдарламасының
тиімділігін саралауға; Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім
және ата-ана арасындағы кері
байланысты қамтамасыз етуге
Критериалды бағалаудың маңызы: Мұғалімдер үшін: Сапалы нәтижеге әкелетін
критерийлер құрастыруға; Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын
мәліметтер алуға; Сабақ берудің сапасын арттыруға; Оқушының жеке ерекшеліктерін
ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға; Бағалаудың әртүрлі
әдістерін пайдалануға; Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге.
Оқушылар үшін: Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі
әдістерін пайдалануға; Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге; Өзін және
өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге; Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына,
өзінің білімін көрсетуге. Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі: Мұғалімге оқушының
оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді; Оқушыларға оқу үдерісі
барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;
Ата-аналар
оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың
функционалды
сауаттылығын қалыптастыру. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс»
ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Студенттердің бойына
ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту
үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек
өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын
білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Біз осы мақсатта 01140600 - «Негізгі орта білім
берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 4S01140601
– «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша даярланып жатқан мамандық
студенттері мен машықтанушыларына қазақ тілін оқыту әдістемесі, қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесі пәндері және байқау практикасына, дипломалды практикаға дайындық тәжірибе
жинақтауларында критериалды бағалаудың түрлері, интербелсенді әдістің түрлері,
163
рефлексия мен кері байланыстың айырмашылығы, кері байланыс жасау кезінде және сабақ
барысында қолданатын әдіс-тәсілдер,
блум таксономиясы, танымдық деңгейлері, қысқа
мерзімді жоспар жасау – осылардың барлығын меңгертіп жүрміз.
«Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда , қайырымы
қайтпаса» деген екен А.Байтұрсынов. Сондықтан үнемі кәсіби біліктілігін артып,
жаңашылдыққа ұмтылған педагог қана шығармашылықпен, зор қуатпен еңбектенеді.
Себебі, әлем таныған елде рухани бай және интеллектуалды тұлғалар мекендеу қажет.
«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу»,-деген Әл-
Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз
сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын болашақ білімді мұғалімдер ғана
жұмыс істей алады.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы
— заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Сондықтан да біздер, педагогтер осы жолда шығармашылығымызды шыңдай береміз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 17.01.2014 ж.
2. «Білім технологиялары» № 3, 2016 ж.
3. «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды
бағалауды жоспарлау
және ұйымдастыру» 2017ж
4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы (екінші басылым) «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
5. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау
басшылығы Астана 2016
6. Мұғалімге арналған нұсқаулық (екінші басылым) «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
Достарыңызбен бөлісу: